Мердігерлік шарты туралы



Кіріспе
1. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Мердігерлік шартының элементтері
1.2 Мердігелік шартының мазмұны
2. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерлік шарты
2.2 Құрылыс мердігерлік шарты
2.3 Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт
2.4 Ғылыми.зерттеу, тәжiрибе.конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарттар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мердігерлік шарты кез келген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.
Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.
Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігерлік шарты бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді.
Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.
Менің таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы «Мердігерлік шарты және оның түрлері» деп аталады. Бұл шарт бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 616 б. 1 тармағында көрсетілгендей мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға белгіленген мерзімге оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырушы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Осыкурстық жұмыстың тандап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, актуальды тақырыптардың бірі болғандықтан және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан менде осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы курстық жұмысты жазу арқылы мен мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын. Ал осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым: мердігерлік шартына жалпы түсінік беру, оның элементтерін анықтау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ашу, осы ережелерден кейін мердігерлік шартының мынадай жекелеген түрлеріне тоқталу: біріншісі, тұрмыстық мердігерлік, екіншісі, құрылыс мердігерлігі, үшіншісі жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік, төртіншісі,
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 611-бабы
2) Қазақ КСР Азаматтық кодексі, 28.12. 63
3) Ынтымақов С. А., Азамттық құық Практикум, Алматы: ҚазМЗА, 2000, 133 бет
4) Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Азаматтық құқық: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Алматы 2003, 311 бет
5) Рахвалова М. Н, //Субъекты гражданского права: Материалы междунар. научно-практ.конф., посвящ. 10-летию Независимости РК. Алматы, 18-19 июня 2001, 284 бет
6) Асцеулов А.Г., Жайлин Г.А. Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности. Алматы, 94 бет
7) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңы, 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы
8) Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю., Юридическая энциклопедия, Москва 1999, 526 бет
9) О. Б. Дубовицкая, А. Авилхан, Азаматтық құқық:заңтану мамандығының студенттері үшiн оқу-әдiстемелiк құралы, «Жеті Жарғы», 1999 ж, 247 бет
10) Оспанов Б.Ө., «Құқық негіздері» Алматы «Жеті жарғы» 2007ж 2 басылымы, 311 бет.
11) Жайлин, Ғ. А.Азаматтық құқық ерекше бөлім, Алматы, «Заң әдебиеті» 2006, 367 бет
12) Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім, 2001ж., 97 бет
13) Авторы Басин Ю.Г, Азаматтық құқық II том, Алматы 2003, 59 бет
14) Стамқұлов Ғ. С. Меншікті шаруашылықты праволық реттеу. Алматы: Қайнар, 1988, 155 бет
15) Сүлейменов М. К., Басин Ю. Г., Азаматтық құқық. Алматы 2003, 231 бет
16) Габдулхакова, Г. Г., Азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша анықтама, Алматы 2005, 221 бет
17) Жайлин Ғ. А. Азаматтық құқық: Ерекше бөлім. – Алматы: заң әдебиеті, 2003. ІІ том., 367 бет

