Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы жеке басының сипатталуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.МІНЕЗ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ СИПАТТАЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1Адам және адамзат туралы ғылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Мінез психологиясы Мiнез туралы жалпы түсiнiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Мiнез типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

2.ҚАБІЛЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Тұлға және мiнез ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3 Мiнездiң қалыптасу ерекшелiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.4 Түйсіктер және олардың түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? ңЖанң дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.
Ресейлікатақты психолог Борис Герасимович Ананьғвадамтанымыныңжүйесін 4 негізгіұғымғабөліпқарады: индивид, іс-әрекетсубъктісі, тұлғажәнежекедаралық.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды.Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.
Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң
1. С. Сатыбаев. Халық әдебиетінің тарихы негіздері.- Алматы 1992ж. 120б
2. М. Мұқанов., Жас және педагогикалық психология. -Алматы, 1981ж. 311б
3. И.А Зимняя., Педагогикалық психология. – Алматы, 2005ж.
4. Қ. Жарықбаев., С.Қалиев., Қазақ тәлiм-тәрбиесi. - Алматы, 1995ж.
5. Қ. Жарықбаев., Ә. Табалдиев., Әдеп және жантану. - Алматы,
6. Т.Тәжiбаев., Жалпы психология. - Алматы, 1993ж. 59б
7. Ә.Т Алдамұратов. Жалпы психология. - Алматы, 1995 ж. 371б
8. Выготский Л.С. – Педагогическая психология. Москва 1991г.
9. Жарықбаев Қ. Б. «Психология негіздері»Оқулық. Алматы: Эверо, 2012. - 462 б
10. Т.Д. Марцинковская «История психологии» Москва-2014, 534стр.
11. Интернет ресурстары.
12. Сәбет БАП-БАБЛ. Жантану негіздері. Алматы Дәнекер 2013

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мінез қасиеттерінің жиынтығы арқылы жеке басының сипатталуы

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. МІНЕЗ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ СИПАТТАЛУЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Адам және адамзат туралы ғылымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мінез психологиясы Мiнез туралы жалпы түсiнiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Мiнез типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.ҚАБІЛЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Тұлға және мiнез ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Мiнездiң қалыптасу ерекшелiгi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.4 Түйсіктер және олардың түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

КІРІСПЕ

Басқа адамның мінез-құлқын қалай түсінуге болады? Адамдардың әр түрлі қабілетке ие болуының себебі неде? ңЖанң дегеніміз не және оның табиғаты қалай? Осындай және басқа да сұрақтар адамдардың ойында болған, сонымен бірге уақыт озған сайын адам және оның мінез-құлқына деген қызығушылық артып отырған.
Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.
Ресейлік атақты психолог Борис Герасимович Ананьғв адам танымының жүйесін 4 негізгі ұғымға бөліп қарады: индивид, іс-әрекет субъктісі, тұлға және жеке даралық.
Индивидң түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
Тұлғаң ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.
Адамды тануда Б.Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым ңіс-әрекет субъектісің. Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша ңиндивидң және ңтұлғаң ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.
Сана - психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект - іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.
Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі - биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам - саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы - оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Жеке тұлғалылық - бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам - нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді. Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.

1. МІНЕЗ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ СИПАТТАЛУЫ
0.1 Адам және адамзат туралы ғылымдар

Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден, биологиялық түрдің өкілі ретінде, екішіден, қоғам мүшесі, үшіншіден, адамның пәндік қызметі зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.
Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес. Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта, мұнда адам көбенсе тірі табиғатқа қарсы қойылған. К.Линней адамды тірі табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс болды.
Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін - шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудан тұрады.
Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты ғылымдар да зерттейді. Мысалы, адамның физикалық типін оның жалпы соматикалық ұйымы ретінде адам анатомиясы және физиологиясы, биофизика және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.
Адамның пайда болуы және дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты, өйткені адам табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және тізбекті даму процессінен тыс түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы физиология және салыстырмалы биохимия жатады.
Антропогенез жайлы ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап кеткен жөн. Бұған алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына аса қызыға қараған И.П.Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.
Биологиялық түр ретінде адам дамуын түсінуде зоопсихология мен адамның жалпы психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология маңызды рөл атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде зерттеу бойынша В.Келер және Н.Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар. Зоопсихология саласындағы жетістіктер арқасында адамның көптеген мінез-құлық механизмдері мен оның психикалық даму заңдылықтары белгілі болды.
Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар оның дамуында маңызды рөл атқарады. Оларға генетика және археология жатады. Тілдің пайда болуын, оның дыбыстық құралдарын және басқару механизмдерін зерттейтін палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда болуы социогенездің орталық кездеріне, ал сөйлеудің пайда болуы -антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу адамды жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.
Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез проблемаларымен тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет. Оларға адам қоғамының дамуын және алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттейтін палеосоциологияны жатқызуға болады.
Осылайша биологиялық түрдің өкілі ретінде адам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1.7 суретте Б.Г.Ананьевтің Homo sapiens жайлы ғылымның негізігі проблемалары классификациясы көрсетілген. Дербес биологиялық түр ретінде адамның пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология ие болады. Адам дамуына орай қазіргі заман антропологиясы туралы жасаған қортындыны былайша келтіруге болады: биологиялық дамудың белгісіз бір кезеңінде адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты (ңантропогенез бен социогенездіңң шекаралас кезеңі) және адам эволюциясында биологиялық дағдылы және табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.
Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік әлемге өтуіне байланысты, оның биоәлеуметтік тіршілік иесіне айналуына қарай табиғи таңдау заңдары дамудың басқа сападағы заңдарымен ауысты.
Адамның жануарлар әлемінен неге және қалай бөлініп шықты деген сұрақтар антропогенез ғылымын зерттейтін ғылымдардың арасында орталық орынға ие болып, осы күнге дейін бұл сұрақтарға біркелкі жауап табылмай тұр. Осы проблемаға орай бірнеше көзқарас бар. Олардың бірі мынадай болжамда: мутация салдарынан адам миы супермиға айналып, жануарлар әлемінен бөлініп шығып, қоғам құруға жеткізді. Бұл П.Шошардың көзқарасы. Ол бойынша тарихи кезеңде мутациялықтың әсерінен ми органикалық түрде дами алмайды.
Тағы да мынадай көзқарас бар. Ол мидың органикалық дамуы мен түр ретінде адамның дамуына байланысты мидың сапалы құрылымды өзгерісіне әкелді де, содан соң даму табиғи таңдаудан өзгеше заңдармен жүре бастады. Алайда, дене мен ми өзгеріссіз қалғанмен, даму тоқтап қалмайды. И.А.Станкевичтің зерттеулеріне қарағанда, адам миында құрылымдық өзгерістер болады, жартышарлардың әртүрлі бөлімдерінде прогрессивті даму, жаңа иірімдердің бөлінуі, жаңа жолдардың қалыптасуы байқалады. Сондықтан адам өзгеріп отыра ма деген сауалға ңиәң деп толық жауап беруге болады. Дегенмен мұндай эволюциялық өзгерістер адам және оның тұлғалық дамуының әлеуметтік өмір сүру жағдайына әсер етеді, ал Homo sapiens түрінің биологиялық өзгеруі қосымша мәнге ие болады.
Осылайша, адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі ретінде ғылымға қызықты, себебі Homo sapiens түріндегі қазіргі заман адамы биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір сүреді.
Социогенез проблемасын қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін емес. Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық прогресспен байланысты ғылымдар.
Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі топқа бөлінеді: қоғам дамуын барлық элементтердің өзара қатынасында бүтіндей қарастыратын ғылымдар, адамзат қоғамы дамуының жеке аспектілерін зерттейтін ғылымдар. Ғылымдарды осылайша бөлу адамзат өзіндік заңдарымен дамитын бүтіндей, сонымен бірге, көптеген жекелеген адамдар боп танылады. Сондықтан барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не социум элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға жатады. Бірақ бұл жіктемеде әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы анықталмаған, өйткені көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке адамды зерттеумен байланысты бола алады.
Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы, өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет, өнер жайлы ғылымдар және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде, қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі қажет.
Мұнда адамның табиғатпен және адамзаттың табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымдарды ерекше атап өту керек. Осыған байланысты биогеохимиялық ілімді жасаушы В.И.Вернадскийдің пікірі қызықты - онда ғалым өзара қатынастағы және еркін оттегі О2 молекуласының тарихымен байланысты қарама-қарсы екі биогеохимиялық қызмет жайлы сөз етеді. Бұл тотығу және қайта қалпына келу қызметтері. Бір жағынан олар тыныс алу мен көбеюге және екінші жағынан өлген организмдерді бұзумен байланысты. В.И. Вернадскийдің пайымдауынша адам және адамзат өздері өмір сүретін планетаның белгілі бөлігі биосферамен байланысты, себебі олар Жердің материалды-энергетикалық құрылымымен геологиялық заңдылықта байланысқан.
