Кедендік-тарифтік саясат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Тарау 1 Кедендік.тарифтік реттеудің сыртқы экономикалық қатынастардағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Сыртқы экономикалық қызметті кедендік.тарифтік реттеу құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кедендік.тарифтік реттеудің әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... 14
Тарау 2 ҚР.ң кедендік.тарифтік саясатының қалыптасуы, мәні және СЭҚ.дағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 ҚР.ң кедендік.тарифтік реттеу саясатының даму кезеңдері және
оның қазіргі таңдағы жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
2.2 ЕурАзЭҚ жүйесіндегі Қазақстан Республикасының кедендік.тарифтік реттеу саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Мемлекет көздейтін мақсатқа байланысты сыртқы сауданың белгілі бір құралдарын пайдаланады. Халықаралық сауданы реттейтін мемлекеттік құралдар өзіне тән сипатына қарай екіге бөлінеді: тарифтік, бұл кедендік тарифті қолдануға негізделеді және тарифтік емес әдістер. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері, өз кезегінде, мөлшерлік, қаржылық, үкіметаралық келісім әдістері мен жасырын протекционизм әдістері болып бөлінеді [1,б.200].
Сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттің алдына қоятын басты мақсаты елдің салыстырмалы артықшылығы болып табылатын тауарларды экспорттауға көмек көрсету немесе ұлттық өндірушілерге зиян келтіретін импортты шектеу. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әдістерінің көбі ішкі рынокты шетел бәсекеден қорғауға бағытталған.
Кедендік тарифтің мәнін, рөлін, оның ұлттық экономикаға тигізетін пайдасы мен мезханизмін, сонымен бірге елдің сыртқы саудасына әсерін тигізетін тарифтік емес құралдарды түсіну үшін бұл сұрақтарды тереңінен қарастырған жөн.
Кедендік тарифке сауда саясатының қай бағыты маңызды деп анықталғанына байланысты келесідей анықтама беруге болады:
- әлемдік нарықпен өзара әсерлесу кезіндегі сауда саясатының және мемлекеттік реттеудің құралы;
- сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сәйкес жүйеленген кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға қолданылатын кедендік баж салықтарының қойылымдар тізбесі;
- тауарды мемлекеттің кедендік территориясына алып келгенде және шығарғанда төленетін кедендік баж салығының нақты қойылымы.
Кез келген елдің кедендік тарифі, кіргізілетін немесе шығарылатын тауарларға салық салу мақсатында қолданылатын кедендік баж салықтарының нақты қойылымдарынан құралады.
Кедендік баж салығы - импорт пен экспорттың шарты болып табылатын тауарды импорттау немесе экспорттау кезінде кедендік органдардың алатын міндетті жарнасы.
Кедендік баж салықтың негізгі үш қызметі бар: фискалды, реттеуші және қорғаушы.

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

Тарау 1 Кедендік-тарифтік реттеудің сыртқы экономикалық қатынастардағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1 Сыртқы экономикалық қызметті кедендік-тарифтік реттеу
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Кедендік-тарифтік реттеудің әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ...
14
Тарау 2 ҚР-ң кедендік-тарифтік саясатының қалыптасуы, мәні және СЭҚ-дағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 19
2.1 ҚР-ң кедендік-тарифтік реттеу саясатының даму кезеңдері және
оның қазіргі таңдағы жүзеге
асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
2.2 ЕурАзЭҚ жүйесіндегі Қазақстан Республикасының кедендік-тарифтік реттеу
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 30

1.1 Сыртқы экономикалық қызметті кедендік-тарифтік реттеу құралдары

Мемлекет көздейтін мақсатқа байланысты сыртқы сауданың белгілі бір
құралдарын пайдаланады. Халықаралық сауданы реттейтін мемлекеттік құралдар
өзіне тән сипатына қарай екіге бөлінеді: тарифтік, бұл кедендік тарифті
қолдануға негізделеді және тарифтік емес әдістер. Сыртқы сауданы реттеудің
тарифтік емес әдістері, өз кезегінде, мөлшерлік, қаржылық, үкіметаралық
келісім әдістері мен жасырын протекционизм әдістері болып бөлінеді
[1,б.200].
Сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттің алдына қоятын басты мақсаты елдің
салыстырмалы артықшылығы болып табылатын тауарларды экспорттауға көмек
көрсету немесе ұлттық өндірушілерге зиян келтіретін импортты шектеу.
Сондықтан мемлекеттік реттеудің әдістерінің көбі ішкі рынокты шетел
бәсекеден қорғауға бағытталған.
Кедендік тарифтің мәнін, рөлін, оның ұлттық экономикаға тигізетін
пайдасы мен мезханизмін, сонымен бірге елдің сыртқы саудасына әсерін
тигізетін тарифтік емес құралдарды түсіну үшін бұл сұрақтарды тереңінен
қарастырған жөн.
Кедендік тарифке сауда саясатының қай бағыты маңызды деп анықталғанына
байланысты келесідей анықтама беруге болады:
- әлемдік нарықпен өзара әсерлесу кезіндегі сауда саясатының және
мемлекеттік реттеудің құралы;
- сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сәйкес
жүйеленген кедендік шекара арқылы өтетін тауарларға қолданылатын
кедендік баж салықтарының қойылымдар тізбесі;
- тауарды мемлекеттің кедендік территориясына алып келгенде және
шығарғанда төленетін кедендік баж салығының нақты қойылымы.
Кез келген елдің кедендік тарифі, кіргізілетін немесе шығарылатын
тауарларға салық салу мақсатында қолданылатын кедендік баж салықтарының
нақты қойылымдарынан құралады.
Кедендік баж салығы - импорт пен экспорттың шарты болып табылатын
тауарды импорттау немесе экспорттау кезінде кедендік органдардың алатын
міндетті жарнасы.
Кедендік баж салықтың негізгі үш қызметі бар: фискалды, реттеуші және
қорғаушы.
Бүгінгі таңда кедендік салықты жіктеу кеңінен таралған, оны 1 кестеден
көре аламыз [1, б.207].
Кесте 1 - Кедендік баж салықтарының түрлері

Салық салу Арнайы Адвалорлық Аралас
әдісіне қарай
Салық салу Импорттық Экспорттық Транзиттық
объетісіне
қарай
Сипатына қарай Сезондық Антидемпингтік Компенсациондық
Пайда болуына Автономдық Конвенциондық Преференциалдық
қарай
Жеткізу түріне Тұрақты Құбылмалы
қарай
Есептелу әдісінеНоминалды Эффективті
қарай

П. Кругман мен М. Обстфельд әлемдік нарықтағы тепе-теңдікті сақтау үшін
импорттық салықты енгізудің пайдасын зерттеді. Нәтижесінде, ол зерттеу –
тарифтің бағаға әсер етуі ішкі сұраныстың көлемі мен әлемдік ұсыныстардың
қатынасына байланысты екенін көрсетті. Әлемдік ұсынысқа қарағанда ішкі
сұранысы жоғары елдің тарифі әлемдік бағаны төмендетуі мүмкін, әлемдік
ұсынысқа қарағанда ішкі сұранысы жоғары емес елдің тарифі әлемдік бағаны
төмендете алмайды. Ішкі баға тарифтің толық сомасына өседі.
