Қаржылық есеп беру жайлы



§1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектін ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық кызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Талассыздык,. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ

§1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның
қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондай-ақ мемлекеттік органдар т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектін
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-
ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық кызметін жедел басқару
үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты
(бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
(үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып
табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,
соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың
төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал
шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Талассыздык,. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниеттің кез жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын (оқиғаларын
бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған)
мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Каржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдерді олардын ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер
етуі мумкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтығын
қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың
пайдалылығы мен мазмұндылығын артгыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір
есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ен басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып
табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде
жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және
жедел (оперативтік) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын
бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша
жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өңдірістік және қаржылық
қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып,
жинақталған деректерден жасалады. Кандай кезең үшін берілгендігіне қарай
есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріңдегі барлық мәліметтердің
(деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін
толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден
өтеді. Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле салады).
Екінші кезең. Есеп мәліметгері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО,
ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезец. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс
қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беру т.б.).
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады. Есеп
беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында
саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде
жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердін көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету ушін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы
есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№2 "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін
ашып көрсету" (2 БЕС); "Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
беру" (3 БЕС) және "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру" (4 БЕС)
арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында)
немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті
органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша);
жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп берелі.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай
ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті
жылдан кейінгі келесі жылдың I наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік
есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық
органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары,
құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның
барлық кажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы
кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол
қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы
жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін
жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп тапса, оңда ол есепті айдан кейінгі бірінші
айда жасалады.
Сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық
бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін
берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады. Мұндайда өткен
жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер
енгізілуі мүмкін.

Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды
жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және
олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі
қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес
келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе
бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық
табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-
жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде
жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп
мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды дәлдеу
(анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе түгелдеу)
деп атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу) – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты
элементгерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша каражатарының, аяқталмаған
өндірістің, тауарлы-материалдық құңдылықтардың, материалдық емес
активтердің, негізгі кұралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың
есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет
түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын
жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның
көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар
бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге
бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында
жасалады, Оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін
баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы
органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгеңдеу, тек қана
түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға,
кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі
құралдардың саны т.б.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі
мүмкін:
- жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, койған мақсатына және
мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
- кезектен тыс - бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша,
органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның кезінде, табиғи
апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік ұйымдастыру"
стандартына сай етіп жасалынады. Онда онын кезектілігі, түгендеуді
жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар
қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді,
оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын
олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп
тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және
өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді
тексеру кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу
нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем
шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-
материалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге,
есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде,
сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге;
мүліктің сақталуын камтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі
түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-
материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі
бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға
түскендерді бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе
артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға
біле тұра дұрыс емес деректерді енгізгені үшін Қазақстан Республикасының
Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу
комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін
немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара
бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері
де катыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы
бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өндеу жұмыстары іріктеу
әдісімен тексеріледі.
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның
деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың
арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін
көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті
бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері
қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға
бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету
үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық
құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайлар
қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың
тұрған орындарында сақталады.
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған
мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы
алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде
анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік
ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның
жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен
мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде
материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясына егжей-тегжейлі
түсініктеме берді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты
жүмыс істейтін түгендеу комиссиясының қарауына беріледі және оны кәсіпорын
басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен
кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы
(пересортицасы) бойынша олардың артық не кем шығуын есепке (зачетқа)
алганнан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың
жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты
адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде қаралады
да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн
айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол
түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты
адамның мойнына қойылмау себептерін ашьш көрсетеді. Есеп айырысудың барлық
түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен,
сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен,
депоненттермен және баска дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды
түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардьщ мұқият
негізделгендігіне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін
барлық сатып алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын
тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері
жазылады.
Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын
растауға немесе өздерінің толық келіспейтінідігі туралы хабарлама жасайды.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк
мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға
бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп
айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша
кәсіпорынның балансында реттелмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте
тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен
негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек
сомалары, сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да
тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген
шоттардың аттарын атап, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық
берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және
дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн. Берешектің
көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама
тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен-
жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, қай уақыттан бері
және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықталған
бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен
дебиторлық берешек, өңдіріліп алынуы неғайбыл басқа да қарыздар кәсіпорын
басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті кағаздар бойынша резерв
қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар
негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың
бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
- артық немесе кем шыққан кезде олар өзара зачетқа жатқызылады, бірақ
зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;
- артық шықкан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалай
қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың артық
шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
- құндылықтардың кемуі (жоғалуы) белгіленген тәртіпте бекітілген
нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не айналым
шығындарына көшіріліп жазылады;
- материалдық құндылықтардын, акшалай каражаттың және басқа мүліктің
кем шыққандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған
жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар
анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған
жағдайларда кем шыққан мүліктер және ысыраптардан келген зияндар шаруашьшық
кызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының колда бар
құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінле
анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын
түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері
түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу
бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.
Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерлік
цехтардан, коймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толық
түскен (немесе тұспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі
барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдардың
амортизациясын, демалыс төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған
резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы
кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен
топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ процентін
не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты
өзіндік құнын анықтап, оны өңдірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды
тексеруі қажет.

