Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың ғылыми.теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Педагогикалық теорияда студент.жастардың отансүйгіштік тәрбиесі
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.2 Қазіргі студент .жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
1.3. Оқыту үрдісінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

ІІ . Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттерді
отансүйгіштікке тәрбиелеудың педагогикалық шарттары және
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
2.1 Оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалып.
тастырудың педагогикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49
2.2 Оқыту үрдісінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастыру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 56
2.3. Оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық.тәжірибелік жұмыстың мазмұны мен нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 66
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 83
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 112
Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты » деп аталатын бөлімінде – еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді [ 1 ].
Өзінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары екендігін атап өтеді. «Біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай болды, - дейді Н.Ә.Назарбаев, - мұның бәрі де, жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың -, біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімдікті туындатады»[2].
«Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман – саулығы, мемлекеттік қауіпсіздікке байланыстығын сезіну, әр адам өзінің мемлекетке тәуелді екендігін, олай болса мемлекетті нығайту жеке адамдарды күшейту екендігін мойындау», - деп жазады Б. Момышұлы [3, 71 б.].
Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу – тәрбие процесінде отансүйгіштік тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Үздіксіз білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқушы жастардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруды жаңа сапалық денгейге көтеру Отанымыз – Қазақстан Республикасының даму болашағының көзденген ұлы мақсаттарымызды іске асырудың кепілі. Осыған байланысты патриоттық тәрбие мемлекеттік, әлеуметтік
орын алатын педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе .
Оқушы – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі алғашқы еңбектер демократ – ағартушыларымыз Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарын, А. Құнанбаевтардың есімдерімен байланысты . ХХ ғасыр басындағы қазақтың белгілі зиялылары С. Торайғыров, Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т.б. өз еңбектерінде ұрпақтар тәрбиесінде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру
жолдарын ғылыми тұрғыда арнайы қарастырды. Халық қаһарманы, белгілі қайраткер жазушы Б. Момышұлының патриоттық тәрбие маселесі-
не арналған арнайы еңбектерінің теориялық және практикалық маңызы ерекше.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 . « Барлық Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі , қауіпсіздігі және әл – аухатының артуы » атты жолдауы.-Алматы: Білім , 1998.
2. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы// Егеменді Қазақстан, 2007, 1 наурыз.
3. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап.-Алматы: Жазушы , 1990.
4. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде.- Алматы: Қазақстан , 1993.
5. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.- 335 б.
6. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия //Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас ред., 1998.-720 б.
7. Иманбаева С. Ерлік тағылымы.-Алматы: РБК, 1998.- 110 б.
8. Иманбетов А. Отансүйгіштікке тәрбиелеу-басты міндет //Қазақстан мектебі, 2005, №5.-38 б.
9. Калыбекова А.А. Теоретические и прикладные основы народной педагогики казахов. – Алматы: БАУР, 2005.- 200 с.
10. Сейдахметова Л. Патриотизм ұғымының маңызы //Қазақстан мектебі, 2006, №1.-52-54 б.
11. Бейсенбаева А., Аукаримова Л. Отансүйгіштікке тәрбиелеу //Бастауыш мектеп, 2005, №9.-30 б.
12. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995.-496 б.
13. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.-Алматы: Рауан, 1998.-128 б.
14. Макаренко А.С. Проектировать лучшее в человека.-Минск: Университет, 1989.-416 с.
15. Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. – Алматы: Мектеп, 1989.-128 б.
16. Луначарский А.В. О воспитании и образовании. – М., 1976.
17. Селиванов В.С. Основы общей педагогики: Теория и методика воспитания. – М.: Изд. центр «Академия», 2000.-336 с.
18. Блонский П.П. Избранные педагогические сочинения. В 2 т. - М.: Педагогика, 1982.
19. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі. – Алматы.: Мектеп, 1986.-231 б.
20. Столяренко Л.Д. Педагогика и психология.-Ростов на Дону: Феникс, 2005.-520 с.
21. Подласый и.П. Педагогика: Новый курс.-М.: Гуманит. изд. центр «Владос», 2000.-256 с.
22. Сластенин В.А., Каширин В.П.Психология и педагогика. – М.: АСАДАМА, 2003.-278 с.
23. Педагогика: педагогические теории, системы, технологии /С.А.Смирнов, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов и др. – М.: Изд.центр «Академия», 2000.-512 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 118 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті

ӘОЖ 378.02:37.035.6
Қолжазба құқығында

ДАТХА МАДИНА ИБАДУЛЛАҚЫЗЫ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ОТАНСҮЙГІШТІК СЕЗІМДЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ.
6 N0103 – Педагогика және психология

Педагогика және психология магистрі академиялық
дәрежесіне ізденудегі магистрлік диссертация

Ғылыми жетекшісі:___________ п.ғ.к.,доцент Алметов Н.Ш.

Қазақстан Республикасы
Шымкент
2007

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік
сезімдерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.1 Педагогикалық теорияда студент-жастардың отансүйгіштік тәрбиесі

мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.2 Қазіргі студент –жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудың

ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 28
1.3. Оқыту үрдісінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің
теориялық

моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 41

ІІ . Жоғары оқу орындарында оқыту процесінде студенттерді
отансүйгіштікке тәрбиелеудың педагогикалық шарттары және

технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 49
2.1 Оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалып-
тастырудың педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
2.2 Оқыту үрдісінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастыру
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
56
2.3. Оқыту процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастыруға бағытталған педагогикалық-тәжірибелік жұмыстың
мазмұны мен нәтижелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
66
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 81
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
83
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 112

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасының
Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде – еліміздің тұтастығын, оның
тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын
ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды
отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді [ 1 ].
Өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына
Жолдауында Елбасы қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер жаңа
Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары екендігін атап өтеді. Біздің
бірлескен шешімдеріміз бен тындырған ісіміздің нәтижелері таңданарлықтай
болды, - дейді Н.Ә.Назарбаев, - мұның бәрі де, жаңа жалпы қазақстандық
патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың -, біздің барша көпұлтты
және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар
екеніне негізді мақтаныш пен сенімдікті туындатады[2].
Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік жеке адамның аман –
саулығы, мемлекеттік қауіпсіздікке байланыстығын сезіну, әр адам өзінің
мемлекетке тәуелді екендігін, олай болса мемлекетті нығайту жеке
адамдарды күшейту екендігін мойындау, - деп жазады Б.
Момышұлы [3, 71 б.].
Қазіргі таңда жас ұрпақ бойында патриоттық сананы
қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, бұл шараны
іске асыру үшін оқу – тәрбие процесінде отансүйгіштік тәрбие беруді
жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Үздіксіз білім беру жүйесінің
барлық сатыларында оқушы жастардың отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастыруды жаңа сапалық денгейге көтеру Отанымыз – Қазақстан
Республикасының даму болашағының көзденген ұлы мақсаттарымызды іске
асырудың кепілі. Осыған байланысты патриоттық тәрбие мемлекеттік,
әлеуметтік
орын алатын педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін маңызды
мәселе .
Оқушы – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жөніндегі алғашқы
еңбектер демократ – ағартушыларымыз Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарын, А.
Құнанбаевтардың есімдерімен байланысты . ХХ ғасыр басындағы қазақтың
белгілі зиялылары С. Торайғыров, Ә. Диваев, А. Байтұрсынов, Ш.
Құдайбердиев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т.б. өз
еңбектерінде ұрпақтар тәрбиесінде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру

