Iскерлiк туризм



КIРIСПЕ

1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ
1.1 Туризм туралы түсінік +
1.2 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң орны+
1.3 Iскерлiк туризм түрлерi+
1.4 Iскерлiк турларды ұйымдастыру

2 IСКЕРЛIК ТУРИЗМ . ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ НАРЫҒЫНЫҢ БАСТЫ СЕГМЕНТI РЕТIНДЕ
2.1 Қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы
2.2 Iскерлiк саяхатшылардың жiктелуi
2.3 Iскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Іскерлік туризм АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады. Туризм халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi салаларының бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы әлемдiк сауда қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң жалпы шығыны әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi. Iскерлiк туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ “iскерлiк туризм” түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу;ал үшiншi бiреулер - “iскерлiк туризм” деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн - өте өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да iскерлiк туризм мәселелерi бар.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1. IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI
ЖАҒДАЙЫ
1. Туризм туралы түсінік +
2. Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң орны+
3. Iскерлiк туризм түрлерi+
4. Iскерлiк турларды ұйымдастыру

2. IСКЕРЛIК ТУРИЗМ – ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ НАРЫҒЫНЫҢ БАСТЫ СЕГМЕНТI РЕТIНДЕ
1. Қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы
2. Iскерлiк саяхатшылардың жiктелуi
3. Iскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

КIРIСПЕ

Іскерлік туризм АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да
– оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады. Туризм
халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi салаларының
бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы әлемдiк сауда
қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң жалпы шығыны
әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi
елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық
ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен
қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер
көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк
қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм
алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған
байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған
әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi. Iскерлiк
туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған.
АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей
мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ “iскерлiк туризм” түсiнiгi жоқ.
Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар
пайдалыны жайлымен бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа
жерлерде демалу;ал үшiншi бiреулер - “iскерлiк туризм” деген жоқ, өйткенi,
анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы
түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және
экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан
бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты
саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227
млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк
туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi
жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және
тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау
жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен
жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте
маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн - өте
өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да
iскерлiк туризм мәселелерi бар.

1. IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ

“Busines Travel” (“Iскерлiк туризм”)- тiптi халықаралық өлшеммен
қарағанда жаңа түсiнiк. Iскерлiк туризмнiң ең қанат жайып дамуы өткен
ғасырдың 80 жылдарынан басталды. Iскерлiк қатынастардың жылдам қарқынмен
өсуi бiрнеше себептерге байланысты. Олар iскерлiк, ғылыми, мәдени аусымдар
интенсификациясымен байланысты әлемдiк экономиканың өзектiленуi, орта класс
үлесiнiң көбеюi есебiнен, халықтың әлеуметтiк құрамының өзгеруi. Батыста
iскерлiк сапарларды ұйымдастыру мәдениетi 10 жылдық бойында қалыптасты. Осы
уақыт iшiнде iскерлiк туризм сферасында әлемде ассоциациялар пайда болып,
қалыптаса бастады. Жоғарыда айтылғандай – ғылыми, бiлiм мекемелерi, баспа
мекемелерi, әдiстемелiк оқулықтар, маманданған секторлар мен категориялар
базасында тұрақты ұйымдасқан құрылым қалыптасты. Басты мән беретiн жәйт
Батыста iскерлiк туризмнiң дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлген.
Iскерлiк туризм кездесу индустриясы (Meeting Industry)- ұқсас
түсiнiктер. Негiзiнен ол ағылшын тiлiнiң “MICE” аббревиатурасынан құрылған
бiрнеше сөздiң бастапқы әрпiнен тұрады. Бұл сөздер iскерлiк туризм
индустриясында кең қолданысқа ие.
Аббревиатураны жiктесек:
M – “meeting”- кездесулер
I – “incentives”- интенсивтi iс-шаралар
C – “conventions”- конференциялар
E – “exhibitions”- көрмелер
Өкiнiшке орай, бiзде әлi iскерлiк туризм нарығында қалыптасатын
маманданған тұлғалар, негiзгi ұйымдар туралы ұсыныстар мен түсiнiктер
шатасқан, олардың мақсаттары, функциялары, өкiлеттiлiктерi шектелмеген,
анық жiктелуi жоқ. Әлi күнге дейiн қабылданған стандарттар мен халықаралық
тәжiрибе көзiмен аталмыш саланың негiзгi параметрлерiн сипаттайтын анық,
түсiнiктi тiркелген сөздiк жоқ. Әрине, бұның барлығы маманданған компания
жұмысын қиындатады, iскерлiк саяхат немесе шара ұйымдастыру мәселесiн
тудырады, халықаралық және ұлттық құрылымдармен қатынасты күрделендiредi.
Iскерлiк Туризм Ассоциациясының миссисы – iскерлiк туризмнiң қазiргi
инфрақұрылымын дамытуға iс-әрекет етуде қызметтер тұтынушылар мен
тасымалдаушыларға ортақ ақпараттық кеңiстiк құру; iскерлiк туризмнiң
әлемдiк концепциясын дамыту және қозғау; ағартушылық-бiлiм жұмыс атқару
жолдарын қарау. Ассоциация өз жұмысында позитивтi тәжiрибе мен халықаралық
бизнес-бiрлестiктер салалар рөлiне сүйенедi.
Iскерлiк туризм инфрақұрылымында орталық орынды қонақ үйлер мен бизнес-
орталықтар алады, сондықтан бiз оларға көп көңiл бөлемiз.
Тәжiрибелi және болашақты болжайтын басқарушылар, қонақ үй бизнесiнде
iскерлiк саяхатшылар “күнделiктi туристерге” қарағанда басқадай жағдайды
қажет ететiнiн түсiнедi. Бүгiнгi күнi бiз жиi “Интеллектуалдық мекеме”
туралы естимiз, интеллектуалды қала, үй т.б. Дәл осындай концепцияның өтуi
Қазақстанның ақпараттық әлемге жедел өтуiне мүмкiндiк бередi. Жалпы
Қазақстан Ресей және басқа да ТМД елдерiнде құрылу өзектiлiгi, сонымен
қатар, бизнес үшiн қолайлы осы елдердiң iрi қалалары “The best cities for
business” зерттеу нәтижесiнде көрсеткендей бизнес жүргiзу үшiн өте қолайлы
болып отыр. Бұны “Anderson” аудиторлық компаниясы мен “Fortune” журналының
бiрiгуiмен 2000 жылы жарық көрдi. Зерттеулер қорытындыснда Мәскеу және
Санкт-Петербург iскерлiк инфрақұрылым сапасы бойынша алғашқы орындарда
болса, Алматы мен Астана туралы мүлдем айтылмаған.
Тағы бiр зерттеу “Runzheimer Internatonal” компаниясымен жүргiзiлген.
Бұл жолы “Бизнес-саяхаттар үшiн ең қымбат әлем-қалары”( 1 кесте).
1 кесте
Бизнес-саяхаттар үшiн ең қымбат әлем қалалары.

Лондон $498
Женева $410
Мәскеу $407
Нью-Йорк $401
Амстердам $393
Сан-Хуан(Пуэрто-Рико) $388
Токио $374
Бостон $358
Сантьяго(Чили) $351
Дели $350
Гамбург $177
Страсбург $175
Сан-Хосе(Коста-Рика) $174
Куала-Лумпур $165
Монреаль $164
Ванкувер $159
Оттава $158
Окланд $154
Аделаида $154
Йоханнесбург $140

Зерттеу әлемнiң 200 қаласында жүргiзiлген. Қымбаттылығы үш күндiк
бизнес-класс мейрамханада тамақтану және бiр орынды бизнес-класс қонақ
үйiнде орналасу құны қосындысымен анықталды.
Мұнда әлемдегi ең қымбат қалалардың жиырмасы келтiрiлген, және бiз
көрiп отырғандай тiзiмде – қалалар әлемнiң әр бұрышынан алынған. Бiрақ
көшбасшы “Үштiкке” Еуропа қалалары, соның қатарына – Мәскеуде кiредi. Ең
“арзан” қалалар тiзiм бойынша Йоханнесбург, Аделаида және Окланд болып
келедi.

