Жер беті ландшафттарының типтері. Тропикалық және экваторлық ландшафт типтері



Кіріспе. 3.4
I. Жер бетінің ландшафт типтері. 5.6
1.1 Тропикалық ландшафт типі. 6.10
1.2 Аустралияматеригінін табиғи территориалық кешені бойынша анализі. 11.14
II. Экваторлық ландшафт типі. 14.15
2.1 Бразилия материгінің табиғи территориалды кешен бойынша анализі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ландшафттану термині ландшафттану ғылымының негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Бұл – неміс сөзі, « Жер түрі » деген мағына береді немесе « жергілікті жер түрі ». Ландшафт – генетикалық бір тектес табиғи – территориялық комплекс, рельефі салыстырмалы түрде біркелкі болады, оны құрайтын жыныстар, топырақ, ауа райы, су, тірі организмдер және ол адамның әсер етуі жағдайында болады. ХІХ ғасырдың соңына қарай Ресейде мықты географиялық мектеп құрылды.Оның негізін қалаушысы Петербург университетінің профессоры В.В.Докучаев (1846 – 1903) еді. Оның атақты ғылыми еңбектерінің бірі жер туралы ғылым ашуы. Докучаевтың жерге көзқарасы – географиялық: жер – географиялық компоненттерінің, оның ішінде жылу, ылғалдық, рельеф және организмдердің өзара әрекеттесуінің нәтежиесі, ол ландшафтының шикізаты, әрі оның айнасы болып табылады. Топырақты зерттеуден бастап географиялық синтезге дейін бір қадам қалғанда, сол қадамды В.В.Докучаев жаратылыстанудың дифференциациялануының теріс жақтарын терең түсінді. Ол географияның жан – жаққа тарап жатқанын байқады.
Ландшафттану пәнінің негізгі мақсаты – табиғи объектілер туралы білімімізді жетілдіру. Ландшафттану пәнінің қажеттілігі біріншіден табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануға үйретеді. Бүгінгі ландшафттану ілімінің негізгі мақсаты әр түрлі пәндердің жиынтығы арқылы алынған материалдарды бір жүйеге келтіру. Ландшафттану пәінің негізгі бір бағыты табиғат пайдаланудағы әлемдік экологиялық мәселелерді зерттеп одан шығу жолдарын көрсету. Ландшафттану міндеттеріне ландшафтылардың түзілу заңдылықтарын, құрылымын, дамуын, эволюциясын, аймақтың дифференциацияын және ландшафт интеграциясын анықтау кіреді, сонымен қатар олардың компоненттері мен бөліктері арасындағы өзара ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғи факторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын ландшафт қасиеттерінің өзгерістерін анықтау кіреді. Ландшафттану басқа да ғылымдармен біріге отырып ландшафтылардың технологиялық, экологиялық және әлеуметтік бағаларын береді. Ол өз тарапынан табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негізделген, неғұрлым ұтымды және тиімді әдістерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге үлкен техникалық жобалардың салдарын болжауға мүмкіндік береді. Сонымен ландшафттану – кешенді физикалық географияның тез дамып келе жатқан саласы, оның зерттеу объектілеріне күрделі табиғи және табиғи антропогендік географиялық жүйелер – ландшафтылар жатады. Ландшафттану басқа да жаратылыс
1. Молдағұлов Н. « Ландшафттану негіздері».1994 ж.
2. Исаченко А.Г. «Ландшафтоведение и физико-географическое районирование». 1991 ж.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

География кафедрасы

Ландшафттану пәнінен
Курстық жұмыс

Тақырыбы:
Жер беті ландшафттарының типтері. Тропикалық және экваторлық ландшафт типтері

Орындаған: 01212а топ студенті
Адиетов З.Ғ.
Тексерген: Ходжанова Б.Х.

Орал 2015.