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мердігерлік шарты кез келген қоғамда ең көп қолданылатын шарттардың бірі болып келеді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқандықтан елімізде құрылыс, жобалау, тұрмыстық, ғылыми зерттеу, технологиялық жұмыстары көп жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару барысында мердігерлік шартына байланысты көптеген құқықтық мәселелер туындайды. Мердігерлік қызметі саласының ерекшелігі оған мемлекет қандайда нысанда болмасын объектісі ретінде қатысып отырады. Сондықтан да бұл қатынастарды нақты құқықтық реттеу қажеттілгі туындап отыр.
Кеңестік құқықтық жүйе кезінде біздің елімізде барлық шарттық қатынастар жоспарлы-әкімшілік қағидаларға негізделген болатын. Кеңестік жүйе құлап, нарықтық экономикаға көшкенімізден кейін бәрі бүтіндей өзгерді, қазіргі кезде типтік және жоспарлы реттеу күшінен қалды және қатынас субъектілерінің еркіндігі едәуір кең. Мердігерлік қатынастарының кең таралуына байланысты оларды реттеудің де күрделі механизмдерін іздестіру қажет.
Қазіргі нарықтық экономика және жойқын бәсеке жағдайында тапсырысшы немесе мердігерлік шарты бойынша мойнына алған міндеттемелерін орындай алмау жағдайлары аз кездеспейді.
Сондықтан екі тарап та мердігерлік шартын жасауға мұқият көңіл бөлуге тиіс. Өйткені, барлық сұрақтарды дер кезінде реттеп алмаса, кейде кейін пайда болған дауларды шешуі іс жүзінде мүмкін болмай қалады, ал бұл екі жақты да шығындарға әкеп соқтыруы мүмкін. Осы мәселелерді қарап дұрыс шешу мәселелері қазіргі заңнамада толықтай қарастырылған.
Менің таңдаған курстық жұмысымның тақырыбы Мердігерлік шарты және оның түрлері деп аталады. Бұл шарт бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 616 б. 1 тармағында көрсетілгендей мердігерлік шарты бойынша бір тарап екінші тараптың тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға белгіленген мерзімге оның нәтижесін тапсырушыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырушы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Осы курстық жұмыстың тандап алуымның мақсаты, осы тақырып азаматтық құқықтағы ең күрделі, актуальды тақырыптардың бірі болғандықтан және қазіргі қоғамда кең таралғандықтан менде осы тақырыпты зерттеуге деген қызығушылық пайда болды. Осы курстық жұмысты жазу арқылы мен мердігерліктің еліміз экономикасындағы маңызын және қоғам үшін пайдасын ашып көрсетемін деп ойлаймын. Ал осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттерді қойдым: мердігерлік шартына жалпы түсінік беру, оның элементтерін анықтау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ашу, осы ережелерден кейін мердігерлік шартының мынадай жекелеген түрлеріне тоқталу: біріншісі, тұрмыстық мердігерлік, екіншісі, құрылыс мердігерлігі, үшіншісі жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік, төртіншісі, ғылыми-зерттеу, тәжірибие конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Курстық жұмыстағы зерттеудің объектісі, мердігерлік шартының субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, тараптардың құқықтық жағдайы мердігерлік шартының жалпы жағдайы және шарттың элементтері, осы шарттық қатынастардың құқықтық реттелуінің даму тарихы, қазіргі уақыттағы бұл қызмет саласын реттейтін Қазақстандық заңнаманың жалпы жағдайы болып табылады.
Нақты жұмыстың мақсаты мердігерлік шартының теориялық аспектілерін сондай-ақ, осы азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолдануын, сот тәжірибесінің анализдерін қарастыру әр түрлі нормативтік құжаттарды салыстыру, мердігерлік шартын жасау және қолдану аясында барынша танып алу.
Бұл жұмыста қарастырылатын және шешілуге тиісті сұрақтар реті мынадай болып келеді:
1) Мердігерлік шартының элементтері
2) Мердігелік шартының бағасы
3) Мердігелік шартының мерзімдері
4) Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлеміне келетін болсақ, ол екі бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде мердігерліктің жалпы жағдайы, оның түсінігі және мазмұны қарастырылады.
Екінші бөлімде мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне түсінік беріліп, олардың ерекшеліктері мен маңызы зерттеледі және қазіргі кездегі еліміздегі мердігерлік қызметін реттейтін заңнаманың жалпы жағдайына зерттеу жүргізіледі.
Сонымен қоса курстық жұмысты жазу барысында пайдаланылған заң және де басқа арнайы әдебиеттерге келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (616-683-б.) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды және де осылардан басқа әдебиеттерді қолдандым.

МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

4.1 Мердігерлік шартының элементтері

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді [1, 616-б.]
Мердігерлік шартында ақырғы мақсат белгілі бір материалдық нәтижені алу болып табылады, нақты сол нәтиже қабылдап алынуға және оған ақы төленуі тиіс. Өтелмелі қызмет көрсету шартында материалдық нәтиженің болу-болмауы шарттың орындалуына ешбір әсерін тигізбейді, мұнда қызметтің өзі үшін ақы төленеді. Сол себепті өткізу және қабылдап алу сатылары нақты атап көрсетілмейді. Орындаушының міндеттері белгілі бір іс-әрекеттерді орындаудан тұрады, ал тапсырысшы көрсетілген қызметінің өзі үшін ақы төлейді.
Мердігерлік шарты негізінде пайда болатын міндеттеменің негізгі белгілері мыналар:
1. Мердігерлік шарты жаңадан затты жасап шығаруға не бар затты өңдеуге немесе материалдық нәтижені тапсырысшыға берілетін басқа да жұмысты орындауға бағытталады;
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдістерін өз бетімен анықтайды;
3. Мердігер өзі атқарған жұмысының нәтижесіне кепілдік бере алады;
4. Мердігер жасаған жұмысы үшін, оның нәтижесін тапсырысшыға өткізген кезде, сыйақы алуға құқылы;
5. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.
Мердігерлік шартының осы бесінші белгісіне толығырақ тоқталып, қарастырайық.
Мердігердің тәуекелі дегеніміз - егер заң актілерінде немесе тараптар келісімінде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудың, тараптарың жүріс-тұрысына қатыссыз кездейсоқ мән-жайлар негізінде пайда болатын жағымсыз салдардың барлығын мердігер өз мойнына алады. Мысалы, жұмыстардың кездейсоқ қымбаттау тәуекелі мердігерге жүктеледі, егер олардың бағасы тұрлаулы сметамен анықталатын болса.
Тәукел туралы ережелер келесі жағдайларда қолданылмайды:
А) жағымсыз салдар тапсырысшының кінәсінен немесе онымен байланысты мән-жайлардың салдарынан болса;
Ә) тапсырысшы дайын жұмысты қабылдау мерзімін өткізіпалған кезде.
Мердігерлік шарты консенсуалды, ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары фотосуреттер дайындаумен байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Конесенсуалды шарт дегеніміз - шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып алу, мүлікті жалға алу, т.б.)
Ақылы шарт дегеніміз - өзінің атынан көрініп тұрғандай, шарт бойынша өзінің міндетін атқарған жақ тиісті ақысын алуы қажет. Белгілі бір қызмет көрсеткен адам сол көрсеткен қызметінің ақысын алады. Ал егер бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе бірдеңе бермей затты ұсынуды міндетіне алған болса, онда мұндай шарт ақысыз шарт болып есептеледі.
Енді мердігерлік шартының элементтеріне келетін болсақ, мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы - екінші тарапқа - мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі-бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің №123-бұйрығынан бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.
Мердігер - шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жағдайларда, Лицензиялау туралы 17.04.1995ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек [2].
Кейбір жұмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердігердің міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
Бас мердігердің келісімімен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшінші тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиісінше дәрежеде орындамағаны үшін тікелей тапсырысшының алдында жауапты болады.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады. Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мүмкін, осы жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін, сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады.
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетінше қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. ЮХ.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сілтенген.
Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын негізді деп тануға болады. Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы - бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзаңға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегіңце анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.

