Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты



Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарты – оның қаржылық жағдайын талдау. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, меншік иелері, коммерциялық серіктестіктер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен қолданылуын үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері тек қана оның жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша серіктестерін де қызықтырады, олар: мемлекеттік, қаржылық, салық органдары және т.б. Осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдаудың өткізудің маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың ролін арттырады, қаржылық талдау элементі болып табылады.
Нарық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай – ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады.
Қаржылық талдау – тиімді дамуды қамтамасыз етуге және оның нарықтық құнын көтеруге мақсатында кәсіпорынның қаржылық-шаруашалық қызметінің негізгі нәтижелерін және қаржылық жағдайын зерттеу процесі.
Қаржылық талдаудың негізгі зерттеу объектілері – қаржылық ресурстар, ақшадай құралдар ағымы, кәсіпорынның қаржылық жағдайы. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның іскерлік активтілігі және сенімділігінің маңызды мінездемесі болып табылады. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, іскерлік бірлестіктегі тұрақтылығын анықтайды, сол кәсіпорын сияқты, оның

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты 1
2 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негізі 2
3. Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері 3
4. Қаржылық жағдайды экспресс-талдау 4
5. Кәсіпорынның төлем қабілеті мен баланс өтімділігін талдау 5
6. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың көрсеткіштері 8
7. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін талдау
10
8. Кәсіпорынның нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің жүйесі 13
9. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерінің жүйесі және оларға
сипаттама 15
10. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдағын талдау 16

1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты

Кәсіпорынның қаржысын жемісті басқарудың ең негізгі шарты – оның қаржылық
жағдайын талдау. Нарықтық қатынастар кезіндегі қаржылық жағдайды
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие
болуымен, меншік иелері, коммерциялық серіктестіктер және басқа да
контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік қызметінің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы құралдарының құрылуы мен
қолданылуын үрдісін көрсететін көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы қаржылық жағдайы оның қызметінің соңғы
нәтижелерін көрсетеді. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері тек қана оның
жұмысшыларын ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық қызмет бойынша
серіктестерін де қызықтырады, олар: мемлекеттік, қаржылық, салық органдары
және т.б. Осының барлығы кәсіпорынның қаржылық талдаудың өткізудің
маңыздылығын анықтайды және экономикалық үрдісте осы талдаулардың ролін
арттырады, қаржылық талдау элементі болып табылады.
Нарық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты
мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті
зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай – ақ
олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады.
Қаржылық талдау – тиімді дамуды қамтамасыз етуге және оның нарықтық құнын
көтеруге мақсатында кәсіпорынның қаржылық-шаруашалық қызметінің негізгі
нәтижелерін және қаржылық жағдайын зерттеу процесі.
Қаржылық талдаудың негізгі зерттеу объектілері – қаржылық ресурстар,
ақшадай құралдар ағымы, кәсіпорынның қаржылық жағдайы. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы оның іскерлік активтілігі және сенімділігінің маңызды
мінездемесі болып табылады. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін,
іскерлік бірлестіктегі тұрақтылығын анықтайды, сол кәсіпорын сияқты, оның
әріптестерінің тиімді қызметінің кепілі болып табылады. Қаржылық жағдай
кешенді түсінік болып табылады және тұрақты қаржылық мүмкіндіктерді
көрсететін көрсеткіштер жүйесімен мінезделеді. Жақсы қаржылық жағдай – бұл
тұрақты төлем дайындығы, меншікті айналым құралдарымен жеткілікті
қамтамасыз етілуі және оны шаруашылық бағытта тиімді қолдану, анық есептік
ұйым, тұрақты қаржылық базаның болуы.

2 Қаржылық жағдайды талдаудың ақпараттық негізі

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
қаржылық есеп беру болып табылады. Қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

