Коммерциялық банктердің пассивті операциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Коммерциялық банктердің пассивті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Коммерциялық банктердің міндеттері, принциптері және жүргізетін операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Коммерциялық банктің атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың қалыптасу көздері ... ... ..
2. ҚР коммерциялық банктерінің пассивті операцияларын талдау («Банк Центр Кредит» АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 «Банк Центр Кредит» АҚ ағымдық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 «Банк Центр Кредит» АҚ пассивтік операцияларын талдау ... ... ... ... ... ... .
2.3 Депозиттерді сақтандыру қорының қызметі мен міндеттері
3. ҚР коммерциялық банктерінің пассивті операцияларының қазіргі кездегі мәселелері және жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі банктің пассивтік операцияларды жүргізудің нәтижесінде оның ресурсы пайда болады және банк балансының пассивінде көрініс табады. Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты, қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни, табыс алу мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады. Пассивтік және активтік операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі мүмкіндігін анықтайды, ал, несие саласындағы банк саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсер етеді. Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Банктік салымдар - қандайда бір болмасын коммерциялық банктің заңды қызметін жүзеге асыру үшін керекті салымдар жиынтығы. Банктік салымдар әртүрлі көздерден құралады және әртүрлі мақсатқа жұмсалынады. Салымдарды орналастырудағы банк мақсатының бір-ақ шарты бар, ол – табыс көзін молайту арқылы банктің өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстау. Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін банктер бір қатар іс әрекетті жүзеге асыруы керек, олар банктік операциялар деп аталады. Бұл депозиттік операциялар тек банктің жұмысының жүзеге асуында ғана емес, өнеркәсіп салаларының, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының дамуында үлкен роль атқарады. Банктердің екі негізгі мақсаты бар екендігі белгілі. Оның бірі бүкіл мемлекетте тараған жеке меншік жинақтар мен ақша капиталын өздеріне тарту, ал, екіншісі жинақталған ақша қаражаттарын оларды тиімді пайдалана алатын сол арқылы өзіне пайда әкелетін тұлғалардың иелігіне беру.
Елбасымыз Қазақстан халықтарына жолдауында «Дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясында» қаржы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді. Қазақстан банктері осы жоспарды орындай отырып, олар Қазақстанның қаржы нарығының қалыптасуындағы қиыншылықтарды табысты шешуде. Соңғы жылдардағы еліміздегі банктердің санының азаюы және мықты банктерге қаржы салымдарының шоғырлануының нәтижесінде Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сенім артты. Ал, бұл із кезегінде салымшылардың бос ақша қаражаттарын коммерциялық банктерге салуына жағдай жасады. Банк активтерін қалыптастыруда негізгі мақсаттардың бірі депозиттік саясаттың дұрыс жүргізілуі. Бүгінгі күнгі өзекті мәселе нарықтық экономика жағдайында қосымша салымдар тарту мүмкіндігі, ол банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни, қызмет көрсету деңгейі, клиенттерге деген қарым-қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін
1. "Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметтері туралы” заң (өзгерістер мен толықтыруларды қоса)
2. “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық нормативтер туралы ережесі” 2013
3. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-сы заңы № 281-1 № 415-2 13.05.2013ж.
4. «Банки Казахстана» №10, 2013 г. – Маженова Б. – Казахстанский Фонд гарантирования депозитов: опыт, достижения, перспективы.
5. «Банки Казахстана» №12, 2013 г. – Кошербаева Г. Почтово-сберегательная система на депозитном рынке страны. ҚР жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру Қорының қызметі туралы нұсқаулық.
6. «Банкротық туралы» ҚР-сының заңы № 427-2 03.06.20013ж.
7. www.bankcentrcredit.kz
8. «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы»№ 213 қаулысы 03.06.06 ж.
9. «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелді басқару және ішкі басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы» № 434 06.12.2004 ж
10. «Несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР-сының заңы № 573-2 06.07.2010ж. берілген
11. «Финансовые рынки и посредники» У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева – Алматы, 2006
12. Айманова Л.Б.Управление кредитными рисками Казахстанскими коммер-ческими банками КазЭУ хабаршысы 2012 г. № 3
13. Банковское дело/ Под ред. Г.С. Сейткасимова. – Алматы: Қаржы және қаражат,
14. Банковсое дело Под ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2009 г.
15. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюталық қатынастар. – Алматы: Экономика, 2001 г.
16. Қазақстанның қаржы нарығы. 2013 жылдың ақпан айының мәліметі// Қазақстан банклері.
17. Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстана. Алматы: Қаржы-Қаражат, 2010 г.
18. Тлеукулова Г. Организация взаимодействия головного банка с филиалами при управлении кредитными рисками // Финансы и кредит. 2013г. № 4
19. www.bankcentrcredit.kz
20. Қазақстанның қаржы нарығы. 2013 жылдың ақпан айының мәліметі// Қазақстан банклер

