Мәліметтер қоры туралы ақпарат



КІРІСПЕ 3
I. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ
1.1 Мәліметтер қорының модельдері 5
1.2 Мәліметтер қорын жобалау 11
1.3 Мәліметтер қорындағы нормаланған қатынас ұғымы 13
II DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА БІТІРІУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ БАЗАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
2.1 DELPHI.де мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған
компоненттер 16

2.2 Access . тің алғашқы мәліметтер қорын құру 18
2.3 Мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеуге арналған компоненттер 19
2.4 Құрылған қосымша сипаттамасы 24
2.5 Қолданушыға нұсқау 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
ҚОСЫМША
Қазіргі біздің дамушы қоғамымыз адам қызметінің барлық жақтарынан өз уақытында және толық мәлімет алып отыруға, шаруашылықты өркендетуге ғылыми – техникалық прогресті жеделдетуге, білім беру мазмұнын ізгілендіруге мүмкіндік беретін жаңа ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді.
Бүгінгі күні негізі Object Pascal болатын Delphi объектілі–бағытталған программалау ортасының маңызы зор. Ол түрлі күрделірек деңгейдегі – қарапайым программалардан мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған кәсіби қосымшаларға дейін құруға мүмкіндік береді. Коммерциялық және жеке мәліметтерді (адамдардың аты – жөні, мекен - жайлары, есепшоттары) есептемегенде дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB – парақшалары сияқты басқа да ақпараттармен жұмыс істеуге визуальды интерфейс қолданылады.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Бітіруші тулектер» -дің мәліметтер қорын жобалау деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мәліметтерді енгізетін, өңдейтін, сұрыптайтын, баспаға жібере алатын, берілген мәліметтер негізінде талдау жасай алатын қолданушыға ыңғайлы интерфейсі бар қосымша құру.
Курстық жұмыстың құндылығы құрылған қосымша жұмыс жасауға ыңғайлы және бұл бағдарламаны қажетіне қарай мәліметтермен толықтыруға мүмкіншілік қарастырылады
Курстық жұмыстың құрылымына тоқталатын болсақ,курстық жұмыс кіріспеден,үш негізгі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.Алғашқы бөлімінде жалпы мәліметтер қоры, мәліметтер қорының модельдері, мәліметтер қорын жобалау, нормаланған қатынастар туралы жалпы түсінік беріледі.
Екінші бөлімде – осы мәліметтер қорын өңдеу программасы жасалған DELPHI- де мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған компоненттері,SQL тілі,Мүмкіндігі көп болуына байланысты жоғарыда
1.Архангельский А.Я. «Программирование в Delphi 6» издат. Бином – 2003г.
2.Симонович С.В. «Информатика, базовый курс» издат. Питер – 1999г. Санкт-Петербург
3.Фаронов В. «Программирование баз данных в Delphi 6» издат. Питер – 2002г. Санкт-Петербург
4.Бобровский С. В. Delphi5. Учебный курс – СПб: Питер, 2001г.
5.Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delpi5. Руководство разработчика базы данных – М.: «Нолидж», 2000г.
6.Гофман И. Э., Хомоненко А. Д. Delphi5. –СПб.: БХВ-Санкт-Петербург. 2000г.
7.Фаронов В.В. Delphi5. Учебный курс. – М.: «Нолидж»,2001г. – 608с.,ил.
8.Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi5 – М.: ЗАО «издательство Бином», 2000г.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
I. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ
1.1 Мәліметтер қорының модельдері 5
1.2 Мәліметтер қорын жобалау 11
1.3 Мәліметтер қорындағы нормаланған қатынас ұғымы 13
II DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА БІТІРІУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ БАЗАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН
ҚҰРУ
2.1 DELPHI-де мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған 16
компоненттер
2.2 Access - тің алғашқы мәліметтер қорын құру 18
2.3 Мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеуге арналған компоненттер 19
2.4 Құрылған қосымша сипаттамасы 24
2.5 Қолданушыға нұсқау 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Қазіргі біздің дамушы қоғамымыз адам қызметінің барлық жақтарынан өз
уақытында және толық мәлімет алып отыруға, шаруашылықты өркендетуге ғылыми
– техникалық прогресті жеделдетуге, білім беру мазмұнын ізгілендіруге
мүмкіндік беретін жаңа ақпараттандырудың маңыздылығымен ерекшеленеді.