5.1 Мердігелік шартының мазмұны

Ең алдымен мердігердің міндеттеріне келетін болсақ, мердігердің осы шарттың анықтамасынан туындайтын негізгі міндеті тапсырысшының тапсырмасы бойынша өз тәуекелімен өзінің немесе контрагенттің материалдарынан белгілі бір жұмысты атқару болып табылады.
Мердігер жұмысты сапалы түрде атқаруға міндетті, яғни жұмыс нәтижесін негізгі мақсаты бойынша пайдалану үшін ешқандай кедергілер (кемшіліктер) болмауы керек.
Шартта көзделген ережелерді қоса алғанда, мердігермен атқарылатын жұмыс заң актілерінде немесе оларда белгіленген тәртіпте мердігерлік шарты бойынша орындалатын жұмысқа міндетті талаптар көзделсе, сол тараптарға сай болуы керек, ал мұндай талаптар болмаса - әдетте тиісті тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің қарамағында: соның материалдарымен, күштерімен және қаражатымен орындалады. Дегенмен, бұл норма диспозитивтік сипатта болғандықтан, жұмыс кімнің материалдарынан орындалатындығына қарай әр түрлі ережелер қолданылады. Жұмыс мердігердің материалынан атқарылған жағдайда мердігердің материал сапасы үшін жауапкершілігі сатып алу-сату шартындағы сатушының сапасы лайықсыз тауарды сатқандағы жауапкершілігіне сәйкес келеді. Ал, егер жұмыс тапсырысшы материалынан атқарылса, мердігеге мұндай материалды үнемді, есеппен пайдалану міндетті жүктеледі, ал жұмыс аяқталғаннан кейін мердігер тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге, не тапсырысшының келісімімен, мердігерде қалған пайданылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемітуге міндетті.
Мердігер өз ісінің маманы ретінде тапсырысшы берген материалдардың, техникалық құжаттаманың немесе өңдеуге берілген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы туралы тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген материалдардың кемшіліктері себепті тиісті дәрежеде орындалмаған жұмыс үшін, егер ол осы материалдарды тиісті қабылдау кезінде оның кемшіліктерді анықтауы мүмкін болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.
Ал тапсырысшының міндеттері атқарылған жұмысты қабылдаудан және мердігерге сыйақы төлеуден тұрады. Қағида бойынша, тапсырысшы сыйақыны жұмыс мердігермен толық өткізгеннен кейін төлеуге міндетті. Заңмен немесе шартпен сыйақыны төлеудің өзге де тәртібі көзделуі мүмкін. Сонымен бірге, мердігерзаң актілерінде немесе шартта көрсетілген жағдайлар мен мөлшерде аванс не кепілпұл төлеуді талап етуге құқылы.
Мердігер сыйақыны алу құқығы жұмыстың нәтижесін ұстап қалумен, сондай-ақ затты өңдеуге берілген тапсырысшыға тиесілі жабдықтарды, қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзінде тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын төлегенше ұстап қалумен қамтамасыз етеді.
Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген көлем мен тәртіп бойынша жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге міндетті. Тапсырысшы бұл міндетті орындамаған жағдайда мердігер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзімін ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Тапсырысшы осы міндетін тиісінше орындамаған жағдайда келесі ережені көздейді: мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының іс-әрекетінің немесе қателіктерінің салдарынан мүмкін болған жағдайларда мердігер жұмыстын орындалған бөлігін ескере отырып, өзіне белгіленген бағаны төлетіп алу құқығын сақтайды. Бұл ережені АК-тің 628-бабымен келісілмегенін көруге болады. Ол бапқа сәйкес, жоғарыда айтылғандай, мердігер тапсырысшының жұмысты атқару әдісі туралы нұсқауларын орындаудан тапсырысшы үшін болуы ықтимал қолайсыз салдарлар не орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертіп, одан нұсқау алғанға дейін жұмысты тоқтата тұруға міндетті.

МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Тұрмыстық мердігерлік шарты

Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейді. Римдік құқықта мердігерлік шарт жұмыстарды жалдау (locatio -conductio operus) шарты болып аталды. Азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстық мердігерлік қатынасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы "заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №97 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар Азаматтық Кодекстің өзінде де бар [3].
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе баска да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі-бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе бекітілген нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен-жайы; оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және тоқталу мерзімі, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізілген уақыты, өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жумыс) түрі, орындаушы мен тұтынушының материалдарының толық тізімі, бағасы және саны, жөндеуге берілген заттын уақыттық нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарт жазбаша нысанда жасалатының біпдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік айғақтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды [4].
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да зат дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Оның көмегімен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар тұтыну шының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келмеуі тиіс.
Тапсырыс рәсімделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының құқығын шектейтін болса, ол Қазақ ҚСР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік шартында жұмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол мердігер жариялаған прейскурантта көрсетілгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстнің 644-бабына сәйкес мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және сенімді ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсы - рысшыға мердігер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиіс [5].
Жоғарыда аталған міңдеттерді орындау үшін жұмысты орындайтын кәсіпорынның қызметі туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс істеу режимі көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Жеке кәсіпкер өзінің тіркелген органы ту - ралы ақпаратты, көрсетілетін қызметтің міндетті талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат (оның түрлері, ерекшеліктері, бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсіпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс, мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктілерде, орынға барып жұмыс істейтін бригадалармен қызмет көрсету жүргізген кезде де ұсынылуға тиіс.
Тапсырысты қабылдау жүргзілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұтынушыға керекті ақпарат көзге көрілетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесінің 5-пунктінде берілген. Жекелеп алганда онда жұмыс түрін орындауға лицензия, тұтынушыға ұсынылатын мердігердің және өзге бұйымдардың (фурнитураның) үлгілері, жетондардың, қолхаттардың, талондар және мердігер тапсырысты қабылдағаның және тұтынушы жұмыс үшін төлегенін растайтын өзге де құжаттардың үлгілері көрсетілуі тиіс [6].

