Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар



Кіріспе
1 Қазақстанда экологиялық туризмнің даму мүмкіндіктері
2 Экотуризм бойынша халықаралық бағ д арламалар.
Пайдаланылған әдебиеттер
2006 жылдың 29 желтоқсанында № 231 Елбасы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдары туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында экологиялық туризм республикамызда туризмді дамытудың басымды бағыттарының бірі ретінде танылды. Берілген бағыт бойынша алғашқы кезектегі міндеттер ретінде табиғатты, жергілікті мəдениетті қорғау жəне ұлттық дəстүрлер мен генетикалық қорларды сақтау бойынша шараларды ескеру есебімен экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық жəне жергілікті саясатты өндіру қарастырылады. Ол жергілікті халықпен, жеке меншік сектормен жəне мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікте қарастырылады. Алайда Қазақстанда саясаттың өзі де, сонымен қатар экотуризмді дамытудың бірыңғай ұйымдастыру тəсілдері əлі де болса қалыптаспаған. Практикада көбінесе экотуризмді туристердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) мен ауылды аймақтарға бару мүмкіндіктерінің кеңеюімен, мұндай туристердің ұлттық жəне халықаралық ағымының ұлғаюымен жəне туризмнің сəйкес инфрақұрылымының жасалуымен байланыстырады.
Алайда экотуризм – бұл көпшілікке арналған туризм емес, ол табиғи аймақтарда туристердің үлкен ағымын қолдауға бағытталмаған, керісінше, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға жəне жергілікті тұрғындарға туризмнің жүзеге асырылуынан табыс əкелуге мүмкіндік беретін тəсілге балама əдіс болып табылады. Осыған орай туризмнің осы бағыты еліміздің экономикасы мен оның жекелеген аймақтарында жаңа мықты кластердің жасалуын көздемейді. Ол, біріншіден, табиғи туризмді ұйымдастыру жолдарының өзгерісімен байланысады, яғни табиғи аймақтарға, оның ішінде ұлттық жəнеаймақтық табиғи парктерге, табиғи қорықтар мен қорларға туристердің баруымен байланысты. Сондықтан берілген ақпараттық-анықтамалық жетекшіліктің басты мақсаты – елімізде экотуризмді дамыту бойынша саясатты қалыптастыруға арналған қажетті жəне базалық əдістемелік негізді əрі негізін қалаушы ақпаратты ұсыну. Олар Қазақстан жағдайында экотуризмді жүзеге асырудың аса маңызды құқықтық, ұйымдастыру жəне ақпараттық-білім беру аспектілерін түсіндіреді.
Ақпараттық-анықтама жетекшілікті əзірлеу негізі ретінде 2002 жылы Жабайы табиғаттың дүниежүзілік қоры жəне «Дерсу Узала» экотуризмді дамыту қоры басып шығарған “Экологический туризм на пути в Россию. Принципы, рекомендации, российский и зарубежный опыт” кітабы айтарлықтай деңгейде қолданылды.
1. Тонкобаева Ә. «Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жетекшілік»/ Алматы , 2009ж./
2. Қазақстандағы экотуризм халықаралық конференциясының материалдары/Қарағанды, 2010 ж./
3. Алиева Ж.Н. «Экологический туризм»: Учеб.пособие./Алматы: Қазақ университеті, 2002 ж/
4. Абреева Ш.Т. Байбуриева Р. «Экологиялық мониторинг және оның Қазақстан туризміне әсері»/ Гоеграфия. Биология. Экология орта мектепте/ / 2010ж. №4
5. Төлемісова С. Е. «Алматы облысындағы туризмнің аз шығын жұмсалатын экологиялық бағдарланған түрлері»// Экологическое образование в Казахстане. 2008ж №2

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Рекреациялық география және табиғатты пайдалану кафедрасы

Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар

Орындаған: Қарымбай А.Б.
Қабылдаған: Ақтымбаева А.С.

