Қазақстан Республикасындағы өндіріс саласы



Кіріспе 3

1 Өндіріс түсінігі және оның экономикалық мәні
1.1 Өндіріс, оның мәні және факторлары 5
1.2 Материалдық өндіріс түсінігі 9
1.3 Материалдық емес өндірістің ерекшеліктері 11

2 Кәсіпорын мысалында материалдық және материалдық емес өндірісті талдау
2.1 «АКА» ЖШС.ң материалдық өндіріс қызметін талдау 12
2.2 «Мейірім» денсаулық сақтау қызметі орталығының өндірістік емес саладағы қызметін талдау 17

3 Қазақстан Республикасындағы өндіріс салаларының дамуы
3.1 ҚР өндірістік салаларда кездесетін мәселелер 25
3.2 ҚР материалдық және материалдық мес өндірістің дамуы 27

Қорытынды 33

Қолданылған әдебиеттер 35
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық злементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы ендіреді. Адам тамактану процесінде өзінін тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркөсіп өндірісі жүмыс кушін, шикізат пен материадцарды түтына отырып, материалдык игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - ендіріс процесі жок Өндіріс процесі тек кана уш факторлардьщ — адамнын жүмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара іс-әрекеті аркылы (бүл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінін затгык факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай жазған: «Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жүмысшы мен өндіріс кұрал-жабдығы үнемі онын факторы болып калады».
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық,
1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
4. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы «Экономика»-2000ж
5. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
Алматы «Экономика»-2000ж
6. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
7. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва 1999 г
8. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.
9. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы – 2000 ж.
10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы. Алматы - 1997
11. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше» // Ақиқат -1996ж
12. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
13. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
14. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.
15. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым
16. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 Өндіріс түсінігі және оның экономикалық мәні
1.1 Өндіріс, оның мәні және факторлары 5
1.2 Материалдық өндіріс түсінігі 9
1.3 Материалдық емес өндірістің ерекшеліктері 11

2 Кәсіпорын мысалында материалдық және материалдық емес өндірісті
талдау
2.1 АКА ЖШС-ң материалдық өндіріс қызметін талдау 12
2.2 Мейірім денсаулық сақтау қызметі орталығының өндірістік емес 17
саладағы қызметін талдау

3 Қазақстан Республикасындағы өндіріс салаларының дамуы
3.1 ҚР өндірістік салаларда кездесетін мәселелер 25
3.2 ҚР материалдық және материалдық мес өндірістің дамуы 27

Қорытынды 33

Қолданылған әдебиеттер 35

Кіріспе

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық
злементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы ендіреді. Адам тамактану
процесінде өзінін тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркөсіп өндірісі жүмыс кушін,
шикізат пен материадцарды түтына отырып, материалдык игіліктерді ұдайы
өндіреді. Тұтынусыз - ендіріс процесі жок Өндіріс процесі тек кана уш
факторлардьщ — адамнын жүмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара
іс-әрекеті аркылы (бүл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор
жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінін затгык
факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай
жазған: Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жүмысшы
мен өндіріс кұрал-жабдығы үнемі онын факторы болып калады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес
өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс
болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін
қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық
емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты
қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз
өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене
үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі.
Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ
ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды
бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл
жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды
өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің
әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты:
біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау;
екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан
алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы
тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды
қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар
материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші
транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап
айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік
тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы
буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның
қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен
қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім
беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың
барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы – жұмыс күшіне
баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі
еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал
етеді.

