Қазақ әдебиетiндегi ұлттық дәстүр және М. Әуезовтiң жаңашылдығы



Әдебиеттегi ұлттық дәстүр - өте кең әрi терең ұғым. Қай елдiң болса да әдебиетi мен өнерi оның ұлттық болмыс-бiтiмiнiң, салт-санасының, ақыл - ой ерекшелiктерiнiң негiзiнде пайда болады. Әдебиет - ұлт менталитетiнiң жемiсi, әрi негiзгi көрсеткiшi болып саналады. Қазақ халқының ұлттық менталитетiне байланысты арнайы еңбек жазған ғалым Т.Бурбаевтың “ұлт менталитетi” атты монографиясында қазақ халқының “…ұлт менталитетiнiң көрсеткiштерi мен қасиеттерi ретiнде мыналарды көрсетуге болады: - өзiнiң даласындай жанының кеңдiгi, кеңпейiлдiгi, кешiрiмдiлiгi мен қайырымдылығы, қонақжайлығы, жарқын-ашықтығы, бөтендi жатырқамай басқа мәдениеттi тез қабылдағыштығы, жатсынбауы, сөзге ерекше мән беретiндiгi, аңғарымпаздығы, байқағыштығы, табиғатқа жақындығы, философиялық ойларға бейiмдiлiгi, дүние, өмiр, заман туралы ойлары, ақынжандылығы, дүниенi образдық оймен бейнелеуге жақындығы; қазақтың маңғаздығы, асықпай-аптықпауы, тәубәшiлдiгi, сәттi күндi күтуi, қазақтың туысшылдығы, ойын-сауықшылдығы, бiрiн-бiрi iздеп жүретiн бауырмашылдығы; қазақ кекшiл емес, кешiрiмшiл. Бұл негiзiнен дала берген жақсы қасиеттер” [1.] – деп тiзiп өтедi. Әрине, бұл аталған көрсеткiштердi әлi де үстемелеп ұлғайтып толықтыра түсуге де ықшамдап тұжырымдап түйiндей түсуге де болар. Қалай болғанда да, бұл айтылғандар негiзiнен қазақ ұлтының ерекшелiк қасиеттерiн сырттай сипаттап өту болып саналады. Ал оның iшкi жан құбылыстарының бедерi, жанды бейнесi ұлттық әдебиетi мен өнерiнен, сол арқылы көрiнетiн әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiнен айқын аңғарылады.
Бұл туралы өткен ғасырларда қазақ халқының әдебиет үлгiлерiмен таныс болған шетелдiк ғалымдар да өте құнды пiкiрлер бiлдiрген.
Академик В.Радлов түркi тiлдес халықтардың фольклоры мен әдебиет үлгiлерiн жинап, жан-жақты түбегейлi зерттеулер жүргiзе отырып: “Қырғыз (қазақ) қашанда мүдiрмей, кiдiрмей ерекше екпiнмен сөйлейдi. Өзiнiң ойын дәл және айқын ұғындыра отырып, өз сөзiн белгiлi мөлшерде мәнерлеп бере бiледi. Тiптi, ауызекi сөйлесiп отырғанның өзiнде оның сөйлемi мен ой кестесi өлең жолдары мен шумақтары секiлдi ұйқасып, үйлесiп кететiнi сонша, нағыз өлең екен деп таң қаласың” [4]– деп тұжырымдайды.
XIX ғасырда өмiр сүрген поляк жиһангез-қаламгерi А.ßнушкевич: “…Ал бүгiн оқи да, жаза да бiлмейтiн ақындар менiң алдымда өнерлерiн жайып салды. Олардың жыры жаныма жылы тиiп, жүрегiмнiң қылын қозғады, сонысымен өзiмдi тәнтi еттi… Тәңiрiм бойына осынша қабiлет дарытқан халық цивилизацияға жат болып қалуы мүмкiн емес, оның рухы қазақ даласына аспандай көтерiлiп, жарқырап сәуле шашатын болады”[2] – деп жазады.
Қазақ халқының осы сияқты өзiндiк ерекшелiктерiн, әдебиетi мен өнерiнiң ұлттық өрнектерiн басқа да көлденең көз сыншы ғалымдар да, өз елiмiздiң көреген ғұламалары да жан-жақты сыпаттап жерiне жеткiзе айтқаны белгiлi.
Қазақ халқының, сөз өнерi әуел бастан поэзия түрiнде өлең сөзбен
Пайдаланған әдебиеттер
1. Т.Бұрбаев. ұлт менталитетi, Астана, 2001, 9-б.
2. А.ßнушкевич. Күнделiктер мен хаттар... А., 1972, 85-б.
3. А.Левшин. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. ч.3, СПб 1832, с. 139.
4. В.Радлов. Образцы народной литературы... ч.III, СПб., 1870, с.17.
5. М.Мағауин. Ғасырлар бедерi. А., 1991, 237-б.
6. З.Қабдолов. Сөз өнерi. А., 2002, 246-б.
7. Современная книга по эстетике. М., 1957, с.233-234.
8. С.Қасқабасов. Қазақтың халық прозасы. А., 1984, 3-б.
9. М.Әуезов. Шығ. 20 томдық, 15-т., А. 1984, 80-б.
10. М.Әуезов үйi ҒМО архивi, ғ382-п., 7-б.
11. М.Әуезов шығ. 50 томдық, 2-т. А., 1998, 75-б.
12. “Советтiк Қарағанды” газетi, 1954, 5.09.
13. М.Әуезовке. 60 жылдығына арналған мақалалар жинағы. А., 1959, 13-б.
14. Ғ.Тоғжанов. Әдебиет пен сын мәселелерi. Қызылорда, 1929.
15. А.Байтұрсынов. Ақ жол. А., 1991, 450-б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ әдебиетiндегi ұлттық дәстүр және М.Әуезовтiң жаңашылдығы

Әдебиеттегi ұлттық дәстүр - өте кең әрi терең ұғым. Қай елдiң болса
да әдебиетi мен өнерi оның ұлттық болмыс-бiтiмiнiң, салт-санасының, ақыл -
ой ерекшелiктерiнiң негiзiнде пайда болады. Әдебиет - ұлт менталитетiнiң
жемiсi, әрi негiзгi көрсеткiшi болып саналады. Қазақ халқының ұлттық
менталитетiне байланысты арнайы еңбек жазған ғалым Т.Бурбаевтың “ұлт
менталитетi” атты монографиясында қазақ халқының “...ұлт менталитетiнiң
көрсеткiштерi мен қасиеттерi ретiнде мыналарды көрсетуге болады: - өзiнiң
даласындай жанының кеңдiгi, кеңпейiлдiгi, кешiрiмдiлiгi мен қайырымдылығы,
қонақжайлығы, жарқын-ашықтығы, бөтендi жатырқамай басқа мәдениеттi тез
қабылдағыштығы, жатсынбауы, сөзге ерекше мән беретiндiгi, аңғарымпаздығы,
байқағыштығы, табиғатқа жақындығы, философиялық ойларға бейiмдiлiгi, дүние,
өмiр, заман туралы ойлары, ақынжандылығы, дүниенi образдық оймен бейнелеуге
жақындығы; қазақтың маңғаздығы, асықпай-аптықпауы, тәубәшiлдiгi, сәттi
күндi күтуi, қазақтың туысшылдығы, ойын-сауықшылдығы, бiрiн-бiрi iздеп
жүретiн бауырмашылдығы; қазақ кекшiл емес, кешiрiмшiл. Бұл негiзiнен дала
берген жақсы қасиеттер” [1.] – деп тiзiп өтедi. Әрине, бұл аталған
көрсеткiштердi әлi де үстемелеп ұлғайтып толықтыра түсуге де ықшамдап
тұжырымдап түйiндей түсуге де болар. Қалай болғанда да, бұл айтылғандар
негiзiнен қазақ ұлтының ерекшелiк қасиеттерiн сырттай сипаттап өту болып
саналады. Ал оның iшкi жан құбылыстарының бедерi, жанды бейнесi ұлттық
әдебиетi мен өнерiнен, сол арқылы көрiнетiн әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiнен
айқын аңғарылады.