1. Туризм туралы түсінік

Қазіргі кезде адам қызметінің әртүрлі формалары бар, олар жалпы жағдай
жасауға және әлемді тануға бағытталған. Халық тұрмысының жақсаруы жаңа
әлемді ашуға адамның қажеттілігін, соның шінде саяхатқа құштарлығын
арттырады. Саяхат дегеніміз – туризм.
Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық және әлеуметтік
аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға
айналды. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша туризм әлемнің
өндірістік- сервистік нарық айналымының 10%-ын қамтамасыз етеді. Туризм
сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің 6%- ын, әлемдік инвестицияның 7%-
ын, әр 16 жұмыс орны, әлемдік тұтынушы шығындарының 11%-ын, барлық салық
түсімінің 5% келеді. Бұл сандар туризм индустриясының экономиаға тікелей
әсерін көрсетеді.
Туризм түсінігіне теориялық және практикалық тұрғыдан нақты анықтама
берілуі керек.
Көптеген авторлар туризмге толық анықтама беруге тырысты. Әр пікір
өзгеше болып табылады және бұл терминнің көптеген өлшемін көрсетеді. Алайда
туризмнің әр түрлі түсіндірмесін жинақтап қорыту, белгілі бір оптимум
таңдау өте қиын.
1980 жылы Манила декларациясы Туризм – халықтар өмірінде маңызды орын
алатын әлеуметтік, мәдени, білім және экономика ауданында, мемлекет өміріне
және оның халықаралық қатынастарына тікелей әсер ететін қызмет түрі
(Филиппин, қазан 1980 жылы) - деп жариялады. 1993 жылы БҰҰ-ның
статистикалық комисииясы туризмге кең анықтама берді: Туризм – бұл өзінің
тұрғылықты жерінен басқа жерде болатын, бір жылдан аспайтын уақытта демалу,
іскерлік және басқа да мақсаттарда саяхаттайтын тұлға қызметі.
Халықаралық туристік Акдемия баспасында берілген анықтамада (Монте
Карло): туризм – көңіл көтеру, демалу немесе емделу үшін жаяу немесе қандай
да бір трнспорт түрімен жасалатын саяхат.
П.Г. Олдактың пікірінше, қазіргі ғылыммен жинақтап айтқанда: Туризм-
бұл өмір сүрумен және жұмыс орнын ауыстырумен байланыссыз халықтың
қозғалысы, демалу, емделу, ғылыми іскерлік және мәдени кездесулер
мақсатында саяхаттау - дейді.
Қазіргі күнге дейін туризм түсінігінің көпшілік қабылдаған нақты
анықтамасы жоқ. Жоғарыда келтірілген анықтамалар оның тек кейбір жақтарын
қамтиды. Бірінші анықтамада әлеуметтік және экономикалық жақтары, ал
екіншісінде – әлеуметтік және құқықтық жақтары (адам уақытын есептеуге
арналған туризмнің шектелген уақыты) көрсетілген.
Туризмнің әлеуметтік жақтарының басым болуы бақыланып отыр, бұл
адамдардың қоғамдақ – экономикалық өмірін әлеуметтендіру тенденциясымен
түсіндіріледі. Бұрыңғы ҚСРО кезінде тіршілк деңгейінде барлық әрекеттің
әлеуметтік аспектісі алдыңғы орында болды. Туризмде бұл мағына айтпаса да
түсінікті. Профсоюз жолдаманың өзі төлеп немесе арзан бағамен және
көрсетілген қызметті тегін ұсынып отырды.
Қазір туризм терминін кең және терең түрде түсіндіру керек. Біздің
ойымызша туризм анықтамасы екі бағытта беріледі:географиялық және
экономикалық. Туризм географиялық тұрғыдан сұраныс және ұсыныстың кеңістік
– территориялық қолданылу негізін білдіреді. Экономикалық тұрғыдан туризм
сұраныс және ұсыныстың тұтынушылық шаруашылық негізі.
Туризмге экономикалық тұрғыдан бірнеше анықтама берілген:
Г.А. Папирян,туризм ол қызметтер жиынтығы,оларды тұтыну барысында ғана
байқауға болады және ол өндірістік өнім сияқты жүйелі түрде ұдайы
өндірілмейді.
П.В. Шульгиннің ойынша, қазіргі туризм анықтамасы 2 көзқарасты
көрсетеді. Оның бірі туризм индустриясы – халық шаруашылығы құрылымында
ерекше саланың қалыптасуы. Ол барлық келушілерге сұраныстарын
қанағаттандыру үшін маманданған бірқатар өндірістік қызметтер мен қызмет
көрсету мекемелерінің жиынтығы. Екіншісі, туризмді дербес салаға бөлу. Егер
туристік мекемелерге қатысты туризмнің өзіне тән еңбек ұсынысының ортасы
болса, онда бұл қызмет туризмді дамыту және ұйымдастыру ерешеліктеріне
байланысты болады. Біздің ойымызша, туризмнің экономикалық мәнініе нақты
анықтама қазіргі туризмнің экономикасы жұмысында берілген: Туризм қызмет
және тауар нарығының бөлігі болып табылады. Сұранысқа ішкі және
халықаралық туристік нарық жатады, ал ұсынысқа транспорт, туристік көрікті
жерлер және бос уақыт түрі, туристік нысандар, қызмет көрсету жүйесі және
инфрақұрылымы, сондай- ақ жарнамалық анықтамалық қызмет жатады.
Біздің ойымызша, туризм дегеніміз – рекреация, емдік, танып білу және
әр түрлі қызметпен айналысу мақсатында келген елінде тұрғылықты жерін
ауыстыру немесе жұмыс істеуге байланысты емес адамдардың уақытта және
кеңістіктегі қозғалысы. Бұл анықтама географиялық мәнге ие.
Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына себепші
боатын және әсер ететін факторларға тоқтаймыз. Схема бойынша олар
төмендегідей (сурет 1).

