Қазақстанды Ресей империясының жаулап алуы



Кіріспе

І . тарау. Қазақстанды Ресей империясының жаулап алуының тарихи сабақтары
1.1 Әскери.экспанциялық саясат
І.2. Орыс бекіністерінің салынуы.
ІІ . тарау. Қазақстанды әскери отарлау.
2.1. Орыс отарлауына қарсы ұлт.азаттық наразылықтар
2.2. Қазақстанды Ресей империясының толығымен отарлауы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерді жаңа көзқараспен жаза бастадық.
Осындай жаңа тарихи көзқарас негізінде зерттеліп жатқан мәселелердің бірі - халқымыздың Ресей империясының бодандығына айналған тарихы.
ХҮІІІ ғ. ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды. Қуатты екі елмен іргелес жатқан халықтың бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де емес еді. Қытай мен Ресей ең алдымен қазақ жерін өздерін сырт жаудан қалқалайтын “аралық аймақ” деп қараса, келе-келе тойымсыз Ресейдің өзгенікін иемденгісі келіп тұратын империясының пиғылы басым түсті.
Ресейдің қазақ жерін отарлауы екі үлкен кезеңге бөлінеді. Біріншісі-Ресейдің төрт казак армиясының әскери шабуылдары арқылы қазақ жерін басып ашу жорықтары, ол ХҮІІІ ғ. екінші жартысынан ХІХғ 70-80ж дейін созылды. Бұл кезеңде қазақ жерінде бекіністер, қамал-қалалар, тірек пункттерін салып және оларды жүйелі түрде шептермен жалғастыру арқылы қазақ елін темір құрсауға алып, өзен, көл, құнарлы жерлерге казактардың, ерікті шаруалардың орын тебуі, қазақ елінің мемлекеттік билігін жойып, отаршылдық басқару жүйесін іске асыру болды. Бұл кезеңде қазақ халқының азаттық соғыстары мен көтерілістері кең етек алды.
Отарлаудың бұл кезеңінде, яғни әскери-әкімшілік отарлау кезеңінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстардың шекаралық желілері (линиялар) өрбіді. Біртіндеп әскери қоныстану Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бұл мекендер Орал, Ертіс сияқты өзен орнын қамтыды.
Екінші кезең - қазақ халқы Ресейдің отаршылдық бұғауында толықтай қалуы. Бұл кезеңде 1891ж. 25 наурыздағы патшаның Даналық ережесі негізінде қазақ жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жариялауы; орыс шаруаларын жаппай қоныстандыруды ұйымдастыру, қазақтарды атамекенінен кетіріп, ұлттық дағдарысқа ұшырату болды. Бұл қазақ халқының жер үшін, мемлекет үшін азаттық соғыстарына әкеп тіреді. Бұл кезең ХІХ ғ. 70-80 жылдарынан 1917ж қазан төңкерісіне дейінгі уақытты қамтыды.
1. Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 кітаптар. А, 1996-97.
2. Бекмаханов Е.Д. Казахстан в 20-40 г. ХІХ в А, 1947
3. Бузукашвили М.И. Ермак. М., 1989
4. Быконя Г.Ф. Заселение русскими Приенисейсго края в ХҮІІІ в. Новосибирск, Сиб. Отделение, 1981
5. Дулов В.И. История Сибири с древнейших времен до наших дней. Л., 1968.
6. Ермолин А.П. Революция и казачество. М., 1982.
7. Қазақ ССР тарихы. 5 томдық, т.3. А, 1982
8. Сабырханов А. Қазақстан мен Россияның ХҮІІІ ғасырдағы қарым-қатынасы. А, 1970
9. Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А. Из истории Казахстана ХҮІІІ века. А, 1988.
10. Стефанов Ю.А. Семиреченское казачье войско. М., 1969
11. Ханфин Н.А. Присоединение Средней Азии к России. М, 1965

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р Ы

Кіріспе

І - тарау. Қазақстанды Ресей империясының жаулап алуының тарихи сабақтары
1.1 Әскери-экспанциялық саясат
І.2. Орыс бекіністерінің салынуы.
ІІ - тарау. Қазақстанды әскери отарлау.
2.1. Орыс отарлауына қарсы ұлт-азаттық наразылықтар
2.2. Қазақстанды Ресей империясының толығымен отарлауы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.
Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп,
халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерді жаңа көзқараспен жаза бастадық.
Осындай жаңа тарихи көзқарас негізінде зерттеліп жатқан мәселелердің
бірі - халқымыздың Ресей империясының бодандығына айналған тарихы.
ХҮІІІ ғ. ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды.
Қуатты екі елмен іргелес жатқан халықтың бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де
емес еді. Қытай мен Ресей ең алдымен қазақ жерін өздерін сырт жаудан
қалқалайтын “аралық аймақ” деп қараса, келе-келе тойымсыз Ресейдің
өзгенікін иемденгісі келіп тұратын империясының пиғылы басым түсті.
Ресейдің қазақ жерін отарлауы екі үлкен кезеңге бөлінеді. Біріншісі-
Ресейдің төрт казак армиясының әскери шабуылдары арқылы қазақ жерін басып
ашу жорықтары, ол ХҮІІІ ғ. екінші жартысынан ХІХғ 70-80ж дейін созылды. Бұл
кезеңде қазақ жерінде бекіністер, қамал-қалалар, тірек пункттерін салып
және оларды жүйелі түрде шептермен жалғастыру арқылы қазақ елін темір
құрсауға алып, өзен, көл, құнарлы жерлерге казактардың, ерікті шаруалардың
орын тебуі, қазақ елінің мемлекеттік билігін жойып, отаршылдық басқару
жүйесін іске асыру болды. Бұл кезеңде қазақ халқының азаттық соғыстары мен
көтерілістері кең етек алды.
Отарлаудың бұл кезеңінде, яғни әскери-әкімшілік отарлау кезеңінде
тірек пункттері есебінде әскери қоныстардың шекаралық желілері (линиялар)
өрбіді. Біртіндеп әскери қоныстану Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр
жайды. Бастапқы кезде бұл мекендер Орал, Ертіс сияқты өзен орнын қамтыды.
