Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы



КІРІСПЕ
I. ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ДІНИ.ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.
1.1. Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесі.
1.2. Ислам құқығының қалыптасуында Құранның орны
(Шариғат және Фиқһ).
II. ИСЛАМДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕКТЕПТЕР
(арасындағы діни.дүниетанымдық ерекшеліктері).
2.1. Мазхабтардың пайда болуының алғы шарттары.
2.2. Ханафииттер.
2.3. Шафииттер.
2.4. Ханбалиттер.
2.5. Маликииттер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Курстық жұмыстың тақырыбы: “Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы”.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өзгерген, діни-руханилықтың жаңа дәуірдегі дамуы мен өзгерістерінің қарастырылуы. Шариғат заңдарының қазақ әдет-ғұрыптарында қалдырған ізінің зерттелуі. Сонымен қатар, Ислам дініндегі мазһабтардың қалыптасу тарихының, мектептердің заң қағидаларының ұстану ережелерін түбегейлі қарастыру.
Қарастырылу деңгейі. Бұл жұмысты мен, әуелі Құранға, одан соң бірнеше ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып зерттедім. Тақырыптың қарастырылатын қыр-сырлары көп. Бұрын бұл тақырып кең көлемде қарастырылды деп айта алмаймын. Себебі, осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектер көлемі көпте емес. Мысалы, з.ғ.к., шығыстанушы арабист Нұралы Өсерұлы мұсылмандық құқықтың негіздерін қарастырған болатын. Нақты айтқанда, шариғат заңдарының нормаларын, олардың қазақ әдет-ғұрыптары арасындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін зерттеген болатын. Сонымен қатар, мұсылмандық құқықтың негізгі қайнар көздерін – Құран, Сунна, Ижм, Қияс түсініктерін қарастырған.
Келешекте, мұсылмандық құқықтың діни жүйемен ара-қатынасы жан-жақты кең қарастылылады деген үмітпен, мен де ғылымға өз үлесімді аз да болса қосу мақсатымен осы тақырыпты таңдадым.
Жұмыстың мақсаты: Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесін, сонымен қатар төрт мазһабтар кезеңіндегі құқықтық жүйелерді қарастыру; олардың құқықтық жүйелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету; исламдық құқықтың қалыптасуына құранынның алатын орнын, яғни шариғат пен фиқһ ілімін қарастырып өту; мұсылмандық құқықтың діни жүйемен арақатынасын қарастыру.
1. Климович Л.И. Құран туралы кітап/ Ауд. О.Оралбеков. – Алматы: Қазақстан, 1990. –272 бет.
2. Керимов Г.М. Шариат и его социальная сущность. – М.: Наука, 1978. –223 с.
3. Өсеров Н., Қопабаев Ө. Мұсылмандық құқық. – Алматы: “Жеті Жарғы”, 1998. –96 бет.
4. Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-келісімдері. – Алматы: “Ана-тілі”, 1994. –104 бет.
5. Энциклопедия “Ислам” /Бас редактор Р.Нұрғалиев. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясы” 1995. 198-201 бб.
6. ҚҰРАН (және оның қазақша мағынасы) I бөлім. Ауд. Нұралы Өсерұлы, Серкімбайұлы ат-Түркістани Жұмабай Мақашұлы, Ізтайұлы ат-Тарази. – Алматы: “Білім қоғамы”. Москва.: 1990.
7. Основы религиоведения: Учеб./ Ю.Ф.Борунков, И.Н.Яблоков, К.И.Никонов и др.; Под ред. И.Н.Яблокова. – 4-е изд.; перераб и доп. – М.: Высш. Шк., 2002. –511 с.
8. ИСЛАМ. Краткое введение/ Мэлайз Ратвен: пер. с анг. Е.Чекулаевой. – М.: Астрель: АСТ, 2005. –188 с.
9. Соколов В.В. Средневековая философия: Учеб. пособие для филос. фак. и отделений ун-тов. – М.: Высш. Школа, 1979. –448 с.
10. Тоқжігітов М. Құран туралы ақиқаттар. – Алаты: “Қазақстан”, 1977. –108 бет.
11. ISLAM KUHUK TARIHI. Doc. Dr. Hayreddin KARAMAN. M.U.Ilahiyat Fak. ZAFER MATBAASI. ISTANBUL – 1989.
12. Мұсылмандық құқығының ерекшеліктері // Заң. –1996. 24 қаңтар (№ 3-4) – 10б.
13. Мұсылмандық неке заңдары: негізгі қағидалар // Ислам әлемі. –2000. № 2 12-15 бб.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: “Исламдағы құқықтық мектептердің
қалыптасуы”.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі өзгерген, діни-руханилықтың жаңа
дәуірдегі дамуы мен өзгерістерінің қарастырылуы. Шариғат заңдарының қазақ
әдет-ғұрыптарында қалдырған ізінің зерттелуі. Сонымен қатар, Ислам
дініндегі мазһабтардың қалыптасу тарихының, мектептердің заң қағидаларының
ұстану ережелерін түбегейлі қарастыру.

Қарастырылу деңгейі. Бұл жұмысты мен, әуелі Құранға, одан соң бірнеше
ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып зерттедім. Тақырыптың қарастырылатын қыр-
сырлары көп. Бұрын бұл тақырып кең көлемде қарастырылды деп айта алмаймын.
Себебі, осы тақырыпқа байланысты жазылған еңбектер көлемі көпте емес.
Мысалы, з.ғ.к., шығыстанушы арабист Нұралы Өсерұлы мұсылмандық құқықтың
негіздерін қарастырған болатын. Нақты айтқанда, шариғат заңдарының
нормаларын, олардың қазақ әдет-ғұрыптары арасындағы ұқсастықтары мен
ерекшеліктерін зерттеген болатын. Сонымен қатар, мұсылмандық құқықтың
негізгі қайнар көздерін – Құран, Сунна, Ижм, Қияс түсініктерін қарастырған.

Келешекте, мұсылмандық құқықтың діни жүйемен ара-қатынасы жан-жақты кең
қарастылылады деген үмітпен, мен де ғылымға өз үлесімді аз да болса қосу
мақсатымен осы тақырыпты таңдадым.

Жұмыстың мақсаты: Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесін, сонымен
қатар төрт мазһабтар кезеңіндегі құқықтық жүйелерді қарастыру; олардың
құқықтық жүйелері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету;
исламдық құқықтың қалыптасуына құранынның алатын орнын, яғни шариғат пен
фиқһ ілімін қарастырып өту; мұсылмандық құқықтың діни жүйемен арақатынасын
қарастыру.

I. ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ

ДІНИ-ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.

1.1. Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесі.

Мәдениетті және отырықшы халықтармен салыстырмалы түрде алғанда өзгеше
және бәдәуи ахлақтары мен тіршіліктері болғандығы үшін немесе шынайы бір
Аллаһ сенімінен ұзақ болғандықтары үшін, я болмаса білім-өнермен
айналыспағандықтары үшін болса керек, Исламнан бұрынғы арабтарға жахилия
дәуірі арабтары (қараңғылық) делінген. Бұл халық негізгі екі тектен
шығады: қахтанилер және аднанилер. Біріншісі Арабстан жарты аралының
оңтүстігінде, екіншісі болса солтүстігінде тіршілік етіп, бірнеше тармаққа
бөлінген. Исламмен бетпе-бет келген жахилия дәуіріндегі арабтардың
әлеуметтік хал-ахуалына көз жүгіртсек, бәдәуилік, рушылдық және
көшпенділіктің үстем болғандығын көреміз. Осы сипаттамалар олардың ұлы
халық болуларына кедергі болды. Бір руға тән адамдар келесі бір рудың
адамдарын төмен санап, өте тар шеңберде бір-біріне сүйенген рулас қауым
адамдары әділдікте де, зұлымдықта да бір-бірін қолдап отырған. Бұл соңы
бітпес ру аралық ұрыс-керіс пен басқыншылық, барымтаға себеп болды.
