Акция және акционерлік қоғам



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... . 4
1.1 Акция және акционерлік қоғамның мәні, мағынасы ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Акционерлік қоғам:мәні және тарихи қалыптасуы ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3 Акционерлік қоғам . акция шығарушы заңды тұлға ретінде ... ... .. 10
1.4 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13

2 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ... ... 18
2.1 Акционерлік қоғамның түрлері және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.2 Акцияның экономикалық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Өз кезегінде қаржы саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы маңызды рөл атқарады, себебі олар жалпы қаржылардың негізгі бөлігін құрайды және нарықтық эконоамиканың қызмет етуінің негізі болып табылады. Яғни, бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды.,
1. ҚР Президентінің халыққа жолдауы. 17 қаңтар 2014 ж. Қазақстан жолы – 2050; бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ.[1, 19 бет]
2. Сергеев А.П. «Патантное право» М. 2000 г. [2, 45 бет]
3. ҚР Азаматтық Кодексі (ерекше бөлімі) Алматы 01.08.1999 ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2012 ж. 24 желтоқсанда ҚР заңымн еңгізілді). [3, 105 бет]
4. С. А. Ынтымаков. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім, Практикум. Алматы 2014 ж. [4, 15 бет]
5. Ғ. А. Жайлин. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: I, II том Оқулық. Алматы 1999 ж.[5, 96 бет]
6. «Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 ж., 24 маусым // «Юрист» базасы. № 330.[6, 120 бет]
7. Г. И. Төлеуғалиев Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: І том Оқулық. Алматы 1999 ж.[7, 86 бет]
8. Хамзин У. М. Азаматтық құқық. Шарттың түрлері. Қарағанды 2006ж. [8, 72 бет]
9. Пономарева В. П. Права интеллектуальной собственности. Учебно-практический пособие, КЭУК. 2008 г.[9, 65 бет]
10. Суханов Е. А. учебник Гражданское право в 2-х томах М. Бек 1993г. [10, 103 бет]
11. Қорабаев Д.А. Мұрагерлік құқықтық қатынастар // Предприниматель и право. 2009 ж., № 21-22. [11, 43 бет]
12. Закиров А. Мұрагерлік мәселенің алдың алу // Заң – Заман. 2009, №10. [12, 19 бет]
13. Н. Нұрғалиева Лизинг- мүлікті келісім шарттың ең басты түрі. Юридическая газета 20.01.2008 ж.[13, 70 бет]
14. Батырбаев Н.М. Қазақстан Республикасының азаматтық құқықғы Түркістан, 2008 ж. [14, 23 бет]
15. Умбетова К.Е. Оқу құралы. Қазақстан Респулбикасының сақтандыру құқығы. Қарағанды 2009 ж. [15, 13 бет]

Нормативтік құқықтық актілер:

1. ҚР конституциясы 30 тамыз 1995 жыл ( 21 мамыр 2007 ж өзгертулер мен толықтырулар) . –Алматы.2007
2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР 1998 ж 2 шілдедегі № 267 заңы
3. «ҚР Ұлттық қауіпсізлік органдары туралы» ҚР 1995 ж 25 желтоқсандағы № 20707 Заңы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3

1
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... .
4
1.1
Акция және акционерлік қоғамның мәні, мағынасы ... ... ... ... ... ...
4
1.2
Акционерлік қоғам:мәні және тарихи қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . .
9
1.3
Акционерлік қоғам - акция шығарушы заңды тұлға ретінде ... ... ..
10
1.4
Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

13

2
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ ... ...
18
2.1
Акционерлік қоғамның түрлері және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ..
18
2.2
Акцияның экономикалық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
32

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
33

КІРІСПЕ

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Өз кезегінде қаржы саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы маңызды рөл атқарады, себебі олар жалпы қаржылардың негізгі бөлігін құрайды және нарықтық эконоамиканың қызмет етуінің негізі болып табылады. Яғни, бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды., материалдық немесе материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізі бөлігі қатынасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.
Бүгінде шаруашылқ субъектілерінің арасында акционерлік қоғамдардың орнын ерекше атап өтсек болады. Өйткені олардың экономикада басты үлеті алып отыр және олар аталған қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануда негізгі ұйымдық кәсіпоырндар болып табылады.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады, ал осы жалған капиталмен нақты өз қызметтерін жүзеге асыратын нарықтық экономикада акционеролік қоғамдар болып табылады.
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ

1.1 Акция және акционерлік қоғамның мәні, мағынасы

Акционерлік қоғам дегеніміз - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
Қоғамды құру. Қоғамның құрылтайшылары:
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді. [1, 19 бет]
Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
2) құрылтай шартын жасайды;
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;
4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
4-2) Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
6) қоғамның тіркеушісін таңдайды;
7) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;
8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
9) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
10) қоғамның жарғысын бекітеді.
Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
Қоғамның жарғысы. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар не оның өкiлдерi қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.
Қоғамның жарғысында мыналар:
1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;
5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;
6) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;
7) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi
8) қоғам коммерциялық емес ұйым болған жағдайда: қоғамның коммерциялық емес ұйым екендігін көрсету, дауыс беру рәсімі, дивидендтерді төлемеу туралы ережелер мен Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар;
9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;
10) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес өзге де ережелер болуға тиіс. [2, 45 бет]
Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы. Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.
Қоғамның жарғылық капиталы. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) -- акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз. Акция айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарылады. Онда көрсетілген сома акцияның нақты бағасы болып табылады. Ал акция сатылатын және сатып алынатын құнды қағаз болғандықтан оның сатылу бағасы сатылу курсымен анықталады. Мысалы: акцияда 100 теңге деп көрсетілсе, бұл оның нақты бағасы, ал төленетін дивиденд пен несие капиталы процентінің деңгейіне байланысты ол 110-115 теңгеден сатылуы мүмкін. Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу тәсіліне қарай олар атаулы және ұсынбалы дейтін екі түрге бөлінеді. Атаулы акциялардың иелері міндетті түрде корпорация реестірінде тіркелуге тиісті. Ұсынбалы акциялардыкорпорация тіркемейді. Корпорацияны басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар жай және пайдалы болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға құқық береді. Пайдалы акциялар басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты түрде белгіленген дивиденд түсіреді және пайданы бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болады.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері осы заң актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда, оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнынын шегінде, қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі болады, өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Кез келген заңдық немесе әлеуметтік маңызы бар әрекет; әлде бір мақсатқа (мысалы, саяси акция; дипломатиялық акция) қол жеткізу үшін қолданылатын іс-қимыл.
Акционерлік қоғам капиталында оның иесінің үлестік қатысуы туралы куәлік ететін акционерлік қоғам шығаратын және қоғамның істерін басқаруға қатысуға, оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алуға және сонымен қатар, ол таратылғаннан соң қалған мүліктің тиісті бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаздың бір түрі.
Акционерлік қоғам -- капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады. Акционерлік қоғамда басқарудың ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Ол әдетте жылына бір рет өтеді, ал күнделікті істерге атқарушы орган -- басқарма басшылық етеді. Мұның сыртында бақылаушы орган -- тексеру комиссиясы сайланады. Акционерлік қоғамның тапқан пайдасы салықтар төлеуге, өндірісті кеңейтуге, резервтерді толықтыруға, жарғылық капиталды өсіруге және дивидендтер төлеуге жұмсалады. [3, 105 бет]
ҚазақстанРеспубликасында 1991 жылғы 21 маусымда "Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы" Заң қабылданғаннан кейін Акционерлік қоғамдар құрыла бастады. 1998 жылы олардың саны 3 мыңнан асты.Акционерлік қоғамға қатысушылардың әрқайсысы өзі қосқан капиталдың сомасына сәйкес көлемдегі акцияларға ие болады және тиісті мөлшерде табыс -- дивиденд немесе белгіленген пайыз алады.
Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайда болады:
- меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
- бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
- жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтар айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.