Бұл туралы өткен ғасырларда қазақ халқының әдебиет үлгiлерiмен таныс
болған шетелдiк ғалымдар да өте құнды пiкiрлер бiлдiрген.
Академик В.Радлов түркi тiлдес халықтардың фольклоры мен әдебиет
үлгiлерiн жинап, жан-жақты түбегейлi зерттеулер жүргiзе отырып: “Қырғыз
(қазақ) қашанда мүдiрмей, кiдiрмей ерекше екпiнмен сөйлейдi. Өзiнiң ойын
дәл және айқын ұғындыра отырып, өз сөзiн белгiлi мөлшерде мәнерлеп бере
бiледi. Тiптi, ауызекi сөйлесiп отырғанның өзiнде оның сөйлемi мен ой
кестесi өлең жолдары мен шумақтары секiлдi ұйқасып, үйлесiп кететiнi сонша,
нағыз өлең екен деп таң қаласың” [4]– деп тұжырымдайды.
XIX ғасырда өмiр сүрген поляк жиһангез-қаламгерi А.ßнушкевич: “...Ал
бүгiн оқи да, жаза да бiлмейтiн ақындар менiң алдымда өнерлерiн жайып
салды. Олардың жыры жаныма жылы тиiп, жүрегiмнiң қылын қозғады, сонысымен
өзiмдi тәнтi еттi... Тәңiрiм бойына осынша қабiлет дарытқан халық
цивилизацияға жат болып қалуы мүмкiн емес, оның рухы қазақ даласына
аспандай көтерiлiп, жарқырап сәуле шашатын болады”[2] – деп жазады.
Қазақ халқының осы сияқты өзiндiк ерекшелiктерiн, әдебиетi мен
өнерiнiң ұлттық өрнектерiн басқа да көлденең көз сыншы ғалымдар да, өз
елiмiздiң көреген ғұламалары да жан-жақты сыпаттап жерiне жеткiзе айтқаны
белгiлi.
Қазақ халқының, сөз өнерi әуел бастан поэзия түрiнде өлең сөзбен
кестеленген деуге болады. Әрине, тiл пайда болып даму жолында өлең сөздiң
сол күйiнде бiрден пайда бола қоймағаны анық. Ол, сөзсiз, қара сөзден
айшықталып өсiп қалыптасқан. Солай бола тұрса да халық тiлдiң өрнектелiп
өлең сөз болып қалыпқа түсуiн ғана әуелде өнер – сөз өнерi ретiнде
қабылдаған деп айтуға болады. “Поэзия” деген грек сөзiнiң мағынасы
“шығармашылық-творчество” деген ұғым бередi екен.
Бiр-бiрiмен кездесе қалған екi адам жәй ғана қарапайым тiлде
сәлемдесiп жағдай сұрасады. Мәселен: - Ләйлiм, шырағым, аман-есен жүрмiсiң?
– деген сияқты. Ендi осы сәлемдесу сөзi “Есен - аман жүрмiсiң, Ләйлiм-
шырақ” деп айтылса, бұл өлеңге-өнерге айналып кетедi. Мұнда алғашқы жуас
жұпыны сәлемдесудiң бiрде-бiр сөзi өзгермей, өзiнiң негiзгi мағынасын
сақтап қалғанымен мұның ендi ырғаққа айналып ширыға түсiп, астарында бiр –
қуақы, ойнақы сыр жатқаны сезiлгендей.
Егер әдебиет тарихы әуелден ауыз әдебиетiнен – фольклордан басталады
десек, оның ертегi, аңыздардан басқа түрлерiнiң барлығы дерлiк өлең түрiнде
келетiнi белгiлi. Тұрмыс-салт жырлары, шешендiк сөздер, жұмбақтар, мақал-
мәтелдер, эпостық жырлар, айтыстар – халық поэзиясының iнжу-маржандары
болып саналады.
Тiптi, қара сөзбен айтылатын ертегi - әңгiмелердiң өзi көп жағдайда
ырғақты ұйқасты өлең сөздермен әдiптелiп: Ерте-ерте ертеде, ешкi-жүнi
бөртеде... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен, Баяғыда кiм өткен?.. Бар екен де, жоқ
екен, Аш екен де тоқ екен ... - деп те басталатын болған ғой. Ал қазақ
әдебиетi тарихының түп-тамыры, қайнар көзi ежелгi түркi жазба
ескерткiштерiнен бастау алатыны әбден айқындалған, қазiр ешқандай күмән
тудырмасы белгiлi. Олай болса, кейiнгi кезде ауызға iлiнiп, ғылыми
айналымға ене бастаған б.з.б. дәуiрлерде шыққан: Алып Ер Тоңға, Шу батыр,
Атилла, Көк бөрi, Ергенекон т.б. дастандары, сондай-ақ бұрыннан жан-жақты
зерттелiп оқу бағдарламалары мен оқулықтардан тұрақты орын алған Орхон-
Енисей жазбаларындағы Күлтегiн, Тонұкүк құлпы тастарына қашалған жыр
жолдары және Орта ғасыр әдебиетi нұсқаларының барлығы дерлiк негiзiнен өлең
үлгiсiнде келедi.
XV ғасырдан басталатын Қазақ хандығы дәуiрiндегi төл әдебиетiмiздiң
басты өкiлдерi ақын-жыраулардың туындылары да өлеңмен өрнектелетiндiгi
белгiлi. Осы кезең әдебиетiн,жыраулар шығармашылығын арнайы зерттеген
көрнектi қаламгер-ғалым Мұхтар Мағауин: “Сахарадағы рухани өмiрдiң өзiндiк
ерекшелiктерi көп едi. Кең даладағы көшпендi тiрлiк, тұрмыстық-қоғамдық
өзгешелiк сөз өнерiнiң соны сипатта қалыптасуына себеп болған-ды. “Өнер
алды – қызыл тiл,” ал тiл шұрайы – өлең сөз деп танылды. Халықтың рухани
өмiрiнде жетекшi орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетiнiң
жай ғана көшбасшысы емес, ең басты жанры қызметiн атқарды” [5] – деп
жазады.
ұлы ойшыл-ақынымыз Абайдың өзi:
Өлең – сөздiң патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тiлге жеңiл, жүрекке жылы тиiп,
Теп-тегiс жұмыр келсiн айналасы – деп, өлең өрнегiн өте дәл әрi
өте жоғары бағалап айқындаған ғой.
Әдебиет теориясының терең бiлгiрi академик Зейнолла Қабдолов Абайдың
осы өлең жолдарын тiлге тиек ете отырып: “Осындай ұлы өнер, пiл сүйегiнен
ойып жасалған ғажайып мүсiн секiлдi “сиқырлы” сұлу өнер болған соң шығар,
әйтеуiр, адам атаулының туғаннан өлгенге дейiнгi өмiрi тек өлең ғана ғой.
Оны да Абайдың өзi айтып кеткен: “Туғанда дүние есiгiн ашады өлең, Өлеңмен
жер қойнына кiрер денең...”. Дүниеге сәби нәресте келдi: бұлданып жер
тепкiлеп жылап келдi: Үнiнде ырғақ бар. “Ырғақ бар жерде өлең бар”
(Маяковский). Демек, жас сәби дүниеге жылап келген жоқ, әндетiп, өлең айтып
келдi. Ес жиып үлгермеген сәби нәрестенiң өзi өлең айтқасын өзгелерге не
жорық, ендi естиярлар ән салып, өмiр түп-түгел өлеңге айналды да кете
барды...”[6] – деп, бесiк жыры, жар-жар, беташар, жоқтау, эпитафия, т.б. атап
көрсетедi.