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Коммерциялық банктердің
пассивті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1 Коммерциялық банктердің міндеттері, принциптері және жүргізетін
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 Коммерциялық банктің атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.3 Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың қалыптасу
көздері ... ... ..

2. ҚР коммерциялық банктерінің пассивті операцияларын талдау (Банк Центр
Кредит АҚ
мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.1 Банк Центр Кредит АҚ ағымдық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ...

2.2 Банк Центр Кредит АҚ пассивтік операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ... .

2.3 Депозиттерді сақтандыру қорының қызметі мен міндеттері

3. ҚР коммерциялық банктерінің пассивті операцияларының қазіргі кездегі
мәселелері және жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі банктің пассивтік операцияларды
жүргізудің нәтижесінде оның ресурсы пайда болады және банк балансының
пассивінде көрініс табады. Банк ресурстарын банктердің өзіндік қаражаты,
қарыз қаражаты және тартылған қаражат құрайды. Банк олардың жиынтығын
активтік операцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланады, яғни, табыс алу
мақсатында жұмылдырылған ресурстарды орналастырады. Пассивтік және активтік
операциялар бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, пассивтердің құрылымы
мен сипаты көп жағынан банктің активтік операцияларды жүргізудегі
мүмкіндігін анықтайды, ал, несие саласындағы банк саясатының өзгеруі
ресурстардың сипатына елеулі әсер етеді. Банк ресурстарын қалыптастырудың
негізгі көздеріне банк клиенттерінің салым ақшалары жатады. Банктік
салымдар - қандайда бір болмасын коммерциялық банктің заңды қызметін жүзеге
асыру үшін керекті салымдар жиынтығы. Банктік салымдар әртүрлі көздерден
құралады және әртүрлі мақсатқа жұмсалынады. Салымдарды орналастырудағы банк
мақсатының бір-ақ шарты бар, ол – табыс көзін молайту арқылы банктің
өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстау. Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін
банктер бір қатар іс әрекетті жүзеге асыруы керек, олар банктік операциялар
деп аталады. Бұл депозиттік операциялар тек банктің жұмысының жүзеге
асуында ғана емес, өнеркәсіп салаларының, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының дамуында үлкен роль атқарады. Банктердің
екі негізгі мақсаты бар екендігі белгілі. Оның бірі бүкіл мемлекетте
тараған жеке меншік жинақтар мен ақша капиталын өздеріне тарту, ал,
екіншісі жинақталған ақша қаражаттарын оларды тиімді пайдалана алатын сол
арқылы өзіне пайда әкелетін тұлғалардың иелігіне беру.

Елбасымыз Қазақстан халықтарына жолдауында Дүние жүзінің бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясында қаржы саласын дамытуға
ерекше көңіл бөлді. Қазақстан банктері осы жоспарды орындай отырып, олар
Қазақстанның қаржы нарығының қалыптасуындағы қиыншылықтарды табысты шешуде.
Соңғы жылдардағы еліміздегі банктердің санының азаюы және мықты банктерге
қаржы салымдарының шоғырлануының нәтижесінде Қазақстан Республикасының банк
жүйесіне сенім артты. Ал, бұл із кезегінде салымшылардың бос ақша
қаражаттарын коммерциялық банктерге салуына жағдай жасады. Банк активтерін
қалыптастыруда негізгі мақсаттардың бірі депозиттік саясаттың дұрыс
жүргізілуі. Бүгінгі күнгі өзекті мәселе нарықтық экономика жағдайында
қосымша салымдар тарту мүмкіндігі, ол банктердің қаржылық тұрақтылығы,
олардың тартымдылығы, яғни, қызмет көрсету деңгейі, клиенттерге деген қарым-
қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын
түрлі қаржылық инструменттердің болуына байланысты [1,3]

Курстық жұмысының негізгі мақсаты – еліміздің банктерінде жүргізілетін
пассивтік операциялардың түрлерін талдау, тартылған қаржы салымдарын талдау
және осы талдау негізінде, Қазақстан банктеріне қосымша салымдарды тартуға
ұсыныстар енгізу.

