Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі - Райымжан Мәрсековтың рөлі



Кіріспе
4
1 Р.Марсековтың өмір белестері 12
1.1 Р.Марсековтың қалыптасқан ортасы 12
1.2 Р.Мәрсековтың саяси өмірге шығу қадамдары 16
2 Р.Мәрсековтың қоғамдық . саяси қызметі 26
2.1 Р.Мәрсековтың қоғамдық қызметінің бастаулары 26
2.2 Р.Мәрсековтың құқықтық танымы 34
3 Р.Марсековтың шығармашылық мұралары 45
3.1 Р.Мәрсеков . қаламын қару еткен қайраткер 45
3.2 Р.Мәсековтың мақалалары және мұрағат құжаттары 47
Қорытынды
64
Әдебиеттер тізімі
68
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы 15 жыл астам уақыт өтті, осы уақыт ішінде ол өзге өркениетті елдерге нақты эканомикалық-саяси мақсат қойып, ол мақсатқа жету жолына ішкі саяси тұрақтылық сақтай отырып танылды. Атқарылған нәтижелі шаралар өте көп, соның ішінде егемендік алғаннан кейін «өзін демократиялық зайрлы, құқықтық және әлеуметтік» мемлекет деп дариялвуы қоғамдық ғылымдар соның ішінде тарихи ғылымы алғанда жаңа міндттер жүктеді./1/.
Солардың бірі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның ұлттық және саяси сана-сезімнің оянуына, өзінің дербес мемлекттілігін жариялау жолындағы күресінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы үрдістерге жетекшілік жасаған Алашарда қайраткерінің саяси-қоғамдық қызметкерлері мен шығармашылық мұраларын зерттеу.
ХХ ғасырдың бас кезінде екі бірдей отарлық және феодалдық езгінің қыспағына түсен қазақ қоғалы бір жағынан, ауыр қоғамдық дағдарысқа келіп тірелсе, екінші жағынан, ортағасырлық ұйқыдан оянып, басқа елдермен бірге, өзіне лайық жол іздеу әрекетіне көшті. Бұл оның озапты тарихындағы сапалы жаңа кезең еді, өйткені енді ол бұрынғы күйде өмір, жаңа тұрмысқа көшу үшін оған кедергі болған қоғамдық-саяси кедергілері жою мәсклесін батыл қойып олардан арылу жолдарын ел болып іздеу қажеттігін түсіне бастады. Өзін-өзі тану аталатын бұл азаттық үрдістің басында қазақ қоғамы үшін жаңа, дербес әлеуметтік-саяси күш-ұлттық интеллигенцияның алғашқы буынының өкілдері тұрды.
Басым бөлігі Ресейдің оқу орындарында білім алып, прогресшіл демократиялық орыс қуатты ықпалында болып, сол арқылы еуропалық озық атпен танысып, қоғамдық төңкерлістің принциптерін өз алдарына мақсат етіп қойған қазақ зиялылары өздерінің бастапқы табиғи міндеті-оқу ағарту ісімен қанағаттанбай, сонымен бірге үлкен саясат ісіне араласып, сол арқылы да өз халқына қызмет жасауды алдына мақсат етіп қойды. Қазақ зиялыларының қызметі ХХ ғасырдың бас кезінде екі жақты салада бірдей көрінді. Басқаша болуы мүмкін емес. Қазақ қоғамының даму кезеңі, соған сай қалыптасқан қоғамдық сұраныс қазақ зиялыларының туған елі үшін ағартушы ұзтаздықты да, қоғамды көркейту қызметін де, болашақ үшін күресе алатын қайратукерлікті де талап етті. Сол тұста дамыған қоғамдық-саяси құқықтық ой пікірдің озық философиясы, рухани және жоғары идеялық тұжырымдары заман сахнасына көтерді. Атап айтқанда сол тұжырымдар ұлттық тәуелсіздік, өзін-өзі басқару, құқықтық мемлекет принциптеріне қазақ қоғамына жаңарту сияқты биік мұрат мақсаттардан құралған.
Қазақ зиялыларының бұл қоғамдық-саяси қызметі 1905-1907 жылдардағы тұңғыш орыс істерге белсенді араласуымен, орталық билік орындалуына қазақ елінің негізгі мұқтажын білдіретін ртциилар ұйымдасытыуын, ұлттық бастамалар шығаруға жасаған дайындаған,, сондай-ақ сол тұстағы ресейлік шындық үшін үлкен саяси оқиға болған мемлекеттік Дума жұмысына ат салысуына және басқа қазақ қоғамы жағдайында мүлдем тың қызметіне айқын
1. Қазақ Республикасының Конститутциясы.-Алматы, 1995.- 28 бет.
2. Нүпейісов К. Алаш және Алашорда.-Алматы, 1995. -144-161бет.
3. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері: саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы.-Алматы, 1998.-360 бет.
4. Қойгельдиев М.Алашт қозғалысы.-Алматы, 1995.- 87 бет.
5. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы, 1992- 328 бет.
6. Алаш – Орда: Сб. документов. – Алматы, 1992. – 96 бет.
7. Алаш – Орда: Сб. документов. – Алматы, 1995. – 161 бет.
8. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия / Д.А. Аманжолова. – М., 1993. – Ст. 11.
9. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия / Д.А. Аманжолова. – М., 1994. – Ст. 51.
10.Бас қосу турасында // Қазақ. – 1913. – 16 маусым (№18).
11.Бұл мәлімет жарты ғасырдан астам Қытай жерінде тұрған Шәкәрім Әкрәмиден алынды: Осы кісі бұл материалды 1946 жылы Райымжанның інісі Шернияздан естіп, жазып алған.
12.Каталог библиотеки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирского отдела. – Семипалатинск, 1905. – Вып. II. – Ст. 15.
13.ҚРОММ, 494-қ, 1-т., 220-іс, 2-20 бет.
14.ҚРОММ, 64-қ, 1-т., 3260-іс, 2-П.
15.ҚРОММ, 15-қ, 2-т., 331-іс, 2-П.
16.ҚРОММ, 369-қ, 1-т., 886-іс, 7-П.
17.ҚРОММ, 1398-қ, 1-т., 99-іс, 2-П.
18.ҚРОММ, 15-қ, 2-т., 422-іс, 109-П.
19.ҚРОММ, 15-қ, 2-т., 427-іс, 6-П.
20.ҚРОММ, 15-қ, 2-т., 331-іс, 2 бет.
21.Қазақтар. Қазақ халқының білгіштеріне бір – екі сөз // Айқап. – 1913. - №1. – 12-15 бет.
22.Летопись Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела императорского Русского географического общества. 1902 – IX – 1910. – Семипалатинск, 1911. – 81-92 с.
23.Мәрсеков Р. Киргизский народный суд / Р. Мәрсеков // Киргизская степная газета. – 1900. – 2 қантар (№1); 9 қантар (№2)
24.Мәрсеков Р. Көлбайдың сөзінен шындық табыла ма екен / Р. Мәрсеков // Қазақ. – 1915. – 21 маусым (№137).
25.Мәрсеков Р. Қазақ әдебиеті жайынан / Р. Мәрсеков // Қазақ. – 1914. – 25 наурыз (№112).
26.Мәрсеков Р. Қазақ әдебиеті жайынан / Р. Мәрсеков // Қазақ. – 1917. – 17 наурыз (№11).
27.Мәрсеков Р. Патшалық / Р. Мәрсеков // Қазақ. – 1914. – 16 наурыз (№54).
28.Мәрсеков Р. Патшалық / Р. Мәрсеков // Қазақ. – 1913. – 13 желтоқсан (№44); 31 желтоқсан (№44).
29.Мәрсеков Р. Шын сөзге жан пида қылушыға / Р. Мәрсеков // Қазақ. – 1914. – 4 наурыз (№57).