Бүгінгі күні негізі Object Pascal болатын Delphi объектілі–бағытталған
программалау ортасының маңызы зор. Ол түрлі күрделірек деңгейдегі –
қарапайым программалардан мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған кәсіби
қосымшаларға дейін құруға мүмкіндік береді. Коммерциялық және жеке
мәліметтерді (адамдардың аты – жөні, мекен - жайлары, есепшоттары)
есептемегенде дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB – парақшалары сияқты
басқа да ақпараттармен жұмыс істеуге визуальды интерфейс қолданылады.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Бітіруші тулектер -дің мәліметтер
қорын жобалау деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мәліметтерді енгізетін, өңдейтін,
сұрыптайтын, баспаға жібере алатын, берілген мәліметтер негізінде талдау
жасай алатын қолданушыға ыңғайлы интерфейсі бар қосымша құру.
Курстық жұмыстың құндылығы құрылған қосымша жұмыс жасауға ыңғайлы
және бұл бағдарламаны қажетіне қарай мәліметтермен толықтыруға мүмкіншілік
қарастырылады
Курстық жұмыстың құрылымына тоқталатын болсақ,курстық жұмыс
кіріспеден,үш негізгі бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады.Алғашқы бөлімінде жалпы мәліметтер қоры, мәліметтер қорының
модельдері, мәліметтер қорын жобалау, нормаланған қатынастар туралы жалпы
түсінік беріледі.
Екінші бөлімде – осы мәліметтер қорын өңдеу программасы жасалған
DELPHI- де мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған компоненттері,SQL
тілі,Мүмкіндігі көп болуына байланысты жоғарыда айтылған мақсатты жүзеге
асыру үшін Delphi ортасын пайдалануға болады.

I. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ

1.1 Мәліметтер қорының модельдері

Мәліметтер қоры дегеніміз – бұл алдымен кестелер жиынтығы. Мәліметтер
қорына процедуралар және объектілер кіреді.
Кестені қандай да бір жиын атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде
елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған
сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің
характеристикаларына сәйкес келеді, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір
өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипаттауға болады. Өрістің
аты – идентификатор. Ол әр түрлі программадағы мәліметтерді манипуляциялау
үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі
мәліметтер өрісінде сақталғандардың типін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен
тексттер, әр түрлі кескіндер болуы мүмкін.
Әрбір кестенің жолы берілген кестеде сипатталған объектілердің
біреуіне сәйкес келеді, оны жазба деп атайды және оның құрамына берілген
объектіні сипаттайтын барлық өрістердің мәні кіреді. Мәліметтер қорын
құрған кезде информациялардың қарама – қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету
маңызды. Әдетте бұл әрбір жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік
өрісті енгізумен іске асады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше болуы мүмкін.
Өрістердің мәнін қолданушы өзі енгізеді және ол мәліметтер қорында
сақталады. Бұл өрістерден басқа кейбір жүйелерде есептелінетін өрістерді
енгізуге болады. Мұндай өрістердің мәнін қолданушы енгізбейді, ол автоматты
түрде басқа жазба өрістерінің мәні негізінде есептелінеді.
Кестемен жұмыс кезінде қолданушы немесе программа курсормен
жазбалардың бойымен жылжитын сияқты. Әрбір уақыт мезгілінде ағымдағы жазба
бар және онымен жұмыс жасалады. Мәліметтер қорын құратын және оларға
сұрауды өңдейтін мәліметтер қорын басқару жүйесі МҚБЖ. Дербес МҚБЖ бір
компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке
МҚБЖ – Paradox, dBase, Access, FoxPro.
Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның
бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.
