М.О.Әуезовтің тарихи көзқарастары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. М.О.ӘУЕЗОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ . САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
1.1 М.О.Әуезовтің өскен ортасы, білім алу жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 М.О.Әуезовтің қоғамдық . саяси қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. «ХАН КЕНЕ» ПЬЕСАСЫНЫҢ ТАРИХИЛЫҒЫ
2.1 «Хан Кененің» жазылуы, басылуы және сахналануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 «Хан Кененің» қоғамдық ғалымдар тарапынан сыни бағалануы ... ... ... ... ..23

3. М.О.ӘУЕЗОВТІҢ ТАРИХИ ЕҢБЕКТЕРІ
3.1 М.О.Әуезов еңбектеріндегі . 1916 жылғы ұлт.азаттық қозғалыс мәселесі.36
3.2 М.О.Әуезов шығармаларындағы Исатай.Махамбет бастаған ұлт.
азаттық көтеріліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3.3 «Абай жолы» романы ХІХ ғ. қоғамдық . саяси жүйесін зерттеудің дерек
көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Тақырыптың өзектілігі: М.О.Әуезов – қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол – ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген, нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, талғампаз зертеуші. М.О.Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады. Жазушының шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды шығармаларынан -ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М.О.Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үздігі болса, М.Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып табылады. Алаш зиялылары қатарында М.Әуезовтің азаттық үшін күрескен қайраткерлік тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесі тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, дүниетаным эволюциясын айқын аңғартады. Кеңестік жүйе тұсында, 1919-1921 жылдары ол Семей губерниялық революциялық комитетінде, губерниялық атқару комитетінде қызмет етіп, «Қазақ тілі» газеті арқылы саяси - әлеуметтік және әдеби, ғылыми бағытта мәнді көсемсөздерін жариялады. Дүние астан – кестең болып, замана көші өзге бағытқа бұрылған шақта М.Әуезовтің амалдап, саясат ауасын байқап қимылға көшуі заңды еді.Бұл жылдар Мұхтар Әуезовтің замана болмысы туралы ұғым - талғамын екшеп, сауатты саясаткер болып қалыптасуына негіз болды.
Халқының мақтанына айналған М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, ізденістері жөнінде Кеңес дәуірінде көлемді зерттеулер жүргізілгенімен, оның кей туындылары тұрпайы саяси сынға төтеп бере алмай, көз бен көңілден таса қалды. Өмірлік шындық пен көркемдік шешімнің қарым-қатынасы көп мәселеге байланысты екендігі белгілі. Тоталитарлық қоғамдық жүйе, қасаң идеологиялық саясат, әдеби күштердің қарама-қайшылығы, талас-тартысы, жеке тұлғалардың пенделік пиғылы талай көркем туындыны, қаншама талантты әуре-сарсаңға, қуғын-сүргінге түсіргеніне мысал жетерлік.
Әр әдеби тұлғаның қандай жолды таңдағаны туралы біршама зерттеулер бар, бірақ әлі де ғылыми тұрғыдан анықталмаған мәселелер баршылық. Соның бірі – кеңестік жүйенің алғашқы кезеңіндегі әдебиеттегі ұлт-азаттық идеясының көрінуі, оны бейнелеудегі автор қолданған түрлі амал-тәсілдердің табиғатын зерделеу. Осы тұрғыдан қарағанда Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымы үшін өте маңызды, бірақ әлі күнге дейін терең зерттеле қоймаған, жұртшылыққа бейтаныс сыры мен қыры жетерлік. Бүгін жоғалтқанымызды тауып, ойсырағанның орнын толтырудың уақыты жетті. Сондықтан,жазушының бұған дейін тыйым салынып,көпшілік назарына
1. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956) – 130-б.
2. Қазақ ұлттық энциклопедияcы 1 т. 5-б.
3. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 1-том. Алматы, 1979 ж.
60-б.
4. Рымғали Н. Әуезов және Алаш. Алматы, 1997 ж. 180-б.
5. Нұрқатов А. Мұхтар Әуезов. Алматы, 1957 ж. 7-б.
6. Мырзахметұлы М. М.Әуезов және Абайтану проблемалары. Алматы, 1982 ж. 16-б.
7. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Астана, 2000 ж., 18-б.
8. Біздің Мұхтар (М.О.Әуезов туралы естеліктер) Алматы, 1965 ж. 6-б.
9. Жұртбай Т. «Бесігіңді аяла!..» Астана, 2002 ж. 182-183 б.
10. Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. Алматы, 1997 ж. 257 -б.
11. Нұрқатов А. М.Әуезов творчествосы. Алматы, 1965 ж. 66-б.
12. Мұхтар Әуезов тағылымы. Алматы, 1987 ж. 187-б.
13. Байқадамова Д. Мен білетін Әуезов. Алматы, 2006 ж. 23-б.
14. Ыбыраев Ш., С.Қорабаев. Мұхтар мұрасы. Алматы, 1997 ж. 329-б.
15. Мұқажанова Р. Кеңес үкіметі кезіндегі Мұхтар. // Абай № 2, 2001 ж. 55-б.
16. Тұрсын Ж. Алаш ақиықтары. Алматы, 2006 ж. 9-б.
17. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1994 ж. 15-б.
18. Досжанов Д. Абақты. Алматы, 1992 ж. 42-б.
19. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі. Алматы, 1997 ж. 739-б.
20. Қонаев Д., Сейданов Қ., Қожакеев Т. Әлемнің Әуезові. Алматы, 1997 ж. 23-б.
21. Жұртбаев Т. Талқы. Алматы 1997 ж. 5-б.
22. Бекмырзақызы С. «Хан Кене» // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2001 ж. №5. 61-б.
23. Серғазы Л. Мұхтар Әуезовтің «Хан Кене» трагедиясының тарихылығы. АР.Астана 2007 ж. 7-б.
24. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы, 2001 ж. 188-б.
25. Ысқақұлы Д. Талант тарих талқысында // Егемен Қазақстан 1998 ж. 23 қазан, 5-б.
26. Жұртбай Т. Өмір үшін өнерінен бас тартқан // Абай, 1995 ж. № 2, 186-б.
27. Мүсірепұлы Ғ. «Хан Кенені» қалай түзету керек? // Социалды Қазақстан, 1934 ж, 24-26 май. 3-б.
28. Сейфуллин С. «Хан Кене туралы» // Социалды Қазақстан, 1934 ж. 10 июнь. 4-б.
29. Жансүгіров І. Қате қайда? // Социалды Қазақстан 1934 ж, 12 июнь. 5-б.
30. Омаров Б. Зар заман поэзиясы. Алматы. 2000 ж. 145- б.
31. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 14-том. Алматы. 1983 ж. 480 –б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
М.О.Әуезовтің тарихи көзқарастары

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. М.О.Әуезовтің өмірі мен қоғамдық – саяси қызметі
1.1 М.О.Әуезовтің өскен ортасы, білім алу
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 М.О.Әуезовтің қоғамдық – саяси
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. Хан Кене пьесасының тарихилығы
2.1 Хан Кененің жазылуы, басылуы және
сахналануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 17
2.2 Хан Кененің қоғамдық ғалымдар тарапынан сыни
бағалануы ... ... ... ... ..23

3. М.О.Әуезовтің тарихи еңбектері
3.1 М.О.Әуезов еңбектеріндегі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
мәселесі.36
3.2 М.О.Әуезов шығармаларындағы Исатай-Махамбет бастаған ұлт-
азаттық
көтеріліс ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...39
3.3 Абай жолы романы ХІХ ғ. қоғамдық – саяси жүйесін зерттеудің дерек

көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: М.О.Әуезов – қазақ халқының ғасырға жуық
өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен
көрсете алған ірі тұлға. Ол – ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін
дүниеге әкелген, нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, талғампаз
зертеуші. М.О.Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның
кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады.
