Қаржылық институттардың қызметін реттеу



Кіріспе


3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАР ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

5
1.1 Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мақсаттары мен міндеттері
5
1.2 Қаржылық институттардың қызметін реттеу ерекшеліктері 8
1.3 Шетел тәжірибелерінде қаржылық инситуттар қызметін реттеу ережелері
10

2
ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ РОЛІ

15
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы ұйымдары қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібі
15
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеушілік қызметінің жағдайын талдау 18
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы институттарының қызметін реттеудегі орта мерзімдегі саясаты
22

3
ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ РӘСІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

29

ҚОРЫТЫНДЫ
38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39
Еліміз тәуеліздік алғаннан бері Қазақстанның ұзақ мерзімді перспективадағы әлеуметтік – экономикалық дамуы қаржылық қамтамасыз етуден және оны жүзеге асыру механизімінен тәуелді тиімді ұлттық экономиканы құру стратегиясын анықтайды. Қазақстанда қаржы институттарының қызметін мемлекеттік реттеудің барлық қадағалау және реттеу функцияларын мамандандырылған бір органның аясына біріктіруді көздейтін жаңа жүйе құрыла бастады. Осы жүйені құру шеңберінде кшенді реттеудің және қадағалаудың үйлестірілуі мен тиімділігінің, ақпараттылығының, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету қажет. Қаржы секторын толыққанды реттеу үшін оны құрған кезде ықпал ету, Ұлттық банкпен және басқа мемлекеттік органдармен ақапарт алмасу рәсімдері мен өзара іс-қимыл сызбаларын айқындау қажет.
Қазақстанда бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетуге қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы институттарының көп деңгейлі жүйесі қалыптасты.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сол себепті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің біріне жатады.
Қаржы ұйымдарының қызметiн реттеуде уәкiлеттi орган болып Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібін зерттеу, реттеушілік қызметін талдау, және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның қаржылық институттардың қызметін реттеудегі орнын зерттеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:
- Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мақсаттары мен міндеттері;
- Қаржылық институттардың қызметін реттеу ерекшеліктері;
1. Жалпы ережелер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» 2011 жыл
2. Қ.Р. Нұрғалиев Қазақстан экономикасы: Оқу құралы-Алматы: Қазақ университеті, 2011жыл 184 б.
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы
4. А.Т. Абдрахманова Особенности финансового рынка Республики Казахстан Аль Пари, 2012. - № 1-2. – С. 123-125
5. Р.С. Ансабаева Шет мемлекеттерінің қаржылары: Оқулық-Алматы, 2011 жыл 39 б.
6. Ұ.М. Искакова,Д.Т. Бохаев, Э.А. Рузиева «Қаржы нарығы және делдалдары» Алматы, 2011 жыл 19-21 б.
7. О. Баймұратов «Қазақстан қаржы нарығы» Изд-во «Экономика» 2010 жыл, 78 б.
8. С. Құлпыбаев, В.Д. Мельников, Қаржы негіздері: Алматы: LEM. 2010 жыл, 295-298 б.
9. http://www.nationalbank.kz/
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2013-2015 жылғы жылдық есебі, 39-52 б.
11. С.Б. Мақыш Ақша,несие,банктер теориясы: Оқулық-Алматы: Жеті жарғы , 2011 ж. - 552 б.
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 тамыз № 954 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы»
13. М.Т. Жоламанова Ақша. Несие. БанкАлматы, 2011 жыл, 353 б.
14. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №923 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы»
15. Б.Н. Исабеков «Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты және негізгі бағыты» 2010 жыл, 64-69 б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

3
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАР ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

5
1.1
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мақсаттары мен міндеттері

5
1.2
Қаржылық институттардың қызметін реттеу ерекшеліктері
8
1.3
Шетел тәжірибелерінде қаржылық инситуттар қызметін реттеу ережелері

10

2

ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ РОЛІ

15
2.1
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы ұйымдары қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібі

15
2.2
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеушілік қызметінің жағдайын талдау
18
2.3
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы институттарының қызметін реттеудегі орта мерзімдегі саясаты

22

3

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ РӘСІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