1 Өндіріс түсінігі және оның экономикалық мәні

1.1 Өндіріс, оның мәні және факторлары

Өндіріс — бүл коғамның дамуы мен өмір сүруі үшін кажетті материалдык
және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда — бұл
абстракция. бірак ақылға сыйымды абстракция. себебі ол шын мәнінде
жалпылама мағынаны бідціреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кұрылыс
сиякты жиынтык әндірісте көрінеді.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесіде бола алады. Өсімдік химиялық
злементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы ендіреді. Адам тамактану
процесінде өзінін тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркөсіп өндірісі жүмыс кушін,
шикізат пен материадцарды түтына отырып, материалдык игіліктерді ұдайы
өндіреді. Тұтынусыз - ендіріс процесі жок Өндіріс процесі тек кана уш
факторлардьщ — адамнын жүмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары — өзара
іс-әрекеті аркылы (бүл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Бірінші фактор
жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі — өндіріс процесінін затгык
факторы ретінде іске асады. Осы жағдайды ескере отырып, К.Маркс былай
жазған: Қоғамдык өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын — жүмысшы
мен өндіріс кұрал-жабдығы үнемі онын факторы болып калады.
Жұмыс күші - бүл адамның дене және рухани кабілеттілігінің жиынтығы
және оны вндіріс процесінің материалдык игіліктер мен кызмет көрсетуінде
колданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін, жүмыс күші әрбір кезде іс-
әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, гүтынылуы керек.
Казіргі кезде енбек затынын өзі көа жағдайда бүрынғы еңбектің өнімі
болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл. құрылыстағы
цемент, токыма фабрикасындағы мақтажәне г.б. Бүлардың барлығы түптеп
келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек кұрал-саймандары адамның табиғи
мүшесінің жалғасы ретівде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.
Еңбек қүрал-саймандары бүл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен
қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін күрылым және т.б. нәрселер. Еңбек
құрал-саймандарының даму деңгейі кеп жағдайда өндірісте жүзеге асатын
адамдардын арасындағы катынастар керсеткіші болып табылады. Машина
өндірісі жағдайыңда механикалық еңбек қүратдары үш компоненггі машина
жүйесінде дамыды: жүмыс машинасы, двигатель, жеткізетін қүрылым. Ғылыми-
техникалык революция бұған жана компонентті қосты — электронды басқару
құрыльшын және ол ой еңбегі кызметінің формалды икемге келетін жұмысын
аткарды. Осы компонентті қолдана отырып, жүмыскер жайлап тікелей өндіріс
процесінен шығады және онымен катар түрады. Нәтижесінде технологияда
түбегейлі өзгереді.
Еңбек заты мен күрал-саймавдар бірге өндіріс кұрал жабдыктарын
күрайды.
Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлык енбек процесі ұжымда,
қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан коғамдық сипат алып, оныц екі жағы
болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер — бүл өндіріс күрал жабдыктары, ен алдымен еңбек
қуралдары, сонымен катар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар
қоғамының басты өндіргіш куші, олар ғана өндіріс қүрал-жабдығын іске
косады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол
енбек заты (қазба өндірісінде) ретінде колданылады, басқасында — басты
еңбек қүраддары (ауыл шаруашылығы) ретінде.
Келтірілген өндіріс факторының классификациясы мәңгі қатып калған
болып табылмайды.
Мысалы, маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар:
жер, енбек, капитал және кәсіпкерлік кабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде карастырылады. Бүған табиғат байлықтары,