1 сурет. Туризмнің негізгі түсініктерін анықтай отырып оның дамуына әсер
ететін факторлар.

Аталған факторлар біздің мемлекетке тән және Қазақстанның әлемдік
туристік бірлестікте орнын айқындайды.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі фактолар статистикалық және
динамикалық болып бөлінеді. Статистикалық факторларға табиғи – географиялық
факторлар жиынтығы кіреді. Олардың өзгермейтін және қалпына келмейтін
мағынасы бар. Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтк –
экономикалық, материалды – техникалық және саяси факторлар жатады. Олар
уақытта және кеңістікте өзгеретін әртүрлі бағасы, мағынасы болады.
Бұл факторлар жалпыланып айтылған және туризм ңегізгі аспектілерін
көрсетпейді. Туризмге әсер ететін факторлар тағы да сыртқы (экзогенді) және
ішкі (эндогенді) болып бөлінеді. Сыртқы факторлар туризмге демографиялық
және әлеуметтік өзгерістер арқылы әсер етеді. Бұл факторлар тобына:
тұрғындар жасы, жұмыс істейтін әйелдер санының өсуі және әр жанұяға
кірістің өзгеруі, тұрмысты және жанұяны кеш құру, тұрғындар құрамында
баласыз жанұяның көбеюі, иммиграциялық шектеулердің азаюы, төленетін іс –
сапардың өсуі және жұмыс уақытының қолайлы графигі, зейнетке ерте шығу,
туризмге жағадайлардың өсуі жатады.
Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт
құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік
демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын
құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындарының уақыт құрылымын анықтау
керек.
Экзогенді факторларға:
– экономикалық факторлар;
– қаржылық факторлар жатады.
Алайда біздің ойымызша, бұл факторлар ерекшелініп тұрады және оларды
бөлек қарастыру керек, өйткені олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын
факторлар болып табылады.
Сонымен қатар экзогенді факторларға:
– саяси;
– құқықтық бақылаудың өзгеруі;
– технологиялық өзгерістер;
– транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы;
– саяхаттың қауіпсіздік жағдайының өзгеруі жатады.
Ішкі факторлар – бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең
алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі
факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп
көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие.
Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану, орындары,
рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.
Туризмнің дамуын тежейтін факторлар қатарына төмендегі суретте
көрсетілген факторлар жатады (сурет 2).

2 сурет. Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға кедергі ететін негізгі
экономикалық факторлар.

1.2 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң алатын орны

Бүгiнгi күнi туризм – бизнес саласындағы ең табысты көзi болып
табылады. Туризм көрсеткiш мысалымен тек қана өнеркәсiп, ауыл шаруашылық
ғана емес қызметтер нарығына көптеген миллиардтап табыс әкелетiн сала
екендiгiн көрсетiп отыр. Туризмнен түскен салықтан көптеген елдер бюджетi
құралып, туризм рөлi әлемдiк экономикада жылдан- жылға өсуде.
Туризм барлық шаруашылық салаларымен және адамдар жасайтын iс -
әрекеттердiң түрлерiмен байланысты, себебi олардың дифференциациясы мен
дискреттiлiгi адамдарда орын ауыстыру мен тануды тудырады.
Кейiнгi он бес жылда туризм саласы қалыптасып, қызмет көрсету бойынша
әлемдегi ең үлкен сфера атағын алды. Бiрақ мемлекет экономикасына туризмнiң
дұрыс әсер етуi егер туризм елде барлық жағынан дамып, экономика қызметтерi
ел экономикасын жоғары болмаса ғана дамиды.
Соңғы елу жылдың iшiнде туристтiк индустрияға кең ауқымдағы мәселелер
қолайсыз жағдай туғызды. Олар – табиғи қауiптер, күрделi әлеуметтiк
шиеленiстер, соғыстар, экономикалық кризистер мен терроризм. Туризм
индустриясы икемге келiп, қиындықтарды жеңiп, бiраз тәжiрибе жинап қалды.
Туризм басқа салаларда болмайтын кризистердi жеңiп шығатын
экстраординарлық мүмкiндiгi бар. Туризм сферасының кеңеюiмен оның
көрсеткiштерi бiраз өзгерiстерге ұшырады.
Кейiнгi он жылдықта болған келудiң максималды өсу темпi 2005 жылы
болды. Бұл әлемдегi экономикалық және саяси тұрақтылыққа.
Қазақстанда сонымен қатар шетелдiк азаматтарының келуi мен Қазақстан
азаматтары шығу санының көбеюi байқалады (2 кесте).