Кіші мемлекетке тарифтің тигізетін әсерін ресейлік экономист А. Киреев
қарастырған. Кіші мемлекет кедендік баж салықты енгізгенде оның әлемдік
нарықта тауарды сатып алу үлесі аз болғандықтан, импорттың қысқаруы әлемдік
бағаға әлсіз әсер етеді [1, б.212].
Қазақстан Германиядан тракторлады импорттайды делік. 1 суретте кіші
мемлекет болып табылатын Қазақстанның экономикасына тарифтің әсері
бейнеленген [1, б.212].
Сурет 1 - Импортық баж салығының кіші ел экономикасына әсері

Кішкентай мемлекеттердің қатарына жататын Қазақстанда (ЖІӨ көлемі
жағынан), салынатын баж салық импорттайтын тракторлардың бағасын толық
көлемде жоғарлатады, яғни Pw-ден Pw+t-ға дейін өседі. Мұндай жағдайда,
өндіріс S1-ден S2-ге дейін өседі, ал түтыну Д1 – ден Д2-ге дейін
төмендейді. Импорттық тракторларға салынатын тариф отандық трактор
өндірушілердің бағасын арттырады. Бұл тарифті енгізудің басты мақсаты шетел
бәсекелестерінің әсерінен туатын ұлттық өндіруші бағасының төмендеуінен
қорғау болып табылады. Бірақ әлемдік бағалардың деңгейі өзгермейді, себебі,
кішкентай мемлекет болып табылатын Қазақстан тракторларға әлемдік бағасының
төмендеуіне әсерін тигізе алмайды. Тарифтің әсері:
- бағалардың өсуінен болатын тұтынудың қысқаруы;
- жоғары шығындар жағдайында тракторлардың қосымша мөлшерін ішкі
өндірудің қажеттілігі (шетелден арзан трактор алса, шығын азаятын
еді);
- мемлекеттік бюджеттің кірісін ұлғайту;
- тұтынушылардан өндірушілерге табысты қайта бөлу.
Одан шығатын қорытынды, Қазақстан сауда шарттарынан да пайда таба
алмайды және Германиядан келетін тракторларға тариф енгізуден де пайда көре
алмайды.
П. Кругман үлкен және кіші мемлекеттерде баж салықты енгізудің пайдасы
мен кері әсерін сараптайды. Әлемдік бағаларға әсер ете алатын үлкен
мемлекеттердің баж салығы импорттайтын елдің тауарының бағасын
жоғарылатады, ал экспорттауда ол бағаны төмендетеді. Бағалардың өзгеруінің
нәтижесінде тұтынушылар импорттайтын елде ұтылады, ал экспорттайтын елде
пайда көреді. Өндірушілер, керісінше, импорттаушы елде пайда көріп,
экспорттаушы елде ұтылады. Кедендік баж салықты енгізетін мемлекет табыс
алады [2, б.199].
Үлкен экономикалы мемлекет болып саналатын АҚШ-ты алайық, олар
Қазақстаннан бидайды импорттайды деп есептейік. 2 суретте ұтыстар мен
салықты енгізудегі шығындар айқын көрініс табуда [2, б.199].
Сурет 2 - АҚШ-та импорттық тарифті енгізудің әсері

Енгізілген баж салық ішкі бағаны Pw-ден Pt-ға дейін көтереді, бұл Pw-
дан P*t-ға дейін экспорттық бағаны төмендетеді. Бидайды ішкі өндіру S1-ден
S2 –ге дейін өседі, ал оны ішкі тұтынуы Д1-ден Д2ге дейін төмендейді.
Әлеуметтік топтар үшін ұтыстар мен шығындар а, b , с, d, e – мен берілген,
бес фигура ауданының сомасы ретінде бейнеленуі мүмкін.
Алғашқы кезекте американ өндірушілерінің ұтысын қарастырайық. Олар өз
бидайын жоғарғы бағамен сататын болғандықтан, олардың ұтысы да жоғарлайды.
Олардың ұтысы а-ға тең, ол а ұсыныс қисығының астындағы ауданынан Р-ның Q-
ға көбейтілуінен алынған ауданын алып тастағандағы айырмашылық. Американ
тұтынушылары жоғарғы бағамен сатып алып, нәтижесінде ұтылады. 2 суреттегі
олардың шығыны a, b, c ,d ауданының сомасын құрады, яғни геометриялық
тұрғыдан бұл сұраныс қисығы мен фигурада орналасқан аймақ аудандарының
алымы, оның мөлшері Р*Q көлемімен анықталады.
АҚШ өндірушілері мен тұтынушыларынан басқа, бұл жағдайда тағы бір жақ -
АҚШ үкіметі. Мемлекет баж салықтың төленуінен табыс алады. Ол табыс тариф
қойылымының t бидай импортының көлемінің Qt=D2-S2 көбейтіндісіне тең. t=Pt-
P*t болғандықтан, мемлекеттің табысы с және е аудандарының сомасына тең.
Атақты экономист П.Х. Линдерт отандық өндірушілер үшін тарифті
енгізуден болатын нақты қорғау деңгейін сараптайды. Кейбір салалардағы
қорғаушы тарифтің деңгейі, номиналды қорғаушы тариф деңгейінің тариф
мөлшерінен айтарлықтай айырмашылығы бар.
Саланың табысы немесе оның қосымша құны импорттық өнімнің ғана емес,
осы саланы өндіру үрдісінде қолданылатын материалдардың нарығына енген
сауда кедергісінің әсеріне ілінеді. Егер аралық өнімге қарағанда саланың
соңғы өніміне жоғары салық салынса, тарифтің дәрежесі оның номиналды
дәрежесін артық болады [3]. Онда мемлекет соңғы өнімнің тариф деңгейін
арттырмай-ақ, салааралық өнімдердің және табиғи ресурстарды қолданатын
жергілікті өндірушілерге жеңілдік беріп, баж салықты азайту арқылы
жергілікті өндірушілердің қорғау деңгейін жоғарылатады.
Кедендік қорғаныс неғұрлым жоғары болса, дайындалған зат пен шикізаттың
баж салығының арасындағы айырмасы жоғары болады, әрі дайын заттағы
шикізаттың үлесі де жоғары болады. Тиімді кедендік қорғау деңгейі мына
формуламен анықталады [4]:

t – соңғы өнімді импортталудың кедендік баж салығының номиналды
деңгейі.
а1 – тариф болмаған жағдайда соңғы өнімнің бағасындағы импортталған
шикізат құнының үлесі.
t1 – импортталған шикізаттың номиналды тарифі.