пайдалы казбалар коры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.
Капитал — бүл машина, қүрал-жабдыктар, койма, көлік және байланыс
күралдары.
Еңбек адамның ақыл-ой және дене кызметтерін көрсетеді. Адам еңбегі
әрқашанда ойланып істелетін, мақсатка сәйкес кызмет, ал жануарлар соқыр
сезімге бағынып әрекет етеді. Ен нашар сәулетшінің, — депжазды К. Маркс, ең
шебер арадан артықшылығы
Өндіріс теориясында қызметі зерделенетін субъекті – өндіруші. Өндіруші
ретінде (рөлінде) кез келген жеке тұлға болуы мүмкін, бірақ
микроэкономикада өндіруші ретінде әдетте фирма болады.
Фирма (итал. Firma – қойылған қол) – санасыз нарық аясында адамдардың
саналы ұйымдасу орындары. Фирма – пайда алу мақсатымен сауда қызметін
жүзеге асыратын ұйым. Өндіріс – қорларды экономикалық игіліктерге айналдыру
үдерісі. Ол игіліктер тура немесе жанама түрде қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған. Өндіріске кіретін қорлар өндіріс факторлары
болып келеді. Неоклассиктер оларды 4 негізгі топқа бөледі:
1. Жер – табиғи ресурстары
2. Еңбек – өнідіріс үдерісіне кіретін адамдардың ақыл-ой және дене
қабілеттілігі
3. Капитал – құнды құруда тікелей қатысатын өндіріс құралдары
4. Кәсіпкерлік қабілеттілік (қызмет) пайда табу мақсатымен өндірістің
басқа факторларын шоғырландыруы бойынша қызмет
Өндірістің әр нақты үдерісі (процесі) технологиясымен –факторлардың
белгіленген тұрақты қисынымен сипатталады. Ескеретін жәйт: кейде өндірістің
1 процесі (үдерісі) әр түрлі технологиялардың көмегімен іске асырылады.
Өндіріс технологиясы (оның жетілдіруі) қорлардың нәтижелі пайдалануын
қамтамасыз ететін негізгі факторы болып табылады. Нәтижелілік
категориясын анықтауында 2 амалды айырады: экономикалық және технологиялық
нәтижелілік. Факторлардың аз санын пайдалана (тарта) отырып, тапсырылған
шығару көлеміне жеткен өндіріс тәсілі технологиялық нәтижелі деп саналады.
Экономикалық нәтижелілік – кеңдеу ұғым. Тартылған өндіріс факторларының
баламалы құны ең аз болған технологиялық нәтижелі өндіріс экономикалық
нәтижелі деп саналады. Жұмсалған қорлар көлемі мен осы технология
шеңберінде шығарылған өнім көлемі араларындағы тәуелділікті өндірістік
функция көрсетеді. Оның жалпы түрі келесі: Q = f(Х1, Х2, Х3,...Хn)
Онда Q – шығару көлемі
Х1, Х2, Х3,...Хn – өндіріс факторлары
Барлық өндірістік функциялар жалпы қасиеттерге ие:
1. Әр қайсысы нақты өндірістік процесті (үдерісті) баяндайды,
технологияның өзгеруі өндірістік функцияның түрін өзгертеді.
2. Функцияның ішіндегі өндіріс факторлары өзара ауыстыралады – бұл
неоклассикалық экономика теориясының негізгі қағидаларының бірі.
3. Өндірістік функция факторлардың тек қана технологиялық нәтижелі
қисындарын баяндайды.
4. Өндірістік функция шығарудың тек қана ең жоғары мүмкін болатын
мағыналарын көрсетеді. Өндірістік теориясында әдетте 2 факторлы өндірістік
функциясы (Кобба – Дуглас функциясы) пайдаланады, онда өндірістің 2
факторын – еңбек пен капиталды тарту есебінде шығару іске асырылады.
Q = f(L,K),мұнда
L – еңбек
К – капитал
Өндірістің кез келген технологиясы өнімнің тапсырылған көлемін өндіру
үшін екі фактордың ең аз жиынын сипаттайтын нүкте түрінде графикте
көрсетілуі мүмкін. Осы нүктелерді қосып өндірістік функцияны бейнелейтін
қисық сызығын (изоквантаны) – isoguanta аламыз.
Изокванта – бірдей (тұрақты) шығару көлемін беретін өндірістің екі
факторының барлық мүмкін амалдарын көрсететін қисық сызық.
Еңбек пен капитал санының әр түрлі амалдарында изоквантада орналасқан
кез келген нүктеде өндірістің бір ғана көлемі жетіледі. Изоквантаны салу
тұтыну теориясындағы парықсыздық қисық сызығын салумен методологиялық
жағынан бірдей. Факторлардың кез келген жинағында өнімнің ең жоғары
шығаруын көрсететін изокванталар жиынтығы

