Нарықтық экономика жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 НАРЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 ҚР.Ң НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР.ң нарықтық экономика модельдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2 ҚР нарықтық экономика модельдерінің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Кез –келген қоғам, ең басты проблеманы – яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыру тиіс.Ол үшін қоғам экономиканың негізгі түш сұрағын: нені өндіру керек? Деген мәселелерді шешуі керек. Нені өндіру керек деген мәселені шешу үшін қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастыруың қандай әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай – ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндегін де ескеруі керек.
Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономиканы еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл – ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді.
Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көпжақты, сщған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.
Үшіншілері, нарықты шаруашылық субектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді.
Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескері керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзуге асыру процесі, ал екіншіден, нарық – ал адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынвстар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы – несие формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизімі ретінде әрекет етеді.
1 Әкімбеков К.Н. «Экономикалық теория» 2000 ж.
2 Кулыгин П.C. Социолистік экономикадағы нарық «Вопросы экономики»,1990ж.
3 Журавлева Г. Р. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық «Экономические науки», 1990ж. №7
4 Саяси экономия — Алматы, «Ана тілі»,1991ж
5 Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы. Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова 1992ж.
6 «Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006
7 Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісова, Ү.С.Байжомартов, Б.М.Комягин — «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж.
8 Н.М. Шанский, В.В.Ваванов, Т.В.шанская – «Краткий этимологический словарь русского языка» Москва 1961г.
9 Н.М. Шанский «Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігі», I том Москва 1973ж
10 Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2006 жыл 1 наурыз. 11 И. Комягин «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2005 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 НАРЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..4
2 ҚР-Ң НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 ҚР-ң нарықтық экономика модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 ҚР нарықтық экономика модельдерінің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..22

КІРІСПЕ
Кез - келген қоғам, ең басты проблеманы - яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыру тиіс.Ол үшін қоғам экономиканың негізгі түш сұрағын: нені өндіру керек? Деген мәселелерді шешуі керек. Нені өндіру керек деген мәселені шешу үшін қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастыруың қандай әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай - ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндегін де ескеруі керек.
Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономиканы еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл - ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді.
Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көпжақты, сщған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.
Үшіншілері, нарықты шаруашылық субектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді.
Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескері керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзуге асыру процесі, ал екіншіден, нарық - ал адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынвстар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы - несие формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизімі ретінде әрекет етеді.

1 НАРЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
0.1 Нарықтық экономиканың мәні және ерекшеліктері
Нарықтық экономиканы тұтынушы сұраным мен техникалық прогресс деңгейінің дамуын реттеу арқылы нарықтық механизм басқарады. Нарық механизмнің құрамына баға, сұраным, ұсыным және бәсеке кіреді. Нарық -қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі. Сондықтан ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылады.
Таң ғажайып неміс экономикасының авторы, профессор Людвиг Эрхард Барша жанға әлауқаттылық (1956ж.) еңбегінде былай деген:Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы- ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымның арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе- теңдікке келтіреді.
"Нарық - белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайына немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субьектілерін байланыстырушы ұйым".
"Нарық - тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы".
"Нарық - сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткізу жайлы қатынастар жүйесі".
"Нарық - өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен буындар төлем қабілеттілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде болады".
Нарық келесідей қызметтер атқарады:
ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;
ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделуі;
экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат көзі (экономиканың айнасы);
тауар мен еңбектің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;
бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру, тазалау;
құрылымдық тұтыну, тұтынушыны табыс деңгейіне қарай рационалды таңдауға экономикалық мәжбүр ету;
өндірістік шығындарды төмендетуге, тауар өндірушілерді экономикалық ынталандыру және оларды өте қажетті қоғам аясына жұмсау;
тауар өндірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек өнімділігіне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету.
Нарық-күрделі экономикалық категория. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді: меншік түрлерінің көп болуы; нарықтағы шаруашылық субъектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай және тәуелсіз болуы; тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекестілігі;белгісіз нарыққа өнім шығару; өнімге бағаны қою құқығы; қажетті инфрақұрылымның болуы.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды.

