Елдегі адам дамуының деңгейін көтерудегі денсаулық сақтау жүйесінің ролі



1. Жалпы түсінік.

2. Елдегі адам дамуының деңгейін көтерудегі денсаулық сақтау жүйесінің ролі.

3. Өмірдің болжалды ұзақтығы.

4. Елдегі аймақтар, қала жəне ауыл халқы, жыныс жəне т.б. бойынша коэффициенттерді салыстыру.

5. Бағдарламалар тиімді болулары үшінгі шарттар.
Бүгінгі таңда ауру-сырқаусыз адамдардың денсаулығы туралы әңгіме қозғау – өзекті мәселе, оның елеулі аспекті ретінде өсімпаздық денсаулық бой көтереді. Денсаулықтың отбасы үшін маңызды мәні бар, оның қосылғыштарының кейбіреулері – отбасын жоспарлау, ана мен баланың денсаулықтарын қорғау. Осы мәселелер хақында аталмыш тараудың жеке параграфында айтылады.
Денсаулықтың қоғам дамуындағы маңызды фактор екендігі баршаға аян. Кез-келген қоғамның аман-саулығы отбасының ырысынан басталады. Сондықтан дені сау отбасының кездейсоқтық емес екендігі расталады, ол денсаулық қорғау саясатын әзірлеуге жауапты адамдардың күш-жігерлерінің арқасында құрылады. Осыған байланысты әр елдегі адам дамуының деңгейін көтеруде денсаулық сақтау жүйесінің ролін ашып көрсету керек. Адам дамуының тұжырымдамасы ұзақ жасауды ұзақ жəне салауатты өмір сүру қабілеті тұрғысында түсіндіреді. Адам дамуы туралы бірінші Баяндамада осы ұғым нақ осылай беріледі. Адам əлеуетінің (потенциалының) жан-жақты дамуы үшін бір физикалық ұзақ жасаудың жеткіліксіз екендігі айқын. Оның үстіне, адам санасында ауру күйде ұзақ өмір сүру, дұрысы, бақытсыздық ретінде қаралады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы денсаулыққа “толық рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық жай-күйі” ретінде анықтама береді. Осындай ауқымды жəне адамгершілік түсіндірмемен келіспеу мүмкін емес, бірақ сонымен қатар оның конструктивті емес (сындарсыз) екендігі айқын, өйткені ол сан жағынан бағалауға көнбейтін “аман-саулық” ұғымын мазмұндайды жəне соған қарай оны практикалық медициналық-демографиялық зерттеулерге пайдалану мүмкін емес. Алайда бұл арада мынаған сүйену керек, рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық денсаулықтың өзара тығыз байланысты ұғымдары.
Денсаулығы мықты адамның денсаулығы нашар адаммен салыстырғанда əлеуметтік сəттілік пен рухани өсу биіктеріне қол жеткізу мүмкіндіктері мол.
1. БҰҰДБ. 1990 жылғы адам дамуы туралы Банядама. – Нью-Йорк: Оксфорд Юниверсити Пресс, 1990.
2. Адам дамуы: əлеуметтік-экономикалық прогрестің жаңа өлшемі: Оқу құралы / проф. В.П. Колесов (МГУ экономика факультеті) пен Т. Маккинлидің (БҰҰДБ, Нью-Йорк) жалпы редакциясымен шыққан. – М.: Адам құқықтары (Права человека), 2000.
3. Адам дамуының индексі: аймақтық аспект / Мақалалар жинағы / А.А. Саградовтың жалпы редакциясымен. – М: МАКС ПРЕСС, 2001. – 88 б.
4. Борисов В.А. Демография: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – М.:
Нота Бене Медиа Трейд Компания, 2003. – 123-268-бб.
5. Медков В.М. Демография: Оқу құралы. – Дондағы Ростов: Феникс, 2002. – 192- 297-бб.
6. Əлеуметтік статистика: Оқулық / РҒА корреспондент-мүшесі И.И. Елисееваның ред. – М.: Қаржы жəне статистика, 1997. – 270-289-бб.
7. Қазіргі заманғы демография / А.Я. Кваша, В.А. Ионцев редакциясымен. – М.: Мəскеу университетінің баспасы, 1995.
8. Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарлау / Бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілер жинағы / К.Н. Келімбетовтың жалпы редакциясымен. – Алматы, 2002.
9. Бір өмір – екі əлем (өзгерістер кезеңіндегі еркектер мен əйелдер). Əлем халқы. – UNFPA. 2000.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Жалпы түсінік.

2. Елдегі адам дамуының деңгейін көтерудегі денсаулық сақтау жүйесінің
ролі.

3. Өмірдің болжалды ұзақтығы.

4. Елдегі аймақтар, қала жəне ауыл халқы, жыныс жəне т.б. бойынша
коэффициенттерді салыстыру.

5. Бағдарламалар тиімді болулары үшінгі шарттар.