Алматы 2015-2016 жж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Қазақстанда экологиялық туризмнің даму мүмкіндіктері
2 Экотуризм бойынша халықаралық бағ д арламалар.
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
2006 жылдың 29 желтоқсанында № 231 Елбасы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдары туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында экологиялық туризм республикамызда туризмді дамытудың басымды бағыттарының бірі ретінде танылды. Берілген бағыт бойынша алғашқы кезектегі міндеттер ретінде табиғатты, жергілікті мəдениетті қорғау жəне ұлттық дəстүрлер мен генетикалық қорларды сақтау бойынша шараларды ескеру есебімен экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық жəне жергілікті саясатты өндіру қарастырылады. Ол жергілікті халықпен, жеке меншік сектормен жəне мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікте қарастырылады. Алайда Қазақстанда саясаттың өзі де, сонымен қатар экотуризмді дамытудың бірыңғай ұйымдастыру тəсілдері əлі де болса қалыптаспаған. Практикада көбінесе экотуризмді туристердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) мен ауылды аймақтарға бару мүмкіндіктерінің кеңеюімен, мұндай туристердің ұлттық жəне халықаралық ағымының ұлғаюымен жəне туризмнің сəйкес инфрақұрылымының жасалуымен байланыстырады.
Алайда экотуризм - бұл көпшілікке арналған туризм емес, ол табиғи аймақтарда туристердің үлкен ағымын қолдауға бағытталмаған, керісінше, Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға жəне жергілікті тұрғындарға туризмнің жүзеге асырылуынан табыс əкелуге мүмкіндік беретін тəсілге балама əдіс болып табылады. Осыған орай туризмнің осы бағыты еліміздің экономикасы мен оның жекелеген аймақтарында жаңа мықты кластердің жасалуын көздемейді. Ол, біріншіден, табиғи туризмді ұйымдастыру жолдарының өзгерісімен байланысады, яғни табиғи аймақтарға, оның ішінде ұлттық жəне аймақтық табиғи парктерге, табиғи қорықтар мен қорларға туристердің баруымен байланысты. Сондықтан берілген ақпараттық-анықтамалық жетекшіліктің басты мақсаты - елімізде экотуризмді дамыту бойынша саясатты қалыптастыруға арналған қажетті жəне базалық əдістемелік негізді əрі негізін қалаушы ақпаратты ұсыну. Олар Қазақстан жағдайында экотуризмді жүзеге асырудың аса маңызды құқықтық, ұйымдастыру жəне ақпараттық-білім беру аспектілерін түсіндіреді.
Ақпараттық-анықтама жетекшілікті əзірлеу негізі ретінде 2002 жылы Жабайы табиғаттың дүниежүзілік қоры жəне Дерсу Узала экотуризмді дамыту қоры басып шығарған "Экологический туризм на пути в Россию. Принципы, рекомендации, российский и зарубежный опыт" кітабы айтарлықтай деңгейде қолданылды.
Берілген басылым Қазақстанда экотуризмді ілгері өрлету саясатының қалыптастыруына жəне əзірлеуіне қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, ЕҚТА басшылары мен мамандарына, республикада экотуризмді дамытуға қызығушылық білдірген ҮЕҰ мен туристік ұйымдарына арналған. Авторлар дайындалған жетекшілік қатысты бағдарламалар мен жоспарларды əзірлеу жəне берілген бағытта ЕҚТА мен туроператорлардың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін жақсы сүйеніш болатынына, сонымен қатар туризм саласындағы мамандарды ЕҚТА-да тұрақты туризмді ұйымдастырудың негізгі аспектілері бойынша оқытуға көмектесетініне үміт етеді.

ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Туризм бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі - экологиялық туризм. Экологиялық туризмнiң басқа туризм түрлерiне қарағанда табиғи ортаға әлсiз әсерiне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтiнiне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделi қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық-туристiк инфрақұрылымның көп бөлiгiнiң әлi қалыптасу кезеңiнде болуына байланысты. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы - табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.