Үздіксіз соғыс пен көші-қон күшті, қайратты еркектерге мұқтаж
болғандықтан қыз балалар қор саналған. Сонымен қатар, әлеуметтік,
экономикалық және жағрафиялық шарттарға байланысты егіншілік, сауда-саттық
және өнеркәсіппен айналыспаған.
Бәдәуи арабтарға қарағанда отырықшы арабтар көбінесе оңтүстіктегілер
қалаларға қоныстанып, егін, сауда ждәне әртүрлі кәсіптерде біршама алға
шыққан.
Жәхилия арабтарының уәдеге беріктік, қонақжайлылық, намысын жоғары
ұстау, мәрттік, батылдық, туралық, көршіге жақсы қарау, кешірімділік сияқты
жақсы мінездері де бар.
Біз қысқаша атап өтуге тырысқан осы әлеуметтік , экокномикалық және
саяси ахуалдар Исламнан бұрынғы арабтардың құқықтық салаларына да әсер
етпей қоймайтындығы да даусыз нәрсе.
Жеке адам үшін қоғам, ал қоғам үшін қоғамдық құқық негізі мен заң
қажет. Бұл қажеттілік барлық қоғамға ортақ. Алайда құқық әрқашан жазулы
түрде жинақталған заңдарға сүйене бермейді. Кейде әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлер заңның орнын басады. Жәхилия дәуіріндегі жағдай да осындай
болатын.
Арабтардың ортақ бір басқару жүйелері болмағаны сияқты, заң шығару және
үкім беру орталықтары да болмаған. Араларында түсініспеушілік туындаған
жағдайда ру басына немесе балгерге жүгінетін.
Олдар әдет-ғұрып немесе атадан балаға ауыз екі жеткен қағидалармен үкім
шығаратын. Бірақ үкімнің орындалуы үшін белгілі бір норма мен әдіс
болмайды. Үкім шығарушының немесе жәбірленушінің беделі үлкен рол ойнайды.
Ислам жахилия әдеті мен құқығын қарастыра отырып, кейбірін белгілі
шарттар арқылы қалдырып жалғатырса, кейбірін жоққа шығарып, қолданыстан
түсірген.
Құран, хадис, әдебиет және тарих кітаптарының бізге жеткізген
мағлұматтарынан пайдалана отырып, жахилия дәуірінің құқық нормаларына
былайша шолу жасауға болады.
Отбасына қатысты.
1. Үйленудің түрлері.
Жахилия дәуірінде әртүрлі үйлену түрлерін кездестіруге болады.
а) Исламның кейбір шарттар қосу арқылы жалғстырған үйлену түрі –
некелесу. Бұл жерде бір еркек өкілетті біреуден немесе әкесінен қызды
айттырады. Белгіленген қалың мал (мәһір) төлеп қызбен үйленеді.
ә) Айырбас түіндегі үйлену: екі адам қыздарын неммесе қарамағындағы
әйелдер мен қыздарды айырбастау арқылы үйленетін. Бұл – никахуш шиғар деп
аталады. Исламда хадис арқылы тыйым салынған.
б) Аналықпен үйлену: қайтыс болған кісінің басқа әйелінен болған ең
үлкен ұлы әкесінің басқа әйелдерін қалың малсыз алуға немесе оны қалың
малының құнында басқа біреуге беруге я болмаса өлгенге дейін сол әйелдердің
үйленуіне тыйым салып, өз мұрагерлігіндегі дүниесіне қосуға құқылы. Бұл
никахул мақт делінеді.
Ислам бұл жиіркенішті әдетті де жойған.
в) Екі ағайынды қызбен бірдей үйлену және шексіз некелесу мүмкіндігі.
Ислам біріншісіне тыйым салды. Екіншісіне шарт қою арқылы төртеумен
шектеді.
2. Үйленудің тыйым салынған түрлері.
Жақын туыспен үйлену тыйым салынған болатын. Соның ішінде асырап
алынған бала бел бала сияқты қабылданатын. Ислам мұны теріске шығарды.
Одан басқа аналар, қыздар, нағашы әпке, әкесінің қа

3. Мәһір (қалың мал).
Қызға қамқор болған кісі немесе әкесі үйленді\рген қыздың я болмаса
әйелдің қалың малын өздері алып, қызға ешнәрсе қалмайтын.
Ислам мұнан қайтарып, қалың малдың әйелге тиісті ақысы екендігін
білдірді.
4. Некенің бұзылуы (ажырысу).
Некені бұзатын, ерлі – зайыптыларды ажырастыратын себептер бар:
а) Талақ: Еркек әйелін талақ етіп ажырасады. Мұнда шектеу жоқ. Мәселен
он рет талақ етіп ажырасып және әр ретінде қайта үйленуге болатын. Әрі
мұны ері әйелінің келісімінсіз істей алатын.
Ислам ажырасуды себептерге байланысты қажеттіліктің туындауын шарт қоса
отырып, үш ретпен шектеді.
ә) Хулу: Әйел немесе оны қамқорлығына алатын адам белгілі төлем төлеу
арқылы ерінің ажырасу келісімін алатын. Баға екі жақтың саудасы мен
келісуіне байланысты.
Ислам бұл жолды принцп ретінде дұрыс деп қабылдаған. Алайда шарт пен
шектеуге тәуелді еткен.
б) Ила: Иланың сөздік мағынасы ант беру дегенді білдіреді. Күйеуі
әйеліне төсек қатынасында болмауға байланысты ант етеді. Бір екі жыл
шамасында жақындаспаса, онымен ажырасқан болады.
Ислам бұл мерзімді төрт айға қысқартты. Мерзім толған кезде күйеуінің
баин (нақты) немесе рижғи (қайта қосылуы мүмкін) талақ арқылы ажырасқан
болып саналатынына үкім береді.
в) Зихар: захр - арқа, зихар болса, арқасына ант ету болып
табылады. Әйеліне қарап, сен менің анамның арқасы сияқтысың деп айтылады
және әйел ажыраған болып саналады.
Ислам зихарды ажырасу деп есептемеген. Бірақ айыбы өтелуі тиіс ант деп
қабылдаған. Бір құл азат ету, оған шамасы келмесе екі ай ораза ұстау, оны
да істей алмаса, алпыс жарлыны тамақтандырудан тұратын өтемді өтемейінше
әйелге жақындауға тыйым салған.
г) Иддет: Ажырасқан әйелдің немесе күйеуі өлген әйелдің құрсағының бос
екендігін нақты білу мақсатында қойылған мерзім әйелдің белгілі бір уақыт
күтуі және бұл уақыт ішінде үйленбеуі дегенді білдіреді. Жахилия дәуірінде
күйеуі өлген әйел бір жыл күтетін еді. Бұл көптеген қиындықтарға әкеп
соғатын.
Ислам мұны жойып, бұл мерзімді ақылға қонымды уақытпен белгіледі.
5. Өсиет және мирас.
а) Өсиет: өсиет ету кісінің өліміне байланысты іс - әрекектке жатады.
Бұл арқылы белгілі бір дүние біреудің меншігіне өтеді. Жахилия дәуіріндегі
арабтар мұрагері болсын, басқасы болсын кез-келген адамға қалағанынша дүние
өсиет етуді дұрыс деп қабылдаған.
Ислам мұрагерлердің тысындағы адамдарға мұраның үштен бірін ғана
тиесілі етті. Үште бірінен артығы мұрагерлердің ризалығына байланысты.
Мұрагерге арнайы өсиеттің қажеті жоқ.
б) Мирас: Қайтыс болған кісінің дүниесінің басқаларға өтуі екі себеп
пен жолға байланысты болатын:
1) Қан туыстығы: Қайтыс болған кісінің еркек балаларының үлкендері
мұрагер болатын. Әйелдер, қыздар, және қару асына алмайтын жас балалар
мұрагер болмайтын еді. Егер ер жеткен ұлы болмаса, бауыры, немере ағалары
сияқты басқа еркек туыстарына қалатын.