Формулада қорғау деңгейі тек дайын заттар мен шикізаттардың баж салық
арасындағы айырмашылықтарға ғана байланысты емес, өңдеу дәрежесінің
жоғарылауына да қатысты артатынын көрсетеді, яғни қосымша құнның кемуі.
Тарифтік саясатты қолдану жөнінде алуан түрлі пікірлер бар.
Экономикалық саясаттың құралы ретінде, тарифтің қарсыластары, тарифке
қарсы көптеген дәлел келтіреді.
1) Тарифтер экономикалық дамуды бәсеңдетеді;
2) Тариф тұтынушылардың салық ауыртпалығының ұлғаюына әкеледі;
3) Тауар импортына салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына кері
әсер тигізеді;
4) Тарифті біржақты енгізу, кей жағдайларда сауда соғыстарына әкеледі.
Тарифті қорғаудың дәлелдеріне төмендегі дәлелдемелер жатады.
1) Тариф – жаңа салаларды қорғайды;
2) Тариф – отандық өндірісті ынталандырудың құралы;
3) Тариф – бюджеттік кірісінің маңызды қайнар көзі;
4) Тариф – елдің халықаралық беделінің, ұлттық қауіпсіздіктің
қорғанысы.
Кедендік тарифтер формасының және міндеттерінің алуан түрлілігіне
байланысты экспорттық-импорттық операцияларды реттеудегі ең көп
қолданылатын формалардың қатарына жатады. Импорттық баж салықтар
протекционистік шара ретінде өте жиі қолданылады. Дамушы елдерде ол бюджет
кірісінің ұлғаюында маңызды рөль атқарса, дамыған елдерде, бүгінгі күні,
сыртқы сауданы реттеуде маңызды рөль атқарады.
Экспорттық баж салықтар әлемдік нарықтағы тауарлардың құнын
қымбаттатады және шикізатқа қолданылады, бұл жағдайда елдің оған монопольді
артықшылығы бар немесе бұл тауарларды елден шығару шектеледі. Кейде
экспортты елдер әлемдік нарыққа шикізатты жеткізуді шектеу үшін және
өндірушілер мен қазына табысын ұлғайту үшін экспортты баж салықтарды
қолданады. Мәселен, Тайланд пен Мьянманың күрішке, Гананың какао-бобқа,
Бразилияның кофеге салық салуы.
Транзиттік баж салықтар бүгінгі күнде әлемде қолданылмайды деп айтуға
болады, кейбір дамушы елдерді ескермесек.
Антидемпингтік баж салықтар АҚШ-та, ЕС елдерінде, Канада және
Австралияда импортты қорғау үшін өте жиі қолданылады.
Біздің еліміздегі кедендік-тарифтық реттеу нормативті – құқықтық
құжаттарға негізделеді. Кедендік тариф бұл жүйеленген кедендік баж салықтар
қойылымдарының тізбесі. Ол тауарларды кодтауға және бейнелеу жүйесінде
қолданылатын кедендік істің нормалары мен қағидаларына негізделген.
Қазақстан әлі халықаралық конвенцияға қосылған жоқ (Брбссель, 1983 ж 14
маусым), біздің ел Гармонизацияланған Жүйемен (ГЖ) сәйкес келетін ТМД
елдерінде қолданылатын Сыртқы Экономикалық Қызметтің Тауарлық
Номенклатурасын (СЭҚ ТН) қолданады.
ГЖ мен СЭҚ ТН негізінде тауар белгілерінің жиынтығы жатады:
- тауар өндірілген материалдар;
- қолдануы;
- химиялық құрамы;
- тауарларды өңдеудің сатылылығы;
- әлемдік сададағы тауардың мәні.
ГЖ-де тауарларды классификациондық топтамаларға жатқызудың біртаңбалық
қағидасы қолданылады. Тауарларды кодтау өнімді стандарттық анықтауда
Халықаралық ақпарат алмастыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Сондықтан, Қазақстандық экспорттық тауарлардың директориясы мен
деректер базасына кез келген импорттерге кеңес бере алады, себебі СЭҚ ТН-ң
алты таңбалы коды ГЖ-мен мәндес.
Қазақстандық кедендік төлемдер 3 үлкен топқа жіктеледі:
1. Баж салықтар:
- арнайы кедендік баж салық;
- сезондық кедендік баж салық;
- компенсациондық баж салық;
- антидемпингтік баж салық.
2. Алымдар:
- кедендік құжаттау алымы;
- тауарларды сақтау алымы;
- тауарларды кедендік бақылау үшін алым;
- кедендік органдардың лицензия беру үшін алым;
- кедендік құжаттау маманы туралы куәлік беру үшін алым.
3. Көрсетілген қызмет үшін төлемдер:
- ақпарат беру мен кеңес беру үшін төленетін төлем;
- алдын-ала шешім қабылдау үшін төлем;
- кедендік аукционға қатысу үшін төлем.
Егер Қазақстанның территориясына елдің экономикалық қауіпсіздігіне
қауіп төндіретін мөлшерде немесе қауіп төндіретін шарттар негізінде
тауарлар әкеленетін болса, арнайы кедендік салық қолданылады.
Сезондық баж салықты Қазақстан үкіметі белгілі бір мезгілде тауарды
алып келу мен шығаруды оперативті реттеу мақсатында қолданады, мұндай баж
салықтың қолдану мерзімі ҚР-ның заңнамасы бойынша 4 айдан аспау керек.
Компенсациялық баж салықтар Қазақстанда тауарды өндіруде субидиялар
қолданған жағдайда (тікелей немесе жанама түрде) қолданылады, сонымен бірге
егер мұндай тауарлардың импорты Қазақстандағы ұқсас тауарды шығаратын
өндірушілерге зиян тигізсе баж салықтың осы түрі қолданылады.
Егер Қазақстанға экпорттайтын елінің бәсекелестік бағадан төмен
бағамен тауарлар әкелінгенде, антидемпингтік баж салық алынады. Мәселен,
1998 ж тамызындағы ресейлік активтер арзандады, энергияға, транспорттық
тарифтің, шикізат бағалары Ресейде басқа елдерге қарағанда 2-3 есе төмен
болды. Бұл ТМД елдері мен Қазақстанда демпингтік бағалары бойынша ресей
импортының ағымдарын туғызды. Осыған жауап ретінде Қазақстан Үкіметі Ресей
тауарларының импортына қатаң шектеулер енгізді, яғни азық түлік импортына
тыйым салынды және кейбір тауарларға антидемпингтік баж салықтарды салды.
Қазақстанда халықаралық құқық нормаларына сай транзиттік баж салықтар
қолданылмайды [5].