Курс жұмысын жазу барысында келесідей міндеттер қойылды:

- Пассивтік операциялардың экономикалық мәні мен түрлерін қарастыру;

- Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік
саясатының қалыптасуын қарастыру;

- Депозиттік салымдарды тарту әдістері мен Қазақстандағы банктердің
банктік есебін қарастыру;

- Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың даму кезеңдерінің
ерекшеліктеріне тоқталу;

- Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының депозит нарығындағы
роліне көңіл аудару;

- Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына
талдау жасау.

Курстық жұмысын жазу барысында "Қазақстан Республикасындағы банктер
және банктік қызмет туралы" заңдық күші бар Қазақстан Республикасының
Президентінің жарлығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
нормативтік-құқықтық актілері мен статистикалық деректері, отандық және
шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдарда жарияланған банктің білікті
мамандарының еңбектері және Банк Центр Кредит акционерлік қоғамының
мәліметтері пайдаланылды.

Курстық жұмысының обьектісі ҚР екінші деңгейдегі коммерциялық
банктерінде жүргізілетін пассивтік операциялар болып табылады. Сонымен
қатар, салымдарды тарту айналасындағы сұрақтар мен банктердің депозиттік
саясатын жетілдіруші көрсеткіштер болып табылады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы ретінде тұрғындардың коммерциялық
банктердегі салымдарын көбейту үшін, олардың банк жүйесіне деген
сенімділігін арттыру үшін, көрсетілетін банктік қызметтер туралы
ақпараттардың ауқымын кеңейту үшін банктік маркетингті жетілдіру ұсынылады.

1 Коммерциялық банктердің пассивті операциялары және оның теориялық
негіздері

1.1 Коммерциялық банктердің міндеттері, принциптері және жүргізетін
операциялары
Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан
мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.

Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты кредит берушіден қарыз
алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Қаржылық тәуекелділіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі
белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айырықшылап
көрсетеді:

1. Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау
тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша
сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының негізінде
жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған
борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздаға бағытталады.

2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің
қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит
сертификаттарын шағырғанда және тағы басқа тіркелген борыш сомасы бар
сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығаруды
негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы
бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер
төндіреді, өйткені ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі
керек, ал инвестициялық компания (қор) өзінің активтері мен
пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз
акционерлеріне бөліп береді.

Коммерциялық банк қызметінің принциптері:

Нақты қолда бар ресурстары шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің
ресурстары мен кредит салымдарының арасын сандық ара қатынаспен қамтамасыз
етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурсардың
өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестендіруге ұмытылуы керек.

Банктердің өз қызметі нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін
ұйғаратын толық экономикалық дербестік.

Коммерциялық банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық
қатынастың негізінде құрылады.

Коммерциялық банк жұмысы тек жанама экономикалық (әкімшілдік әдісімен емес)
әдістермен реттеледі.

Коммерциялық банк функциялары:

. Кредиттегі делдалдық;

. шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру;

. жекелеген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу;

. құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу;

Халықаралық банк операцияларын ұйымдастыруды басқару кредит және
валюта операцияларының бөлімінен, сондай–ақ, халықаралық есеп айырысу
бөлімінен тұрады.

Есептік – операциялық басқару мына бөлімдерді қамтиды:

- операциялық;

- кассалық – операция;

- есеп – айырысу.

Банк қызметінің бөлімшелеріне мына бөлімдер кіреді: әкімшілік –
шаруашылық; заңдық; кадр; ЭВМ-ды енгізу және пайдалану; тексеру бөлімі.

Коммерциялық банктердің операциялары.

Пассивтік және активтік операциялар бір бірімен тығыз байланысты.
Мәселен, пассивтердің құрылымы мен сипаты көп жағынан банктің активтік
операцияларды жүргізудегі мүмкіндігіе анықтайды, ал кредит саласындағы банк
саясатының өзгеруі ресурстардың сипатына елеулі әсерін тигізеді.
Банк ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздеріне банк клиенттерінің
салым ақшалар жатады. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және
депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктердің
бәсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтарды және уақытша бос
қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға деген әртүрлі клиенттер тобының
сұраныстарын мейлінше қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.