Жазушының шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре
кіріскені тырнақалды шығармаларынан -ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз
құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық
сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М.О.Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ
халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны
Абай қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үздігі болса, М.Әуезов туындылары
адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып
табылады. Алаш зиялылары қатарында М.Әуезовтің азаттық үшін күрескен
қайраткерлік тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесі
тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, дүниетаным эволюциясын айқын
аңғартады. Кеңестік жүйе тұсында, 1919-1921 жылдары ол Семей губерниялық
революциялық комитетінде, губерниялық атқару комитетінде қызмет етіп,
Қазақ тілі газеті арқылы саяси - әлеуметтік және әдеби, ғылыми бағытта
мәнді көсемсөздерін жариялады. Дүние астан – кестең болып, замана көші өзге
бағытқа бұрылған шақта М.Әуезовтің амалдап, саясат ауасын байқап қимылға
көшуі заңды еді.Бұл жылдар Мұхтар Әуезовтің замана болмысы туралы ұғым -
талғамын екшеп, сауатты саясаткер болып қалыптасуына негіз болды.
Халқының мақтанына айналған М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы,
ізденістері жөнінде Кеңес дәуірінде көлемді зерттеулер жүргізілгенімен,
оның кей туындылары тұрпайы саяси сынға төтеп бере алмай, көз бен көңілден
таса қалды. Өмірлік шындық пен көркемдік шешімнің қарым-қатынасы көп
мәселеге байланысты екендігі белгілі. Тоталитарлық қоғамдық жүйе, қасаң
идеологиялық саясат, әдеби күштердің қарама-қайшылығы, талас-тартысы, жеке
тұлғалардың пенделік пиғылы талай көркем туындыны, қаншама талантты әуре-
сарсаңға, қуғын-сүргінге түсіргеніне мысал жетерлік.
Әр әдеби тұлғаның қандай жолды таңдағаны туралы біршама зерттеулер
бар, бірақ әлі де ғылыми тұрғыдан анықталмаған мәселелер баршылық. Соның
бірі – кеңестік жүйенің алғашқы кезеңіндегі әдебиеттегі ұлт-азаттық
идеясының көрінуі, оны бейнелеудегі автор қолданған түрлі амал-тәсілдердің
табиғатын зерделеу. Осы тұрғыдан қарағанда Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебиеті
мен әдебиеттану ғылымы үшін өте маңызды, бірақ әлі күнге дейін терең
зерттеле қоймаған, жұртшылыққа бейтаныс сыры мен қыры жетерлік. Бүгін
жоғалтқанымызды тауып, ойсырағанның орнын толтырудың уақыты жетті.
Сондықтан,жазушының бұған дейін тыйым салынып,көпшілік назарына ұсынылмай
келген шығармаларының қайта жарияланып, лайықты бағасын алатын мезгіл туды.
Ұлы жазушының мол мұрасын, ұлт-азаттық идеясын көркем мазмұн мен мағынаға
өту тұрғысынан зерделеу, шығармашылығын қайраткерлік қызметімен тығыз
байланыста қарастыру, аталмыш идеяларды бейнелеудегі қолданған тәсілдерін
саралауға бағытталған ізденіс дипломдық тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
М.О.Әуезовтің тарихи еңбектеріндегі тарихи шындықты айшықтау, тарихи
көзқарастарын зерделеу. Осы негізгі мақсатты айқындау үшін алдымызға
мынадай міндеттер қойдық:
- М.О.Әуезовтің өскен ортасын, білім алу жолын айшықтау;
- М.О.Әуезовтің қоғамдық-саяси қызметіне баға беру;
- Хан Кененің жазылуы, басылуы және сахналануына талдау жасау;
- Хан Кененің қоғамдық ғалымдар тарапынан сыни бағалануын талдаудан
өткізу;
- М.О.Әуезовтің еңбектеріндегі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
мәселесін ашу.
- М.О.Әуезов шығармаларындағы Исатай – Махамбет бастаған ұлт-азаттық
көтеріліске сипаттама беру;
- Абай жолы романын ХІХ ғ. қоғамдық-саяси жүйесін зерттеудің дерек
көзі ретінде қарастыру.
Жұмыстың тарихнамасы: Әлемдік сөз өнерінің ХХ ғасырдағы ұлы
тұлғаларының бірі М.Әуезовтің бүкіл өмірбаяны мен шығармашылық жолы қоғам
мен тағдырдың, тарих пен танымның, тарихи тұлға мен жеке адамның талқысына
құрылған аса күрделі жол.Ол 20-жылдардың басында тағдыр тәлкегі боп
басталған қудалаудан бертінге дейін құтыла алмады. Жазушы Т.Жұртбаев ұлы
қаламгердің осындай тауқыметке ұшыратқан шығармаларының жазылу тарихымен
оның өміріндегі қиын белестерді салыстыра отырып талдап, 1929 -1932 жылдары
Әуезовтің түрмедегі тергеу ісін, 1936 -1938 жылдардағы қысымдарын, қудалану
кезеңдерін, жазықсыз жапа шегулерін Талқы атты еңбегінде пікір қозғайды
[21].
Досжанов Дүкенбайдың Мұхтар жолы роман – толғауында Мұхтар Әуезов –
парасат биігімен және ұшан-теңіз туындыларымен дара құбылысқа айналған
адам. Оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік жүріп өткен жолы, мұрат етіп
ұстанған азаматтық ожданы бар. Мағыналы, әрі бай өмірдің бүге-шігесіне
дейін хатқа түсіріп шығу жалғыз автордың қолынан келмейтін шаруа.
Алдыңыздағы шығарма осындай үлкен жолдың соңғы кезеңін қамтыған, сол
арқылы Әуезовтің адамшылық-жазушылық мұратын, рухани сілкіністерін көркем
кестелеген роман-толғау және жазушылық машықтың қыры мен сыры десе
болғандай. Шығарма нәрлі, тіл кестесі ой тереңдігімен астасып келісті
арнасын тапқан [53].
Т.Жұртбайдың Алаш ақиықтары атты бұл жинаққа 1928-1932 жылдары
арасында Мемлекеттік саяси басқармасының ерекше бөлімі Алаш партиясы
мен Алаш Орда үкіметі қайраткерлерінің тергеу ісі деген атпен жүргізген
тергеу ісіне тартылып:Кеңес өкіметін құлату үшін контрреволюциялық астыртын
ұйым құрып, көтеріліс дайындаған, өздерінің қастандық идеясын насихаттау
үшін Алқа жасырын үйірмесін құрған – деген желеумен түрмеге қамалып,
алды ату жазасына, соңы жер аударылуға бұйырылған алаш ардагерлерінің
тергеу ісіне айыптау айғағы ретінде тіркелген, не қылмыстық дәлелі есебінде
көрсетілген, бұрын кітап бетінде басылым көрмеген көркем әдебиет туралы
мақалалары мен ашық хаттары, аудармалары топтастырылған [16].
Мекемтас Мырзахметұлының Әуезов және Абай атты еңбегінің бірінші
бөлімінде Абай романы қалай жарық көрді? Әуезов әңгімелеріндегі
синтаксистік фигуралар, Әуезовтің табиғатты бейнелеу шеберлігі, Әуезовтің
ауыз әдебиетін зерттеуі, Әуезовтің театр туралы жазғаны, Мағжан мен Мұхтар
ұлт тақырыптарын дамытудағы ізденістері, ал екінші бөлімде Абайтанушы
ғұлама Мұхтартану, Мұхтар Әуезов және қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлу
мәселесі, ұстаздық еткен жалықпас, Әуезовтің жарияланбаған еңбектері сөз
болады [10].