ҚР Үкіметі кедендік баж салықтардың қойылымын Кедендік – тарифтік
Кеңестің ұсыныстары бойынша анықтайды. Кедендік төлемдерді есептегенде
тауарлардың кедендік құны ескеріледі. Импорттық тауарлар үшін қолданылатын
кедендік салық төмендегідей формуламен анықталады [6].

ТС-кедендік баж салық;
ТҚ-кедендік құны;
Қ-импортталатын тауардың кедендік қойылымы.
Қазақстандағы импорттық тауарлардың кедендік құны тауардың құны,
сақтандыру және белгіленген орынға тасымалдаудан тұратын СИФ бағасының
котировкасына негізделеді. Қазақстанда импорттық тауарларының кедендік құны
Тариф және Сауда туралы Бас келісімінде (ГАТТ) белгіленген қағидалармен
анықталады, қазіргі кезде ол Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) деп аталады.
Қазақстанның кедендік заңнамасы декларанттың құқықтар мен міндеттер
көлемін реттейді. Құжаттауды жүргізетін кедендік орган декларант мәлімдеген
кедендік құнның дұрыстығы жөнінде шешім қабылдауға құқылы, егер тауардың
кедендік құны нақты анықталмаған десе, онда бұл құн қайта қарастырылады.
Заңға сәкес кедендік төлемдер кедендік декларация қабылдағанға дейін
немесе қабылданған күні төленеді де, мемлекеттік бюджетке түседі. Кедендік
қызметтен түсетін қаржының 70 % республикалық бюджетке, 10 % жергілікті
бюджетке және 20 % кедендік органдарға беріледі.
Мемлекет кедендік баж салықтардан басқа сыртқы сауданы реттеудің
тарифтік емес әдістерін кеңінен қолданады, оларды шартты түрде мөлшерлік
шектеулер, сауда саясатының қаржылық әдістері, үкіметаралық келісім және
сауданы реттеудің жасырын әдістер деп бөле аламыз.
Мөлшерлік шектеулер бұл сауда айналымын мемлекеттік реттеудің тарифтік
емес мемлекеттік реттеудің әкімшілік формасы, бұл экспорт пен импортқа
рұқсат берілген тауарлар көлемін және номенклатурасын анықтайды. Мөлшерлік
реттеудің келесідей түрлері бар: квоталау, лицензиялау және экспортты еркін
шектеу.
Мөлшерік шектеудің ең көп таралған түрі квота болып табылады. Квота бұл
белгілі уақыт аралығында белгіленген мөлшер мен сомамен экспорт немесе
импортты тарифтық емес мөлшерлік шектеу шарасы.
Квота мен кедендік баж салықтың арасындағы басты айырмашылық үкімет
квота енгізген кезде табысқа ие болмайды. Импорттық квотаны енгізгенде
табыс тұтынушылардан импорт компанияларының пайдасына бөлінеді. Олар квота
шеңберінде төмен әлемдік бағалармен тауардың белгілі бір мөлшерін сатып
алып, тұтынушыларға жоғарғы бағамен сата алады.
Ипорттайтын компаниялардың квота рентасы деген атауға ие болды. Осы
табыстың бір бөлігін бюджетке алу үшін үкімет квота шеңберінде тауарды
импорттау мен экспорттауға құқық беретін лицензияларды сату жөніндегі
аукцион ұйымдастырады. Лицензияларды сатудан жинақталған қаржы мемлекеттік
бюджетке түседі.
Тариф пен квотаның экономикалық айырмашылығы тек бөлгіштік мәнінде ғана
емес, сонымен бірге импортқа әсер ететін тариф пен квотаның шектеу
әсерінде. Квота – бұл импортқа тікелей және неғұрлым күшті әсер етеді,
импорттың тікелей шектелуі.
Мөлшерлік шектеудің басқа түрі экспортты еркін шектеу (ЭЕШ) болып
табылады. Шектеудің бұл түрін үкімет ірі импорттаушы елдің саяси ықпалымен,
экспортты еркін шектеуден бас тартқан жағдайда біржақты шектеу шараларын
қолданудан қауіптенгеннен енгізеді. ЭЕШ – бұл импортер елі емес, экспортер
мемлекеті енгізген квота. ЭЕШ импортер елдерге баж салық төлеуден де жоғары
шығындарға әкеледі.
Сауда саясатының қаржылық әдістері субсидия, несиелеу және демпинг
болып бөлінеді. Бұлардың бәрі экспортты қаржыландыруға бағытталған және
ұлттық өндірушілер мен экспортерлерге тиімді жағдай туғызатын шетел
компанияларына қарсы дискриминацияны білдіреді.
Субсидия – ұлттық өндірушілерді қолдануға және импортты жанама
дискриминациялауға бағытталған ақшалай төлем. Тікелей субсидиялар
экспорттық мәмілелерден кейін табыс пен шығындардың арасындағы айырмашылық
көлеміндегі соманы экспортерге төлеу болып табылады. Мұны басқаша, сыртқы
нарыққа шығатын өндірушілердің дотациясы деп атауға болады. Жанама
субсидиялар - салықты төлеуде жеңілдіктер беру, сақтандыру жағдайын
жеңілдету, нарықтық қойылымнан төмен қойылыммен қарыз беру, импорттық баж
салықтарын қайтару т.б. секілді жеңілдіктерді беру арқылы жасырын
дотациялау. Субсидиялар импорттық тауарлармен бәсекелес тауаралар
өндірушілерге және экспорттық тауарларды өндірушілерге берілуі мүмкін.
Экспортты несиелеуде мемлекет ұлттық фирмаларды экспорттық жағынан дамыту
үшін қаржылық ынталандыруды қарастырады. Экспорттық несиелеудің
төмендегідей формалары болуы мүмкін:
- ұлттық экспортерлерге берілетін субсидияланған несиелер, яғни
мемлекеттік банктердің төмен қойылыммен несиелер беру;
- шетел импортерлердің мемлекеттік несиесі, яғни несиені берген елдің
фирмаларынан тауарларды міндетті түрде алуға негізделген несие;
- ұлттық экспортерлердің экспорттық тәуекелдерін сақтандыру, оның
ішінде коммерциялық және саяси тәуекелдер.
Экспорттық несиелеуді әдетте, экспорттық несиелеу жөніндегі ұлттық
агенттіктер жүзеге асырады, олар экспортты қаржыландыру үшін бір-бірімен
келісім жасайды. Осындай ең ірі біріккен агенттіктер Экспорттық топ және
несие мен инвестицияны сақтандыратын Халықаралық Одақ болып табылады.
Демпинг елдердегі бағалар деңгейінен төмен экспорттық бағаларды кеміту
арқылы сыртқы нарыққа тауарды шығаруға негізделеді. Демпинг жеке
фирмалардың ресурс есебін де, экспортерлердің мемлекеттік субсидия есебінен
де жүзеге асуы мүмкін.