Жоспар
Кіріспе. 3-4
I. Жер бетінің ландшафт типтері. 5-6
1.1 Тропикалық ландшафт типі. 6-10
1.2 Аустралия материгінін табиғи территориалық кешені бойынша анализі. 11-14
II. Экваторлық ландшафт типі. 14-15
2.1 Бразилия материгінің табиғи территориалды кешен бойынша анализі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Ландшафттану термині ландшафттану ғылымының негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Бұл - неміс сөзі, Жер түрі деген мағына береді немесе жергілікті жер түрі . Ландшафт - генетикалық бір тектес табиғи - территориялық комплекс, рельефі салыстырмалы түрде біркелкі болады, оны құрайтын жыныстар, топырақ, ауа райы, су, тірі организмдер және ол адамның әсер етуі жағдайында болады. ХІХ ғасырдың соңына қарай Ресейде мықты географиялық мектеп құрылды.Оның негізін қалаушысы Петербург университетінің профессоры В.В.Докучаев (1846 - 1903) еді. Оның атақты ғылыми еңбектерінің бірі жер туралы ғылым ашуы. Докучаевтың жерге көзқарасы - географиялық: жер - географиялық компоненттерінің, оның ішінде жылу, ылғалдық, рельеф және организмдердің өзара әрекеттесуінің нәтежиесі, ол ландшафтының шикізаты, әрі оның айнасы болып табылады. Топырақты зерттеуден бастап географиялық синтезге дейін бір қадам қалғанда, сол қадамды В.В.Докучаев жаратылыстанудың дифференциациялануының теріс жақтарын терең түсінді. Ол географияның жан - жаққа тарап жатқанын байқады.
Ландшафттану пәнінің негізгі мақсаты - табиғи объектілер туралы білімімізді жетілдіру. Ландшафттану пәнінің қажеттілігі біріншіден табиғат ресурстарын дұрыс пайдалануға үйретеді. Бүгінгі ландшафттану ілімінің негізгі мақсаты әр түрлі пәндердің жиынтығы арқылы алынған материалдарды бір жүйеге келтіру. Ландшафттану пәінің негізгі бір бағыты табиғат пайдаланудағы әлемдік экологиялық мәселелерді зерттеп одан шығу жолдарын көрсету. Ландшафттану міндеттеріне ландшафтылардың түзілу заңдылықтарын, құрылымын, дамуын, эволюциясын, аймақтың дифференциацияын және ландшафт интеграциясын анықтау кіреді, сонымен қатар олардың компоненттері мен бөліктері арасындағы өзара ішкі байланысты, зат пен энергия алмасуды, табиғи факторлармен адам әрекеті әсерінен пайда болатын ландшафт қасиеттерінің өзгерістерін анықтау кіреді. Ландшафттану басқа да ғылымдармен біріге отырып ландшафтылардың технологиялық, экологиялық және әлеуметтік бағаларын береді. Ол өз тарапынан табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негізделген, неғұрлым ұтымды және тиімді әдістерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге үлкен техникалық жобалардың салдарын болжауға мүмкіндік береді. Сонымен ландшафттану - кешенді физикалық географияның тез дамып келе жатқан саласы, оның зерттеу объектілеріне күрделі табиғи және табиғи антропогендік географиялық жүйелер - ландшафтылар жатады. Ландшафттану басқа да жаратылыс ғылымдарымен байланысты. Оның ішінде жерге орналастырудың да маңызы зор. Жобалау шаралары арқылы жерді бөлу, территориялық ұйымдастыру, жер ресурстарын тиімді пайдалану және жерді қорғау шараларымен айналысатын жерге орналастыру ғылымында ландшафттық ұғым және оның теориялық моделі кеңінен қолданылады.

Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды.Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен - бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе - теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын - шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Ландшафйтың түзілуі әр уақытта геологиялық - геоморфологиялық факторларджың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық - геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады. Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шаралары бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлінетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады. Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафтының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы қалыптасады.16 Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын - шашын жатады. Алғашқы екеуі азоналы, соңғылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз ағыстары - жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың - жауын - шашынның туындысы болып сманалады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін атқарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болғандықтан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады. Оазистер саялы көк - жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады. Күннен келетін жылу энергиясы - жердегі барлық экзогенді геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жер шары бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиттық шаралар мен құрлықтарға бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік жамылғысына, жер бедері пішініне қарай әр жерде әр түрлі мөлшердегі жылу баланысы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан полюстерге қарай кеми береді. Осыған орай жер беті ландшафтысы географмялық белдеу, географиялық зона және оның бөліктері жалпы географиялық зоналық заңдылықпен түсіндірілетін процестердің нәтежиесінде пайда болған.17 Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына , т.б. әлеутеттік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады: 1.Адам аяғы баспаған табиғи ландшафты. Мұндай ландшафтыға Арктика, Антарктика және таулы белдеудегі адам қоныстандаған жерлер жатады. Бұл жерлердегі ландшафтының құрамдас бөлігі де, морфологиялық түзіліс құрылымы да тьабиғи фактордың әрекетіне ғана байланысты дамиды. 2.Адам әрекетінен көп өзгерсмеген ландшафты. Ландшафтының бұл тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады. Бұл жерлерге халыұтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе - теңдігі бұзылмаған. 3.Адам әрекетінен бұзылған ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөліктер байланыстары жан - жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардын жер жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен жер азады. 4.Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөлікм арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан - жаөты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар баланысын тепе - теңестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарлды болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени ландшафттар түзіледі.