Екінші кезең - қазақ халқы Ресейдің отаршылдық бұғауында толықтай
қалуы. Бұл кезеңде 1891ж. 25 наурыздағы патшаның Даналық ережесі негізінде
қазақ жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жариялауы; орыс шаруаларын
жаппай қоныстандыруды ұйымдастыру, қазақтарды атамекенінен кетіріп, ұлттық
дағдарысқа ұшырату болды. Бұл қазақ халқының жер үшін, мемлекет үшін
азаттық соғыстарына әкеп тіреді. Бұл кезең ХІХ ғ. 70-80 жылдарынан 1917ж
қазан төңкерісіне дейінгі уақытты қамтыды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Бірінші кезеңде патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлауы қалай іске
асырылғанын, бұл саясатты жүргізуде патшалықтың басты тірегі болған- атты
казак армияларының басқыншылық, тонаушылық жорықтарын жан-жақты ашып
көрсету – бітіру жұмысының басты мақсаты. Бұл мақсатқа жету барысында
бітіру жұмысының алдына төмендегі міндеттер қойылды:
- Қазақ жеріндегі казактар тарихына тоқаталу;
- Әскери бекіністер мен шептердің, қамал-қалалардың салынуы мен казак
армиясының жасақталуына тоқталу;
- Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак армияларының тонаушылық, басқыншылық
әрекеттерін ашып көрсету;
- Казак әскерлерінің басқыншылық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық
соғыстарына тоқталу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны
ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың
мыңжылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу кезеңінде оның жаңа талапқа сай тарихы
да болуы шарт. Алайда халқымыздың өткен тарихы Ресей империясының
тарихнамасының ықпалымен, кейін коммунистік идеологияның қағидаларына
сәйкес өңі өзгеріп, мүлдем теріс бағаланып келгені баршаға аян.
Қазақстанның революцияға дейінгі, сондай-ақ кеңестік дәуірдегі
тарихында белгісіз беттер, яғни “ақтаңдақтардың” кең орын алып, қазақ
халқының өткен тарихы қасқана бұрмаланып келді. Тұтас бір халыққа, оның
тарихына жасалған мұндай қасастықтың ішкі астарында, қателіктер де, әлде
бір бұрмалаушылықтар да емес, белгілі бір бағытты саналы түрде ұстанған
империялық бірегей жүйе жатқанын атап өту жөн.
Осындай бұрмалауға ұшырап, теріс бағаланып келген мәселелердің бірі-
Ресей империясының Қазақстанды отарлау тарихы.
Бұл мәселе жөнінде Ресей тарихнамасында ежелден екі бағыт қалыптасқан.
Оның бірі-Ресей тарихын барынша даңқтылықпен танытуды көздеген, мақсат
тұтқан, басқаша айтқанда тікелей империялық идеологияға негізделген. Оны
жақтаушылар үшін қазақ секілді “бұратана” халықтардың мемлекеттігі де,
мәдениеті де болмаған, олар тек “Ұлы Ресей” патшалығының қамқорлығы
арқасында ғана жақсылыққа қолдары жетіп, көздері ашылған еді.
Бұл “жарылқаушылық” саясат келе-келе тарихтың бетінде мықтап
“шегеленіп” ресми заңдастырылды да, ақыры талай ұрпақтың сана-сезімін
уландыруға әкеліп соқты.
Ресей тарихнамасында бүршік жайып, қаулап өскен империялық бағыт кеңес
заманында одан әрі гүлденіп дамыды. Оған көз жеткізу үшін кез-келген жылда
шыққан, тіпті 1987ж Мәскеуде шыққан “История СССР с деревнеиших времен до
ХІХ в” оқулығын бір шолып өтудің өзі жеткілікті.
Кеңес тарихшылары: Н.Г. Апполова, Г.Ф. Дахшлейгер, В.Я. Басин,
Б.С.Сулейменов, С.Е.Толыбеков, Т.Шойынбаевтардың зерттеу еңбек-терінде:
“қазақ халқы Ресейге өз еркімен қосылғаннан кейін ғана халық болды, әйтпесе
жер бетінен құрып, не азып-тозып кетуші еді,”-деп үзілді-кесілді
тұжырымдайды.
Тарих мәселесіне бұлай қиянат жасау, өктемдік тұрысында қарауға
болмайтынын сол тұстың өзінде түсінген, оған қарсы шыққан ұлт зиялылары
болмады емес. Олар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев,
С.Асфендияров, Е. Бекмаханов, т.б. Алайда олар тоталитарлық жүйенің
құрбандарына айналып, “ұлтшыл” “халық жауы” атанып, қуғын-сүргінге ұшырады,
абақтыға қамалып, жер аударылып, өлім жазасына кесілді.
Өткен саясаттың ықпалымен белгілі тарихшы Е.Бекмаханов өзінің
“Қазақстан ХІХ ғ. 20-40 жж.” деген еңбегінде айтқан: “Қазақстанды Ресей
әскери-саяси күштің арқасында жаулап алды;”-деген пікірнен бас тартып,
кейіннен Қазақстанның Ресейге қосылу ерікті болды және прогрессивті әсер
етті деген тұжырым жасауға мәжбүр болды.*
Ал енді Ресей тарихнамасындағы екінші бағытқа келетін болсақ, ол
өткеннің бәрін сын тұрғысында зерттеп жазуға, империяға тәуелді, отар елдер
халықтарының қиын, қарама-қайшылықты тағдырын жанашырлық, әділеттілік
тұрғысында ашып қаруға негізделген. Осы орайда Ресей тарихшыларының
еңбектерінде Қазақстанды Ресейдің жаулап алғанын дәлелдеген тарихшыларға
тоқтала кетейін.
Ресейдің белгілі ғалымы, этнограф А.Н.Седельниковтың басшылығымен
“Киргизский край” кітабын құрастырған авторлық ұжымның деректеріне
сүйенсек, Қазақстан шекарасындағы Алтайды отарлаудың біршама ерекше сипаты
болғанын байқаймыз. Бұл жинаққа енген орыс зерттеушілерінің, еңбектерінен
Қазақстанды отарлаудың қалай және қандай құралдармен жүргізілгендігін, оның
ішінде қоныс аудару мен казачествоның орнығуын, қазақ жеріне орыс шаруа
келімсектерінің кіргізілгенін көрсететін көптеген құнды мәліметтерді
кездестіреміз. А.Н. Седельниковтың “Киргизский край” еңбегінде былай
делінген: “ХІХ ғ. басынан бері үкімет жауап алған өлкені нығайтуға
қамқорлық жасады, қалаларда (Омбы, Петропавловски, Семей) жергілікті
отырықшы ел құруға тырысты. Осы мақсатта 1808 жылы алдыңғы шептегі казак
әскерлері құрылды, оларға жер, жалақы және азық-түлік бөлінді. 20-жылдары
казак әскерлері Көкшетау уезінің таңдаулы бөлігін басып алды да, қазіргі
Ақмола мен Баянауылда, Көкшетау мен Қарқаралыда бой көрсетті.**
* Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40-е гг. ХІХвв. А, 1992 стр.5
** Седельников А.Н. Киргизский край. 1907, стр.137. Түркі
халықтарының тарихы. А, 1999, 8бет.