Болашақта туризм нарығында экологиялық туризмнің үлесі 50-60%-ға жетеді деген болжам бар. Қазіргі əлемде туристік сапарлардың ұлғаю саны ел ішінде, сондай-ақ шет елдерге бару қолайлығының артуымен, туристер үшін басқа мемлекеттер шекараларының ашылуымен, барған жерлердің тілі мен дəстүрлерін білу қажеттілігінің төмен болғанымен байланысты.[1]
Қазіргі кезде туристердің рекреациялық талғамдары да түбегейлі өзгеруде. Туристер үшін демалысты урбанизацияланған аймақтардан алшақ орналасқан табиғи аймақтарға барумен бірлестіру, яғни табиғи туризм тартымды көрінеді. Табиғи туризм табиғат қорларын игерілмеген күйінде пайдалануға тікелей байланысты кез келген туризмнің түрі тəрізді анықталады. Бұған келесі қасиеттер енеді: табиғи көріністердің сұлулығы, жердің бедері, судағы демалыс, өсімдіктер жəне жабайы тірі табиғат.
Туристік ағынның өсуі және көпшілік туризмінің бір саласы ретінде табиғи туризмді пайдаланушылардың сұранысының жоғарылауы қолда бар табиғат байлықтарын тиімді әрі үнемді пайдаланып, табиғи ортаға әсер ететін экологиялық факторларды азайту қажеттілігін туғызады. Бұл мəселені шешудің бірден-бір жолы - табиғи туризмнің бір түрі боп табылатын экологиялық туризмді дамыту, берілген тұжырымдамаға сəйкес келетін турөнімдерді анықтау, нарықта қолдау жəне ұсыну. Экологиялық туризм эпитеті табиғи туризм, жасыл туризм, жұмсақ туризм деп те қолданылады. Ол урбанизацияланбаған жəне төмен дəрежеде антропогендік əсерге ұшыраған табиғи жерлерге барумен байланысты жəне ол белгілі ұстанымдар мен өлшемдерге сəйкес келуі қажет.
1991 жылы АҚШ-та орналасқан Экотуризм қоғамы ұсынған анықтамаға сай: Экотуризм - табиғи ортасы жақсы сақталған жерлерге шынайы және мәдени-этнографиялық ақпарат алу мақсатымен жасалатын саяхат түрі. Сонымен қатар, ол экожүйенің бірқалыптылығын бұзбайды және жергілікті табиғатты қорғауды табысты іске айналдырады. [4]
Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндіктері бар. Қазақстан үлкен территорияны алып жатқандықтан, оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысы бір-бірінен ерекшеленеді. Рекреациялық ресурстарға бай. Мысалы:
Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда әртүрлі типтегі республикалық маңызға ие 113 ерекше қорғалатын табиғи территория (ЕҚТТ) бар.
* 10қорық
* 9 ұлттық парк
* 2 табиғи резерват: Ертіс орманы, Арқа орманы
* 4 қорықтық зоналар: Солтүстік Каспий, Жусандала, Кендірлі-Қаясан, Қаратау-Арыс.
* 57 қорықша: 36 зоологиялық, 13 ботаникалық, 7 кешендік, 1 ботаника-геологиялық.
* Табиғи ескерткіштер: 26-республикалық маңыздағы, 53-облыстық маңыздағы.
* 5 ботаникалық бақ, 3 зоопарк.
1. мәдени-тарихи үзілістік ресурстардың әртүрлілігі. Тарихи-сәулет ескерткіштері: Ахмет-Йассауи, Айша Бибі кесенесі, Арыстан Бап кесенесі, Отырар, Қорқыт ата.
2. еркін еңбек ресурстарының болуы. Соңғы деректерге сай жалпы халықтың 8 977,2 мыңын экономикалық белсенді халықты құрайды. Оның 8 497 мыңы жұмыспен қамтылған.