Жас айырмасына қарап антропогенді ландшафтысы үш топқа жіктеледі.
1.Ұзақ сақталып, өзін - өзі реттеуші ландшафты. Бұлар халық шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекеттерге байланысты түзіледі.
2.Көпжылдық, жарым - жартылай реттелуші ландшафт. Ландшафтының бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін, жол тораптарын, шабындық пен жайылымдық жерлерді жатқызуға болады. Оларды халық шаруашылығы айналымынан шығарып алмау үшін мезгіл - мезгіл жаңғыртып отыру керек.
3.Қысқа мерзімді, ұдвайы реттеп отыруды қажет ететін ландшафт. Бұларға егінжай, елді қоныс, кен орыны, саялы жер жатады. Олардың шығу тегі мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай - қайсысы болсын жыл сайын өңдеп күтуді қажет етеді.Мысалы, егістік жер жыл сайын агротехникалық өңдеуден өткенде ғана тұрақты өнім береді.

Тропиктік ландшафт - негізінен 20° - 30° солтүстік ендік және оңтүстік ендік аралығында жатыр. Тропиктік ландашфттарда құрғақ және ыстық тропиктік климатты қалыптастыратын пассаттық айналым басым; жер шарындағы ауаның ең Жоғарғы температура көрсеткіші байқалады. Құрлықтардың (әсіресе Африка мен Азияда) батыс және орталығы бөліктеріндегі өте үлкен кеңістікті алып жатқан ландшафттың шөлдік және шөлейт түрлері кең таралған. Үлкен аумақтарда беткі ағын жоқтың қасы, өзендерінің көбі құрғап қалады. Шөлдерде көбіне топырақ жамылғысы болмайды, өсімдіктері сирек. Құрлықтардың шығыс шетіндегі (әсіресе Оңтүстік және Шығыс Азия, орталығы Америка) Тропиктік ландашфт аймағында мұхиттардан келетін муссондар мен пассаттар әсерінен ылғалдылық өте жоғары. Шөлейттер мен шөлдер саванналарға, жапырағын тастайтын және мәңгі жасыл ормандарға ауысады. Құрлықтардың батыс және орталығы бөліктері көбіне жайылымды мал шаруашылығы мен суармалы егістік орталығы, шығысында суармалы (сонымен қатар террасалы) және тәлімі жер, плантациялық шаруашылығы (күріш, батат, цитрус, құрма, банан, ананас, т.б. тропиктік және субтропиктік дақылдар) дамыған. Тропиктік ландашфттарда мұхит суының температурасы мен тұздылығының жоғары болуымен сипатталады.
Тропиктік ландшафттағы орманды белдемдеріне жазы ыстық, қысы жылы климат тән. Өсімдік вегетациясы жыл бойы тоқтамай жүреді. Бұл белдемдердегі өсімдік вегетациясының қарқыны жылу мөлшерінің маусымдық өзгерістерінен гөрі ылғалдану сипатының өзгерісімен байланысты. Орман тропиктік белдеудің шығыс аймақтарында, Солтүстік Американың оңтүстік-шығысында, Орталық және Оңтүстік Америкада, Африканың және Австралияның шығысында таралған. Ұдайы ылғалды ормандарда қызыл-сары латериттік топырақта мәңгі жасыл ағаштар өседі. Маусымдық ылғалды ормандарда қызыл ферралит топырақта мәңгі жасыл ағаш түрлерімен қатар құрғақшылық кезеңде жапырақ тастайтын ағаштар өседі. Субтропиктік белдеудегі орман белдемі - гемигилей муссондық аралас орман' және жерорта теңіздік құрғақ ормандар мен бұталар белдемшелерінен тұрады. Гемигилей бүкіл жыл бойы ылғал өте мол түсетін аудандарға тән (Солтүстік Американың оңтүстік-шығысы, Бразилия таулы үстіртінің оңтүстігі, Оңтүстік-шығыс Африка, Жаңа Зеландияның солтүстігі). Мұнда қызыл-қоңыр, сары және қызыл топырақта мәңгі жасыл ормандар өседі. Азияның, Солтүстік және Оңтүстік Американың, Австралияның климаты муссондық шығыс шеткі аудандарында лианалар шырмаған, орман асты шілігі қалың, көп қабатты аралас ормандар өседі. Климаты жерортатеңіздік аймақтарда (негізінен Жерорта теңізі төңірегі) орманның қызыл қоңыр топырағында қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар (маквис, гаррига, фригана, т.б.) таралған.