2) Келісімшарт: бала асырап алу, туысқан болу және мұра қалдыруда
келісімшарт жасау арқылы адамдардың бөтен біреуге мұрагер болулары мүмкін
еді. Ислам мұрагерлік мәселесінде көптеген өзгерістер әкелді.
Өзара қарым-қатынас құқығы.
Исламнан бұрынғы арабтар кәсіподақ, сауда-саттық сияқты кейбір құқықтық
келісімшарт пен қарым-қатынас нормаларын қолданған.
1. Серіктестік келісімшарты:
Хз. Пайғамбар мен сахабалардың өмірдеректерінде Исламнан бұрын
серіктестік келісімшартының болғандығын көрсететін сөздер бар. Пайғамбар
пайғамбарлықтан бұрын Саиб бин Әбу Саибпен серіктес болған екен. Меккенің
алынуында серіктесі келген кезде Расулуллаһ оған былай деп үн қатты: Менің
серіктесім едің. Әрі тамаша серіктес болатынсың. Түсініспеушілік пен шатақ
шығармайтын едің.
2. Мудараба немесе Қираз келісімі:
Бір жағынан тауар, екінші жағынан жұмыс пен сауданың арқасында пайда
болған серіктестік түрі. Тауар егесі пайданың бір бөлігін алады. Арабтар
арасында кең жайылған осы келісімшартты Ислам жандандыра түсіп, қолдау
көрсеткен.
3. Сәләм келісімшарты:
Қолма-қол ақша арқылы кейіннен брілетін, дәл сол уақытта болмаған бір
затты сатып алу.
Хз. Пайғамбар Мәдинаға келгенде бір-екі жылдай бұл келісімшартты
жасағандарын көріп, салмағы және уақыты белгілі болсын - дейді. Кішігірім
өзгерістер ендірумен бірге жалғасын табуына да жол береді.
4. Қарыз және өсім:
Ақшаға мұқтаж адамдар ақшасы бар адамдардан қарыз алып, белгілі уақыт
келгенде өсіммен қайтаратын. Төлейтін уақыты келгенде қайтара алмаса,
алашағы бар адам қарыз адамға Я төле, я болмаса үстіне қос дейтін. Қарыз
адам Мынанша уақыттан кейін, мынанша артығымен төлейін,- деп өсім қосу
жалғаса беретін.
Ислам өсімқорлықтың барлық түрін жойды.
5. Кепілдік:
Қарыздың өтелуін кепілдікте ұстау мақсатымен алашағы бар адам қарыз
адамнан кепілдік алатын. Қарыз өтелмеген жағдайда кепілдегі зат алашағы бар
адамдікі болатын.
Ислам кепілдіктің бұл жолмен иеленілуіне тыйым салған.
6. Сауда саттық түрлері:
Көптеген сауда – саттық түрлері бар. Ислам бұлардың бір бөлігіне (өзара
ризалыққа сүйенбейтін, шарттары анық болмағандарын) тыйым салды:
а) Мунабаза, Муламаса және Хасат саудасы. Яғни, сатылатын нәрсеге
киімін лақтыру, қолмен түрту немесе үстіне ұсақ тас лақтыру арқылы Алдым,
саттым - деген сөздерді қолданбастан сауда жасалатын еді. Ислам бұларға
тыйым салды.
ә) Қулық арқылы бағасын өсіру: алуға ниеті болмаса да тауар бағасы
арттырылады. Осылайша сатып алушының көбірек ақша беруі қарастырылады.
Бұған да тыйым салынды.
б) Қарыздар адамның сатылуы: Рим құқығында көргеніміз сияқты бұл жерде
де қарызын өтей алмаған адамның сатылу әдеті бар еді. Ислам бұған да тыйым
салды.
Жаза құқығы.
1. Кек алу (қысас): Арабтар Өлімді ең жақсы өлім жоқ етеді - дейтін.
Мұнымен қысасты білдіретін. Бірақ олардың түсініктері мен іс-әрекеттері
бойынша тек кісі өлтіруші ғана емес, оның барлық жақындары да жауапты
саналып, кек қайтару үшін қысасақа олар да кіретін. Қысас жеке бастың кек
алуы түрінде іске асырылатын.
Ислам біреу - біреудің күнәсін арқаламайды - деген принцип қойып,
қысастың үкімге тәуелді болуын және орындалуын тиісті төрешінің билігіне
қалдырған.
2. Құн төлеу. Әдейі және қасақана болмаған, қателікпен болған кісі
өлімдерінде құн төлеу іске асырылып, кісі өлтірушінің туыстары да құн
төлеуге ортақ болатын.
Ислам бұл нәрсені сол күйінде қалдырумен қатар, қасақана кісі өлтіру
оқиғасында да өлген кісінің жақыны разы болса, құн төлеуді дұрыс деп
қабылдаған.
Сот ісін жүргізу тәсілі.
1) Ант ішкізу (қасама): Өлтірушісі белгісіз қылмыстарда өлген кісінің
елді мекенінен елу кісінің Өлтірмедік және өлтірген адамды көрмедік деп
ант ішулеріне қасама делінеді. Мұны талап ету өлген кісінің жақынының
құқығы.
Ислам бұл тәсілді қабыл еткен.
2) Айғақпен дәлелдеу: Арызданушы мәлімдемесін куә арқылы дәлелдеуге
тырырсады. Мұны істей алмаса, арызданушыға ант ішуі ұсынылады. Ислам да
принцп ретінде бұл тәсілді қолдап, сонымен қатар, сот жүргізуде әділдіктің
қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз ететіндей дәрежеге жеткізген.
Басқа құқық негіздерінің ислам құқығына әсері мен ықпалы.
Алдағы тақырыптарда Ислам құқығының негізгі әдебиеттерінің түзілуі және
осы әдебиеттерге сүйене отырып, аталмыш құқықтың дүниеге келіп, дамуы
тарихи тұрғыдан қарастырылады. Ислам құқығы тарихында зерттеулердің
оншалықты дамымаған және мағлұматтардың кемшін болған уақыттарында кейбір
орианталистер аз уақыт ішінде пайда болып, өскелең түрде дамыған ислам
құқығы үшін бөтен негіз бен уахидан бөлек қайнар көз іздеуге кіріседі. Рим-
Византия, Яхуди, Жахилия, Сасани т.б. құқық әдебиеттеріне тоқталып, Ислам
құқығының осылардан бірі немесе бірнешеуінен алынған етіп көрсетуге
тырысады. Алайда бұл пікірлерін ғылыми дәлелдерге сүйендірмеген.
Бұл пікірге қайшы келетін, ғылыми деректерге, тарихи оқиғаларға және
ислам құқығының өзіндік сипаттамасына сүйенген мұсылман және өзге де
зерттеушілер ислам құқығының оригинал, уахидан бастау алатын, өз
динамикасында жетілген құқық негіздері екендігін алға тартады. Ғасырлар
бойы дүниенің едәуір бөлігіне билік жүргізген, адамдар мен қоғамдар
арасындағы қарым-қатынасты жүйеге түсірген құқықтың өзге әсерлерден ұзақ
болуы да мүмкін емес. Ислам құқығы және жүйесі билік жүргізген аймақтардың
кейбір қоғамдық құқықтың қағидаларын және құрылымдарынан қажеттілерін
алған. Өйткені бұлар әділет, халық игілігі, қажеттілік сияқты принцптердің
шеңберінде ислам құқығына сәйкес болуда. Әрі сол мүмкіндіктерден пайдалану
үшін мемлекетті басқарушыларға ислам рұқсат береді. Ислам құқығы да Шығыс
пен Батыста бірталай елдің құқығына азды – көпті әсер еткен. Осыларға қоса
айта кететін тағы бір шындық – Ислам құқығының біртұтас күйінде уахиға
сүйенген, иләһи сәуленің жарығымен жол көрсеткен ислам құқықшыларының
еңбектерінен туындап, толыққанды күйге енген құқық болуы.