жолдарын ғылыми тұрғыда арнайы қарастырды. Халық қаһарманы, белгілі
қайраткер жазушы Б. Момышұлының патриоттық тәрбие маселесі-
не арналған арнайы еңбектерінің теориялық және практикалық маңызы
ерекше.
Педагогика ғылымының классиктері К. Д. Ушинский
, А. С.
Макаренко, С. Т. Шацкий, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский
т.б.
оқушы-жастар патриоттық тәрбиесін теориялық негіздерін қалаған.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері көптеген педагог –
ғалымдардың ( А. П. Кабаченко, Л. В. Метелица, Г. П. Лебедев, Л. Ф.
Спирин, П. В. Конаныхын, Э. В. Коваленко, М. М. Ященко т.б.) еңбектерінде
кеңінен қарастырылған.
Отандық педагог – ғалымдар А. Бижанов, У. К. Санабаев, А.
Бейсембаева, А. Ә. Түктібаева, Ө. Жұмақанов, Р. Ж. Ержанова, К. Б.
Сейталиев, А. А. Қалыбекова, Ж. Ж. Наурызбай, Қ. Ж. Қожахметова, С. Қалиев,
К. Ж. Бұзаубақова, С. Қ. Қасенов, К. Т. Елемісова, Б. Ү. Үрбісінов, Е.
Жұматова, С. Т. Иманбаева, Д. С. Құсайынова, Ә. Айтақов, Ш. Әміралиев
т.б. еңбектерінде оқушылардың отансүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты
мәселелер қамтылған.
Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және оқу - әдістемелік
әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге
дейін жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда
студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру әдістемесінің
назардан тыс қалып келгендігін көрсетеді. Болашақ мамандарды
даярлауда оқыту үрдісінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу одан
әрі жетілдіруді талап етеді.
Бұл жағдайларда жоғары оқу орындарында студенттерді
отансүйгіштікке тәрбиелеудің міндетті деңгейіне қойып отырған
талаптары мен қазіргі таңдағы оқыту үрдісінде болашақ
мамандарды
Отанды сүюге , оны қорғауға , мемлекетті нығайтуға
дайындықтарын
қамтамасыз ету тәжірибесі арасында сәйкессіздікке әкеліп соқтыруда .
Сондықтан жоғары оқу орындары оқу процесінде студенттердің
отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың деңгейіне қойылытын қазіргі
талаптар мен оны жүзеге асырудың ғылыми – негізделген педагогикалық
шарттары және әдістемесінің жасалынбауы арасында қайшылық туындап
отыр.
Демек айқын көрініп отырған қарама – қайшылықты ғылыми негізде
шешу біздің зерттеуіміздің проблемасы болып табылады. Осыған орай,
бұл проблеманың теориялық және практикалық маңыздылығын ескере отырып,
ғылыми зерттеуіміздің тақырыбын былай деп алдық – Оқу процесінде
студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру
Зерттеудың мақсаты – жоғары оқу орындары оқу процесінде
студеттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың тиімділігін
арттыру педагогикалық шарттарын теориялық тұрғыда негіздеу,
әдістемелік талдама жасау.
Зерттеу нысанасы – жоғары оқу орындарында оқу – тәрбие
жүйесінде студент – жастарды трбиелеу процесі.
Зерттеу пәні – оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік
сезімдерін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы – жоғары оқу орындары оқу процесінде
студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру тиімді

болуы мүмкін, егерде:
- оқу пәндері мазмұныңың отансүйгіштікке тәрбиелеу
мүмкіндіктері анықталып, одан мақсатты түрде пайдаланылса;
- тәрбиелеуші оқыту принципі іске асырылып, оқу үрдісінде
отансүйгіштікке тәрбиелеудің арнаулы әдіс – тәсілдерінен пайдаланылса;
- болашақ маманды кәсіптік тәрбиелеу отансүйгіштік бағдарда
жүзеге асырылса;
- мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық компоненттерінің
өзара бірлігі негізінде қалыптасатын, студенттердің жеке тұлғасын
интегративтік қасиеті ретіндегі отансүйгіштікті қалыптастыру технологиясын
пайдалану;
- оқыту процесінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің этникалық –
аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, халықтық салт-дәстүрлерді пайдалану;
- болашақ мамандардың кәсіптік қалыптасуы және азаматтық –
субъектілігін позициясының жан-жақты даму контексінде отансүйгіштік
сезімдерін (отансүйгіштігін) тәрбиелеу;

Зерттеудың міндеттері:
1. Жоғары оқу орындарында студенттерді отансүйгіштікке
тәрбиелеудің мәнін, құрылымын және міндеттерін айқындау.
2. Қазіргі жоғары оқу орындары тәжрибесінде оқу процесінде
студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін ашу.
3. Оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастыру тиімділігінің педагогикалық шарттарын айқындау.
4. Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің отансүйгіштік
сезімдерін қалыптастыру әдістемесін жасау және эксперименттік –
тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы – жоғары оқу
орындарында
студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеуге мақсатты түрде
бағытталған
оқу процесі болашақ мамандардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру -
ға негіз болады.
Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық және теориялық негізіне жеке
тұлға түралы теория; таным теориясы; жеке тұлғалық іс - әрекет
теориясы; тәрбиелеуші оқытудың тұжырымдамалық негіздері; оқушы –
жастарды тәрбиелеудің тұжырымдамалық ережелері; отансүйгіштікке
тәрбиелеудің мәнін анықтайтын философиялық, психологиялық,
педагогикалық тұжырымдамалар жатады.
Зерттеудің дерек көздері: философтар, педагогтар, психологтар
т. б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде
өмір сүрген ойшыл – ғұламалардың, педагогика классиктерінің
отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы ой- пікірлері; жоғары оқу орындарында
студент - жастарды тәрбиелеу мәселелері құрастырылатын директивті
және нормативтік құжжаттар және ережелер; жоғары оқу орындарының
оқу бағдарамалары, оқу - әдістемелік құралдар, тәрбие жоспарлары;
студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша озат педагогикалық
тәжірибе.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық ,арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау
жасау; жоғары оқу орындарының озат тәжірибесін жинақтау, талдау
жасау және қорыту; зерттеу бойынша арнаулы сауал – сұрақ,
әңгіме,
диогностикалық байқау жүргізу; жоғары оқу орындары
құжаттарын
қарау және талдау; эксперименттік – тәжірибе жұмысы; зерттеу
нәтижелерін сандық және сапалық талдау әдістері.
Зерттеу жүргізілетін тірек оқу орындары. М. О. Әуезов
атындағы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетинің Педагогикалық мәдениет
және өнер институты, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы болды.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу үш кезеңде , жүйелі түрде
бірізіділікпен жүргізіледі .
Бірінші кезеңде ( 2005-2006 ж. бірінші жартысы) – отансүйгіштікке
тәрбиелеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми -
әдістемелік әдебиеттерге жоғары оқу орындарының құжаттарын,
бағдарламалары мен пән оқулықтарына сараптама жүргізіліп, жұмыстың
ғылыми – теориялық негіздері жасалынды. Жоғары оқу орындары оқыту
процесінің студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері
ашылды.
Екінші кезеңде (2006 ж. екінші жартысы – 2007 ж. басы) – оқу
процесінде студенттердің отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың
педагогикалық шарттары анықталды . Болашақ мамандарда отансүйгіштік
сеземдерін қалыптастырудың әдістемесі жасалынып эксперименттік –
тәжірибелік жұмыстары барысында тексеріледі.
Үшінші кезеңде ( 2007 ж. бірінші жартысында) – зерттеу
жұмысының нәтижелілігі тексеріледі, тұжырымдар мен ғылыми - әдістемелік
ұсыныстар дайындалады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- жоғары оқу орындарында студенттерді отансүйгіштікке
тәрбиелеудің мәні, құрылымы және міндеттері айқындалды;
- оқу процесінде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің
мүмкіндік -
тері ашылды;
- оқу процесінде студенттерді отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастыру -
дың педагогикалық шарттары айқындалды;
- жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда студент-
тердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырудың әдістемесі жасалынып
тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүзінде дәлелденді.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы – Зерттеу жұмысымыздың
нәтижелері жоғары оқу орындарында болашақ педагог мамандарды даярлауда
студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.
Оқу үрдісінде студенттерді отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастыруға
қатысты ғылыми - әдістемелік ұсыныстар мен тұжырымдар педагогикалық
пәндер ғана емес, басқа курстарды оқытуда да тәрбиелік міндеттерді іске
асыруда қолданыс табуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Жоғары оқу орындарында студенттерді адамгершілікке тәрбиелеудің