K

Q3

Q2
Q1
L
Сурет 1. Изокванталар картасы
Изокванта картасының мәні парықсыздық сызығының мәніне сәйкес.
Координата басынан изокванта неғұрлым алшақтау, шығарудың соғұрлым көп
көлемін көрсетеді. Изокванталардың еңкіштігі теріс, түрі ойыс және де олар
қиылыспайды.
Технологиялық ауысу нормасы (MRTSLK) – басқа факторлардың
өзгерістеріне байланысты бір фактордың қажет сандық өзгерістерін көрсететін
шама (тұрақты шығару көлемінде) (marginal rate of technical substitution):
MRTSLK = – ΔК ΔL Q = const шартында.
Технологиялық ауысудың шекті нормасы факторлардың шекті өнімдерімен
тікелей байланысты – норма олардың кері өзара қатынасына тең.
MRTSLK = (– ΔК ΔL) (МРLМРK), мұнда
МРL – еңбектің шекті өнімі (marginal product), еңбекті пайдаланудың
бірлікке өзгеруінің нәтижесінде жиынтық өнімнің өзгеруі:
МРK – капиталдың шекті өнімі – капиталды пайдаланудың бірлікке өзгеру
нәтижесінде фирма жиынтық өнімінің өзгеруі.
K K

а) L б)
L
Сурет 2– Изокванталар типтері

Бұл капиталдың еңбекпен ауысу барысында шекті өнімінің өсіп, ал
еңбектің шекті өнімі түсетінін, яғни капитал бірлігінің қайтарымы өсіп,
еңбек бірлігінің қайтарымы түсетінін білдіреді. Демек, MRTSLK шамасы
төмендейді де, изокванта түзеледі. Сәйкес ахуал капиталды еңбекпен
ауыстырғанда пайда болады. Бұл құбылысты классикалық мысалдың көмегімен
көрсетуге болады: өнімнің белгіленген көлемін өндіру үшін еңбек
бірліктерінің біршама саны және капитал бірліктерінің біршама саны
қолданады. Капиталды еңбекпен ауыстырғанда (станоктар санын көбейтіп,
жұмыскерлер санын қысқартқанда), капитал бірліктерінің өнімділігі
(қайтарымы) азаяды, ал еңбек бірліктерінің (жұмыскерлердің) өнімділігі
өседі және керісінше. MRTSLK = (– ΔК ΔL) (МРLМРK) теңдігінен шығатын
екінші маңызды түйін: изоквантаның кез келген нүктесінде бір фактордың
екіншісімен ауысуының шекті нормасы осы нүктедегі изоквантаға жанаманың
еңкіштігіне тең. MRTSLK маңызына байланысты өндірістік функциялардың әр
түрлерін айырады:
1. Егер өндіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылатын, яғни бірі
екіншісін толық ауыстырса (мысалы, балмұздақты сатушы немесе автомат арқылы
сату), MRTSLK маңызы = 1 және де изоквантаның барлық нүктелерінде тұрақты
түрде изокванта тура сызық түрде болады (48-а суреті).
2. Егер өнідіріс факторлары мүлде өзара ауыстырылмайтын болса, MRTSLK
маңызы = 0, изокванта 2 перпендикуляр кесіндіден тұрады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес
өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс
болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін
қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық
емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

Кесте 1-Қоғамдық өндірістің құрылымы

Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс
Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, Денсаулық сақтау, білім беру,
материалдық-техникалық жабдықтау, сауда,көлік, байланыс, мәдениет,
қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су несиелік мекемелер, қоғамдық
шаруашылығы және т.б. мекемелер, басқару органдары.

Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты
қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз
өзгермеген күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене
үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі.
Егер ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ
ресурстарды пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды
бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл
жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды
өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.

1.2 Материалдық өндіріс түсінігі

Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің
әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты:
біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау;
екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан
алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы
тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.
Кеңес елінің саяси экономикасында материалдық өндіріс саласына
жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық
өндірісте тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну
саласын құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндіріс
саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды (өнеркәсіптің, құрылыстың,
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығыныңжүк транспортының, байланыстың
(материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық
жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық
тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм
өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т.б.
салалары). Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан
анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасында
сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық
табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.
Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды
қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар
материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші
транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап
айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік
тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы
буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның
қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.
Материалдық өндіріс саласында:
1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық
бөлімшерінде ішкі шаруашылық мақсаттағы жарғылық қорды қолдау қорларын
құрумен және пайдалануымен байланысты. Олардың бірі өндірістік
қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады;
2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу сипатына ие шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы қордан
тыс түрде жүргізіледі (айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу, қаражаттарды
басқа кәсіпорындардың акция, облигацияларына салу, т.б.);
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен сақтандыру ұйымдарының
арасында сақтандыру қорларын құру және пайдалануға байланысты туындайтын
қаржы;
4) шаруашылық жүргізуші субъект және банк арасындағы ссуда алуға,
оларды өтеуге пайыз төлеуге, банктерге уақытша бос ақша қаражаттарын беруге
байланысты пайда болатын қаржылар;
5) орталықтандырылған қорларды құру және пайдалануға байланысты
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекетпен қатынасы;
6) шаруашылық жұргізуші субъект және басқарудың жоғарғы құрылымы
арасындағы қаржылар (қаржы ресурстарын сала ішінде қайта бөлу шегінде
вертикалды өзара байланыс).

