Калькуляциялау



Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу, Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның басекеге қабылеттілігін артыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нактылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орыңдауға ақшалай түрде шыққан шығыңдар жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өндріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, соңдай-ақ ішкі тұгынуга арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік кұнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды. Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің
өзіндік құнын есептеу, Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін
өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік
құнын одан әрі түсіндіруге, оның басекеге қабылеттілігін артыруға мүмкіндік
береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы
сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға
белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нактылай түрін өндіру мен
өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу,
жөндеу жұмыстарына және т.б.) орыңдауға ақшалай түрде шыққан шығыңдар
жинақталып қорытылады.
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке
түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп
белгілейді. Калькуляция барысында өндріске кеткен шығындар мен шыққан өнім
санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Калькуляциялаудың міндеті – шығындардың оны көтеруші бірліктерге,
яғни өткізуге, соңдай-ақ ішкі тұгынуга арналған өнімнің (жұмыстың,
көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі калькуляцияны ұсыну. Өнімнің,
жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік кұнын калькуляциялаудың әр
түрлі түрін айқындайды. Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық
(прогрессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен
еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде
жоспарланатын кезеңге арналып жасалады.
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет
шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу,
баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезеңдегі жұмысының
өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында
шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған
шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында - төмен.
Сондықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан
жоғары, ал есепті жыл соңында - төмен.
Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан
кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орындау мен
орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған
байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық
аударымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б.
тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды
көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы
калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын
кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін
сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорындар жыл бойы
ұйымдастырушы - техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті
жүзеге асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға
қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы
деңгейін өте дәл көрсетеді.
Жобалық (проектные) калькуляция - келешектік калькуляцияның бір
түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін
анықтау үшін қолданылады.

Еңбек бірліктері үйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін
қолданылады (1 норма сағат, 1 норма ауысым).
Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік
ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және т.б.
шұғылданатын өндірісте қолданылады (тасымалдық тонна километр, машина
ауысым және т.б.).
Техникалық-экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде
біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды
салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне, пресс
өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу) қолданылады.
Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін
негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну құнын
көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу
бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті
таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі.
Калькуляциялауға ең алдымен қатысы бар өндірістік шығындар есебі
(өндірістік есеп), калькуляциялаудың алғышарты болып табылады. Өндірістік
есеп жүйесінде белігілі бір үлгімен дайындалған ақпарат негізінде ғана
өндірісті басқаруда объективті қажетті процесс болып шығатын өнімнің
өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін.
Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бІр мақсатты - өзі өндірген
дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндіріс
ішілік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, соңдай-ақ пайданы анықтау үшін
қажет еді. Бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы
жүйелері бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат
болмайтын.
Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байланысты
көрсеткіштердің ара қатынасын біршама. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек
дәстүрлі міндеттерді шешуге жол ашығі қана қоймай, мынадай жағдайлардың
экономикалық салдарларын болжауға мүмкіндік береді:
өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
өнімнің ең ұғымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
жұмыс істеп тұрған технология мен станок парқын жаңартудың мақсатқа
сәйкестілігін;
• басқару жеке құрамының жұмые сапасын бағалау.
Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауапкершілік
орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйенеді. Нақты
калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан
ауытқу себептерін талдау және өзіндік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа
техника мен заманға лайык технологиялық процестерді және т.б, енгізудің
экономикалық тиімділігін негіздеу үшін колданылады.
Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет
етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бөлімшелері арасындағы
коммерциялық операцияларда пайдаланылады.
Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бетінше шығуға құқық
алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл
жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағыны дұрыс
қалыптастыруға байланысты болады.
Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде
толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның шамасы таза есептік және
тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер етпейді,
Соңдықтан, өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын
ғана емес, тұтастай кәсіпорынның басқару жүйесінің негізгі элементтері
болып табылады.
Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды
жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында
белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері
бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін
болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың жэне көрсетілген қызметтің
түрлері бойынша құрастырады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері
бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын
есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке
алғаннан кейін есептеледі.
Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен
өзіндік құнңың егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке
түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзіндік құны
калькуляцияланады.
Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын
калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 "Тауарлық-материалдық
қорлар есебі" бухгалтер есеп стандарттарын және оған әдістемілік
ұсыныстарды, сонымен қатар "Қорлар" ҚЕХС-ын басшылыққа алады. Өндірістік
құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-
өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері
және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.
Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы
жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне
үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын
бастапқы ақпарат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Калькуляция баптары бойынша өндіріс шығындарының жіктелуі
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Қоғамдық тамақтандыру ұйымдарында өнімнің өзіндік құнын шығару (калькуляция) жүргізу, ұйымдастыру
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Жанама шығындарды тарату әдістерін таңдау
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері
Калькуляция түсінігі, оның мәні мен объектілері
Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу
Пәндер