Шындығында қазақ әдебиетiнiң ертегi, аңыздардан басқа түрлерiнiң:
тұрмыс-салт жырларының барлық саласы, шешендiк сөздер, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар, батырлар жыры, ғашықтық жырлары, тарихи жырлар, жұмысшы жырлары,
айтыстар – түгелдей дерлiк, ХV-XIX ғасырлардағы әдебиет нұсқалары негiзiнен
өлең сөз түрiнде келетiнi белгiлi ғой.
Бұл айтылғандар қазақ сөз өнерiнде, басқа да халықтар әдебиеттерiндегi
сияқты, поэзияның – өлең өнерiнiң алғаш пайда болып, ғасырлар бойы әдеби
дәстүрiмiзде көшбасшылық қызмет атқарғанын айқындайтын дәлелi сияқты.
Әрине, бұл қазақ фольклоры мен әдебиет тарихында қара сөздiң –
прозаның үлесiн мүлде төмендету деп түсiнуге негiз бермесе керек. Проза
деген терминнiң латын тiлiндегi мағынасы “тiкелей, тура айтылған сөз” деген
ұғымды бiлдiредi екен.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, адам баласы алдымен бiр-бiрiмен қара сөз
арқылы қарапайым қарым-қатынас жасап ой бөлiскен. Бiрақ жай әңгiме-сұхбат
әу баста өлең сөз сияқты өнер түрiнде қабылданып ол деңгейге жете қоймаған.
Дегенмен қара сөздiң де сөзi бар, ол да табиғи түрде, ара жiгiн бiрден
ажыратып ашып тастамағанмен бiрте-бiрте өнер деңгейiне жақындап өрнектеле
түскенi де ешқандай күмән келтiрмесi анық. Абайдың: “Өзiм де басқа шауып
төске өрледiм, Қазаққа қара сөзге дес бермедiм”... - деген ұтқыр да, ұтымды
сөзiн жан-жақты түсiнуiмiзге болады.
Лев Толстой өзiнiң бiр еңбегiнде: “Как слово, передающее мысли и опыты
людей, служит средством единения людей, так точно действует и искусство.
Особенность же этого средства общения, отличающая его от общения
посредством слова, состоит в том, что словом один человек передает другому
свои мысли, искусством же люди передают друг другу свои чувства... – дей
келiп, - Искусство начинается тогда, когда человек с целью передать другим
людям испытанное им чувство снова вызывает его в себе и известными внешними
знаками выражает его” [7] – деп жазған екен.
Қазақтың халық прозасын жан-жақты зерттеп, алғаш ғылыми монография
жазған академик Сейiт Қасқабасов: “Әдiлдiгiн айтсақ, қара сөз түрiндегi
фольклор өзiнiң көнелiгi, ұшқырлығы, ғажайып сипаты жағынан поэзиялық
үлгiлерден кем емес, қайта көп жағдайда басым түсiп жатады” – деген
тұжырымын айтады. Алайда, ауыз әдебиетiнiң поэзия түрiндегiсi айтарлықтай
зерттелген, ал проза үлгiлерiндегi ғылыми жағынан әлi толық қарастырылмай
келгенiн, “... өйткенi “халық прозасы” деген ұғым әлемдiк фольклортану
ғылымының өзiнде бертiн (1950-60 жылдардан бастап), яғни “Халық прозасын
зерттеушiлердiң халықаралық қоғамы” құрылғаннан кейiн қолданыла бастады”
[8] – деп жазады.
Осы еңбегiнде автор қара сөзбен айтылатын жәй әңгiменiң өнер
дәрежесiне өсiп жету ерекшелiктерiне байланысты өз ой-түйiнiн айқындап
бiлдiредi: “Ғылымға қиынырақ тиетiн мәселе – фольклорлық прозаны күнделiктi
жәй әңгiмеден, жәй сөзден ажырату, яғни фольклорлық прозаға не жатады, екi-
үш адамның әңгiмесi сұхбаты қалай аталады (не болады) – мiне, осыны анықтау
қиын. Басқа сөзбен айтқанда, жәй әңгiме де ауызша прозаға жатады, бiрақ ол
фольклор болып есептеле ме, жоқ па – мәселе осында. Бiздiң ойымызша, жәй
сұхбат-әңгiме циклге түспесе, бiрден-бiрге тарап тұрақтаған сюжет құрамаса,
фольклор болып саналмайды” [8, 32-б] – деген пiкiр айтады.
Зерттеушi ғалым қазақтың халық прозасын кеңiнен қамтып, саралап,
сараптай келе оларды ертегiлiк проза және аңыздық проза деп үлкен екi топқа
бөлiп қарастырады.
Ертегiлердiң ерекшелiгi ретiнде олардың шындықтан алшақ жатып,
тыңдаушы көңiлi одан ләззат алып қанағат тұтқанымен, онда баяндалатын
оқиғаға сенiм бiлдiрмеуi негiз болса, аңыз-әңгiмедегi оқиғаның шындыққа сай
сенiмге ие болу ерекшелiктерi ескерiлген. Ертегiлер мен аңыздардың басты
өзгешелiк, ерекшелiк белгiлерi бiр-бiрiнен осылай ажыратылғанымен олардың,
бiр жағынан, жалпы ортақ белгi қасиеттерiнiң мол екендiгi, сондай-ақ,
екiншi жағынан, әрқайсысының да сан түрлi топтар мен жанрларға бөлiнiп
тарамдалып кететiнi де белгiлi.
Академик С.Қасқабасов фольклорлық проза туындыларын айтылу мақсатына
қарай танымдық (познавательный) мақсат көздейтiн, мағлұматтық
(информативный) мақсатпен айтылатын және көркемдiк-тәрбиелiк (эстетико-
воспитательный) мақсатқа арналатын шығармалар деп үлкен үш топқа да бөлiп
қарастырады.
Халық даналығы мен ұлттық даралығының түп-төркiнi болып табылатын
фольклорының басқа түрлерi сияқты осы ертегiлер мен аңыз-әңгiмелердiң
кейiнгi әдебиет үлгiлерi мен жанрларының туып қалыптасуына, өсiп-
өркендеуiне негiз болып, нәр бергендiгi де заңды құбылыс болған едi.
XIX ғасырдың соңына қарай қазақ әдебиетiндегi Ыбырайдың ауыз әдебиетi
үлгiсiндегi ғибраттық әңгiмелерi мен Абайдың Ғақлиялары, сондай-ақ
"Түркiстан уәлаяты" мен “Дала уәлияты” газеттерiндегi мақала-хабарларды
қазақтың көркем прозасының туу жолындағы алғашқы қадам-белгiлер деп
қабылдауымызға болады. Ал шын мәнiсiндегi көркем проза қазақ әдебиетiнде XX
ғасырдың бастапқы онжылдықтарында туып қалыптасқаны белгiлi.
