Қараев технологиясы



Өткенді пысықтау. 4
«Данышпан үкілер» техникасы 5
«Тұлғаны танып біл». 7
«Ара ұясы» техникасы 8
«Тірек мәтін» техникасы 8
Оқушылар білімін бағалау жүйесі. 10
Қазіргі кездегі білім алу барысында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін өмірге көптеген жаңа оқыту технологиялары келуде:
- Білім беру технологиясы дегеніміз не?
- Ол жөнінде төменгегідей түсініктер бар.
Білім беру технологиясы- бұл:
Оқытудың жоспарланған нәтижисіне жету үрдісін суреттеу.(И.П.Волков)
Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы.(В.М.Шепель)
Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын , нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.(В.П.Беспалько)
Соңғы жылдары кеңінен пайдаланып жүрген технологиялардың бірі – Ж..Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Бұл технологияның мазмұнын, ерекшеліктерін түсіну үшін, дәстүрлі оқытумен салыстырайық.
Егер дәстүрлі оқытуда оқу – тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде болса, қазірбелсенді қізметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Сабақта көбінесе репродуктивті әдістер қолданылған (лекция, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау, т.б).
Қазіргі кезде оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді.Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады(жағдайатты шешу, балаға ой тастау, «миға шабуыл», дебаттар, т.б.). Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі.
Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интелектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, инициативасы, жауапкершілігі, т,б.). Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту түрлері негізгі болып табылады.
Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді, т.б. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай әсер ететінін көре алады.
Индивидуалды оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындыу нәтижесіне жауапты болуға ұйретеді.
Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қаситтеріне ынталандыру.
Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу кереку. Модуль дегеніміз не?
Модуль - бұл үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан тұратын тарау.
Бұл жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау (немесе модуль) үш қорытынды сабақпен аяқталады:
• деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс;
• коррекциялық жұмыс;
• деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы.
Бұл үш сабақ не үшін керек? Дәстүрлі оқыту бойынша бақылау жұмысына бір сағат беріліп, одан кейін қатемен жұмысқа бір сағат бөлінетін еді. Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшіліктерді қаншплықты жойғанын дәлелдеуге мүмкіндік болмаған. Сондықтан бұл технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір сағат
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Білім берудегі менеджмент=Менеджмент в образовании 2007-№2.
2. //Информатика негіздері 2007-№5

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

Өткенді пысықтау. 4
Данышпан үкілер техникасы 5
Тұлғаны танып біл. 7
Ара ұясы техникасы 8
Тірек мәтін техникасы 8
Оқушылар білімін бағалау жүйесі. 10

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі

Тақырыбы: Қараев технологиясы

Қазіргі кездегі білім алу барысында жоғары білім сапасын қамтамасыз
ету үшін өмірге көптеген жаңа оқыту технологиялары келуде:
- Білім беру технологиясы дегеніміз не?
- Ол жөнінде төменгегідей түсініктер бар.
Білім беру технологиясы- бұл:
Оқытудың жоспарланған нәтижисіне жету үрдісін суреттеу.(И.П.Волков)
Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің
жиынтығы.(В.М.Шепель)
Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын ,
нәтиже беретін белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.(В.П.Беспалько)
Соңғы жылдары кеңінен пайдаланып жүрген технологиялардың бірі –
Ж..Қараевтың Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық
технологиясы. Бұл технологияның мазмұнын, ерекшеліктерін түсіну үшін,
дәстүрлі оқытумен салыстырайық.
Егер дәстүрлі оқытуда оқу – тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде
болса, қазірбелсенді қізметті оқушы атқарады, оны оқытпайды, ол өзі оқиды.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға дайын, дұрыс ақпаратты берген,
оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырған. Сабақта көбінесе
репродуктивті әдістер қолданылған (лекция, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау,
т.б).
Қазіргі кезде оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді.Сабақта
проблемалық оқыту іске асырылады(жағдайатты шешу, балаға ой тастау, миға
шабуыл, дебаттар, т.б.). Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер атқарады,
оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. Негізгі көңілді әрбір оқушының жеке
мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға бөледі.
Оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады
(интелектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, инициативасы,
жауапкершілігі, т,б.). Әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен
салыстырылады. Оқушыға өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріледі.
Бұл технологияда индивидуалды және топтық оқыту түрлері негізгі болып
табылады.
Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен
жұмысқа тарту. Мұндай топта оқушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті
жағдайда оқушылар бір-бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді шешеді,
т.б. Бұл жағдайда әрбір оқушы тек өзінің жетістіктерін бағалап немесе
кемшіліктерін түсініп қана қоймайды, сонымен бірге ортақ нәтижеге өзі қалай
әсер ететінін көре алады.
Индивидуалды оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен
тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды
орындыу нәтижесіне жауапты болуға ұйретеді.
Оқытудың бұл түрлерінің негізгісі – оқушыға сенімділік, өзіне жауап
беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қаситтеріне
ынталандыру.
Аталған технология бойынша күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең
алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу кереку. Модуль дегеніміз не?
Модуль - бұл үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше параграфтан
тұратын тарау.
Бұл жоспарлаудың ерекшелігі, әрбір тарау (немесе модуль) үш қорытынды
сабақпен аяқталады:
• деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс;
• коррекциялық жұмыс;
• деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы.
Бұл үш сабақ не үшін керек? Дәстүрлі оқыту бойынша бақылау жұмысына
бір сағат беріліп, одан кейін қатемен жұмысқа бір сағат бөлінетін еді.
Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшіліктерді қаншплықты жойғанын
дәлелдеуге мүмкіндік болмаған. Сондықтан бұл технология бойынша міндетті
түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір сағат өзіндік жұмысқа және бір
сағат коррекциялық жұмыстарға бөліну керек. Бұл екі сағатты бағдарлама
бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын
тақырыптарды біріктіру арқылы шығаруға болады. Егер сағат саны шектеулді
болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық
жұмысқа бөліну керек.
Технология талабы бойынша әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталу
керек: 3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық
модуль бойынша. Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқтау керек: 3
сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ
жылдық қорытынды бойынша.
Енді аталған педеагогикалық тхнология бойынша сабақтың өту барысын
қарастырайық.
I кезең (5-7 минут)
Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру.
Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау
дәрежесіе тексеру.
Бұл жерде үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды
тексереді. Тексеруден соң әрбір оқушы сыныптағы және үй жұмысының жалпы
балын санап, мұғалімге айтады. Мұғалім әрбір оқушының балын ашық журналға
жазады, тиісті бағасын қояды.