2 кесте
Қазақстанға келген шетел азаматтары мен шетелге шығушы Қазақстан
азаматтары.

Адам 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл
Шетелге шығушы 1246731 2293728 2274702
ҚР-ғы резиденттер
саны
ҚР-на келушi 1682547 2692590 3677921
резидент еместер
саны

Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi бұл резидент
және резидент еместердi сапар мақсатына қарай бөлдi. Бұл кесте бойынша
қызмет бабымен барушы адамдар саны жекелеген сапарлардан асатынын байқаймыз
(3 кесте).
3 кесте

Сапар мақсатына байланысты 2007 жылғы резидент және резидент еместер
саны.

Ел атауы Шетелге шығушы ҚР-ғы ҚР-на келушi резидент
резиденттер саны еместер саны
Барлығы,адам(соның 2274702 3677921
iшiнде)
Қызмет сапары 344406 397599
Туризм 121807 47461
Жекелеген 1596272 2138369
Транзит 7304 845929

Халықаралық келушiлердiң жалпы көлемi жекелеген мақсаттағы сапарлар
үлесiнiң өсуiмен байқалады. Мәселен, 1999 жылы 3%-дан 2007 жылы 32.86%-ға
көтерiлген. Жекелеген мақсаттармен сапар шегу, яғни iскерлiк туристтер
үлесiнiң артуы, басқа топтардың қысқаруына әкелiп соғады. 1999 жылдан 2007
жылы iскерлiк сапарлар нәтижесiнде Қазақстанға келушi шетел азаматтарының
көлемi 2000 жылы 43% болса, 2004 жылы 13.12% қысқарды. Басқа жағынан,
көрсетiлген жекелеген мақсаттардағы келудiң жоғарғы үлесi виза құжаттары
мәселелерiмен байланысты .
Жиырмасыншы ғасырдың екiншi жартысы келешектегi даму мен iшкi
экономикалық қатынастардың араласуымен танылды. Әлемдiк экономиканың өсушi
қажеттiлiктерi халақаралық келiссөздердiң өсуiне әкеледi.
Маманданған, ұйымдасқан жұмыс қызметтер тұтынушы мен жеткiзушi лерге де
тиiмдi,өйткенi сақтау мен iскерлiк туризмге қызмет көрсету сапасының
көтерiлуiнде iскерлiк сапарға бөлiнген қаражаттан 70% үнемдеп қалады.
Iскерлiк туризм қазiргi туризм жiктелуiнде басты орында тұр. Бұл туризм
түрi туризм типiне және осы категориядағы туризм турiне жатады. Соның
iшiнде бұл категория: рекреациялық, экскурсиялық (мәдени), арнайы түрлерге
бөлiнедi. Дәл арнайы туризм түрiне iскерлiк туризм түрi жатады
(коммерциялық-iскерлiк, конгресстiк, т.б.).
Қазiргi бизнесте белсендi ақпарат алмасу, жаңа технологияны игеру,
халықаралық конгресстерге, семинар, көрмелерге қатысусыз мүмкiн емес. Бұның
барлығы iскерлiк туризм сферасына кiредi. Осы туризм саласы көмегiмен
экономикаға жаңа ойлар келедi, жаңа нарықты жаулап алады (27 ақпан-1 наурыз
аралығында Халықаралық Сауда Орталығында “Iскерлiк туризм 2001. Iскерлiк
стиль” көрмесi өттi).
Iскерлiк туризм отандық ұлттық экономика дамуына үлкен үлес қосады,
халықаралық инвестициялық капитал және әлемдiк экономика бiрiгуiне енуiне
әрекет етедi. Өкiнiштiсi, бұл iскерлiк туризм рөлi Қазақстанда мемлекеттiк
деңгейде жетiлiп болған жоқ. Маркетингтiк зерттеулер мен болжау
көрсеткендей, кез-келген экономикалық кризис және төмендеулер кезiнде бұл
туризм түрi аз күйзелiске ұшырайды, тiптi керiсiнше өзiнiң көлемiн
көбейтедi. Болашақ он жылда iскерлiк туризм өсу темпi жеткiлiктi жоғары
деңгейде қалады және 2020 жылы:
Iскерлiк халықаралық сапарлар саны 3 есе 564 млн-нан жылына 1,6 млрд-қа
дейiн өседi;
Iскерлiк туризмнен түскен табыс 5 есеге 399 млрд. $-дан 2 трлн. $-ға
өседi.