А.Седельников бастаған авторлар ұжымы казак дегендердің бет пердесін
ашып, олардың кім екенін айдай әлемге паш етіпті. Олардың дәлелдеуінше,
казак әскерінің құрамындағыларының көпшілігі ұры-қары, өз жерінде күнін
көре алмаған қырық құрау, қырық жалау ел екен, Алтай казачествосы, кезінде
осындай элементтерден құралған. Жайық өзенінің сағасына казактардың
келуіне байланысты мынадай пікір айтады: “Кім екені белгісіз адамдар
тобырының Жайыққа қарай бет алуы, сірә, ХҮІ ғ. аяғына таман басталса керек.
И.Грозныйдың патшалық құрған кезінен Доннан қашып, Еділ мен Каспий
теңізіне, оның жағалауымен Жайықтың жағасына жетіп, қоныс тепкен ұры-қары
адамдардың бар екендігі белгілі болатын... ХІХ ғ. орта тұсынан бастап, Орал
казактары да қырғыз (қазақ) даласын жаулап алуы барысында нағыз
авантюристер болып шықты. Жетісу жеріне де казактар осылай келді. Олар да
жергілікті халықты езіп-жаншып, оған зорлық-зомбылық көрсетуде патшаның ең
сенімді тірегі болып саналды”.
Қазақ даласында казак әскерлерінің атқарған ролі жөнінде А.Н.Герцен,
В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А. Добролюбов, т.б. сияқты революцияшыл
- демократтардың еңбектерінен де мол кездестіруге болады.
Бүкіл ғұмырында орыстың әр сөзін теріп, “жеті атасына” дейін талдап
берген В.Даль өзінің атақты сөздігінде “казак” деген сөзге: “орыстардың
жеке бір тобына (Сословие) жататын көшіп қоныстандырылған жауынгер”-деп
түсінік береді. Патша өкіметі казактарды жаңа жерлерді жаулап алу,
көтеріліске шыққан халықтарды басып-жаншып жазалау үшін қолшоқпар етіп
пайдаланып келгені тарихтан белгілі. Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстойдың
“Ермак” деген әңгімесінде казактар туралы былай делінеді: “А в это время
по Волге, по Дону казаков много ходило. Соберутся шаиками по 200, 300, 600
человек, выберут атамана, плавают на отругах, перехватывают суда, гребят, а
на зиму становятся городком на берегу.
К успению пришли к Строганову казаки-человек 600 с атаманом Ермаком
Тимофеевичем. Напустил их сначала Строганов на ближних татар. Казаки их
побили. Потом, когда нечего было делать, стали казаки по округу ходить и
грабить.
Строганов и говорит “Идите за Урал воевать с Кучумом, завладейте его
землю. Вас и царь наградить”*
Казак әскерлерінің қазақ даласындағы іс-әрекеті жөнінде А.И.Герцен
өзінің “Колоколында” 1867 жылы: “Полковник Слуцкий қырғыз даласындағы
цивилизацияның пайғамбарлары деп атаған казактар Ертістің сыртына халықты
тонап, баю үшін қолайлы қызметке келіп жатты” деп жазады.
Сондай-ақ казак әскерлерінің қазақ жеріндегі басқыншылық әрекеттерін
дәлелдейтін мысалдар орыс зерттеушілері: А.Левшиннің “Қырғыз-қайсақ елінің
сипаттамасы; (1832), В.Сиверстің “Азия” (1896) т.б. еңбектерінде кездеседі.
Қазақ жерін Ресейдің отарлау тарихы шет ел зерттеушілернің де
назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, Э.Карр, Р.Конквест, М.Олкотт Брилл,
Д.Ремник сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қазақ жеріндегі патша
үкіметінің отаршылдық саясаты нақты тарихи деректер арқылы жан-жақты
баяндалады.
Қорыта келгенде, Қазақстанның Ресей империясының құрамына ену
себептері мен салдарлары күні бүгінге дейінге толық зерттелген жоқ. Кезек
күтпейтін бұл мәселені тарихымызды қайта соралап, зерттеу арқылы қалпына
келтіру керек.
Бір қуанатын жәйт-республикамыздың белгілі тарихшы-ғалымдары соңғы
уақытта едәуір жұмыстарды қолға алып, республикалық газет-журналдарда қазақ
халқының отарлық тарихына қатысты жаңа деректерді көптеп жариялай
бастады.**

* Толстой Л. Шығармалар жинағы, 1984ж. 10т. 98-99 бб.
** Әбдіров М. Қазақтар мен казактар. Ақиқат, 1994, № 11; Елагин
А.С. Казактар қашан келген? Қазақстан коммунисі, 1991, № 3.

Бірақ мұның бәрі – игілікті істің бастауы ғана. Көпшіліктің күтетіні –
халқымыздың нағыз, шынайы тарихын кең көлемде қамтып зерттеу - болашақ
тарихшылардың міндеті.
Бітіру жұмысының құрылымы.
Бітіру жұмысы кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І - тарау. Қазақстанды орыс империясының жаулап алуы және оған
Орал,Орынбор, Сібір, Жетісу казак армияларының қатысуы.
І.1. Қазақ жеріндегі Казактар. (ХҮІІІ ғ. ХІХ ғ. 70-80 ж дейін)

ХҮІІ ғасырдың соңына қарай қазақ даласы тұс-тұстан казак қоныстарының
жүйесімен шырматылды. Ресей империясындағы он бір казак армиясының* (әскери
тобының) төртеуі (Орал, Сібір, Орынбор, Жетісу) Қазақстан территориясында
құрылып, казактар 80 жыл бойы қазақтарға жазалау соғыс қимылдарын
жүргізеді. Осы казактардың 80 жылдан астам қазақ елін тонаушылық,
отаршылдық, шектен шыққан қатыгездігін жазбас бұрын, “казактар” кімдер,
олардың шыққан тегі, Қазақстанға қашан, қайдан келген, қалай қазақ жеріне
орын тепті және жоғарыда аталған Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу әскери
құрамалары туралы жеке-жеке қысқаша тоқталып өтелік.