Бесігіңді аяла!.. атты бұл монография – эссе – жазушы, ғалым Тұрсын
Жұртбайдың жиырма бес жылдық ізденісінің нәтижесі болып табылады. Мұнда
ұлттық ұлы тұлға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық психологиясының
қалыптасу жолы,көркем туындыларының жазылу тарихы мен тарихи негіздері,
көркем кеңістік пен көркем уақыт, Мәңгілік ел нысанасы, философиялық
ұлттық көркем ойлау жүйесінің терең тамырлары, кейіпкер мен жазушы
арасындағы психологиялық байланыстың тылсым түйсіктері, Құнанбай және Абай
сияқты тарихи тұлғалардың өмірлік деректері мен Абай жолы роман-
эпопеясындағы көркем бейнелердің арақатынасы – салыстырмалы әдебиеттану
әдісімен жан-жақты қарастырылып, теориялық тұрғыдан талданады [9].
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Жазушы шығармаларының көркемдік
ерекшелігі, идеялық мазмұны, еңбек жолы мен шығармашылық дамуы
эволюциясына арналған көптеген ғылыми-зерттеу еңбектері жарық көрді. Ұлы
жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасы жөнінде әр алуан еңбектер жарыққа
шығып, әуезовтану саласы нығайып беки түсті. Бұл орайда
А.Нұрқатовтың,Л.Әуезованың,З.Қабдол овтың,Ш.Елеукеновтің, Т.Жұртбайдың,
М.Мырзахметовтың, Д.Досжановтың, Р.Бердібаевтің кітаптары жарыққа шығып,
жазушы өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қарастырылды [23].
Жұмыстың методологиясы: Дипломдық жұмысты жазу барысында,
негізінен тарихи салыстырмалы талдау,жүйелілік,жинақтау,тұжырым жасау
әдістері тиісінше пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Диплом кіріспеден, негізгі үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.

1. М.О.Әуезовтің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі

1.1 М.О.Әуезовтің өскен ортасы, білім алу жолы

Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драмашы, публицист,
зерттеуші, аудармашы, әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің
алатын орны ерекше.
Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, ХХ ғасырдағы қазақ
халқының ұлттық ой-санасының, сөз өнерінің, көркем прозаның асқар биігі. Ол
теңдесі жоқ суреткер - жазушы, драматург, ғұлама ғалым-әдебиетші,
зерттеуші, фольклортанушы, ұлағатты ұстаз және ірі қоғам қайраткері [1; 130-
б].
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы, 28 қыркүйекте қазіргі Семей
облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау деген жерде туған. Оның әкесі Омархан
да, атасы Әуез де ескіше білім алған, ауқатты адамдар. Кішкентай Мұхтарды
білімге баулыған осы атасы - Әуез.
Әуез Бердіұлы 1830 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,
Арқат ауылында дүниеге келген. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама
сұрапылынан кейін, тобықты руын Сыр бойынан Шыңғыстауға көшіріп әкелген
атақты Мамай батырдың жауынгер серіктерінің бірі, Бақтайыш батырдың ұрпағы.
Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан дүниеге келген. 19 ғасырдың 40-
жылдарында Құнанбай Берді әулетін Арқат тауының солтүстік өңіріндегі
Бетағаш қонысынан өз жанына көшіріп алып, Бөрліден оларға арнап қыстау
салдыртады. Аралтөбеде – Абай, Бөрліде - Әуез қыстап, іргесі ажырамаған
қоңсылас, сырлас, сыйлас, айнымас дос болып өтеді. Түрік, Шағатай, парсы
әдебиетінен хабары мол, арабша білімі, мәдениет-парасаты жоғары Әуезді
Абай: Әуке аға, үлкен қожа деп атаған.
Үлкен қожа – ортан қол, өзгелері – аты жоқ пен шынашақ деп қадай
көрсетуі, Әуез тұлғасына берген ақынның шынайы бағасын танытса керек
[2; 5-б] .
Сөйтіп, болашақ жазушы – Мұхтардың балалық шағы сол кездің алдыңғы
қатарлы идеялары, үлгі-өнегелері тікелей таралып жатқан жерде – Абай
аулында өтеді. Бұл оның болашақ өміріне, творчестволық тағдырына игі әрі
үлкен әсер етеді. Атасы немересін кішкентайынан өзі тәрбиелеп, Абай
мұрасына деген іңкәрлігін оятады. Бұл жайлы Мұхтардың өзі өмірбаянында:
Бес-алты жасар кезім. Бір күні кешкісін ас алдында атам мені қасына
шақырып алды. Оқуға жараған – жарамағанымды сынамақ екен, р дыбысы бар
сөздерді айтқыза бастады.
Бұл дыбысқа тілің келмей тұрып, қара танимын дегенді ойыңа да
алмайсың... Өйткені, ең алғашқы сабақ құранның Бісмилләхи рахман
иррахим... деген сөздерін жаттаудан басталады... Атамның маған көңілі онша
болмады-ау дейім, келесі күні тағы алды қасына... қолындағы қалың
қолжазбаны көргенде неге шақырғанын біле қоям. Бұрынғыдан бетер ренжимін.
Атам маған кітаптағы араб әріптерін көрсете бастайды. Айтуға бір оңайы
болса игі, бірінен бірі өткен қиын ... Бұл кітап – Абай өлеңдерінің жинағы
еді деп жазады [3; 60-б].
Атасы Әуез бен әжесі Дінасыл Мұхтарды Қоңыр деп атаған. Кейін Мұхтар
мұны бүркеншік ат етті. Абай мен Мұхтардың балалық шақтары ұқсас. Мұхтар 9
жасында тұңғыш рет аулынан сапарға аттанады. Бұл – тұманды болашақ сапары
еді [4; 180-б].
Мұхтар Әуезов алғаш ауылдық орыс-қазақ училищесінде, кейін қаладағы
оқу орындарында оқиды. Абай аулындағы бастауыш орыс мектебін 1908 ж.
бітіреді де, бір жыл өткеннен кейін Семейдегі 5 кластық қалалық училищеге
оқуға түседі. Мұны бітіріп шыққаннан кейін, яғни 1915 ж. М.Әуезов сол
қаладағы мұғалімдер дайындайтын семинарияға оқуға түседі. Семейде оқып
жүрген кезінде, әсірее семинарияда болған шағында болашақ жазушы өзінің
білімін молайту, тереңдету жолында көп еңбек етеді. Ол әсіресе көркем
әдебиет шығармаларын беріле, ынтыға оқиды. Дүниежүзінің және орыстың
классикалық әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен Мұхтар Әуезов
тұңғыш рет осы кезде таныса бастайды.
Орысша білім алу арқылы, орыс тілін үйрену арқылы дүниежүзілік
мәдениеттің баға жетпес үлгілерімен осылайша жақын танысып, мол сусындайды.
Сөйтіп өз тарапынан да іздене, толғана жүреді [5; 7-б].
Жас Мұхтар сол кездердегі қалалық спорт жарыстарына да белсене
қатысып, Жарыс футбол командасының жартылай қорғаушысы болады. Шәкәрім
Құдайбердіұлының Жолсыз жаза дастанының негізінде Еңлік-Кебек пьесасын
жазып, оны 1917 ж. маусым айында Ойқұдық деген жерде Абайдың қызы Кенже мен
Әйгерімнің тіркестіріп тіккен киіз үйінде сахнаға шығарады. Сол жылы Райхан
Кәкенқызына үйленеді. Әуезов Семейде Абай ғылыми-көпшілік журналын
Жүсіпбек Аймауытовпен бірге шығарады. Абай журналы оның журналист ретінде
қалыптасуына тікелей ықпал етеді. 1919 ж. семинарияны бітірген тұста
сүзекпен ауырып, жаз ортасына дейін ауылында болады. 1918 жылы ақпанда –
Мұғамила, 1919 жылы – Шоқан есімді балалары дүниеге келеді. Шоқан іш
сүзегімен ауырып, екі жастан асқан шағында шетінеп кетеді.