Жылдың орташа температурасы 18-20°С-тан төмен болмайды. Ең төменгі температураның өзі 0°С шамасыңда болады. Жаңбыры көп және ол жылдың барлық мезгілдеріңде бірқалыпты жауады. Жылдық ылғалдылықтың мөлшері 8000 -- 10000 мм-ге дейін жетеді. Өсімдіктер жабыны тұтас (сомкнутый), көп ярусты. Оның құрамында өсімдіктердің көптеген өмірлік формалары, экологиялық топтары және алуан түрлі түрлері бар. Жаңбырлы тропикалық ормаңдар батыс ендікте де, шығыс еңдікте де жақсы жетілген. Құрылысы жағынан, түрлерінің құрамы жөне олардың комплексі (ассоциациясы) жағьшан бұл ормандар біркелкі емес. Олардың тіршілік формаларының ішіңде ағаштар -фанерофиттер айқын басымдық көрсетеді. Түрлерінің саны жағынан ағаштанған лианалар ағаштардан аз болмайды. Тек орман арасыңдағы ашық жерлерде (прогалинах), негізінен су жағалауларыңда, шоптесін өсімдіктердің қауымдастықтары (ассоциации) -- биік шөптер түзіледі. Олардың құрамыңда банандар (Мша туысы), аройниктер), канналар (Саппа туысы), папоротниктер бегониялар бар.
Тропикалық егіншілік ауданы әлем егіншілігінің 20% құрайды. Бұл белдеуде өсетін көп дақылдар басқа жерлерде өспейді. Тропикалық жағдайда бір жылда дақылдардан үш өнім алу мүмкіншілігі бар.
Тропикалық ылғалды - орман белдеуі үшке бөлінеді:
- Америкалық бөлігі - Орталық Американы және Оңтүстік Американың көп бөлігін қамтиды;
- Африкалық бөлігіне Конго өзенінің су алқабы және Гвиней шығанағы жағалауы жатады;
- Австралия - Азия бөлігіне Азияның Оңтүстік түбектерімен, Австралияның Солтүстік жағалаулары және солардың арасында орналасқан аралдар жатады.
Тропикалық ылғалды-орман жерлердің жалпы ауданы 2230 млн.га құрайды. Бұл жерлердің топырақтары екі аймаққа бөлінеді: біріншісі қызыл-сары ферраллит топырақтар аймағы, екіншісі муссонды тропикалық ормандар мен биік шөпті саванналардың қызыл топырақтар аймағы.
Қызыл-сары ферраллитті топырақтаржылы және ылғалды жағдайларда қалыптасады. Бұл аймақта күн мен түн температурасы айтарлықтай өзгермей 25-270° С құрайды. Ылғалдық та жыл бойы біркелкі таралады. Жауын-шашын 1800-2000 мм-ге дейін болуы мүмкін. Жылдық ылғалдық коэффициент әр қашанда бірден жоғары болады, ал айлық коэффициент 5-10 дейін көтерілуі мүмкін. Жыл ішінде 1-2 құрғақ ай маусымында ол 0,5-0,3 дейін төмендейді. Жауын-шашынның 20% нөсер болғандықтан топырақтар су эрозиясына жиі ұшырайды.
Тропикалық ормандар-аса өнімді өсімдіктер қауымдастығына жатады және қарқынды биологиялық айналымды қалыптастырумен сипатталады. Орманның жылдық органикалық қалдықтары 1 гектарға шаққанда 250-400 ц құрайды, олардың құрамында күл заттары 5,6% ал, азот 1,0% болуы мүмкін.