Казактар құрамы, этникалық жағынан бірыңғай таза емес-ті, кейін де
казактарға ұлттық белгі бойынша цензі берілмеді, яғни ұлттар санатына
қосылмады, әлеуметтік жағынан да солай қаралды (атамандарының өзі де
“ақсүйектер тұқымына” жатпады). Оған қоса казактардың өзін-өзі ретке
келтіріп отыратындай саяси құрамы болмады. Ол көшпелі тайпалардың әскери-
шаруашылық принциптерін бойына көбірек сіңірген-ді. Түркі лексиконынан
қабылданған “атаман”, “көшпенді” “есауыл”, “қарауыл” және басқа да
ұғымдарды білдіретін көптеген сөздердің күнделікті тіршілікте белгілі бір
мәні болды. “Казак” этнонимінің атауы да түркі тілдерінен тәржім алғанда
“кезбе”, “еркін адам” дегенді білдіреді.
Ресейдің заң-законын жасаушы, ХІХ ғасырдың басында Сібір бас
губернаторы болған граф М.М.Сперанский күнделігінде (1812 жылғы 12
ақпанында) Орал казактары жөнінде мынадай пікір қалдырыпты:
* Казактардан жасақталған армиялардың ішінде: Орынборда (1736), Астраханьда
(1750), Оралда (1755), Қара теңізде (1787), Азовта (1808) Жетісуда (1867)
одан басқа Донда, Кубаньда, Теріскіде, Енисейде қазақ әскерлері топтары
болды. Бұл қазақ әскерлерінің бәрі Ресей әскери министрлігіндегі қазақ
әскерлерінің бас басқармасына бағынады. (Большая Советская Энциклопедия.
Т.ІІ., Москва, 1973, стр. 175-177).

“Олар теңіз (Каспий) қарақшылары болды, тонаудан түскен заттары мен
әйелдерді қысқы мекені Оралға (Еділ) апарды. Жорыққа шығар алдында әйелдер
мен балаларды өлтіреді және орнына басқаларын алып келіп отырады...
Олардың қосы Ермак болуы ықтимал, өйткені Строгоновтар олардан құтылу
үшін Сібірден жол көрсетеді, сол жолдағы Чусев Строгонов қалашығы Қама
арқылы өтетін қарақшылардың қысқы мекеніне айналды”*.
Казак қауымы ХҮ ғасырдың екінші жартысынан бастап Польша-Литва, Орыс
мемлекеттерінен оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы шеткі аймақтарға қашқан
шаруалар, посад адамдарынан бастау алады. Оларда өздерін еркіті адамдармыз,
казактарымыз деп есептеді. Көршілес феодалдық мемлекеттерге және жартылай
отырықшы халықтарға қарсы үнемі күрес жүргізу қажеттігінен олар қауымға
бірікті. ХҮ ғасырдың басында Дон, Еділ, Днепр, Гребень казактарының
қауымдары пайда болды. ХҮІ ғасырдың аяғында Сібір және ХҮІІ ғасырдың орта
тұсында орыс мемлекеті Қазан және Астрахань хандығын жаулап алды да, Ресей
мен Қазақстан шекарасы Еділ мен Жайық арасында жүрген Кіші жүз қазақтары
мен Ноғай ордасы тайпаларына шектесті. ХҮІ ғасырда Еділ бойында пайда
болған казактар осынау жерге дүркін-дүркін келіп, жергілікті халықты, сауда
керуендерін, қалаларды тонаумен айналысқан. Қарақшылар жорықтарында
Астраханьға дейін жетті. ХҮІ ғасырдың екінші жартысында олардың орнын әлгі
әрекеттерімен жалғастырған казактар мен Ресейден қашқан шаруалар басты. Бұл
патшалық үкіметті жиі алаңдатты. Сондықтан бұзақы казактарға қарсы әскерлер
жіберіліп отырды.**
Орыс патшасы қаһарлы Иван 1552 жылы Қазанды, 1556 жылы Астраханьды
алғаннан кейін, Иран және одан арғы жатқан елдермен дипломатиялық қарым-
қатынастар жасауға ұмтылғанда, казактар олардың да жолын кесіп, тонай
берген. Содан кейін 1577 жылы орыс
* История Сибири. 5-ти томник. Т.2., или Рябинин А. Материалы для
географии и статистики России. Уральское Казачье войско. ч.1, кн. 2. Спб,
1866, стр.5
** Әбдіров М. “Қазақтар мен казактар” “Жас алаш”, 1991, 27 ақпан.

патшасы казактарды бұрынғы құл қалпына қайтару үшін оларға қарсы әскери күш
шығаруға мәжбүр болды. Қаһарлы Иванның қаһарынан қорыққан казактар жан-
жаққа қаша бастады: Ермак бастаған тобы Орал тауына, одан әрі Сібірге,
Нечай бастағандары Жайық бойына, қалғандары Теректің Каспийге құяр тұсына
барып паналады. Осылай 1579 жылы Сібір, Жайық, Терек казактары деген
қауымдар пайда болған. Бірақ бұл жол торушылар бұдан әрі бұға қалды деген
сөз емес еді.
1577 жылы патша әскербасы Иван Мурашкин көпес керуендерін тонаумен
айналысатын казактардың торабын талқандады. Соққы жеген казактар ілгері
күндерде өмір сүрудің жолдарын іздестірді. Еділдің Самара өзені түйісетін
тік жағасында казактардың үлкен кеңесі өткізілді. Белгілі атаман Ермак
Тимофеевич онда: “Братцы, атаманы и казаки донские, яицкие, волжские и
терские, думайте думу, братцы: на Волге нам жить-ворами слыть, а на Дону
нам жить-казаками слыть, а на яик идти-переход велик, а добычи нет”-деді.
Бұл қызу талқылаудан кейін казактардың Ермак бастаған бір бөлігі
Оралдағы көпес Строгановқа қызмет көрсетуге бел буды. Атаман Андрей
бастаған өзге бір топ Солтүстік Кавказға аттанды. Ал атаман Прохор
Рыжиченге ерген казактардың және бір шоғыры Жайыққа өтті. Сөйтіп, олар кіші
жүз жеріне табан тіреп, қазақ даласында патшалық отарлау саясатын
жүргізушілерге айналды.
