Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жағдай



Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
а) Қазақстанның ауыл шаруашылығы
ә) Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың көрінісі
б) Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары.

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жағдай.
1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай – ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызды болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандырудың алғашқы қарапайым түрлері: сауда – саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмбыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға дол салды. (1)
Мелілекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері пайда болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шыруашылығы өндіргіш күштерінің өрлелуі бабсталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның ролі артты.(2)
1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР-інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер беріледі. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96 – сы коммуна , 456- сы ауылшаруашылық артелі, 2425-і жай серіктестіктер болды. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге көмек қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС – тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың мәсеесін шешуге көмектесуге тиіс еді.
1926 – 1927 жалдары Кеңес өкіметі Қазақстанда шабындық және егістік жердлер ді қайта болу шараларын жүргізді. Оның қорытындысы бойынша өлкеде 1 млн. 250 мың десятина егіндік және 1 млн. 360 мың десятина

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан ауыл шаруашылығындағы жағдай.
1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау
саясатының зардапты мұраларын жойған Қазақстан мен Түркістандағы аграрлық
реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай – ақ қоныс аударған
еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызды болды. Ол көшпелі және жартылай
көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына
жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандырудың алғашқы қарапайым түрлері:
сауда – саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту
жұмбыстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға
дол салды. (1)
Мелілекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге қазақ
даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері:
жәрмеңкелер, сауда керуендері пайда болды. Міне, осының нәтижесінде
1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шыруашылығы өндіргіш күштерінің
өрлелуі бабсталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен,
тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын
қалпына келтіруде кооперацияның ролі артты.(2)
1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР-інің көшпелі және
отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық
шығарды. Жерге орналастыруға шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер
беріледі. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы
саны 794-ке жетіп, оның 96 – сы коммуна , 456- сы ауылшаруашылық
артелі, 2425-і жай серіктестіктер болды. Мемлекет техника және қаражат
беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге
көмек қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ.
Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС – тар құрыла бастады. Бұлар
шаруалардың мәсеесін шешуге көмектесуге тиіс еді.
1926 – 1927 жалдары Кеңес өкіметі Қазақстанда шабындық және
егістік жердлер ді қайта болу шараларын жүргізді. Оның қорытындысы
бойынша өлкеде 1 млн. 250 мың десятина егіндік және 1 млн. 360 мың
десятина шабындық жер қайта бөлінді. Бұл жүзеге асырылған аграрлық
реформалардың басында к едей шаруалар барлық шабындық жерлдердің 61,6
пайызын, егіндік жерлердің 59,3 пайызын иемденді. Бірақ осы жүргізілген
реформа алғаш кезден бастап – ақ өзінің әлсіз жақтарын көрсете бастады.
Өйткені егістіңк жерлерді қадйта болу барысында кедей шаруалардың және
кейбір орташа шаруа топтардың шаруашылықты жүргізу мүмкіндіктері, құрал
– жабдықтары, тұқым және мүмкіндіктері ескерілмеді. Міне, осындай
есептерден келіп, жерге қолы жеткен көптеген экономикалық әлсіз кейде
шаруашылық одан бас тартып, бұрынғы иелеріне яғни ауқатты байларға
қайтарын беруге мәжбүр болды. Өлкеде шабындық жерлерді қайта бөлу ісінде де
осындай көлеңкбелі жағдай орын алды. Реформа шартына, шабындықтарды қайта
болу жан басына қарай өткізілген болды, ал қазақ қоғамындағы бұрынғы
дәстүр бойынша жер мал сайына қарай бөлініп келді. Осы жағдаймен
байланысты байдың шабындығын ала қоятын кедей топтары аз кездесті. Бұған
қоса қазақ қоғамындағы қалыптасқан ескі патриархалдық – рулық қатынастардың
қалдықтары да үлкен әсетін тигізді. Сол себептерден келіп, шабындық
жерлер малдары көп ауыл бай – шонжарларының қолында сақталып қалды. Сөйтіп,
Кеңес өкіметінің қазақ ауыл - селоларында жүргізген тағы бір аграрлық
реформасты өзінің алдына қойған мақсатын жүзеге асыра алмады.
Бұл кезде алде аграрлық саясатты іске асыру барысында кеңес өкіметі
ірі байлардың "жартылай феодалдарының" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын,
одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберуге
өкіметінің жоғарғы буындарында ірі – ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу
жөніндегі заң жобабсын әзірлеу үшін комиссия құрылды.