29

ҚОРЫТЫНДЫ

38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
39

КІРІСПЕ

Еліміз тәуеліздік алғаннан бері Қазақстанның ұзақ мерзімді перспективадағы әлеуметтік - экономикалық дамуы қаржылық қамтамасыз етуден және оны жүзеге асыру механизімінен тәуелді тиімді ұлттық экономиканы құру стратегиясын анықтайды. Қазақстанда қаржы институттарының қызметін мемлекеттік реттеудің барлық қадағалау және реттеу функцияларын мамандандырылған бір органның аясына біріктіруді көздейтін жаңа жүйе құрыла бастады. Осы жүйені құру шеңберінде кшенді реттеудің және қадағалаудың үйлестірілуі мен тиімділігінің, ақпараттылығының, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз ету қажет. Қаржы секторын толыққанды реттеу үшін оны құрған кезде ықпал ету, Ұлттық банкпен және басқа мемлекеттік органдармен ақапарт алмасу рәсімдері мен өзара іс-қимыл сызбаларын айқындау қажет.
Қазақстанда бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетуге қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы институттарының көп деңгейлі жүйесі қалыптасты.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сол себепті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің біріне жатады.
Қаржы ұйымдарының қызметiн реттеуде уәкiлеттi орган болып Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібін зерттеу, реттеушілік қызметін талдау, және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оның қаржылық институттардың қызметін реттеудегі орнын зерттеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделген:
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мақсаттары мен міндеттері;
Қаржылық институттардың қызметін реттеу ерекшеліктері;
Шетел тәжірибелерінде қаржылық инситуттар қызметін реттеу ережелері
Қаржылық институттардың қызметін мемлекеттік реттеу мен қадағалау тәртібі. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы ұйымдары қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің реттеушілік қызметінің жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаржы институттарының қызметін реттеудегі орта мерзімдегі саясаты
Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру перспективалары.
Жұмысты орындау барысында ақпараттық негіз ретінде отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сайтынан статистикалық көрсеткіштері қолданылды.
Жобалық жұмыс кіріспе, тақырыпты теориялық аналитикалық тұрғыдан ашатын бөлімдер және қорытындыны қамтыған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАР ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мақсаттары мен міндеттері

Қазақстанда бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетуге қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы институттарының көп деңгейлі жүйесі қалыптасты.
Қазіргі уақытта неғұрлым толық, жан-жақты және тиімді реттеу қажеттілігін түсіну өсіп отыр. Тұтастай алғанда, экономика үшін тәуекелдер туғызатын қызметтің барлық түрін қоса алғанда реттеу саласын және периметрін кеңейту, тәуекелдің реттеу периметрі шегінен тыс шоғырлануын болдырмау мүмкіндігін зерттеу болжанып отыр. Бұл ретте реттеу ұйымдарға емес, қызметтің түрлеріне бағдарлануы тиіс.
Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін реформалау мақсатында 2004 жылдан бастап қаржы нарығын қадағалау мен реттеу функциялары бөлек құрылған ведомство - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне өтті. Ұлттық Банкке негізгі мақсат - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету заңнамалық тұрғыдан бекітіліп берілді.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына негiзделедi және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады [1].
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары:
1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары:
1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері:
1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
2) қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;
3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады [2].
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сол себепті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды реттеу, бақылау және қадағалау Ұлттық банктің негізгі міндеттерінің біріне жатады.
Қаржы ұйымдарының қызметiн реттеуде уәкiлеттi орган болып Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі табылады.

Сурет 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мiндеттерi

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы ұйымдарының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келісімдердi беру тәртібін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келісім бередi не келісім беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келісімдi берудiң не беруден бас тартудың тәртібін айқындайды; 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді)
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу тәртібін белгiлейдi, аталған лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады;
4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
6) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді;2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін белгілейді;
8) қаржылық ұйымдар, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi;
10) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді;
11) қаржылық ұйымдарға, қаржылық ұйымдардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарының қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын және санкцияларды, оның ішінде тәуекелді азайту мақсатында қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолданады;
12) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады;
13) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
14) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
15) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды [3].
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қаржы мониторингіне жататын ақшамен немесе өзге де мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және ұсыну бөлігінде қаржы ұйымдарының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыруын бақылауды жүзеге асырады.
Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында банктерде, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілінің болуына құқылы.2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес.
Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді. Уәкілетті орган банктегі, инвестициялық портфельді басқарушыдағы, сақтандыру ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