Жайық маңында мекен еткен қазақ және ноғай тайпалары көп ұзамай-ақ өз
маңайларында қатал да қанішер жаудың пайда болғанын білді. Жайық
казактарының айуандығы шексіз болатын. Олар тіпті өз жақындарына да
аяушылық білдірмеді. Ресейдің көрнекті мемлекеттік қайраткерлерінің бірі
М.М.Сперанский ХІХ ғасырдың басында казактардың ұзақ жорықтар алдында
өзгенің жемі болмасын деп өз балалары мен әйелдерін ұдайы өлтіргендігін
жазады. Олар сапардан бәріне ортақ болатын басқа әйелдер әкеліп отырады
екен. Мұның үстіне, казактар арасында өмір сүруге бөгет болмасын деген
желеумен, өз балаларын өлтіру дәстүрлі ұзақ сақталған.
Казактар алғашқыда жергілікті халықтан таса, қамыс арасында тұрып,
балық, аң аулаумен шұғылданды. Олардың қатары бірте-бірте Ресейдің түрлі
босқындары есебінен көбейген соң, елді тонаумен, жер жаулап алумен,
адамдарды тұтқындаумен шұғылданды.
1580 жылы Жайық казактары Ноғай ордасының Сарайшық қаласына шабуыл
жасаған (Ол Атыраудағы Махамбет ауданының орны). Тұтқиылдан жасаған шабуыл
Ноғай князі Уруска қаланы дер кезінде қорғап қалуға мүмкіндік бермеді.
Сонау Алтын Орда кезеңінен сақталған әсем де сәулетті қала Сарайшық,
сөйтіп, жер бетінен жойылды. Қалада казактың талай айтулы ұландары
жерленген бейіттері болған. Онда қасым ханның кесенесі сондайдан көз
тартатын. Казактар байлық іздеп, қабірлерді талөандады, өлген адамдардың
сүйегін далаға шашты.
Сарайшықтың талқандалуы көшпенділердің жүрегіне өшпес із салды, жаңа
жаулаушыларға деген шексіз өшпенділік сезімін тұтатты.
Казактар Еділ бойымен Каспийге шықты, түркмендерге, ноғайлар мен
қырым татарларына шабуыл жасады, Азиядан Ресейге жол тартқан керуендерді
тонады. Соғыс казактардың басым кәсібі болды. Өзге ештеңемен де айналысқан
жоқ. Даладағы алғашқы жеңіске масаттанған олар енді Хиуаға ауыз салды,
бірақ оларды күтіп тұр еді. “1603 жылы маусымда атаман Нечай бастаған Жайық
қазақтары хандық астанасы Үргенішке басып кіріп, 7 күн бойы бейбіт елді
қанға бояп, мыңдаған адамды өлтірді”.
Казактар хан сарайына басып кіріп, үлкен олжамен, қолға түскен
тұтқындармен кері қайтады. Алайда оларды Хиуа ханы Араб Мұхамед әскерімен
Сырдарияға жеткізбей қуып жетеді. Ұрыс екі күнге созылады. Үшінші күні
казактар қашуға әрекеттенеді. Хиуалықтар оларды құтқармай, 7 күнгі
қамаудан соң қырғынға ұшыратады. Өзен жағасында жасырынған 100 қаралы казак
та ажал құшады. Солардың ішінен тек 4 казак аман қалып, болған жайды елге
жеткізеді. Бірақ оған қарамастан, хиуалықтардың шексіз байлығы казактардың
көзін қызықтырды. Бірнеше күннен соң жаулау бағытымен казактардың 300
адамнан құрылған отряды Хиуаға жорық тартты. Атаманы Шамай болды. Бұлар да
жеңіліске ұшырады. Атаман өзі қалмақтарға қолға түсті. Казактар далада
адасып, Арал теңізінің маңын қыстап шықты. Азық-түлік таусылып, аштық
басталғанда айуаншылықтарды сол, жеребе тастау арқылы бірінің етін бірі
жейді. Қыс ұзаққа созылып, сан жағынан азая бастаған олар аштан өлмеу үшін
өз еріктерімен Хиуаға тұтқынға түсуге бел байлайды. Сөйтіп, олардың бір
бөлігі ислам дінін қабылдайды.
Екі рет қатарынан сәтсіздікке ұшыраған Жайық казактары Хиуаға
жорықтарын тыйғанымен, Арал мен Каспий теңіздері аралығында, Еділ-Жайық,
Жем өзендері маңындағы Кіші жүз қазақтары мен ноғайларға, Еділ қалмақтары
мен Қарақалпақтарға ұдайы соғыс ашуын тоқтатпайды. Олардың күші мықты қару-
жарақта еді. Зеңбіректер, мылтықтары бар казактар жеңіске жиі жетті. Оның
үстіне, көшпенділердің салт-дәстүріне қаныға түскен олар жергілікті жұрттың
тілін үйрену, дер-су сырларын білу арқылы дала майдандарының құпияларын
меңгере түсті.
1641 жылы Иранның Сефи деген елшісі орыс патшасына қашқан адамдардың
жолды торып, адамдарды ұрып, тонайтындығы туралы шағым хат жібереді.
Осыдан соң өзі сауда дамытуға мүдделі болып отырған орыс патшасы Каспий
сауда жолын казактардан қорғау үшін жағалауға бекіністер салып, арнайы күш
ұстауға мәжбүр болды. Алайда бұл шара да казактарды тыныштандыра алмады.
Бейбіт ел мен сауда-саттық кемелеріне жасаған шабуылдардың осыдан кейінгі
аяғы крепостниктік-феодалдық мемлекеттің іргесін шайқалтуға дейін барды
(Степан Разин, Кондратий Булавин және Емельян пугачев бастаған
қозғалыстар). Ресей патшаларының бұл қозғалыстарға да немқұрайлы қарап
отырмағаны белгілі. 1668 жылы патша Степан Разин қозғалысын басуға арнайы
әскер жіберді... Астрахань воеводтағы кемелерінің Каспийге тек казактардың
соңына түсіп, олармен шайқасу үшін ғана шығып тұрғанын айтады.