Қазақстан Республикасының ҚР банктер және банктік қызметтер туралы
заңында депозит анықтамасы келесідей берілген:

Банктік салымдар дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші
тұлға – банкке (соның ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша
немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын
ала келісілген сыйақымен немесе сыйақысыз тікелей салымшыға (депозиторға)
қайтарылуы тиіс немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға берілуі тиіс
ақша сомасы.

Банктік салымдар – салымшының, банкке алдын ала келісілген сыйақы
қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.

Банктік салымдар және олардың түрлері

Кез-келген нарықтық экономикада банктік жүйе негізгі төрт функцияны
жүзеге асырады:

1) жинақ ұстаушылар мен инвесторлар арасында делдал қазметін атқарып, қысқа
мерзімді депозиттерді орта мерзімдіге, орта мерзімді депозиттерді ұзақ
мерзімді депозиттерге айналдырады;

2) тартылған ақша қаражаттары негізгі және фрикциондық резервтік жүйе
жағдайында несиелік ақшаларды қалыптастырады, сөйтіп айналыстағы ақша
массасын көбейтеді;

3) банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша
ұсынысына әсерін тигізеді;

4) орталық банкпен белгіленген шектеулер шегінде қызметін жүзеге асыра
отырып, оған ақша – несие саясатын жүргізуге көмектеседі.

Банктік салымдар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың
ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар,
акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік
органдарының қаражаттарын коммерциялық банктерге қызығушылықпен
орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді,
екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез-келген уақытта қайтаруды талап етіп
қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар
табыс әкеледі. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша
салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп
бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі
қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы
мүмкін.Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекете уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және оны әкономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық
негізі болып табылады.Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің
шаршылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу
және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.Ұлттық банкінің
арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге
асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу;
халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты
қызметтерді көрсету.Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын
негізгі қызметтерді былай құруға болады: уақытша бос ақшалай құражаттарды
жинақтау (депозиттік операциялар); экономиканы және халықты несиелендіру
(активтік операциялар) қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және
жүргізу; инвестициялық қызметті; клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді
көрсету.

1.2 Коммерциялық банктің атқаратын қызметтері

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді. Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес
операциялары орталықсықдандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде
анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда
орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық
жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау
барысында кешігу, бас кеңес мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға
тиіс. Банктің ұйымдастьрылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы. Басқару органын тағайындаудың мақсаты банктің негізгі қызметін
іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және
жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету. Коммерциялық банктің басқару
құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму
дәрежесі тікелей ықпал етеді. Басқарманың негізгі қызметтері: Банктің
стратегиялық мақсатын анықтау және оның саясатын жасау. Ірі банкте
мекеменің мақсаты мен міндеттері және оған жетудегі нақты іс-әрекеттер
бағдарламасы, түрде дайындалған арнайы меморандумда көрсетіледі. Ол мынадай
жағдайларды қамтиды: банк ресурстары бірінші кезекте қызмет көрсететін
клиенттер категорияларына бағытталады;

3. алдағы кезеңде дамуға мүмкіндік беретін операцияларды;
4. банктің филиалдары мен өкілеттігін ашу туралы сұрақтар;

5. маркетинг әдістері және жаңа банктік несие мен қызметтерді
тұтынушыларға ұсыныс;

6. өтімділікті қамтамасыз етудің озық әдістері;

7. нарықта банктің бәсекелестік ұстанымын нығайту шаралары;

8. пайыз мөлшерлемелерін және банк қызметіне қойылатын тарифтерді
белгілеу саясаты;

9. банктің қызметкерлерінің мөлшері мен құрамы, олардың біліктілігін және
тағы басқа арттыру бағдарламасы [2,26].

Ұсақ банктерде саясаттың мақсаты туралы жазбаша меморандум жасалмайды.
Филиалсыз банктер үшін саясаттың принципін құру, филиалы бар ірі банктерге
қарағанда оңай болып келеді, себебі соңғыларында клиенттер үшін жергілікті
жағдайларды ескеру ерекшеліктері орын алады.

Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
органына тікелей қатысады.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің
жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына біррет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

- банктің жарғылық капиталын өзгерту;

- банктің Кеңесін сайлау;

- банктің жылдық есебін бекіту;

- банктің табысын бөлу;

- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттерді атқарады:

- нормативтік актілерді бекітеді;

- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы – атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол
банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін
қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:

- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;

- банктің саясаттарын анықтау;

- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;

- комитеттерді құру;

- ссудалық жіне инвестициялық операцияларға бақылау жасау.

1.3 Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың қалыптасу
көздері

Пассивтік операциялар – ақша ресурстарын өзіне тарту (депозитке
салымдар жинау, құнды қағаздарды сату).

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі
жоғары. Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде:пассивтік
операциялар бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары, делінеді. Ал соңғы
оқулықтарға сүйенсек, пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы
қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретің
операциларды сипаттайды. Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе
болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере
алмайды. Пассивтік операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік
ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту
мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде
банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады.
Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған
ресурстар құралады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:

• банктің меншікті қаражаттары;
• банктің тартылған қаражаттары.

Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде
шекарасы болады.[4,25]

Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
құражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті
қаражаты бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып
табылады.

Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген
пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражатына жататындар:

- банктің жарғылық капиталы;

- банктің резервтік капиталы;

- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;

- сақтандыру резервтері;

- бөлінбеген пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға третінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады. Бағалы
қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар акционерлер қосқан жарналардан құралады. Қазақстанда екінші
деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады: пай қосу
арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында; акционерлік
банк; шетел капиталының қатысуымен. Банктің меншікті қаражатының түріне
резервтік қор жатады. Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін
зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. Резервтік қор
банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резевтік қордың шамасы заңды
түрде жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен
аударылады. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады.
Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің
артықшылығы бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді. Қосымша капиталдар
негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және
белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады Бөлінбеген
пайда акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға
аударғаннан қалған пайданың бөлігі. Банктің тартылған қаражаттары активтік
операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай
ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары
тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып,
коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына
деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.Банктердің
ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым
бөлігін құрайды. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі
банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту
тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады. Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды
жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

I топ депозиттер;

II топ депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігіндепозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит
бұл клиенттердің банктегі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын
қаражаттары. Депозиттік емес тартылған қаражаттар бұл банктің қарыз түрінде
немесе меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары. Депозиттік
емес банктің ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден,
олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды;
екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады. Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтерінедеген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

- талап етуіне дейінгі депозиттер;

- мерзімді депозиттер;

- жинақ салымдар;

- бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар. Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне
дейінгі депозиттерге мыналар жатады: мемлекеттік, акционерлік
кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың
ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар; әр түрлі мақсатқа тағайындалған
қорлардың қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; жергілікті бюджеттер
қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар; басқа банктердің
корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары. [5,17]

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімдіоігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялар дың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады. Мерзімдік салым
депозиті белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын
ала алуға шек қойылатын салым. Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған
жағдайда банк айып-пұл ретінде оған тқленетін пайызды төлемей қалуға толық
құқылы. Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды; шоттағы қаражат баяу айналады;тұрақты
пайыз төленеді; пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан
реттеліп отырады; ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі
талап етіледі; бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді. Тағы біркеңінен таралған салымның түрі жинақ салымдары.
Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді,
салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ
кітапшасын көрсетуі қажет. Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға
ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына
қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

- мерзімді жинақ салымдары;

- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

- ұтыс салымдары;

- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;

- мақсатты және ағындық салымдар;

- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

- валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкінемес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді. Мерзімді
депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты
бөлігін білдіреді. Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы,
үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын
өаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ
сертификаттарын жатқызуға болады. Депозиттік және жинақ сертификаттары бұл
салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған
есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай
қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:

- Атаулы сертификаттар;

- Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:

- Аударылатын;

- Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар ссалым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады. Аударылатын депозиттік
сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықты сатып алу-сату арқылы
өтеді. шотында уақытша қаражат жоқтығын немесе жетіспеуіне байланысты
ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Сонымен, осы тарауда екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің түрлерімен,
принциптерімен , атқаратын қызметтерімен және жүргізетін операцияларымен
таныстық.