Бірақ, осыған қарамай, экологиялық туризмнің дамуының көптеген мәселелері бар. Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері жоқ. Үзілістік ресурстардың молшылығы өте күрделі материалдық базаның құрылғанын қалайды. Ең маңызды және кешендік мәселе экологиялық туризм мен туристік қызмет нарығы жағдайын дамыту, материалды-техникалық базаның жағдайына, сонымен қатар потенциалды сұраныс масштабының сәйкес келмеуіне байланысты. Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:
- экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы. Арнайы экологиялық туризмге арналған заң жоқ. ҚР заңнамаларында туризмнің салалары бойынша жеке жазылмаған.
- экологиялық туризмнің обьектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы.
- салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке шетел туритерін қабылдайтын және отандық туристерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипатын шектеусізден 16 % көлемінде қосымша құнға салық салынады;
- ерекше қорғалатын табиғи территориялардың көпшілігінде экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
- магистральдар мен жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм обьектілеріне көліктің жетуінің төменділігі. Мысалы: экологиялық туризмнің ресурсы боп табылатын әлемде теңдесі жоқ Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Дегенмен, оған тікелей заманға сай автомагистраль салынбаған. Туристер жол азабын айтарлықтай көреді.
- экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибенің болмауы. 2002 Әлемдік экотурзм жылы қарсаңында Бүкіләлемдік туристер ұйымы әлемнің 39 мемлекетінен келген үздік 50 экотуристік жобаны көрсетті. Бұл жобалар толық аяқталмаған, негізінен ХХІ ғасырдан бастап қалыптасып келе жатқан экотузмнің аймақтық қалыптасу үстіндегі тәжірибелері еді. (Германия, Израил және Замбия)
Қазақстандағы туристік қызметтің даму болашағын қарастыру кезінде туристік қызметті мемлекеттік деңгейде қабылданған стратегиялармен, бағдармалармен дамытпаса қоршаған ортаға жылдам дамушы туризм кері әсер ету мүмкіндігін ескерту қажет. Көрсетілген мәліметтерге сай экотуризмнің дамуын шектейтін мәселелерді шешу үшін мемлекеттік бағдарлама және жалпы ғылыми тұжырымдамалар негізінде төмендегі міндеттемелерді жүзеге асыру қажет:
- экотуризм бойынша Квебек декларациясының жүзеге асыруын қамтамасыз ету;
- жергілікті тұрғындармен, жеке меншік сектормен, мемлекеттік емес ұйымдармен серіктестікте табиғатты, жергілікті мəдениетті қорғау жəне ұлттық дəстүрлер мен генетикалық қорларды сақтау бойынша шараларды ескере отырып, экотуризмді дамыту бойынша ұлттық, аймақтық жəне жергілікті саясатты өндіру;
- қоршаған ортаға жағымсыз əсердің алдын алуға арналған ықпалды механизмдерді дамыту;
- шағын жəне орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржылық жəне адамдық қорларды дамытуға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;
- экотуризм бойынша іс-əрекетті жүзеге асыратын туроператорлардың жəне турөнімдердің ерікті экосертификаттау схемасын əзірлеу жəне енгізу;
- туризмнің қоршаған табиғи жəне əлеуметтік ортаға кері əсерін анықтауға оңтайлы жолдарын табу;
- жергілікті қоғамдастықтар негізінде экотуризмді ұйымдастыру арқылы жергілікті тұрғындарды қатыстыру жəне ақпараттандыру;
- экотуризм мəселелері бойынша туристік қызмет көрсетуді ұсынатын ұйымдардың қызметкерлерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту аймақтарын анықтау
Экологиялық туризмнің қазіргі тұжырымдамасы жəне негізгі ұстанымдары
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Экологиялық туризм
Орман шаруашылығын ұйымдастыру
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Экологиялық туризм географиясы.Ауылдық туризм географиясы
Экологиялық туризм ерекшеліктері
Экологиялық туризм саласы
Экологиялық туризм ұғымы
Пәндер