мәні, құрылымы және міндетттері .
2. Қазіргі жоғары оқу орындары тәжірибесінде оқу процесінде
студент -
терді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері.

3. Оқу процесінде студенттердің отансүйгіштік сезідерін қалыптастыру
тиімділігінің педагогикалық шарттары.
4. Педагогикалық пәндерді оқытуда студенттердің отансүйгіштік
сезімдерін қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі:
Зерттеу нәтижелері әдіснамалық және ғылыми - әдістемелік
негіздерге
сүйеніп айқындалған теориялық дәйектілігімен, кешенді әдіс –
тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу жұмысының ғылыми аппаратқа
сәйкестілігімен педагогикалық пәндерді оқытуда студенттерді
отансүйгіштік сезімдерін

қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемесі тиімділігінің
эксперименттік - тәжірибе жүзінде тексеріліп, нәтижесінің жоғары оқу
орындарында оқу – тәрбие үрдістеріне енгізілуімен қамтамасыз
етіледі.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс – тәжірибеге
енгізу:
Зерттеу жұмысының нәтижелері тәжірибелік – эксперименттік жұмыс
барысында, зерттеу материалдардың Қазіргі жағдайда салауатты өмірді
қалыптастырудың инновациялық технологиялары (Шымкент, 2006) атты
халықаралық ғылыми – практикалық конференциясында, Отандық тарихты
үйрену барысында жастар патриоттық тәрбиесі атты республикалық
ғылыми - практикалық конференциясында (Алматы, 2006) баяндама түрінде
жарияланды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі тараудан,
қортындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының көкейтестілігі,
дәйектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы мен міндеттері, әдістері
тұжырымдалып, оларды шешудің теориялық және практикалық маңыздылығы
айқындалады.
Оқу процесінде студенттердың отансүйгіштік сезімдерін
қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері деп аталатын бірінші
бөлімде студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
айкындалып, жоғары оқу орындары оқу үрдісінде болашақ мамандарды
отансүйгіштікке тәрбиелеу мүмкіндітері анықталады.
Жоғары оқу орындарында оқу процесінде студенттерді отансүйгіштікке
тәрбиелеудың әдістемесі атты екінші бөлімде оқыту үрдісінде
студенттерде отансүйгіштік сезімдерін қалыптастырудың

педагогикалық шарттары және әдістемесі негізделеді.
Қортындыда жүргізіліп жатқан зерттеу жүмысымыздың алғашқы
нәтижелері тұжырымдалады.
Қосымшада кейбір бастапқы зерттеу материалдары ұсынылған.

1. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОТАНСҮЙГІШТІК
СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ –ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Педагогикалық теорияда студент-жастардың отансүйгіштік
тәрбиесі мәселесі

Еліміздің презіденті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның болашағы-
қоғам-ның идеялық бірлігінде атты еңбегінде Әрбір адам біздің
мемлекетімізге,
Соның бай да даңқты тарихын, оның болашағына өзінің қатысты екенін
мақтанышпен сезіне алатындай іс - қимыл жүйесін талдап жасауы
қажет. Елдың проблемалары да, келешегіде, барлық адамға жақын әрі
түсінікті болуы тиіс ... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан-менің
Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын
деген қарапайым ойда бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн - деген болатын
[4].
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егеменді ел ретінде жаңа даму жолына
түсуі қоғамның жалпыадамзаттық құндылыққа бағдарлаған жаңа идеологиясын
қалыптастыруды қажет етеді. Бұған патриотизмді де жатқызуға болады.
Патриотизм – жаңа түсінік емес, ол-қоғамдық сана нысандарының
бірі, бұл тарихи және таптық санат қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа
мазмұнмен толығып отырады.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау патриотизм ұғымына көптеген
анықтамалар берілгендігін айғақтайды. Келтірілген анықтамалар адамгершілік
қасиет ретінде патриотизмнің мәнін неғұрлым дәл ой елегінен

өткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, философиялық түсіндірмеде патриотизм
мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған шынайы берілгендік, оның өткені мен
бүгінгісі үшін мақтаныш, Отан мүдделерін қорғауға ұмтылу болып табылатын
адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім делінсе, лексикалық
мағынада- патриотизм Отанға сүйіспеншілікті, өз Отанына, өз халқына
берілгендікті білдіреді [5,417]. Ұлттық энциклопедиялық сөздікте
патриотизм – адамның Отанына, тұған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен
мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезім деп қарастырылады [6, 130].
Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына
және басқа да компоненттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді.
Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі:
бірі бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен және мекен
ететін жерімен астастыраса, ал екіншісі үшін бұл мемлекет, ел, қоғам,
қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым.
Патриотизм, жалпы алғанда ұлттық мәдениеттің, ал жекелей алып
қарағанда саяси мәдениеттің элементі болып табылады.
Патриотизмнің
мазмұнына мыналарды жатқызған жөн: адамның өзі туып - өскен жеріне
сүйіспеншілік сезімі;
ана тіліне құрметпен қарау; Отан мүдделеріне қамқорлық жасау; азаматтық
сезімдердің көрініс беруі және Отанға адалдықты сақтау, оның бостандығы
мен тәуелсіздігін қорғау; әлеуметтік

және мәдени жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан
қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; өз еңбегін, күш-жігері мен
қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу [7;8;9;10;11].
Патриотизмнің мәні туралы сөз еткенде, патриотизм идеялары бағзы
замандардан-ақ қалыптасқанын және бұл прогресшіл идеяларды игерудің
патриоттық тәрбиеде маңызды мәні бар екенін атап өткен жөн.
Патриотизм идеясының дамуы, ең алдымен, Аристотель, Платон, Цицерон,
Әл-Фараби, Ж. Баласағұн секілді ежелгі ойшылардың есімімен байланысты.
Олар патриоттық сана-сезімдегі басты мәселе Отанға деген

