Қазақ тілі - мемлекеттік тілі



Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өз тілдерін сақтауына, дамытуына жасалып жатқан қамқорлық баршылық, бұл – жақсы. Менің қанағаттанбаушылығым қазақ тіліне, мемлекеттік тілге байланысты. Жалпы, біздегі тіл мәселесі дегенде, әңгіме тек қазақ тілі туралы болуы керек қой.
Тілші ғалымдардың айтуына қарағанда, жыл сайын дүние жүзінде шамамен 25 тіл жойылады екен. Әрине, қазақ тіліне ондай қауіп әзірге төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бір миллион адам сөйлейтін тіл өлмейді дейтін тағы бір пікір бар. Бірақ, солай екен деп қол қусырып немесе көпірме сөзді малданып отыра беруге болмайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту тұрғысында айтсақ, бұл жерде алдымен намыс жетпейді, жеті атасынан бері қазақ болып келе жатқандардың, Қазақстанды мекен етушілердің қазақша білмеуі – сол намыссыздықтан. Ал мемлекетке қызмет ететін, қызмет етуге тиіс қызметкерлер мен шенеуніктердің сол мемлекеттің тілін білмеуі – ниеттің жоқтығынан. Президент “Ана тілі” газетінде айтты ғой, мына әкімқаралар мен министрлер сол айтылғандарды асыра орындамаса да, жетеғабыл етсінші. Жетіп жатыр. Бірақ соған ниет жоқ. Ең бастысы, көзқарасты өзгерту қажет: намысты оятып, ниетті түзеу керек.
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
— “Тілдер туралы” 1989, 1997 жылдарда қабылданған заңдар және 2001-2010 жылдарға арналған Тілдерді дамыту жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы, жалпы алғанда, қанағаттанарлық емес. Бұл екі заңның екеуінде де мемлекеттік тілдің қазақ тілі екені көрсетілгенімен, іс жүзінде баяғы отарлық жылдардағыдай, қазақ тілі әлі де қалтарыста қалып, орыс тілінің айдарынан жел есіп тұр. Орыс тілі тәуелсіз Қазақстанның негізгі мемлекеттік тілі рөлін әлі де атқарып келеді. Бұл деген сөз – Қазақстан мемлекетінің тарихи иесі қазақ ұлты рухани тәуелсіздікке тәуелсіздіктің 15-ші жылында да толық ие бола алмай отыр деген сөз. Әрине, бұл – талай қазақтың екінші ана тіліне айналып кеткен орыс тілін шеттетейік, одан бас тартайық деген сөз емес. Орыс тілі посткеңестік кеңістікте, оның ішінде де Қазақстан тәрізді Ресеймен мәңгі дос елде ешқашан қағажу көрмек емес. Өйткені, бұл тіл – посткеңестік кеңістікте ауадай қажеттілікке айналған тіл. Сондықтан менің кейбір саясаткер орыс отандастарымның Қазақстан түстігінде орыс тілі құрып бара жатыр деген байбаламы тапсырыстан туған негізсіз, орынсыз байбалам.
Жасыратыны жоқ, тіл туралы заңдарымыздың жалтақ болуы, оның

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі - мемлекеттік тілі

Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өз тілдерін сақтауына,
дамытуына жасалып жатқан қамқорлық баршылық, бұл – жақсы. Менің
қанағаттанбаушылығым қазақ тіліне, мемлекеттік тілге байланысты. Жалпы,
біздегі тіл мәселесі дегенде, әңгіме тек қазақ тілі туралы болуы керек
қой.
Тілші ғалымдардың айтуына қарағанда, жыл сайын дүние жүзінде шамамен 25 тіл
жойылады екен. Әрине, қазақ тіліне ондай қауіп әзірге төніп тұрған жоқ.
Сондай-ақ бір миллион адам сөйлейтін тіл өлмейді дейтін тағы бір пікір бар.
Бірақ, солай екен деп қол қусырып немесе көпірме сөзді малданып отыра
беруге болмайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту тұрғысында айтсақ, бұл жерде
алдымен намыс жетпейді, жеті атасынан бері қазақ болып келе жатқандардың,
Қазақстанды мекен етушілердің қазақша білмеуі – сол намыссыздықтан. Ал
мемлекетке қызмет ететін, қызмет етуге тиіс қызметкерлер мен шенеуніктердің
сол мемлекеттің тілін білмеуі – ниеттің жоқтығынан. Президент “Ана тілі”
газетінде айтты ғой, мына әкімқаралар мен министрлер сол айтылғандарды
асыра орындамаса да, жетеғабыл етсінші. Жетіп жатыр. Бірақ соған ниет жоқ.