1.3 Материалдық емес өндірістің ерекшеліктері

Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең
дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа
технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі, қоғамдық бүкіл-
әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына,
ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым
бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп
салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де
жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері,
маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің
еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да
болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.
Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен
қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім
беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың
барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы – жұмыс күшіне
баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі
еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал
етеді.
Материалдық емес өндіріс саласында
1) саланың немесе мекеменің бюджетпен арақатынасы. Осының негізінде
бюджет қаржылары есебінен денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т.б.
салалық қаржылар қалыптасады;
2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік
арасында. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілер иелігіндегі салалық
мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы төлеу, күрделі жөндеу және т.б.)
пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары еңбекақы
және экономикалық ынталандыру қорларын құрумен байланысты туындайды; арнайы
мақсатты ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;
3) әр түрлі саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, оның
ішінде әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы және т.б. бюджеттен тыс қорларды
құру және бөлумен байланысты ақша қатынастары;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің тұтынушылармен және
демеушілермен арасында ақша қатынастары. Оның негізінде өндірістік емес
саладағы мекемелер мен ұйымдардың қаржы көздері құрылады.

2 Кәсіпорын мысалында материалдық және материалдық емес өндірісті
талдау

2.1 АКА ЖШС-ң материалдық өндіріс қызметін талдау

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Целиноград ауданының Луговое
ауылында орналасқан “ АКА ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1988
жылдың қараша айының бесінші жұлдызында қалыптасып, өзінің қызметін 1999
жылдың 4 ақпанында бастаған. Жаукпкершілігі шектеулі серіктестіктің
орналасқан жерінің ерекшелігі бар. Ол Республикалық маңызы бар “ Алматы-
Екатеринбург ” тас жолының бойында орналасқан. Сонымен қатар Темір жолдың
бойындағы “ Тастақ ” станциясына жақын орналасқан.

“Жеке кәсіпкерлік туралы” заңға сәйкес қалыптасқан күннен бастап
жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Заңды
тұлғанын құрылтайшысы Ахмедин Қуанышбек Ахмединұлы серіктестікті
анықталмаған мерзімге аша отырып, 103 мың теңге көлемінде ақша
сомасымен жарғылық қорын құрастырған.

1999 жылы кәсіпорын ең алғаш қызметін көктемгі егін егу науқанына
дайындықпен, сонымен қатар тоқтап тұрған өніріс орындарын жандандырумен
бастады. Серіктестікте егінді егу мен оны жинап алуға жететін техника мен
оны өңдеуді жүзеге асыратын мүмкіншілігі бар. Кәсіпорын еншісінде бұрынғы
савхозды жекешелендіруден кейінгі қалған мүлкі мен техникасы, сонымен қатар
құрылтайшысының өзі қосқан ( интелектуалды салымдары қоспағанда ) мүлкі мен
серіктестік қызметін ұйымдастыру үшін ақша қаражаты болып табылады.
“ АКА ” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі коммерциялық ұйым. Кез-
келген коммерциялық ұйымның, кәсіпорынның мақсаты озінің капиталының
рентабелділігі, яғни пайда табу. Серіктестік өзінің пайда табу масатында
алуан түрлі шаруашылық қызмет түрлерін жүргізеді. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің алуан түрлі шаруашылық қызметі екіге бөлінеді:
- негізгі шаруашылық түрлері;
- негізгі емес шаруашлық түрлері;
Кәсіпорын құрылғанда негізгі мақсаты ауылшаруашылық өнімдерін өндіру
болатын. Уақыт өте келе өнім түрлері мен қызметтердің да саны арта түсті.
Осы қызметтердің ішіндегі негізгі қызмет турлері
- егін шаруашылығы:
○ бидайды өндіру, оны өңдеу;
○ күнбағысты өндіру, оны өңдеу;
- мал шаруашылығы:
○ Мал басын кобейту мен бордақылау;
○ Ет өнімін сату;

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің айналысатын қосымша қызмет
түрлері:

- құрылыс қызметі;
- құрылыс материелдарын өндіру;
- құрылыс материалдарын сату-сатып алу;
- жол құрылыс материалдарын шығару;
- жанар-жағар май саудасы;
- қонақ үй, мейрамхана, кеңселерді жалға бепру қызмет көрсету
саласы;
- техникалық қызмет станциясы (СТО);
- автоколік, техниканың қосалқы бөлшектерін өндіру, сату, атып алу,
- кен орындарын жетілдіру, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау т.б
б.т
Кәсіпорын өндірісін жүзеге асыруды және дамытуды тек қана ішкі
қаржыландыру көзімен ғана жүзеге асырып отырған. Өнім өндіру мен қызмет
көрсету серіктестік үшін пайда көзі болып табылады. Пайдаға жету үшін
серіктестік қызыметінің заңдылықпен тиым салынбаған келесі негізгі түрлерін
жүзеге асырады:
- құрылыс қызметі, құрылыс-жинақтау, жұмыстары, құрылыс учаскесін
дайындау,құрылыс заттарын жасау, сатып алу, сату, автокөлік
жолдарын жөндеп жасау, құрылыс-монтаждық пен жол-құрылыс
жұмыстары, ғимараттарды жабдықтау, дизайні, жол-құрылыс техникасы,
құрал жабдықтар, жол салу мен жол-құрылыс материалдарды шығаруға
арналған агрегаттар және механизмдерді сатып алу, жеткізу және
сату;
- Ұн тартатын өндірістік, ауыл шаруашылық өнімділігінің оның
ішіндегі дән және дән өнімділігін және мал шаруашылығының барлық
түрлерін жасау, өндіру және сату, дән, ұн тартатын және нан
пісіретін өндірістік, мал және мал шаруашылығының өндіру өңдеу
және сату, ауыл шаруашылық техниканы, минералды тыңайтқыштар мен
химикаттарды сатып алу және сату, нан-бөлкелік, кондитерлік пен
макарондық өнімдерін жасап сату, жер аумақтарын жалға беру;
- Халық тұтыну тауарлары,тамақ өнімдерің жасау,сатып алу,жеткізу
және сату, осы мақсатымен дүкендер,дәмханалар,мейрамханалар,б ар
қоғамдық тамақтандыру және комиссиялық сауда кәсіпорындарын
ашу,халқына медициналық қызметтер көрсету, медициналық жабдықтар
жеткізу, фармацевтикалық қызмет, дәріханалар ашу;
- Әрлендіру,жарнамалық,кеңес беру жән делдалдық қызмет,басып шығару
қызметі,полиграфиялық қызмет,ақпараттық материалдарды
көрсету,инвестициялық,сауда және делдалдық қызметке қатысу,
маркетинтік, қаожылық және басқа қызметтерді мекемелерге,
ұйымдарға,көрсету,заңгерлік қызметтерді көрсету;
- Мекемелер,азаматтарға автокөлік қызметтерін көрсету, теміржол
тасымалдау және жеткізу, тиеу-түсіру жұмыстары, автокөлік
құралдары және қосалқы бөлшектерді сатып алу және сату, ТҚС, ЖҚС,
автотұрақтар және көлік жуу нүктелерін ашу;
- Халыққа тұрмыстық,әлеуметтік,тұрған және медициналық қызметтер
көрсету,осы мақсатта туризм объектілері мен мекемелерді,
сауықтыру-спорт кешендерді, қонақ ұйлер, моншалар, сауаналар және
демалыс аймақтарын ашу;
- қағаз массасы қағаз және қатты қағазды шығару, сатып алу және
сату қағаздан жасалған бұйымдарды, тұрмыстық химия құралдарын
және парфюмерия-сәндер бұйымдарын шығару;
- жиһаз, техникалық құрал-жабдық, өнеркәсіптік және құрылыс
материалдарды, ағаш,м еталл,п ластик, пенополистеролды өндеуге
арналған бұйымдарды, басқа да әрлеу және әрлендіру материлдарды
шығару, сатып алу және сату, инновацияларды жетілдіру және ендіру,
жоғары технологиялы өнімді шығару және сату;
- сыртқы экономикалық қызмет, экспорт, импорт ғылыми зерттеу және
мәдени ағартушылық қызметтерді дайындау және қайта дайындау, осы
мақсатта курстар және оқу орындарды ашу, жылжымалы және
жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, жалға беру пайдалану
жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- кен орындарын жетілдіру, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау, су
көздерін пайдалану;
- қызметтің ҚР заңнамасымен тиым салынбаған басқа түрлері.
Серіктестіктің негізгі мақсаттары үстіде қарастырылған қызметтерді
жүзеге асыра отырып пайдаға жету, оны үнемі ұлғайту. Мақсат тек қана
өндірістің жеткен деңгейде ұстап тұру емес, оны әрдайым ұлғайту мен жана
өндіріс орындарын қалыпетастыру болып табылады.
Кәсіпорынның биды өңдеп және өңдемей сатудағы қаржылық пайдасының
айырмашылығы. Қазіргі нарықтық бағамен есепегенде. Нарықтық баға бойынша
бидайдың тоннасы 110 доллар.(Қосымша 1)

Кесте 2- Бидайды сатудан түскен пайда.