Әдебиеттiң үшiншi тегi болып саналатын, - драманың өз алдына отау
тiгiп, туып қалыптасуы да қазақ топырағында дәл осы XX ғасырдың бас кезiнде
орын алды. Әрине, оның да ғайыптан тұп-тұтас күйiнде бiрден, пайда бола
салмай, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiндегi ғасырлар бойы өркен жайған салт-
дәстүр, әдет-ғұрыптардан сұрыпталып, iрiктелiп келiп бiртiндеп өсiп
жетiлгендiгi күмәнсiз. 1926 жылы қазақтың профессионалды театры ашылуына
байланысты “Жалпы театр өнерi мен қазақ театры” атты мақаласында Мұхтар
Әуезов: ”Қазақ елiнiң ескiлiгi әдебиет жағынан қарасақ, мейлiнше бай. Бай
болғанда құр ғана саны көптiгiнен емес, түрi де, мағынасы да көп
болғандықтан. ... Заманның шаңы басқан ескiнi тексерiп қарасақ, театр өнерiне
елдiң ескi салты,ескi өнерi беретiн жем өте көп деймiз. Бiздiң елде театр
ерте қүннен бар болатын” [9] - деп тұжырымдайды. Автор сол ерте заманнан
өткiзiлiп келе жатқан ас пен тойда ұлы жиындарда халықтың қуаныш қызығын
асырып арттыра түсетiн түрлi ойын-сауықтары, бiрiн-бiрi арнайы iздеп келiп
өлең-әнмен айтысатын ақындардың өнерлерi, қыз ұзатып келiн түсiргенде ерлер
мен әйелдер тобының қақ жарылып айтысатын жар-жар салт өлеңдерi мен беташар
сауық-сайрандары еш қосымшасыз-ақ сахнаға сол қалпында алып шығуға болатын
көрнектi өнердiң айқын суреттерi болады. Осындай ойын-сауық,айтыс өлеңдерi
құр ғана көңiл көтерiп, жеңiл-желпi қуантып қана қоймай, кәрi-жастың сай
сүйегiн сырқыратып, әруағын шақыртып, қанын қыздырып желiктiрiп, ой-
санасына терең сiңiретiн әсерi болатынына да ерекше мән бередi. Сондықтан
да автор халықтың ғасырлар бойы ажырамас айнымас серiгi сияқты болып келген
осы салт-дәстүрлерi ойын-сауықтары тек драмалық театр өнерiне ғана емес,
”әнмен ойналатын операларға да емiн-еркiн жарайтынын,” басқа да өнер
түрлерiне негiз болып қаланатынын атап көрсетедi.
Қазiргi кең өрiс тауып,әлемге әйгiлi болып таралып танылып келе
жатқан әдеби,мәдени дәстүрлерiмiздiң түп тамырлары осындай терең көмбелi
төл топырағымыздағы құнарлы ұрық-дәндерден нәр алып өсiп жетiлгенi көңiлге
қонымды да оралымды ой-пiкiрлер ұялтқандай. Қандай да бiр халықтың болмасын
түрлi саладағы ұлттық салт-дәстүрлерiнiң туып қалыптасуы, өсiп-өркендеуi
күрделi тарихи процесс. Олар атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып
жалғасып, әбден iрiктелiп сұрыптала түседi. Әр кезең, дәуiрлерде уақыт,
замана талап-сынынан өтiп жаңарып, жаңғырып та отырады.
Қазақ халқы ұрпағын тәрбиелеп өсiруде ұлттық әдеби дәстүрлерге
мейлiнше мол мән берген сыңайлы. Дүниеге жаңа келген сәбидi әлдилеп-аялап,
айналып-толғанып өлең мен әнге бөлеп мейiрiм-шуағын бесiк жыры арқылы жан-
жүрегiне ұялатып бойына сiңiргендей. Талпынып кеуде көтерiп өмiрдегi
аттаған әрбiр қаз-қадамына қуанып сәттiлiк тiлеп,” тәй-тәй басқан, тәй
басқан” деп, тұсауын кесiп өлең айтып, ән салып отырған. Көрнектi ақынымыз
Әбдiлда Тәжiбаев “Сырласу ретiнде” деп жазған бiр мақаласында: ”Адам қызық
қой, мен де кейде ойланып жатқанда талай нәрселер есiме түседi. ... Осындай
тұста тiптi сонау бесiктегi, жөргектегi кезiмдi есте сақтағандай сезiнемiн.
Мүмкiн мен шешемнiң сөзiне түсiнбеген болармын. Бiрақ оның үнi әлi есiмде
болу керек. Мен сол әдемi үн, күйлi сөздер ғажап ырғағымен тербемесе,
шайқамаса, ұйықтамаған болар едiм ғой. Мен әрбiр жылағанда, соларды сағынып
шақырған болуым керек. Мен осыған сенемiн. ... Әлi күнге дейiн осылар ойыма
түссе, балаша қуанамын”.- деп ағынан жарылады.
Балаға ес кiре бастағандағы еститiн ертегi аңыздар мен қиссалардың,
жыр-дастандардың оның есейiп ержету жолында атқаратын танымдық та
тағiлiмдiк ғибрат әсерлерi ұшан-теңiз.
Есте жоқ ерте замандардан бастап күнi кешеге дейiн қазақтың әрбiр ұл-
қыздары ата-әжелерiнен өлең-жыр мен құйқылжыған құйқалы әңгiме - ертегiлер
тыңдап өссе, бүгiндерi де радио, теледидардан “ерте-ерте, ертеде” деп
ертегiлер есiтiп, мультфильмдер көрiп келедi. Осының бәрi бала көңiлiне,
балауса жүрекке нұр болып құйылып, ұрпақтан-ұрпаққа арқауы үзiлмей
жалғасып, жарасым таба түседi.
ұлы Абайдың өсiп жетiлу жолына жiтi зер салған М.Әуезов романында
мынадай бiр сәтке көңiл аударады: “Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның
әжесi бiр түрлi шебер әңгiмешi екен. Қызық сөйлейдi. Әңгiменiң барлық жерiн
дәмдi ғып, қызықтырып айтады. Әуелi Абай ауыра бастағанда бiр күнi кешке
ұйықтай алмай жатып, әжесiнен әңгiме айтуды сұрады.Сонда ол ойланып отырып:
-Е-е... Бұлдыр-бүлдыр күн өткен. Бұрынғыда кiм өткен?-деп кiшкене тақпақтап
бастап едi. Абай соны ұғып қапты. Келесi жолы әңгiме сұрағанда әжесiн
тiзесiнен ақырын қағып: - Е-е ... Бұлдыр - бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кiм
өткен? - деп, тағы да әңгiме тiлегенiн бiлдiрушi едi. Әжесi әуелде көп-көп
ертектер айтқан. “Едiл-Жайық”, “Жұпар қорығы”, “Құла мерген” - бәрi де
айтылады. Оның әңгiмелерiн түсте де,кешке де, тiптi, көш бойы да Абай
айтқыза беретiн болды” - деп жазады.
Ендi осы атадан балаға жалғасып қалыптасқан салт-дәстүр бойынша
Мұхтардың өзiн Әуез атасы мен Дiнәсiл әжесi бауырына басып, ертегi-жырларды
құлағына құйып тәрбиелеумен қатар бес-алты жасынан бастап Абай өлеңдерiн
үнемi жаттатқызып көңiлiне дарытып бойына сiңiрiп өсiрген. Кейiнiрек жазған
өз өмiрбаянында - екi үйдiң ортасында жалғыз ұл - "бейнетсiз, бурақан үй
тентек бұла боп өскен" ерке Мұхтар: "Ең алғашқы "тiзенi" Абайдан көрдiм.
Өлеңiн күндiз де, түнде де жаттадым ... Сонымен бiр қыс, бiр жазда Абайды
түгелге жақын жаттап шығып едiм” [10] -деп еске алады.
Мiне, осылайша әдеби, мәдени дәстүрiмiз де уақыт озған сайын бiрден
бiрге жалғасып, әрбiр кезеңнiң, жаңа заманның талап-талғамына сай жаңғырып
жаңарып та отырады.
Қазақ әдебиетiнiң тарихына, өсiп даму жолына көз жiберсек, ауыз
әдебиетiнен бастап ұзына бойында қадау-қадау кесек тұлғалардың ұлттық әдеби
дәтүрлерiмiздi жаңартып мол үлес қосып отырғанын айқын байқауға болады.