Мәселенің талас тудыратын тұстарын басқа кітаптардың еншісіне қалдыра
отырып, осы жерде бірнеше кісінің сөзіне орын беруді жөн көрдік.
J. Schacht: ... Сонымен қатар исламның меншік, келісім шарт және қарыз
құқығының негіздерін Исламнан бұрынғы арабтардың дәстүрлі құқығының бір
бөлігі құрайтындығын алға тартуға болмайды. Мұндай болжамның сүйенетін
пікірі ислам құқығы тарихына байланысты жаңа зерттеулер нәтижесінде өз
құнын жоғалтты 1.
Ислам құқығы басқа бір өзінен бұрынғы құқықтан туындамайды. Ол өзін-
өзі пайда қылды.
J.Schacht кітабының басқа жерінде әсер ету мәселесінде кейбір
бұлтарыстарға түссе де соңында жоғарыда берілген қорытындыны ашық түрде
атап өткен.
Профессор Фуат Көпрүлү: Көпрүлү ислам жалпы құқығындағы бөтен
әдебиеттер жайында асыра сілтеуге барған сияқты. Берген мысалдары әрдайым
сарай кешені, әскер, басқару жүйесі, салық, шенеунік атаулары, дәстүрлі
сот, кейбір құқықтық рәміздерден тұратынына қарамасатан қысқаша құқықтық
өмірдің барлық көріністерінде 2 деген сияқты сөздер қолданған. Исламдық
қоғамдық құқық негіздері үшін қамтушы үкімдер сипатында болған және уақиға
сүйенген қылмыс пен жаза, кеңеске сүйенетін басқарушылық, халифалық
ұстанымы, соғыс пен бейбітшілік зекет т.б. сол сияқтыларды көрмегенсіп
өтеді. Көпрүлү осы шолуын құқықтың теориясын және практикалық тұсын бөле
қарап, теориялық жағында исламның жалпы құқығының бай екендігін тану, іс
жүзінде болса салтанаттық кезеңнен бастап бөліну, жолдан таю және
өзгелерден пайдалану болғандығын дәлелдеу арқылы жасаған болса, тарихи
дәлелдерге жанасқан болар еді. Өкінішке орай аталмыш асыра сілтеушілік оны
мына сөздерді айтуға итермелеген. ...орианталист ғалымдардың арқасында
білуімізше, ірге тасын Құран мен сүннеттен алумен қатар бұл құқық әртүрлі
өзге құқық жүйелерінен әсерленген. Бұл жүйені құрайтын негіздердің ішінде
Құран мен сүннеттің үлесі Вон Керемердің әлдеқашан атап өткеніндей жүзден
бір пайыз ғана. Көпрүлүнің Құран мен сүннет жайындағы жаңа араб дәстүрі
мен Мұхаммедтің заң шығарушылық тұлғасы деген болжамын дін мен ғылым
тұрғысынан құптау мүмкін емес. Құран Кәрім алғашқы дәуірдегі араб әдет
ғұрыпын заңға айналдырмаған. Ол ескірмейтін төңкеріс негіздерін әкелген.
Араб және араб емес дүниежүзі адамдарын жеке-жеке және қоғамдық түрде
өзгеріске түсірген. жүзден бір деп шамалау мәселесіне келсек, бұл жерде
де маңызды нәрсе мөлшер емес, әсер және ауқымдылық мәселесі. Құран мен
сүннетте болып, кейбіреулердің пікірі бойынша сан жағынан аз көрінген
жалпы құқық қағидалары және үкімдері тұтасымен ислам жалпы құқықғына негіз
болған. Осы құқық сол қағидалардың шеңберінде пайда болған. Хз. Омардан
бастап Османлы сұлтандарының соңғыларына дейінгі аралықта бұл мәселеге
байланысты жасалған барлық іс-шаралар және көзқарастардың бір аятқа,
хадиске, бүкіл ислам ғұламасының келісіміне және сахабалардың іс-әрекетіне
сүйенгендігі, бұл мәселеде тиісті орындарымен кеңесіп, пәтуа алғандығы ұмыт
қалмауы керек. Қазірде де ислам әлемінде әлеуметтік жүйені исламға сай
құрып жүргізгісі келетін елдерге дәл сол негізде жол көрсетуде, жаңа заман
тұсында олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде.
Жоғарыда профессор Көпрүлүнің біз талқылаған пікірі кең мағынада Ислам
құқығының, соның ішінде Ислам қоғамдық заңдылықтардың тарихтың әртүрлі
кезеңдерінде шетелдік әдебиеттерден әсерленуінің қаншалықты деңгейде
болғандығына байланысты. Дәл осы жазушының фиқхтың (теориялық ислам құқығы)
түпнұсқа болуы жайындағы төмендегі пікірлеріне қосылмау мүмкін емес. Фиқх
– теориялық құрылым ретінде әрі негіздер, әрі салалары тұрғысынан өзіндік
болмысы мен рухында дара кәмілдікке қол жеткізген өзіне тән сипаттамасын
үнемі сақтап отырған. Ислам әлемінің саяси жетістігі және Ислам
мәдениетінің көркеюіне параллель түрде жедел дамыған осы құқықтың жан-жақты
кеңейгеніне қарап, оны Грек-Рим құқық жүйесінің көшірмесі немесе жаңғыруы
деп санау сол күйі жаңсақ пікір болып табылады.
Рене Давид: Ислам құқық білімі немесе фиқх ... бір жағынан құқықтың
тармақтарын, яғни ислам құқығының негізінде орын алған қағида мен
категорияларды зерттейді. Ислам құқығы өзінің құрылымы, қамтыған деңгейлері
мен ұғымдары жағынан алғанда, осы жерге дейінгі зерттеген құқықтарға (Рим-
Герман, Социалистік құқық, Комман Лав) қарағанда әлдеқайда өзіндік
сипаттарға ие.
Ең басты мәселе - Ислам құқығының басқа құқықтар, әсірісе өзі сияқты
канондық құқықтың жанында көзге ұрып тұратын оригинал болмысы болып
табылады. Мұндай түпкі бастауы болмаған барлық жүйелердің қасында Ислам
құқығының уахи ерекшелігі оның басты қасиетіне айналуда.

1.2. Ислам құқығының қалыптасуында Құранның орны
(Шариғат және Фиқһ).

Фиқһ ғылымы туралы түсінік және оның шығуындағы басты себептер.
Адамдарды Алланың жолымен жүруге шақырушылар фиқһ саласында өздерінің
тиісті деңгейімен ерекшеленеді. Ол үшін құлшылық етудің түрі, адамдармен
өзара қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы т.б. мәселелерге қатысты шариғатта
бекітілген маңызды қағидаларды терең білгені жөн.
Ал, фиқһ ғылымына келсек, бұл араб тіліндегі “әл-фикһ, толық білу,
түсіну” дегенді білдіреді 3. Терминдік мағынасы болса: “Нақты дәлелдерге
сүйене отырып амалдарға қатысты шариғат үкімдерін айқындау” деген ұғымды
білдіреді.
Фиқһ мазһабтарының барлығы Құран мен суннаға жүгінеді. Ғибадат, құқық,
ахлақ, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынасты қамтитын фиқһ – түрлі
ұлттарды құрайтын Ислам үмбетінің басын қосып, біріктіретін ғылым. Басқаша
айтқанда үмбеттің өмірі. Фиқһсыз үмбет өмір сүре алмайды. Уахи мен
ижтихадқа сүйенетін фиқһ ғылымы ешқандай ұлтта, ешқандай пайғамбардың
әкелген дінінде кездеспейді. Фиқһ Алла мен құлдың арасындағы жеке қарым-
қатынасты қалыптастырумен басталады. Намазды, оразаны, зекетті, қажылықты,
көзге көрінетін және көрінбейтін нәжістерден тазалануды, сүндетті, жүріс-
тұрысты үйретеді. Фиқһ айт, жұма күндерінде әдемі киінуді, хош иіс себуді,
желініп-желінбейтін нәрселерді, ішіп-жеудің әдебін үйретеді. Фиқһ қоғамның
ахлағы мен тәртібін реттеп, оған қажетті алғышарттарды қалыптастырған.
