Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдайы



Қазақстан Республикасында нарықтық экономика дамуының басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы мал шаруашылығы болып табылады. Республиканың Оңтүстік-Батыс аймағын алып жатқан орасан зор жер көлемінде мал шаруашылығының барлық салалары дамыған. Оның ішінде қаракөл қойы өсірілетін аймағы еліміздің 40 млн. гектардан аса шөл және шөлейт жайылымдықтарын құрайтын, табиғи ауа райы жағдайларына байланысты тек қана қаракөл мен атырау тұқымды қойларды және түйе малын өсіруге жарамды ауыл шаруашылығы жерлері болып табылады.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауылшаруашылық өндірісінің тиімді саласының бірі мал шаруашылығының негізі болып саналатын дүние жүзінде теңдесі жоқ, жоғары сапалы түрлі түсті елтірі өнімін, ет және қылшық жүн беретін бірден-бір елтірі қой тұқымы қаракөл қойы.
Қазіргі кезде қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін талдау қой еті мен қаракөл елтірісін өндіру шаруашылықтар үшін тиімді екенін көрсетіп отыр.
Бұрынғы ірілендірілген бордақылау кешендерінде малды етке қарқынды даярлау технологиясы жойылып, әртүрлі қожалықтар өзінше ізденіс жасап жатқан уақытта, қолда бар еркек тоқтыларды онша көп шығынсыз жайылым жағдайында семіртіп, етке өткізу – осы саламен айналысып жүрген қожалықтар үшін өте қажетті де, экономикалық тиімді жұмыс екені даусыз.
Қазақстанның кең байтақ табиғи жайылымдарында қойларды жайып семірту барынша кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл малдарды семіртуге өте арзанға түсуімен қатар, өндірілетін экологиялық таза еттің сапасын арттырып, алынатын өнімнің мол болуына оң әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта мамандандырылған мал бордақылау кешендері мен алаңдар жойылып, мал басының көпшілігі жеке шаруа қожалықтарында жинақталуына байланысты еркек тоқтыларды етке дайындаудың қолайлы да тиімді жолын табу – қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Қаракөл шикізатын молайтудың ең тиімді жолының бірі қаракөлше елтірісін өндіру. Ол өте көрікті және салмағы жеңіл, жібекті, бедеріннің

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өнімдерінің нарықтық жағдайы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика дамуының басым бағыттарының
бірі ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы мал шаруашылығы болып табылады.
Республиканың Оңтүстік-Батыс аймағын алып жатқан орасан зор жер көлемінде
мал шаруашылығының барлық салалары дамыған. Оның ішінде қаракөл қойы
өсірілетін аймағы еліміздің 40 млн. гектардан аса шөл және шөлейт
жайылымдықтарын құрайтын, табиғи ауа райы жағдайларына байланысты тек қана
қаракөл мен атырау тұқымды қойларды және түйе малын өсіруге жарамды ауыл
шаруашылығы жерлері болып табылады.
Шөл және шөлейт аймақтарда ауылшаруашылық өндірісінің тиімді саласының
бірі мал шаруашылығының негізі болып саналатын дүние жүзінде теңдесі жоқ,
жоғары сапалы түрлі түсті елтірі өнімін, ет және қылшық жүн беретін бірден-
бір елтірі қой тұқымы қаракөл қойы.
Қазіргі кезде қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін талдау
қой еті мен қаракөл елтірісін өндіру шаруашылықтар үшін тиімді екенін
көрсетіп отыр.
Бұрынғы ірілендірілген бордақылау кешендерінде малды етке қарқынды
даярлау технологиясы жойылып, әртүрлі қожалықтар өзінше ізденіс жасап
жатқан уақытта, қолда бар еркек тоқтыларды онша көп шығынсыз жайылым
жағдайында семіртіп, етке өткізу – осы саламен айналысып жүрген қожалықтар
үшін өте қажетті де, экономикалық тиімді жұмыс екені даусыз.
Қазақстанның кең байтақ табиғи жайылымдарында қойларды жайып семірту
барынша кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл малдарды семіртуге өте арзанға
түсуімен қатар, өндірілетін экологиялық таза еттің сапасын арттырып,
алынатын өнімнің мол болуына оң әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта мамандандырылған мал бордақылау кешендері мен алаңдар
жойылып, мал басының көпшілігі жеке шаруа қожалықтарында жинақталуына
байланысты еркек тоқтыларды етке дайындаудың қолайлы да тиімді жолын табу –
қаракөл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзекті мәселелерінің бірі болып
табылады.
Қаракөл шикізатын молайтудың ең тиімді жолының бірі қаракөлше елтірісін
өндіру. Ол өте көрікті және салмағы жеңіл, жібекті, бедеріннің суреті
анық, жоғары тауарлы қасиетімен ұтымды. Бағалылығы оның жеңілдігіне,
көрнектілігіне және бұйраларының ғажайып суреттілігіне байланысты,
сондықтан ішкі және сыртқы сауда орындарында жоғары сұранысқа ие.