Мәліметтерді ұйымдастыру түріне байланысты мәліметтерді қорда
көрсетудің келесі негізгі модельдерін көрсетеді:
- иерархиялық;
- желілік;
- реляциялық;
- объектілі – бағытталған;
Мәліметтер қоры және қосымшалардың өзара орналасуына байланысты
мәліметтер қоры 2 түрге бөлінеді:
1. Локальды мәліметтер қоры(локальды қосымшалар)
2. Қашықтықтағы мәліметтер қоры(клиент-серверлі қосымшалар) ортасында
өзіні кестелер форматы жоқ (мәліметтер сипаттау тілі) басқа
(мәліметтер қорынан басқа) МҚБЖ кестелер форматы қолданылады.
Иерархиялық модель. Иерархиялық модельде мәліметтер ағаш тәрізді
(иерархиялық) құрылым түрінде көрінеді. Мәліметтерді осылайша ұйымдастыру
иерархиялық тәртіпке келтірілген ақпаратпен жұмыс жасау үшін ыңғайлы, бірақ
күрделі. Логикалық байланысы бар мәліметтермен операциялар жасаған кезде
иерархиялық модель өте үлкен болып келеді. Иерархиялық модельде мәліметтер
арасындағы байланысты реттелген граф (немесе тармақ) көмегімен сипаттауға
болады. Иерархиялық моделде мәліметтердің арасындағы байланыс төмендегі
суретте көрсетілген.

Қандай да бір программалау тілінде иерархиялық МҚ-ның құрылымын
сипаттауға мәліметттердің тармақ типі қолданылады.
Мәліметтердің иерархиялық моделінің жетістігіне компьютер жадының
тиімді пайдаланылуы мен мәліметтермен жасалатын негізгі операциялардың
орындалу уақытының көрсеткіштері жатады. Мәліметтердің иерархиялық моделі
иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс істеуге ыңғайлы болады. Күрделі
логикалық байланыстармен ақпаратты өңдеудің қиындығы иерархиялық модельдің
кемшілігі болып табылады.
Желілік модель. Мәліметтердің желілік моделінде элементтерінің әртүрлі
өзара байланысын еркін бұтақ түрінде бейнелеуге болады, сонымен бірге
мәліметтердің иерархиялық моделін жалпылайды.

Желілік мәліметтер қорының схемасын сипаттау үшін типтердің екі тобы
қолданылады: жазу және байланыс. Байланыс типі келесі екі жазу типі
үшін анықталады: ұрпақ және аталық. Байланыс типі айнымалысы байланыс
көшірмесі болып табылады. Желілік мәліметтер қоры жазулар жиынтығынан және
жиындардың сәйкес байланыстарынан тұрады. Байланысты қалыптастыру үшін
ерекше шектеулер қажет емес. Егер иерархиялық құрылымда жазу - ұрпақтың тек
бір ғана жазу - аталығы болса, мәліметтердің желілік моделінде жазу -
ұрпақтың жазу - аталықтар саны еркін алынады.
Желілік типті қордағы мәліметтердің физикалық орналасуы, иерархиялық
мәліметтер қорындағыдай әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін.
Желілік типті мәліметтер қорын манипуляциялаудың негізгі операциялары:
• мәліметтер қорында іздеу;
• аталықтан бірінші ұрпаққа көшу;
• ұрпақтан аталыққа көшу;
• жаңа жазу құру;
• ағымдағы жазуды өшіру;
• ағымдағы жазуды жаңарту;
• жазуларды байланысқа қосу;
• жазуларды байланыстан шығару;
• байланыстарды өзгерту және т.б.
Мәліметтердің желілік классификациясының жетістігі – жадының пайдалану
көрсеткішінің тиімді жүзеге асырылуы мен жеделдігінде болып табылады.
Иерархиялық модельмен салыстырғанда желілік модельдің еркін байланыстар
құруда мүмкіндіктері көп.
Мәліметтердің желілік моделінің кемшілігі МҚ схемасының аса жоғары
күрделілігі мен қатаңдығы, сондай-ақ, мәліметтер қорындағы ақпаратты
өңдеуді әдеттегі пайдаланушының түсініп, орындауындағы қиындықта болып
табылады. Мұнымен қатар, желілік мәліметтер моделінде байланыстың
тұтастылығын бақылаудың әлсіздігінде және жазулардың арасындағы еркін
байланыстарды орнату мүмкіндігінің шығуы.
