Жылқы шаруашылығы туралы



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық . гигиеналық талаптар
2.2. Бие гигиенасы
2.3. Бие сауу гигиенасы.
2.4. Қымыз өндіру гигиенасы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 – 6 ретке дейін). Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады.
Жылқының бір қасиеті – сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Халық арман еткен сол қымыз қазір де елдің қалаулы тағамы болып, көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт сауылады; кейбір биелер 15-17 литрге дейін сүт береді. Биелерді 7-8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. “Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас” деген мақал тегін айтылмаған. Жылқының жайылымы мен суаты сапалы болып, күтімі келіссе, бие сауудың биеге де, құлынға да зияны болмайды. Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорыту органдарының, жүрек-қантамырлары аппаратының, жүйке системасы мен
1. Мырзабеков Ж.Б, Ибрагимов П.Ш. «Ветеринариялық гигиена», Алматы: ҚазҰАУ, Агроуниверситет баспасы, 2011ж.
2. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов Ж.Б., “Жануарлар гигиенасы”. Алматы, 2005 ж

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар
2.2. Бие гигиенасы
2.3. Бие сауу гигиенасы.
2.4. Қымыз өндіру гигиенасы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25 - 30 бие) бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып, жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3 немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 - 6 ретке дейін). Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені 6 ай бойы сауады.
Жылқының бір қасиеті - сүтінде. Бие сүтінен қымыз ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып білуге болады.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде " С" витамині мол болады. Халық арман еткен сол қымыз қазір де елдің қалаулы тағамы болып, көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Бие басынан күніне орта есеппен 10-12 литр сүт сауылады; кейбір биелер 15-17 литрге дейін сүт береді. Биелерді 7-8 ай саууға болады, сонда бие басынан 1500-2000 литрге дейін сүт алынады. "Сауын саусаң бие сау, боз қырау түспей суалмас" деген мақал тегін айтылмаған. Жылқының жайылымы мен суаты сапалы болып, күтімі келіссе, бие сауудың биеге де, құлынға да зияны болмайды. Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорыту органдарының, жүрек-қантамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады.
Қымыздың әсері бүкіл организмді өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процесстер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді.
Қымыздың құрамында сүт қышқылы бар. Соған орай тағамның құрамындағы белоктардың, майлардың, әр түрлі қанттардың жақсы қорытылуына ықпал жасайды. Ал құрамындағы көмір қышқылы аздығына қарамастан ас қорыту бездеріне әсер етіп, қарын сөлінің бөлініп шығуын тездетеді. Қымыз ішкенде тәбеттің ашылатыны сондықтан.

1. Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар
Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу бастырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп - қарайтын қоралар салынуы тиіс. Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі үшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан - 5 пайыз мал басынан аспауы керек, жылқылар үшін қымыз өндіретін фермада 25 пайыз мал басына қора салынуы тиіс.
Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы тиіс.
Биелер және айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден өткізу бөлмесі, жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі; ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт - қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер, суықтату камерасы және лаборатория қарастырылады. Мал фермасының территориясында бұдан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік обьектілер, манеж, автотаразы, канализация, су электр, жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуендететін механикалық жетектегіш, жем - шөптің, төсеніштің, шаруашылық мүліктер, қи қоймасы, әкімшілік және тұтыну бөлмелері.
Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі және П бейнелі формада салынады. Ат қорада мал орнына және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем - шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6 - 3 жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер қораның ортасында орналасады. Әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан көп болмауы керек, ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар 4 қатар орынға орналасады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30 пайыздан аспауы керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал саймандар тұратын, жем - шөп қоятын бөлмелер, су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада - манеж болуы тиіс. Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6°С шамасында, салыстырмалы ылғалдылығы 75 пайыздан аспауы керек.
Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеу керек. малдың астына құрғақ сабаннан төсеніш салған жөн. Күніге аттарды тазалап оның тұяғының жағдайын қадағалап тұруы керек.
2. Бие гигиенасы
Жылқы өнімділігін, асыл тұқымды қасиетін, денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп бағу жүйесін сақтау керек.
Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мөлшері, минералдық заттар, витаминдердің, тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс.
Жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мөлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді көбірек беру керек. майдаланған азықтың тәуірі - сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы.
Малды, әсіресе биелерді азықтандырғанда оның қоңдылығының төмендігіне аса көңіл аудару керек, себеі ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек - қарынның қабынуынан, тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек. ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды заттарды және витаминдерді беріп тұру өте маңызды роль атқарады.
Жаздыкүні әр атқа 30-50г, ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп, соның ішінде қышқыл дән көбірек болса, немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса, жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шөптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Жылқыны витаминдермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шөппен азықтандырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жөн. Ал жаздыкүні үнемі жайылымда бағып немесе жаңа орылған шөппен азықтандырған жөн.
Жылқыларды тәулігіне 3 рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық күнінде 4-6 рет. Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райына, малдың жасына байланысты болады. Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен азықтандыру алдында суаруды естен шығармау керек. себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды. Ал, егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де, ауыр жағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек.
Жылқыны қыстыкүні өзеннің, тоғанның, көлдің, суат жерінен суаруға болмайды, себебі малға суық тиеді және буаз бие іш тастауы мүмкін. Сол себептен буаз биені қыстыкүні температурасы 12-15° С сумен суарған жөн.
Буаз биенің рационына көлемді азықты енгізуге болмайды. Оған өте жұғымды, жеңіл қорытылғыш, өте сапалы және әр түрлі жем - шөпті енгізу ұсынылуы керек. Ауа райының аяз және тайғақ кезінде буаз биені жайылымға тек шөптің басындағы шық еріп түскен кезде ғана жіберуге болады. Буаз бие үшін ең тәуір жем - шөп тоғайдағы дәнді өсімдіктер, ірі бұршақты шөптер, шөптен жасалған ұн, бидай ұны, сұлы, тамыр жемісті азықтар жатады. Буаз биенің ішінің кебуінен сақтану үшін бұршақты шөпті дәнді өсімдіктермен қосып береді, ал құлындауына 1 ай қалғанда оның рационының 13 көлемінің бөлігін кеміту керек.
Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жөн және ауа - райының жақсы күні таза ауада көбірек жүргізу керек. ал буаз биенің организміне қолайлы әсер ететін жағдай оны жайылымда бағып - күту. Буаз биені ат қорада ұстағанда қораның ішіндегі әжіренің жарық, таза, құрғақ болғаны жөн. Ал енді құлындағаннан 3 күн өткеннен кейін биеге құлынымен бірге жүйелі серуен ұйымдастырған жөн. Одан ары қарай биені құлынымен ауа - райының жақсы күні далада - паддокта, шабындықта немесе жайылымда бағып күту дұрыс. Мұндай биені жем - шөп нормасымен азықтандыру керек.
3. Бие сауу гигиенасы.
Басқа малдарға қарағанда бие сүтінде белоктың қасиеті, аминқышқыл құрамы, микроэлементтердің саны және ферменттер, қанттың мөлшері бойынша әйелдердің сүтіне өте жақын.
Биені сауудың қолмен және механикалық әдістері бар.
Қазақ халқының тұрмыс ерекшеліктеріне сәйкес және табындағы жылқыларды бағу мен жаю жағдайларына қарай қолмен сауу әдәсә қалыптасқан. Бұл әдісті қолданғанда, күндіз құлындарды енесінен бөлек ұстайды және 1-2 сағат сайын оларды сауып алады да, түнге қарай құлындарды қосып жібереді.
Таңертеңгі өрістен соң құлындарды желіге байлап қояды. Содан соң 12 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара мал шаруашылығы
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Міністі жылқы тұқымы
Жылқы етін өндіру, жылқының ет өнімділігі, еттің биологиялық құндылығы
Халық шаруашылындағы жылқы шаруашылығының маңызы
Ендігі кезекте мал шаруашылығы саласының бәсекеге қаблеттілігін арттыру
Жылқы шаруашылығы және жылқы өнімдері
Белорусь ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының қазіргі жағдайы
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Жылқы өсіру әдістері
Пәндер