_______________________
1. Государственный комитет Казахской ССР по статистике. Динамика посевных
площадей, урожайности, валовых сборов государственных закупок основных
сельхозкультур.
2. Государственный комитет Казахской ССР по статистике. Животноводство
Казахстана. Алма -Ата. 1989.С. 6.

Комиссияның төрағасы болып Е.Нұрмақов, Е.Тоқжанов, О. Жандосов т.б. Кірді.
1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық
Комиссиялары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы
қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды.
Республикла округтерінде тәркіледуді өткізуі жөніндегі өкілдер
тағайындалды. Ауыл – ауылна тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу
комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

Ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың көріністері
КОКП Орталық Комитетінің (1965 ж.) Пленумы талдап жасаған аграрлық
реформа ауыл шаруашылығын интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды.
Ұлттық табысты аграрлық саланың паидасына, қарай қайта бөлу, селоның
әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық
өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осындай шаралар
белгілене отырып, бірақ өндіріс қатынастары және халық шаруашылығының бұл
саласын басқару жүйесі өзгертілмей қаллырылды.
Республиканық ауыл шаруашылығы ірі инвестиция алды. 1971-1978 жж.
оған 58,2 млрд. сом, оның ішінде өндірстік объектілерге 43 млрд. сом
жұмсалды. Негізгі ауыл шаруашылық өндірістік қоры жұмыс істейтін әр адамға
шаққанда үш еседен астам өсті. Осының нәтижесінде 1985 ж. дейін негізгі
егін шаруашылығы жұмыстары — жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау
толық, мал шаруашылығы жұмыстары 75—98 проц. техникаландырылды. Алайда
барлық салаларды тұтастай механикаландыруға қал жетпеді. Көкөніс дақылдарын
отырғызу, жинау, жеміс-жидекті жинау, жөндеу жұмыстарында қол еңбегі басым
болды.
Ауыл шаруашылыгының проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы
ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ол қаржының 55 проц. дейінгі
құны қымбат, аса зор мал шаруашылық комплекстерін, су шаруашылық
құрылыстарын салуға, ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға жұмсалды,
дұрысында оларды жердің құнарлығын арттыруға, электрлендіруге,
ауылшаруашылық өнімдерін сақтайтын және өндейтін кәсіпорындар салуға жұмсау
қажет еді. Ауыл мен селоны әлеуметтік жағынан көркейтуге қалған қаржыны
жұмсау принципі қолданылды. Адамдардың мұқтажына көңіл бөлмеушіліктің
салдарынан 1987 ж. ауылдық-селолық жердегі елді мекендердің тең жартысынан
көбінде денсаулық сақтау мекемесі болмады, ауылдық-селолық ауруханалардың
жартысына жуығы ыңғайсыз үйлерде орналасты, әрбір бесінші ауруханада су
құбыры, канализация, асхана болмады. (3)
Колхоздар мен совхоздардың өз жағдайын мемлекетке сатылатын
өнімдердің сатып алу бағасының өсуі есебінен жақсартамыз деген үміті
ақталмады. Бағалар шамамен екі есе арттырылды, ал ауыл шаруашылығына
арналғал өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 2—5 есе көтерілді. Мұның үстіне
техниканың бағасы оның жұмыс өнімділігімен байланыстырылмады. Өнеркәсіп
орындарының монополиялық еркін баға белгілеу құқы өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығы арасындағы баға тендестігін бұзды. Кәсіпорындар колхоздар мен
совхоздарды өздеріне қажет емес, ала салып дерлік жөндеуге жіберілетін
техниканы сатып алуға мәжбүр етті. Ауылшаруашылық техникасы, химия,
мелиорация және баска мекемелердің, кәсіпорындары ауыл мен деревняны
тонады деп айтуға болады. Міне мұның бәрі ауылшаруашылық өнімдерінің
өзіндік құнының өсуіне, ауыл шаруашылығында пайда мөлшерінің азаюына, ауыл-
село еңбеккерлерінің материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Дара жеке шаруашылығы орналасқан облысының топырақ картасы
Сақтандыру шарты жайлы
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық шарттық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Ауыспалы егістіктің құрамы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Пәндер