1.2 Акционерлік қоғам:мәні және тарихи қалыптасуы

Қазіргі өндіріс ауқымының өсуімен және оның техникалық базасының күрделенуімен негізгі капитал ұлғаяды. Ең ірі деген жеке капиталдың өзі бұл жағдайда алып металлургиялық және машина құрылысы кәсіпорынын, жол, порт, канал және т.б салуға жеткіліксіз. Осыдан барып бірнеше жеке капиталдардың ірі капиталға объективті бірігуі қажеттілігі туындайды, сөйтіп акционерлік қоғам құрылады.
Бірінші акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде ХІ ғасырда пайда болды. Олардың жаппай құрылуы ХІХ ғасырдың ІІІ жартысына келеді, ол ҒТР-ның шарықтауымен байланыстырылды: электр жарығының ашылуы, іштен шығатын электр двигательдерінің пайда болуы, металл балқыту жаңа технологиясы және т.б. Металлургиялық өнеркәсіптің, автомобиль және авиақұрылыстары қарқынды дами бастады. Зауыттар салу көптеген қаржыны талап етті. Бірде бір жағдайы осы салаларда өз меншігіндегі кәсіпорынды ұйымдастыра алмады. Тек акционерлік негізде ғана құрыла алды.
Акционерлік нысан ғана ірі және ірі өндірісті құрудың негізі болып табылды және қазіргі нарықтық шаруашылықта шешуші роль атқарады.
Мысалы, АҚШ-та 80-жылдары орта есеппен 32 млн корпорация болды және олардың үлесіне осы жылдары өндірілген барлық өнімнің 90% тиді.
Акционерлік қоғамды ұйымдастыру үшін оның құрылтайшылары банкке белгілі ақша сомасын салады. Қоғамның капиталы құрылтайшылардың акция шығару жолымен құрылады және оның барлық қоғам типтеріне байланысты алғысы келетіндерге сатады.
ҚР Азаматтық кодексінің 85-бабына сай акционерлік қоғамды бір ғана тұлға құруы мүмкін немесе бір акционердің барлық акциясы иеленген жағдайында тек бір тұлғадан тұрады.
Акционерлік қоғам (бұдан әрі-қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция-үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына) қарай акционердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылғанан кейін оның қалған мүліктерінің бір бөлігіне құқықтарын куәландырады. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді. [4, 15 бет]
Экономикасы дамыған елдерде акционерлік қоғамдар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, ашық акционерлік қоғам немесе жабық акционерлік қоғам деген сөздер немесе тиісінше ААҚ және ЖАҚ аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

1.3 Акционерлік қоғам - акция шығарушы заңды тұлға ретінде

Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:
Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
Серiктестiк немесе партнерлiк;
Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi - капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi.
Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi - акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.
Акционерлік қоғам деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция - үлесті немесе меншікті куәләндыратын бағалы қағаз, акция акционерлік қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына қарай акционерлердің дивидендтер алуға, қоғамды басқаруғақатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат.
Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акцонер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде акционерлік қоғамдар корпорациялар деп аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ үлгісіне қарай, ашық акционерлік қоғам немесе жабық акционерлік қоғам деген сөздер немесе тиісінше ААҚ және ЖАҚ аббревиатурасы болуға тиіс.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларды жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері салатын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсыныуға міндетті. Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Қоғам және оның акционерлері сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және оның қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқылы.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы Заңында бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден асатын ашық акционерлік қоғам ашық халықтық қоғам болып табылады делінген. [5, 96 бет]
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептелінеді. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәселелер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда ол туралы шешімді сол тұлға жеке дара қабылдайды.
Қоғамды құрушылар құрылтайшысы пайдасы түрінде табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы - қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда жалған капитал және нақты капиталдар айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді.
Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін - айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін - 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары көрсетіледі. [6, 120 бет]
Акционерлік қоғам заңды тұлға. Оның органдары:
Акционерлердің жалпы жиналысы;
Директорлар кеңесі;
Алқалы орган немесе басқарма;
Тексеру комиссиясы.
Қоғамның жоғары басқару органы - акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы. Ол қаржы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрамай ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғамды басқару қызметі акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықща құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айсақ олар:
Қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату;
Қоғамның басқару органдарын сайлау.
Қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
Оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;
Қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, ың облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа мәмілелер.
Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда оның жалпы жиналысының құқрамы 3 адамнан төмен болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың құрамын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті.
Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны . Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқандауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акцонерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.