Қызыл-сары ферраллиттік топырақтың А қарашірінді қабаты қалыңдығы 12-17см., түсі қоңыр-сұр, түйіртпектігі ұсақ кесекті. Қарашірінді мөлшері жоғарғы 5-7см қалыңдықта 4-5%, ал төменгі қабаттарында 1-2%. Оның астындағы АВ қабаты қызғыш-құба немесе сарғыш - құба өтпелі қабат, қалыңдығы 25-50см. Өтпелі қабаттың астында В-құба-қызыл немесе құба-сары қабат орналасқан. Бұл қабат біртіндеп ашық түсті топырақ түзуші жынысқа - ферраллиттік үгілу қыртысына өтеді. Оның қалыңдығы ондаған метрлерге жетуі мүмкін. Топырақ және үгілу қыртысы реакциасы қышқыл - рН 4,0-5,5. Сіңіру сыйымдылығы 100г топырақта 3-6м-экв, қарашірінді қабатында бұл көрсеткіш 10-13м-экв құрайды. Негіздермен қанығуы 50%.
Қызыл ферраллитті топырақтардың термикалық жағдайлары қызыл-сары топырақтарға ұқсас, бірақ бұл аймақта жауын-шашын мөлшері біраз кемірек (1300-1800мм), ал құрғақ кезең 3-4 айға созылады. Абиотикалық факторлар
Биік шөпті саваналарда шөптер бойы 4м-ге дейін болуы мүмкін. Қызыл ферраллиттік топырақтардың ерекшеліктері: 1) жыл бойы су режімінің өзгеруі-құрғақшылық кезеңінде топырақтардың терең құрғап кетуі; 2) температураның әсерінен темір тотығы ыдырап кетеді соның нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабаттары қызыл түсті болып қалады; 3) қарашірінді қабаты күңгірт-құба түсті, қалыңдығы 30-40см, мөлшері жоғарғы қабатында 4%, құрамы фульваттық; 4) темір гидрототықтарының конкрекций пішінде тұнба қатпарлар пайда болу ықтималдығы (латеритизация үрдісі) көп.
Латеритизация (лат. later) - топырақ ерітінділерінің бүйірге қарай қозғалысында темір қоспаларының жиналуы.
Қызыл ферраллитті топырақтарда темір тотықтардың әсерінен топырақтар түйіртпектігі ұсақ кесекті болып жақсарады. Темір конкрециялар, кейбір жерлерде тұтас цементтелген темір конкрецилер (пизолитті латеритті қабат) қабаттары байқалады.
Тереңде жатқан латеритті қабаттар ылғалды күйінде жеңіл кесіледі, бірақ жер бетіне шығып кеуіп қалған жағдайда аса қатты латериттік тас қабыққа (кирасқа) айналады. Бұндай топырақтар егіншілікте көп қиыншылықтар тудырады.
Күңгірт қызыл және күңгірт ормандық тропикалық топырақтар. Бұл топырақтар негізгі жыныстар мен әктастарда қалыптасады. Оларды маргалитті немесе ферралитті - маргалитті топырақтар деп атайды. Қызыл-сары қызыл топырақтардың гранулометриялық құрамы құмбалшық, сіңіру сыйымы жоғары, 100г топырақта 30м-экв болады. Қарашірінді мөлшері көп емес, бірақ реңі қүңгірттеу, қышқылдығы әлсіз. Құрамындағы каолинит, монтмориллонт минерал топтарының маңызы зор. Бұл топырақтар егіншілікке кең қолданылады. Күңгірт-қызыл және күңгірт топырақтардың ауданы 40млн. га. Олар Оңтүстік Азия, Индонезия, Оңтүстік Америка және Африкада тараған.
Амозонка, Конго өзендері ойпат алқаптарында орман ферраллитті қопалы топырақтары қалыптасқан. Ауданы 220млн. га құрайды. Бұл топырақтарды игеру үшін құрғату мелиоративтиік шараларды қолдау қажет. Тропикалық аллювиалды топырақтар 120млн.га аумақты алады. Су көтерілу аймағында тропикалық батпақ және мангролы сортаңданған топырақтар қалыптасады.