Тұрсын Жұртбаевтың Бесігіңді аяла деп аталатын роман эссесінде
Мұғамиланың қысқаша естелігі келтірілген. Әкемнен бір күні түн ішінде көз
жазған соң мені Даниял Ысқақовтың әйелі Мукарамаға қалдырды да, Валентина
Николаевна Ләйләні алып, Ленинградқа кетіп қалды. Не болғанын онша түсінгем
жоқ - дейді.
1920 жылы Семей қаласынан мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстер
ашады. Сол жылы Райхан Кәкенқызымен ажырасып, Абайдың немересі Кәмилә
Мағауияқызына үйленеді. 1922 жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия
Мемлекеттік университетіне оқуға түседі [2; 8-б]. Сол кездің өзінде-ақ ол
тек оқумен ғана шұғылданбай ғылыми-педагогикалық, творчестволық жұмысқа,
әсіресе баспасөз ісіне қызу араласып, атақты Шолпан журналын
шығарушылардың бірі болды.
Түркістан баспасөздерінде басылым көрген көркем әңгімелері мен ойлы,
проблемалы мақалалары, әсіресе Манас эпосы жайлы жасалған тұңғыш ғылыми
баяндамасы арқылы, Ташкенттің зиялы қауымына ой сала білді. Әсіресе Абай
мұрасының жұрт мойындаған айтулы білгірі ретінде таныла бастаған Мұхтар
Әуезовті Түркістан Республикасының үкіметі 1923 жылы Ленинград
университетіне арнайы жолдамамен жібереді.
Мұхаң Ленинград университетінің сол кездегі қоғамдық ғылымдар деп
аталатын (Қазіргі тарих, филология факультеті) бөлімін 1928 жылы бітіріп
шығады да, өзі үйренген Ташкентке қайта оралып, ғылыми педагогикалық,
творчестволық жұмыстармен шұғылданады.
1929 жылы наурыз айында САГУ-дің Шығыстану факультетіндегі түркология
кафедрасының аспирантурасына қабылданады [6; 16-б].
САГУ аспирантурасында Мұхтар Әуезов фольклор, әдебиет тарихына
байланысты зерттеулер жүргізеді. Мұхаң өзінің ғылыми жетекшісі Михаил
Филипович Гавриловпен көп жұмыс істейді.
Кафедра мәжілісінде парсы тілінің оқытушысы профессор А.А.Семенов
қазірдің өзінде М.Әуезовтің екі жыл бойы парсы тілін оқыған аспиранттармен
бірдей жақсы даярлығы бар деп қуана хабарлаған [7; 18-б].
Мұхаң Ленинградта оқып жүргенде Валентина Николаевна Кузьминамен
тұрмыс құрады. Елдес және Ләйлә есімді ұл-қыздары дүниеге келеді. Елдес
тосын дерттен дүние салады. Әуезова Ләйлә Мұхтарқызы – 30.07.1929 жылы
Ташкентте дүниеге келеді. Ғалым, тарих ғылымдарының докторы. 1952 жылы
Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан ҒА-ның тарих,
археология және этнография институтының ғылыми қызметкері. 1963 жылдан
өмірінің соңына дейін Әуезов үйінің директоры болды. Әкесінің шығармаларына
арқау болған оқиғалардың тарихи негіздерін зерттеуге арналған ғылыми
еңбектері үшін оған Қазақстан ҒА-ның Ш.Уалиханов атындағы сыйлық 1979 жылы
берілген [8; 6-б].
Тағдыры қиын, әрі тосын бұрылыстарға толы, әйелдік жолы ауыр әрі үлкен
құбылыстарды басынан кешірген адамның бірі – Фатима Ғабитова. Сұлулықты да,
бақытты да, тауқыметті де жазымыш оның бір басынан аямаған. Бұл әйелдің
жолы Мұхтармен отызыншы жылдардың аяғында тоғысып, қалған ғұмырдағы қарым-
қатынастары күрделі күрмеумен өткен. Бұл адам жөнінде үндемеу – Мұхтардың
бүйірінен қадалған шаншудың бірі туралы айтпау, өсекке ерік берумен пара-
пар. Мұхтардың тұрмыстағы осал тұсының бірі де осы тарих.
Ол - тағдыр. Ұлы адамның тағдыры. Бұл арада жазықты да, жазықсыз да
жоқ. Өмір бар.
Қиын-қыстау кезінде адамның басынан қандай ауыртпашылық түспейді.
Ілияс Жансүгіров қолға алынысымен оның әйелі Фатима баспанасыз қалады. Аяғы
ауыр. Барар жер жоқ. Отын қорада босанады.
Әбден шарасы таусылған Фатима жоғарыдағы пәленшенің үйіне тура
барады да көмек сұрайды. Сол кезде Мұхтар да кіріп келеді. Ежелден таныс,
дос адамның әйелінің мына түріне күйінген Мұхтар қаражат беріп, қолғабысын
тигізеді. Екі жылдан кейін силастық сырластыққа ұласады.
Соның нәтиесінде 1943 жылы Жамбыл облысында нәресте дүниеге келеді.
Сол нәресте Мұрат Мұхтарұлы Әуезов еді.
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов-мәдиеттанушы-ғалым,дипломат, Қазақстанның
мемлекет және қоғам қайраткері. Мәскеу мемлекеттік М.В.Ломоносов атындағы
университеттің Қытай филологиясы мамандығы бойынша шығыс тілдері
Институтын бітірді және КСРО ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында
әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне
диссертация қорғады. Қазақстан Журналистика Академиясының 27.02.2007 жылғы
жалпы жиналысы арқылы Академияның толық мүшесі болып сайланды.
1970—1976 жылдарда М.М.Әуезов Эстетика кочевья ұжымдық монографиясын
әзірлеген (1975 жыл) философия және құқық институтындағы эстетика тобына
жетекшілік етті.
1981—1987 жылдарда ол Қазақфильм киностудиясында бас редактор болып
қызмет атқарды. 1988—1990 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының көркем
аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі Алқасын басқарды. 90-шы
жылдардың соңында М.М. Әуезов Қазақстандағы Мир телерадиокомпаниясының
көркемдік жетекшісі болды.
1990 жылы Әуезов М.М. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты болып
сайланып, онда Кеңес Президумының мүшесі, парламентаралық байланыстар
жөніндегі Комитеттің төрағасы болды.
1992 жылғы желтоқсаннан ҚХР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының ерекше тапсырмалары
бойынша Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. 1995 жылы Алматы
облысы әкімдігінің ақпарат және Қоғамдық келісім Департаментін басқарды.
1999 жылғы желтоқсаннан Сорос-Қазақстан қорының атқарушы директоры,
2002 жылғы шілдеден қордың Президенті қызметін атқарды. 2003-2006 жж.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры қызметіне
тағайындалды [9; 182-183 б].
1930 ж. 16 қыркүйек күні Әуезов тұтқындалады. Оған:
1) Кеңес өкіметіне қарсы астыртын ұйым құрып, қарулы көтеріліс арқылы
оны құлатуға әрекет жасады;
2) ұлтшылдық-байшылдық идеяологияны қолдап, байларды тәркілеуге және
қосшы ұйымын құруға қарсы шықты;
3) ұлтшылдардың Кеңес өкіметі кеңсесіне, жоғары оқу орындарына
жасырын түрде қызметке кіруіне үндеу тастады;
4) жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарға ұлтшыл-феодалдық
пиғылдағы ақын жазушылардың шығармаларын енгізіп, арандату әрекеттерін
жүргізді;
5) ұлтшыл-буржуазияшыл Алқа ұйымын құрды, қазақтың өткен тұрмысын
мадақтайтын шығармалар жазды деген айыптар тағылады. Тергеу екі жылға
созылып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан
айыру туралы үкім шығарылады. 1932 жылы 10 маусым күні Социалды Қазақстан
және Казахстанская правда газетінде жарияланған Ашық хат арқылы Әуезов
осы жылы түрмеден босатылып, Қазақ ауыл шаруашылық институтына қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып уақытша жұмысқа орналасады. Осы
уақытта Абай жолы романын жазуға кірісіп, 1941 жылы оны бітіреді.