Қаржылық есеп беруді жасау

Қаржылық есеп беру құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық қаржылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы
есеп беру және түсіндірме хаттамасы (жазбасы) кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі
қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және
сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы
әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
-инвесторлар - жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың
алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға
салған инвестициясын сатудағы немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың,
немесе өз үлесін сақтаудың қажеттілігін анықтау үшін; кәсіпорынның
келешектегі күтілетін девидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет
ақпараттарды талап етеді;
- кредитор - алған карызын және төленетін пайызын өтеу қабілетгілігін
(мүмкіндігін) анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар — кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын
қабілетін тексеру үшін қажет ақпаратгарды талап етеді;
- сатып алушы — кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра
алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер — кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына
мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысын және басқа жеңілдіктері мен
төлемін алады, ал акционерлер - тұрақты түрде дивиденд алып тұруын
көздейді;
- Мемлекеттік органдар — кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс
істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты
(салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық
мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық - жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді
мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға (алуға) мүдделі болып
келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға,
несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын
бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың
басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз
септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушылардың әртүрлі
мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның
қызметіне капиталдың жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі
талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда); кәсіпорыннан алған меншік
капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы
тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін
ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға
мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір
ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі
ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші
субъект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық
мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында
(жазбасында) баптардьщ жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы косымша
мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіңдіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру
кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымның қызмет түрі, занды
нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады.
Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі -
мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық календарлық жыл
саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін - занды тұлға ретінде
статусын алған күнінен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін
саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы
бар (жылына бір реттен кем болмауы керек).
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің басқа
да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалык мазмұнға сәйкес
көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып
табылады.
Актив — бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және
мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде
көрсетіледі.
Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады,
бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты,
қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар
үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын
активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге
айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік
иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар,
қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия,
"ноу-хау", гудвилл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес
те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және
оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе кайта
өңдеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз
меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды
пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен
оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірак олар
уақыт кеңістігінде әр уакытга бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға,
аяқталмаған құрылыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды
қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін
жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдық екпе
ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірақ бұл активтердің түпкілікті
өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер — бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас
тарту, ал кредитор карызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге
құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу
қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда
болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект
келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу
жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-
ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып
саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).
меншік капиталы — бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі.
Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класска бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша
төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп
беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған
кезде қажет. Егер де баланс активінің құрылымында меншік капиталының үлес
салмағы көп болса, онда ол өзінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын
көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық
қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижесін өлшеу
элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердін өсуі, не міндеттемелердің
азаюы шығыс - бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің
көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы
субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын
таратып беру - шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне
(өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға,
өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және
т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан
алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар - бұл субъектің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.
Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті
сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық кұндылықтардан,
жалға беруден, инвестициялық қызметгерден түсетін табыстары жатады. Ал
негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралды,
материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және
пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары
жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар
және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток)
нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша
қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян
экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша,
шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та
саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухгалтерлік балансқа
енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және
мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:
- кез келген болашактағы олжаның осы баптарда көрініс табу
ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- баптың кұны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен
олардың кұны анықталуы мүмкін, сонын нәтижесіңде олар (активтер мен
міндеттемелері танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың
келесі түрлері бар:
бастапқы кұны - активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және
олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен
сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың тоғысуының (салдарынан)
қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;
ағымдағы құны - активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс
табады, егер де осы немесе осыған ұксас актив алынса, онда ол сол сомада
төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша
көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;
сату кұны - активтер өзінің сатылған құны (ақша қаражатының сомасы)
бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша
көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың
өтелуін талап етеді;
дисконтталған құны - активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының
дисконтталған кұнын білдіреді, ағымдағы кұны бойынша көрініс табады, ол
субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі (немесе
қортындыланады);
баланстық құны - актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі
бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді
бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да
бағалау әдістерін пайдаланады.
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны
жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық
пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың
басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл
басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы
бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір
баптарымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса)
сәйкестендірілуге тиіс.
Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік
ұсыныстарында анықталған ақпараттардан тұруы тиіс.
Баланс Бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығының негізінде жасалады.
Ол міндетгеме, меншік капиталы, активтер деген белімдерден тұрады. Активтер
мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің өзара зачет жасалуы
рұқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі
керек, немесе бұрып қоюға болмайды (мысалға, дебиторлық қарызды,
кредиторлық қарызбен жабуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ МЕН БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Есеп регистрлерінің түрлері
Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық және халықаралық стандарттары
Нарықтағы консалтингтік компаниялардың даму деңгейі
Қаржылық есеп және оның мәліметтерін пайдаланушылар
Кәсіпорынның қызметі
Қаржылық есептіліктің Италияда дамуы және Қазақстан Республикасындағы қаржылық есептілікпен салыстыру
Берешек қарыздарды талдау
Пәндер