Солардың iшiнде Абайдан кейiнгi дәуiрде қазақ әдебиетiнiң өсiп өркендеуiне
айтарлықтай жаңалықтар енгiзген тарихи тұлғалардың бiрi – Мұхтар Әуезов
болғандығы айқын. Ол өз бойындағы табиғи дарын қасиет-қабiлеттерiмен қатар
тынымсыз еңбек, үздiксiз iзденiс үрдiстерiмен, сол арқылы тұла бойына терең
дарытқан ұшан-теңiз ақыл-ой, iлiм-бiлiмiмен әдебиетiмiз бен әдебиеттану
ғылымын да жаңа дәстүрлермен байытып дамыта түстi. Сондықтан да бiз
М.Әуезовтiң өзiндiк жаңашылдық үрдiстерiн саралау үшiн алдымен оның осы
әдеби ұлттық дәстүрдiң өсiп даму жолдары туралы өзiндiк ой-толғамдарына
тоқталып өтудi жөн көрiп отырмыз.
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселесi туралы, яғни дәстүрдiң жалғасып
жаңаруы жайында М.Әуезов үнемi ой толғап, пiкiр-көзқарасын бiлдiрiп
отырған. Жалпы әдебиеттанудың ең өзектi мәселелерiнен саналатын дәстүр мен
жаңашылдыққа байланысты қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бiрi
болып, әрi салмақты да салиқалы еңбек жазған бiрегей қаламгер М.Әуезов
болғандығы да талассыз шындық. "Қазақ әдебиетiнiң қазiргi дәуiрi (тарихи-
әдеби сын)" деген 1922-23 жылдары "Шолпан" журналында (N2-3, 4-5)
жарияланған еңбегiнде автор халық ауыз әдебиетiне, әдебиет тарихына
("көшпелi дәуiр" әдебиетiне), Абай дәуiрiне шолу жасап, қазiргi әдебиеттiң
жай-күйi мен алдағы бағыт-бетi туралы ой-пiкiр бiлдiредi. М.Әуезов халық
ауыз әдебиетiн өте жоғары бағалайды: "...Бiздiң ескi, ауызша әдебиетiмiз бай,
өрнектi, түрi, тарауы көп кестелi, қысқасынан айтқанда, қазақтың даласы
секiлдi кең, келешегi көрiктi, үлкен, жалпы түрiк әдебиетiнiң iшiнде үлкен
өрiс алатын әдебиет секiлдi көрiнедi... Сөзiнен туатын мағынасы, iшiндегi
қайратты рухы, сыртындағы кестесi мен келiсiмi өзiн ерiксiз елеткендей
болады" [11] - дейдi.
Автор осы пiкiрiн ары қарай тереңдете түсiп, қазақ ауыз әдебиетiнiң
өзiндiк ерекшелiктерiне баса назар аударып, өз пiкiр тұжырымдарын ұсынады:
"...Әдебиетiмiзде өзге жұрттың ауызша әдебиетiнде жоқ нәрселер табылып отыр.
Ауызша әдебиет бiр заманда тәртiптi жазба әдебиеттiң қызметiн атқарғандығы
бiлiнiп отыр. Сол мiндетiн ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрiсiн кеңейтiп
әкеткенiн көрiп отырмыз. Сол ескi сөздiң iшiнде ескi қазақ өмiрiнiң әрбiр
дәуiрi, әрбiр мезгiлi және әрбiр жеке-жеке суреттерi де айтылған. Мұның
үстiне жазба әдебиетте, классические произведениелерде, кездесетiн үлгiлi
мiнездер - типтер, ел iшiндегi айрықша таптардың өзгеше психологиясы да дәл
айтылған жерлер бар" - деп, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қобыланды", "Ер
Тарғын" жырларының кейiпкерлерiн мысалға келтiредi.
М.Әуезов халық ауыз әдебиетiн өмiр бойы зерттеп, көптеген терең ғылыми
еңбектер жазып қалдырғаны белгiлi. Ол еңбектерiнде ауыз әдебиетiнiң өзiндiк
ерекшелiктерiн жан-жақты талдап ашып көрсеткен. Айталық, 1927 жылғы
"Әдебиет тарихы" кiтабында ауыз әдебиетi мен жазбаша әдебиеттiң айырым
белгiлерi туралы ауыз әдебиетiнiң авторы белгiсiз, ауызша шығарылып, ауызша
тарайды, әр түрлi нұсқалы (вариантты) болуы да мүмкiн деген сияқты бұрын-
соңды (В.Белинский, М.Ғабдуллин) айтылып келген анықтама пiкiрлерден тыс
ауыз әдебиетiнiң мазмұндық-мағыналық және пiшiндiк белгiлерiн нақтылай
айқындайтын өзiндiк көзқарас танымын бiлдiредi. Автор ауыз әдебиетiнде
халықтың өнерi мен бiлiмi де, тәлiм-тәрбиесi де, жалпы өмiрге деген
көзқарасы жинақталатынын айта келiп, "ауызша әдебиетте бiр жаққа қарай
беттеген арнаулы бағыт болмайды. Оны елдiң дiн нанымы, елдiң белгiлi салты,
әдетi туғызады", - дейдi. Сондай-ақ, "Ауызша әдебиеттiң барлық жұрнақтары
күйге өлшенiп, арнаулы әнмен айтылады. Сол себептi оның сыртқы түрiнде
жазбадан айырмасы бар. Ол желпiнiп айтылады" [11, 4-т., 18-б] - деген
белгiлердi ұсынады.
М.Әуезов осы кiтапта ауыз әдебиетiнен гөрi жазбаша әдебиетке жақындау
болып келетiн "Кенесары-Наурызбай", "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр" жайлы
тарихи жырлардың батырлар жырынан өзгешелiк, ерекшелiктерiн саралап
айқындайды. Тарихи жырларда басқа өлең-жырлардағыдай тұспалмен асыра,
жасыра суреттеуге бой бермей, күнi кеше ғана болып өткен барлық оқиғалардың
бетiнде "тарих басып өткен жер, сорғалаған қан, сойқақтаған iз болып ашық
жатыр." Айталық, "Кенесарыларды баяғының батыры қылып қалай жырлайын десе
де, олар көбiнесе бүгiнгiнiң адамы болып тұрып алып, кейiн қарай шегiнбей
қойған". Бұл жырларда ақын қиялы қаншалық шарықтаймын дегенiмен "өмiр
кiсенiмен тұсалып", бұрынғы өлең-жырлардағы жасырынды сүйетiн тұманды сарын
сейiлiп, әдебиетте жаңа бағыт туғызып, өмiрге жанасу жағы басымдау бола
берген. Олардағы "өлең тiлi құр ғана ұйқасы мен қызуын қуған сөз" емес, сол
заманның кестелi сұлу, шешен түрлерiнен құралған сом алтындай жұмыр келетiн
кесек тiл" [11, 4-т., 16-б] - деп, тарихи жырлардың көркемдiк кестелерiне
де айрықша мән бередi.
Жоғарыда сөз болып отырған "Қазақ әдебиетiнiң қазiргi дәуiрi" атты
мақалада автор жазба әдебиеттiң басталу кезеңiне де шолу жасап тоқталып
өтедi. Қазақ жазбаша әдебиетiн Абайдан басталады деп сол кездегi пiкiр
айтушылармен жас ғалым келiспейтiндiгiн бiлдiрiп: "Қазақта жазба әдебиет
Абайдан көп бұрын басталған" - деп, жазба әдебиеттiң басталу кезеңiне
шартты түрде "Көшпелi дәуiр әдебиетi" деген атау бередi: "Көшпелi деп
ауызшадан жазбаға қарап көшкенiн айтамыз. Мана сол замандағы ой ойлаған
адамдардың ойында болған өзгерiстi, сөздерiнен туған жаңа күйдi айтамыз", -
деп әдеби шығармалардағы мазмұндық, әрi пiшiндiк өзгерiстерi мен бiртiндеп
ене бастаған жаңалықтарына назар аударады.