Ең бастысы, көзқарасты өзгерту қажет: намысты оятып, ниетті түзеу керек.
Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы:
— “Тілдер туралы” 1989, 1997 жылдарда қабылданған заңдар және 2001-2010
жылдарға арналған Тілдерді дамыту жөніндегі бағдарламаның орындалу барысы,
жалпы алғанда, қанағаттанарлық емес. Бұл екі заңның екеуінде де мемлекеттік
тілдің қазақ тілі екені көрсетілгенімен, іс жүзінде баяғы отарлық
жылдардағыдай, қазақ тілі әлі де қалтарыста қалып, орыс тілінің айдарынан
жел есіп тұр. Орыс тілі тәуелсіз Қазақстанның негізгі мемлекеттік тілі
рөлін әлі де атқарып келеді. Бұл деген сөз – Қазақстан мемлекетінің тарихи
иесі қазақ ұлты рухани тәуелсіздікке тәуелсіздіктің 15-ші жылында да толық
ие бола алмай отыр деген сөз. Әрине, бұл – талай қазақтың екінші ана тіліне
айналып кеткен орыс тілін шеттетейік, одан бас тартайық деген сөз емес.
Орыс тілі посткеңестік кеңістікте, оның ішінде де Қазақстан тәрізді
Ресеймен мәңгі дос елде ешқашан қағажу көрмек емес. Өйткені, бұл тіл –
посткеңестік кеңістікте ауадай қажеттілікке айналған тіл. Сондықтан менің
кейбір саясаткер орыс отандастарымның Қазақстан түстігінде орыс тілі құрып
бара жатыр деген байбаламы тапсырыстан туған негізсіз, орынсыз байбалам.
Жасыратыны жоқ, тіл туралы заңдарымыздың жалтақ болуы, оның орындалуының
одан да жалтақ болуы республикадағы қазақтан кейінгі көпшілік орыс тілді
ағайынның көңіліне қараудан туған құбылыс еді. Мүмкін 90-шы жылдар
ортасында ондай саясат та қажет болған шығар. Бірақ бүгінде бір нәрсе пісіп-
жетілді. Қазақстан жері мен мемлекетінің тарихи иесі, ғасырлап ұлт азаттығы
жолында “мың өліп, мың тірілген” қазақ ұлты енді бүгінде сол тарихи арманы
– тәуелсіздікке қолы жеткен кезде кешегі бодан заманда аяқ асты болған,
тапталған өзінің басты ұлттық рухани киесі – Тіл туын жерден іліп алып,
төбесіне көтере алмауы ешқандай қисынға сыймайтын құбылысқа айналды. Бұл
келеңсіздік қазақтардың ұлттық намысын шабақтайтын негізгі фактор екенін
ашық айтатын мезгіл жетті. Тіл саласында санадағы отарсыздану үдерісі
басталуы керек. Бұл – тарих талабы.
Асылы ОСМАН, “Мемлекеттік тіл” қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары,
Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі:
— Қазақ тілінің мәртебесі мен меңгеру туралы әңгіменің айтылып келе
жатқанына, қарап отырсаң, 20 жылдай болып қалыпты. Түк жоқ деуден аулақпын,
бірақ көпшілік құлшына меңгеріп, мойындап, мәртебесін биіктетіп жатыр деп
айта алмаймын.
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен ұштастыра отырып, жалғыз ғана Отаны
бар қазақ тілінің – тұрған еліміздің тілін, мемлекеттік тілдің тұғырын
биіктету, оны үйретуді жүйелі жолға қоя алмай келгеніміз көңіл көншітпейді.
Тілді меңгеру үшін бұйрықтарды аудармашыға беріп қазақшалап, аптасына 1-2
рет қазақ тілі сабағына барып қоюмен шектелуге болмайды. Ол – аз. Бұрын
Мәскеуді сылтау етуші едік, енді кімге қарап отырмыз. Тіл – қоғамдық
қызметімен тіл. Тілдің мәні де, сәні де қолданыспен кіреді. Тілді үйрену
жүйелі түрде жүргізілетін үздіксіз үдеріс болуға тиісті.