Мұсылмандардың бір жерге жиналып араларындағы міселелерді шешіп, ғылым-
білім, мәдениет алмасып, араларындағы бауырмалдықты қуаттандыру үшін
қажылық, айт, жұма сияқты міндетті кездесулерді реттеген.
Фиқһ отбасылық өмірді де реттеп, отбасының шаңырағын шайқалтпаудың
жолдарын да белгілейді. Қоғамдағы сауда-саттықты, құқық пен экономиканы
реттеп, алдап-арбауды, күштінің әлсізді езуін және өсім жеуді харам қылған.
Фиқһ қоғамның тек бұл дүниедегі өміріне байланысты бөлімін ғана
қарастырмай дүние мен ақырет өмірін бірге ала отырып қарастырған 4.
Адам баласы жаратушысы бар екенін білгенімен, оның бұйырған және тыйым
салған нәрселерін өзінше біле алмайды. Осы жағдайда фиқһ ғұламалары фиқһ
ғылымына сүйене отырып дұрысты бұрыстан, халалды харамнан айырып береді.
Білімсіздіктің тұңғиық түнегінен парасаттылық пен даналықтың шыңына
жеткізеді. Демек фиқһ ғылымының бұл дүние мен ақыретте Аллаһ Тағаланың
ризашылығын алып, мәңгілік бақытқа жетудің жолдарын үйрететін ғылымның
асқары десек болады. Осы адам баласының әрбір істеген істеріне байланысты
шариғат үкімдерінің жиынтығынан фиқһ ғылымы құралады. Ал шариғаттың амали
үкімдеріне негіз болған дәлелдер төрт нәрседен бастау алады. Олар мыналар:
Құран;
Сунна;
Ижма (ұжымдық қаулы);
Қияс (жанама шешім).
Ислам ғұламалары шариғат ғылымдарының негізі болған Құран мен сунна
амалын жан-жақты тексерген, олардан алынатын дәлелдерді бір-бірлеп
айқындап, олардың қағидаларын түзген және үкімдерді шығарып алуда кімдерге
еру керек, оның қандай шарттары бар екенін толығымен анықтап белгілеген.
Яғни бір сөзбен айтқанда мұжтахид пен ижтихадтың шарттарын, тақлид пен оның
үкімдерін баяндап түсіндіреді.
Мұсылман ғұламалары өздерінің мазһабтарының әртүрлілігіне қарамай әрбір
кісінің істеген ісі, айтқан сөздері, мейлі ол ғибадат па, мәміле ме, қылмыс
па, сауда-саттық па, не істесе де оның шариғи үкіміне ешкім таласпайды. Сол
себепті де фиқһ ғылымы бұл даулы мәселені шешуде үлкен роль атқарады және
оның шешілуінекөмектеседі. Сол себептен осы үкімдердің кейбіреулерінің
Құранда келген аяттар немесе хадис шарифте келген мәтіндер баяндап өткен.
Сондай-ақ кейбіреулерін анық айтпаған, дегенмен шариғат оларға да
дәлелдерді айқындап берген, оны мұжтахидтер дәлелдерге сүйене отырып,
кейбір белгілеріне қарап үкімдерін қояды, оның шариғаттағы кесімді
үкімдерін айқындайды.
Осы шариғат үкімдеріне байланысты қағидалар мен зерттеулерден усулу-
фиқһ ғылымы туындады. Исламда Усулу-фиқһқа мынадай анықтама берілген:
Жалпы дәлелдерден шариғат үкімдерін шығаруға алып баратын ережелер
жиынтығы. Фиқһ ғылымы шариғи үкімдерді айқындау үшін мүкәлләфтің сауда-
саттығын, өкілетін, намаз-оразасын, қажылық ғибадаттарын, кісі өлтіруі мен
ұрлығын, мойындауымен қарсылығын, осы істерде оның шариғи үкімдермен таныс
болып болмауын, қысқаша айтқанда әрбір ісін тексереді. Сондықтан усулу-фиқһ
қияс пен оның құжаттылығын, әмір мен одан туындайтын үкімдер туралы сөз
қозғайды. Мәселен, Құранда шариғат үкімдерінің ең бірінші дәлелі, оның
мәтіндері бір қалыпты болып келмеген. Оның кейбіреулері әмір, енді бірі
тыйым салу, кейбірі жалпылама, шариғи үкімдердің жалпы жиынтығынан алынған
қорытынды үкім түрінде келген. Усулу-фиқһ ғылымы осы айтылғандардың бәрін
егжей-тегжейлі тексеріп зерттейді және топшылайды. Мысалы, усулу-фиқһ
әмірден уәжіп үкімі, тыйымнан харамның үкімі шығатынын айқындап береді.
Осылайша усулдің тер төгіп анықтаған қағидаларын жүйелеген зерттеулер мен
еңбегін фиқһ ғылымының ғалымы яғни, фақиһ дайын үкім ретінде қабылдап, оны
іске асырады. Жалпылама үкімдерден жекелеген үкімдерді шығарып, шариғаттың
амали үкімдерінің кеңейтілген жобасын жасайды. Сондай Ислами қағидалар
арқылы дінді қорғай білу, біз үшін өте қажет. Өйткені мұсылман адам барлық
ғылым жетістіктері бойынша жан-жақты хабардар болуы тиіс. Сол себепті
осындай істерді фиқһ ғылымы зерттейді.
Фиқһ мазһабтарының шығуына мына нәрселер себеп болған:
- түсінігі мен қабілетінің әр түрлі болуы. Олардың түрлі аймақтан және
әр түрлі мәдениеттің ортасында өмір сүруі түрлі ижтихадтың туындауына себеп
болған. Өйткені әр жерде түрлі мәселелерге тап болып, бұл мәселелерді сол
жердегі жағдайларға көре шешу керек;
- фиқһшылар мен мужтахидтердің Қолданған әдіс-тәсілдерінің алуан түрлі
болуын да мұның бір себебі ретінде айтуға болады. Мазһабтардың кейбірі
ақылға қатты көңіл бөледі, ал кейбірі болса нақылға (Құран мен хадис) қатты
көңіл бөледі. Осының салдарынан да әр түрлі нәтижелер шығады 5.
Фиқһ мазһабтарының шығуына себеп болған мәселелерге мыналарды да
жатқызуға болады:
а) Кітап пен сунна мәтіндерінің әр түрлі болуы;
ә) Алғашқы Ислам құқықшыларының көзқарасы мен ижтихадтарының әр түрлі
болуы;
б) Қалаулар мен мұқтаждықтардың алуан түрлі болуы;
в) Ислам мемлекетіндегі халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының бір-
біріне ұқсамауы.
Кітап пен сунна мәтіндерінің әр түрлі болуы. Құран араб тілінде түскен.
Пайғамбарымыз оны арабша түсіндірген. Араб тілі көптеген ерекшелігі бар
маңызды тіл.Бұл тілдің кейбір нәзік тұстарын ұғынуда әр түрлі ойлар
айтылған. Мұнымен қатар аяттар әр түрлі себептерге байланысты түсіп,
хадистер де түрлі себептерге көре айтылған. Бұлардың кейбірі кейбірінің
үкімін жойған. Мұның да ой-пікірлердің айырылуына айтарлықтай себебі бар.
Бұған мысал берер болсақ, Құрандағы Ағраф сүресінің 204-ші аятында былай
айтылған: Құран оқылған кезде үндемей құлақ салып тыңдаңдар. Бәлкім
кешірілерсіңдер. Ибн Аббас пен Әбу Хұрайра бұл аяттың жамағатпен намаз
оқылғанда имам оқып жатқанда оған ұйған жамағаттың үндемей тұруы үшін түсті
дейді. Саид бин Жубайр Мужахид, Ата және басқалар болса Жұма құтпасын
үндемей тыңдау жайында түсті дейді. Қатада намазда сөйлеуді тыйу үшін
түскен дейді.