1.2 Қаржылық институттардың қызметін реттеу ерекшеліктері

Әлемдік тәжірибиеде қоғамдық дамудың таңдаған жолына байланысты қаржы нарығын реттеудің әр түрлі үлгілерін ерекшелеуге болады. Саудаға қатысушылардың қызметін реттейтін өкілетті органдар: эмитенттер, инвесторлар,кәсіби қор делдалары, нарық инфрақұрылымының ұйымдары. Осы процесс мемлекетпен қабылданған әлеуметтіксаяси бекітулерді шешуге бағытталған.
Қаржы нарығын реттеу деп - қатысушылардың қызмет көрсету процесінде пайда болатын қатынастар реттеу, сондай-ақ олармен осы қызметтерге өкілетті ұйымдар тарапынан операцияларды жүргізу олардың барлық қатысушыларын, қызметтерінің барлық түрін қамтитын қатынастарды айтамыз.
Қаржы нарығын реттеу бірқатар бағыттар бойынша қаржы нарығының әрбір кәсіби қатысушысының міндеттері мен құқықтарын анықтайтын заңдар мен басқа да нормативтік актілердің орындалуын талап ету мақсатында жүргізіледі.
Экономикасы дамыған шетелдік мемлекеттердің тәжірибиесі көрсеткендей, мемлекет мынадай негізгі функцияларды атқару қажет:
- Қаржы нарығын дамыту тұжырымдамасын және оны жүзеге асыру;
- Қаржы нарығын дамыту үшін заң актілерін жасау және жетілдіру;
- Нарықтың қызмет ету нрмаларын жасау және оларды жаңартып отыру;
- Инвестициялық институттардың қаржылық жағдайын бақылау;
Реттеу процесі алғашқы және қайталмалы нарықтарда жүргізіледі. Алғашқы нарықта мемлекеттік реттеудің міндеті айналымға қаржылық құралдарды шығарғанда және оларды тіркегенде біркелкі талаптарды қолдау. Қайталмалы нарықта мамандандыру туралы куәліктер, сонымен қатар қаржы нарығында қызметті жүргізуге құқық беретін лецензия беріледі және нарықтың кәсіби қатысушыларының аттестациясы жүргізіледі.
Қаржы нарығын реттеудің мақсаттары:
қаржы нарығының барлық қатысушыларының жұмыстары үшін тәртіпті ұсыну және оларға жағдай жасау;
қатысушыларды әділетсіз және алаяқ жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан қорғану;
сұраныс және ұсыныс негізінде қаржылық құралдарға еркін және ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;
кәсіпкерлік үшін ынтасы бар және тәуекелге тиісті сыйақыберетін тиімді қаржы нарығын құру;
қоғамдық мақсаттарға жету үшін нарыққа әсер ету;
жаңа нарықтарды ұйымдастыру, олардың құрылымын, бастауларын қолдау.

Қаржы нарығын реттеу тәсілдері

Реттеу әдістеріне байланысты
Мақсаттар және тәсілдер көзқарасы бойынша
Реттеу қай тарап арқылы жүргізілуіне байланысты

мемлекеттік
қаржы нарығының кәсіби қатысушылары
тікелей немесе әкімшілік
жанама немесе экономикалық
сыртқы
ішкі

Сурет 2. Қаржы нарығын реттеу тәсілдері

Сыртқы реттеу нарықтың барлық институттарының қызмет етуін қамтамасыз ететін заңды және нормативті актілердің орындалуына негізделеді. Ішкі реттеу тікелей нарық қатысушысымен қабылданған жеке нормативті құжаттарға, жарғыларға, ережелерге негізделеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық деңгейде осы елдегі ішкі реттеуде мемлекеттің өзінің барлық заңдары мен нормативтерінің орындалуы, ал сыртқы реттеуде халықаралық сипаттағы нормативті актілердің орындалуы қажет.
Мемлекеттік реттеу - қаржы нарығында қалыптасатын қатынастарды мемлекеттік билік пен өкілетті органдардың реттеуі. Жекелей алғанда, Қазақстанда оны жүзеге асыратындар: Қазақстан Республикасының Президентінің аппараты, Үкімет, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет, Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігі және т.б.
Мемлекеттік реттеу оның қызметіне тікелей араласуы немесе нарыққа шаралар арқылы әсер етуі мүмкін.
Тікелей реттеу әдістері: қаржы нарығының субъектілерінің қызметіне міндеттерді талаптарды бекіткен заңды және нормативті актілердің шығарылуы;эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды тіркеу және ондағы көрсетілген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің орындалуын бақы лау; кәсіби қатысушылардың қызметін, қор биржасын, биржадан тыс нарықта айналыстаболатын қаржылық құралдар саудасын бағалайтын және техникалық қамтамасыз ететін ұйымдарды лицензиялау; қаржы нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және заңнаманы бұзғаны үшін сәйкесінше санкцияны қолдану; қаржы нарығында заңнаманы бұзатын тұлғаларды табу қаржы нарығы қатысушыларының кәсіби және білім деңгейін жоғарылату бойынша жүйені ұйымдастыру болып табылады [4].
Қаржы нарығын жанама реттеу мемлекеттің қарамағындағы экономикалық тұтқалар арқылы жүргізіледі. Олар: салық саясаты; ақша саясаты; мемлекеттік капиталдар; мемлекеттің меншігі мен ресурстары; сыртөы экономикалық саясат; сыртқы экономикалық саясат.
Өзін өзі реттеу бұл нарықтың кәсіби қатысушылар бірлестіктері тарапынан қаржы нарығын реттеу.
Қоғамдық реттеу де маңызды рөл атқарады. Ол қоғамдық пікір арқылы реттеу жүргізуді білдіреді.