көзқарас, өйткені Отан ең алдымен саяси ортаны, құқықтық қатынастарымен
байланысты адамдардың бірігуін және мемлекетті қамтиды, деп есептеді
[12;13].
Біздің зерттеуіміздің контекстінде тәрбиенің психологиялық нысаны
тұлғаның ой сферасы болып табылатынын атап өткен жөн, бір жағынан ол оқу
мен тәрбие процессі арасындағы интеграцияны айқын аңдауға, екінші жағынан-
тұлғамен тиімді тәрбие жұмысына ықпал ететін әдістемелік ұстанымдар,
формалар тәсіл-амалдардың негізгі белгілерін сипаттауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда, адамзаттың дамуы туралы
педагогикалық ойдың көптеген ғасырлық іргетасымен қаланған тәрбие
категориясы туралы өте белгілі көзқарас қалыптасты.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ғалымдар, В.А. Сухомлинский, А.С.
Макаренко, А.В. Луначарский, т.б. ғалымдар жаңа адам, үйлесімді дамыған
тұлға проблемасы мен тәжірибесін оқып зерттеді. А.С. Макаренко тұлғаның
ұжымдағы тәрбиесі теориясын жасап, іс жүзіне асырды. Осы айтылған жөнінде
ол Ұжымды тұлға эгоизмі мен жанасатын барлық нүктелерінде қорғай отырып,
ұжым мұнымен әрбір тұлғаны да қорғайды және оның дамуына ең қолайлы
жағдайларды қамтамасыз етеді ... Ұжымның талаптары тәрбиелеуші болып
табылады ... талапқа қатысушыларға қатысты... тұлға тәрбиелік әсер нысаны
емес, оның иеленуші – субъекті, бірақ ол бүкіл ұжымның мүддесін білдіре
отырып, субъект болады, - дейді. Тәрбиелік процесстің мәні туралы айтқанда
... тәрбие мәселесін, тәрбие әдістерін сабақ берумен шектеуге болмайды,-
дейді. А.С. Макаренко – ... тәрбие процессі тек сыныпта ғана өтпейді, ол
жер бетінің әрбір шаршы метрінде жасалады [14, 131-132].
В.А. Сухомлинскийдің тәрбие концепциясында тұлғамен жеке жұмысты
тереңдету қажеттілігін үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыратын айтылады.
Тәрбие - деп көрсетеді В.А. Сухомлинский – бұл тәрбиеленушілердің де,
тәрбиелеушілердің де тұрақты рухани баюы мен