Алғашқы Ислам құқықшыларының көзқарасы мен ижтихадтарының әр түрлі
болуы. Сахабалардың кезеңінде Ислам мемлекетінің аумағы айтарлықтай кең
емес еді. Бірақ табиун кезеңінде Ислал мемлекетінің шекаралары кеңейіп
фиқһшы сахабалар мужахидтермен бірге Арабстаннан ұзақтап шалғай шеттегі
елдерге кетті. Әр бірі орталық қалаларға орналасып ол жерлерде ғылым үйрете
бастады. Ол жерлерде шыққан мәселелерді өздерінде бар мағлұматпен шешіп
отырды. Олардың білімдері мен жағдайлары өзгеше болғандықтан ижтихадтары да
өзгеше болды. Кейбіреуі өздері білген дәлелдерге сүйеніп пәтуә берсе,
кейбірі болса қолдарында жеткілікті дәлел болмағандықтан өз ойлары мен
ижтихадтарына сүйеніп пәтуә берді. Осы барлық пәтуалар мазһаб құрушыларына
өтіп, бұл мәселе мазһабтардың түрлі болуына жол ашты.
Қалаулар мен мұқтаждықтардың алуан түрлі болуы. Ислам құқұқшылары
өздеріне шағымдалған мәселелерде және адамдар мұқтаж болған мәселелерде
ижтихад жасап үкім шығарып, пәтуа береді. Бірақ бұл мәселелер басқа
жерлерде болмағандықтан басқа құқұқшылар бұл жайында ижтихад жасамайды.
Кейде артынан осыған ұқсас оқиғалар болып, өзге мужтахидтер мұны алдыңғы
мәселеге қияс жасап шешеді, ал кейбірі болса өзі ижтихад жасап үкімін
береді. Міне сондықтан үкімдер өзгеше болады. Осылар да мазһаб құрушыларға
жетіп отырды.
Ислам мемлекетіндегі халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының,
түсінігінің бір-біріне, ұқсамауы. Расулұллаһтың кезеңінде және сахабалар
дәуірінің алғашқы жылдарында мұсылмандардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы,
түсінігі бөлінбеген болатын. Табииндар кезеңінде және олардан кейінгі
жылдарда Ислам мемлекетінің аумағы ұлғайып, әр түрлі халық, әр түрлі ұлттар
Ислам жамағатына қосылды. Әрбірінің әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің түрлі-
түрлі болуы туындаған мәселелерді шешуде де түрлі жолдарға жетеледі. Міне
осы жағдайлар да мазһаб құрушыларына жетіп, олардың түсінігі мен
пікірлерінің, үкімі мен пәтуаларының әр түрлі болуына әсер етті 6.
Құранда фиқһ түбірінен шыққан түрлі сөздер: білу, түсіну, сезіну
мағынасында қолданылған. Хз. Пайғамбар (с.а.у): “Аллаһ кім үшін хайыр
қаласа, оны дінде фақиһ (діни үкімдердің сырын меңгерген) қылады” деген.
Төрт халифа мен табиундар дәуірінде фиқһ сөзі ілімді білдіретін. Әл-
Фикһул Әкбардың анықтамасы бойынша фиқһ - ақаид және таухид ілімін, Әл-
Фикхул Ужданидің анықтамасы бойынша: нәпсіні тәрбиелеу мен ахлақ ілімін
білдіреді. Жеке басына қолданылған фиқһ сөзі болса, амалдық тақырыптарды
қамтиды. Әбу Ханифаның (өл. 150-767) фиқһқа былай анықтама берген: “адамның
өзіне пайда және зиян болған үкімдерді білуі”.
Сол дәуірде кәләм, иман, ахлақ және тасаууф сияқты ілімдер әлі бөлініп
өз алдына ғылым ретінде шықпағандықтан Имам Ағзамның “әл-фиқһу-л Әкбар”
атты шығармасы итиқади мәселелерді қамтыды. Бірақ уақыт өткен сайын фиқһ
ілімі тек қана ғибадат амалдары мен жазбаларды қамтитындай түрде “амал
жөніне” көбірек тоқтала бастады.
Фиқһ сөзінің орнына жаңадан қолданыла бастаған “Ислам құқығы” термині
ғибадаттардың сыртындағы амалдар, жаза және мирас үкімдерін қамтиды.
Фиқһтың тақырыбы - Ислами әмірлер және тыйымдардан жауапты болған
кісінің істеген амалдары. Бұлар: намаз оқу сияқты “істеу” және ішіп-жеу
сияқты “таңдау” түрлерінде болады.
Ақылды және балиғатқа толған кісілердің діни үкімдерге жауаптылығы
әхлиятпен дейді. Ғибадат, амалдар және жазаға байланысты діни үкімдерді
“шариғат” дейді. Бұл сөз дін мағынасында да қолданылады.
Бұл жағдайда ол итиқади (сенім) және амалдық үкімдердің бәрін қамтиды.
Бірақ шариғат көбінесе амалдық үкімдер үшін қолданылады. Бұл жағдайда иләһи
тәртіптің амалымен сыртқы пішімін құрайды.
Фиқһ ілімін білген адамды “фақиһ” дейді. Көпше түрі “фуқаһа”. Бұл сөз
фиқһ усулі ілімінде “мұжтахид” мағынасына келеді. Мұжтахид – діни үкімдерді
дәлелдерден шығару өкілдігі мен іліміне ие болған кісі.
Муфти – пәтуа беретін кісі деген сөз. Мұжтахид емес фақиһқа басқа
мұжтахидтердің сөз бен пәтуаларын жеткізу және айтуы себепті астарлап
муфти, сұралған Ислами бір мәселеге фақиһ бір кісінің берген жауабына болса
пәтуа дейді. Пәтуа ижтихадқа қарағанда жеке мағынаны білдіреді.
Құран мен сүннетке анық және нақты үкімге байланған мәселелер Ислам
құқықшыларының бірлесуімен шешілген мәселелерде ижтихадқа қажет болмайды.
Бұның сыртында қалған фәри, амали мәселелер: истихсан, маслахат, әдет-
ғұрып, алдыңғы шариғаттар сияқты дәлелдерге сүйеніп шешіледі. Міне ижтихад
және пәтуа көбінесе осы салада жүреді.
Сахаба және табиундар дәуірінде шыққан кейбір фақиһтар түрлі
тақырыптардағы пәтуа және ижтихадтарымен өте әйгілі болды. Хазіреті Айша,
Абдуллаһ бин Омар, б.Абдуллаһ б.Масғуд және т.б. осылардан еді.
Табиундардан Мәдиналық жеті фақиһтің бірі Нәфи (өл. 117-735), Куфадан
Алқама б.Қайс (өл. 62-682), Ибрахим ән-Нахаи (өл. 96-714), Хаммад бин Әби
Сүлейман (өл. 120-738), Басрадан Хасан Басриді (өл. 110-728) да осылардың
арасына жатқызуға болады.
Аббасидтердің (750-1258ж.), алғашқы екі ғасырында фиқһ ғылымы
жинақталып, дамыды. Бұл кезең үлкен имамдар мен мұжтахидтердің шыққан
кезеңі. Бұлар мыналар:
Меккеде Суфиян б.Уяйна, Мадинада Малик б.Әнәс, Басрада Хасан Басри,
Куфада Әбу Ханифа мен Суфиян әс-Саури, Шамда Аузаи, Мысырда Шафи және Ләйс
бин Сад, Нишабурда Исхақ бин Рахуя, Бағдатта Ахмед бин Ханбал, Дауд әз-
Зухри және ибн Шарир әт-Табари (р.а.). Бұлардың әрқайсысының түрлі
ижтихады, жүйелері мен әдістері және оларды қолдана отырып айтқан
көзқарастары бар.