1.3 Шетел тәжірибелерінде қаржылық институттар қызметін реттеу ережелері

АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктеріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.
ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.
ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі- жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құрылмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені, олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес- жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады- Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.
Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі- ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақылауға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі - 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл Кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін жоғары маман мүшелері болуы тәуелсіз болуы тиіс.
Басқарушылар Кеңесі ақша- кредит саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 Федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:
олар орталық банктер болып саналады;
квази- қоғамдық банктер болып есептелінеді;
банктердің банкісі.
АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар арқылы Басқару кеңесінің негізгі саясаттары жүзеге асырылады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы - Нью- Йорк қаласының федералдық Резервтік банкісі.
Бұл банктер қазір қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.
Федералдық Резервтік банктер- банктердің банкі, өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды. ФРЖ-нің жұмысына АНФК маңызды рөль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы коньюктураға әсер етудің негізгі оперативті огганы болып табылады. Ол ФРЖ есебінен мемлекеттік операцияларды сатып алу- сатуды жүргізу бойынша инструкциялар береді. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.
Жеке коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше банктер округынан, 3-і Басқарушылар кеңесімен тағайындалады). Басқармада ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді кредиттеу, АҚШ қазанылығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.
Қеңес- ақша-кредит саясатының қалыптасуына жауапты негізгі орын болып табылады. Кеңесті президент басқарады, кеңеске вице- президент, мүшелері және жергілікті орталық банктердің барлық президенттері кіреді.
Директорат- жоғары атқарушы орган. Ол кеңестің шешімдерін жүзеге асырады және басқа мемлекеттік ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.
Жер орталық банктері- Неміс федералдық банкінің жергілікті басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерін осы банктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл дүние жүзіндегі ең тәуелсіз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бірақ, банкі капиталының 100%-ы Қаржы министірлігіне қарағанмен, Қаржы министірлігі банктің қызметіне араласуына құқығы жоқ.
Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген- эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Ал, банктік департамент өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша кредиттейді.
Банктер экономиканың нақты секторын барынша белсенді кредиттейді. Қазіргі уақытта банктердің барлық активтерінің 60%-нен астамы экономиканы кредиттеуге бағытталған, бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 53%-тен аспаған болатын. Банктік сектордың жоғары өтімділігін ескере отырып, бұл фактіні оң бағалаған жөн. Дамыған елдердің әмбебап банктерінде активтер құрылымындағы кредиттік портфель де 60-65% шамасында.
Банктер активтерінің және кредиттік портфелінің сапасы күмән туғызбайды. Соңғы жылдары банктердің жиынтық кредиттік портфелінде стандарттық кредиттер үлесі 70% жуық болғанда, үмітсіз кредиттердің үлесі 2-2,5%-тен аспайды. Мұндай көрсеткіштердің сақталуы көп жағдайларда орталық банктің кредиттік портфельдің сапасына қатаң талап қоюының арқасында банктердің өздері жұмысты сауатты жүргізуіне де байланысты.
Оң үрдістердің сақталуы жақын жылдардың ішінде қазақстандық банк жүйесінің белсенді реформалау кезеңінен және халықаралық стандарттарға көшуден тұрақты дамудың және халықаралық стандарттарды жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам басатыны туралы тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді.
Ол үшін ең алдымен, қаржылық институттардың, оның ішінде банктердің қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін жолға қоюдың маңызы зор. Мәлім болып отырғанындай, Қазақстан болашақта қаржылық рынокқа барлық қатысушыларға қадағалауды бір ғана тәуелсіз орган жүзеге асыратын әдісті таңдап алды. Осыған байланысты өткен жылдың ортасында Қазақстанның Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қызметі біріктірілді. Осы кезеңнің өзінде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу функциясы да Ұлттық Банкке шоғырландырылуда, мұның өзі барлық қаржылық секторға қатысушыларға қадағалауды Ұлттық Банктің жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде қаржылық қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңның жобасы әзірленді. Осы заңның жобасы қабылданған жағдайда қаржылық қадағалау агенттігі бөлек құрылады. Егер жаңа агенттіктің қарамағына Ұлттық Банктің қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі барлық уәкілеттігі көшетін болса, Ұлттық Банк те барлық дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек қана классикалық қызметтерді орындайтын болады (ақша-кредиттік және валюталық реттеу, төлем жүйесін ұйымдастыру, ақша-банктік статистика, төлем балансын қалыптастыру және болжау жәнет.б.).