1942 жылы 18 тамызда Б.Момышұлы Ардақты Мұхтар аға! деп хат жазады.
Онда: Біз Абайдың бірінші кітабының жарыққа шығуына өте қуаныштымыз. Бұл
хабар қазақ әдебиетінің тұңғыш ұл баласының қайта туғанындай болып
естіледі. Абай өте көркем, шеберлік, арғымақтай сынды, таптұйнақ, пысық,
қысқа, өте мазмұнды қазақтың жалпақ әдемі жұмыр тілімен жазылыпты. Словам
тесно, мыслям просторно деген екен баяғыда бір оқыған. Бұл сіздің
талантыңыздың табысы екендігінде сөз жоқ. Менің қысқаша пікірім осылай, -
деп жазған [10; 257-б].
Жазушы 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы
жарық көреді. 1949 жылы Абай романы үшін Әуезовке бірінші дәрежелі
Сталиндік сыйлық, кейін КСРО мемлекеттік сыйлық беріледі.1945 жылы Еңбек
Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1946 жылы Қазақстан ҒА құрылғанда, оның
толық мүшесі болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор
атағы беріледі. Ол Қазақ ССР тарихының әдебиет тарихы бөлімін жазып,
Қазақ совет әдебиеті тарихын жазуға жетекшілік етеді. 1951 жылы Құрмет
белгісі орденімен марапатталады. 1951-1954 жылдары Әуезов саяси – идеология
тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, оны ұлтшыл-алашордашыл ретінде жаппай
сынау науқаны басталады.
Мерзімді баспасөзде Әуезов туралы сыңаржақ сындар мен оны халық жауы
ретінде әшкерелеген мақалалар басылды. 1953 жылы сәуір айының соңында
қамауға алыну қаупі төнгенде, Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр
болады. Онда А.Фадеев, К.Симонов, В.Кожевников, Н.Тихонов іспетті орыс
жазушылары араша түсіп, Әуезовті жазықсыз жазадан аман алып қалады.
Қазақстанға қайтып келудің қауіпті екенін біліп, Мәскеу мемлекеттік
университетінің профессоры болып орналасады. Онда 1953 -1954 жылдар
аралығында қызмет етеді.
1954 жылы Алматыға қайтып оралып, ақпан айының ортасында Абай жолы
роман-эпопеясын түпкілікті аяқтайды. 1955 жылдан бастап Әуезов өмірінің ең
шуақты кезеңін басынан кешіреді. Тұңғыш рет шет елге сапарға шығып, ГДР
жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысады.
Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет
қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехославакияда болды. 1957 жылы Ленин
орденімен марапатталады. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы
Үндістанға екінші рет сапар шегеді [11; 66-б]. Әуезов 1961 жылы 27 маусым
күні Мәскеу қаласында, Кунцеводағы Кремль ауруханасында операция кезінде
қайтыс болады. Сүйегі 1 шілде күні Алматы қаласындағы Орталық зиратқа
жерленді.
Мұхтар Әуезов туралы Мұхтар Әуезов тағылымы деген еңбекте Зоя
Кедрина былай деп еске алады: Біздің қымбаттымыз Мұхтар Омарханұлы Әуезов
арамыздан тым мезгілсіз ерте кетті. Алайда, ол бәрімізге де аса қымбат
мирас-талантты еңбектері мен өлмес жанын қалдырды.
Ол маған творчествоның тура жолын, коммунизмнің біртұтас жарқын
мәдениетіне апаратын барлық ұлттар мәдениетінің достығы мен туыстығының
жолын өсиет етіп қалдырды.
Әуелі ол маған осылардың бірін-қазақ мәдениетін білуді, сөйтіп оны
бағалауды үйретті. Содан соң ол өз өмірінің бүкіл мол тәжірибесі арқылы
халықтың рухы, оның әдебиеті мен өнері әр түрлі ұлттардың біртұтас
туысқандық байланысы негізінде ғана өмір сүріп, дами алатынын ап-айқын
ұғындырды... [12; 188-б].
Данабике Байқадамова Мен білетін Әуезов атты естелік кітапта:
Әуезов – адамгершілікті, имандылықты, ұстамдылықты, еңбек сүйгіштікті ту
етіп көтерген - дейді [13; 23-б].
Өмірдегі есте қалар елеулі кездердің бірі – заманымыздың ұлы жазушы,
сұңғыла ғалымы Мұхтар Әуезовтен дәріс алған жылдар. Сол бір тамаша күндер
әрдайым жадымызда жүреді - дейді М.Әуезовтің шәкірті Қабиболла Сыдықұлы
[14; 329-б].

1.2 М.О.Әуезовтің қоғамдық-саяси қызметі

Әдебиет майданына ХХ ғасырдың бас кезінде келген әдеби қоғамдық
өмірге белсене араласқан Мұхтар Әуезовке жазушы болумен қатар қоғам
қайраткері, саяси күрескер болуға тура келді. Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді Алаш көсемдері бастаған халықтың
еркіндік алуын, мәдениетке, өнер білімге деген ықыласын арттыруды ту қып
ұстап, Оян, қазақ деп ұран тастаған ұлттық қозғалыс, азатшылдық,
демократияшылдық идеялар Мұхтар Әуезовтің өмірлік мақсат - нысанасын
айқындауына жол ашты.
Әрине, Мұхтар Әуезовті әлемдік деңгейдегі алып тұлға, әлемдік құбылыс
ететін алдымен оның шығармашылығы – жаңа белеске көтерілген ұлттық сана-
сезімнің жарқын көрінісі болғандығы [1; 130-б.].
Әуезов Семей жастарының өкілі ретінде 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы
қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық
атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда Алашорда үкіметі
мен алаш қозғалысының бағытын ұстанған Жас азамат атты Бүкілқазақтық
жастар ұйымы құрылады. Алашорда үкіметінің қызметіне тиым салынғаннан кейін
Әуезов астыртын ұйымның жұмысына араласады. 1919 жылы күзге қарай Әуезов
Семей қаласына қайтып оралып, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. Сол жылы
сәуір айында Кеңес өкіметі Алашорда үкіметі қайраткерлерімен келіссөз
жүргізіп, қазақ халқына автономия беруге келіскен болатын. Қазақ зиялылары
Кеңес қызметіне тартылады.
Раушан Мұқажанованың Кеңес өкіметі қызметіндегі Мұхтар атты
мақаласында жаңа орнаған өкіметке оқыған қазақ зиялыларын тартып, жауапты
орындарға қоюдың екі түрлі себебін ашып көрсеткен.
Бірінші себеп, Кеңестер үшін кадр жеткіліксіздігі, қала ісі мен
мәдениетіне қанық қазақ жастарының аздығы. Жаңа өкіметке Мұхтар Әуезов
сынды білімді, орыс тілін жетік меңгерген азаматтар қажет болды.
Екіншіден, жергілікті ұлтқа бағытталған саясатты пәрменді жүргізу үшін
ол азаматтар қазақ арасында беделді, сөздері өтімді болуы керек. Осындай
қасиеттерге ие Мұхтар Әуезов сынды азаматтар Кеңес өкіметінің келелі
істерінің жүзеге асуына үлкен ықпал ете алатындай еді [15;55-б]. 1919 жылы
желтоқсанның 4-інде Семейде большевиктер билігі орнап, сол кезден бастап
Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920
жылы ақпаннан бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Қазақ тілі газетінің
ресми шығарушысы болып тағайындалады. Әуезов жергілікті басқару, сот
мекемелерін, ұсақ несие серіктестіктерін құрып, ауыл шаруашылығын
жандандыруға ұйытқы болады. Семей қаласынан мұғалімдер даярлайтын қысқа
мерзімді курстер ашады. 1920 жылы қарашадан 1921 жылы мамырға дейін Семей
облыстық атқару комитеті қазақ бөлімінің және облыстық соттың меңгерушісі
міндетін атқарады.
