Қара шіріктің минералдануы топырақтарда гумус баланысының мөлшерін теңдесуін қалыптастыру



Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса (1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында (Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех «Қара топырақ геоботаникалық зерттеулер» (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген, яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді В.Докучаев «Орыс қара топырағы» (1883) атты еңбегінде толық дамытып қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.
П.Костычев өзінің 1886 ж. Басылған «Ресейдің қара топырақты облыстары» кітабында қара топырақ құрамында гумус түзілуі шөптесетін өсімдік тамырлары қатысуымен өтетін дәлелдеген.Қазіргі кезде далалық шөптесетін өсімдіктер қатысумен өтетін биологиялық заттар айналымы туралы жиналған деректер –қара топырақ құралу үрдісін жан-жақты және терең түсіндіруге жағдай туғызып отыр.
Гумустену үрдісінің жетекші рөлі арқасында қара топырақ кескінінде

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қара шіріктің минералдануы топырақтарда гумус баланысының мөлшерін
теңдесуін қалыптастыру.
Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас
(гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз
орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса
(1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара
тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы
бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған
тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза
деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі
ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында
(Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-
наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және
далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех Қара топырақ
геоботаникалық зерттеулер (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген,
яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі
органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді
В.Докучаев Орыс қара топырағы (1883) атты еңбегінде толық дамытып
қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді
шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер
дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ
құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.
П.Костычев өзінің 1886 ж. Басылған Ресейдің қара топырақты облыстары
кітабында қара топырақ құрамында гумус түзілуі шөптесетін өсімдік тамырлары
қатысуымен өтетін дәлелдеген.Қазіргі кезде далалық шөптесетін өсімдіктер
қатысумен өтетін биологиялық заттар айналымы туралы жиналған деректер –қара
топырақ құралу үрдісін жан-жақты және терең түсіндіруге жағдай туғызып
отыр.
Гумустену үрдісінің жетекші рөлі арқасында қара топырақ кескінінде
құнды түйіртпекті, қалың қарашірінді жиек дамып, онда гумус пен қоректік
элементтер қоры жиналған.
Қара топырақты дала аймағына табиғи шөптесетін өсімдіктер астында
жылына едәуір (100-200 цга) органикалық қалдықтар түседі. Ол жалпы
биомассаның 40-60 процентіне тең және қалдықтар түседі. Ол жалпы
биомассаның 40-60 процентіне тең және қалдықтардың сондай мөлшері өсімдік
тамырларына келеді. Шөптесін өсімдік қалдықтарының күлділігі басқа аймақ
өсімдіктеріне қарағанда, жоғары: шабынды далада 7-8, ірі жапырақты орман
қалдықтарында -1,6-7,5 проц. аралығында болса, бүрілі орман қалдықтарында
тек 0,7-1,7 процент. Дала өсімдіктері күлдік элементтер және азот мөлшері
40-300 кгга, құрғақ далада -200-300 кг болса, қара топырақты далада
олардың саны 600-1400 кгжетеді.
Сондықтан қара топырақ құралуындағы биологиялық заттар айналымының
негізгі ерекшелегі - өсімдік қалдықтарымен жыл сайын топыраққа азот пен
күлдік элементтердің мол түсуі.
Шөптесін өсімдік қалдықтары калцийге бай болғандықтан топырақта үздіксіз
биотекті калций түзіледі де, екі карбонатты СаНСО3 2 түрінде кескін бойы
жылжып отырады, соның салдарынан иллювилік карбонат жиегі қалыптасады.
Сондықтан гумустену үрдісі кальций тұздарына қанған ортада жүріп, гумустік
заттар топырақта кальциймен бекініп қалады.
Қара топырақ құралуына ең қолайлы жағдай-орманды дала аймағының
оңтүстігі, мұнда ең қолайлы ылғал-жылу тәртіпте шоғырланған өсімдік
қалдықтары ыдырауынан нағыз қара топырақ қалыптасады.
Оңтүстікке қарай топыраққа түсетін өсімдік қалдықтарының мөлшері
азайып, құрамындағы күлдік элементтер мен азот саны кемиді, топырақтағы
өсімдік тамырларының таралу тереңдігі де жұқарады. Содан барып гумустену
үрдісінің қарқыны бәсеңдейді. Орманды дала аймағының солтүстүгінде
климаттың ылғалдылығы жоғаолауына байланысты, өсімдік қалдықтарынан ыдырап
шыққан негіздер топырақ кескінінен шайыла, қышқылдау органикалық заттар
түзіле бастайды.
Қара топырақтар жіктеуін бжірінші рет В.Докучаев ұсынды. Оны дара тип
ретінде қарап, топографиялық (таратылу) жағдайына байланысты, ғалым
суаралық, беткейлік және терассалық қара топырақтарды айырған; құрамындағы
гумус мөлшеріне қарай ( 4-7; 7-10; 10-13 және 13-16 проц) төрт топқа
жатқызған. Н. Сибирцев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың қасиеттері жайында
Топырақтың түзілу процестері
Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
Топырақты өңдеу әдістері
Топырақтың органикалық бөлігі
Елді-мекен территориясын құндылық аймаққа бөлу және кадастрлық бағалау
Жайылма аллювиальді - шалғынды топырақтардың жіктелуі
Көмір гуминді тыңайтқыштардың топырақ құрамына әсерін зерттеу
Топырақта органикалық заттардың жиналуы
Тау етегінің қаратопырақтарының түзілу процесінің жылдамдығы
Пәндер