Қазақстанның бұл әдісті кездейсоқ таңдап алмағанын атап айтқан жөн, әлемдік тәжірибе мұқият зерделенді. Мысалы, Германия, Канада, Австралия, Бельгия сияқты дамыған мемлекеттерде және өтпелі экономикасы бар Польша, Венгрия, Эстония сияқты жетекші елдерде қаржылық секторды реттеудің осындай жүйесі табысты жұмыс істеп жатыр. Мұндай схема қаржылық секторды дамыту, қаржылық құралдарды жетілдіру және қаржы саласында делдалдықтың сапасын жақсарту үшін неғұрлым тиімді [5].
Бұдан әрі қаржылық рынокта банктік институттарды шоғырландыру және ірілендіру, сондай-ақ қаржылық сектордың басқа сегменттеріне банктік капиталды жедел енгізу үрдісі күшейе түседі. Сондықтан да Ұлттық Банк Банктерді қадағалау жөніндегі Базель комитетінің негізгі қағидалары мен стандарттарына сәйкес және қаржылық ұйымдардың қызметтеріне шоғырландырылған қадағалау жүйесін енгізу бойынша ағымдағы қадағалауды жетілдіру шараларын жетілдіру бойынша жұмысты жандандыра түседі. Сонымен қатар банктердің халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын орындауына барынша қатаң талаптар қойылады. Банктер 2003 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке рәсімдері халықаралық стандарттарға сай келетін уәкілетті ұйымдардың бірінің тәуекелдерді басқару жүйесін бағалауы мен жүйенің бар екендігін растайтын аудиторлық қорытындысын ұсынады.
Банктік секторды тұрақты дамыту үшін рыноктан коммерциялық икемсіз және проблемалы банктердің кетуіне қол жеткізу және өз ісіне адал әрі сенімді банктік институттарға қолдау көрсету қажет. Сондықтан қадағалау үрдісі шеңберінде банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы мен олардың қызметтерін жақсартуға бағытталған алдын алу шараларын жедел қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
Бұл банктердің жоғары сапалы банктік қызмет көрсетуін және банктік институттар арасында шынайы бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халықтың және экономикалық субъектілердің банктік секторға сенімін арттыру мақсатында банктер жұмысының неғұрлым айқындылығын қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты банктерде ақша тазартуды жүзеге асыруға және көлеңкелі капиталдың банктік жүйе арқылы өткізілуіне бөгет жасайтын жүйені құру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар алдағы уақытта банктердің экономиканы кредиттеуін күшейте түсетін түрлі тетіктерге жағдай жасау және оларды әзірлеуге айрықша көңіл бөлінетін болады. Мұндай жағдайда банктердің экономиканың басым салаларын кредиттеуін ынталандыру және қаржылық делдалдықты, оның ішінде қаржы лизингін неғұрлым белсенді дамытудың маңызы бар. Ипотекалық кредиттеу және құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамыту да сол сияқты мемлекеттің басым міндеттері болып қалады. Құрылыс жинақ ақшасы жүйесінің қажетті заңдық негізі қаланғандықтан құрылыс жинақ банктерін құруды жеделдету және құрылыс жинақ ақшасы жүйесін еліміздің түрлі аймақтарында іске қосуды тездеткен орынды.
Банктердің көрсететін қызметтерінің аясын кеңейту, қолма-қол жасалмайтын төлемді дамыту, сондай-ақ бөлшек саудада операциялардың айқындылығын арттыру мақсатында ұлттық төлем жүйесін құру және төлем карточкаларының бірыңғай процессинг орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғаса түседі. Төлем карточкаларының осы жүйесінің бірқатар артықшылықтары болады.
Банктер көрсетілетін сервистің деңгейін арттыра, төлем карточкаларын шығаруға қызмет көрсетуге байланысты қызмет тарифін азайта, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын төлемді өңдеуге жұмсалатын уақытша шығындарды барынша азайта алады.
Жоғары емес тарифтер халықтың төлем карточкаларын сауда және бизнес саласында кез-келген жерде пайдалануына, олай болса, қолма-қол жасалмайтын төлем көлемінің артуына жол ашады [6].
Әлемдік практикадан көрініп отырғанындай, қаржылық сектордың қызмет көрсетуі халықтың барлық жіктері мен клиенттер санаттарын қамтуы тиіс. Ірі, сол сияқты ұсақ клиенттермен жұмыс істейтін қаржы институттары желілерінің кеңейтілуі елдегі бүкіл даму және ілгерілеу дәрежесін көрсетеді. Сондықтан банктік емес қаржылық ұйымдарды дамыту үшін қалыпты жағдайлар жасалады. Ең алдымен, кредиттік серіктестік және микрокредиттік ұйымдар сияқты қаржылық институттар туралы сөз болады. Мұндай қаржылық институттардың экономиканың қаржылық секторын дамытудағы ролі аса маңызды.