Демпинг төменде көрсетілген формаларда бола алады:
- спорадикалық демпинг, оның негізіне сыртқы нарықта тауарлардың артық
қорын сату жатады;
- алдын ала жопсраланған демпинг, бәсекелестерді нарықтан шеттету мен
монопольді бағаларды орнату мақсатында экспорттық бағаларды уақытша
төмендетуді көздейді;
- тұрақты демпинг – төмен бағамен тауарлардың тұрақты экспорты;
- кері демпинг – ішкі рыноктағы тауарларды сатудың бағасымен
салыстырғанда экспорт бағаларын көтеру.
Демпингке Дүниежүзілік Сауда Ұйымының көлеміндегі халықаралық
ережелермен жіне көптеген елдердің ұлттық демпингке қарсы заңдарымен тыйым
салған. Қазақстанда да антидемпингтік заң өз күшінде.
Соңғы кезде әлемдік тәжірибеде тарифтік емес саясаттың басқа әдісі
кеңінен қолданылуда, ол – жасырын протекционизм. Бұл орталық мемлекеттік
немесе жергілікті үкімет органдарының енгізген алуан түрлі сауда
кедергілері. Оларға техникалық кедергілер, ішкі салық пен жинақтар,
мемлекеттік сатып алулар саясаты, жергілікті компоненттердің құрамы туралы
талаптар және т.б. жатады.
Ұлттық, техникалық, әкімшілік және басқа да нормалардан құралатын
техникалық кедергілер шетелден келетін тауарларға бөгет жасау үшін
қолданылады. Техникалық сипаттағы ең көп таралған кедергі – бұл ұлттық
стандарттарды сақтау жөніндегі талаптар, импорт өнімі ретінде сертификат
алу, тауарларды маркелеу және т.б. Ішкі салықтар мен жинақтар импорт
тауарларының ішкі бағасының өсуіне және сол арқылы ішкі нарықта оның
бәсекеге қабілеттігін төмендетуге бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу саясаты мемлекеттік органдар мен мекемелерден
белгілі тауарларды, импорттық тауарлар бағасының төмендігіне қарамастан,
ұлттық фирмалардан сатып алуды талап етеді. Сауда саясатының құралы ретінде
пайдаланылатын жергілікті компоненттердің құрамы жөніндегі талаптарды,
негізінен, дамушы елдер қолданады, олар кейін импорттан бас тарту үшін
импортталған тауарды өндірудің ұлттық базасын құруды мақсат етеді. Бұл
әдістің маңызы – мемлекет ұлттық өндірушілер өндірілетін соңғы өнімнің
заңды үлесін белгілейді, алайда мұндай тауар ішкі нарықта сатылған жағдайда
ғана жоғарыдағы әдістің маңызы зор.
Мемлекет сауда саясатының кедендік-тарифтік реттеу құралдарын қолдану
арқылы сыртқы саудаға әсер етеді, өз тауарларын әлемдік нарыққа шығару
немесе өз нарығын шетел бәсекелестерінен қорғау үшін экспорттық-импорттық
операцияларды реттейді.

1.2 Кедендік-тарифтік реттеудің әлемдік тәжірибесі

Барлық әлем мемлекеттерінде сыртқы сауда тарифтік және тарифтік емес
шаралар арқылы реттелінеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының талабына сай
кедендік тариф сыртқы сауданы бір қалыпқа келтірудің негізгі құралы болып
қалыптасуы керек [7, б.57].
Бұл ұйымның негізгі қағидасы әлемдік сауданы сауда және кедендік баж
салықтарын төмендету жолымен максималды либерализациялау болатынын айта
кеткен жөн. Сонымен қатар, АҚШ, Еуропа Одағының елдері мен Жапония сияқты
дамыған елдер әлемдік ірі өндірушілері бола отырып, сәйкесінше сыртқы сауда
айналымының көлемі бойынша басты орындарға ие. Сондықтан да, біздің
ойымызша, осы халықаралық сауданың ірі қатысушыларының сыртқы сауда
жүйесін, соның ішінде кедендік-тарифтік реттеу жүйесін қарастырған жөн.
АҚШ –тың жаңа үлгідегі импорттық кедендік тарифі тауарларды кодтау мен
Гармонизацияланған сипаттау жүйесі негізінде сегіз таңбалық номенклатураға
ие. Ол баж салықтар екі қойылымдық бағанадан тұрады (адвалорлық және
арнайы). Екінші баған -1930 жылы тариф туралы заңда бекітіліп, әлі күнге
дейін өзгеріссіз қалған қойылымдар. Бұл қойылымдар АҚШ Барынша Қолайлы
Режимін (БҚР) бермеген мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қолданылады.
Оларға бұрынғы КСРО, кейін Қазақстанның импорты жатты ( БҚР туралы
келісімге дейін). Бұл қойылымдар, сонымен қатар, Ауғанстан, Албания,
Вьетнам, Камбоджи, ҚХДР, Куба, Лаос, Латвия, Монғолстан, Румыния, Эстония
тауарларына да қолданылған. Заңмен бекітілген қойылылдар 25%-дан 60%-ға
дейін құрады, бірақ кейбір тауларға (мысалы, тоқымаға) 90%-ға дейінгі
кедендік тариф қойылымдары болды [8, б.52].
Тарифтің бірінші бағанасы екі қосымша бағаналарға бөлінеді. Олардың
біріншісіне БҚР режимі берілген мемлекеттерге қолданылатын жалпы
қойылымдар жатады. Бұл режимді американдық заңнамасы бойынша қолдану үшін
арнайы келісім-шарттардың қажеті жоқ, оны заңдарда арнайы аталмаған
мемлекеттер автоматты түрде қолдана береді. БҚР-ге Қазақстанның құқығы
1974 жылғы сауда туралы Заңына Джексон –Вэниктің түзетуі бойынша әр жыл
сайын тексеріліп отырылуы керек еді. Бірақ АҚШ президенті бұл түзетуді
алып тастау туралы ұсыныс жасады.
Орташа салмақталған баж салықтарының қойылым деңгейі ауылшаруашылық
өнімдері үшін 3% , ал өндірістік өнімдер үшін 5% құрайды. Тауарлардың
кейбір категориялары үшін (темекі, көк-өніс, керамика, бензолды
химикаттар, киім мен тоқыма) орташа салмақталған қойылым деңгейі біршама
көп (кейде 20% болады). Тәжрибеде ең жоғары баж салықтар арнайы баж
салықтары болады. 1989 жылы арнайы баж салықтардың адвалорлық эквиваленті
кейбір табак өнімдеріне 1775%, какао мен одан жасалған өнімдерге -338%, ал
кейбір қол және үстел сағаттардың түріне - 151% дейін жетті [8, б.53].
Кейбір тауар түрлеріне (қант, сүттің кейбір түрлері, кілегей, жасыл
оливкалар және т.б.) арнайы тарифтік квоталар бекітілді. Осы квоталар
негізінде тауарларды әкелуде салық қойылымдары 70-75 % төмендейді.