жаңаруының, көп қырлы процессі [15, 71].
Тәрбиеге кешенді қарауды А.В. Луначарский тұлғаның жан-жақты даму
қажеттілігіне негіздеді, ... адам – үш өзара аралас, бірақ ... бөлек
көзқарастар тұрғысынан қарастырыла алады. Бір жағынан бұл ақыл, ол фактілер
мен идеяларды сіңіріп, адам неге ұмтылатынын және неден қашатынын
көрсетеді: бұл сезім, ой тудырып фактілер мен идеяларды
меңгертуші,
адамда ынталандыратын және оның жүріс-тұрысын анықтайтын бағыттаушы күші;
сонан соң техника яғни, білгірлік, білім мен сезімдер басшылыққа алып
белгілі нәтижелерге жету. Тәрбие жұмысы барлық жағынан жүреді. Ол идеялы -
теориялық техникалық оқытудан және тәрбиелеуден тұрады
[16, 14].
Қазіргі заманда жоғарыда аталған ғалымдардың тәжірибесі мына
педагогтар мен психологтардың: П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.А.
Рубинштейн, Н.И. Болдырев, А.А. Леонтьев, К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев,
Б.Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, В.А. Сластенин, А.В. Мудрик, И.Ф. Мищенко, Е.Н.
Шиянов, Л.Д. Столяренко, А.А. Реан, Н.В. Бордовская, Н.В. Басова, Н.И.
Рожков, С.С. Селиванов, Л.В. Байбородова т.б. еңбектерінде ғылыми өз жолын
тапты.
Тәрбие қоғам мүддесі және оның даму деңгейіне сәйкес жүзеге
асырылды, басқаша айтқанда, тәрбие бұл жеткіншек ұрпақты өмірге дайындау,
балалар мен жастарды және ересектерді өмір сүру жағдайларына бейімдеу мен
осы жағдайларды жетілдіру. Бұл жөнінде В.С.Селиванов былай деп атап
көрсетеді: Тәрбие ... табиғаты жағынан әлеуметтік құбылыс болып табылады,
оған барлық әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымдар қамтылған:
тәрбие өмір үшін, оны жалғастыру үшін үйымдастырылады, ал өмір
педагогтандырылады [17].
П.П.Блонскийдің ойынша Тәрбиелену дегеніміз- өзін-өзі анықтау, жаңа
адам өмірдің болашақ жасаушысын тәрбиелеуде оның өзін тәрбиелеуін
ұйымдастыру [18, 21]. Ал Н.И.Болдыревтің пікірі бойынша Тәрбие - бұл
бүтін бір процесс. Адам мақсатты тұлға ретінде тәрбиеленеді. Әуелі
музыкалық қабілеттерді қалыптастырып, сонан соң еңбекке үйретуге;
әуелі эстетикалық тәрбиемен айналысып, сонан соң дене тәрбиесіне өтуге
болмайды. Мұның бәрі бір мезгілде жасалады. Тұлға бөлшектеніп емес,
бүтіндей дамиды [19, 110].
Бізге В.С. Селивановтың мынадай пікірі ұнайды: Тәрбие тұлғаны
мақсатты дамытуға бағытталған процесс, ол кең әлеуметтік түрде
тәрбиеленушінің өзінің қатысуымен барлық тұлғалық қасиеттері мен
қабілеттерін дамытуға бағытталған, әртүрлі әрекеттерде жүзеге асырылады
[17, 23].
Солай болса Тәрбие түсінігі педагогика категорияларының
негізгілерінің бірі екендігі жалпыға белгілі, ал ол оның барлық ғылыми
мәнін бір жүйеге, нақты жағдайда тәрбие жүйесіне біріктіреді. Тәрбие -
қоғамдық өмірге және өндірістік еңбекке дайындау мақсатында жаңа ұрпақтық
қоғамдық тарихи тәжірибиені игеруі үшін әлеуметтік мақсатқа бағытталған
жағдайлар жасау,-дейді Л.Д. Столяренко [20, 211].
Сонымен педагогика ғылымында осы ұғымның белгілі анықтамасы құрылды,
кең әлеуметтік мағынада, қоғамның әсер күшімен тұлғаның мақсатты
қалыптасуын білдіреді, ал тар ұғымда-тұлға қасиеттерінің көзқарастарының
сенімдерінің қалыптасуына ықпал етуші мақсатты іс-әрекеттер нақты осы
жағдайда тұлғаның патриоттық сезімдерін тәрбиелеу көптеген ғылымдардың
пікірі бір тәрбие екі аспектіде көрініс тапқан: теориялық және
тәжірибиелік. Осы феномен, ғылыми-педагогикалық зерттеу құралы болып
табылады, яғни теориялық ғылым, пркатикалық іс-әрекеті де, оны жүзеге асыру
талабы, тиісті тәрбиелік ебдейлікті және өнер есебінде,
педагогикалықшеберлік дағдыларын игеруді талап етеді.
Жеке адам тұлғасы көптеген факторлардың әсерімен қалыптасып,
дамитыны белгілі: объективті жіне субъективті, табиғи және қоғамдық, ішкі
және сыртқы, адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз және тәуелді, стихиялы
түрде немесе белгілі мақсаттарға сәйкес әрекеттегі, бұл кезде адам тұлғасы
өз дамуында субъект ретінде қабылданады.
Осы тұрғыдан алғанда Л.Д.Столяренконың мына пікірін айта кеткен жөн:
Педагогика – бұл тәрбие, білім және оқытудың өзін-өзі тәрбиелеу, білім алу
және өз бетінше оқудың өзара байланыс процессі кезінде туындайтын тәрбиелік
қатынастар туралы ғылым [20, 105]. Демек, автордың пікірі бойынша,
педагогика, тәрбие мәнін, оның заңдылықтарын, даму тенденциялары мен
перспективаларын зерттейді, тәрбиенің теориялары мен технологияларын
жасайды, оның ұстанымдарын, мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтайды.
Тұлғаның қалыптасу процессі ретінде тәрбиенің мәні,-деп көрсетеді
В.С.Селиванов,- Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекеттері, оның
барысында тәрбиеленуші тұлғасы өзгереді [17, 26]. Басқаша айтқанда,
тәрбиені тұлғаның дамуы, жетілуі деп анықтауға болады, ал оның нәтижесі
тәрбиеленушінің ішкі рухани дүниесінің іс-әрекеті.
Тәрбие процессі диалектикалы және үздіксіз дамуда, динамикада,
қозғалыста, өзгерте білінеді,- деп көрсетеді И.П. Подласый – тәрбиенің
міндеті – тұлғаның қалаптасуын дұрыс жолға қою терең білім негізінде
тәрбиеленушілердің қозғаушы күштерін, мүдделерін, қажеттіліктерін, өмірлік
жоспарлары мен құнды бағыттылығын табу[21, 115].
Жоғарыда айтылған пікірлер негізінде айта кететін нәрсе, ғалымдар
В.А. Сластениннің, А.И. Исаевтың, И.Ф. Мищенконың, Е.Н. Шияновтың, М.И.
Рожковтың, А.И. Байбородованың да Тәрбие ұғымында дуализм бар деген
пікірлері бір жерден шығады, яғни екі жақты сипат алады[22;23].Кең мағынада
ол қоғамдық құбылыс ретінде айтылды және іс жүзінде социализациялаумен
теңестіріледі, ал тар мағынада-педагогтық білім беру жағдайында, білім беру
мақсатын жүзеге асыру жөніндегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы
ұйымдастырылған қызметі нақты жағдайда ол тәрбие жұмысы деп көзқарасымыз
бойынша ғалымдар С.А. Смирнов, Б.И. Котова, Е.Н. Шиянов беретін сияқты:
Тәрбие мақсатқа бағытталған ықпалды процесс, оның мақсаты баланың өмір
үшін қажет қоғамдығы әлеуметтік тәжірибені және қоғамның қабылдайтын
