Мектептегі оқушының психикалық дамуына оқу әрекетінін тигізетін әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Оқушының психикалық даму туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының
дамуына әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
Психикалық даму және оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
Балалардың жетілу теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Бала психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Дамыта оқытудың тиімділігі, психикаға әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының дамуы ... .17
Жеткіншек психикасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тұқымның қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының даму процесінде айқындаушы роль атқарады.
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық.
Жалпы психология. В.В. Богословский редакциясымен, Алматы, 2006ж.
К.Н. Корнилов. Психология, Алматы, 2005ж
Т.Тәжібаев. Жалпы психология Алматы, 2006ж
А. Темірбеков, С.Балаубаев Психология. Алматы, 2007ж.
Ә. Алдамұратов. Жалпы психология Алматы, 2009ж
Жұмасова К.С. Психология/Оқулық. Астана,-Фолиант, 2006ж

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мектептегі оқушының психикалық дамуына оқу әрекетінін
тигізетін әсері.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Оқушының психикалық даму туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының
дамуына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Психикалық даму және оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Балалардың жетілу теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Бала психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Дамыта оқытудың тиімділігі, психикаға әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... .13
Психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының дамуы ... .17
Жеткіншек психикасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 18

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе
Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тұқымның қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде психика мен сананың пайда болуы, бала психикасының даму процесінде айқындаушы роль атқарады.
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен даму деген сөзге тоқталайық.
3
Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді.
Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттердеқарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму
прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты инвариант (лат. тілінен өзгерілмейтін) деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны өзгерілгіш деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының шарты болды. Инварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады.
Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады. Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған кескінділерді өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, - дейді. Мұны қирау теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.
4
Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына әсері. Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер экологиялық деген сөзді тұқым қуалаушылық мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды.
Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп оятып жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А. Н. Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады. Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен.
XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланның ойынша, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса, енді әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала бастайды.
Психикалық даму және оқыту. Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді.
Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып, дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В. В. Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтамыз.

5
Негізгі бөлім

Оқушының психикалық даму туралы түсінік.
Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен "даму" деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден үрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу прогрессивтік түрде өсу ғана емес. Даму кейде регресшіл кері кету мағынада да кездесуі ықтимал. Психика- дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңа мен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты "инвариант" лат. тілінен "өзгерілмейтін" деп аталады, осыған тілректелетін жаңаны "өзгерілгіш" деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің треніші болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.
Инварианттық қасиеттің қалыптасуы тарихи дәуірлерде психика дамуының шарты болды. Ирнварианттық, яғни тұрақты қасиеттер, соның ішінде шартсыз рефлекстер, не өмір үстінде ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік ортасында берілетін адамның кейбір мінез-құлықтары жатады. Осы тұрақты қасиеттер үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Сонымен психика түгелдей өзгеріске ұшырайды деуге болмайды. Баланың бір жаста ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, біржолата жоқ болып кетпейді, бір-бірінің үстіне үйіліп, қосылып жатады. Демек, психикалық даму психиканың әр саласына жатады

6
Психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған "кескінділерді" өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі,- дейді.
Мұны "қирау" теориясы деп атайды. Бұл теория диалектиканың тек сан жағынан ғана емес, сапа жағынан
да дамудың түрлері кездеседі. Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамының бәрі бірдей өзгермейді.

2 .Биологиялық және әлеуметтік факторлардың бала психикасының дамуына әсері.
Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады.Бірақ кейде зерттеушілер "экологиялық" деген сөзді "тұқым қуалаушылық" мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың пихикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды. Өйткені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп "оятып" жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Биологиялық факторды баланың туылғаннан берілген дене бөлшектері десек, керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар арқылы берілген. А.Н.Леонтьевтің пікірінше, әлеуметтік фактордың ықпалы көбірек болады. Әлеуметтік ортаның атқаратын рөлі өте үлкен. XX ғасырдың бас кезінде индус психологы Рид Сингх Амаланң ойынша, бала кішкентайынан адамға тән қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың ықпалы баланың жас кезінде нәресте кезінде үлкен рөл атқарса, енді әлейметтік факторлар күннен-күге өріс ала бастайды.

7
3. Психикалық даму және оқыту.
Бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады,- дейді.
Шетел психологы Дж. Брунердің ойынша, психканың дұрыс қалыптасып, дамуы үшін оқыту өте қажет, және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В.В.Давыдовтың ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтамыз

8
Балалардың жетілу теориялары
Бүгінгі күнге дейін баланың психикалық жетілуі жөнінде толық қамтылған көрініс бере алатын бірегей теория жоқ. Балалардың жетілуінің, мінез-құлқының және тәрбиесінің артық немесе кем толық суретін көрсететін ,
психоаналитикалық (жүйкелікталдау) теориясы. Оның заты - адам эмоциялары мен тұлға аралық қарым-қатынас. Психоаналитикалық теория өкілдерінің екі кезеңденуі кеңінен мәлім: Зигмунд Фрейдтіңжәне Эрик Эриксонның. З.Фрейд (1856-1939) тұлғаның дамуын биологиялық факторлардың және ерте отбасылы қараласу тәжірибесінің ықпалымен түсіндірді. Ол, балалар психикалық, турасында психосексуалдық жетілудің 5 сатысынан өтед ідеп пайымдады.
Балалардың қызығушылығы әрбір сатыда ләззат алу негізі болып қызмет ететін дененің белгілі бөлігінің айналасында шоғырланған:
1. оральдықсаты (0-2 жас);
2. анальдықсаты (2-3 жас);
3. фаллостықсаты (4-5 жас);
4. латенттіксаты (6-12 жас);
5. гениталдықсаты (12-18 жас).
Э.Эриксон (1902-1979) тұлғаның психосоциалдық дамуының 8 сатысын бөліп көрсетті. Оның әрбірінде адам мағынасы сананың, психиканың қарама-қарсы жағдайларының арасындағы кикілжіңнің (конфликт) болып табылатын спецификалық тоқырауды (кризис) бастан кешіреді.
1. Қоршаған әлемге сенімсенімсіздік (0-1 жас);
2. тәуелсіздік сезімі - ұят пен күмәндісезіну (1-3 жас);
3. ынталық - күнәсезімі (4-5 жас);
4. еңбек сүйгіштік - жарты кештік сезім (6-11 жас);
5. белгілі бір жынысқа сәйкестігін түсіну - бұлжынысқасәйкес келетін мінез-құлық түрлерін түсінбеу (12-18 жас);
9
6. интимдік қатынасқа ұмтылу - айналадағылардан оқшаулану (ертеесею);
7. өмірлік белсенділік -- өзінеғана бағытталу, жасшама проблемалары (қалыптыесею);
8. өмірді толық қанды сезіну (кешесею).
Когнитивтік теория
Ең бастысы ойлаудың, білімд ісіңіру процесінің қалыптасуы мен даму проблемаларына қатыстылығы бар. Ақыл-ой жетілуінің ең толық процесін Швецариялық ғалым Жан Пиаже (1896-1980) құрастырған. Пиаже бойынша адам өзінің ақыл-ой дамуында 4 үлкен кезеңнен өтеді:
1) сезімдік-қимылдық (сенсомоторлық) - туғанынан 2 жасқадейін;
2) оперативтіккедейінгі (2-7 жас);
3) нақтыойлаукезеңі (7-11 жас);
формальдық-логикалық, абстракттық ойлау кезеңі (11-12 - 18 жас және одан әрі).
Мінез-құлық теориясы
Балалар мен ересектердің өздерін неге, қашан және қалайша, бірақ басқаша емес ұстауға үйренетінін түсіндіруге тырысады. Бұл теорияны сондай-ақбихевиористік (ағыл.Behavior - мінез-құлық) деп те атайды. Бихевиористіктің негізін қалаушы Джон Уотсон (1878-1958) болып табылады. Теорияны практикалық жүзеге асыруға Б. Скиннер (1904-1992) зор үлес қосты. Бихевиористер ортаның бала мінез-құлқы мен жетілуі не әсерін ерекше атап көрсетеді және социалдық оқудың 3 түрін бөліп қарастырады: классикалық және операнттық себептілік пен еліктеу.
Биологиялық теория
Адамдар мен жануарлардың мінез-құлқын табиғи жағдайда салыстырады және олардың мінез-құлқындағы жалпылық пен спецификалықты анықтауға жете көңіл бөледі. Бұл проблемалар мен шұғылданатын ғылыми бағыт этология деп аталады. Конрад Лоуренц (1903-1988), белгілі этолог психологияға импритинг (қапердеұстау) ұғымын енгізді.
10
Этологтардың пайымдауынша, адам белгілі бір бекітілген әрекет үлгілерімен, мінез-құлықтың генетикалық де термин ирленген түрлері мен инстинктер мен жарық дүниеге келеді.

Гуманистикалық теория
Адамды өзін жүзеге асыруға ұмтылатын теңдесі жоқ индивид, бір тұтас тұлға ретінде қарастырады. Гуманистикалық теорияның дауына Абрам Маслау (1908-1970) ең үлкен үлес қосты.
Оның теориясына сәйкес, әрбір адамға бес деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыруға көмектесетін мотивациялық (дәлелдемелік) топтама бар:
1. ғұмыр кешу, немесе биологиялық қажеттілік;
2. қауіпсіздік және болашаққа сенімділік;
3. махаббат және нақты социалдық топ қажату (социалдық статус);
4. өзіндік баға;
5. өзін таныту.
Оларды қанағаттандырып, адам творчестволық және тәуелсіз тірі жанға айнала алады.
Л.С.Выготскийдің мәдени-тариха теориясы: Баланың мәдени дамуындағы барлық функция сахнаға екі рет, екі тұрғыда алдымен социалдық, интер психикалық категория ретінде, кейін психологиялық тұрғыда, интер психикалық категория ретінде, алғашында адамдар арасында, кейін баланың ішкі әлемінде көрсетеді дегенге негізделген. Выготский бойынша барлық ішкі процесстер интериоризацияның өнімі болып табылады: олар баланың ересектер тікелей социалдық контакттарында туындайды, ол кейін оның санасына тұтастай енеді (вращивание?).
Бұл теориялардың барлығы өзара толықтырушы, өйткені олардың авторлары адамның психикалық дамуын зерттеу кезінде әртүрлі аспаптарды қолданады және баланың жетілуінің әртүрлі деңгейлері мен тұстарына жете назар аударады. Бұл оқу құралында негіз ретінде Л.С. Выготскийдің концепциясы (тұжырымы) қолданылады.
11
Бала психологиясы -- жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған -- неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің "Бала жаны" атты кітабы (1882) -- Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні -- балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе -- баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы "балалық шақ" ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын "балалық шақ" ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым -- педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М. Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында педалогияның "жалған ғылым" ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков
12

Дамыта оқытудың тиімділігі, психикаға әсері

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі. (11.141)
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. (12. 128)
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. (13.56.)
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. (14.67.)
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. (15.46)
13
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы оқу-әрекетінің ролі
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Оқыту процесіндегі төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамыту
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ пәні бойынша
Дүниетану сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру тәсілдері
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Оқушылардың танымдық қабілетін көрнекі құралдарды пайдалану арқылы қалыптастыру(математика 2 сынып)
Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Пәндер