Бүгінгі таңда ауру-сырқаусыз адамдардың денсаулығы туралы әңгіме қозғау
– өзекті мәселе, оның елеулі аспекті ретінде өсімпаздық денсаулық бой
көтереді. Денсаулықтың отбасы үшін маңызды мәні бар, оның қосылғыштарының
кейбіреулері – отбасын жоспарлау, ана мен баланың денсаулықтарын қорғау.
Осы мәселелер хақында аталмыш тараудың жеке параграфында айтылады.
Денсаулықтың қоғам дамуындағы маңызды фактор екендігі баршаға аян. Кез-
келген қоғамның аман-саулығы отбасының ырысынан басталады. Сондықтан дені
сау отбасының кездейсоқтық емес екендігі расталады, ол денсаулық қорғау
саясатын әзірлеуге жауапты адамдардың күш-жігерлерінің арқасында құрылады.
Осыған байланысты әр елдегі адам дамуының деңгейін көтеруде денсаулық
сақтау жүйесінің ролін ашып көрсету керек. Адам дамуының тұжырымдамасы ұзақ
жасауды ұзақ жəне салауатты өмір сүру қабілеті тұрғысында түсіндіреді. Адам
дамуы туралы бірінші Баяндамада осы ұғым нақ осылай беріледі. Адам
əлеуетінің (потенциалының) жан-жақты дамуы үшін бір физикалық ұзақ жасаудың
жеткіліксіз екендігі айқын. Оның үстіне, адам санасында ауру күйде ұзақ
өмір сүру, дұрысы, бақытсыздық ретінде қаралады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы денсаулыққа “толық
рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық жай-күйі” ретінде анықтама
береді. Осындай ауқымды жəне адамгершілік түсіндірмемен келіспеу мүмкін
емес, бірақ сонымен қатар оның конструктивті емес (сындарсыз) екендігі
айқын, өйткені ол сан жағынан бағалауға көнбейтін “аман-саулық” ұғымын
мазмұндайды жəне соған қарай оны практикалық медициналық-демографиялық
зерттеулерге пайдалану мүмкін емес. Алайда бұл арада мынаған сүйену керек,
рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық денсаулықтың өзара тығыз
байланысты ұғымдары.
Денсаулығы мықты адамның денсаулығы нашар адаммен салыстырғанда əлеуметтік
сəттілік пен рухани өсу биіктеріне қол жеткізу мүмкіндіктері мол.
Денсаулық пен ұзақ жасау – тек құраушылар, тек салдар ғана емес,
сонымен бірге адам дамуының аса маңызды алғышарттары. Мəселен, өндіріс
ауқымдарын үздіксіз ұлғайту қоршаған ортаның ластануы сияқты (ауаның,
судың, топырақтың, орманның ластануы) келеңсіз салдарларға ұшыратады, ол əр
адамның тіршілік əрекетіне теріс ықпалын тигізіп, адам денсаулығы үшін
қауіп төндіреді. Денсаулығы нашар адам толық шамада таңдау жасай алмайды,
бұл, өз кезегінде, экономикалық өсуді тежейді. Екі жақты байланыстың болуын
былайша тұжырымдауға болады: өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы мен денсаулықты
нығайтуға оң ықпал жасайтын сыртқы ортаның (экзогендік сипаттағы) əсеріне
байланысты себептерді біріктіреді, сол арқылы олар одан арғы экономикалық
даму үшін алғышарттар жасайды. Адам дамуы тұжырымдамасы жасалғанға дейін
халықтың өлім-жітімін зерттеу адамның денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына
ықпал ететін факторлармен ғана шектеліп келді. Жаңа тəсіл қарым-
қатынастардағы кері байланыстарға дейін таралынады. Осы көзқарас
тұрғысынан кестенің оң жақ бөлігі үлкен қызығушылық туындатады.
Еңбек өнімділігін жəне оның тиімділігін арттыру, бір жағынан, халықтың
əл-ауқаты мен тұрақты əлеуметтік даму тұрғысында елдегі экономикалық өсуге
қол жеткізу үшін қажет. Екінші жағынан, адам – экономиканың бас қозғаушысы.
Ел дамуының перспективалары денсаулық, білімділік деңгейіне, халықтың əл-
ауқатына тікелей қатысты болады. Барлық дамыған елдердегі əлеуметтік
саясаттың негізгі векторы болашаққа, адамға жасалатын инвестициялар болып
табылатыны кездейсоқ емес.
Адамның денсаулығы білім алу мен оны одан əрі жетілдірудің маңызды шарты
екендігі белгілі. Организм үшін қажет микроэлементтердің ауыз су мен
тамақта болмауы, стресс, қолайсыз экологиялық орта адам организміне зиян
келтіреді; аштық, шала тамақтану мен көптеген өзге факторлар оқу қабілетін,
зердені жəне зейінді төмендетеді. Барлық уақыттарда ұрпақтардың кəсіптік
мирасқорлығы, мəдени, моральдық-адамгершілік құндылықтарды аға буыннан жас
буынға табыстау бағаланып келді. Келесі ұрпаққа тəжірибені табыстау үшін
оны жинақтауға қажет уақыт керек. Іс-əрекетке қабілеттілікті сақтау