құндылықтар жүйесінің қалыптасуын игеруі [23, 211].
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, Тәрбие - бұл әлеуметтік
құбылыс, ал қоғам дамитындықтан тәрбие де дамушы құбылыс,-деп атап өтуге
болады. Тәрбие - деп көрсетеді С.А. Смирнов бірқатар ерекшеліктері бар
салыстырмалы өздігінше жүретін процесс: біріншіден, тәрбие мақсаттты
бағыттағы процесс, онда негізгі жол көрсетуші болып қоғамдық бағыт қызмет
етеді; екіншіден, көп факторлы. Тұлға көптеген түрлі сипатты әсерлерге
ұшырайды және тек оң ғана емес теріс тәжірибені де жинайды;
соңғысы, түзетуді талап етеді. Тәрбие нәтижелерінің көп мағыналық эффекті
көп факторлықты айқындайды; үшіншіден, педаготың және оның тұлғасы
тәрбиелеудегі рөлі мен педагогикалық шеберлігі; төртіншіден, тәрбие бір
мезетте нәтиже бермейді; бесіншіден, үздіксіздігі [23, 214].
Бүтіндей алғанда ғылыми-педагогикалық әдебиеттің сараптамасы бізге
тәрбие процесінің құрылымындағы белгілі градициялардың барын нақтылауға
мүмкіндік береді. Олар негізгі элементтердің өзара байланысынан тұрады:
мақсаттар мен мазмұннан; әдістер мен құралдардан; жеткен нәтижелерді
бағалаудан; бағыттарды жіктеуден; ой, сана, еңбек, күш; жалпы білім беру
мекемелерінде; азаматтық, саяси, интернациональдық, сапалы, эстетикалық,
еңбектік, экономикалық, экологиялық; институттық белгілері бойынша;
отбасылық, мектептік, мектептен тыс, діни; мектептен тыс: балалар,
жасөспірімдер ұйымдары; мамандандырылған мектептер; қатынастар типі –
авториторлық, демократиялық, либералды, еркін; концепциялы философиялық
бағыттар; прагметикалық, аксиологиялық, ұжымдық, индивидті (жеке);
этаптылығы (сатылығы); эмоциялық жол (бағдар) – ебдігейлік елесті
қалыптастыру және әдеттерге шығару – түсінікті игеру және қоғамдық тәртіп
тәжірибиесін ұйымдастыру – көзқарасты қалыптастыру мен қоғам туралы ғылым
негіздерін игеру. Деңгейлер: әлеуметтік, институттық, әлеуметті-
психологиялық, тұлға-аралық, интерперсональды. Тәрбиелеу жұмысы білім беру
мекемелерінде жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынастар мен шыдамдылықтың
күшеюіне, сонымен қатар этникалық, әлеуметтік, мәдени, діндік және тілдік
топтардың, ұлттардың өзара түсінушілікті жақсартуға септігін тигізуі қажет.
Өзара түсінушілікке деген жол тек білім арқылы ғана емес, сезімдер мен
әдемілікті көруге құштарлық арқылы да өтеді.
Сонымен, Тәрбие ұғымына қатысты ғылыми жұмыстардың талдауы, бізге
мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Оның анықтамасының негізінде
ғалымдардың позицияларының бір пікірлерінде қоғамның мақсатты әрекеті, өз
бетінше өмір сүруге және өмірдің қазіргі заманғы бәсекелі жағдайларында,
жан-жақты әрекет етуге дайын дамыған адамды қалыптастыру нақты осы тұрғыдан
біздің ойымызша Патриотизм феноменіне көңіл аудару қажет. Өйткені,
сындарлы кезеңде, қазіргі заманғы педагогика тұрғысынан оның
көкейкестілігін ойдан өткізу аса маңызды.
Патриотизм рухындағы халықтар достығының діни шыдамдылығындағы
тәрбие атты мақаласында п. ғ. д., профессор
Р.Д. Никандров айтқаны: Тәуелсіз Ресейдің алғашқы жылдары патриотизм
кенеттен национализмге, тіпті фашизммен теңдес ұрысқақ сөз болып қалды. Бұл
сол кезде мектепте тәрбиелеу керек емес, тек оқыту керек, тәрбие – бұл
тұлғаны зорлау ... деген мезгіл. Мұндай түсініктің пайда болуы коммунистік
тәрбие, советтік патриотизмде. Көпшілік қауым неғұрлым тезірек, бар бүкіл
ескі дүниені түбіріне дейін бұзып, оның үстіне жаңаны орнатқысы келеді дей
отырып, міне енді 10 жыл бойы Ресей тәуелсіз мемлекет болып дамуда, осы
жылдарда шаруашылық күштің 60 % жоғалттық, білім беру мақсатында
тәрбиені жойдық, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын бұздық ... тек енді
ғана қайтадан кемсітпей дұрыс мағынада патриотизм туралы айтудамыз, - дейді
автор [24].
Келісесіздер ғой, осы мәселелер біздің Қазақстанда да бар. Ұлттық
білім беруді жаңарту, жоғары оқу орындарының оқу процесіне міндетті және
білім стандарттарын енгізу, сонымен қатар он екі жылдық мектепте білім
беруді енгізу, ғылымның өзінде пісіп жетілген инновациялық түбірлі
өзгерістер, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен дамуы приориеті,
өзіне ғылыми мағына беруді талап етуде.
Бірнеше жүздеген жылдар бойы патриотизм ұғымы, әртүрлі
өзгерістерге ұшырап, халыққа қымзет етуде патриоттық сезімдердің жоғарғы
көрінісін тудыратын, әр қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдері ұсынған
идеялармен байытылды.
В.И. Дальдің сөздігінде патриот сөзі қоғамды сүюші, отансүйгіш,
отаншыл дегенді білдіреді [25]. Патриотизм тұлғаның қасиеті, өзінің Отанына
деген сүйіспеншілігі мен қызмет етуге дайындағымен көрінеді. Қазақ – халқы
рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата – бабаларымыздың күмбірлеген
күміс күйі, сыбызғы – сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық
жырлары, шешендік сөз, айтыс өлеңдері мен қастандық үшін жері мен елін
қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандары ғасырлар бойы өз
ұрпағын өнегелі де, өнерлі адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат
етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса тәуелсіздік туы желбіреген
егеменді еліміздің болашақ патриот ұрпағын тәрбиелеуде оқушылардың бойына
ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, отанын
сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата-
бабамыздың салт-дәстүрін негізге ұстансақ, өте ұғымды болар еді
[26;27;28;29].
Туған жерге деген ыстық сезім, Отанға деген құрмет пен қадыр-қасиет
тұтуды дала ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд
Қашғари т.б. айтып өткен болатын.
Ықылым заманнан бізге жеткен Қорқыт ата кітабында тәлімдік мәні
күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптен кездеседі. Мысалы:
Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп,
күшіңді сарп етпе Батыр болып туған жігіттің садағының оғы да қылыштай
кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан

жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің
тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан
жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық,- деген екен [30, 71 ].
Әл-Фараби өзінің Азаматтық саясат, Поэзия өнері туралы, Бақытқа
жол сілтеу, Риторика, Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері атты
трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық,
мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, олардың негізін дәлелдеп
берген. Сонымен бірге Әл-Фарабидің Отанына деген сүйіспеншілігін сағынышын
мына бір өлеңінен байқаймыз.
Өткенім жоқ, елім сенен, Атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жалғыз, жұртым шалғай, Ғылым атты шам іздеп,
Ақтадым мен ақ сүтіңді, Келгенімше шамамның,
Ассам дағы сексен жастан. Сәбиіңмін балаңмын...
Айналайын, атам қыпшақ. Туған жерді сағындым.
Өз атыңа құрметіңе. Қайда жүрсем табындым ! [31, 82 ].
М.Қашғаридің – Отан дәстүр мен ұлттық мәдениеттен тұрады. Отаннан
күдерүзу болғанмен, дәстүр салтты аттап кетуге жол жоқ -деген мақалы
ұлттық дәстүр мен ұлттық мәдениетті аңғартады [32, 67 ].
Жонғар шапқыншылығы кезендегі халықтың береке бірлігін, ат жалын
тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы - өз Отанын жаудан
қорғау екендігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең –
жырларынан көре аламыз [33; 34; 35].
Бұқар жырау: Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы,-
деген екен [35, 81].
Қазақ даласының айбынды ақындарының бірі Махамбет қазақ шаруаларын
бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді өмір бойы
армандап кеткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлігі,
олардың адамгершілік қасиеттерін жыр етеді.
Осы жобада әдебиеттердің ғылыми теориялық талдауы мынаны көрсетеді,
бұл мәселенің түрлі аспектілері Аристотельдің, Платонның, Цицеронның, ХVІІІ
ғ. француз материалистерінің, неміс философтарының, орыс революционер –
демократтарының сонымен қатар өз халқына, ұлтына деген сезімді қазақ
ағартушылары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиевтің т.б. еңбектерінде
зерттелген.
Қазақтар патриотизмі дегеніміз Мұстафа Шоқайұлының айтуынша өз
еліне, осы жердің негізгі қожасы, елді – мемлекет құраушы қазақ халқына
сүйіспеншілік жолына қолда барын, өмірін аямайтын адам [37]. Ал осындай
адамдарды тәрбиелеу – қазіргі кезеңнің, әсіресе әрісін айтпағанда берісі
2030 жылдың төңірегіндегі тәлім – тәрбие саласында қызмет істеп
жүргендердің ардақты борышы, міндеті болуы керек.
Ш.Уалиханов патриотизм халықты ағарту ісі жолындағы
жалынды
күресінен көрінеді: Европаның жалпы адамзаттық ағарту ісін игеруі, оның
осы мақсатқа жету үшін белсенді күресі, даму мен мәдениетке қабілетті кез-
келген халықтың түпкі мақсаты, тек шынайы білім ғана күмәннен қорғаушы
рухы, тек сол ғана адамды өмір мен жақсы тұрмыс жағдайды бағалауға
үйретеді, дегенмен халықтың қалыпты өсіп дамуы үшін ең алдымен еркіндік
және білім қажет..., - дей келе Менің патриоттық сезімім ірбіт
сандығындай мен ең алдымен отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, -
деген екен [38, 214 ].
Ал қазақтың ақыны ағартушы, философ А.Құнанбаев еңбектерін зерделеп
қарайтын болсақ жастарды ерлікке, патриотизмге баулап, намысын, ар
-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр
жолдарын кездестіреміз [39; 40]. Оның Адамзаттың бәрін сүй бауырым, -
деген сөзі барша жұртты жауласу, күш көрсету дегенді білместен тек тату –
тәтті өмір сүруге шақырады. Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу туралы және қазақ
халқының гуманистік мұраттарын Сөздер кітабы еңбегінде адамгершілік
туралы көзқарастарын білдірген. Ол өз заманы үшін прогрессивті адамгершілік
этикасы идеяларын ұсынды: адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуы және мінез-
құлықтың адамгершілік нормалары: Орта, дәуірі адамзаттық заңнама және
адамдардың өмір тіршілігі адамгершіліктің жалпы алғы шарттарының көзі:
Адамды заман қалыптастырады және егер де адамгершілігі болмаса, онда оған
замандастары кінәлі, - деп атап көрсеткен [40, 66].
Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин адамгершілік тәрбиенің негізгі
қасиеттеріне патриотизм, гуманизм, адалдық, еңбек сүйгіштік,
қарапайымдылық, әделеттілік жатқызады [41]. Патриотизм және гуманизм –
адамгершілігі мол адамның маңызды белгілері, - деп Қырғыз хрестоматиясы
еңбегінде атап өткен [42, 122]. Соған қоса Ш. Құдайбердиевтің пікірі:
адамгершілік адамның мейрімділік, ұят, ар, еңбек сүйгіш, адамды тұлға
ретінде бағалай білу, терең сыйластық секілді гумандық сезімдерінен көреді
[43, 81 ].
Жоғарыда аталған қазақ ағартушыларының ілімдері мен әрекеттерінде
патриоттық сезім дегеніміз – Отанын, өз елін сүю, Отан үшін күресу, еңбек
ету. Өсіп келе жатқан ұрпақты ұлттық тәрбиелеу патриотизммен азаматтықтың
қалыптасуымен тығыз байланысты. Ғалымдардың көрсетуінше, біздің елімізде
қазіргі заманғы шарттарда адамға қазақстандық мәдениеттің, өнер мен
білімнің тәрбиелік әсері төмендеп отыр. Қоғамның санасында дәстүрлі
патриоттық сезімнің жоғалуы, ал керісінше шыдамсыздық, өзімшілдік, жекелік,
ашуланшақтық, мемлекетке деген оның рәсімдеріне және әлеуметтік
институттарға деген сыйламаушылық пайда болуы байқалып отыр, әскери және
мемлекеттік қызметтердің (престижность) төмендеп отыр. Елімізде азаматтық
пен патриотизмге тәрбиелеу жүйесінің жаңа түрін қалыптастыру мен дамыту
қажеттілігі туды. Ол жүйе әлеуметтік мағыналы байлықтарды қалыптастыруға
және барлық дәрежелі мемлекеттік органдардың, ғылыми және білім беру
мекемелерінің қызметтерін біріктіруге бағытталған.
Біздің ғылыми жұмысымыздың контекстінде Патриотизм
ұғымы
А.С. Макаренконың, А.В. Луначарскийдің, В.А. Сухомлинскийдің, С.Т.
Щацкиидің, А.А. Данилов, Н.И. Скаткин, И.Я. Лерне, Ю.К. Бабанский, В.И.
Харламов, Ю.П. Азаров, В.С.Селивановтың және қазақстандық ғалымдар
Б.Қ.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Ә.А.Қалыбекова, М.С. Жүнісов, А.Г. Бижанов, У.
Қасенов, М.М. Скибицкий, И.П. Камарин, А. Бектуров, А. Бейсенбаев, Л.
Сейдахметова, Ә. Жұмаханов, Б. Мұзаппарова, А. Құсайынов, П. Жаманқұл т.б.
ғылыми еңбектерінде өз көрінісін тапты.
Оның методологиялық негізі – жаңа қоғам құрушыларды тәрбиелеудегі
педагогика классиктерінің ілімінде, олар патриотизм мен интернационализмнің
тарихи сипатын, мәнін, мағынасын ғылыми негіздеп, нағыз патриотизмнің
тамыры олардың деалектикалық бірлігінде екенін
дәлелдеді [44; 45; 46; 47].
Сол себепті материалистердің ойынша Патриотизм ғасырлар және
мыңдаған жылдар бойы бекіген ең бір терең сезімдерінің бірі... патриотизм
әртүрлі класстардың мүддесі, олардың нақты ойы қоғамға деген қатынасын
білдереді, - дейді [48, 111].
Біз патриотизм, Кеңестік патриотизм ұғымдарының анықтамасын
ҮСЭ, философиялық, педагогикалық сөздіктерде Патриотизм ... адамгершілік
және саяси ұстаным, әлеуметтік сезім, оның мазмұны Отанға деген
сүйіспеншілік, оның өткені мен қазіргісіне мақтаныш, Отанның барын қорғауға
ұмтылу сезімі болып табылады [49, 335]. Патриотизм (грек тілінен patriots-
отандас, patrio-отан) Отанды сүю, оған берілгендік іс-әрекеттерімен қызмет
етуге ұмтылу. Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік сезімі, оның
мүддесі үшін қызмет ету. Нағыз патриотизм отанды жәй ғана сүю сезімі емес,
Отан тағдыры үшін жоғары саналы азаматтық жауапкершілік екенін оқимыз [50,
86].
Қазан революциясы тарихынан біздің білетініміз, патриотизмның жаңа
түрі – кеңестік патриотизммен байланысты туды. Материалистер патриотизмнің
мәніне анықтама беріп, теориялық жағына негіздеді: ол қоғамдық саяси және
өнегелі құбылыс, әлеуметтік ортамен және тәрбиемен егіледі, париотизм қоғам
дамуының әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайларының өнімі болып
табылады. Сонымен патриотизм феноменінің социализм дәуірінде
социалистікке айналғанын айту керек, сонымен қоса, кеңесті патриотизм
социалистік Отанды сүю, барлық ұлттардың еңбекшілеріне деген құрметті
бейбіт өмір жолындағы күресті білдіреді.
Бүтіндей алғанда, социализм патриотизмнің жаңа түрін туғызды, ол
интернационализммен қосылған қоғамдық табиғи қатынас. Социалистік
патриотизм – пролетарлық интернационализмнің жоғарғы көрінісі, олар өз
дамуында өзара байланысқан. К.Маркс пен В.И.Ленин тарихтың даму логикасы
тұрғысынан адамзат дамуының бір деңгейінен екіншісіне, неғұрлым жетілген
жоғарғысына өтуі әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан – бұл объективті заң, -