Сүт, май, көк-өніс пен жемістердің кейбір түрлеріне (АҚШ-та
өндірілетін) сезондық баж салықтар салынады. Сонымен қатар, салық
қойылымдарының уақытша өсуі немесе төмендеуі байқалады, кейбір
мемлекеттерден әкелінетін тауарларға, мысалы, Еуропалық Одақтан әкелінетін
сиыр етіне, консервленген томаттарға, сусындарға немесе Жапониядан тері
өнімдері мен тері өңдейтін машиналарға да бұл жағдай қолданылады.
Бірінші бағананың екінші қосымша бағанаға американдық Жалпы
преференциялар жүйесіне (ЖПЖ) сәйкес префенциалдық салық қойылымдары
жатады. АҚШ-та Жалпы преференциялар жүйесі 1976 жылдан бастап қолдануда.
1993 жылдан бастап осы жүйеге ГЖ-ң сегіз таңбалы жіктелуі бойынша 4100
тауарлық позициялары кіреді, бұл тауарлар 131 дамушы елдер мен
территориялардан әкелінген болатын.
Преференцияларды пайдаланып жүрген мемлекеттер Жалпы преференциялар
жүйесінен алынып тасталуы мүмкін. Бұл жағдай егер мемлекет адам басына
шаққандағы ЖҰӨ-нің белгілі бір деңгейге жетіп, оның экономикасының
дамуында айқын алға басушылық байқалса жүзеге асырылады.
Жалпы преференциялар жүйесіне түсетін тауарлар мен мемлекеттер жыл
сайын қарастырылып отырады.
ЕС-тің біріккен кедендік тарифі жыл сайын Еуропалық Одақ Комиссиясымен
екі нұсқада шығарылады: ресми шығарылым және анағұрлым толық ақпаратты
қамтитын интеграцияланған (кеңейтілген) шығарылым.
1988 жылы 1 қаңтардағы тарифтің негізі ГЖ бойынша қалыптасқан сегіз
таңбалық (хххххх – 6 таңбалы тауар коды; хх – қосымша детализация)
номенклатура. Интеграцияланған тарифте номенклатура 13 таңбаға дейін
кеңейген. Ортақ тарифте жұлдызшамен белгіленген 9-шы таңба ЕС-тің жеке
мемлекеттерінің статистикалық мақсатына негізделген, 10 және 13 сандары
тарифтік позицияны нақтылап, тарифтік позицияны толығымен алмай кейбір
тауар категорияларының импортын реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тарифтің ресми шығарылымы екі бағаналық құрылымға ие. Бірінші бағанаға баж
салықтарының автономдық қойылымдары жатады. Бұл қойылымдар максималды
болады, сондықтан да сирек қолданылады. Көптеген тауарларға баж салықтар
қойылымы 4 %-дан 25 % -ға дейін құрайды, бірақ автокөлік құралдарына 29 %,
қантқа – 80 %, темекі өнімдеріне – 180 %. Майдың дәндері, ірі-қара азығы,
минералды өнімдер, ағаш және т.б. баж салықсыз импортталады [8, б.60].
Екінші бағанада конвенционалды қойылымдар көрсетілген. Бұл қойылымдар
БҚР қолданушы, ДСҰ мүшесі болып табылатын елдердің тауарларына қолданылады.
Жалпы БҚР қойылымы кез-келген өнімге қолданылады. Бұл қойылымдар азық-түлік
өнімдері мен ауылшаруашылық өнімдерге қолданылатын автономды қойылымнан 10-
12 % төмен, ал олардың орташа арифметикалық деңгейі 12,4 % құрайды. Басқа
тауарлар үшін БҚР қойылымы 25 %-дан 70 %-ға дейін болады, ал олардың орташа
деңгейі - 6,4 %.
Интеграцияланған тарифте тек қана кедендік баж салықтар туралы
деректер емес, сонымен қатар сыртқы сауданың басқа да реттеу құралдары да
туралы деректер көрсетілген. Бұл тарифтің 7-ші бағанасында баж салықтардың
қолданатын қойылымдары көрсетілген. БҚР қойылымдары бекітілген жерлерде осы
нақты қойылымдар қолданылады, ал егер де берілген тауарға конвенционалды
қойылым жоқ болса, салық автономды қойылым бойынша алынады. БҚР қойылымы
ет, құс, сүт өнімдері, астық, қант, шарап, крахмал сияқты сезімтал
өнімдерге қолданылмайды [8, б.60]. Сонымен қатар, берілген бағанада
кедендік баж салығымен бірге немесе оның орнына импорттық алымдар
қолданатын тауарлар белгіленген.
Бұл бағана тарифтік квоталар негізінде әкеленетін тауарларға салынатын
баж салықтар қойылымдардан құралады. Мұндай квоталар негізіндегі
төмендетілген баж салықтар ірі қара малға, сиырларға, балықтың кейбір
түрлеріне, цитрус жемістеріне, кейбір көк-өністерге, кофеге, какаоға,
гүлдерге, гүл шоғына, орамдалған газет қағаздарына, тоқымаға, кейбір қолдан
жасалған өнімдерге, сонымен бірге түсті металдарға қолданылады.
ЕС-е преференцияны берудің 6 кестесі бар. Оның ішіндегі ең жалпыланған
түрі – дамушы елдерге берілетін Жалпы преференциялар жүйесі (ЖПЖ) деген
кестесі. ЖПЖ бойынша баж салықтардың қойылымдары интеграцияланған тарифтің
сегізінші бағанасында көрсетілген.
ЖПЖ жүйесінен шекарасынан шыққан кейбір сезімтал тауарлардан
санамағанда (қара металдар, тоқыма), барлық дамушы елдер өндіретін
өндірістік өнімдер мен жартылай фабрикаттарға кедендік баж салықтар
салынбайды. Олардың импортталуы белгілі квота көлемімен немесе қорғаныс
ескертпесіне сәйкес (ұлттық экономиканы қорғау үшін) шектелуі мүмкін, 47
дамыған елдер үшін, сонымен бірге Боливия, Колумбия, Эквадор, Перу, Коста-
Рика, Сальвадор, Гватемала, Гондурас, Никарагуа және Панама үшін кейбір
мөлшерлік шектеулер қолданылмайды, ал преференция кең көлемде жүзеге
асырылады. Ал Қытай мен Ганконгқа қолданылатын шектеулер өте қатал.
Дамушы елдердің аграрлық азық-түлік өнімдері (шамамен 700 тарифтік
позиция) үшін ЖПЖ бойынша салынатын баж салықтар 20%-дан 60%-ға дейінгі
көлемге төмендетілген. Бұл тауарлардың импорты төмен дамыған елдерден баж
салықсыз да жүзеге асырылады. ЖПЖ кестесінде жануарлар, ет, үй құсы,
балық, сүт өнімдері, жеміс-жидек, қант, шарап толығымен немесе жартылай
алынып тасталды.