Өткенді пысықтау.

Бұл технлогияның бір ерекшелігі: өткенді пысықтауға арналған
материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден
дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемділігі,
өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа жауап білмесе,
мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім
жүйелі түрде өткенді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап
етсе, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге
мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі
артады.
Қолданылатын әдістер:
А) сұрақ – жауап әдісі;
Ә) Ассоциациялар қатары, мысалы: мұғалім тақтаға тақырыпты жазады,
оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды жазады. Мұғалім парақтарды
жинап, оқушылармен талдап, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы
жасалады. Мұғалім бұл әдіс арқылы оқушының білімі туралы түсінік алады.
II кезең (20-25 минут)
Өз бетінше жаңа тақырыпты меңгеру.
Бұл жерде 10-15 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырылады. Мысалы,
оқушыға 5 сұраққа жауап беру ұсынылады (сұрақтар параққа жазылған, әрбір
оқушыға немесе жұпқа, немесе топқа беріледі). Сұрақтарға жауап беру үшін
оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша) оқиды. Мәтінмен
жұмысты төмендегі әдістер бойынша ұйымдастыруға блады.

Данышпан үкілер техникасы

Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.
Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте
жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған
ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.
Маңызды өмірлік даналық.
Мәтінннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.
Таныс және таныс емес.
Мәтіннен сізге алдын таныс болған және сізге мүлдем таныс емес
ақпаратты табыңыз.
Иллюстрациялық бейнелеу.
Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура, т.б. арқылы бейнелеп
көріңіз.
Үлгі боларлық қорытынды.
Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға
болады ма ?
Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.
Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды,
пікірлерді табыңдар.
2) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.
Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой- пікір, қорытынды
шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей оқушылар
өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер
береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт - бағдар береді.
Негізгі әдіс- тәсіл – проблемалық оқыту (диспут, дискуссия, оқыта
үйрету ойындары т.б.)
Сабақтың бұл бөлімінде төмендегі тәсілдерді қолдануға болады.
Баяндама
Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұны сурет, сызба
түрінде беруді ұсынады. Бұл шпаргалканы оқушы оң жағындағы көршісіне
береді. Енді әрқайсысы өз көршісінің суретін немесе сызбаларын қолдана
отырып, осы мәтін бойынша баяндама жасайды. Баяндама мазмұнын неғұрлым
кең ашып, оны қорғап, ең жақсы көрнекі құрал ұсынған оқушы жеңімпаз болады.
Мені түсін
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне
жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын , қолдарына парақ пен
қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазуларын
талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын – ала
даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түп нұсқамен сәйкес
келген сөздері көп болса сол жеңімпаз деп танылады.
Эстафета
Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Оқып – үйренуге тиісті мәтін бөлігін
береді. Белгі бойынша оқушылар оқи бастайды. Мұғалім нөмірленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру
Оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы Ж.А. Қараев технологиясының маңызы
Оқытудың жаңа технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларын деңгейлеп оқытудың тиімді тәсілдері арқылы оқыта отырып тұлғалық қасиетін дамыту
Қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту тапсырмаларын қолданудың ерекшеліктері
Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму мониторингі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері
Пәндер