Мұндай табыстар динамикасының өсуi iскерлiк туризмде әлемдiк нарықта
жергiлiктi нарық тұрақсыздығы мен ерекшелiктерге байланысты Қазақстан,
Ресейге қолданылмаған, бiрақ Қазақстан үшiн жақын уақытта бұл бизнес
сферасы ең табыстылардың бiрi болып қалмақшы. Бүгiнгi күнi Қазақстандағы
iскерлiк туризм нарқы қалыптасу мен даму стадиясында. Бiрақ, ТМД елдерiнде
iскерлiк туризм дегенiмiз – iскерлiк сапарлар мен шараларға қызмет көрсету.
Сондықтан, бiзде әзiрше толығымен жетiлмеген, көбi iскерлiк туризмдi
жекелеген сала қылып бөлмейдi.
Сонда да iскерлiк туризм халықаралық туризмдегi басты салалардың бiрi.
Әлемде iскерлiк туризм терең әлеуметтiк-экономикалық және саяси құбылысқа
айналды. Жоғарыда айтылғандай. Бұл “ең басты” өзiндiк, жоғары рентабельдi,
динамикалық әлемдiк экономика саласы, қонақ үй нарығының негiзгi және
келешегi бар сегментi, туризмнiң өзiндiк секторы болып табылады. Батыс
компаниялары бұл туризм түрiн – баяғыдан бизнес – туризм деп атауда.
Шығу конференция, семинар, тренингтер – жақсыны пайдалымен қосу
мүмкiндiгi. Бұл бизнес – шешiм қабылдау, персоналды оқытуды жүргiзу,
iскерлiк байланыстарды орнату әдiстерi емес, сонымен бiрге команданың
корпоративтi рухын күшейту, коллектив мүшелерi арасындағы бейресми
қатынастарды ойластыру. Ресейлiк және Қазақстандық бизнесмендер де батыстық
әріптестеріне қарап, iскерлiк туризм мүмкiндiктерi туралы ойластыруда.
Бiрнеше туристiк фирмалар жаңа нарықты игеру, сауда келiсiмдерiне отыру
мақсатыме топтық бизнесмендер сапарларын ұйымдастыруға мамандана бастады.
Соған қарамастан, турфирмалар сирек белсендi бизнесмендерге көмектеседi:
олар – сол немесе басқа нарықтағы жағдайда болу, сауда партнерлерi
мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер жинау, iскерлiк кездсулердi ұйымдастыру,
т.б.
Iскерлiк сапарлары нарығын анализдеу белгiлi бiр елдер немесе елдер
тобымен экономикалық қатынастар жағдайымен байланысты. Iскерлiк сапарлар
жекелеген ең жоғарғы класс пен қымбат апартаментте орналастыру және күнi
бойы көлiкпен қамтамасыз ету сұранысын туғызады.
Iскерлiк кездесулердiң ең атақтысы – бiрiншi класстағы бiр орындық
орналасу сұранысы. Iскерлiк саяхатшылар экономикалық тұрғыдан пайдалары
бар, өйткенi, оларда маусымдық факторлары болмайды. Тiптi тристiк маусым
биiктеу шегiнде олардың көлемi азаюы мүмкiн. Басты тағы бiр, бизнесмендер
сапарлары қосымша – жарнама, орындарды броньдау мен тәртiбi туралы ақпарат
шығындарын қажет етедi.
Бiздiң елiмiзде кiру iскерлiк туризмi инфрақұрылымының құрылуына аз
жұмыстар жасалған. Бұл жағынан, Ресей бiзден алда, Мәскеуде және облыс
орталықтарында көптеген бизнес – қонақ үйлер, бизнес орталықтар салынуда;
конгресс – бюролар; көрме ұйымдары құрылуда; конгресс, форум, т.б. iс –
шаралары күнтiзбесi кеңеюде.
Осы ақпаратөа сүйене отырып, қазақстандыј iскер адамдарға олардан үлгi
алу керек. Бұл тек қана үлкен табыс емес, ел экономикасын жаңа деңгейге
көтередi. Әлемдiк iскерлiк туризм дамуына саяси жағдайда көп әсерiн
тигiзбейдi. Ресейлiк Iскерлiк Туризм Ассоциациясының вице – президентi Юрий
Сарапкиннiң айтуынша, тiптi, әлемдiк туриндустрия кризисi болған 11
қыркүйектегi жағдай бұл туризм секторына көп әсерiн тигiзген жоқ.