М.Әуезов: "Көшпелi дәуiрдегi ақындардың бәрiнiң жайынан айтатын сөз -
бұлар өз заманының бел баласы. Олардың заманы - қараңғыда сипалап
сенделудiң, қиналудың заманы. Ел дертiне не нәрсенiң ем екенiн бiлмей, бiрi
дiндi, бiрi ескiлiктi жақтап, бiрi орыс ұлығын жамандап, бiрi қазақты
жамандап, түпкi дерттi таба алмай, жалпақ адасқан заман" - деп, ол дәуiр
әдебиетiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне, мазмұндық сыпатына бойлап барады, -
"Мiнеки, көшпелi дәуiрдiң айрықша мiнезi - осы... Бұлардың өлеңдерiнде ел
тұрмысының бұрынғы айтылып жүрген жалғыз қызығы мен желiгiнен басқа,
тұрмыстағы негiзгi дерт, негiзгi себептер айтыла бастаған. Ел күндегi
өмiрi, күндегi сезiмi, күндегi ойыменен әдебиет шеңберiнiң iшiне кiре
бастаған" - дейдi.
Әрине, әрбiр кезеңнiң, әрбiр жеке тұлғаның өздерiне тән ерекшелiк,
өзгешелiктерi болады. М.Әуезов кейiнгi зерттеу еңбектерiнде әдебиет
тарихының қадау-қадау кезеңдерiне, жеке өкiлдерiне көңiл аударып, сараптау
пiкiрлерiн бiлдiрiп отырған.
"Әдебиет тарихы" атты еңбегiнде әуелгi ой-тоғамдарын жалғастырып,
"Көшпелi дәуiр әдебиетi" деген шартты атаудың орнына "Зар заман ақындары"
деген нақтылау ат бередi. Мұнда да жазба әдебиеттiң белгiсi ретiнде "ел
тiрлiгiнiң сөз бола бастауын" атап, "жазба әдебиеттi туғызатын, ең алдымен,
жалғыз ақындар" деп тұжырымдайды.
Автор: "Алғашқы рет келешек заманның құбыжығын сезiп, тұспалмен белгi
берiп, болжал айтқан - Асанқайғы" деп, оны зар заман ақындарының, яғни
жазба әдебиеттiң басы деп санайды. Асанқайғы сөздерiнiң бәрi терең ой,
мағынасы тылсым жұмбақ. "Бетi шалғай терiстен, қиын қиядан, бұлт құшқан
биiктен, шыңыраудың түбiнен шыққандай "қиырдан жиылған" суреттер болады."
"Құлан жортпас қу тақыр", "Құлықтан туған құлаша" немесе "Қилы-қилы
заман болып, қарағай басын шортан шалғанда", "ұлы-қызы орысқа бодан
болғанда, қайран ел, есiл жұрт не болады" деген сияқты ауыр сұрақ, ащы
жұмбақ ненi аңғартады?! "Сыртқы аламыштығына қарап жатсынбай, iшкi жұмбақ
мағынадағы түбiрi бiрлiгiн ойлап, соны ұғыну керек"[11, 4-т., 213-б] -
дейдi.
М.Әуезов кiтапқа "арғы заманның Сыпыра жырау, Қазтуғаны, бергiнiң
Алаша Байтоқ жырау, Базар жырауы, Досқожасын" атап, оларға кiдiрмей, Бұхар
жырауға ауысады. "Бұхар жырау - Абылайдың жанындағы уәзiрi, заман күйiн
сынға салып, қорытынды айтып, бет нұсқайтын кемел ақылшысы". Бұхар жырау
толғауларының сарыны Асанқайғы толғауларындай. Бiрақ бұл жалаң елiктеуден
туған, қолдан жасап алған сарын емес, сол өз заманының "дертi улатқан
ақынның жүрегiнен қайнап шыққан шын жалын, шын қайғы". Асанқайғыдан кейiнгi
шыққан ақын, жыраулардың денi оның дәстүрiн жалғастырып, толғауларының
жұмбағын шешуге ұмтылған.
1933 жылы мектепке арнап жазылған оқу кiтабында да зерттеушi-ғалым
Бұхар жырау шығармашылығын қарастырады. Оның сол әзiрше қолда бар аз
өлеңiнiң өзiнде көп жайды сөз ететiнiн, саяси-қоғамдық жағынан, патша
өкiметiне бағынбай, жеке хандық билiктi сақтау және көпке тiзгiн бермей,
оны нық ұстап, баурап отырып соңынан ерту керек деген сияқты екi негiзгi
сарын бар деп санайды: "Тiлеген бетiңе айдап сал, бiрақ сыр ұшығын берме.
Қайта көпке мақсатың ұғымсыз, жүрiсiң, iсiң қыздырмамен айдап салу боп,
ұран болсын, сөзiң жұмбақ болсын дейдi. Осы Бұхардың өзi тұтынған жолы.
Артында қалған сөзi де соны дәлелдейдi" [11, 7-т., 274-б] - деп, өсиет
сөздерiнiң өзiнде көпке ұғымсыз болғысы келедi. "Түйiндi сөзiн бiрен-саран
жерге көмбе-көмбе қып екшеп-екшеп тастайтын" өлең жолдарынан мысал
келтiредi:
Ай не болар күннен соң, Хандар киер қамқа тон
Күн не болар айдан соң. Шүберек болар тозған соң.
Құбылып тұрған бәйшешек, Еңсесi биiк кең сарай
Қурай болар солған соң. Кемдiк болар бөлген соң, -
деген сияқты "көпке ана сөз, мына сөздiң жотасын қылтылдатып, ...әдейi шаң
қаптырып адастырып отырады" - деп, жырау шығармалырының өзiндiк
ерекшелiктерiн саралап сараптайды.
Өлеңдерi от-жалынға шарпылған Махамбет ақын Исатай бастаған
көтерiлiстiң бiр басшысы бола жүрiп, жыраулардың үлгiсiмен “жаңа заманда
шыққандықтан үгiт пен iстiң соңына түскендiгiн, ... сөз сөйлесе жалпы
қазақтың қанын қыздырып, желiктiрiп, көтерiлiске ертпекшi болады”. Махамбет
өлеңдерi Бұхар Жыраудың толғауларындай алуаны мол күрделi емес, бiр ғана
негiзгi тақырыпқа құрылғандай: “Бұрынғы өлең-жырда әр жерден шаң берiп,
басы қосылмай, бытырап жүретiн суреттер мынада қатты жымдасып, екшелiп, бiр
бас, бiр тас боп алады”. Айталық, “Ереуiл атқа ер салмай” өлеңiн зерттеушi
ұзақ бiр-ақ сөйлем iспеттi. “Неше алуан қатар жарысқан жеке-жеке
суреттердiң байлауы ең аяққы жолда – “Ерлердiң iсi бiтер ме?!” деген бiр
қайырмамен аяқтайды. Ауызша айтылған желдiрме болғандықтан, ұйқасы кейде
келiп, кейде келмейдi. Бiр жерiнде қат-қабаттап кетiп, өзге бiр жерiнде
шанжау-шанжау түсiп, тырағайлап отыратын ұйқасты ... қыздырма сөздiң
құйылыс тасқыны билейдi” [11., 7-т., 276-б.] – деп, отты ақынның өткiр
жырларының өрнектерiн өте көрнектi де дәл бере алған.