Реляциялық модель. Мәліметтердің реляциялық моделін Эдгар Кодд
ұсынған, ол қатынас ұғымына негізделеді. Қатынас кортеж деп аталатын жиын
элементтерін білдіреді. Қатынастың көрнекі түрде бейнеленуі екі өлшемді
кесте болып табылады. Кестенің жолдары (жазбалары) мен бағандары (өрістері)
болады. Кестенің әрбір жолының құрылымдары бірдей және олар өрістерден
тұрады. Кестенің жолдарына кортеждер, ал бағандарына қатынас атрибуттары
сәйкес келеді.
Бір кестенің көмегімен мәліметтердің арасындағы қарапайым байланысты
сипаттауға болады, атап айтқанда, бір объектінің бөлінуі (құбылыс,
маңыздылық, жүйелер және т.б.) кестеде сақталатын ақпараттың ішкі
объектілер жиынына бөлінуі, олардың әрқайсысына кестенің жолдары немесе
жазуы сәйкес келеді. Бұдан әрбір ішкі объектінің өріс жазуларының мәндеріне
сәйкес сипатталатын бірдей құрылымы немесе қасиеттері бар. Мысалы, кесте
топтағы студенттер туралы мәліметтерден құрылады, яғни олардың әрқайсысына
мынадай сипаттамалар тән: фамилиясы, аты, әкесінің аты, жынысы, жасы,
білімі. Бір ғана кестенің шеңберінде пән саласы бойынша мәліметтердің өте
күрделі логикалық құрылымын сипаттау мүмкін емес, мұндай жағдайда
кестелерді байланыстыру қолданылады.
Сыртқы тасымалдаушыларда реляциялық қорда мәліметтерді физикалық
орналастыру әдеттегі файлдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Мәліметтердің реляциялық моделінің жетістігі – оның қарапайымдылығы
мен түсініктілігінде және оның компьютерде физикалық жүзеге асырылуының
қолайлығында. Осындай типті мәліметтерді өңдеу тиімділігінің проблемасы
техникалық тұрғыдан толық шешілген.
Реляциялық модельдердің кемшіліктері төмендегідей: жеке жазуларды
идентификациялаудың стандартты құралдарының жоқтығы мен иерархиялық және
желілік байланыстарды сипаттаудың күрделілігі.
Дербес компьютерлерге арналған шетелдік реляциялық мәліметтер қорын
басқару жүйесінің мысалдарына, dBase III Plus және dBase IV (Ashton-Tate
фирмасының), FoxPro және FoxBase (Fox Software фирмасының), Paradox және
dBASE for Windows (Borland), Visaul FoxPro және Access (Microsoft),
Clarion (Clarion Software), Oracle (Oracle) және т.б. жатады.
Реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесінің соңғы версиялары
объектіге - бағытталған жүйелердің кейбір қасиеттерінен тұрады. Мұндай
мәліметтер қорын басқару жүйесін объектілі - реляциялық деп атайды. Бұл
жүйелерге мысал ретінде Oracle 8.х өнімін жатқызуға болады. Алдыңғы
версиялары, яғни Oracle 7.х-ге дейінгі версиялары таза реляциялық
мәліметтер қорын басқару жүйесіне жатады.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға: Жиындарға қолданылатын
амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;
• Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция,
шектеулер) жатады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды
орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен
өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды
орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:
• Реляционды алгебра тілдері;
• Реляционды есептеулер тілдері.
Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген.
Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті
нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып,
ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық
программалау тілдері болып табылады.
Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай
құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге
бағынышты.
ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында IBM фирмасының қызметкері Эдгар
Кодтың ұсынған реляциялық модель ағаш термині relation (қарым - қатынас)
деген сөзден атау алады. Реляциялық мәліметтер қоры қарым – қатынастармен
байланысқан кестелердің жиынтығы. Мәліметтердің реляциялық модельдерінің
артықшылығы – қарапайымдылығы, құрылымның икемділігі, компьютерде іске
асырудың ыңғайлылығы, теориялық сипаттаулар болып табылады. Дербес
компьютерлер үшін көпшілік қазіргі мәліметтер қоры реляциялық болып
табылады.