Адам табиғаттан бөліне алмайды, бірақ жануарларға қарағанда адамның өмір сүру мен қызметтің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етуге орай табиғи ортаны өзгертуге бағытталған белсенділгі бар. Мұнда ноосфераның пайда болуы жайлы айтылып тұр.
1927 ж Ле-Руа және Тейяр де Шарден біріге отырып енгізді. Олар 1922-1923 жж Сорбондағы В.И. Вернадскийдің ұсынған биогеохимиялық теориясын негізге алды. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша ноосфера немесе ңойлаушы қабатң - біздің планетамыздағы жаңа геологиялық құбылыс. Мұнда алғашқы рет адам планетаны өзгерте алатын ірі геологиялық күш ретінде көрсетіледі.
Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдар да бар. Бұған жеке организмнің даму процессі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады. Осы бағытта адамның жас, жыныстық, конституционалды және нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның өмір жолы жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында адам іс-әрекетінің мотиві, дүниеге көзқарасы және құндылық бағдары, қоршаған ортамен байланысы зерттеледі.
Адамды зерттейтін ғылымдар немесе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты, олар біріге отырып, адам және адамзат қоғамы жйлы бүтіндей көрініс береді. Алайда қай бағытты алып қарасақта, оларда психологияның әр түрлі тараулары келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның зертейтін құбылыстары бисоциалды тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-әрекетін анықтайды.
Осылайша адам - көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі әдіснамалық сипатқа ие болуы керек.Сондықтан да адамды зертеудегі ең негізгі әдіснамалық тұжырым- жүйелі көзқарас тұжырымы. Ол әлем құрылымының жүйелігін көрсетеді. Осы тұжырымға сай кез-келген жүйе жүйежасайтын фактор болғандықтан өмір сүреді. Адамды зерттейтін ғылымдар жүйесінде мұндай фактор адам, оны көпқырлы көріністе және сыртқы өмірмен байланысты зерттеу қажет, өйткені сонда ғана адам және оның әлеуметтік - биологиялық даму заңдылықтары жайлы толық көрініс алуға болады.

0.2 Мінез психологиясы. Мiнез туралы жалпы түсiнiк.

Нақты адамды сипаттау немесе бағалау кезiнде оның мiнезi туралы айтады. Әрбiр адам басқа адамдардан өзiнiң даралық өзгешелiктерiмен ерекшеленедi. Адамдар өзара мiнез ерекшелiктерiне қарай ажыратылады. Мiнез деген психологиялық қасиеттiң төркiнi гректiң ''charakter'' деген сөзiнен шыққан. Мәнiсi -iз қалдыру. Психологияда бұл жеке,дербестiк мағынадағы адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мiнез түсiнiгi адам iс-әрекетi және мiнез-құлқы формасында көрiнетiн жеке-дара психикалық қасиеттердiң жиынтығы.
Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады. Мiнез ерекшелiктерi адамның даралық өзiндiк психологиялық қасиеттерi. Дегенмен адам бойындағы ерекшелiктердiң бәрi бiрдей. Мысалы, естудiң нәзiктiгi, көздiң көргiштiгi, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл ойдың тереңдiгi мiнез ерекшелiктерiне жатпайды. Адам мiнезiнiң көрiнiстерi әрбiр жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның iс-әрекетi сол iске деген қатынасымен қатар, ерiк-жiгерiне, көңiл-күйiне, зеректiгiне, ақыл ойына да байланысты болады. Соның нәтижесiнде адамның әр алуан психикалық процесстерi, оның iс-әрекет түрлерiне ықпал етiп, адамның ақыл ойын, көңiл-күйiн, эмоциясын, ерiк-жiгер қасиеттерiнiң ерекшелiктерiн айқын аңғартады. Мiнез өмiр бойы қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен және ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез қалыптасуында мәндi рөлге ие.
Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез қырларының көптеген топтастырулары бар. Психологиялық әдебиеттерде көбiнесе екi бағыт кездеседi. Бiрiншiсi, мiнез қырларын психикалық процестермен байланыстырады және ерiктi, эмоционалды және интеллектуалды қырларды бөлiп қарастырған. Мiнездiң ерiктi қырларына жататындар: табандылық, батылдылық, қайсарлылық, өжеттiк, сабырлылық, байсалдылық, дербестiлiк, белсендiлiк, ұйымшылдық. Эмоционалды қырларына екпiндiлiк, әсерленгiштiк, қызбалық, инерттiлiк, байыпсыздық, қайырымдылық. Ал, интеллектуалды қырларға терең ойшылдық, тапқырлық, зеректiк, құмарлық, әуестiк жатады.
Екiншiсi, мiнез қырларын тұлға бағытына байланысты қарастырады. Тұлға бағдарының мазмұны адамдарға, iс-әрекетке, қоршаған әлемге және өзiне - өзi қатынасы кезiнде көрiнедi. Тұлғаның бағдары адамның өмiрлiк мақсатын, жоспарын, оның өмiрлiк белсендiлiгiнiң деңгейiн анықтайды.
Адамның тұлғалық қырларын шартты түрде мотивациялық және инструменталды деп екiге бөлемiз. Мотивациялық iс-әрекеттi оятады және бағыттайды, ал инструменталды бұларға белгiлi бiр стиль бередi. Тұлғаның мотивациялық қырлары сияқты, мiнез де әрекет мақсатын таңдау кезiнде көрiнедi. Бiрақ та мақсат анықталғаннан кейiн мiнез инструменталды рөл ретiнде, қойылған мақсатқа жету құралдарын анықтайды.
Мiнез тұлғаның негiзгi көрiнулерiнiң бiрi болып табылады.
Мiнездi зерттеуге теориялық және эксперименталды бағыттар.
Мiнездi зерттеу бұдан бiрнеше жылдар бойы басталған болатын. Мiнездi зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар.
Адам мiнезiнiң даралық ерекшелiгi жайын ғылым тарихында тұңғыш рет сипатттап жазған ертедегi грек философы Теофраст. Бiрақ ол мiнездi адамның адамгершiлiк сапасына тән қасиет дейдi. Лабрю йер де ''Теофраст мiнездерi''деген еңбегiнде мiнездi адамның әлеуметтiк адамгершiлiк ерекшелiктерi жағынан қарастырған. Бұл бiрақ, темпераментке керi анықтама. Өйткенi темперамент - адамда туа пайда болатын генотиптi ағза қасиетi. Осы көзқарасқа орай, мiнез адамның туа пайда болатын фенотиптiк ерекшелiгi.
19 ғасырда француз ғалымы А.Бен мiнездi тек психологиялық ерекшелiк, дара адамның ақыл ойы мен сезiмiнiң және ерiк ерекшелiгiнiң қасиетi деп санады. Т.Рибо мiнездi сезiм мен ерiк ерекшелiгi десе, ал орыс дәрiгерi және педагогы П.Ф.Лесгафт ерiк қасиетi дедi. И.Кант мiнездi темпераментпен салыстыра отырып,оны адамның жүре пайда болатын қасиетi деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттерiндегi туа пайда болатын ерекшелiктерi мен жүре пайда болатын ерекшелiктердi бөлiп көрсеттi. Ал Малапер Фуле т.б. мiнездiң туа пайда болуымен қатар, жүре пайда болатын ерекшелiктерi бар дедi.
Мiнез адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын бiлдiретiн жеке адамның тұрақты ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Мiнез iс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мiнез-құлқына тән көрiнiс бередi. Мiнез адамның өзi таңдаған iс-әрекетiнен байқалады. Кейбiр адамдар iс-әрекетiнiң аса күрделi қиын түрлерiмен айналасуды қалайды, олар үшiн кедергiлердi жеңу жолдарын iздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал, кейбiреулер iс-әрекеттiң ешбiр кедергiсiз оңай түрiн қалайды. Кейбiреулер үшiн жұмыс нәтижесiне қандай жол арқылы жеткенiнен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуiр жұмысты бiтiрдiк деген ой өте маңызды. Адамдар мен қарым-қатынастағы мiнез-құлықтың (үлгiсi) манерасы адамдар әрекеттерiне жауап қайтаруларынан көрiнедi. Қарым-қатынас мәнерi сыпайы-анайы,биязы-дөрекi,әдептi-әд епсiз т.б. бола алады. Мiнездердiң темпераменттен бiр айырмашылығы,олар тек жүйке жүйесi қасиеттерiне ғана емес, адам мәдениетi мен тәрбиесiне де байланысты. Адам мiнезi-әр түрлi стимулдар мен түрлi оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшелiктерiмен айқындалмайды,ол оның негiзгi әрекеттерiн айқындаушы. Мiнездi адамның әрекетi әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтедi. Мiнездi адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзiнiң ерiк-жiгерi мен белсендiлiгiн көрсетедi, өзiн-өзi ұстайды. Ал, мiнезсiз адам iс-әрекетпен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелдiлiкте жүредi. Адамдардың мiнезi пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бiрақ мiнез тұрақты және өзгермелi болып келедi.