М.Әуезов Махамбеттен кейiнгi зар заман ақындарының өлеңдi жазып
шығара бастағанын айтып, олардың да әрқайсысының жеке-жеке және жалпысына
ортақ ерекшелiктерiн ашады. Егер жыраулар кезiнде жаңа туып келе жатқан
заманның қара бұлттай түнерiп келе жатқан райынан, сыңайынан шошынып, өз
басына төнер қауiп-қасiреттi жұмбақтап жыр етсе, “бұл күннiң ақындары
баяғыдай шыққан бұлтты сөз қылмай, содан түскен бұршақты, үй жыққан
дауылды, мал ықтырған соққыны сөз қылады”. Ақ патша сыйлаған саясаттың
жемiсiнен түскен қаза мен дерт қандай болды, соларды айтып күңiрене
жырларына қосатын. Бiреуi елдi орыс ұлығы билеп, “ел мiнезiнiң бұзылып,
бiрлiк берекеден айырылғанын айтады. Екiншiсi ел жайлауын орыс алып, жер
тарылғанын айтады. Үшiншiсi дiн жоғалып, қарындастық қадiр тозып, ру
тiршiлiгiнiң шырқы бұзылғанын” айтады. Айналып келгенде, бәрiнiкi жиылып
“өткендi ойлап, күрсiнiп, сағынып, қазiргiден қажып, торығу, алдыңғыдан
шошынып қорқу, сондықтан ыңыранып, зарланып зарығу” [11.4-т., 226-б.] – деп
түйедi.
Автор осы бағыттағы Шортанбай, Мұрат, Әбубәкiр, Нарманбет
шығармаларының заман өзгешелiгiне байланысты туып қалыптасуын, сондай-ақ
көркемдiк ерекшелiктерiн де ашып көрсетедi. Айталық, Шортанбай өлеңдерiне
байланысты: “Сөздiң сырт келiсiмiн сонша қумайды. Оған iшкi мағына, мазмұн
толық жетсiн дейдi. Сол себептi дыбыс күйлеу, шындықты тауып ұйқас үшiн
астын-үстiн әкете беретiн аллитерация, ассонанс бұнда болмайды” [11. 7-т.,
322-б.]. Оның өлеңдерi iлгергi өлең-жырдағы “шешендiк, ақындылық, алып
ұшпалық көрiктерiнен айырылған жабайы тақ-тақ өлең боп қана көрiнедi” деген
шынайы әдiл де қатқыл пiкiр байлауын бiлдiрген.
М.Әуезов қазақ әдебиетiнiң тарихында өзiндiк орны бар “Бөкей ханның
тұқымы... әрi қазақша бай-серi, әрi орысша дворян-ақсүйек боп өз бетiнше
кең сайран тiршiлiк еткен” Шәңгерей ақынға да тоқталып өтедi. Ол орыстың
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы күйректiк, сарындамашылдыққа,
неше түрлi қараңғы күңгiрт сезiмдерге бой бұрып, дiни лирикаға да,
елесшiлдiкке де (символизмге) берiлген әдебиет өкiлдерi сияқты “дәме мен
дәрмен, сенiм мен үмiттен” күдер үзiп, бүгiнгiден қашатын “ұлтшыл-байшыл
сарындамашыл, дарашыл ақындарының басы болады. Сондықтан ол алған
тақырыбының көбiнде “үкiлеп-тұмарлап, айшық сала сөйлеп,... сөзден бедер
салып, зергерлiк жағын көп бағып, жалт-жұлтын күшейтедi”- деп көркемдiк
сыпатын жоғары бағалай отырып, “... алып ұшқан, аспандаған кердең кербез
күйдi көрсетсе де, мағынасы көптiрген жадағай, саяз ғана нәрсе болады.
Сарнап тұрған үн бар, бiрақ өнiп тұрған нәр аз, ... дәлдiктен алыс тұманды
айшық көп” [11. 7-т. 391-б.] – деп сол кезеңнiң идеологиясы тұрғысынан
пiкiр айтады. Мұны қалай түсiнсек те автордың сол бiр алмағайып қатерлi
жылдардың өзiнде әдiл шындықты қиыннан қиыстыра қиялап айта алған
шеберлiгiне таңданбасқа шара жоқ.
Қазақ әдебиетiндегi ұлттық дәстүрдi дамытуда ұлы ақын Абайдың орны
ерекше екендiгi белгiлi. “Қазақ әдебиетiнiң қазiргi дәуiрi” атты тарихи-
әдеби сынында М.Әуезовтiң өзi “әдебиет тарихының ретiмен қарасақ,...
қазақта жазба әдебиет Абайдан көп бұрын басталған” дей тұра, “суреттi
художественная литература ретiнен қарағанда” жазба әдебиеттiң басы Абайдан
басталады деген пiкiрдi дұрыс деп табады. Автор кейiнiрек жарияланған бiр
сұхбатында: “Абайға әсер еткен дүниелер көп... Бiрақ Абай деген сол
әсерлердiң жиынтығы емес, бәрiнен қорытылған асылы, жаңа бiтiм, тың
тұлға... Абай қазақ тарихында ақындықтың, ойшылдықтың өкiлдерiнiң арасында
жүз бiрiншiсi емес, бiрден бiрi ғана...” [12] – деп өзiнiң түйiндi ойын,
тұжырымды бағасын берген.
ұлы ақынның осы жаңашылдық қадiр-қасиетiнiң сыр-сипатына байланысты
М.Әуезов 1918 жылы “Абай” журналында жарияланған “Абайдың өнерi һәм
қызметi” атты алғашқы мақаласының өзiнде-ақ оның өлеңшiлдiкке өзгеше нұр
кiргiзгенiн, “өлеңнен неше түрлi өлшеу көрсетiп, көп түр” енгiзгенiн,
тыңнан жол салғанын атап айтады. “Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл
бiлiмнiң әр тарауынан көкiрегiнде асыл қазынаның көп” екендiгiн, “дүниенiң
сыры мен жүрегiнiң жалғасып кететiндiгiн”, “не нәрсенiң болсын жарастығын,
келiсiмiн, сұлудың сұлуын iздейтiндiгiн” дөп басып, дәл тани алған. Абайдың
тiлi “ұғымды, қысқа, аз сөзге көп мағына сыйғызғыш, өрнектi дәлшiл, күйлi,
таза һәм анық келедi” деп тұжырымдайды. М.Әуезов осы ой-пiкiрiн 1959 жылы
жарияланған Абай туралы ғылыми зерттеуiнде жалғастырып, оның қазақ тiлiне,
поэзиялық лексикасына, поэзиялық синтаксисiне көп жаңалықтар енгiзiп,
“жабайы, татымал сөздерге жаңаша оралым, жаңаша қолданыс арқылы поэтикалық
қасиет беретiнiн нақты мысалдар арқылы дәлелдеп бередi. Айталық: “Желсiз
түнде” ... - қысқа қайырылған, аз жайға көп күйдi сыйғыза алған, анық ыстық
тынысты, нәзiк ырғақты, әсем лирика. ...Бұндағы тiл – сөзбен айтылған күй
емес, сөз жеткiсiз жүрек тiлi болуға тиiс. ұлы суретшi және психолог ақын
сол жайлардың барлығын емеурiннен, елестен ғана танытып, нәзiк жайды қысқа
шебер ғана қайырып, кiлт тоқтайды. Оқушы өзi ойланып, өзi хиялдап, арғы
сырдың баршасын өзi қосатындай етiп леп бередi де тына қояды” [9,20-т. 174-
б.]-деп өлеңнiң пiшiнi мен бiтiмiндегi өзгешелiк пен жаңалықты ашып
бергендей.