Консервіленген ананас, кофе, шай, сонымен бірге өңделмеген темекі
(қытайдікінен басқа) тарифтік квоталар көлемінде преференциалды қойылыммен
импортталады [9, б.82].
ЖПЖ кестесін барлық дамушы елдер қолдануда.
Олар:
- Ломей Конвенциясының негізінде Африканың, Кариб бассейні мен Тынық
мұхиты елдерінің 69-на берілген жеңілдіктер. Бұл елдерден кейбір минералды
және аграрлық өнімдерін (күріш, жүгері, сиыр еті, апельсин)санамаған кезде,
басқа кез келген тауарлар баж салықсыз кіргізіледі. Ерекше тәртіп ромға,
қант пен бананға да орнатылған;
- Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс (Алжир, Марокко, Тунис, Египет,
Иордания, Ливан, Ирия) елдеріне берілген жеңілдіктер. ЕС-ке өндірістік, ал
1995 ж бастап дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдерін еркін импорттау қамтамасыз
етілген.
Сонымен бірге:
- Норвегия, Исландия және Швейцария елдерімен еркін сауда туралы
келісімге қол қайылды. Осы елдерде өндірілетін жартылай фабрикаттар мен кез
келген өндірістік өнімдер баж салықсыз кіргізіледі. (Исландияда
өндірілетін қара металдардан басқа). Преференциалды режим ауыл шаруашылық
өнімдері мен азық-түліктердің бірнеше түрлеріне таратылған.
- Түркия, Мальта, Кипр елдерімен ассоциациялық келісім жасалған
(өндірістік өнімді баж салықсыз импорттау);
- Израильмен өндірістік өнімдерімен еркін саудаласу келісімі жасалған
[9, б.85].
Жапонияның кедендік – тарифтік саясаты. Жапонияның импорттық кедендік
тарифінің баж салық қойылымның төрт түрі бар: жалпы, уақытша, қойылымдар
және преференциалды. Жалпы қойылымдар максималды болады және өте сирек
қолданылады. Уақытша қойылымдарды уақытша тарифтік шаралар туралы Заңында
белгіленген. Жалпы және уақытша қойылымдар заңды түрде орнатылған
қойылымдардың категориясына жатады.
Олардың деңгейі 0 %-н 55 %-ға дейін құбылып тұрады. Баж салықтар
деңгейі кейбір ет және сүт өнімдері, көк-өніс, жеміс-жидек, алкогольды
сусындар және тоқыма үшін салыстырмалы жоғары (40-50 %). Сонымен бірге,
уақытша қойылымдар жалпы қойылымдардан төмен болады. Заңды түрде бекітілген
қойылымдар БҚР берілмеген елдердің (ҚХДР, Въетнам, Непал, Ливан, Андорра,
Албания, Экваториалды, Гвинея, Ботсвана, Лесото) импортына қолданылады [7,
б.57].
ДСҰ қойылымдары – бұл көпжақты сауда келіссөздеріне сәйкес анықталған
баж салықтарының қойылымы. БҚР-ны қолданатын елдердің тауарларына не ДСҰ-ң
қойылымы,не уақытша қойылымдар, егер олар төмен болса қолданылады.
Қойылымдардың орташа деңгейі 1992 ж. бастап 3,4 % құрайды.
Тарифтік квота шегінде баж салық ірі қара малдың етіне, өндірістік
қайта өңдеу үшін қолданылатын, шоколадты өндіруге, соустарды дайындайтын
пастаны, ананасқа, алкогольды шырындарды дайындауға арналған
денатурализацияланбаған этил спиртіне, тері мен теріден жасалған аяқ-киімге
салынады. Апельсинге, бананға және грейп жемістеріне уақытша баж салық
орнатылған. Преференциалды баж салықтар ЖПЖ жүйесінің шегінде қолданылады.
Олар ГЖ-ң төртаңбалық жіктеуінің 77 ауылшаруашылық тарифтік позицияға
таратылады. Преференциялар ГЖ-ң төртаңбалық жіктеуі бойынша 27 позициядан
басқа барлық өндірістік тауарларға қолданылады (мұнай майлары, жібек жібі,
сүйек пен қабықтан жасалған желім, жібек маталар, мақта жіптер, киім және
теріден жасалған киім, фанера, резенке табаны бар аяқ киім). Преференциялар
таратылатын аграрлық өнімдердің үштен бір бөлігі және өндірістік өнімдердің
көбі баж салықсыз кіргізіледі [7, б.70].
Жапонияның Жалпы преференциялар жүйесі көптеген елдерді қамтыған
кеңінен таралған кестенің бірі. Ол 134 мемлекет пен 25 территорияға
таратылады, 41 төмен дамыған елдің барлық тауарлары ешқандай мөлшерлік
шектеусіз, баж салықсыз импортталады.
1993 жылдың 1 сәуірінен бастап ЖПЖ-ң Жапонияның жүйесі Чехияға,
Словакияға және Словенияға таратылған. 1999 ж бастап оны Қазақстанға,
Украинаға, Беларуссияға, Түркменстанға, Арменияға, Грузияға, Молдавияға
тарату жөнінде сұрақ қарастырылып, оң нәтиже алды.
Шетел елдерін кедендік-тарифтік реттеу жүйелерін қарастыруы
төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік сауда ұйымы
шеңберіндегі жүргізілген көпжақты сауда келіссөздері, әлемдік саудан мен
кедендік тәжірибеде сауда-саяси тәртібінің либерализациялауына әкеп соқты.

2.1 ҚР-ң кедендік-тарифтік реттеу саясатының даму кезеңдері және
оның қазіргі таңдағы жүзеге асырылуы

Егер Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметін және сыртқы сауда
саясатының, оның ішінде кедендік-тарифтік реттеу жүйесінің дамуы мен
қалыптасуын жеке-жеке сатыларға бөлетін болсақ, онда олардың құрылымы
төмендегідей болады:
Бірінші саты (1987-1990 жж.) – бұрынғы кеңестік мемлекеттердің әрі
қарай саяси-экономикалық дамуына алғышарт болған КСРО құрамындағы
реформалар.
Екінші саты (1991-1994 жж.) - сыртқы экономикалық қызметті тәуелсіз
мемлекет ретіндегі либерализациялаудың алғашқы реформалары.
Үшінші саты (1995-1997 жж.) - сыртқы экономикалық қызметті
либерализациялау бойынша келесі қадамдары және ТМД мен шетел
мемлекеттерімен көпжақты сауда шарттары мен келісімдеріне қол қою.
Төртінші саты (1998-1999 жж.) - әлемдік қаржы дағдарысымен байланысты
сыртқы экономикалық қызметтің өзгеріп, қайта құрылуы, сыртқы сауда
режимінің қатаңдануы.