Ең қиын шет тілді студенттер бір жылда үйреніп, келесі жылы оқытушының
аузынан конспекті жазады. Өзара сол шет тілінде сөйлейді. Мұнда мәселе
ниетте, соның қаншалықты керек екендігінде, қажеттілігінде.
Бүгінде кейбіреулерге қазақтың өзі де, сөзі де аса керек болмай тұр-ау
шамасы. Керегі, сірә, қазақтың жерінен табылып жатқан байлығы болар.
Меніңше, осы уақытқа дейін тілге деген басымдықты орыс тіліне беріп, өзге
ұлт өкілдерінің тіліне жағдай жасап, сақталуы мен дамуына қамқорлық қолын
созып, мүмкіндікті барынша баянды етіп келеміз. Ендігі басымдықты қазақ
тіліне беріп, қанатын кең жайғызып, өрістете дамытуымыз ауадай қажет.
Өйткені, қазақ тілі Қазақстаннан басқа жерде қолданылмайды, басқа елі, жері
жоқ. Бұл оңай іс емес, оны жақсы ұғамын, бірақ оң іс.
Тілді алға жылжытудың қиындығы бар. Біріншіден, тілдің ілгері жылжуын
бәріміз бірдей қаламаймыз. Тілді білуге деген ынта, ықылас, ниет керек.
Екіншіден, қалай іске асыруды, не істеу керектігін білмейміз. Жалтақтығымыз
басым. Жұмысқа қабылданатын әрбір маманнан мемлекеттік тілді білуін талап
ету орынды деп санаймын. Үшіншіден, тіл жанашырлары мен қарсыластардың ара
салмағының айырмашылығы көп, кедергісі зор, бөлінуіміз мол болып тұр.
“Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде” деген Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың кемел саясатымен қазақ тілін өз тұғырына қондырайық.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Болат
ЖАНАСАЕВ:
– Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және Тілдерді қолдану мен
дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау
мақсатында Қорғаныс министрлігінде Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы
құрылып, осы бағытта Қарулы Күштерде нақты жұмыстар атқарылуда және олардың
нәтижелері қанағаттанарлық деңгейде деп есептеймін.
Атап айтқанда, 2003-2004 жылдары Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді енгізу
бөлімдері ашылып, ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі
бұйрығына сәйкес мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі офицер лауазымдары
енгізілді.
Бүгінгі күні арнайы жабдықталған мемлекеттік тілді оқыту сыныптарында
мемлекеттік тілді оқып-үйрену жүйелі түрде өткізіліп, оқу бағдарламасына
сәйкес жылына екі рет: бірінші кезеңнің соңында сынақ, екінші кезеңнің
соңында емтихан қабылданады. Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында әр
дүйсенбі сайын офицерлердің кәсіби даярлық сабақтарында арнайы тіл
мамандары дәріс оқиды.
Қарулы Күштер жыл сайын Наурыз және Қазақстан халықтарының тілдері
мерекелерін жоғары деңгейде атап өтеді. Іс-шара барысында мемлекеттік тілді
үйренушілер арасында “Алтын сандық”, “Кім тез”, “Аудармашылар сайысы”,
“Көрермендер ойыны” жарыстары және әр түрлі бағытта өнер көрсету сайыстары
өткізіледі.
Жиналыстар, селекторлық кеңестер, кезекшілік кезіндегі баяндамалар,
пәрмендер мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді дамыту
басқармасы “Қазақ тілі. Мемлекеттік тілді үйренушілердің бастауыш тобына
арналған әдістемелік құрал” кітабын әзірлеп, баспаға тапсырды.
Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өзінің баянды жалғасын таба
бермек.
Сайран ДЕНКЕНОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің
бастығы:
– Білім департаменті Қазақстан Республикасының Тілдер туралы Заңын, 2001-
2010 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің барынша басымдықпен
дамуына үнемі көңіл бөліп келеді. Уәлиханов, Айыртау, Ақжар, Тимирязев
аудандарының толық мемлекеттік тілге көшуіне байланысты нормативтік-
құқықтық талаптардың қатаң сақталуын қадағалаудамыз.