Жеке адам ерекшелiктерi:
Жеке адам ерекшелiктерiн келесi кездерде көруге болады.
1.Мотивациялық-iс-әрекеттi бағыттайды, тудырады.
2. Инструменталды-iс-әрекетке белгiлi бiр стиль бередi.
Мiнез мұнда жеке адамдардың инструменталды қасиеттерiне жатады. Одан iс-әрекет мазмұны емес, оны орындау мәнерi айқындалады. Бiрақ, мiнез мақсатты таңдаудан да байқалады. Мақсат таңдалса, мiнез инструменталды, яғни мақсатқа жету құралы болып табылады.
Адам мiнезiне кiретiн жеке адам ерекшелiктерi:
1.Iс-әрекеттiң мақсатын таңдауда адамдардың әрекеттерiн айқындайтын жеке адам қасиеттерi.
2. Алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер.
3.Темпераментпен байланысты инструменталды бiтiстер.
Осы бiтiстердiң барлығы бiр адамның бойына жиналып адам белгiлi бiр типке жатқызылады.
1.3 Мiнез типологиясы

1. Адам мiнезi онтогенездi пайда болып, бүкiл өмiр бойына тұрақты.
2. Мiнезге кiретiн жеке адам бiтiстерi кездейсоқ емес, олар мiнездi анықтауға көмектеседi және типтерге бөледi.
3.Сол мiнез типтерi бойынша адам мiнезi бiрнеше топқа бөлiнедi.
Э.Кречмер бойынша дене бiтiмi бет әлпетiне қарай астеникалық тип-арық, жiңiшке адам,соның арқасында ұзын болып көрiнедi. Астениктердiң дене және бет терiсi жұқа. Иықтары кiшкентай. Саусақтары ұзын жiңiшке, бұлшық еттерi нашар жетiлген,ал әйел адамдар сонымен қатар кiшкентай болады. Атлетикалық тип- орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкiрегi үлкен, басы ұзынша, әрi тығыз, қаңқа сүйектерi мен бұлшық еттерi жақсы жетiлген. Пикниктик тип- орта бойлы, мойны қысқа, семiруге бейiм, себебi бұлшық еттерi мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердiң айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкiн. Астениктер мен атлетиктер шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектiк, сезiмталдылық, менменшiлдiк, суықтық, қатiгездiк, билiкке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал, пикниктер маникалды - депрессивтi психозға бейiм, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңiлдiлiк, ашық мiнездiлiк, көпшiлдiк, көп сөйлегiштiк, қалжыңға бейiмдiк, жеңiлтектiк тән.
Мiнездiң психологиялық теориялары 19ғасырдың аяқ кезiнен бастау алады. Сол кездегi зерттеушiлер адамның мiнезiн дене құрылысына қарай түсiндiруге тырысқан.Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мiнезi соған сәйкес қалыптасады дедi. Адамның мiнезiн сыртқы тұрқы, бет-әлпетi, нышандарынан зерттеп қарастыруға болады . Осы кезде френология ағымы қалыптасты. Ол ағым бойынша адамның бас сүйегiне, формасына,жүйке саласына қарап адамның мiнез-құлқын,ақыл-ойы дәрежесiн т.б.ажыратуға болады дедi. Ал, графалогия ағымы бойынша адамның жазуына қарап оның мiнез ерекшелiгiн ажыратуға болады дедi.
Осы кездерде көптеген ғалымдар мiнез мәселесiмен айна-лысты: немiс психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б.
Мiнез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспiрiмдердi бақылауға негiзделген, нақты бiр мiнез күшейуiн қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.