- бухгалтерлік баланс;
- табыстар мен шығындар туралы есептеме;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептеме;
- меншікті капитал ішіндегі өзгерістер туралы есептеме.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі
қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.
Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есептің № 2 БЕС
көрсетілгендей,- бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдай және
оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында
болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен
қамтамасыз ету болып табылады.
Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
1) ұзақ мерзімді активтер;
2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5) ағымдағы міндеттемелер.
Баланс қаржылық есеп беруде 3 элементі сипаттайды: активтер, меншікті
капитал және міндеттемелер. Қалған 2 элемент – табыс және шығын –
қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетілген.
Бухгалтерлік есеп – бұл қолданушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайы
және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық
жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл
ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Басқарушылық шешімдерді
қабылдау негізі есепті ақпаратта болады.
№ 4 БЕС сәйкес субъекттер жасаған “Ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға
мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық
(кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы
қызметтеріне жатпайтын өзге қызмет), инвестициялық (ұзақ мерзімді
алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке
капитала мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс
нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда
қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы туралы хабарламамен
қамтамасыз етеді.
Меншік капиталының қозғалысы - бұл субъектінің міндеттемесі
шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше класқа бөлінеді:
жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал,
таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай
бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс
пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса
субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық есеп беру қағидалары қаржылық есеп жүргізудің бастапқы
жайы мен қаржылық есепті құрудан тұрады. БЕС № 30 қаржылық есеп
саясыты мынандай негізгі қағидалардан тұру тиіс:
1) есептеу - қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде
жасалады,соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,
олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс
табады), ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады;
2) толасыздық - субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат
тұтпайды;
3) маңыздылық- қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс;
4) мәнділік - қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық
шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін;
5) дұрыстық - есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса;
6) шындық және алалықсыз ұсыну - қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс;
7) бейтараптық - қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы
болғаны абзал;
8) сақтық - кез келген шешімді қабылданған кезде сақтық деңгейін
сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ
міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек;
9) аяқтау және салыстыру - қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы
тиіс;
10) жүйелілік - пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның
әртүрлі есептік кезіңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру
керектігі.
Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін
классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі.
Экономикалық мазмұн қаржылық есеп беру элементері болып табылады.
Қаржылық активтер, Қаржылық жағдайды бух.баланс
есеп бағалаумен элементі
беру байланыстылығы
элементте
рі
міндеттемелер
меншік капилы
табыс Қаржылық-шаруашылық Табыс және шығыс
қызмет есебімен есебінің
байланысты элементтері
шығыс

Активтер- бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке
мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын көрсетеді.
Меншік капиталы- бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі.
Табыстар- бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің
нәтижесі.
Шығыстар- өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен
зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.

3. Қаржылық талдаудың әдістері мен тәсілдері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды:
1) ішкі (басқару) талдау;
2) сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етеді.
Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда
болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс
нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке
бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен
нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді
және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иессіздікті жояды. Ішкі талдау
басқару есеп негізінде жүргізіледі.
Басқару талдау - бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке
түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының
төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына
байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Сыртқы талдау қаржылық есеп
негізінде жүргізіледі, мұндағы бәсекелестік нәтижесінде өзгеріп
отыратын нарақтық конъюнктура жағдайында өзінің жағдайын нығайтуға
ұмтылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратетигиясы мен
тактикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді
пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативттер туралы
ақпараттар, коммерциялық құпияға айналады.
Қаржылық талдауды іске асыру мақсатына байланысты ол бірқатар белгілеріне
тәуелді әр түрлі формаларға бөлінеді:
а) жүргізу ұйымы бойынша:
- ішкі қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық менеджері мен оның
иелерінің барлық ақпараттық көрсеткіштердің жиынтығын қолдаумен жүргізіледі
(мұндай талдау коммерциялық құпия болуы мүмкін);
- сыртқы қаржылық талдау – кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің
нәтижесінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы сақтандыру компанияларының,
коммерциялық банктер, аудиторлық фирмалардың, салық органдарының
жұмысшылары іске асырады;
б) аналитикалық зерттеу көлемі бойынша:
– толық қаржылық талдау – кәсіпорынның бүкіл кешеніндегі қаржылық
жағдайын және қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық аспектілерін зерттеу
мақсатында жүзеге асырылады;
- тематикалық қаржылық талдау – кәсіпорынның қаржылық жағдайының жеке
мінездемесі және қаржылық-шаруашылық қызметінің жеке жақтарын зерттеумен
шектеледі;
в) қаржылық талдаудың объектісі бойынша:
- кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін жеке жауапкершілік
орталығын талдау;
- кәсіпорынның жеке қаржылық операцияларын талдау;
г) жүргізу мерзімі бойынша:
- алдын ала қаржылық талдау;
- ағымдағы қаржылық талдау;
- келесі (ретроспективті) қаржылық талдау.
Қаржылық талдау әдісі – талдау жүргізуге қолданатын қабылдаулар мен
тәсілдер. Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың
негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті
бөліп қарастыруға болады:
1) Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқұларын анықтауға
мүмкіндік береді.
2) Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы
нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық
көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері
бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға
мүмкіндік береді.
3) Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік
жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы
ауытқуын есептеуге негізделеді. Трендтік талдау әрбір есеп позициясын бір
қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің
дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көосеткіш
динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан
кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
4) Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
5) Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау.
6) Қаржылық коэффициенттер әдісі. Коэффициенттер салыстырмалы шамалар
болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік
ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетіледі.
Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында
болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық
жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және
олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға
мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды
көрсетеді.