Бұлардың көпшілігінің қолдаушылары болмай, Ислам фиқһын бір құқық
жүйесі ретінде ортаға қоя алмағандығы немесе захирилерде болғандай қиясты
қабыл етпегендіктері және өзге мазһабтарға қарсы қатаң әрекет еткендіктері
үшін жалғасын таба алмады.
Фиқһ ғылымының сүйенетiн негiзгi дәлелдерi. Ислам дінінде дүниеге және
ақыретке байланысты барлық үкімдерінің қайнар көзі төртеу. Бұлар кітап,
сүннет, ижма, қияс. Бұларға төрт дәлел мағынасында “әдиллә-и әрбәа” немесе
шариғи дәлелдер мағынасында “әдиллә-и шариғи” да дейді. Екіншіден осы төрт
дәлел негізгі дәлел деп те аталады. Бұлардан басқа “фарғи дәлел” деген,
кейбір дәлелдер де бар. Бұлар мәсәлихи мурсәлә, истихсан, әдет-ғұрып, шәру
мән қабләна (Хз. Пайғамбарымыздан алдынғы діндердің үкімдері), сахаба сөзі
және истисхаб. Төменде осы дәлелдерге қысқаша тоқталамыз.
Негізгі дәлелдер – Кітап (Құран) және Сунна болып табылады.
Кітап (Құран). Кітап барлық шариғи дәлелдердің негізі. Кітап – Алланың
пайғамбары Хз. Мұхаммедке (с.а.у.) араб тілінде түсірген, жазуға түсіріліп
бізге дейін мутауатыр жолмен келген, Фатиха сүресімен басталып, Нас
сүресімен аяқталған Құран. Міне бұл анықтамаға қарасақ Құранның қандайда
бір түсіндірмелері немесе қай тілдегі болсын аудармасы және Ибн Мәсғудтың
риуаят еткен шаз қырығаты да Құран болып есептелмейді 7.
Құран алғаш 612 жылы Рамазан айының 17-не Меккенің төңірегіндегі Хира
тауындағы Сәур үңгірінде, жұма күні, Қадір түнінде түсе бастады. Құранның
түсуі осы уақыттан бастап Хз. Пайғамбардың қайтыс болғанына дейін аят-аят,
сүре-сүре күйінде бөлек-бөлек түсті. Құранның бөлек-бөлек болып түсуінің
хикметін Құранның өзінде былай түсіндіреді: Біз оны сенің жүрегіңе
жақсылап орнығуы үшін бөлек-бөлек оқыдық 8.
Құран Жәбрейілдің көмегімен 22 жыл, екі ай, 22 күнде түсіп
толықтырылды. Құранның алғаш түскен аяты: “Жаратқан Раббыңның атымен оқы.
Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай-ақ
қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрсесін де үйреткен” 8. Соңғы
аят хижреттің 10 жылы, қоштасу қажылығы кезінде Зилхижжа айының тоғызыншы
күні түскен. Бұл аят: “Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметтеріңді
тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым” 9. Абдуллах
бин Аббастың (р.а.) айтуынша мына аят одан кейін түскен: “Аллаһқа
қайтарылатын күннен сақтаныңдар, сонда әркімнің еңбегі өздеріне кемсітілмей
толық беріледі және оларға әділетсіздік жасалмайды.”
Құранның түсуін екі кезеңде қарастыруға болады:
1) Мекке кезеңі, 12 жыл, 5 ай, 13 күн. Бұл кезеңде түскен сүрелерге
Меккелік деп ат берілген.
2) Мәдина кезеңі, 9 жыл, 9 ай, 9 күн. Бүл кезеңдегі сүрелер Мәдиналық
сүрелер деп аталды.
Мекке кезеңінде үкім аяттары түспеген. Меккелік сүрелер шариғаттың
бүкіл қағидаларын, яғни негізгі пренциптерін қамтиды. Адамдар Исламға
кіріп, мұсылмандардың саны артқан соң Мәдинада халал мен харамға байланысты
аяттар түскен.
Құран алдыңғы сәмәуи кітаптар сияқты тек қана сенім, құлшылық пен ахлақ
кітабы емес. Құран әрі сенім мен құлшылық, әрі адамдар арасындағы
әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынасты дұрыстайтын, жеке адамдар мен
қоғам өмірін түзететін үкімдерді қамтыған бір кітап.
Аяттарда былай айтылады: “Сондай-ақ саған барлық нәрсені ашықтайтын
және мұсылмандар үшін тура жол, игілік әрі қуаныш түрінде Құранды түсірдік”
10. “Біз кітарта еш нәрсені кем қалдырмадық” 11.
Аяттар сұралған сұраққа жауап ретінде, яки бір оқиғаға байланысты, ал
кейбірі болса ешқандай себепсіз түсті. Бұны “Сәбәбун-нузул (түсу
себептері)”- деп атайды. Құран түскен сайын Алланың елшісі түскен аяттарды
уахи жазушыларына жаздырып, қай аяттың, қай сүренің қайда жазылатындығын
айтатын. Аяттар мен сүрелердің ретке қойылуы да уахиға сүйенгендігіне бір
ауыздан келісушілік бар.
Қайсы аяттың не үшін түскенін анықтау үшін қыруар еңбек етіп, тер төгу,
аяттарға, уақиғаларға қатысты сунналарды молынан біліп, мыңдаған хадистерді
игеру қажет.
Құранның бірінші тәжік-парсы тіліндегі аудармасын ат-Табари 961-976
жылдары Бұқарада жасады 12.
Құранды оқып-үйренуді батыс ғалымдары ертерек қолға алған. Ағылшын
ғалымы А.Арбери Құранды ағылшынша түсіндірмесімен аударса, неміс семитологы
Т.Нельдек, швейцариялық арабист Адам Мец, мажарлық шығыстанушы
И.И.Гольцнер, голландық Х.Снук-Хюргронье т.б. Құранды талдаумен,
комментариялар берумен айналысқан. Ертеректе Құранның ағылшын тіліне
аудармасын Джорд Сэйле (1680-1736) 1734 жылы Лондонда бастырды. Осы
ағылшын басылымынан Алексей Колмаков 1792 жылы орысшаға аударған, неміс
тіліне 1775 жылы Бойден Фр.Е. аударды.
Құранды арабшадан орысшаға бірінші рет көрнекті шығыстанушы
Г.С.Саблуков (1804-1880) аударды. Бұл аударма бірнеше рет басылып шықты.
Алғашқы нұсқасы 1878 жылы, екінші рет Қазанда 1884 жылы, ал үшінші рет тағы
да Қазанда 1907 жылы басылды. Соғы басылымында араб тексті де, орысша
текстімен қатар беріліп отырады. Саблуков аудармасының өзіндік
кемшіліктерімен бірге жақсы жақтары да бар. Ол орыс тіліне арабшадан алғаш
аударылған ірі еңбек. Ал академик И.Ю.Крачковский көп сөзділіктен аулақ
қашып, аудармасын дәл беруге тырысады.
Құран Малай, Явая Парсы, Урду тілдеріне аударылған. Ал соңғы жылдары
Алтынхан, Алтай аудармалары түркі-қазақша жарық көрді. Құранды түсініп, оны
аудару үшін білімділік аздық етеді. Оған қосымша көптеген тафсирлер
(түсініктемелер) мен мыңдаған хадистерді, ислам тарихы мен шариғат
заңдылықтарын да молынан білуді қажет етеді.
Құран, жалпы үш түрлі үкімдерді қамтиды:
1) Сенімге байланысты үкімдер: Алла, періштелер, кітаптар, ақырет күні,
тағдыр мен қаза жайындағы, мұсылмандардың сенуге міндетті болған үкімдер.
Сенім жайындағы үкімдер әсіресе Мекке кезінде келіп, адамдардың алдымен
қате түсінік пен сенімнен тазалануы көзделген.
2) Ахлақққа байланысты үкімдер: Мүминнің иманының күшеюіне, ықыласты
тақуа болуына, адамдық қатынастарда ең әдемі әрекеттерге қол жеткізуге
бағытталған үкімдер. Пайғамбарлардың қиссалары, үміттендіріп сақтандыратын
аяттар да осы топқа кіреді.