1) Гипертимдi тип- қозғалмалылық, қарым-қатынасқа бейiм жасөспiрiм. Шуды жақсы көредi, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңiл-күйi өте жақсы болады, оқуы бiр қалыпты емес, бiр орында отыра алмайды,тәртiпсiздiк байқалады. Үлкен адамдармен конфликтiлерге жиi түседi. Көптеген нәрселерге қызығады, бiрақ ол тез өтедi. Өздерiнiң қабiлеттерiне тым сенгiш, тiптi шектен тыс өзiне сенедi. Елдердiң алдында өзiн-өзi көрсеткендi ұнатады, мақтаншақ болып келедi.
2) Циклоидты тип- апатияға бейiм, тез қозады, көбiнесе өзiмен өзi жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселердi жүрегiне қатты алады. Екi үш апта сайын көңiл-күйлерi көтерiңкiден өзiне кетiп қалуға ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.
3) Лабильдi тип- көңiл-күйi ауа райы секiлдi тез өзгередi, оған әр түрлi қарапайым нәрселер (бiреудiң көзқарасы, амандаспауы, бiр нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мiнез құлқы уақытша көңiлге байланысты. Казiргiсi мен болашағы өзiнiң көңiлiне ұқсас болады, бiресе көңiлде, бiресе түңiлiп те қалады. Кейде сәтсiздiктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңiл-күйi төмен болады, көп әуреленедi, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн,оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзiне деген қарым-қатынасты ерекше сезiнедi.
4) Астено-невротикалық тип- қозғыш, шаршағыш, қырсық, Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.
5) Сензитивтi тип-жоғары сезiмталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейдi, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан тұйық болып көрiнедi. Тек жақын адамдарына ғана ашық сөзшең болады, өзiнiң қатарластарынан гөрi үлкен кiсiлермен, кiшкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердiң тiлiн алады, ата-аналарына жақын келедi. Ондай адамдарда''кемiстiк комплексi''болады. Ортаға бейiмделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершiлiк қасиетi қалыптасып, өзiне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос таңдауда қателеспейдi, өзiнен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көредi.
6) Психо-астеникалық тип- интеллектiсi тез дамиды, өзiн-өзi және басқаларды бағалауға бейiм, көп ойланып талқылауды ұнатады, бiрақ iс жүзiнде емес, сөз жүзiнде ғана мықты. Өзiне-өзi тым сену шешiмсiздiкпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешiм қабылдайды.
7) Шизоидты тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрi үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенiн, немқұрайды екенiн көрсетiп, олардың жағдайына көңiл бiлдiре алмайды. Iшкi жан дүниесi қиялға толы. Сырттай өз сезiмiн көрсете бермейдi, маңайындағылар оны түсiне бермейдi.
8) Эпилептоидты тип- көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Ондай балалар кiшкентайлар мен жануарларды ренжiтедi, өздерiн диктатор деп санайды. Олар қатiгез, өзiн-өзi жақсы көредi, билеушi. Басқаларды қорқыту арқылы өзiне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзiн басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бәрiн жасап, көтерiлуге тырысады.
9) Истероидты тип- үнемi ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзiн суреттеп көрсетедi. Олар басқа бiреудi мақтағанды, басқаларға көңiл бөлгендi жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргендi ғана ойлайды. Көпшiлiк ортасында лидер болғанды ұнатады.
10)Тұрақсыз тип- ерiк-жiгерсiз, өзен ағысы бойынша өмiр сүредi. Той-томалақ жұмыссыздықты жақсы көредi. Талғаусыз, бәрiне қызығады. Өзiнiң болашағы жайлы ойламайды, кәсiби қызығушылығы жоқ.
11)Конформды тип- негiзгi ерекшелiгi барлығы сияқты болу. Өзi үшiн досын да сатып кетедi, бiрақ не iстесе де оған себеп табады.
К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенедi:
1) Гипертимдi тип- анық жест, мимикалары болады.сөзге құмар қарым-қатынасқа бейiм, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзiнiң отбасылық қоғамдық мiндеттерiне қалай болса солай қарағандықтан адамдармен конфликтiге тез түседi, конфликтiнi өзi бастайды. Оптимист, энергиясы мол, iс-әрекеттi сүйедi. Бiрақ жеңiлтек, аморальды әрекеттердi жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттерi бар, жалғыздық пен қатал тәртiптi қиын көтередi.