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕУДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ РОЛІ

2.1 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы ұйымдары қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібі

Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы Қазақстан Республикасының банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметi, валюталық реттеу мен валюталық бақылау, ақша төлемдері мен аударымдары, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру, почта, Қазақстанның Даму Банкі, микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында белгіленген талаптарды қаржы нарығының субъектілері мен қатысушыларының сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғайды не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомствосы бақылау мен қадағалауды осы Заңға сәйкес тексеру жүргізу нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі басқа мемлекеттердің орталық банктерімен және бақылау мен қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алмасуға құқылы.
Ұлттық Банк банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгiлейдi;
4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
5) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртібін мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды; 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
7) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды, 2008.23.10. № 185-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді)
9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалаудың қолданылып жүрген практикасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Интеграцияланған бірыңғай қадағалау қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуге және қадағалауға шоғырландырылған, қадағалаудың функционалдық немесе институционалдық схемалары болған кезде орын алатын мүдделер қақтығысы тәуекелін болдырмайтын қаржылық қадағалаудың неғұрлым перспективалық схемасы болып табылады.
Қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарықтарының жұмыс істеуін реттеуді және қадағалауды одан әрі жетілдіру реттеу мен қадағалаудың халықаралық стандарттарын өзгертуді ескере отырып, қаржы нарығының әрбір бөлігінің жұмыс істеу және даму ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі дағдарыс сабақтарын негізге ала отырып, қаржы секторының субъектілерін реттеу мен қадағалауды қатаңдатуды жүйелік тәуекелдерді болдырмау мақсатында алдын ала қабылданатын іс-шаралар жүйесін болжайтын макропруденциалдық тәсілді күшейту арқылы нығайту қажет. Макропруденциалдық тәсіл реттеу мен қадағалаудың жекелеген институттар мен нарықтардың сенімділігіне негізгі назар аударылатын қолданыстағы құрылымының маңызды алғышарты және факторы болуы тиіс.
Қазіргі уақытта неғұрлым толық, жан-жақты және тиімді реттеу қажеттілігін түсіну өсіп отыр. Тұтастай алғанда, экономика үшін тәуекелдер туғызатын қызметтің барлық түрін қоса алғанда реттеу саласын және периметрін кеңейту, тәуекелдің реттеу периметрі шегінен тыс шоғырлануын болдырмау мүмкіндігін зерттеу болжанып отыр. Бұл ретте реттеу ұйымдарға емес, қызметтің түрлеріне бағдарлануы тиіс [7].
Қазақстанда бүгінгі күні қаржылық қызмет көрсетуге қажеттілікті толық дәрежеде қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы институттарының көп деңгейлі жүйесі қалыптасты. Көптеген елдердің халықаралық тәжірибесі мамандандырылған салалық банктерді құрудың тиімсіздігін, осы институттардың толыққанды бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуіне қабілетсіздігін, мемлекет тарапынан тұрақты қолдау қажеттілігін дәлелдеп отыр. Тиісінше, Қазақстанда мамандандырылған салалық банктерді құру болжанып отырған жоқ.
Инвестициялық банкинг институтының жұмыс істеу жүйесі қайта қаралады. Жаһандық инвестициялық банктердің банкроттығы олардың қызметін реттеудегі тәсілдерді түрлендіру қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты инвестициялық банкингке қатысты жүргізуге рұқсат етілген операциялардың тізбесі белгіленді және реттеу шеңберінде оларға левередждің және жүйелік тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қатысты белгіленген жекелеген талаптар қолданылады.
