Үнді-будда мәдениеті



I Кіріспе

а) Үнді.будда мәдениетінің қалыптасуы

II Негізгі бөлімі:

а) Буддизм қағидалары
ә) Буддизммен қатар джайнизмнің дамуы
б) Дзэн.буддизм ұғымы
в) «Махабхаратта» поэмасы

III Қорытынды:

Қазіргі адамдардың үнді . буддизмге қатнасы
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері».
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсуынан адам еш уақытта да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды мойындаудың мәні жойылады.
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан жаңғарады.
«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағда йында өмір
1.«Мәдениеттану», Алматы 2000 жыл

2.«Қазақ мәдениеті» 1998 жыл

3.«Дін қағидалары» 2002 жыл

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I Кіріспе

а) Үнді-будда мәдениетінің қалыптасуы

II Негізгі бөлімі:

а) Буддизм қағидалары
ә) Буддизммен қатар джайнизмнің дамуы
б) Дзэн-буддизм ұғымы
в) Махабхаратта поэмасы

III Қорытынды:

Қазіргі адамдардың үнді – буддизмге қатнасы

Қолданылған әдебиеттері:

1.Мәдениеттану, Алматы 2000 жыл

2.Қазақ мәдениеті 1998 жыл

3.Дін қағидалары 2002 жыл

Үнді – будда мәдениеті

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі – Үнді
мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б.2000 жылы шыға
бастаған көне мәдени мұралардың бірі – Ведаларды ала келіп, оны жергілікті
халықтың арасына кеңіне тарата бастады. Ведалар дегеніміз – діни сарындағы
дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің,
табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.
Үндінің атақты жасушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді Халықтың
қуаныш-шаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының
поэтикалық куәгері.
Шамамен б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді – арийлердің
діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені,
упанищадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән – мағынасы, адамды
ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен
мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді.
Ең бастысы – упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс
тапты. Брахман – абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан
тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы
Брахманда.
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына
қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге
дүниетанымдық қарым-қатнастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі
әдістерін қарастырады. Құрбандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын
(дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз карманың құрсуынан адам еш уақытта
да шыға алмайды. Кең мағынада алғанда карма дегеніміз - әрбір адамның
тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы
оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен мимансаны атеистік ілімге
де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан тұратындығын мойындайды.
Сөйтіп дүниені материалистік тұрғыдан сипаттаудың арқасында құдайды
мойындаудың мәні жойылады.
Веданта брахманизмде ерекше орын алады, тіпті қаншама ғасыр өтсе де
оның бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары бар. Х1Х ғасырда Веданта
мәселелерімен үндінің атақты ғалымы Вивеканада, ал ХХғ.Р.Тагор, тіпті
мемлекет қайреткері Д.Нерудің өзі де айналысқан. Веданта дүниенің
жаратылуын Брахманмен байланыстиырады. Бұл күйде Атман деп атайды, ол
адамды ажалдан құтқарады. Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі қайтадан
жаңғарады.
Санкхья материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл
ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағда йында өмір
сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенің ең жарлығы
басым, бірақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше, материя мен
рухты, яғни соқыр мен ақсақтың бастарын біріктірсе, олардың бойындағы
кемшіліктер мүлде жойылады, сөйтіп бұл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болды,
адам бейнесі қалыптасады. Оның тәндік болмысына қайғы-қасіреттер жазылған,
ал одан арылу үшін оған руханилылық материалдықтан бөлінуі шарт. Бұл-
өмірге келу мен өлімдер тізбегінің торынан шығып, нағыз бостандық пен
әділеттілікке жету жолы. Осы бір орайда, иогтардың ерекше рухани жағдайға
жетудің көптеген әдістерін жасағандығын айта кеткен жөн. Оған өзін-өзі
шектеу (аскетизм) және қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңіл күйде болу
және т.б. жатады, Үнді поэзиясының тамаша туындысы Махабхараттада санкхья
ілімі мен иог тәжірибелерін өзара байланыстырып, біріктіру қажеттігі атап
көрсетіледі. Иогта психикалық белсенділікті шектеп, басу тәсілдері мен кез
келген ақыл-ой қызметін тоқтату әдістерін қолдануға ерекше назар аударады.
Демек, иогтардың шынайыдарындылық қасиеттері мен құдіріттен басым түсу
қабілеттерінің сыры осы бір жағдайларға да байланысты болып келеді.
Ньяя логика заңдарына сүйенеді, оны ұғынып-білу – адамның жан
дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына
көмектеседі. Ньяя негізінен брахманизмнің соңғы жүйесі – вайшешикаға жақын
болып келеді.
Вашешика адам өміріне пайдалы шындықтың алты түрін көрсетеді
(субстанция, сапалылық, іс-қимыл (карма) жалпылық, ерекшелік мәнділік).
Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады және ол мәңгілік болып
саналады. Бірақ физикалық дүние атомдардан тұрғанымен, оның басты қозғаушы
күші карма заңдарына сәйкес әрекет ететін құдай болып саналады.
Брахманизмге о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі
және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі
тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне
байланысты. Ендеше, бұл дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда: адам
өлтірушілер – жыртқыш аңдарға, ет ұрлаушылар – қаршығаға, астық ұрлаушылар
– сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер – ит пен есекке, ал маскүнемдікке
салынған немесе ұрлық жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға айналады.
Брахмандарды сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін-өзі ұстай білуі,
мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын
табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады.
Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған,
будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер
варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты – Сиддахартха, ал оның анасы
әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның
жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы,
бұл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негізін қалаушы
- Махавира болды. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың
басты құралы ретінде – аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің
фанатизмінде шек болмады. Олар бұл өмірдің барлық рахатынан бас тартты,
басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да
бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа
дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр.
Махавираның жолына түскендер негізінен – сакудагерлер болады.
Будда өзінің діни уағыздарында брахманизмді де джайнизмді де сынға
алады. Брахманизмдегі байлық пен сән – салтанатты өмірге бойұрушылық, ал
джайнизмдегі аскетизм Будданы қанағаттандырмады, сондықтан да ол орталық
межені қалап алады. Ол өзінің негізгі діни көзқаратарын Бенерес уағыздары
атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Онда былай делінген рухани
тіршілігі таза адам бұл өмірде екі нәрседен арасын аулақ салу керек. Оның
біріншісі – сауық – сайран мен думанды қызыққа толы өмір, бұл адамның
рухына қарама – қайшы келетін бейшаралық, өткінші өмір, ал екішісі – ерікті
түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бұл өмір де мәнсіз, мағынасыз.
Рухани дүниесі бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан да өздерін алшақ
ұстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың
ақыл ой өрісін кеңітетін дұрыс жолға түсулері қажет. Бұл жол тармақтары
көп сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық
өмір, шындық ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы
қасиеттерін үнемі байыту болып табылады.
Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық
мынандай: өмірге келу – азап, қартаю – азап, жүрегің қаламайтын адаммен
қосылу – азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу – азап, көздеген мақсатына
жете алмау – азап. Ал осы аталған азаптардан құтылудың басты жолы – сегіз
салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу.
Будда ілімі адам бойындағы ізгілік адамгершілік қасиеттерді одан әрі
дамытуды насихаттайды. Онда былай делінген: Бұл дүниеде өшпеншілікті
өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп,
зұлымдылықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп
шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады.
Будда дін жолына шын берілген адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз
орындауға шақырады. Олар: зұлымдылықтың алдын алу, зұлымдық пен
қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пн қайырымдылыққа даңғыл жол ашу
адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау.
Будда ілімі үнді халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең қолдау
тапты. Будда өз шәкірттеріне арнаған сөзінде былай деді: Сендер бұ ілімді
дүние жүзінің барлық елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмірден
жәбір көрушілердің, байлар мен тектілердің бірдей екендігін, күндердің
күнінде үнді қоғамындағы бакрлық касталардың осы діннің туы астында
бірігетіндігін халыққа түсіндіріңдер. Шындығында да, будда дінін әлемнің
көптеген халықтары мен қоғамның түрлі топтары шын ықыластарымен қабылдады.
Адамзат дүниесіне, адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне құрметпен
қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктерден бас тартуға шақырып, Үндістан
мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен
Вьетнамда, Моңғолия мен Комбоджада кеңінен тарап, миллиондаған халықтың
құрметіне бөленеді.
Будда дінінің кеңінен таралуы жағдайында оның екі тармағы өмірге
келеді. Оның біріншісі – махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы –
хинаяна Цейлонда қалыптасты. Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек
сіңірген Нагарджуна болды. Будда дінінің бұл саласында Будда құдай
дәрежесіне жеткізіліп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде
адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері Буддамен байланыстырылады. Мұндай
жағдай, бір жағынан, брахманизмге білдірілген үлкен құрмет болатын, сөйтіп
буддизм үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінддерімен одан әрі
жақындаса түсті.
Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді.
Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы
пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне аса
назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады.
Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-
самурайлардың ықпалымен бұл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол
адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп
тұжырымдалды. ХХ ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне
де тарап, өзінің өміршендігін байқата бастады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни
наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты. Әрине, буддизмнің пессимистік
сарыны үнді халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа брахманизмнің жақын
идеялары одан гөрі жақындау болатын.
Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып,
үнді қоғамда айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын ешбір
қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл
сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік
негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер
варналарға бөлудің негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға
кірмеді. Варналарға бөлу – үнді қоғамның негізі болып табылатын село
қауымының беделін бұрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар басқарды,
қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке
белгілі бір мөлшерде салық төлеп тұрды.
Мемлекеттің басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бірақ олардың
билігін селолық қауымдар дер кезінде тежеп отырды. Әр діндар, әрі білімдщі
брахмандар кшатрийлерден жоғары тұрды және қоғамда үлкен роль атқарды.
Демек, брахмандар да, кшатрийлер де өз варналарында қалды, брахманның
отбасында өмірге келген жас сәби брахман болып қала берді, өйткені ол еш
уақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрылыс жүйесінің келесі
өкілдері вайшьилер және шудралар болды. Осы аталған төрт варна Үндістанның
касталық құрылысының негізін қалады. Ал Үндістанға қоныс аударып келген
түрлі халықтардың өкілдері бұрынғы касталарды толықтырып отырды немесе
өздерінің дербес касталарын құрды. Мысалы, кәсіптеріне сәйкес тас
қалаушылардың, ұсталардың, тері илеушілердің касталары құрыла бастады.
Касталық құрылыс жағдайында қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындау
талап етілді. Мысалы, касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тіпті
түрлі касталар өкілдері дастархан басында бірге отырып тамақ та іше
алмайтын болды.
Буддизм осы касталардың ішінде кшатрийлердің дүниетанымы реттінде
қалыптасты, сондықтан да болар, брахмандардың озбырлықтарынан зардап шеккен
қарапайым халықтың басым көпшілігі кшатрийлерді батыл қолдап отырды. Осы
орайда село қауымдарының буддизмнің әлсіреуіне себепкер болғандығын атап
өтпеске болмайды. Бір кездерде үнділер мен арийлердің мақтанышына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттану. Будда діні
Үнді — будда мәдениеті туралы ақпарат
Қазақстандағы будда діні
Будда діні құдіреті
Буддизм мен джайнизм
Британдық Индия
Үнді – будда мәдениеті туралы сипаттама
Христиан мәдениеті
Ежелгі Үнді діні
Үнді - будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде
Пәндер