Объектілі бағытталған модель. Объектілі бағытталанған мәліметтер
моделінде мәліметтер қорының жеке жазуларын идентификациялауға мүмкіндік
бар. Мәліметтер қорының жазулары мен оны өңдеу функцияларының арасында
объектілі бағдарланған программалау тілдерінің командаларының көмегімен
өзара байланыс тағайындалады.
Стандартты объектілі бағдарланған модель ODMG -93 стандартында
сипатталған (Object Database Management Group – бағдарланған мәліметтер
қорын басқару тобы). ODMG -93 стандартын толық көлемде меңгеру әлі
асырылған жоқ. Негізгі идеясын баяндау үшін объектілі бағдарланған МҚ
моделінің жеңілдетілген түрін қарастырайық.
Объектілі бағдарланған мәліметтер қорының құрылымын тораптары объект
болып табылатын графикалық тармақ түрінде қарастыруға болады. Объектінің
қасиеттері қандай да бір стандартты типпен (мысалы string - жолдық) немесе
пайдаланушының құрған типімен (мысалы, class) сипатталады. String типінің
мәні символдар жолы болып табылады. Class типінің мәні сәйкес кластың
экземпляры болып табылатын объект болады.
Объектілі бағдарланған мәліметтер қорының логикалық құрылымы
иерархиялық мәліметтер қорының құрылымына ұқсас. Олардың арасындағы негізгі
айырмашылық мәліметтерді манипуляциялау әдісінде болуы мүмкін.
1.2 Мәліметтер қорын жобалау

Мәліметтер қорын жобалауда және пайдалануда оған келесі талаптар
қойылады:
1. Пәндік саланы жабдықтауды бейнелеудің барабарлығы (толықтығы,
тұтастығы, қайшылықсыз болуы, мәліметтердің көкейтестілігі).
2. Әртүрлі категориядағы пайдаланушылардың өз ара әсерінің мүмкіндігі;
кіру мүмкіндігінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.
3. Интерфейстің жақындығы.
4. Құпиялылық пен жасырындылықты қамтамасыз ету.
5. Бағдарламалар мен мәліметтердің өзара тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
6. Мәліметтер қорының сенімділігі қамтамасыз ету; мәліметтерді кездейсоқ
және қасақана бүлдіруден қорғау; жүйе істен шыққан (сбой) жағдайда
мәліметтерді тез және толық қалпына келтіру мүмкіндігі.
Мәліметтер қорын жасауға, пайдалануға және алып жүруге жауапты тұлға –
мәліметтер қорының администраторы (МҚА) болады. Оның міндетіне келесі
қызметтерді атқару кіреді:
1. Пәндік саланы талдау, оны сипаттау, тұтастығына қойылатын
шектеулерді тұжырымдау.
2. МҚ құрылымын, яғни мәліметтер қоры файлдарының құрамы мен
құрылымын, олардың арасындағы байланыстарды жобалау.
3. МҚ құрылымын және мәліметтерді өңдеу процедурасын сипаттау кезінде
тұтастыққа қойылатын шектеулерді беру.
4. МҚ алғашқы жүктелуі және жүргізу.
5. Мәліметтерді қорғау;
• жүйеге кіру ретін қамтамасыз ету;
• пайдаланушылардың мәліметтерге кіру мүмкіндігін құқықтарын анықтау
• мәліметтерді қорғаудың бағдарламалық-техникалық жабдықтарын талдау
және жасау.
• мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу.
• мәліметтердің пайдаланылуы туралы статистиканы жинау.
• мәліметтерді қорғауды бұзу жағдайларын зерттеу.
• мәліметтер қорын қалпына келтіруді қамтамасыз ету, жүйелік
журналдарды жүргізуді ұйымдастыру.
6. МҚ пайдаланушылардың қарауын талдау.
7. Пайдаланушылармен жұмыс істеу.
8. Мәліметтер қорын жетілдіруге және динамикалық дамытуға жұмыс істеу.