Ұйымдық тұрғыдағы белгісі
Құрылымдылық тұрғыдан бөлу
1
Территориялық
Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке, аймақтық нарық, ішкі нарық, әлемдік нарық
2
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан
Монополиялық, олигополиялық,
таза монополиялық, еркін, реттеуші
3
Тепе-теңдік деңгейі тұрғысынан
Баланстанған, баланстанбаған
4
Салалық сипаты тұрғысынан
Сала аралық, салалық, ішкі салалық
5
Тауарды бағыттау тұрғысынан
Азық-түлік, азық-түліктік емес,
тағамдық немесе тағамдық емес
6
Заңдылыққа сай келу тұрғысынан
Арнайы ресми, ресми емес (көлеңкелі)
7
Жетілу деңгейі тұрғысынан
Дамыған нарық, қалыптасушы нарық
8
Нарық субъектісі тұрғысынан
Сатушы нарығы, тұтынушы нарығы

Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі инфрақұрылым болып табылады. Инфрақұрылым- бұл институттар (ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалаптастырып қызмет көрсетеді.
Нарықтық инфрақұрылымның элементтеріне жатады:
Аукциондар, биржа мен брокерлік конторлар
Банктер, коммерциялық орталықтар және компаниялар
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары
Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция
Мемлекеттік салық инспекциясы
Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы
Құқық қорғау органдары, тұтынушыны қорғайтын қоғам
Лизингтік компаниялар, кеңестік- делдалдық фирмалар
Кеден қызметтері
Бизнестің коммерциялық орталықтары
Сақтандыру және аудиторлық компаниялар
Жарнамалық - ақпараттық қызметтер
Қоймалық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық шаруашылық
Сауда үйлері, жәрмеңкелер, көтерме сауда орталықтары
Маркетингтік зерттеу орталықтары, өндірушілердің әртүрлі ассоциациясы
Кадрларды дайындау орталықтары
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығы, фирма және үкімет жатады. Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек және кәсіпкерлік) ресурстарды өткізе отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс-әрекеті ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткізіп, ақшалай табыс алады. Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін қорға жинайды және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды. Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Тауарды нарыққа шығару фирманың ақшалай табысын қалыптастырады.Фирмалар да салық төлейді және инвестицияны тартып жүзеге асырады.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізеді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді, яғни, мемлекеттік зейнетақы, жұмыссыздарға жәрдемақы, стипендия, табысы төмендерге, мүгедектерге және көпбалалы отбастарына көмекақы төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады.
Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:
географиялық орналасу;
табиғи ресурстардың бар болуы;
тарихи даму жағдайлары;
халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;
өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:
меншіктің әр алуан формаларының болуы;
тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;
экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.
Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.
Американдық үлгі. Бұл үлгі капитализмнің либералдық үлгісі деп аталады. Ерекшеліктері:
мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30 -- 70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.
көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.
Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін бейбіт мақсатқа, яғни, өнеркәсіптің экономикалық потенциалын өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:
ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін -- аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап -- электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. Жапондық кереметтің болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;
жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес -- фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.
Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг HYPERLINK "http:kk.wikipedia.orgwiki%D0%9 B%D1%8E%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B3_%D0 %AD%D1%80%D1%85%D0%B0%D1%80%D0%B4"Э рхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:
экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.
XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;
Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;
Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес -- фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.
Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:
әлеуметтік бағытталу,
мүліктік теңсіздіктің төмендегі,
жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.
Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.
Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдык пен неіміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекетгің реттеуші рөлі күшті. 1947 жылдан бастап бес жылдық жоспарлар -- индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бүл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.
Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі -- мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы -- экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғасыр 70-ші жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғасыр 80-жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді. Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған. Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жылдары) экономикаға реанимация жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.
Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. Халық коммунасының орнына отбасы мердігерлігі келді (1984 жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін -- салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.
Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық әрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.
Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың аралас үлгісін жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады -- мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде орталықтанған жоспарлы экономика үлгісінен социалистік жоспарлы нарық экономикасының үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс -- тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.
Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП XVII съезі экономикалық реформа жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын -- кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару -- пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.
Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.
Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% -- үжымдық кәсіпорындарда және 5% -- жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті.

Нарық экономикасына өту ҚР-да егемендік алғаннан басталады. ҚР-сы 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап егеменді ел болып экономикада белгілі бостандығын алып, шаруашылық процестерін рыноктық қатынастарға бұрғызды.
Нарық экономикасын қалыптастыру 3 сатыдан тұрады:
1. Өндіріс. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуына байланысты нарық қалыптасады.
2. Экономика. Өндірістен экономикаға ауысу. Айырбас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Нарықтық экономиканың теориялары
Нарық, оның қызметтері және қызмет ету қағидалары
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Экономика пәнінен дәрістер
Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Экономикалық тәрбиенің әдістері
Рынок - тауар айналымының сферасы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
Өтпелі экономикадағы макроэкономикалық тұрақсыздық
Пәндер