М.Әуезов ертеректе жазған мақалаларында Абай өлеңдерiн қоғам қажетi,
заман талабы тұрғысынан әлеуметтiк, көркемдiк маңыз-мәнiн терең ашып
айқындап, ақын шығармашылығын жалпы қазақ әдебиетiнiң даму тарихында “Абай
дәуiрi” болып қалыптасқанын және оның өзiндiк орны мен атқарар қызметiн
нақтылай қарастырып, аса жоғары бағалайды: “Абайдың өлеңiнiң iшiндегi
мағынасы мен беттеген бағыты жағынан қарағанда көшпелi дәуiрдiң өлеңдерiнен
айырылатын жерi: мұнда сүлдерi құрыған зар да, әлi құрыған уайым да жоқ.
Оның орнына қазақ өмiрiнiң кем-кетiгiн түсiнген көзi ашықтық бар, дәлдеп
ауруын тауып, емiн айтқан ширақтық бар” [11., 2-т., 83-б.] – деп көрсетедi.
Автор Абайдан бастап әдебиетке “ашық тiлек, айқын ұғымның, здоровый
реализмнiң сарыны” келгенiн, қазақ әдебиетi жаңа түр, жаңаша мазмұнға ие
болып, жаңа бағытқа ойысқанын сөз етедi. “Абайдан басталған сол реализмнiң
сарыны қазақ әдебиетiне осы күнге шейiн жол болып келе жатыр”- деп
әдебиеттiң Абайдан бергi дәуiрдегi бағыт-бетiне сипаттама бередi.
Қазақ әдебиетiнiң iлгерi даму өрiсiне байланысты атқарар мiндеттерi
туралы да автор өзiндiк ой-толғамдарын бiлдiредi: “Олай болса, жазылатын
пьесаларда, романдарда, әңгiмелерде, поэмаларда қазақтың негiзгi мiнездерiн
айқын көрсететiн типтер жасау керек. Қазақ әдебиетiнiң iшiне қазақ өмiрiн
түгел суретiмен алып кiру - әдебиеттiң ендiгi мiндетi. Бұл күнге шейiн бiз
саяз жүзiп жүрмiз. Қазақ әдебиетi қазақ өмiрiнiң бетiндегi қаймағын жалап
жүр. Бұрынғы әдебиеттiң iшiне тазша бала менен жалшы сақау қатын да кiрген
болса, бүгiнгi әдебиетке қалпақ киген оқығаннан бастап, қой жайып жүрген
қойшыға шейiн кiруге тиiс. Әдебиет сол күнде ғана өмiр айнасы, өмiр тезi
болуға мүмкiн” [11, 2-т., 86-б.] – деп түйiндейдi.
М.Әуезов қазақ әдебиетiнiң ұзын-ырға тарихын шолып қарастыра отырып,
әдебиеттегi ұлттық дәстүрдiң туып қалыптасуы мен өсiп даму жолдарын саралап
өтедi. Әдебиеттегi дәстүр мен жаңашылдық, бiрiншiден, көркем шығарманың
қоғам өмiрiмен ара қатысына, өмiрдегi толғақты мәселелердi терең ашып, жан-
жақты бейнелеп көрсетуiне тiкелей байланысты деп бiледi. Екiншiден, көркем
шығармадағы көтерiлетiн әлеуметтiк мәселелер жалпылама жадағай түрде емес,
нақтылай адам өмiрiне тигiзер әсерi арқылы, адамның табиғи тұлғасында, жан
дүниесiнде шынайы бейнеленуi қажет деп бiледi. Үшiншiден, әдебиеттiң негiзi
бейнелеу құралы – тiл қолданысының шеберлiгi, сол арқылы көркемдiк
қасиетiнiң жоғары болуы қажет деп есептейдi.
Мiне, әдебиетке қойылатын осы негiзгi талап мiндеттердi дұрыс
түсiнген ойшыл қаламгер өз шығармаларын жазуда да осындай биiк өлшемдердi
нысана етiп алғандай.
М.Әуезовтiң қазақ әдебиетiндегi ұлттық дәстүрдi дамытудағы
жаңашылдығын сөз еткенде, алдымен, оның әдебиеттегi жаңа жанрлардың туып
қалыптасуының бастауында болып, қазақ прозасының, драматургиясының, әдеби
сын мен әдебиеттану ғылымының өсiп дамуына мол еңбек сiңiрiп, көшбасшылық
қызметтер атқарғанын айрықша атап көрсетуiмiз керек.
М.Әуезов, өзi айтқандай, алғаш әдеби қадамын өлең жазудан бастап,
бiрақ оларды құнттап, сақтамаған да екен. Оның алғашқы баспа жүзiнде
жарияланған көркем туындылары – прозалық және драмалық шығармалары мен
ғылыми-публицистикалық, сын еңбектерi болды.
Ең алғашқы көркем әңгiмесi – "Қорғансыздың күнi" 1921 жылы "Қызыл
Қазақстан" журналында жарияланып, 1922 жылы жеке кiтап болып шықты. Алғашқы
"Еңлiк-Кебек" пьесасының жобасы 1917 жылы киiз үйде қойылып, 1922 жылы
кiтап болып басылды. Алғашқы мақалалары 1917 жылдан бастап "Алаш",
"Сарыарқа" газеттерiнде, "Абай" журналында жарияланды. Әрине, бұған дейiн
де қазақ әдебиетiнде тиiп-қашты болса да прозалық, драмалық шығармалардың,
әдеби сын мақалалардың нобай үлгiлерiнен iз түсе бастаған едi. Бiрақ, олар
өздерiнiң сапалық деңгей-дәрежесiмен де және басқа да түрлi себептермен
әдебиетiмiздiң даму жолында айтарлықтай орынға ие бола алмаған. ХХ ғасыр
әдебиетiмен тел өскен, "заманмен қатар аттап келген" көрнектi қаламгер
Сәбит Мұқанов: "1921 жылы жазылған "Қорғансыздың күнi" атты алғашқы
әңгiмесiмен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесiне
көтерiлдi...
...Қазақ әдебиетiнде драматургия жанры тек Мұхтар Әуезов қана ашқан
жаңалық. Одан бұрын қазақтың ұлттық әдебиетiнде ауызға аларлық пьесаның өзi
түгiл, иiсi де болған жоқ. Қазақ драматургиясының алғашқы жолын М.Әуезовтiң
қаламынан 1917 жылы туған "Еңлiк-Кебек" пьесасы тартты..." [13] - деген
пiкiрдi айтқан. 20-30 жылдары әдебиет сынына, баспасөзге белсене араласқан,
жетекшiлiк қызметте болған сыншы Ғаббас Тоғжанов 1929 жылы шыққан "Әдебиет
пен сын мәселелерi" атты кiтабында: "Бұдан екi-үш жыл бұрын көркем әдебиет
жайында бiрен-саран адамдар жазатын. Әуезұлы Мұхтар жазатын едi. Аймауытұлы
Жүсiпбек жазатын едi. Анда-санда Сәкен мен Нәзiр айтысып қоюшы едi. Қазақ
оқығандарының iшiнде Жүсiпбек, Мұхтарлар – "маңдай оқығандарымыз", бiлiмi
де бар, қаламы да жүйрiк оқығандар. Өздерi сыншы, өздерi ақын. Алғаш
әдебиеттi тексерiп сын жазғандар осылар" [14] - деп атап көрсетедi.
М.Әуезов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Әңгіме жанрын оқыту
Эпикалық шығарманың түрлері
Аққу неге киелі
Ғабит Мүсіреповтің өмірі және шығармашылығы, қазақ әдебиетіндегі орны
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Мұхтар ӘуезовтIң өмIрбаяны мен ғылыми - творчестволық көзқарасының қалыптасуы
Пәндер