2) Дистимдi тип- пессимистi көңiл-күйдi, аз сөйлегiш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмiр сүредi. Конфликтiге түспейдi. Онымен достасатын адамдарды бағалап, тiптi оларға бағынады. Әдiл, байсалды, баяу ойлайды, бiрақ тиянақты.
3) Циклоидты тип-көңiл-күйi тез өзгередi, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелi болып келедi. Көңiл-күйi жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседi, төмен болғанда тұйық болады.
4) Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, контактiлiгi төмен, конфликтiге бейiм, көңiлсiз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, коллективте бiрге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерiн қадағаламайды,жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйедi.
5) Тежелгiш тип- сөйлемейдi, басқаларды үйретедi. Конфликтiде белсендi роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзiне үлкен талаптар қояды. Ренжiгiш, сезiмтал, өш алғыш, өзiне тым сенiмдi, қызғаншақ, ар ұяты мол.
6) Педантты тип- конфликтiде енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлiктi кейде басқаларға да бередi. Өзiнiң тазалықты сүйюiмен үйдегiлердi де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйедi, жұмыста сенiмдi, бiрақ конфликтiде ұрысқақ.
7) Уайымшыл тип- ұялшақ, өзiне сенiмсiз, конфликтiге аз түседi, енжар болады. Басқалардан көмек iздейдi. Достықты бағалайды, өзiн-өзi көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергiш.
8) Эмотивтi тип- жарты сөзден ақ бiрiн бiрi түсiнетiн адамдар тобынан құралады. Ренжiсе оны iшiнде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершiлiк, орындаушылық қасиеттерi бар, бiрақ жылығыш, тым сезiмтал жан.
9) Демонстративтi тип- байланысты жеңiл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеушi мен лидерлiкке талпынады, өзiнiң өзiне-өзi сенiмдiлiгiмен адамдарға ұнамайды. Конфликтiнi өзi тудырып, өзiн өзi қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бiрақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екiжүздi.
10)Экзалтацияланған тип- контактiге түсуi өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бiрақ конфликтiге жеткiзбейдi, конфликт кезiнде белсендi, әрi енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңiл бөледi. Талғамы жақсы, шын сезiмге бейiм. Көңiл-күйi тез өзгергiш.
11)Экстравертивтi тип- достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлi нәрселер жайлы сөйлесе бередi, достары мен жақындарына лидерлiктi бередi. Олардан бiр нәрсе сұраса соны орындайды,зейiн қойып тыңдайды, бiрақ жеңiлтек. Басқалардың әсерiне бейiм, ойланбай бiр нәрсе iстей салады, әңгiме айтып отыруға бейiм, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңiлдi уақыт өткiзуге құмар.
12)Интравертивтi тип- тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейiм, жалғыздықты сүйедi, тек өз өмiрiне басқа бiреу кiрiскенде ғана конфликтiге түседi. өстамды, принциптерi көп, қатал сенiмдерi мен көзқарастары болады. Бiрақ бiрбеткей, өз идеяларын дәлелдегiш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей бередi.
Адам мiнезiндегi әрбiр ерекшелiк белгiлi жағдайларға сәйкес көрiнiс бередi. Мұндай ерекшелiктердiң өзiндiк физиологиялық ерекшелiктер бар. Адам мiнезiнiң физиологиялық негiзiн ашып көрсетуде ерекше орын алатын жәйт жоғары жүйке қызметiнiң типтерiндегi ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесiнiң басым екендiгiне қарай адам мiнезiнiң типтерiн мынадай үш типке бөледi:
1.Ойшыл тип-бұл негiзiнен сөзбен байланысты,екiншi сигнал жүйесi рефлекторлық қызметiнiң басымдылығы.
2.Көркем тип-бiрiншi сигналдық шартты рефлекстiң басымдылығы.
3.Орташа тип-мұнда екi сигнал жүйесiнiң бiрде-бiрi басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшiлiгi осы орташа типке жатады. Адам мiнезiнде бұлардан басқа да мiнез ерекшелiктерiнiң пайда болуына әсер етiп отыратын арнайы типтердiң болуы ықтимал. Әр мiнез ерекшелiктерiне сәйкес әр түрлi типтегi адамдардың еңбексүйгiштiгi мен әрекетшiлдiгi де түрлiше болып келедi.