1921 жылы мамыр мен маусым айларында Семей облревкомының төралқа
мүшесі, маусым айынан қараша айына дейін облыстық атқару комитетінің
төрағасы қызметін атқарады, 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің
төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр
мәселесімен айналысады.
Қазақстандағы 1921-1922 жылдары ашаршылық тұсында қазақ
қызметкерлерінің төтенше кеңесін шақыртып, онда большевиктердің қазақ
ұлтының оқыған зиялыларын жазалау саясатын, қыр еліндегі ашаршылықты қолдан
жасап, қасақана қиыншылыққа ұрындырып отырған Мәскеудің экономикалық
қысымын қатты сынға алады. 1922 жылы 7 наурыз күні өзінің пікірлес досы,
Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі С.Сәдуақасов екеуі РК(б)П ОК-нің арнаулы өкілі
В.Г.Юдовскийге қазақ ұлтына большевиктер тарапынан қолданылып отырған
жазалау және шеттету саясатына қарсылық білдіріп, комитет алдына: ұлттық
теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою, отарлаушылар тартып алған
жерлерді қазақтарға қайтарып беру және оған өзінің ежелгі иелерін
орналастыру, өндіріске, мемлекеттік қызметке қазақтарды тарту, іс-
қағаздарын ана тілінде жүргізу және ана тілін мемлекеттік тіл деп жариялау,
ұлттық оқу-ағарту, ғылым, баспасөз саласына ерекше көңіл бөлу сияқты 8
түрлі мәселе қояды.
Сол хаттың негізінде, 1922 жылы 11 және 20 наурызда РК (б) П Қазақ
обкомының төралқа мәжілісінде С.Сәдуақасов пен М.Әуезов ұсынған қазақтар
арасында жүргізілуге тиісті жұмыс жоспары талқыланады. Мәжіліске
қатысқандардың көпшілігі бұған қарсы шығып, ресми шешім қабылданбай қалады.
Оның есесіне хат иелерін ұлтшыл - алашордашыл деп, оларды саяси сахнадан
шеттету науқаны басталады. 1923 жылы Еңбек тәртібін бұзғаны үшін және
ұлтшылдық әрекеті үшін РК (б) П қатарынан шығарылады.
Қазақ АКСР оқу-ағарту комиссариатының арнайы өкілдігімен 1924-1925
жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылады.
Ғылыми жұмыстар мен көші-қон мәселесінің соңында жүріп, 1929-1930 жылдары
шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндігі болмайды [2; 7-б.]. Оның үстіне
осы кезеңде қазақ зиялыларын жазалау саясаты күшейіп, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов,
Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Ж.Ж.Досмұхамедов т.б. Алаш қозғалысының көсемдері
түрмеге қамалды. Тергеу ісі үш жылға созылады.
Тергеу барысында жауап берген ұлттың рухани көсемі Ахмет
Байтұрсыновтың жауабынан ғылыми тұжырым суыртпақталып шықпағанымен де,
осынау қысқа ғана айғақтан оның ойлау жүйесінің күрделі құрылымы мен ақыл
сарасы анық аңғарылады. Ол тергеушілердің барлық сұрақтары мен бопсаларын
жоққа шығарып отыр. Сол арқылы өзгені де, өзін де оқшаулатып, адамдардың
арасындағы көзқарас бірлігін қасақана ыдыратып жіберіп, оларға тағылатын
ортақ айыптан құтқаруды көздеген.
Алаш ісінің жалғасы болатындығын жән оның міндетті түрде рухани
мәселені қамтитынын білген. Сондықтанда М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов,
М.Әуезов, Ермеков, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеровтердің тұтқынға алынуынан бір жыл
бұрын оларды арашалап, екі топтың қылмыстық ісін бір-біріне
байланыстырмаудың бар шарасын қарастырған. Алқа әдеби үйірмесі мен оның
Табалдырық атты бағдарламасына ешқандай қатысы жоқ екендігін мәлімдейді.
Бірақта өзінің көзқарасын ашық айтады. Демек, Күйсек, біз күйейік,
сендер өздеріңді сақтаңдар. Елге екі сөз айта алмаймыз. Ал сендер келешек
үшін керексіңдер, деген сөзін іс жүзінде дәлелдеген. Тіпті, Мағжанның өзін
Әлихан мен Міржақыптан бөліп тастайды. Әйтпесе, жоғарыдағы жауаптың әр
сөзі Алқаның негізгі бағыттарының бірі болғандығы бағдарламадан анық
байқалады. Мұны Мағжан да түсінген. Сондықтан тергеушілерді Жалған ізге
салып, әр адамның іс-әрекетін дербестендіруге тырысқан. Әлихан Бөкейханов
пен Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатов пен Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек
Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің ұлттық рухани тұтастығын және олардың бір
бағытта, бір майданда күрескенін досы да, дұшпандары да мойындады [16; 9-
б.]. Тергеушілердің назары Мұхтар Әуезовке түсті. Соған көшейік.
Алқа әдеби үйірмесін алдыға тарта отырып, тергеуші Поповтың Мұхтар
Әуезовке қойған сұрақтарына алған жауабы мынадай:
Ал Алқа үйірмесіне байланысты айтарым мынау:
1925 жылдың басында Табалдырық әдеби тобының деклорациясы қосып
салынған Мағжан Жұмабаевтың хаты маған почта арқылы келді. Ол партияда бар
және партияда жоқ 6-7 адамнан тұратын топ жария түрде Алқа әдеби
үйірмесін құрғандығын, бұл туралы менің пікір білдіруімді, егерде бұл
үйірмені қостайтын болсам, онда соның құрамына кіруімді өтініп, тілек
білдіріпті – мен ол кезде Семейде болатынмын. Мен Табалдырықтың
деклорациясын губерниялық комитеттің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі
Тоқжігітов жолдасқа көрсеттім, бірақ та ол мұны бір айдай ұстады да,
қайтарып берді, алайда нақты ештеңені ашып айтқан жоқ.
Бұл деклорацияның мазмұнынан ұққаным: үйірме ашық жұмыс істеу керек
екен және баспасөзге араласуы керек көрінеді, өйткені, өзінің бағыт-
бағдарынан байқалып тұрғанындай,Мағжан Жұмабаевтың бұрынғы көзқарастарына
қарағанда мүлдем басқаша, мазмұны жағынан солшылдыққа жақын, бүгінгі күнге
бейімделе жасалған еді. Жұмабаев бұл бағдарлама туралы маған баспасөз
бетінде пікір білдіруімді өтініпті, бірақ та мен олай істемедім және оған
жауап хат жаздым, мазмұны толық есімде жоқ, бірақ та әдеби мектептің өмір
сүруі аса қажетті, көкейкесті мәселе, Алқаның талап-тілектерін қостаймын,
кейбір діттеген ұсақ мәселелер жазушылардың Кеңесінде талқылануы тиіс-
екендігін ескерттім.
Жұмабаев екеуміз бұдан кейін де хат жазысып тұрдық, мен оған шақыру,
қалайда кеңесу керек екендігі туралы жаздым, алайда Алқа жөніндегі мәселе
бірте-бірте өшіп тынды.
Қандайда бір астыртын ұйым туралы ештеңе естігенім де жоқ, білмеймін
де. Күдеринмен арадағы қарым-қатынасым туралы Ташкентте берген жауабымда
айтқан болатынмын.
Мұхтар Әуезов.
Қат қабат хатталған көп томдық тергеу ісінің ішінегі жауаптардың
арасынан Алқа әдеби үйірмесі жөніндегі барынша толық тоқталған жауаптың
бірі осы.Мұнда Мұхтар Әуезов өзінің көз-қарасын ашық білдіреді. Алқаны
ешқандай күдіксіз-ақ ақтап шығады. Тергеу ісі жаңа басталғандықтанда, бұл
мәселеге Голощекиннің және барлық жазалау мекемелерінің қандай астарлы мән
беріп отырғандығын аңғармаса керек.