Бесінші саты (1999 жылдың екінші жартысынан басталады) – елдегі
экономикалық өсуімен сипатталатын, ең алдымен әлемдік нарықтарының
канъюнктурасының жақсаруы мен минералды ресурстарға бағаның өсуімен
байланысты сыртқы сауда саясатының дамуының жаңа сатысы.
Жоғарыда аталған даму сатыларының шеңберінде Қазақстандағы экономикалық
және саяси қайта құруларды нақтырақ қарастырып өтейік.
Бірінші саты. 1986 жылы 19 тамызда КСРО-ның Министрлер Кеңесінің
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқаруды жетілдіру шаралары туралы
Қаулысы сыртқы экономикалық қызметті реформалаудың алғашқы актісі болды.
Осы Қаулыға сәйкес министрліктердің құқықтары кеңейіп, кейбір кәсіпкерлік
мекемелеріне сыртқы сауда нарығына шығуына рұқсат берілді.
1987 жылы 13 қаңтарда КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен бірлескен
кәсіпорындарды (БК) құруға және КСРО территориясында шетелдік капиталмен
ұйым құруға рұқсат берілді. Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) дамуы мен
либерализациялануында КСРО Министрлер Кеңесінің 1988 жылы 12 желтоқсанда
қабылдаған Мемлекеттік кооперативтік және басқа да қоғамдық бірлестіктер
мен ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметінің алдағы уақытта дамуы туралы
қаулысы мен 1988 жылы 26 мамырда қабылданған КСРО-ның КСРО-дағы
кооперациялар туралы Заңы ерекше орын алды [10].
Осылайша ҚР-ң сыртқы сауда саясатын зерттеуде 1991 жылға дейін
республиканың дамуы бұрынғы КСРО-ның орталықтанған жүйесі арқылы жүзеге
асқанын ұмытпаған жөн. Мемлекетіміз КСРО-ның басқа мемлекеттеріне
энергетикалық ресурстарды, астық, ауылшаруашылық өнімдерін өткізумен
айналысты, яғни экономика шикізаттық мәнге ие болды.
Барлық ішкі, республикааралық және сыртқы сауда мемлекеттік тапсырыс
жүйесімен реттеліп отырылды. Экспорттық лицензиялар мен квоталар 200 тауар
атауына таралып, стратегиялық тауарлар экспорты тек одақтық деңгейдегі
сыртқы экономикалық, монополиялық құрылымдар арқылы ғана жүзеге асты.
Бұрынғы КСРО елдерімен барлық сауда екі жақты үкіметаралық
келісімдермен бір қалыпқа келтіріліп, клирингтік негізде өткізілді.
Екінші саты. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан сыртқы экономикалық
қызметті либерализациялау жолына түсті. ҚР-ң Кедендік тариф және баж
салық туралы Заңы 1991 жылы 24 желтоқсанда қабылданды [11]. 1991 жылы
Қазақ КСРО-ң сыртқы экономикалық қызметін 1992-1993 жылдары дамыту туралы
бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама ҚазКСР сыртқы экономикалық қызметтің
даму Концепциясы негізінде жасалған. Кейінірек Президенттің Заңды күші бар
ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметін экономика қалыптасуы кезеңі мен
экономикалық реформалар қабылдау кезеңінде дамыту туралы Үкімі шықты. Бұл
Үкім 1992 жылдың 25-қаңтарында қабылданып, жоғарыда айтылған концепция мен
СЭҚ дамыту бағдарламасының негізгі шарттары кірді [12]. Сонымен қатар, әр
түрлі өнім түрлерінің баға либерализациялануына байланысты көптеген
құжаттар қабылданды [13,14].
СЭҚ-ті либерилазациялауда маңызды қадам 1993 жылы квота саны 34 атауға,
ал лицензия 61-ге қысқарған кезде жасалды. Экспорттық квоталар мен
лицензияларды сатуға аукциондық тәртіп енгізілді. Республикаралық сауданың
үкіметаралық келісімдермен байланысуы 60%-ға қысқарды. Мемлекеттік тапсырыс
жүйесін экспорттық өнімге келісімдік бағалары ауыстырды, 145 өнім түрлеріне
экспорттық салықтар енгізілді, салықтардың орташа мөлшері 15% құрады.
Импорттық лицензиялар өнімнің 5 түріне тарап, 0,5%-дан 21%-ға дейін салық
салынды. 20 мекемеден артық сыртқы экономикалық қызмет жеңілдіктерін
пайдаланды. Импорттық режим экспорттық режиммен салыстырғанда әлдеқайда
либералды болды. Көп мөлшерде бұл жағдай рубль курсының төмендеуімен
байланысты болды.
Қазақстан үкіметінің 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютаны енгізуі мен
қатаң монетарлық саясат жергілікті өндірушілердің бәсеке қабілеттілігін
төмендетті, осының нәтижесінде импорттық шектеулер рөлі артып кетті. 1993
жылы импорттық кедендік баж салықтар жоғарылады, 5%-дан 100%-ға дейінгі
аралықта болды. Орташа салмақталған импорттық тариф 20-25%-ға дейін
жетті.Оған қоса, импортталған тауарларға 20% мөлшерінде Қосылған құн салығы
(ҚҚС) салынды.
ҚР-ң экономикалық дамуының бұл кезеңі инфляцияның жоғарғы қарқынмен,
өнеркәсіптің көптеген салаларында өндірістің төмендеуімен сипатталады.
Қатаң ақша-несие саясаты 1993 жылы 2265% деңгейден 1997 жылы 11,2% -ға
дейін инфляцияның төмендеуіне әсерін тигізді [43]. 1998 жылы инфляция
деңгейі 1,9% дейін төмендеді, яғни бұл дегеніміз жиналған ақша массасының
ЖІӨ-нің 8,5% төмендеуімен шарттасады (1995-1997 ж. – 10-11%) [15, б.23].
1994 жылы лицензиялау мен квоталауға арналған тауарлар саны азайды (34
атауға және 7 атауға сәйкесінше). ҚР-ң Президенті Үкімімен Экономикалық
дағдарыстан шығу мен реформаларды тереңдету туралы бағдарлама қабылданды
[16]. 1994 жылғы 15 сәуірдегі шыққан алдын-ала жүктеу инспекциясы
келісіміне байланысты мұнай мен мұнай өнімдеріне бағалық либерализациялау
жүргізілді [17].
Үшінші саты. 1995-1997 жылдарда ҚР-ң сыртқы саудасын либерализациялауда
келесі қадамдар жасалды: қысқа тауар тізімін ескермесек, барлық экспорттық
квоталар және лицензиялар алынып тасталды, сыртқы саудада стратегиялық
тауарлар үшін монополия жойылды, экспорттық валюталық табысты міндетті
сатылуы алынды, аукциондық және биржалық сауда кеңейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі
Әлемдік кедендік тарифтік реттеу
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Сыртқы саудадағы мемлекеттік саясат
Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы
ҚР сыртқы экономикалық қызметінің дамуы
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін
Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы
Пәндер