Адам мiнезiнiң құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбiр мiнез ерекшелiктерi бiр-бiрiне тәуелдi, өзара байланысты болып келедi. Мiнездегi осындай әртүрлi қасиеттерден құрылған бiртұтас бiрлiктi мiнез құрылымы деп атайды. Ал, мiнездегi өзара байланысты психикалық қасиеттердiң жүйесi симптомокомплекс не факторлар деп атайды.

2.ҚАБІЛЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
2.1 Адам қабілетінің жалпы сипаттамасы

Біз жеке немесе жекелеген жағдайларда қалатын адамдардың неге әр түрлі табыстарға қол жеткізетінін түсіндіруге талаптанған кезде, көбінесе, қабілет ұғымын негізге аламыз, адамдар табысының әр тектілігін тек осымен ғана түсіндіруге болатына тоқталамыз. Бұл ұғым біреулердің дағдылар мен іскерлікті тез игеру немесе білімді жылдам қабылдап алуының немесе басқалардың ұзақ, тіптен қиналып үйренуінің себептерін зерттеген кезде пайдаланады. Қабілет дегеніміз не?
Тәжірибеде "қабілетң сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандайда бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда, "қабілет" термині психологияда оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. Бірінші жағдайда қабілетпен барлық мүмкін психикалық процестер мен жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл "қабілет" терминінің неғұрлым кеңірек және ең көне түсіндірмесі. Екіншіден қабілетпен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVІІІ-XІX ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және де қазіргі кезде де жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі. Үшінші бұл - біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген .
Отандық психологияда қабілетті тәжірибелік зерттеу көбінесе соңғы ықпал негізінде құрылуда. Оның дамуына елеулі үлес қосқан отандық белгілі ғалым Б.М.Теплов. Ол "қабілеттің" төмендегідей негізгі үш түрін бөліп көрсетті.
Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешеленетін дербес-психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз етпейді.
Екіншіден, қабілет деп қандайда бір немесе көптеген әрекеттердің орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді атайды.
Үшіншіден, "қабілет" түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған дағдылармен немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді.
Қабілеттің онтогенезде даму мәселесі бойынша профессор С.М. Джакупов өзінің еңбектерінде көрсетеді: Қабілеттердің нышандар негізінде қалыптасуы туралы мәселе әлі күнге дейін шешілген жоқ. Іс- әрекет барысында нышан қабілетке айналады дегентұжырымның өзі де әлі дәлелденбеген. Өйткені қабілетке айналуы үшін нышандар іс- әрекетте қандай орын алатынын көрсету керек.
Қабілеттің генезис мәселесінің мәні , оны тек шешу арқылы қабілеттің даму механизмін түсіну нәтижесінде олардың мақсатты қалыптасуы мен диагностикасын жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәселені шешудегі ерекше жетістіктер С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде көрінеді.Ол адамды жануарлардан бөлетін қабілеттер оның табиғатын құрайды деген.Бірақ адам табиғаты - тарихи өнім болып табылады. Сондықтан да адам табиғатының қалыптасуы мен өзгеруі тарихи процесс негізінде жүреді.( адамның еңбек іс- әрекеті нәтижесінде қалыптасады) Бірақ Рубинштейн осы мәселені нақтылағысы келгенмен, сол мәселенің шешімінен алшақтайды." Нышандар- қабілеттің алғышарты,- дейді С.Л. Рубинштейн. Қабілет нышандар негізіндн дамымағанмен, кабілет бәрі бір нышанның функциясы болып табылмайды, керісінше нышандар алғышарт негізінде дамудың функциясы болып табылады. Ол индивидтің даму негізіне кіріп, олар өздері дамиды, яғни ауысып және өзгеріп отырады.
Ең қызығы көптеген зерттеушілер қолданбалы есептерді шешуде қабілеттер генезисі мәселесін пайдаланбайды. Н.С. Лейтес бойынша: балалық шақта жас ерекшелік дамудың ішкі жағдайлары қабілеттердің қалыптасу факторы болып табылады.лейтес жастық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағаңдардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Жеке тұлға интеракционистік теория
Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементтерінде
Құқық, жеке тұлға, қоғам
Дарынды және талантты балаларды оқыту ерекшеліктері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Психогенетика
Әлеуметтік интеллект құрылымы
Қазіргі психология және оның адамтану ғылымдары жүйесінде алатын орны
Пәндер