Кейінгі жылдары елдегі экономикалық өзгерістерге байланысты қаракөлше
өндірісі күрт төмендеді және қаракөл шаруашылығында кәрі саулықтардан
алынатын қаракөлше және қой етін өнеркәсіптік жолмен алу тоқтатылды. Оның
басты себебі жаңадан құрылған майда шаруашылық түрлерінің мүмкіндігі
болмауы, жалпы мал басының азаюы, оның ішінде қаракөл қойы тұқымының көп
жерлерде төмендеп кетуі мен малды азықпен қамтамасыз ету және бағып-күту
жағдайының төмендеуі.
Қазіргі кездегі қалыптасқан жағдайға байланысты бұрыннан жиналған
тәжірибелерді, ғылыми ізденістерді қорытындылап, саулықтарды күтіп бағудың
қаракөл қой шаруашылығы өнімдерін өндіру және алынған елтірі, қой
терілерін өңдеудің тиімді технологиясын жасаудың жалпы ел экономикасы мен
қаракөл шаруашылығын өрендетудің басты да маңызды мәселелерінің біріне
айналды.
Қаракөлше елтірісін өндіруде жайылым жағдайында түрі мен түсі әртүрлі
қаракөл саулықтарын азықтандырудың тиімді технологиясын жасаудың маңызы
ерекше және өндірістік маңыздылығы үлкен жұмыстардың бірі болып табылады.
Қаракөл шаруашылығы жағдайында буаз саулықтарды толыққұнды азықтандыру
үшін мал азығы протеинінің мөлшерін анықтап, сапасын арттыру қажеттілігі
жеткілікті дәрежеде дәлелденген.
Сондықтан кейбір зерттеушілердің (Градусов Ю.Н., 1958; Модянов А.В.,
1960; Модянов А.В., Девяткин А.И., 1960) жұмыстарында келтірілгені болмаса
бұл жұмыс буаз қаракөл саулықтарда айтарлықтай зерттелмеген, ал азық
протеинінің орнына қолдануға болатын синтетикалық азотты зат – карбамид
пайдалану мөлшерлерін анықтап, қаракөл қой шаруашылығы өндірісіне енгізудің
маңызы зор.
Қаракөл шаруашылығындағы тағы бір толық зерттеуді қажет ететін бағыт –
алынған қаракөл елтірісі мен қой терісін сапалы алғашқы өңдеудің тиімді
технологиясын жасау және жетілдіру. Бұрыннан қалыптасқан қаракөл өңдеу
зауыттары тоқтап, елтірілерді алғашқы өңдеу іс жүзінде жекелеген өнім
өндірушілердің еншісінде қалғандықтан, қымбат бағаланатын консерванттардың
орнына пайдалануға болатын өсімдік тектес түрлерін тауып, олардың өнім
сапасына тигізетін әсерін анықтап, өндіріске енгізу осы бағыттағы
жұмыстардың маңыздыларғының бірі болып саналады. Оның үстіне Қазақстанда
елтірілік және тондық терілерді алғашқы өңдеу мен бояу процестерінде
айтылған препарат түрлері бұрын-соңды пайдаланылмағанын ескерсек бұл
жұмыстың маңыздылығы арта түспек.
Осы мәселелерге байланысты қаракөл шаруашылығы өнімдерінің өнімін
молайту және олардың сапасын арттыруға бағытталған жаңа тиімді
технологиялар жасау қажеттілігі туындады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының және Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік
орталығы РМК 21.03.27 Қаракөл елтірісін алғашқы және өндірістік өңдеудің
тиімділігі жоғары технологиясын жасау (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0196 РК
00722), 02.01 Әр түрлі қаракөлше өндіретін, тірілей салмағы 50 кг тартатын
кәрі қойларды бордақылаудың технологиялық процестерін жетілдіру,
(Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0196 РК 00719), 08.04.08 Разработать
высокоффективную технологию первичной и промышленной обработки каракуля
(Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0198 РК 00137), 08.10.10 Разработать
технологию переработки каракулевого, мехового и овчинного сырья в меховой
полуфабрикат в условиях сельской индустрии (Мемлекеттік тіркеу нөмірі
0198 РК 00144), 03.02.04.04.Н Қаракөл елтірісін, қой терісін, жүнін және
түйе терісін ұқсату мен сақтаудың тиімді технологиясын жасау (Мемлекеттік
тіркеу нөмірі 0101 РК 00426), 06.02.03.01 Елтірілі қой тұқымдары өнімдерін
өңдеудің тиімді технологиясын жасау (Мемлекеттік тіркеу нөмірі 0106 РК
01123) тақырыптарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығының басқарудың мәні
Ұлттық экономиканың негізгі өзегі болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенді қолдаудағы мемлекеттік аграрлық саясатының маңыздылығы
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Ауыл шаруашылығының мәселесі қазіргі кездегі өзекті мәселе
Экономикада бәсекеге қабілеттілікті артырудың және бағаны ырықтандырудың бағыттарын талдау
Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы
Экономикадағы интеграциялық процестер
Азық - түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын ашу
Қазақстан Республикасьіндағы ауыл шаруашылығы-ның қазіргі жағдайы
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Пәндер