№ өндіріс жылы егістік орт. 1 т бид. өткізу бағ.
алқабы өнімд-ілігі (KZT)
(жыл) (тга)
(га)
1 өңделмеген 3222,4 16385 346344491,5
2 өңделген (ұн) 17915,5 29837,5 630702091,3
3 жалпы 21137,9 46222,5 -
4 өңдеуден түсетін - - 182,10%
табыс.(%)

Кестеде келтірілген мәліметтер өнімді сату алдындағы күйімен
байланысты. Бидайды өңдемей сату және өңдеп сату. Тиімді жақтарын
қарастыру. Мақсат бидайды өңдеуден түсетін табыстың өңдемей сатудағы
табысқа қарағанда қаншалықты артықшылығын табу болатын:
4 жыл ЖӨ-і өңдемей сатудан табыс(тг) = 21137,9*16385 = 346344491,5тг
4 жыл ЖӨ-і өңдеп сатудан табыс(тг) = 21137,9*29837,5 = 630702091,3тг
Сандардың арасындағы айырмашылық, олардың процент күйінде берілгенде
анық байқаладыұ ( Қосымша 1.1):
- өңдеуден түсетін табыс(%) = 346344491,5 * 100630702091,3 =
182,10%, яғни бидайды өндіріс орындарынан өткізіп өңдеп сатудан тусетін
табыс, өны өңдемей сатудан түсетін табысқа қарағанда 1,8 есеге, немесе
82,1%-ке артық .
Жоғарыда табысты ұлғайтудың жолы көрсетілді. Онда “АКА” ЖШС соңғы 4
жылдық табысқа жету жолы, және де табысты максималдаудың практиканттың
жолы көрсетілген. “Қосымша 1.2” “АКА” ЖШС табысы және өнімді өткізу күйіне
байланысты тәжірибеден өтушінің есептеулері көрсетілген.

Сурет 3. Бидайды ұнға айналдырып сатудан табыстың ұлғаюы

Кәсіпорын тауардға кеткен шығынды есепке алуға көп көңіл бөледі.
Шығындар жіктелуі: өндіріске жтатын шығындар тура шығындар болып
есептеледі, көмекші өндірістердің шығындары және жанама шығындар. Оларды
жүйеге келтіріп, үнемі бақылудға алып отырады.
Мемлекетке салық төлеу кәсіпорынның мемлекетпен экономикалық
қатынасының маңызды бөлігі. Мемлекетке салық салу кәсіпорынның өнімдерндегі
өзіндік құнның ішінде орын алады.
Содан кейін болашақ кезеңдегі шығындар есептеледі, сатуға жарамсыз
тауарларды есептелінеді. Содан кейін өндірістік шығындар түрлеріне
байланысты есептелінеді, өнім, қызмет түрлеріне байланысты, шығынның
өндіріске қатысты емес түрнлеріне байланысты және жалпы кәсіпорын бойынша
есепке алынады.
Дайын өнімге кеткен шығынды есептеу кезінде калькуляция әдісін
қолданады. Өнімнің өзіндік құнын шығару шығындардың алгебралық қосындысын
табу арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорын заңды тұлға ретінде өзіне тиесілі салық түрлерін төлуді
жүзеге асырып отырады.

2.2 Мейірім денсаулық сақтау қызметі орталығының өндірістік емес
саладағы қызметін талдау