Мәліметтер қоры өмірлік циклде басты маңызды кезеңдердің бірі
нәтижесінен пәндік саланың есептерін шешуде, МҚ кейінгі пайдаланылуының
тиімділігі тәуелді болатын жобалау кезеңі болады. Жобалау процесі кезінде
шешілетін басты мәселе – мәліметтерді ұйымдастыру, яғни өзара байланысты
біріктіру, құрылымдау, және анықтау. Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі пәндік
саланың негізгі мәндерін және олардың өзара байланыстарын бейнелейтін
логикалық модель арқылы анықталады. Объектілер арасындағы байланыстарды
кейіптеудің әртүрлі формалары, мысалы иерархиялық, желілік, реляциялық
сияқты мәліметтердің әртүрлі логикалық модельдерінің тууына әкелді. 1980
жылдардың ортасына қарай қарпайымдылығына және математикалық негізделуіне
байланысты ең көп тарағаны реляциялық модель болды. Соның нәтижесінде
қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйесінің көпшілігі осы модельді
қолдап, жүргізуде. Сондықтан да осы әдістеме реляциялық мәліметтер қорын
(РМҚ) жобалау мен жасауға арналған.
1.3 Мәліметтер қорындағы нормаланған қатынас ұғымы
Бірдей мәліметтер кесте (қатынас) түрінде бірнеше әдіспен
топтала алады, яғни өзара байланысқан ақпараттық объектілер қатынастарының
әртүрлі топтары ұйымдастырылуы мүмкін. Атрибуттардың қатынас түріндегі
топталуы рационалды болуы қажет, яғни мәліметтердің қайталануын
минимизациялайтын және оларды өңдеу процедурасы мен жаңартуды жеңілдете
алатындай болуы қажет. Қатынастардың кейбір жиынын қосқан кезде,
модификациялағанда, мәліметтерді өшіргенде қатынастардың барлық басқа
жиынына қарағанда ерекше қасиеті болады, егер ол нормаланған қатынас
талабын қанағаттандыратын болса.
Нормаланған қатынас – қайталауды болдырмайтын, сақталынған
мәліметтер қоры қарама – қайшылықсыз болатын, мәліметтер қорын енгізу
күрделілігін төмендететін қатынастарды қалыптастыруды шектейтін формальдық
аппарат.
Э.Кодд қатынастардың нормаланған формасының үш түрін және кез –
келген қатынасты үшінші (ең дамыған) нормаланған формаға өзгертуді ұсынды.
Бірінші нормаланған форма.
Қатынас нормаланған немесе бірінші нормаланған формаға келтірілді деп
аталады, егер оның барлық атрибуттары қарапайым (әрі қарай бөлінбейтін
болса). Қатынасты бірінші нормаланған формаға келтіру қатынас реквизиттері
(өрістері) санының өсуіне және кілттің өзгеруіне әкеледі.
Екінші нормаланған форма.
Қатынасты екінші нормаланған формаға келтіру сұрағын қарастырмас
бұрын, фуекционалдық тәуелділік және толық функционалдық тәуелділік деген
ұғымдарға түсінік беру қажет.
Ақпараттық объектілердің сипаттау реквизиттері оларға ортақ
кілтпен логикалық байланысқан, бұл байланыс реквизиттердің
функцтоналдық байланысын көрсетеді.
Реквизиттердің функционалдық тәуелділігі – ақпарттық объектінің
экземплярында кілттік реквизиттің анық мәнінде сипаттаушы реквизиттің тек
бір мәні сәйкес келетін тәуелділік.
Функционалдық тәуелділіктің мұндай анықтамасы пәндік облыстың барлық
реквизиттерінің өзара байланысын талдау кезінде өз алдына бөлек ақпараттық
объектіні көрсетеді.
Құрылымдық кілт болған жағдайда толық функционалдық тәуелділік ұғымы
енгізіледі.
Кілттік емес атрибуттардың толық функционалдық тәуелділігі әрбір
кілттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары
Кинопарк 7 Ақтөбе деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері
Мәліметтер қорының жіктелуі
Мәліметтер қоры
Мәліметтер қорының түрлері
Ақпараттық жүйенің ұғымы
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі
Пәндер