4. Қаржылық жағдайды экспресс-талдау

Экспресс – талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы
мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Экспрес – талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
1) дайындық;
2) қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
3) экономикалық оқу және есеп беруді талдау.
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа
сәйкестілігі тералы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.
Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу. Бұл
есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау қызметтегі негізгі
көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің
мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.

Үшінші кезеңнің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы-
щарушылық қызметінің нәтижесін жалпылама бағалау болып табылады. Мұдай
талдау түрлі көрсеткіштер мүддесінде белгілі бір нақтыланған деңгейде
жүргізіледі. Сондықтан да объективті және әсіресе субъективті факторларының
әсерін есептегенде бұл талдауды жүргізудің түрлі варианттары болуы мүмкін.
Экспресс – талдаудың негізгі элементтерінің бірі, жылдық есеппен жұмыс
істей алу болып табылады, соның ішінде, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау
мен талдау үшін оның негізгі ақпараттық үлгісі болып табылатын бухгалтерлік
баланспен жұмыс істеу.
Экспресс – талдауды өткізгенде келесі коэффициенттерді есептеу керек:
- ағымдағы өтімділік коэффициенті:
Каө = АА АМ = ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелер
Каө ≥ 2
- меншікті айналым қаражаттарын қамтамасыз ету коэффициенті:
Кмақ= МАҚ АА=меншікті айналым қаражаттары ағымдағы активтер
МАҚ = МК – ҰМА = меншікті капитал – ұзақ мерзімді активтер
Кмақ ≥ 1
- егер аталған коэффициенттер нормативтеріне сай болса, төлем
қабілеттігін қалпына келтіру көрсеткіштерін есептеу керек:
Ктққ = (Каөа + М Ұ (Каөа – Каөб)) Каөн
М – төлем қабілеттігін қалпына келтіру мерзімі (6 ай);
Ұ – есеп беру мерзімінің ұзақтығы (ай);
Каөа, Каөб – ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есеп беру мерзімінің
аяғына және басына;
Каөн - ағымдағы өтімділік коэффициенттің нормативі.

Ктққ ≥ 0,1

Кесте 1 – Экспресс-талдау аналитикалық көрсеткіштер жүйесі

Талдау бағыты Көрсеткіштер
1 Шаруашылық субъектінің экономикалық потенциалын бағалау
1.1 Мүліктік жағдайды жалпы 1) активтердің жалпы құны (жалпы
бағалау капитал-валюта, баланс жиыны);
2) өндірістік мүліктің құны;
3) негізгі құралдардың құны және
олардың активтердің жалпы құнындағы
үлесі;
4) негізгі құралдардың тозу
коэффициенті
1.2 Қаржылық жағдайды бағалау 1) меншікті капитал және оның жалпы
капиталдағы үлесі;
2) қатыстырылған және меншікті
капиталдың арақатынасының коэффициенті;
3) ағымдағы өтімділік коэффициенті;
4) ағымдағы активтердегі меншікті
айналым қаражаттарының үлесі;
5) қорларды жабу (өтеу) коэффициенті
1.3 Осал баптардың болуы 1) жабылмаған зиян;
2) қамтамасыз етілмеген несие
2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелігін бағалау
2.1 Табыстылықты бағалау 1) жалпы, жиынтық және таза табыс;
2) таратылмаған табыс;
3) негізгі қызметтің табыстылығы
2.2 Өсіңкілікті бағалау 1) өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан және
жалпы (авансталған) капиталдан
алынған (ақшаның) табыстың салыстырмалы
өсу қарқыны;
2) жалпы, жиынтық және таза
табыстылықтың өсу қарқыны;
3) меншікті капиталдың өсу қарқыны
2.3 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық 1) ағымдағы активтердің айналымдылығы;
қызметінің тиімділігі мен 2) еңбек өнімділігі;
іскерлік белсенділігін бағалау 3) қор қайтарымдылығы;
4) өнімнің материалдық сыйымдылығы;
5) меншікті капиталдың табыстылығы;
6) жалпы капиталдың табыстылығы