Многопрофильный медицинский центр Мейірім жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Жауапкершілігі
шектеулі және Қосымша жауапкершілігі бар серіктестер туралы, Қазақстан
Республикасының заңына және басқа да заңдарға сәйкес құрылған. Серіктестік
50 адамнан асатын жұмыскерлер саны бар орташа жылдық активтері 60 мың айлық
есептік көрсеткіштен асатын, ірі кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады.
Серіктестіктің құрылтайшысы: КазТрансОйл-Сервис акционерлік қоғамы,
2003 жылы 26.09. №14581-1901-АҚ Астана қаласының Әділет департаментімен
тіркелген. Мекен-жайы: Астана қаласы, Габдуллин көшесі, 010 үй, банк
деректеме: Қазақстан Халық банкі ААҚ-ның Астана өңірлік филиалды, есеп
шотты №026467202, БИК 190301603, СТН: 600200230408 (үлес – 100%).
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға құқығына
ие болды. Кәсіпорын заңды тұлға болып табылады, банкте есеп шоты, өзінің
аты жазылған фирмалық бланкісі, штампылары және басқа да ресми атрибуттары
бар.
Серіктестік біріккен кәсіпорын құруға сол сияқты Қазақстан
Республикасы аумағында және шет елдерде құрылымдық бөлімшелер ашуға құруға
құқылы.
Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында және шетелдерде
филиалдар мен өкілдіктер, сол сияқты басқа заңды тұлғаларға құрылтайшы
болуға құқылы, бұл жағдай қолданыстағы заңдарды басшылыққа алады.
Серіктестік өзіне қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасы
аумағында және үшінші елдерде өз атынан мәмілелер жасауға құқылы. Заңдарға
қайшы келмейтін келісімдер шарттар жасау басқа да заң актілері, жеке
мүліктер иелену, сотта талапкер және жауапкер болу құқығына иеленеді.
Серіктестіктің жалғыз қатысушылары оның міндеттері бойынша серіктестің
жарғы капиталына енгізген жарнасы мөлшерінде жауап береді. Серіктестік
міндеттері бойынша жалғыз қатысушы жауап бермейді, сол сияқты серіктестік
міндеттері жауап бермейді.
Серіктестігі қызметінің негізгі мақсаты пайда табу, сонымен қатар
тауарлы, қызмет түрлеріне қоғамдық сұраныс қажеттілігін қанағаттандыру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін серіктестік келесі қызмет түрлерін
жүзеге асырады:
▪ Алғашқы медициналық санитарлық көмек:
- дәрігерлерге дейінгі медициналық көмек;
- ересектердің медициналық патронажы;
- балалардың медициналық патронажы;
- оптометрия.
▪ Жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек:
- тасымалдау кезінде медицина қызметкердеріне ілесіп жүруі;
- кезек күттірмейтін медициналық көмек;
- Жедел медициналық көмек.
▪ Диагностика
▪ Зертханалық диагностика;
Зертханалық диагностика бөлімінің негізгі міндетіне түрлі 
патологияларды  уақтылы анықтауға жолданған тұрғындарға білікті 
диагностикалық көмек көрсету болып табылады:
Бөлім жұмысы екі бағдар  бойынша жүргізіледі.
1.  АМСК дәрігерлері және мамандардың  жолдамалары бойынша
диагностикалық  зерттеу  жүргізу;
2. балаларға профилактикалық тексеру, ересек тұрғындарға жыл сайынғы
медициналық тексеру жүргізу .
Зертханалық – диагностикалық көмек келесі көлемде көрсетіледі:
1. зертханалық  зерттеулерді орындау (биохимиялық, бактериоскопиялық,
клиникалық);
2. жүрек – тамыр және жүйке жүйесі функционалдық зерттеулерді орындау 
(ЭКГ, ЭЭГ, ЭХОЭГ , т.б.) ;
3. білікті  рентген – диагностикалық көмек (флюорография, рентгенография,
маммография);
4. ішкі мүшелерге ультрадыбыстық зерттеу жұмысын орындау;
5. асқазан – ішек мүшелеріне эндоскопиялық зерттеу жүргізу.
Орталық жағдайы айтарлықтай жақсартылған қажетті материалдық-
техникалық база, тұрғындарға кепілді медициналық көмек көрсету бойынша
міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін кәсіби, теориялық білім және
тәжірибелік дағдыларды меңгерген тұрақты дәрігерлер, медбикелер, кіші
медициналық қызметкерлер ұжымын қамтиды.
Ересектер мен балаларға анестезиология және реаниматология, наркология
және невропатология, психотерапия, терапия (жалпы), физиотерапия,
стоматология (терапевтік) мамандықтары бойынша кеңестік-диагностикалық
медициналық көмек;
· Ересектер мен балаларға анестезиология және реаниматология,
наркология және невропатология, психотерапия, терапия (жалпы) мамандықтары
бойынша кеңестік-диагностикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдаланудағы саясаты
Ұсақ бизнесті ұйымдастыру жолдары
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру проблемалары
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының негізгі тенденциялары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі мен даму тенденциялары
Пәндер