Кейінгі тергеулердегі пікірлерінде оған барынша елеусіз етіп жауап
берген [17; 15-б.]. Әуезовтің бұл жауабы абақтының азабынан құтқара
алмады. 1930 жылы 16 қыркүйек күні Әуезов те тұтқындалады, оған ұлтшыл,
буржуазияшыл деген айыптар тағылады. Тергеу екі жылға созылып, 1932 жылы
сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім
шығарылады. 1932 жылы 10 маусым күні Социалды Қазақстан және
Казахстанская правда газетінде жарияланған Ашық хат арқылы Әуезов
өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, Қаракөз,
Еңлік-Кебек, Хан Кене, Қилы заман сияқты шығармаларынан бас тартқанын
мәлімдеуге мәжбүр болады.
Заман қыспағынан зәрезап болған Әуезов Аузы күйген үріп ішеді
дегендей, көңілі түскенде, сирек те болса сыр бөлісетін көрінеді. Алматы
абақтысындағы қиын сәттерді сырлас досына Қайым Мұхамедхановқа естелік
етіп айтыпты: Мен айтайын, сен тыңда; абақтының айбары күшті, азабы ауыр,
аз күннің ішінде дозақтың қыл көпірінен өткендей болдық. Кезекті тергеуден
келгенімде жасы үлкен жанашыр кісі оңашалап сөйлескені әлі күнге көз
алдымда.
Мұхтар, кейінгі өмірге тарихты, шындықты білетін адам керек. Мына
ажал қарамағынан құтылуымыз екіталай. Қателік жібердім, өткен ізімді
айыптаймын деп үкімет басшыларына ашық хат жаз. Біздер болсақ жер ортасына
келдік, артымыздан алдымыз жақын, енді өз тезегімізді өзіміз мыжып
кетеміз... осы бетпен кеткен адамбыз деп ақыл берді, - депті... Әлгі
айтылған ақыл сөзге тоқтаған Әуезов ашық хат жазуға отырады.
Жазушыны құтқаруға себепші болған хаттың түгел нұсқасы Жұлдыз
журналының 1988 жылғы 7 санында жарияланған.Т.Жұртбаевтің Бесігіңді
аяла деген роман-эссесінің ішінде толық келтірілген. Әуезовтің ашық
хатында жанын жазадан арашалауға септігі тиген айрықша үш мәселенің арғы
астарына үңіле кетпекшіміз.
Біріншіден: байлар мен ру басыларын конфискелеудің қажеттілігін іштей
қабылдамадым; колхоз, совхоз құрылысының тұсында істеген берік, ұлы
шараларына да басында сенімсіздікпен қарап, қарсы болдым, - дейді жазушы.
Ашық хаттағы тоқтамға кететін екінші мәселе: Шолпан журналының
бетінде ертеректе айтқан тар пікір – бұл салт-сана жолында залалды пікір
еді деген сөз.
Ашық хаттағы үшінші мәселе Алқа туралы. Алқаның бағытын
әдебиеттегі жаңа төңкерісшіл бағыт деп қабылдауым да теріс еді, - деп
жазады Әуезов.
Осынау өзін-өзі баспасөз арқылы қатты айыптау, мойындау хаты Әуезовті
1937 жылы қайтадан ұсталып, Халық жауы болудан аман сақтап қалып еді
[18; 42-б.].
1930 жылы Әуезовті абақтыға жапқан сот үкімі тек қана 1958 жылы ғана
күшін жойған. Әуезов түрмеден босатылып, Қазақ ауыл шаруашылық институтына
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып уақытша жұмысқа орналасады.
Сол айдың аяғынан бастап қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің
меңгерушісі қызметін қоса атқарады. Қыркүйек айынан бастап Қазақ
педагогикалық институтының аға оқытушысы, профессор міндетін атқарушы болып
қызмет істейді.
1943 жылы тіл, әдебиет және тарих, ғылыми-зерттеу институтының аға
ғылыми қызметкері болып қайтадан қызметке тұрады. Және сол жылдың
қыркүйегінен бастап ҚазМУ-дің Қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып
орналасып, өмірінің соңына дейін дәріс оқиды. 1953 жылы сәуір айының
соңында қамауға алыну қаупі төнгенде, Мәскеуге жасырын аттанып кетуге
мәжбүр болады. Қазақстанға қайтып келудің қауіпті екенін біліп, Мәскеу
Мемлекеттік университетінің профессоры болып орналасады. Онда 1953 -1954
жылдары СССР халықтары әдебиетінің тарихы деген арнайы курс бойынша дәріс
береді. 1957-1961 жылдар Тіл және әдепбиет институтының халық ауыз әдебиеті
бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
Жазушының өмірден өтер алдында жазған бір хатындағы төмендегі
сөздерінен осыны анық аңғарамыз.
Мен тегі өмірдің өрі-қыры, биігі мен ойпаңы, қысталаңы, шатқалаңы
дегенді көбірек көргемін... Бірақ бәрінен де ұдайы сау, сергек кеудемен,
әсіресе, өмірді таза мол сүюмен өтіп келемін. Солай топшыласам: күйгенімнен
– сүйгенім көп, түңілгенімнен де – сенгіштігім көп, жиренгеннен гөрі,
құмартқаным көп, бүгінгі өмірді шабыттана сүюім, шексіз қызыға сүюім анық
мол, - дейді Мұхтар Әуезов [19; 739-б.] .

2. Хан Кене пьесасының тарихилығы

2.1 Хан Кененің жазылуы, басылуы және сахналануы

М. Әуезов әлемдік әдебиеттің классиктерінің есімі қатар аталатын
көрнекті суреткер. Ол - қазақ әдебиетінің ірі өкілі. М. Әуезов қазақ
қауымының жүріп өткен ғасырлық жолын терең білген ғұлама ғалым. Асанбай
Асқаров өзінің Ұлы Тұранның ұлдары атты еңбегінде: Ол – жалпы адамзаттың
Әуезові, жалпы халықтың ортақ игілігі. Оны қазақ болғаны үшін емес,
қазақтың бағын көтеріп, абыройын асырған, данқын аспандатқан азамат ретінде
мақтан етуіміз керек. Сол маңдайы тайқылау халқының тарихи тұлғасын
жасағаны үшін де оның дара тұлғасы, қайталанбас дарыны алдында бас ию
парыз,- дейді [20; 23-б].
Ақыл мен ойдың, ғылымның кемеліне келген қазіргі замандағы кез – келген
мемлекеттің тарихы – сол елдің мүддесін көздейтін, өткеннің оқиғасының өзін
бүгіннің көзқарасына бейімдеп, тігісін жатқызып жазылған тарих. Бұған кез –
келген тарихи оқулықты дәйек етуге болады. Мысалы, бүгінгі Америка тарихы
Вашингтоннан басталады, бірақ ол үндістердің тарихы емес. Өзінің бодан
ұлтын бостандыққа жеткізген Джавахрлал Неру сияқты данышпандар да сананы
тұмандатқан кіріптарлықтан құтыла алмаған. Дәл осындай күйді адамзаттың
көркем ойының дамуына үлес қосқан Мұхтар Әуезов те кешкен.
М. Әуезовтің Хан кене пьесасы – тарихи және көркемдік тұрғыдан
үндескен, кейіпкерлері жүйеленген, тілдік ерекшелігі мол, қазақ халқының
салт – дәстүрін жан – жақты талдап, шынайы көрсете алуымен де бағалы көркем
туынды. Біз, ең бірінші Кенесарыға тарихи тұлға ретінде қарап, оның
тағдырына тарихи көзқарасты орнықтыруымыз қажет. Содан кейін барып оның іс
– қимыл әрекетіне пікір білдірсек лайықты. Төңкеріске дейінгі тарихшылар
Кенесарының тұлғасына отарлаушының көзімен қарады да, сол тұрғыдан оның
тағдырын баяндады.