дей, Д.Ф.Злобин соған сәйкес деңгейлердің ауысуы өтпелі, әрбір жаңасы
ескінің негізінде туады, - дейді [51].
Бұл позициядан лағанда, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы
заңды құбылыс, ол тәуелсіз Қазақстанның идеялогиясы мен мемлекеттік
саясатының жаңа парадигмаларын ендіру мен бекітуге негізделеді. Сол себепті
Қазақстандық патриотизм дегеніміз кеңестік патриотизм мен
интернационализм негізінде өсіп шыққан, оған азаматтық сезімді қосқан, жаңа
қоғамның адамгершілігі саналы тұлғаның рухани тірегі болып табылатын ұғым
деп түсінеміз.
Зерттеушілер А. Бижановтың, пікірінше Қазақстандық патриотизм
негіздері болып табылатындар: Қазақстан халықтарын құрайтын этностарының
тарихи тағдырының жалпылылығы, қазақстандықтардың менталитетіндегі жалпы
белгілер, олардың республиканың экономикалық потенциалын құруға қосқаны,
табиғи ортаның ортақтылығы [52]. Авторлардың ой-пікірі бойынша, бұл
негіздердің потенциалы бүкіл халықты мемлекетпен теңестіру жолындағы
әрекетіне Қазақстанның бүтіндігін сақтау мен нығайтуға ұмтылу, оның
экономикалық қуатына, халықаралық абыройы мен әсерін нығайтуға ықпал
жасауында.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан
халықтарының ассамблеясында ІІІ сессиясында Мемлекетаралық интеграцияның
тереңдету, тәуелсіздікті нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру
туралы сөйлеген сөзінде атап өткені: Біз бүгін кез-келген диалогқа
дайынбыз құрылып кейбір мемлекеттік шенеуніктер секілді мен жаңа қоғамда
құрылып жатқан, жаңа саяси қозғалыстардан қорықпаймын. Егер осы бағыт шын
мәнінде, біздің болашақ қоғамның дамуында бағытталған болса, онда ол
әдеттегі процесс болып табылады. Біздің интелегенцияның халықты, Отанды
сүюге, оны қадірлеу, құрметтеу жолына, ұлттық патриотизмді көтеруге
бағыттайтын кез келді [53].
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан халқына жолдауында, Ең маңыздысы - өз-өзіңді тану, жас ұрпақты
Отанға деген шынайы сезімге тәрбиелеу, жалпы адамзаттық құндылық –
демократияландыру мен тәуелсіздік әкелген бостандық, едәуір дәрежеде
тұлғаның құқықтары мен бостандығын көтеріп, бір құнды бағытқа біріктірді ол
еркіндік пен жауапкершілік [54].
Тұғаның азаматтық жауапкершілік сезімі рухында, Қазақстандық
патриотизмнің дамуына көңіл бөле отырып өзінің ХХІ ғасыр табалдырығында
атты еңбегінде Н.Ә. Назарбаев былай дейді: Егер әр адам бала кезінен
Қазақстан менің Отаным, ол мен үшін жауапты, мен ол үшін жауаптымын, ол
идеяны жүзеге асырысамын-деп өссе [54, 95]
Сол себепті біздің елімізде өткен кеңес дәуірінен қалған бірқатар
ұғымдарды қосып демократиялық нормативтердің енгізгенін атағанымыз өте
маңызды. Өткен рухани дәстүрлер жаңа арнамен дами бастады. Сонымен бірге
әлемдік нарық экономикасының теориясы және оны Қазақстан экономикасына
енгізу тәжірибиесі, біздің қоғамның дамуына әсіресе білім мен тәрбие
саласына өзіндік түзетулерін әкеледі.
Ол білім беру саласындағы ұлттық саясат, өзінің позитивті
жеңістерін қосты, білім кеңестігін сақтауға және оған әлемдік
тенденцияларды ескере ілгері жылжуға мүмкіндік береді - деп көрсетеді
зерттеушілер Ш.Т. Таубаева, С.Н. Лактионова [55, 7]. Мұнда патриотизм
тәрбиесінің мәселелері біздің пікірімізше жаңа ғылыми оқылым табуда.
Осы зерттеу контекстінде Л.Байсеркеев қазақстандық патриотизмның
қалыптасуы аса маңызды әлеуметтік педагогикалық міндет, оны біздің көп
ұлтты қоғам шешеді, - дей, Қазақстан халқы өзіне лайық ересек ұрпақтың
патриоттық сезімдерін сәтті жалғастыруға, қоғам байлығын көбейтуге,
ғылымды, көп ұлттық мәдениетті және өзара қарым-қатынас дәстүрлерін
дамытуға қабілетті ұрпаққа құштар. Әрі қарай автор тұлғаның азаматтық
жауапкершілігін дамыту туралы ойын көрсете отырып былай дейді: өзіңді
тәуелсіз қоғамның азаматты сезіну үшін, аса өнегелі азаматтық,
патриоттық
және интернационалдық тұрғында дамыған балаларда, жеткіншектерде патриоттық
сезімдердің қалыптасуына ар-намыс , ұят, абырой, азаматтық борыш,
жауапкершілік сезімдерінің, адамгершілік міндет пен жауапкершілік
сезімдерінің қалыптасуына ерекше көңіл бөлу керек, - дейді [56, 129].
Ал зерттеуші Г.Р. Айтхожинаның пікірі бойынша қазақстандық
патриотизм жаратылысында патриотизм сезімі, толеранттық және ұлттық келісім
жатыр [57]. Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру негіздерін зерттеген
Е.Утегенов Қазақстандық патриотизм тәуелсіз Қазақстан мелекетінің
азаматтарының... Отанға деген сүйіспеншілігін және Отан қорғаушыларының
азаматтық жауапкершілігі арқылы рухани күш – қуатын көтеру мүмкін [58.].
Қазақстан патриотизм негізі жеке тұлғаның оң өнегелі рухани
қасиеттері дамуында жатыр, олар адамда жаңа қасиеттерді дамытатын
тәрбиелеуші ортада белсенді болады, - деп санайды Д.М.Жусубалиева және т.б.
[59, 111].
Зерттеуші Б.Абуова патриоттық тәрбие жүйесін құруда ұлттық
менталитет, ұлттық мәдени құндылықтарға, халықтық тәрбие дәстүрлеріне
сүйену керек, - дейді [60, 216].
Сонымен, осы ұғымның сипаттамасы жөніндегі ғылымдардың
пікірлерімен келісе отырып біз өз тарапымыздан былай дейміз: Қазақстандық
патриотизм жоғары азаматтық сезім, ол жаңа уақыттың нақтыласақ, жаңа
оқушылар ұрпағының тұлға адамгершілігін қалыптастырудың рухани тірегі болып
табылады.
Патриотизм, Советтік патриотизм, Қазақстандық патриотизм
ұғымдарының әртүрлі баяндауларының өзара байланысы мен сіңісуі әрекеттік
себептерден құрылады, жер бетіндегі бейбітшілік пен тіршілік үшін елді,
Отанды қорғау ниеті. Патриотизм және Тәрбие ұғымдарының интеграциясы
мақсатқа бағытталған бір Патриоттық тәрбие педагогика ұғымын құрайды. Сол
себепті тұлғаны дамытудың маңызды импульсы ретінде Патриоттық тәрбие
феномені екі бағытта жүзеге асады: жалпы
адамдықта, не болмаса эмоциональды – психологиялық сезімдегі білім беретіні
практикалық іс-әрекетте көрінуі және саясатта рациональды – идеялогиялық,
мақсатқа бағытталған әлеуметті – педагогикалық ықпал жасау барысында жеткен
тәрбие-идеялық жұмыстар нәтижесі. Біздің пікірімізше, тәрбие жүйесіндегі
барлық компоненттерінің бірлігін, соның ішінде патриотизмді де айқындайды.
Педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибиесі өскелең ұрпаққа патриоттық
және эмоциональдық тәрбие беру теориясы мен әдістемесін дамытуда үлкен үлес
қосты. Патриоттық тәрбие проблемасы өзекті және ары қарай зерттеуді талап
етеді, өйткені қазіргі кезеңде өскелең ұрпақтың нағыз адамгершілік
қасиеттері мен сезімдерін қалыптастыру және дамыту міндеті өте маңызды
рөлге ие болып отырғанда, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу приоритеттік
бастамасы.
Қазіргі кезеңдегі орасан жылдамдық алған өркендеу заманында
жас
ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесін қазақстандық қоғамның
сезіне білуі және өз бетінше өмір сүруге дайындауды ұғынуы, тәрбиені
ұйымдастырудың жаңашыл жолдарын жасауға мүмкіндік туғызады. Атап айтқанда,
қазіргі нарықтық замандағы бәсекелестік жағдайға бейім, рухани дамыған жеке
тұлға тәрбиелеуде қоғамның тапсырыстары мен сұраныстарын қанағаттандыру
мәселесі, ауыспалы жағдайда жылдам шешім қабылдай білетін, өз білімін,
біліктілігін дұрыс іске асыра алатын, барлық жағдайда, іс-әрекетке даяр
болуға, шығармашыл тұлғаның дамуына бағытталған тәрбиелеу мәселесі.
Бұл жерде Н.В. Бордовская, А.А. Реан сынды ғалымдардың азаматтық
қасиеттері тәрбиелеуді отбасы, өзге адамдар, өз халқына, туғаг жеріне,
әлемзат тағдырына деген жауапкершілікті қалыптастыру азаматы болып
қалыптасу деп түсінеді [61, 88].
Жоғарыда айтылғандармен келісе отырып, біз жеке тұлғаның осындай
қасиеттерін тәрбиелеу, мысалы, әділдік үшін күресе білу, жауапкершілік,
ашық айту, ынтымақтастық және т.б. Патриоттық тәрбие феноменін қарайтын
жеке-әлеуметтік бағытты құндылықтар деп айта аламыз.
Біздің зерттеуімізде келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі
. К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, А.В. Луначарский және
т.б. ғалымдар еңбектерінде қозғалғанын, өз ойларын айтып, олардың әр
қайсысы кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқанын
анықтадық.
К.Д. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ, ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Гобелен тоқу технологиясы
Оқушыларға адамгершілік-патриотта тәрбие берудегі көпұлтты мектептің қызметін талдау
Оқытушылар мен студенттердің тұлғааралық қарым-қатынастарын оқыту үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Пәндер