1709 жылы Дон казактарының бас қаласы Черкасскіге І Петр патша келе
қалады. Оның бұл сапарының сыры Полтава соғысының қарсаңында Ресейге
шабуыл жасап жүрмес пе екен деген қауіппен Осман түріктерінің бетін
бағдарлау еді. Алайда бұдан хабары жоқ казактар зәре-құттары қалмай
үрейленеді. Қазан төңкерісіне дейінгі тарихшы А.Рябинин: “Казактардың
бітіспес жауы қырғыздар (яғни, казактар)”,-деп жазады. Қазақтар мен Жайық
казактарының ара қатынасы тарихи өзара жаулық, соғыс, бірін-бірі тұтқынға
алу, малдарын айдап кету көріністеріне толы. Күрестер ұдайы жағдайда өтті.
Онда жеңімпаздар да, жеңілушілер болған жоқ.
Патша Михаил Феодровичтің басқаруындағы 1613-1645 жылдарда казактар
Мәскеу үкіметіне бағынып, патша қазынасынан оқ-дәрі, қорғасын, қару-жарақ
және азық-түлік алып тұрды. Оның ақысына олар Ресей мемлекетінің шекарасын
қорғауға, жаңа жер жаулап алу арқылы оның территориясын кеңейтуге тиіс
болды. Патша үкіметі көрсеткен қызметі үшін оларға жаулап алған жерлерден
үлес береді, түрлі деңгейде жеңілдіктер жасады, салықтан босатты. Соған
қарамастан, казактар адалдық туралы берген анттарынан тайып, патшаның өзіне
қарулы күш көрсетіп отырады.
Ақыры казактар Жайыққа таласуын қоймайды. Өйткені жағалауындағы
жайылымдар мен ормандар, өзен-көлдер тұрмысқа өте қолайлы еді. ХҮІІІ
ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Кіші жүз ханы Әбілхайыр: “Жайық
өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қырғыз (қазақ) халқы бұл
жерден айрылмайды. Өйткені мұндай жайлы жерді олар еш жерден таппайды”,-
деп талай мәлімдеген.
Сол кезде казактардың этникалық құрамы ала-құла болды. Олардың қатарын
Дон, Кубань, Терек, Украин казактары, тіпті тұтқын шведтер, немістер,
финдер мен түріктер, татарлар мен қалмақтар, мордвалар мен чуваштар,
башқұрттар толықтырды. Бұларға Степан разин, Кондрат Булавин көтерілісіне
қатысып, жеңіліске ұшырап, Жайыққа өткен казактар да қосылды. 1723 жылы
патшаның Жайық казактарын алғаш есепке түсіруі бойынша, олардың нақты
әскери құрамы қатарында 3196 адам болды. Бірақ Жайық казактары өз қатарына
қас дұшпандары-қазақтарды тартқан жоқ. Өйткені өздерінің олардың жерін
күшпен тартып алып отырғандықтарын жақсы білді. Сондықтан оларға сенбеді.

І.2. Қазақ жеріндегі орыс бекіністері, қамал-қалалары, мен шептердің
салынуы (ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ.)

1734 жылы Сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689-1734ж.ж.)
Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығайту үшін, осы елдермен
сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын
Сенат және сыртық істер коллегиясы қабылдады, 1734 жылдың 1 мамырында
Сенат жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экпедициясы құрылды.
Экпедицияның мақсаты “Қазақстан, Башкирия, Қарақалпақ-станның
оңтүстік аудандарының шаруашылығын, олардың пайдалы табиғи қазбаларын
пайдалануға дайындау”, болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың
ауыр кезеңін бастан өткізген еді. Соны пайдаланаып, Ресей империясы Ор
(Тобылдың бір тармағы), Жайық өзендері құйылысында бекініс шептерін сала
бастайды. Жайық өзенінің алдыңғы тұсында орыстың бекініс сауда орталығы-
Орынбор (1735-1738ж.ж.) қаласының іргесіқаланды. Хиуа, Бұқара, Ташкент
бағытында орыстың сауда керуендері жүреді, қалаға қарай ағылған орыс
көпестеріне үш жылға дейін алым алынбайтын сауда жүргізуге (1735-1738ж.ж.)
рұқсат етіледі.
ХҮІІІ ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық
қалашығынан бастап Звериноголовск бекінісінде 770 шақырымға созылған Уйск
шебі аяқталды. 1752 жылы тоғыз қамал, 58 бекіністен тұратын 840 шақырымға
созылған Жаңа Есіл шебін 950 шақырымға созылған Ертіс-Сібір шебімен
жалғастырды.
Алғашқы кезде қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізіледі:
Қазақстанның батыс бөлігінде (Кіші жүзде), Солтүстік пен шығыста (Орта
жүзде). Бұл бөліктің барлығында да Ресейдің казак әскерлері бекіністі
шептер, яғни қамалдар тұрғызды. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында ұзындығы
1780 шақырымды қамтитын Гурьев қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Ала
бұға шебіне дейін жеткен Жайық бекіністі шебі салынды. Содан соң Орск
(1735ж), Верхне-уральск (1745ж), Есіл (1735ж), Омбы (1705ж.), Семей
(1718ж.), Өскемен (1720ж.) т.б. бекіністерінің іргесі қаланды. Сөйтіп,
Жайық, Орынбор және Сібір шептерінің бойында казак қоныстарын салу
көшпенді қазақ елі пайдаланып келген жерлерді орыстардың тартып алуына
мүмкіндік тудырады. Соның салдарынан дәстүрлі көшіп-қону жолдары бұзылды.
Ал 1738 жылы салынған Ертіс линиясы, Жаңа сібір және Есіл, Орынбор
линиясы тірекке дейін жалғастырылды. 1745 жылы Ертіс шебіне генерал-майор
Киндерманның басшылық етуімен екі жаяу және үш атты әскер полктары
орналастырылды.
Сенат жарлығы бойынша 1752 жылы Қазақстанның солтүстік жағында тағы
бір нығайтылған Пресногорьковск линиясын салу басталды. 1752 жылы 4 шілдеде
Омбыдан 546 шақырым қашықтықта Звериноголовск бекінісінің іргетасы қаланған
еді. Оған қоса Нашебурск және Волгодск полктерінің солдаттары мен
драгундері Қызылжар сайында Лунцк драгун полкінің әскери күзетімен әулие
Петр, болшақ Петеропавловск қамалын салды. Оны Ешім өзінің еңселі биігіне
тұрғызып екі қатар ағаш қабырғаларымен қоршап тастады. Топырақ жолдары
көмкерген қамал француздардың әскери инженері Вобанның жүйесімен салынды.