Ылғалды-орманды тропикалық аймақта егіншілікте пайдаланатын жерлер 5% (120 млн.га) құрайды. Бұл жерлерде күріш, қант қамысы, батат, маниок, кофе, какао, майлы пальма, каучук ағаштары, банан, ананас өсімдіктері егіледі.
Топырақтардың құнарлылығын арттыру, бір жылда бір неше өнім алу үшін арнайы минералдық тыңайтқыштар кешенін қолдау және топырақ қышқылдығын төмендету қажет. Эрозияға, латериттік қабаттар болмауына қарсы күрес шараларын қолдану бұл топырақтарда өте маңызды болып табылады.
Жалпы осы аймақтарда дұрыс мелиоративтік шараларды қолданса егіншілік ауданын 5-6 рет арттыру мүмкіншілігі бар.
Тропикалық ксерофитті - орман және саванна аймақтары топырақтары 1460 млн. га аумақта тараған. Олар көбінесе шығыс жарты шарында таралған. Индо-Африка Конго су алқабы, Индонезия аралы және Австралия. Батыс жарты шарында - Орталық Америкада (Сан-Франциско өзенінің су алқабы, Анд таулары етектері, солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс Бразилия, Парагвай).

Бұл аймақтарда топырақтың екі типі кездеседі: қоңыр-қызыл және қызыл-құба топырақтар басымырақ, жауын-шашын жылына 1000-1300мм, жылдың құрғақ кезеңі 4-5 айды құрайтын жағдайларда қалыптасады. Олар көбінесе ферраллитті құрамға ие болады. Қарашірінді мөлшері 2%, қалыңдығы 25-30см, құрамы гуматты-фульватты, рН-5-6, негіздермен қанығуы 50% - дан асады.
Минералдардан каолинит тобы басым келеді, гранулометриялық құрамы балшықты, сіңіру көлемі аз (100г топырақта 4-6м-экв.).
Қызыл - құба топырақтар. Бұл аймақта жылына 800-1000мм. жауын-шашын болады, ал құрғақ мерзім 6 айдан көп созылуы мүмкін. Құрғақ саваннада шөп жамылғылар арасында сирек өсетін биік ағаштар (баобабтар т.б.) ұшырайды. Жаз кездерінде, әсіресе жылдық жауын-шашынның 75% мөлшері түскенде, құрғақ саваннада көгерген шөптердің бойы жоғары болады. Ал қыста, алты ай құрғақшылық мезгілінде, ағаштар жапырақтарын тастап, шөптер қурап қалады, органикалық заттар топырақ үстінде шіриді. Топырақ түйіртпектігін жақсартуда құмырсқалар мен термиттердің тіршілігі аса маңызды іс атқарады. Қызыл-құба топырақтардың құрамы ферралитті (каолинит-иллит-монтмориллонитті). Қарашірінді мөлшері 1%, қарашірінділі қабат қалыңдығы 20-25 см, реакциясы әлсіз қышқылдан әлсіз сілтіліге дейін, қарашірінді типі гуматты - фульватты. Топырақ кескінінің төменгі жағында иллювиальды карбонатты қабат орналасқан, сіңіру кешені негіздермен қаныққан. Микротүйіртпекті түзетін жылжымалы темір мөлшері көп болады.
Гималай Аюы - қоңыр аюға қарағанда денесі шағын, сымбаттырақ, тұмсығы да жіңішке. Жүні қара , қалың әрі үлпілдек. Шөп қоректі. Жыртқыштығын көп көрсетпейді.
Үлкен панда , немесе бамбук аюы Оңтүстік Қытайың тауларын мекендейді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Оның аяқтарында басқаларына қарсы орналасқаналтыншы бармағы да бар. Олар бамбуктың жұмыр сабағын ұстауға көмектеседі. Олар ұзақ ұйқыға жатпайды.
Үнді тырнасы немесе антигона - өте сенгіш құс. Қолға тез үйренеді, кейде тіпті күзетші - иттің де орның жоқтатпайды. Үндістанды , Бирманы , Камбоджаны, Вьетнамды мекендейді. Өсімдіктерді , кесіркелерді , жыландар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Оңтүстік Африка тау үстірті
Ландшафттану курсы туралы
Ландшафт компоненттері арасындағы байланыс
Кеген өзені алабы
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Өсімдіктер мен шөлдер
Пәндер