Облыс әкімі Тайыр Мансұровтың тікелей бастамасымен оқу-тәрбие жұмысының
тиімділігі мен сапасын арттыруда жоғары жетістіктерге жеткен қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімдеріне арнайы грант ай сайын тапсырылады. Бұл дәстүрдің
қалыптасқанына екі жылдан асты. Алғашқы жылдары 700-ге жуық ұстаз
марапатталып келсе, биыл олардың саны 750-ге жетіп, жергілікті бюджеттен 50
миллион теңге бөлінді. Мұндай шара қазақ тілін дамытуға оң ықпал тигізумен
қатар қазақ тілі мұғалімдерінің қоғамдағы абыройы мен беделін арттырды.
Бүгінде басқа ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренуге деген
құштарлықтың арта түскені байқалады. Қазір қазақ емес ұлттардың он түлегі
қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқып жүр.
Барлық оқу мекемелеріндегі информатика кабинеттеріндегі компьютерлерге
қазақ қаріптері орналастырылып, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің
оңтайлы жолдары қарастырылған. Былтыр алғаш рет ұлттық білім беру жүйесін
дамыту аясында қазақ және орыс тілдерін сапалы оқыту мақсатымен оқу-
әдістемелік құралдар байқауы жарияланды. Сарапшылар алқасына 170-ке жуық
оқу-әдістемелік құралдары түсіп, байқау қорытындысында Аралағаш мектебі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айман Әлімтаева ең үздік атанды.
Оған 100 мың теңге ақшалай сыйлық тапсырылды. 13 ұстаз жеңімпаз және
жүлдегер болып танылды. Биыл бұл байқау одан әрі жалғасады.
Абай, Мағжан оқулары да жүйелі өткізіледі. Қазақ тілінде өтетін “Дебат”
сайысына, “Дат, замандас” телебағдарламасына оқушылар үлкен ынтамен
қатысады. Былтыр “Менің елім – менің Қазақстаным” шығармашылық конкурсына
26 мыңнан астам оқушы қатысып, ең үздік 16 оқушыға 50 мың теңге ақшалай
сыйлық және кеудеге тағатын белгі тапсырылды. Биыл өңір басшысының тікелей
қолдауымен оқушылардың шығармашылық байқауы “Елбасының Жолдауы: Қазақстан
гүлдену жолында” деген тақырыппен өтті.
Алдағы уақытта да қазақ тілінің биік мәртебесі жолында жұмыс істей беретін
боламыз.
Арап ЕСПЕНБЕТОВ, М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің ректоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор:
– Болашақта қазақ тілінің көсегесі көгереді деген нық сенім болу үшін
бүгіннен қам қылғанымыз жөн. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде ресми
қарым-қатынаста, басқару органдарының қызметінде тиісті деңгейде қолданатын
болашақ мамандар, қызметкерлер бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында оқып
жүр. Демек қазақ тілінің болашағы көп ретте Білім және ғылым министрлігінің
ұстанымына байланысты екен.
Министрлік әзірлеп бекітетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартында дәстүрлі оқыту жүйесінде жоғары кәсіптік
білім беретін орыс бөлімдеріндегі қазақ тілінің жалпы көлемі небәрі 200
сағат қана. Тікелей оқу үдерісіне келгенде қазақ тіліне бөлінген 200 сағат
өздік жұмыс, бақылау жұмыстарының есебінен қысқарып, 135-160 сағатты
құрайды. Салыстыру үшін келтірсек, шет тіліне 340 сағат бөлінген. Қазақ
тілінің мемлекеттік тіл бола тұра, мүшкіл халін ескеріп, тым болмағанда шет
тілінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілге байланысты қабылданған заңнамалық құжаттардың сипаты және олардың жүзеге асырылу деңгейі
Қазақ тілінің кешегісі мен бүгінгісі
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі
«Ана тілі» газетінде термин мәселесінің жазылуы
Мемлекеттік тілді жүргізу тетіктері
Қазақ тілім, өркенде!
Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі атты қазақ тілінен ғылыми жоба
Мемлекеттік тілдің білім саласында қолданылуы
Мемлекеттік тіл - мемлекеттің тілі
Үш тұғырлы тілдің ұшпағы
Пәндер