2 ҚР коммерциялық банктерінің пассивті операцияларын талдау (Банк Центр
Кредит АҚ мысалында)

2.1 Банк Центр Кредит АҚ-ның даму тарихына жалпы сипаттама

20 жылдан аса қаржы нарығында өз қызметін жүзеге асырып келе жатқан
Банк Центр Кредит АҚ-ң даму тарихына қысқаша шолу шалсақ, банк 1988 жылы
Алматы Орталық кооперативі банкі атауымен Кеңес Одағында төртінші болып
тіркелді. 1988 жылдың 19 қыркүйектегі Кеңес Одағының Мемлекеттік банк
басқармасының жиынымен банктің жарғысы бекітілді.Алғашқы банктің жарғылық
қоры 50 мың рубль болды және банктік қызметтерді небары үш адам жүзеге
асырды. Алғашында жай қарапайым операциялар жүзеге асырылды, яғни банк кез-
келген кооперативтер мен мемелекеттік мекемелерді несиелендіруге құқылы
болды. 1988 жылдың қазанында банктің өз есеп шотында 100 мыңнан астам
рубль, 1990 жылдың 1 қаңтарында банк капиталы 1,7 млн рубльді құрады.1989
жылы кешенді несиелендіру мен кассалық қызмет көрсетуге 299 кооператив, 23
қоғамдық ұйымдар мен 31 мемлекеттік өндірістер кірді. 1993 жылдың 
қараша айында еліміздің ұлттық  валютасы енгізілді. Ұлттық валютамыздың
енгізілуі ел экономикасының дұрыс реформалануымен банктік жүйенің дамуына
оң ықпалын тигізді. Осы жылдарда банктің негізгі мәселесі – банктің
жарғылық капиталын ұлғайту болды. Ұлттық валютаны енгізгеннен кейінгі
жарғылық капиталдың өсу динамикасы былай болды:1990 жылы -22000 теңге,
1991жылы - 170000 теңге, 1992 жылы - 1 млн. астам теңге, 1993 жылы - 4,5
млн. астам теңге және    1994 жылы - 131 млн. астам теңге болды. 1996
жылдың  маусымында банк Орта Азия  және Қазақстан аймақтары бойынша
Western Union ақша аудару жүйесінің жалғыз өкілі болып табылады. 1997
жылдың маусымында банктің басқармасымен 1997-2000 жылдарға стратегиялық
даму жоспары өңделді. 1997 жылдың желтоқсанында БанкЦентрКредит екінші
деңгейлі банктер арасында Жилстройбанк ЖАҚ қайта құруға арналған тендерге
қатысып, оны жеңіп шықты. Нәтижесінде БанкЦентрКредит ААҚ құрылды
(мемлекеттік тіркелген күні 1998 ж. 30 маусымы). Стратегиялық  жоспар
бойынша қаржы қызметін ұсынуды жалғастыру шарасында 2002 жылдың басында
Центр Лизинг ЖШС еншілес компаниясы құрылды, ал жыл соңында банк KIB
Asset Management ЖШС еншілес компаниясының жалғыз құрылтайшысы болды.
Сондай-ақ 2002 жылы банктің халықаралық нарықтағы позициясы күшейді. Банк
Центр Кредит Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Жапония және ТМД елдерінің
қаржы институттарының көшбасшыларымен өзара қарым-қатынаста іс-жүргізулер
орнатты.[6,15]

2010 жыл, желтоқсан The Banker журналы (Financial Times баспасы)
ЦентрКредит Банкін Қазақстандағы 2010 жылы Жыл банкі деп таныды.

2009 ЕҚДБ наградасы 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету
бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.

2008 ЕҚДБ наградасы 2009 жылы Қазақстанда сауда-саттыққа ықпал ету
бағдарламасы аясындағы ең белсенді эмитент-банк.

2007 жыл, мамыр Халықаралық Euromoney журналы Банк ЦентрКредит АҚ-
ты Орталық, Шығыс Еуропа және Орта Азия банктерінің ішінде Менеджменті ең
үздік банк деп таныды.

2006 жыл, қазан Банктің еншілес компаниясы – BCC Invest Қазақстанның
қор биржасына шығарылған компаниялардың саны бойынша отандық бағалы
қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылар арасында бірінші орынды иеленді
және бағалы қағаздар саудасының жалпы деңгейі бойынша нарықтағы
жетекшілердің бірі болып танылды.