1.3 Iскерлiк туризмнiң түрлерi

Iскерлiк туризм көп салалы. Жоғарыда айтылғандай, мамандар “бизнес -
туризм” түсiнiгi орнына жиi “MICE” терминiн қолданады, өйткенi бұл
аббревиатураны құрайтын сөздер – бұл iскерлiк туризм түрлерi немесе бизнес
– туризм құрылымы (“Horwath Axe Consultants” мәлiметi бойынша):
1) Жеклеген iскерлiк сапарлар, олар бүгiнгi күнi iскерлiк туризм
құрылымының 70,8% құрайды;
2) Конференция, семинарлар – 12,6%;
3) Көрмелер – 10,3%;
4) Конгресстiк туризм – 3,3%;
5) Интенсив – туризм – 2%.
Бiрақ ТМД – да экперттердiң ойынша, басқаша. Iскерлiк сапар әйгiлiгi
өте жоғары, мәселен, таза интенсив үлесi 2% тең. Егер әлемдiк турағымда
бизнес – туристер үлесi 25-30% құраса, ТМД – 20% аз.Сол уақытта басқа
жағынан iрi қалалар– Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы кiру ағымы
бизнесмендердiң 60%-ға жақындады .
Конференция, семинарлар – бұл шараларға қатысу алдын –ала жоспарланады.
Бұл шараға компаниядан адам жiберiлуi мүмкiн немесе функциялық тұлға немесе
бақылаушы т.б .
Ал көрмелерге қатысу керiсiнше, алдын – ала ойластырылмаған таныс емес
адамдар болады.

Париждегi көрмеге сапардың бағдарласының үлгiсi

ұзақтығы: Құны:
Топ:
6 күн(5 түн) 400 евродан(3* қонақ үй) 20 адамнан
700 евродан(4* қонақ үй) басталады
1-күнi
Парижге келу. Гидпен трансфер әуежайдан қонақ үйге. Қалаланың негiзгi
көрiктi жерлерiне шолу жасау. Трансфер және қонақ үйге орналастыру.
2-күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
3-күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
4 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
5 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Бос күн. Қосымша экскурсиялар, ассистентпен
бiрге шоппинг, т.б..
6 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Шығарып салушымен әуежайға трансфер.

Құнына кiретiндер:
- Франция визасын дайындау үшiн шақыру қағазын алу;
- Қонақ үйде екi орынды номерде таңғы асымен ,швед столы 5 түн (3% қонақ
үйде бiр орынды номер – 225 евро, 4% - 450 еро үстiне ақша төлейдi);
- Көлiк қызметi;
- Париж қаласы бойынша шолу экскурсиясы (3 сағат);
- Көрмеге кiретiн билет;
- Құнына кiрмейтiндер;
- Халықаралық әуе айналымы;
- Виза және сақтандыруды дайындау үшiн шығындар;
- Қосымша тамақтану (қонақ үйдегi таңғы астан басқасы).
Қосымша қызметтер:
- Жарты күнге аудармашы (4 сағат) 275 евро, бiр күнге 500 евро топқа;
- Қарсы алушы мен шығарып салушы қызметтерi 50 евро сағатына;
- Кешкi ас бiр күнге бiр адамға – 40 евро;