Төңкерістен кейін Кенесары бір сәт ақ бояумен боялды да, іле оған қара
май жағылды. Кеңес империясының тарихшылары кез – келген тарих – орыс
ұлтының тарихы болуы тиіс деп талап қойды. Сол тұрғыдан Кенесарыға баға
берілді. Тіпті, талқыға Кенесарының жеке басы, тағдыры түскен жоқ,
керісінше, жанталаса тарихқа теріс тарихи көзқарасты қалыптастыру үшін
жүргізілді. Әрине, бұл науқанда Бекмаханов уақытша жеңілді. Түрменің дәмін
татты. Бірақ тарихи көзқарасты орнықтырып кетті [21; 5 – б].
Тұлғаны тұншықтыру – империялық саясаттың тұтқасына айналды. Ресей
империясы отар елдерге пушка мен қоса Пушкиндерді емес, поптарды ертіп
жіберді.оларға жерді иемдену, ұлтты басыбайлы ету жеткіліксіз көрініп,
рухани жаулауға құнықты.Тіпті Кенесары сияқты қайсар, азат, тәуелсіз
мемлекет болуды аңсаған ел иесіне патшаның атынан хат жолдап, Алла тағала
билеушіңе қарсы келме деген. Шын мұсылман болсаң – патшаға бағын - деген
мазмұнды хат жазып, азғыруға тырысуы бұл пиғылдың асзәру мүдде екендігін
танытады. Тіпті, ұлы тұлғалардың өзі шайқалып кетті. Санасы сабылып, бірін
– бірі айыптап, сеңдей соғылысты. Ресей империясын 15 жыл бойы
тітіркендірген Кенесары қаншама тағдырды талқыға түсіріп, қаншама
тұлғаларды сарсаңға салды десеңші.
Өйткені, бұл күрес – ұлттың рухани бостандыққа ұмтылған мүдделі
мақсатын көздейтін, көкейден күрсінісі кетпейтін ұлы қозғалыс еді. 1946 –
1953 жылдардың арасындағы тарих ғылымы мен Кеңестік идеологияның бастапқыда
домалақ арыз, жай арыз түрінде ұйымдастырылған, кейіннен ашық пікір
таласына түрткі болған Кенесарының іс – әрекеті ақыры жаппай жазалау
науқанына алып келді. Панкратова, Греков, Миллер, Лурье, Вяткин іспетті
ғұлама ғалымдардың табанды қарсылығына қарамастан үнемі арандату арқылы
тобырды қырағылыққа шақырып дәніккен отарлаушы, коммунистік –
колонизаторлық саясат Яковлев, Морозов, Юшков, Айдарова, Шойынбаев,
Якунин, Толыбеков, Ақынжанов, Нұрышев, Ким іспетті заманға бейімделгіш
жалтақ та жарамсақ жандардың жандайшаптығына сүйене отырып, Кенесарыға және
сол арқылы, ұлт – азаттық идеясына қарғыс таңбасын басты.
КПСС Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі Г. Ф.
Александров, орынбасары П. Н. Федосеев, Правданың бас редакторы П. Н.
Поспелев ұйымдастырған бұл науқан тура 10 жылдан кейін нәтижесін берді. Тек
осы Кенесары мәселесі жөнінде бес рет қаулы шығып. Е. Бекмахановтың ол
туралы еңбегі жеті рет Ғылым Академиясы дәрежесіндегі талқыға түсті.
Коммунистік емес, ұлы орыстық шовинистік пиғылға құрылған бұл науқанға
қарсы пікір білдірген академик А. Панкратова Орталық Комитеттің хатшысы
Ілияс Омаровқа: тарихи шыңдыққа кереғар, қалайда қазақ халқының тарихын
кемсітуге тырысушылық пиғылы тарихшылардың арасында өршіп барады. Неге
грузин патшалары мен өзбек хандары дәл осындай әрекеттері үшін прогресшіл
қайраткер деп есептелуі тиіс те, ал қазақтар Абылайды немесе Кенесары
Қасымұлын қаралауы тиісті болғанын мүлде түсінбеймін, - деп ашына жазды
[22; 61-б].
Қазақ зиялыларының басына төнген талай қатерді сейілткен Ілияс
Омаровтың өзі де топан суындай қаптаған топас ағынға қарсы тұра алмады. Дәл
жоғарыдай батыл пікір білдіріп, КПСС орталық комитетінің секретарьлары
Щербаковты, Андреевті, Маленковты иландыруға ұмтылған Панкратованың да
жүрегі шайлығып, ұстанған тарихи тұжырымның қате екендігін жазбаша
мойындауға мәжбүр болды.
Кенесары Қасымов қазақ халқының азаттық қозғалысының басшысы деп
дәріптеліп келді, шынында да мұның бәрі тарихи шындыққа және Сталин
жолдастың ұлт мәселесі жөніндегі нұсқауларына қайшы келеді. Өткен дәуірден
қалған мұраға сын көзімен қарамаудың нәтижесінде ақын Қалижан Бекхожин
Батыр Науан деген поэма жазды, бұл поэмасында Кеңесарының інісі – қарақшы
Наурызбайды халық батыры деп көрсетті.
М. Әуезов отызыншы жылдардың өзінде Хан Кене деген ұлтшылдық
пьесасында Кенесары Қасымовты және оның қозғалысын жақтады. М. Әуезовтың
1948 жыл Әдебиет және искусство журналында басылған Ақындар ағасы деген
жаңа романында да Кенесары Қасымовтың өз басын біраз дәріптегендік болды
[23; 7-б].
Енді сол Кенесарыны дәріптеген Хан Кене пьесасына оралайық 1925 жылы
М. Әуезов Қаныш Сәтбаевтан хат алады. Қойын блокноттың алты бетіне араб
әрпімен тоғызыншы наурызда жазылған бұл хатта Қ. Сәтпаев Кенесары Қасымов
туралы тарихи деректерді жазып алып, соны М. Әуезовке жолдапты.
1928 жылы "Хан Кене" атты пьеса жазып, қатерлі 1934 жылы аталмыш
шығарманы сахнаға қойған М.Әуезов батылдығын саралай отырып, жазылғанына
елу үш жыл болса да жарық көрмей, М.Әуезов мұражайы қызметкерлерінің ерлігі
арқасында 1983 жылы жиырма томдық шығармалар жинағының он төртінші томына
енгізілген
Көп уақытқа дейін театр сахнасына шығаруға жолдама берілмей, тек алты
жылдан кейін ғана Қазақсган Республикасы мемлекеттік театрының сахнасында
бірінші рет қойылған "Хан Кене" трагедиясының сахналық көрінісіне
байланысты көп ұзамай-ақ баспасөз бетінде көрермендердің пьеса туралы бір -
біріне қарама - қайшы, авторды жазғыруы басым пікірлер "Социалды
Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттері мен "Әдебиет майданы"
журналында жариялана бастады. Осы пікірлерге байланысты трагедияның сахна
төрінен орын алуына уақытша тыйым салынып, жарты ғасыр уақыт бойы мұрағат
шаңында көміліп жатты.
"Хан Кене" трагедиясы туралы қарама - қайшы пікірлердің тууы оның
объектісі мен тақырыбына, тарихи тұлғаны драматургтің қалай көрсеткеніне
тікелей байланысты. М.Әуезов "Хан Кене" трагедиясында өмірі де, өлімі де
шырғалаңға толы ірі тарихи тұлғаны терең зерттеп, бейнелеуге батыл қадам
жасады. Тұлға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Әуезовтің қазақ тілі туралы ойлары
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы
М.Әуезовтің «Хан кене» трагедиясындағы алашшыл идея
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Экскурсия түсінігі
Ғасырлар тоғысындағы Мұхтар Әуезовтың рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Әуезов және Абай
Пәндер