Қаржылық тұрақтылығы бойынша "D-"рейтингінің тұрақты болжамы оң
болып өзгертілді. Қамсыздандырылмаған борыштық міндеттемелердің Ва1
рейтингінің болжамы және реттелген борыштық міндеттемелердің "Ва3" рейтингі
тұрақты деңгейден оң деңгейге өзгертілді.

2006 жыл, ақпан 10 жылдан кейін өтеу мүмкіндігі бар 100 млн. АҚШ
долларын құрайтын сомадағы мерзімсіз гибридтік ноталардың бастапқы
шығарылымы орналастырылды. Ноталарға сұраныс оған жазылушылардың санынан
6,5 есе артық болды.

2005 жыл, желтоқсанЦентрКредит Банкі АҚШ үкіметінің OPIC мемлекеттік
агенттігінің кепілдігімен 9 млн. АҚШ долларын құрайтын сомада несие алу
жөнінен Wachovia Bank National Association (АҚШ) банкімен келісім жасады.
Қарыз шағын және орта бизнесті, сондай-ақ Банктің жеке клиенттерін
қаржыландыруға бағытталған.

2005 жыл, ақпанБанк клиенттерінің келісімшарттарына экспорт алдындағы
қаржыландыруды іске асыру мақсатында шетелдік банктердің синдикатымен
сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын несиелік келісімге қол қойылды.

2004 жыл, қарашаЦентрКредит Банкі Қазақстан тарихында бірінші болып
қазақстандық Валют-Транзит банкіне әр түрлі қаражат көзінен алынған қарызды
ұйымдастырушы болды. Бұл қарыз қазақстандық нарықта ұйымдастырылды.

2004 жыл, тамызFitch халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит
Банкінің ұзақ мерзімді рейтингін В+ деңгейінде, қысқа мерзімді рейтингін
В деңгейінде, қолдау рейтингін 4 деңгейінде растай отырып, жеке
рейтингін "D" деңгейіне дейін жоғарылатты. Бұл Банктің өсіп келе жатқан
пайдалылығын және шоғырлануын көрсетеді. Шетелдік валютадағы депозиттер
бойынша рейтинг Ва1 дейін жақсартылды.

2003 жыл, қыркүйек Мемлекеттік және қаржы институттарының өкілдері,
ғалымдар мен бизнесмендер қатысқан Кәсіпорындар қаржысының тазалығы шағын
және орта бизнесті несиелеудің негізгі факторы ретінде атты конференция
ұйымдастырылды.

Банк ЦентрКредит АҚ-ың Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында
көрсететін қызметі

Банк ЦентрКредит АҚ жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар нарығында инвестор болуды ұсынады. Банк
ЦентрКредит АҚ – 1994 жылдан бастап бағалы қағаздар нарығына кәсіби
қатысушы. Банк ЦентрКредит АҚ клиенттердің есепшоттарын жүргізу құқығымен
брокерлік-дилерлік қызметпен айналысуға мерзімсіз № 248 мемлекеттік
лицензиясын 2007 жылғы 13 желтоқсанда алған, мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелермен (эмитенті – ҚР Қаржы министрлігі) және Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің Қысқа мерзімді ноталарымен (эмитенті – ҚР
Ұлттық банкі) жұмыс жүргізу бойынша Бастапқы дилер, сондай-ақ Қазақстан қор
биржасының мүшесі болып табылады. Банк өз қаражаты есебінен, сондай-ақ
инвесторлардың есебінен және солардың тапсырмасы бойынша ҚР мемлекеттік
бағалы қағаздарының бастапқы және қайтара нарықтарында белсенді қызмет
атқарады. Банк ЦентрКредит АҚ клиенттерге ҚР МБҚ нарығында келесі
қызметтерді ұсынады: [8,36]

МБҚ-ны аукциондарда сатып алу, бастапқы орналастыру кезінде жазылу;

МБҚ-ны қайталама нарықтарда сатып алу, сату;

МБҚ-мен тура және кері РЕПО операцияларын жүргізу;

Брокерлік, ақпараттық қызмет, кеңес беру.

Бағалы қағаздар бойынша жеке есепшот ашу үшін қажетті құжаттардың
тізімі

Бағалы қағаздар бойынша жеке есепшот (депо-есепшот) ашу үшін клиент
Банкке төмендегі құжаттарды тапсыруға міндетті: жеке тұлғасын куәландыратын
құжат салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын салық төлеуші
куәлігінің көшірмесі.