Және шептегі басты тірек пункті болып табылды. 1753 жылы шеп салынып бітті.
Оның құрамына 10 қамал, 30 редут және 40 маяк енді. 1758 жылы Горький
шебіне екі жылға Орал және Дон әскерінің 2 мың казактары жіберілді. Үкімет
қазақ жерін отарлау саясатының әскери тірегі ретінде қараған Сібір
әскерлері күшейтілді. 1770 жылы казактар сословиесіне Железняк пен
Жвачконың қылмысты топтарынан тұтқындалған 138 Запорожецті әкеліп қосты.
“Елеусіз қылмыскерлер” және тіптен тұтқындағы полк конфедераттары
казактарға айналдырылды. Осындай шаралардың бәрі жергілікті казачествоның
санын 1801 жылға қарай 6 мың ер адамға жеткізді.
ХҮІІІ ғасырдың 50-жылдарында Сібірде - қазақ жерінде жаңадан
тұрғызылған бекіністер жағдайы төмендегідей еді. Ертіс пен Алтай аралығында
үш бекініс шебі тұрғызылды. Біріншісі Сібір редутынан Омбы бекінісіне
дейінгі жерлерді алып жатты. Ұзындығы 553 шақырым шептің бойында тұзды
көлдердің көптігінен Ащы шебі (Горькая линия) деп аталып кеткен, екіншісі
Омбы бекінісінен Алтай тауларының батысын бойлай, Малонарм бекінісіне
дейін, ұзындығы 1664 шақырым. Ол Ертіс шебі деп аталып кетті. Өскемен
бекінісінен Алтай тауларының батысын бойлай Колыван шебі деп аталып кетті.
1752 жылы Петропавл бекінісінің бой көтеруі-Есіл өзені бойында көшіп-қонып
жүрген қазақ руларын бақылауға, осы өлкені отарлауға негіз салды. Кейіннен
бірнеше басқа да бекіністермен жалғастырылған Жаңа Есіл шебі 9 қосқалы
бекіністен, 53 редуттан тұрды және 540 шақырым бойында Солтүстік Батыс
Қазақстанда асығыс салына бастаған бекіністерді Ертіс шебімен
байланыстырды. Қазақтардың наразылығын басу үшін патша үкіметі Жаңа Есіл
шебіне 2518 башқұрт, 2 драгун (соғыс кезінде аттан түсіп те соғысатын атты
әскерлердің бір түрі) полкін, 800 казак әскерін, бір эскадрон тұрақты топты
шоғырландырды. Осы кездерде Красногорская дистанциясы құрылды. Орская,
Таналыцкая, Уртамышская бекіністері қанат жайды.
Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген
жайылымдарына шек қойды. Жерден қысым көрген рулар бір-бірімен бәскелесіп,
өзара қырқысты. Жердің иесі қазақтарды қыспаққа алу енді ғана жоспарлы
түрде іске аса бастады. Бір жағынан қазақтардан құнарлы, шұрайлы жерлерді
тартып алды. Екінші жағынан жаңа бекіністерді және оның маңайындағы қоныс
тебе бастаған орыс шаруаларын, қамал гарнизондарын азық-түлікпен, әсіресе
астықпен қамтамасыз ету мақсатымен, Сібірден, Ресейдің ішкі түбірінен
шаруаларды қоныстандыру басталды. 1760 жылы заң шығарушы Сенат Өскемен
бекінісінен Бұқтырма өзені аңғарында, одан әрі Төлеуіт көліне дейінгі
өңірді, сонымен қатарУльба, березовка, Глубокая және басқа да Ертіске
құятын өзендер аңғарын орыстармен қоныстандыру туралы арнайы шешім
қабылдады. 1762 жылы бір кезде діни нанымдар бойынша қудалауға түсіп,
Ресейден Польшаға қашқан ескі діннің жақтастарына қоныстануға рұқсат
берді. 1764 жылы алтайлық “поляктардың” алғашқы қоныстары пайда болды.
Лосиха, Секисовка, Шемонаиха, Вобровка, кейіннен Малая Улбинка, Черемшанка,
Тарханка т.б. поселкелер осы күнге дейін топонимикалық аттарын сақтаған.
Қазақ жерлерін біртіндеп орыс қонысшыларымен толытырып, әсіресе түсті
металдармен аты шыққан Шығыс Қазақстанды тікелей өзінің иелігіне
айналдыруға тырысты. Түсті металдар қорытатын кезендерге көздері алақтап,
тіпті 1747 жылы белгілі зауыт иелері Демидовтардың кәсіпорындарын Ресей
императорларының меншігі деп жариялады. Шығыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай
өңірінде өз жерінде көшіп-қонып жүрген қазақ руларына қысым көрсете
бастады.
1822 жылы Сперанскийдің “Сібірлік заңдар жинағы” күшіне енді. Бұл
казачествоның қазақ даласына тереңдеп енуін жеңілдете түсті. Енді көптеген
қазақ елді мекендерінің орнына бекіністер салына бастады. Олар 1842 жылы
бой көтерген Көкшетау мен Қарқарлы, 1826 жылы салынған Баянауыл, 1827 жылғы
Ақмола, Көкпекті, 1846 жылғы Атбасар еді.
Сонымен, аз уақытта қазақ жерінде: Көкшетау, Аягөз, Баянауыл, Ақмола
бекініс қалалары пайда болды. Осыдан соң Сібір шебі оңтүстікке-Қапалға және
Верныйға жылжыды. Орынбор шебі Орск арқылы сырдария бойына шығып, 1846 жылы
бұрынғы Қоқан бекінісі Ақмешіт алынған соң, Перовск порты, Қазалы, Қармақшы
форттары салынды. Сол жылы Алматы мен Ақмешіт арасындағы таулы аймақтар
жаулап алынғаннан кейін, ақыры Орынбор мен Сібір шептері қосылып, бүкіл
қазақ жеріне “алқа” тағылды. Казак-орыс станциялары әскери шепте, бірінен-
бірі алысқа ұзамай қаз-қатар орналасып, тізбегі үзілмеген шынжыр бұғау
іспеттес болды. Елді мекендерде тұратын халықтың басым көпшілігі әскери
адамдар еді.