жағдайларындағы өлім-жітімді азайту осындай трансляция үшін мүмкіндік
туғызады.
Денсаулықтың тиімді еңбек ету қабілетімен, жеке жəне қоғамның əл-ауқатын
арттырумен байланысы біршама айқын. Денсаулықтың төмен деңгейі экономиканың
дамуына кедергі жасайды (өнімсіз еңбек, нашарлаған денсаулықты демеуге
жұмсалатын жоғары шығындар, мүгедектерді асырауға жұмсалатын əлеуметтік
шығындар үлесінің өсуі). Жоғары өлім-жітім – пайдаланылмаған еңбек əлеуеті
(потенциалы), таңдау құқынан айырылу. Ұрпақтардың жылдам ауысуы кəсіптік
биіктерге қол жеткізу үшін қажет уақыт резервін қалдырмайды. Кез келген ел
үшін адам дамуы деңгейіндегі ең елеулі айырмашылықтардың бірі еркектер мен
əйелдер арасындағы айырма болып табылады. Еркектер əдетте барлық əлеуметтік-
экономикалық көрсеткіштер бойынша басып озады. елдегі адам дамуының
деңгейін көтеруде денсаулық сақтау жүйесінің ролінғана бұдан өзгеше,
өйткені статистика бойынша əйелдер еркектерге қарағанда ұзағырақ жасайды.
Алайда əлемнің түрлі аймақтарында жұмыспен қамтылудағы, табыстар
табудағы, білім алудағы, денсаулықтағы, тамақтанудағы жыныстар теңсіздігі,
адам дамуы прогресіне демеу болмайды, дұрысы, оны тежеп отырады. Ана
денсаулығының нашарлығы келесі ұрпақтың сапалық əлеуетін (потенциалын)
төмендетеді. Өкінішке орай, алкоголь ішудің төмен мəдениеті, жаппай темекі
тарту, соның ішінде əйелдер мен жасөспірімдер арасында, нашақорлық, жыныс
қатынасы арқылы таралатын аурулар (ЖҚТА – БППП), өз денсаулығын сақтау
мəдениетінің жоқтығы халықтың денсаулығын бүлдіруін одан əрі жалғастыруда
жəне өмір сүру ұзақтығын көбейтуге теріс ықпал жасайды.
Халық денсаулығының жай-күйін өлшеуге арналған негізгі көрсеткіштер
ретінде демографиялық статистика көрсеткіштері қолданылады, олар:
• нəрестелер өлімі
• жалпы өлім-жітім;
• алдағы өмірдің болжалды ұзақтығы.
Нəрестелер өлімі дегеніміз – өмірінің алғаш қыжылындағы өлім (техникалық
ескертулерді қараңыз). Мұны тіркеудің мына жағдайларға байланысты бірқатар
ерекшеліктері бар, бір жасқа дейінгі балалар өлімі құрылымында шарананың
шетінеуі үлкен мəнге ие. “Перинаталды өлім” (“перинатальная смертность”)
термині кеңес практикасына 40-шы жылдардың соңында енгізілді, ол “босану
айналасындағы өлім” ұғымын білдіреді, ал 1974 жылы есеп жүргізудің
“Перинаталды өлім куəлігі” арнайы нысаны енгізілді. Балалар өлімінің
деңгейін есептеу кезінде 14 жасқа дейін қайтыс болған балалар назарға
алынады, бірақ халықаралық салыстырулар тұсында осы жас 5 жылға дейін
төмендейді. Мəселен, балалар өлімінің коэффициентін есептеу кезінде 5 жасқа
дейін өмір сүрмеген балалардың саны осы жас аралығындағы сондай балалар
санымен
салыстырылады.
Халық денсаулығының бағасы мен сипаттамасының негізгі критерийлерінің
бірі өлім-жітім индикаторлары болып табылады, олар өлім көрсеткіштерін,
соның ішінде жыныс бойынша, қала жəне ауыл халқы бөлігінде, жас топтары
бойынша, анықтаушы факторлардың ықпалы мен оны кешенді талдау үшін қажет
себептерді зерттеу үшін елдер мен аймақтар бойынша салыстыру үшін
пайдаланылады.
Өлім динамикасының қарқындылығына баламалы баға беру жəне оның
динамикасы үшін осы үдерістің халыққа таралу дəрежесін сипаттайтын
салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады. Солардың ішінде өлім-жітімнің
жалпы коэффициенті кеңінен танымал, ол бір жылда өлгендер санының халықтың
жылдық орташа санына қатынасы ретінде 1000 адамға есептегенде анықталады
(техникалық ескертулерді қараңыз).
Есептеу əдіснамасының қарапайымдылығы мен біркелкілігі түрлі елдердегі
өлім деңгейіне жəне əр түрлі уақыт мезгіліндегі динамикаға салыстыру
жүргізуге. Нəрестелер өлімінің көрсеткіші Қазақстан үшін өте маңызды жəне
балалардың денсаулығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің негізгі мақсаттары
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері
Кәмелеттік жасқа толмағандарды әлеуметтік қорғауда атқарушы органдардың қызметі
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала: қызметі, қаржы көздері
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы
Мемлекеттік қызмет
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Қарыз капиталының қорлануы
Мемлекетте медициналық қызмет көрсету жағдайы
Пәндер