Конгресстiк туризм.
Конгресстiк қызмет көрсету – туристтiк қызмет көрсету түрлерiнiң арнайы
түрi. Конгресстiк туризм әлемдегi тиiмдi туризм түрi, өйткенi туризмнiң
басқа салалары, мәселен, демалыс және ойын-сауық мақсатындағы туризм түрiне
қарағанда көп табыс бередi.
Сонымен қатар, конгресстiк туризм басқа саяхат түрлерiне қарағанда екi
үлкен ерекшелiгi бар:
- конгресстiк туризм – материалдық базаны маусымаралыө немесе маусым емес
уақытта қолдануға мүмкiндiк бередi;
- конгреске қатысушылар үшiн орынды броньдау шара өткiзiлер алдында ғана
жүзеге асады.
Осы сияқты конгресс және басқада шаралар тиесiлi материалдық базалардан
басқа демалыс, ойын-сауық, спортпен айналысу мүмкiндiгi болатын орындарда
ұйымдастырылады.
Экперттiң бағалауы бойынша ТМД-дағы конгресстiк және интенсив-туризмнiң
болашағы үлкен. Оның себептерi бар:
1.Мәскеу, Санкт-Петербург, Ресейдiң басқа қалалары және ТМД-да басқа
шетел мамандарын қызықтыратын кәсiпорындар бар;
2.Бiздiң мәдениетiмiз, көне ескерткiштер, мұражайларға әлем бойынша
қызығушылық артуда;
3.Кейiнгi жылдары ТМД-да көптеген бiрiншi классты қонақ үйлер салынды,
қайта жөедеуден өттi.
Оларда әрине, барлық қажеттi құрал-жабдықтармен конгресс-орталықтар
қамтылған. Сондықтан Ресей және Қазақстан – конгресстiк және интенсив-
туризм үшiн лайықты орын.
Айта кететiн жайт – конгресстiк туризм екi адамзат қажеттiлiктерiнiң
қосылысқан жерiнде түр: ақпарат алуда және ойын-сауықта, соның iшiнде –
саяхаттау. Компьютер және байланыс құралдарының көмегiмен қарым-қатынас
“тiрi” байланысты айырбастай алмайды. Конгресстiк туризмнен түскен 30 %
жоғары табыс экскурсиялық бағдарламалар мен банкеттердi ұйымдастыруды
қамтамасыз етедi. Форумға қатысудағы әртүрлi ынталандырулар мен олардың
өзгеру тенденциялары болжамы (4 кесте).

4 кесте

Форумға қатысуды ынталандыру.

Ынталандыру 2010 жылға болжам
Ақпаратқа қажеттiлiк 34,8
Маманданған келiссөздер 23,9
Халықаралық келiссөздер 13,8
Оқуға деген қажеттiлiк 406
Туризм 10,1
Талқыланған мәселеге қызығушылық 7,3
Достық келiссөздер 5,5
100

Тек жоғарыда келтiрiлген ынталандырулар сол немесе басқа форумге
қатысуды шешуге әсер етедi. Делегаттардың төрттен үшi орындарын таңдаудан
басталады. Форум өткiзу орны анықталған соң әртүрлi факторлар есепке
алынады: тез ену (әуежайдың жақындығы), қонақ үй сервисi, бағалар деңгейi,
медициналық қызмет көрсету, конференц залдардың болуы, тамақтану,
жергiлiктi көрiктi жерлер, қалалық көлiк, ойын-сауық, жаңа танысу
мүмкiндiктерiн ойластыру, кеден процедуралары.
Барлық осы сұрақтардың шешiмiн табуға форум ұйымдастырушы компанияға
үлкен көмек көрсететiн – турисстiк агенство. Агенство бөлшек бағдарламаны
өңдейдi, ұйымдастырушылар үшiн танысу турын жасайды. Кез-келген iскерлiк
сапар түрiн ұйымдастыру – бұл мамандармен тапсырушыға ұсынылған шешiм.
Кездесу индустриясы тез қарқынмен дами бастағанда, 1963 жылы
халықаралық конгресстер мен жиылыстар ассоциациясы құрылды. Оның штаб-
квартирасы Амстердамда. Қазiр ассоциация әлемнiң 80 елiн қамтиды – оның
iшiнде Қазақстан жоқ. Бүгiнгi күнi әлемде белгiлi бiр жиiлiкте жылына
немесе одан жиi ұзақтығы 2-3 күннен 6-күнге дейiнгi 10 мыңнан астам
форумдар өтедi. Онда 10-50 мың және адам көп қатысады. Ассоциация осындай
кездесулердiң 80% бақылауға алады.
Кейiнгi онжылыдықта конгресстiк белсендiлiктiң ең жоғарғы шегi 2004-
2005 жылға келедi, ол жылдары жалпы 6466 кездесу жүргiзiлген.
Мәскеудегi конгресстiк туризм. Бұдан 7-10 жыл бұрын туристтiк мақсаттар
Мәскеуге сапар үшiн себеп болса, қазiр көптеген шетел қонақтары бизнес-
туристтер ретiнде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік туризмнің сыныптамасы
Іскерлік туризм жайлы
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Әлемдік іскерлік туризм географиясы
Іскерлік туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Іскерлік туризмді дамытуға бағытталған туристік байланыстар
Iскерлiк туризмнiң қалыптасуы
Іскерлік туризмді дамытудың теориялық аспектілері
Іскерлік туризм туралы
Қазақстандағы туризм жағдайы
Пәндер