Кредиттік серіктестіктер, микрокредиттік ұйымдар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдармен қатар елдегі қаржы делдалдығы жүйесін дамытуға ықпал етуді жалғастыруы тиіс. Алайда, осындай ұйымдар мөлшері бойынша шағын, бірақ жоғары тәуекелді кредиттерді жеткізушілер болып табылатынын ескере отырып, міндеттемелердің бір заемшыға арналған ең жоғары лимиті қайта қаралатын болады. Сондай-ақ кредиттік серіктестіктердің және шағын кредиттік ұйымдардың жүйелік тәуекелінің өсуіне жол бермеу мақсатында олардың қаржы операцияларының жекелген түрлерін жүзеге асыру, депозиттер тартуды (кез келген нысандағы) қоса алғанда мүмкіндіктері заңнамалық түрде қайта қаралатын болады.
Өсімқорлық қызметті заңнамалық түрде реттеу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Отандық сақтандыру ұйымдарының қайта сақтандыру қызметінің тиімділігін арттыру, оларды капиталдандырудың өсуін ынталандыру мақсатында жеке қайта сақтандыру шарты бойынша, сол сияқты тұтастай алғанда сақтандыру сыныбы бойынша да сақтандыру тәуекелдерінің мөлшері мен сипатына байланысты резидент еместерден қайта сақтандыру кезінде меншікті ұстау бойынша дифференцияланған лимиттер енгізіледі. Сондай-ақ қаржы жылы аяқталғаннан кейін резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарына берілген қайта сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі бойынша лимиттер қайта қаралады.
Кредиттік тарихтарды қалыптастыру жүйесін жетілдіру мақсатында коммерциялық емес ұйым нысанында кредиттік тарихтардың бірыңғай деректер базасын құру, кредиттік тарих субъектілері бойынша ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету, кредиттік бюроның лауазымды тұлғаларының ақпараттық қауіпсіздікті бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту жөніндегі кредиттік бюроның мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет ету жөніндегі жұмысын жүзеге асыру, кредиттік бюроға ұсынылатын ақпараттың тізбесін кеңейту қажет [8].
Осылайша, реттеу шаралары өсу мен тұрақтылықтың оңтайлы арақатынасын қамтамасыз етуге бағытталады, бұл қаржы секторы мен экономиканың теңдестірілген дамуына, ондағы сабынды көпіршіктердің пайда болуына жол бермеуге және қаржы ұйымдарының қызметінде домино теріс әсерлерінің алдын алуға ықпал етеді. Жүйелік тәсілді қамтамасыз ету және қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарының алуан түрлерін реттеу мен қадағалау практикасы қажетті деңгейде қаржы нарығындағы қызметтің түрлері бойынша қажетті дәрежеде бірегейлендірілетін болады.
Қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде қазақстандық қаржы ұйымдарының активтерін әкетуді болдырмау және алдын алу мақсатында қаржы ұйымдарының күмәнды операцияларды жасауына қатысты алдын алу шараларының мониторингі, анықтау мен қабылдау жөнінде құқық қорғау органдарының қаржылық мониторинг органдарымен өзара іс-әрекет және үйлестіру тәртібі мен тетіктері заңнамалық деңгейде айқындалады.
Қадағалау органы шетелдік инвестицияларды және кредиттеуді жүзеге асыру бойынша шешімдер қабылдау процесінің айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде қаржы ұйымдарына қосымша талаптар белгілейді. Қаржы ұйымдарының құқықтық тәуекелдердің жоғары деңгейі және инвесторлар мен кредиторлрдың құқықтарын қорғаудың төмен деңгейі бар елдерде операцияларды жүзеге асыруына байланысты тәуекелдер шектеледі. Осыған байланысты осындай заңсыз операциялар жасағаны үшін қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғаларына қатысты мүліктік және қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Сондай-ақ активтерді шетелге заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында меншік иесі (бенефициар) туралы, сондай-ақ шетелде орналасқан (тіркелген) активтерге ауыртпалықтың болуы туралы ақпараттың айқындылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Бұл ретте осындай ақпарат болмаған жағдайда, қадағалау органы осындай активтердің сақталуын қамтамасыз ету және пайдаланылуын (басқарылуын) шектеу бойынша, оның ішінде оларға ауыртпалық салу арқылы шаралар қолданылады.