Сонымен, патшалық Ресей өкіметі казактардың аяғы жеткен жерді
иемденіп, жердің бұрынғы иелерін уысында ұстау үшін үлкен әскери-әкімшілік
отарлау аппаратын құрды.
Олардың бар шығыны жергілікті халықты тонау есебінен жиналды. Қорыта
келгенде, орыстар Қазақстанды ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде әскери күштерді
қолданып, жоспарлы түрде ашықтан-ашық отарлай бастады. Бұл мақсатқа
казачествоның шекара шебі негізгі соққы беретін күш ретінде пайдаланып,
ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Жайық казачествосының шекара шебі Гурьев
қаласынан басталып, орал өзенінің бойындағы толып жатқан бекіністер арқылы
өтіп, Алабұта (қазіргі солтүстік Қазақстан облысындағы аудан орталығы)
отрядды орналасқан жерге дейін созылды. Алабұтадан шығысқа қарай Орынбор
казачествосының шекара шебі, ал оның шығысына қарай бойлықтың 83
градусындағы Сибирский поселкесінен бастап Омбы казачесвосының шекара шебі
жалғасып жатты. Мұның соңғы Омбыға дейін жетіп, одан соң Ертіс өзенінің
бойымен оңтүстік-шығысқа қарай күрт бұрылып, алты географиялық ендікті
басып өтеді де, Қытаймен шекаралас аймақтағы қазақтар көшіп-қонып жүретін
Бұқтырма өзеніне дейін жетеді.
Міне, орыс империясы Қазақстанды солтүстік-батысынан, солтүстігінен
және шығысынан осылай құрсаулы шеңберге алды, ХІХ ғасырдың орта кезінде
Сырдария мен Жетісу казачествосының шекара шептері құрылған кезде
Казақстанның төрт жағынан төрт қазақ армиясы бірдей бейне бір темір тордың
қоршауында қалған сияқты болды. Енді сол төрт казак армиясының әскери-
тонаушылық әрекеттеріне жеке-жеке тоқталайық.

ІІ - тарау. Орал, Орынбор казак армиясының жасақталуы.

Жайық казак-орыстары – ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында құрылған
казак қауымы. Жайық казактарының ішкі түзілісі Дон казак-орыстарының ішкі
түзілісімен бірдей болды. Оларды казактардың жалпы жиналысында сайлаған
атаман басқарды. Орынбор губернаторы И.И.Неплюевтің ұсында Жайық казак-
орыстарының құқықтары едәуір шектелді. Казактардың жалпы жиналысы
таратылды, атаманның атқаратын қызметі жайық комендатына жүктеледі. Бұған
наразы болған Жайық казактары Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне
белсене қатысты.
1762-1796 жылдары тақта отырған патша ІІ Екатерина Е.Пугачевтің
шаруалар көтерілісін жеңгеннен кейін “Жайықта болған сорақы оқиғаны мүлдем
ұмыту үшін” 1775 жылы қаңтардың 15 жұлдызында Жайық қаласын Орал қаласы, Ал
Жайық әскерлерін Орал әскерлері деп өзгертуге жарлық шығарды. Сөйтіп,
казактардың бұрынғы еркіндігіне де тыйым салынады.
Облыс көлемінде, 1897 жылғы санақ бойынша 645 121 адам тұрса, оның 30
мыңнан астамы осы әскери территорияда тұратын, бірақ бұл қызметке қатысы
жоқ адамдар құады. Мұның ішінде әскери қызметке тартылған казактар саны
13050 адам болды. Орал казактары орыс армиясының құрамды бөлігі ретінде
айрықша жеңілдіктері, өзіндік басқару жүйесі бар, ерекше міндет жүктелген
бірыңғай әскери сословиеге айналды. Патша самодержавиесі осы арқылы үш
міндетті жүзеге асыруды, атап айтқанда, олардың:
1) орыс отарлауы мен орыс ықпалын жүзеге асыру үшін қызмет етуін;
2) басып алған жерлері мен онда қоныс тауып отырған елді мекендерді
қазақтар шабуылынан қорғауын;
3) мемлекет қарулы күштерінің бір бөлігін құрып, казак әскери
территорияларынан тыс жерлердегі тұрақты әскери құрамымен бірдей дәрежеде
қызмет атқаруын көздеді.
Ресей шекарасын кеңейту жөніндегі самодержавиенің түпкі билеп-
төстеушілік, үстемдік жүргізу ниетін казак әскерлерінің ойдағыдай жүзеге
асыру тәжірибесі, мемлекеттің бұдан тапқан саяси, экономикалық және
моральдық пайдасы, айналып келгенде,патша үкіметінің ХҮІІ-ХІХ ғасырда жаңа
казак әскерлерін әкімшілік жолмен құру жөнінде шешім қабылдауында айрықша
маңыз атқарды. Бұл жөнінде 1881 жылы бас штаб полковнигі Г.Хорошкин:
“шекараларға орналасып алған казак елді мекендерінің қаншалықты пайдалы
екеніне көз жеткізген үкімет кейін жаңадан тартып алынған жерлерге көшіп
келушілерді қоныстандырып, олардан жаңа казак әскерлерін жасақтауды
бастады”,-деп жазған еді.
Жайық кейіннен Орал казак әскерлері деп аталған соң Қазақстан
территориясында ХҮІІІ ғасырдың ортасында Орынбор казак әскерлері пайда
болды. Олар Жайықтың жоғарғы жағы мен Орал тауларына дейінгі және әрі қарай
солтүстік-шығысқа, Сібір казак әскерлерінің территориясына дейінгі аймаққа
орнығып алды. Енді осы Орынбор казактарының қазақ жерінде жасақталу
тарихына үңілейік.
1735 жылы Орынбор қамалы салынды. Орынбор казак әскерлері 1736 жылы
жасақталып, алғашында Орынбор жүйесіз корпусы деп аталатын, жаңа казак
әскерін құру және жаңа әскери бағытты күшейту мақсатында мұнда 2 мың Жайық
казактары, 1 мың Дон казактары, сондай-ақ Еділ, самар, басқа да аймақтардан
каазктар жиналды.
Олардың қоғамдастығына енгендердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVII-XIX ғғ. аралығындағы Ресей империясы
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігін басып алу
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Хандықтардың құрылуы және шайқастары
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы
Қазақстанның жерлерін Ресей империясының отарлауы
Пәндер