1.4 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары

Жалпы түрде акционерлік қоғам қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Акционерлік қоғам қаржысы - бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен және экономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты.
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда қолданылады. Бұған акционерлік қоғамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады: олар ашық немесе жабық үлгіде, толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар каегорияларының (кәсіпоырнның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған) әр алуандығына әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Ашық акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.
Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша дивидендтер төлеуге құқығы жоқ:
қоғамның жағымсыз меншікті капитал кезінде;
егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарында жауап берсе.
Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде, облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін - акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде неғұрлым тиімді кәсіпоырндардың немесе салалардың қаражататрын қалыптастыруға қатысуға араластырады, қаржы ресурстарының қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылуына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшылығы - сондай-ақ бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі болып табылады.
Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәләндыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің , кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Жалпы акция шығару келесі жағдайларға байланысты жүргізіледі:
Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капитаоын қалыптастырғанда ;
Меншікті акцияларындағы , яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.
Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдаланылады. [7, 86 бет]
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция - компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алу құқы. Акция бірнеше түрге жіктеледі: (1 сурет)
Акция

Басқаруға қатынасу құқығы бойынша
Басқаға беру тәсілі бойынша

Артықшылықты
Жай
Ұсынушы
Атаулы

Сурет-1 - Акцияның жіктелуі
Бір жағынан бір акционерлерден басқа біреуге беру бөлінсе, екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатысу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те атайды.
Мұндағы атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуге тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептелінеді.
Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапты акциялардың жалпы саны ғана көрсетіледі.
Акционерлік қоғамның немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады. Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылқты асқару жүйесiнiң маңызды экономикалық құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан және ұтымды ұйымдастырылған қаржыларынсыз мүмкiн емес.
Корпорациялық қаржы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Корпорацияның бөлгiштiк функциясының ерекшелiгi қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесiнде өндiрiлген өнiмнiң құны белгiленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелерi, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшiн пайыз) негiзiнде бөлiнетiндiгiнде болып отыр, мұның өзi қаржының ұдайы өндiрiс процесiнде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негiздеп бөлу қаржының ұдайы өндiрiстiк қосалқы функциясын да iске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндiру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсiпорындардың өнiм өткiзуден түсiм-ақша алуы және оны өндiрiстiң жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға ұмтылады.
Акционерлік қоғамның қаржысы сонымен бiрге бөлгiштiк функция шеңберiнде ұдайы өндiрiстiк функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндiрiс кезiнде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесiнде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшiн кәсiпорындар өнiм өндiру мен оны өткiзудiң жоспарары, болжамдары мен ниеттерi негiзiнде уақыттың белгiлi бiр мерзiмiне кiрiстер мен шығыстардың көлемiн жасайтын,и шығыстардың шамаланған меншiктi қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерiнiң уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелерi есебiнен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен жабылатынын анықтайды.
Акционерлік қоғамның қаржысының бақылау функциясы кәсiпорын экономикасында маңызды рөл атқарад: есепсiз және бақылаусыз шаруашылық жүргiзуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бiрге экономиканы басқару, өндiрiстiң өсуiн ынталандыру және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажеттi бақылауды қамтамасыз ету процесiнде маңызды рөл атқарады. Қаржыармен бақылау тек қана корпорацияларда ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың жоғарғы қаржы-несие ұйымдарымен жүзеге асырылады. Корпорациялардың экономикалық қызметiнiң сферасындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерi таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндiрiстiк капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысты.
Акционерлік қоғамның қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды:
Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен (олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т.б.);
Өзiнiң еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры, қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
Өз iшiндегi бөлiмдермен олардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
Мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде , мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;
Банктермен (қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру);
Сақтаныру органдарымен мүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде;
Акционерлік қоғамның қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:
Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;
Коропрациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiң айқындаушы негiзi болып табылады. [8, 72 бет]
Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік құқықтары мен міндеттері
Акционерлік қоғам туралы
Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
Қазақстандағы акция нарығының жағдайы
Акционерлік қоғам түсінігі және экономикада алатын рөлі
Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайлары
Акция түсінігі мен экономикалық мәні
Акционерлік қоғамды басқару туралы
Акционерлік қоғамның акциялары
Пәндер