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің реттеушілік қызметінің жағдайын талдау

Ұлттық Банк банктердің өтімділігін реттеу үшін кері РЕПО және валюталық своп операциялары арқылы қысқамерзімді теңгемен өтімділікті беру жөніндегі операцияларды жүргізді. Оған қоса, 2014 жылы шілдеде ұзақ мерзімді валюталық-пайыздық своп операциялары жүргізілді, бұл нарықтық мөлшерлемелердің құбылмалылығын төмендетуге ықпал етті. Валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануы Ұлттық Банкке 2014 жылғы қыркүйекте теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқу дәлізін кеңейтуге және 185 +3-15 теңге ассиметриялық дәлізді белгілеуге мүмкіндік берді.
2014 жылы ең төменгі резервтік талаптар нормативтері бұрынғыдай болып қалды, бұл ретте резервтік активтердің құрылымы 2014 жылы бірте-бірте өзгерді: банктердің теңгемен корреспонденттік шоттарының үлесі (2013 жылғы 30 желтоқсандағы 55,4%-дан 2014 жылғы 29 желтоқсандағы 44,5%-ға дейін) төмендеді. Резервтік активтер көлемінің төмендеуіне (2014 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл басынан бастап 2,1%-ға төмендеу) қарамастан, 2014 жылы резервтік активтер жалпы алғанда жүйе бойынша резервтеудің қажетті көлемінен орташа 2,2 есе асты.
Тарихи тәжірибе негізінде, осы жағдайда тұрақты валюта бағамын қамтамасыз ету Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтерін жұмсауды талап етеді және тұтастай алғанда, ашық нарықтық экономиканың классикалық жұмыс істеу практикасына сәйкес келмейді деп қорытынды жасауға болады. Оған қоса, валюта бағамын қатаң реттеу валюта нарығындағы алыпсатарлық шабуылдар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Ақша және валюта нарықтарында қалыптасқан ахуал экономика субъектілеріне кредиттік қаражатты беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін төмендетеді. Банктер негізінен осы бағдарламаларды жүзеге асырушылар болып табылады. Алайда қазіргі кезде олар резервтерін шетел валютасында сақтауды жөн көреді және теңгемен кредиттеуден бас тартады. Тұтастай алғанда, бұл инфляциялық таргеттеу режіміне сәйкес келетін ақша-кредит саясатын іске асыру тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік экономикалық саясатты қайта қарау қажеттілігіне себепші болады. Ұлттық Банк пайыздық дәліздің ішіндегі ақша нарығы мөлшерлемелерінің күрт және айтарлықтай ауытқуларын болдырмау мақсатында өте мұқият реттелген операцияларды жүргізе алады. Банк секторы өтімділігінің жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша Ұлттық Банк қажет болған жағдайда өте мұқият реттелген операциялар өткізу туралы шешім қабылдай алады [9].
Ең төменгі резервтік талаптардың тетігін орталық банктер банк жүйесіндегі өтімділікке сұраныс тарапынан ықпал ету үшін қолданады. Резервке алу нормасын өзгерте отырып, орталық банк резервке алынатын активтердің көлеміне ықпал етеді және, осы арқылы, банктердің кредиттеу бойынша белсендігін реттейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Қазақстандағы ақша - несие саясатының негізгі мақсаты
Мемлекеттік басқару дағдарысы
Ақша саясаты
Қазіргі таңдағы валюталық нарық дамуының негізгі тенденциялары
Несиелік мекемелердің түрлері
Банк құқығы
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
Ұйымдасқан партиялық жүйе құру
Пәндер