2.2 Құрылыс мердігерлік шарты

Қазір құрылыс мердігерлігі шартының кұқықтық реттелуі барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық заңдармен қайшылыкқа түспейді. Бірақ, азаматтық кұқығының дамуында одан кезеңдегі бірқатар жасалған құқықтық өндеулер, сол сияқты өзге елдердің жеке құқығының өңдеулері ескерілген, сондықтан құрылыс мердігерлік ерекшеліктері бөлек айқындалуы қажет болып тұр. Қазіргі жағдайда мердігерлік шарт бойын - ша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шілдесіндегі Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы маңызды әсерін тигізеді.
Олар (сол ерекшеліктер) бірқатар жағдайларда құрылыс мердігерлік жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскелеріне заттық құқықтарды алумен, кұрылып жатқан объектілерді энергиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттің бір немесе өзге органдарымен жарна-құқықтық, басқа да құқықтық қатынастар пайда болатыныңда көрінеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 651-бабына сәйкес құрылыс мердігерлігі шарты кәсіпорынды, үйді (оның ішінде тұрғын үйді), ғимаратты немесе өзге де объектіні салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбір жағдайларда құрылыс мердігерлігі нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кенінің құрайтын кәсіпорынды салу немесе оңы қайта жаңарту келеді. Құрылыс мердігерлігі шеңберінде монтаждау, іске қосу, жөнге келтіру және салынып жатқан объектімен байланысты өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердігерлігінің ережелері, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде де қолданылады.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.
Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері, әртүрлі лицензияланатын құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады.
Кейбір жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келеді. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерін қанағаттандыру үшін орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиісінше тұрмыстық мердігерлік шарт бойынша тапсырысшының құқықтары ережелер қолданылады.
Құрылыс мердігерлігі шарты нысанасының ерекшеліктері және осы мердігерлік шартымен байланыста пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердігерлік түрдің мазмұныңың ерекшеліктеріне міндетті түрде белгі қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттелуіне бағытталған нормалармен анықталады.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Объектінің салынуы, салынатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін келіп алуы керек. Ол құрылыс салу үшін жер учаскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.
Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шартының элементтерімен күрделенеді немесе мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды.
Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрғын үйді, ғимаратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құрылысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объект тапсырынады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиісті мазмұны басым болады, мердігерлік (құрылыс мердігерлік) туралы нормалар тек керекті мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделеді. Егер өзгешелік шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесін тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейін салынып жатқан объектінің иесі мердігер болып саналады. Құрылыстың -материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердігерлік шартында қарастырылуы мүмкін. Материалдық жағынан қамтамасыз ету құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты ағымды қаржыландыру және т.б. көзделуі мүмкін. Тапсырысшының бұл міндеттері шартта аталуы қажет. Заңнамамен (ҚР АК 659-бабымен) материалдық жағынан қамтамасыз етуге байланысты тапсырысшы міндеттерінің ең аз мөлшері анықталған, олар тапсырысшының құрылыс мердігерлігі шартындағы қосымша міндеттері деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердігерлік шартында көзделген жағдайлар мен тәртіпте мердігерге жұмыстарды жүргізу үшін қажетті үйлер мен ғимараттар беруге, мердігердің мекен-жайына жүктердің тасымалдауын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау су және бу желілерін уақытша жүргізуге, басқа да қызметтер көрсетуге міндетті. Олар үшін ақы шарттың езінде көзделген талаптар бойы - нша төленеді.
Тапсырысшы құрылыс мердігерлік шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен саласына, олардың орындалу мерзімінің (кестесінің) сақталуына, мердігер берген материалдардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердігердің дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайда ол мердігердің жедел шаруашылық қызметіне араласпайды. Егер орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезінде шарт талаптарын, жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді тапсырысшы анықтаса, онда ол туралы дереу мердігерге мәлімдеуге міндетті. Егер мұндай мәлімдемені тапсырысшы жасамаса, онда ол кейін өзі анықтаған кемшіліктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады [7].
Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде заң актілерінде немесе шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен төлеуге міндетті. Егер заң актілеріне немесе шартта тиісті нұсқаулар болмаса, онда ақы төлеу мердігерлік шарт бойынша ақы төлеу туралы жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шарты жайлы
Мердігерлік шартын түрлері
Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
Құрылыс мердігерлік шартының ұғымы және элементтері
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шарты
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамалары
Мердігерлік шарты жайында
Пәндер