Сейфтік қызмет

Құжаттарды, қымбат бұйымдарды, ақшаны және басқа да материалдық
құндылықтарды сақтау үшін сейф ұяшығын жалға алу; Жылжымайтын мүлікті сатып
алу-сату мәмілесі бойынша төлем жүргізген кезде делдалдық қызмет көрсету
үшін сейф ұяшығын жалға алу.

Бұл қызметтің артықшылықтары сенімділік және қауіпсіздік – тәулік бойы
қорғау, сейфтік жай күзет және өрт дабылымен қамтамасыз етілген;

-құпиялылық – біз сейфте жатқан құндылықтармен жасалатын барлық
операциялардың жасырын болатынына кепілдік береміз. Клиент болмаса, Банктің
қызметкері сейф ұяшықтарын аша алмайды, себебі оны тек клиенттің кілтімен
ғана ашуға болады;[9,18]

-ыңғайлылық – жазғы демалыс, іссапар және басқа да саяхат кезінде
құнды заттарды сақтау. Егер Сіздің бағалы заттарыңыз ЦентрКредит Банкінің
сейфінде сақталса, онда Сіздің рақаттанып демала беруіңізге болады!

-Сейф ұяшықтарын жалға алу мерзімі шектелмейді, оны Сіз өз қалауыңыз
бойынша белгілей аласыз және оны әрқашан ұзартуыңызға болады!

Дербес сейф ұяшығын жалға алуды ресімдеу үшін Сізге сәйкес шарт жасап,
жалдау ақысын төлеу қажет. Оның мөлшері сейф ұяшығының көлемі мен жалға алу
мерзіміне байланысты белгіленеді. Банк сейфтің тұтастығы үшін жауап береді,
ондағы құнды заттардың қауіпсіздігіне кепілдік береді және оларды құпияда
сақтауды қамтамасыз етеді.

Төлем карточкаларының түрлеріХТЖ логотипі Халықаралық төлем жүйесі туралы
қысқаша

VISA INTERNATIONAL – карточкаларының саны бойынша, сондай-ақ айналым
бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі. Дүниежүзілік нарықтағы үлесі – 50%-
дан жоғары. АҚШ-та басқа американдық банктермен бірге пластик есеп жүйесін
алғаш енгізген Bank of America негізінде 1972 жылы ұйымдастырылған. Әр
түрлі елдердің қаржы ұйымдарының қауымдастығының принципі бойынша құрылған.
Ұйымдастыру принципі – табыссыз корпорация, АҚШ Делавер штатында тіркелген.
Қауымдастықтың мүшелері ортақ иеленуші болып та табылады. Әлемдік ірі қаржы
ұйымдарының қатарынан 19 мыңнан аса мүшелері бар.

VISA INTERNATIONAL төлем жүйесі карталарының сипаттамасыХТЖ логотипі
Халықаралық төлем жүйесі туралы қысқаша

MasterCard Worldwide – әлемнің 210 еліндегі 22 мың қаржы мекемесін
біріктіретін халықаралық төлем жүйесі. Компанияның штаб-пәтері АҚШ-тың Нью-
Йорк қаласында орналасқан. Бірнеше американдық банктердің арасында
Interbank Card Association деп аталатын қауымдастық құру туралы келісімнің
нәтижесінде 1966 жылы құрылған. Әлемдегі төлем карталарының 26 %-ға жуығы
MasterCard үлесіне тисе, 57%-ы әлемдік көшбасшы VISA төлем жүйесіне
тиесілі.

2.2 Банк Центр Кредит АҚ пассивтік операциялары және оны талдау

Депозиттер

ЦКБ депозиттік портфелінің көлемі бойынша еліміздегі екінші деңгейдегі
банктердің арасында төртінші орынды иеленеді. 2013 жылдың аяғында ЦКБ-нің
депозиттік қаражат нарығындағы нарықтық үлесі 8,8% құрады. 2013 жылы жеке
тұлғалардың депозиттік есепшоттарындағы қалдықтар 349 865 млн теңгені,
қайтарып алынған қаражат 56 077 млн теңгені құрады. 2013 жылы PIN PAD
жобасы іске қосылды. Аталмыш жоба банк клиенттеріне бүкіл Қазақстан бойынша
ЦКБ-нің кез келген бөлімшесінде ашылған өз есепшоттары бойынша кіріс және
шығыс операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретін.

Заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Активті және пассивті операциялардың ерекшеліктерін анықтау
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Пәндер