5. Кәсіпорынның төлем қабілеті мен баланс өтімділігін талдау

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық
міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсінуі. Бірақ бұл
үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары
болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар
бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем
құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі)
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел
төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті
арқылы көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе
көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем
қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық
және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін
шаралар жасалады. Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған
жағдайларға байланысты ақша қаражатының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге
қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Акша қаражатын қарызға алу
қабілеттілігі әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол
кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен,
салалардағы жағдаймен, капиталдың қүрамы және құрылымымен анықталады.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді) төлем қабілетін бағалау үшін
өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады.
Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен
табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем
қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін колданылатын
баска да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс
табу қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін
анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта
кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі
түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының
жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.
Ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті (КАҚЖ) кәсіпорынның күрделі
шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін
табыс табу қабілеттілігін көрсетеді. Есептеу келесі формула бойынша
жұргізіледі:
КАҚЖ = Өнім өткізуден түскен табыс (Күрделі шығындар + Дивиденд төлеу +
Айналым қаражатының өсуі)
1-ге тең ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның сыртқы
қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын корсетеді. Егер бұл
коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі
есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға
қабілетті емес.
Ақша қаражатын капиталга айналдыру коэффициенті (КАҚА) кәсіпорын
активіндегі инвестиция деңгейін анык-тауда қолданылады жэне келесі формула
бойынша есептеледі:
КАҚА =(Өткізуден түскен табыс – төленген дивидендтер) (Алғашқы кұны
бойынша негізгі кұралдар + инвестициялар + басқа активтер + меншікті
айналым капиталы)
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8 – 10 % шегінде жеткілікті
болып саналады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі баланстың өтімділігіне тығыз байланысты.
Сонымен бірге төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар әсер етеді. Төлем
қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде қарастыру
маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржы жағдайын объективті бағалауға
мүмкіндік береді.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша
өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу
қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл
ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Баланс өтімділігін талдау мәні – активтегі өтімділік дәрежесі
бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыру.
Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады -
өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив),
яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты
ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару
уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп
болуы да мүмкін, мысалы батыс еуропалық елдерде осыны қолданады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражатарына айналану жылдамдығына
байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді (кесте 1).
Кесте 1- Кәсіпорын активтерінің өтімділік топтары
Актив Көрсеткіш атауы Көрсеткіштің мінездемесі
тобы
А1 Ең өтімді активтер Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым
қаражаттарының ең мобильді бөлігі. Ақшамен
бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар
қолма-қол ақшаға тез айналады
А2 Тез өткізілетін Қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да
активтер активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары
есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп
түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге
жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша
жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген
тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен
борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі
төлемнің қашан келіп түскені белгісіз
А3 Баяу (медленно) Баланс активінің Тауарлы-материалдық қорлар
өткізілетін активтербабы және баланс активінің Ұзақ мерзімді
инвестициялар бабы. Бұл кезде "Алдағы кезең
шығындары" есепке алынбайды
А4 Қиын өткізілетін Баланс активінің Ұзақ мерзімді активтер
активтер бөлімнің алдындағы топтарға еңгізілген
баптарынан басқа барлық баптары. Ұзақ
мерзімді активтер бөлім жиынынан "Үзақ
мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша
соманың бір бөлігі ғана алынып
тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер
құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық
капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен
негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды
қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады (кесте 2).
Кесте 2- Кәсіпорын пассивтерінің өтімділік топтары
Пассив Көрсеткіш атауы Көрсеткіштің мінездемесі
тобы
П1 Неғұрлым тезірек төленугеУақытында төленбеген кредиторлық
тиісті міндеттемелер борыш, қарыздар, басқа да қысқа
мерзімді міндеттемелер,
жұмыскерлермен олардың алған
қарыздары бойынша есеп айырысу
көлемінен асқан мөлшерде
жұмыскерлерге берілген қарыздар
П2 Қысқа мерзімді Қысқа мерзімді несиелер мен
міндеттемелер заемдар және жұмыскерлерге арналған
қарыздар
П3 Ұзақ мерзімді Ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар
міндеттемелер
П4 Тұрақты міндеттемелер Пассивтің Меншікті капитал
бөлімінің баптары. Актив пен
пассивтің балансын сақтау үшін бұл
топтың жиыны баланс активінің "Алдағы
кезең шығындары" бабы бойынша сомаға
азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген
топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей
қатынастарда салыстырылады:
А1 П1
А2 П2

А3 П3
А4 П4
Егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның
сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді
болады, ал кері жағдайда баланс өтімді емес.
Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу
мүмкіндіктері бойынша қаржылық жағдайды толығымен көрсетеді. Ол берілген
кезеңдегі кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын әрқашан да дәл көрсете
алмайды, оның себебі – бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау
жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың
отімділігін бұдан да дәл бағалауды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде,
яғни қаржылық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады.
Керсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне
кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі
формуламен есептелінеді:

мұндағы Кж- жалпы өтімділік коэффициенті;
а1, а2, а3- салмақтық коэффициенттер;
А мен П – актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары
Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым
қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын
көрсетеді.
Бұл 0,9-дан төмен болмауға тиіс. Көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің
барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге
асыру қабілетін көрсетеді. Бірақ бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді
міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан,
осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін,
өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің
бүтіндей жүйесі қолданылады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш
көрсеткіш саналады: абсолютті өтімділік коэффициенті, жабудың аралық (жедел
өтімділік) коэффициенті, жабудың жалпы (ағымдық өтімділік) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті
КАӨ = (АҚ + ҚҚ) АМ
мұнда АҚ – ақша қаражаттары
ҚҚ – құнды қағаздар
Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттеменің қандай бөлігі баланс жасалатын күні
немесе жуық арада өтелетіндігін көрсетеді. Осы көрсеткіштің дұрыс
шектеуі келесі түрде болады: Ка.ө=
Аралық өтеу (жедел өтімділік)коэффициенті
КЖӨ = (АҚ + ҚҚ+ДБ) АМ
Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында
болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы
міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаттары есебінен емес,
сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе
көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша
өрнектеледі:
Жалпы өтеу (ағымдық өтімділік) коэффициенті
КАғӨ = АА АМ
Көрсеткіш өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді
міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді
және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес,
кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе
алу қабілеттілігін дәлелдейді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу
қалыпты мән болып табылады:

6. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың көрсеткіштері

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне
өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек меншікті капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады.
Бұл кезде сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды
орын алады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған
капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың
өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі
капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның
қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың
жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш
арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті,
автономдық коэффициенті), бірак оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке
қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін
және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік
коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен
анықтайды:
Ктс = МК АК
мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары
екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын
көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді
орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды.
Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін
белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет.
Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш – бұл тәуелділік коэффициенті.
Ол мына формулармен анықталады:
Кт = ҚК АК немесе Кт = 1 - Ктс.
мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;
Қк - қатыстырылған (қарыз) капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);
Ктс - тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың
үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы
қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті
капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру
коэффициенті болып табылады.
Кк = Мк Қк
мұндағы: Кк - қаржыландыру коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Қк – қатыстырылған (қарыз) капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар
қаржыландыруға сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің
қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен
қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті 1 болатын жағдай
(кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем
қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды
қиындатқанын көрсетеді.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері кәрсеткіші кеңінен
қолданылады - бұл қарыз жэне меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:
КҚМ = ТК ӨК
мұндағы: КҚМ - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының
коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Мк - меншікті капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір
теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды
көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе
оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және
ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін
сипаттайды және мына формуламен анықталады:
КҚТ = (Мк + Ұм) Ак
мұндағы: КҚТ - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Ак - авансталған капитал;
Мк - меншікті капитал.
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда - жұмсақ көрсеткіш. Батыс
тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек. ал
оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
Кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен
көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке
көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте
қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ
мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді
міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу
формуласы келесідей:
КҰМ = ҰМ (Мк + ҰМ)
мұндағы: КҰМ - қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті
немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін
меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың
үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз
қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау
үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентін
де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және
меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған
өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай
бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы
қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда
тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау
үшін:
МАҚ = МК – АҰМ
мұндағы: МАҚ- меншікті айналым капиталы;
МК — меншікті капитал;
АҰМ – ұзақ мерзімді активтер.
Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі — оң, ал
төмендеуі - теріс бағыты ретінде қарастырылады.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін
анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу
керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты
сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау
(маневрлық) коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражатгарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды
еркін жүмсауга болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі
формуламен анықталады:
КЖ = МАҚ МК
мұндағы: КЖ - жұмсау коэффициенті;
МАҚ- меншікті айналым капиталы;
МК — меншікті капитал.
Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп
бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал
олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу
коздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық
тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылыгының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды
қалыптастырудың оз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол
меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың
құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар
мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен
есептеледі:
КҚҚ = МАҚ ҚТМ
мұндағы: КҚҚ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу
коэффициенті;
МАҚ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі және талдау
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Қаржылық жағдайды басқару
Қаржылық көрсеткіштер
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттың негізі
Компанияның қаржы шаруашылық қызметі
Кәсіпорынның қаржылық экономикалық талдау жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибиелік дағдылардың жиынтығын беру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Пәндер