3) Амалға байланысты үкімдер: Бұл мүкәлләфтің құлшылық, сөз, амал және
уәделер сияқты адамдардың адамгершілік қатынастарын және барлық қоғам
өмірін реттейтін тәжірибе жүзіне бағытталған үкімдер. Міне, фиқһтың зерттеу
алаңына кіретіндер осы сипаттағы аяттар.
Құлшылыққа байланысты үкімдер: Құранның барлық үкімдері қысқаша түрде
айтылған. Оны іс жүзіне асыру мен түсіндіру сүннетке міндеттелген. Намаз,
ораза, қаж, зекет сияқты құлшылықтардың жасалуы Алланың Елшісі тарапынан
тікелей жасалған және үмбетіне көрсетілген. Мына хадистер құлшылықтағы
әрекеттің Хз. Пайғамбардан алынуы керек екендігін ашық түрде баяндайды:
“Мен намазды қалай оқысам сіздер де солай оқыңыздар”. “Қажылық құлшылығын
менен үйреніңдер, менен көргендеріңдей орындаңдар.”
Муамәлә (қарым-қатынас) үкімдері: Құлшылықтан басқа қалған құқықтық, іс-
әрекеттер, келіссөздер, қылмыс, жаза және осыған ұқсас үкімдер. Бұлар
кісінің кісімен, адамның қоғаммен немесе қоғамдардың бір-бірімен
қатынастарын реттейді.
Муәмәлә үкімдерін төмендегідей бөлімдерге бөлуге болады:
Сауда-саттық құқығы – адамдар арасындағы қатынастарға байланысты
үкімдер. Сауда-саттық, жалға беру, кепілдікке алу, кепіл, ортақ болу,
қарыздану сияқты адамдар арасында қаржы қатынасын реттеуді және хақ иесі
болған әркімді қорғауды мақсат тұтады.
Мәдениет құқығы – адамның істеген қылмысы мен бұларға берілетін жазалар
осы топқа кіреді. Жаза үкімдері мал, жан, намыс және ақылды қорғауды мақсат
тұтады. Аят немесе хадис пен белгіленген жазаны “Хад”- дейді. Ұрлық, тонау,
қарақшылық, ішімдік ішу жазалары сияқты. Ислам мемлекетінің қоғамның
пайдасы және әкімшілік тәртібінің орнауы үшін қоятын жазалар болса “Тазир”-
деп аталады.
Жанұя құқығы – Құранда жанұяға байланысты үкімдерге, басқа тақырыптарға
қарағанда кеңірек тоқталған. Үйлену, ажырасу, напақа, мүддет, мирас осы
үкімдер қатарына жатады.
Қаза үкімдері дауларды шешуде: куәлік, ант, үкім сияқты адамдар
арасында әділетті жүзеге асыру үшін керек іс-қимылды реттеуді мақсат
тұтады.
Басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынастар. Бұл үкімдер:
әділет, кеңес, маслихат, көмектесу және қорғау сияқты негіздерге сүйенеді.
Әділет мемлекет басқармасының ең басты принципі. Құранда әділетті әмір
ететін аяттар бар: “Негізінен Аллаһ сендерге аманаттарды өз лайықты
орындарына тапсыруларыңды және адамдардың арасында билік қылсаңдар
әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді.”
“Негізінде Аллаһ әділетті, ізгілікті және ағайынға қарайласуды
бұйырады”. Кеңес принципі де мемлекет басақармасында ең жақсы әдістерді
белгілеуде жәрдемші болады. Өз қалауымен (жеке басының қамы үшін) болған
басқаруға кедергі болады. Аятта: “Сондай-ақ өзара істерін кеңеспен
жүргізгендер”. “Іс жөнінде олармен кеңес қыл. Сонда қашан қарар берсең
Аллаһқа тәуекел ет” – делінген.
Жоғарыда бірінші аяттан шығарылатын мағына Ислам әкімшілігінің
мұсылмандар арасында кеңес негізіне сүйенгенін білдіреді. Екінші жағынан
сілтеме жолымен де: “Мұсылман қауым Ислами өкімет басшысын бақылайтын және
мемлекет істерін реттеуде оған жәрдемші болатын алқа сайлап, іс басына
әкелу керектігін білдіреді”.
Мемлекет құқығы: Құран мұсылман емес мемлекеттермен болған қатынастарды
да реттеуші негіздер әкелген. Аяттарда мемлекеттер арасында келісімдер
жасалса, бұған бағынуды талап етеді.
Ислам мемлекетінің алдында мұсылман емес кісілер үш дәрежеде болады:
1) зымми және муахадтар (келісімшарт жасаушылар);
б) мустамәндер (визалылар);
в) мухариблер (соғысылатындар). Бұл соңғысы “харби” деп те аталады.
Экономика және қаржы құқығы: байдың малында жарлының хақы, кіріс пен
шығыс есептелуіне және ұқсас үкімдер осы топқа кіреді.
Құранның мақсаты – құдайсыздықтан, пұтқа табынушылықтан, жаһилдіктен,
надандықтан сақтап, адамгершіліктің биік мұраттары – заңдар мен қағидаларды
тарату, жалғыз Аллаға құлшылық етуді үйрету болып табылады. Мұсылмандық
құқық міне осы құраннан бастау алады.
Сунна. Сунна сөздікте жол, адамның әдеттенген жақсы немесе жаман
әрекеттері, бағыт деген мағыналарды білдіреді. Терминдік мағынасы болса Хз.
Пайғамбарымыздың (сау) сөзі, амалы және тақрирі (үнсіз құптауы). Сөзді
сунаға мысал: “Кімде-кім ұйықтап немесе ұмытып намазын өткізіп алса, есіне
түскенде оқысын”. Амалдық суннаға мысал: “Мен намазды қалай оқысам сізде
солай оқыңыз”. Тақрири (әрекет) сунна Хз. Пайғамбарымыздың көрген немесе
естіген бір істі қабыл етіп мақұлдауы. Сапар барысында су таба алмағандығы
үшін таяммуммен намаз оқыған бір сахабаның намаздан кейін су тапқан кезде
намазды қайта оқымауы және Хз. Пайғамбарымыздың оны кіналамауы сияқты.
Фиқһта Құраннан кейін екінші негіз сунна болғандығында дау жоқ.
Суннаның діни бір дәлел болғандығы аяттармен бекітілген. Бұл аяттар
мыналар: “Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неден тыйса одан
тыйылыңдар” 13.
“(Мұхаммед) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселеріне сені би
қылып, содан соң берген билігіңнен көілдерінде ақау таппай бойұсынғанға
дейін мүмин бола алмайды” 14.
“Кім Пайғамбарға бағынса, расында Аллаһқа бағынған болады” 15.
Сунна – Хз. Пайғамбардың Раббысынан алған елшілік қызметін жаюдан
тұрады. Құран – Хз. Пайғамбардың уахиге сүйеніп сөйлейтіндігін хабар
береді: “Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана”
16. Суннаның Құранның алдында төрт функциясы (қызметі) бар:
1) Мұбхам немесе мүжмал болған аяттарды ашықтайды;
2) Жалпы үкімдерді сатыларға бөледі;
3) Насих пен мансухты білдіреді;
4) Құранда болмаған кейбір үкімдерді қояды. Мысалы: Намаз бен зекет
әмірлерінің орындалу пішіні суннамен белгіленген; асыранды есектер мен
жыртқыш құстардың етінің желінуіне тыйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
«Сәләфизм» ағымы туралы
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Араб халифатының қоғамдық құрылысы
Аймақтық мәдени және діни дәстүрлердің халықаралық құқыққа әсері
Қазақстандағы халал индустриясын қалыптастыру мәселесі
Ислам құқығына кіріспе: теория және практика мәселелері
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Сабуни ілімінің негіздері, ислам теологиясының ерекшеліктері
Пәндер