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
С. А. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
университеті

Тарих және халықаралық қатынастар факультеті
Қазақстан тарихы және шет елдер тарихы кафедрасы

Магистрлік диссертация

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі - Райымжан Мәрсековтың рөлі
Өскемен,2007
Кіріспе

Р.Марсековтың өмір белестері
Р.Марсековтың қалыптасқан ортасы
Р.Мәрсековтың саяси өмірге шығу қадамдары
Р.Мәрсековтың қоғамдық – саяси қызметі
Р.Мәрсековтың қоғамдық қызметінің бастаулары
Р.Мәрсековтың құқықтық танымы
Р.Марсековтың шығармашылық мұралары
Р.Мәрсеков - қаламын қару еткен қайраткер
Р.Мәсековтың мақалалары және мұрағат құжаттары
Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Реферат

Магистірлік диссертацияның қарастырылып отырған мәселесі Қазақстан
тарихындағы қазіргі күннің ең маңызды ақтаңдық беттерінің бірі-қазақ
демократиялық өкілдерінің бірі, Алаш қайраткері, Заңгер, публист-Р.
Мәрсековтың Қазақстанның Қоғамдық саяси өміріндегі рөлі мен шығармашылық
мұраларын зерттеу, оларға тарихи тұрғыдан талдау жасап тарихи баға беру.
Қазақстан тарихының ашылмаған ақтандық беттерінің, әсіресе татасқан
кезеңі ХХ ғасырдың І жартысында екені белгіліғ, әсіресе ұлт зиялыларының
қоғамдық қызметтері мен оларды құғындау саясатының ашылмаған қырлары.
Магистірлік дисертацияның өзектілігі, сталиндік кезеңде жарыққа
шығаруға тиым салынған қазақ зиялыларының қызметі мен шығармашылық
мұраларын тарихи сахнасына қайтадан шығару. Олардың ішінде саяси қайраткер,
заң саласының маманы - Р.Мәрсеков та бар.
Магистірлік дисертацияның ғылыми жаңалығы Р.Мәрсековтың қоғамдық-
саяси қызметін ғана емес, сонымен бірге шығармашылық мұраларына талдау
жасалап, тарихи баға берілді.
Жұмыстың зерттеу деңгейі қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін
жарыққа шыққан Алашарда мен алашарда әдебиеттер мен баспасөз бетінде
жарияланған мақалалар көлемінен және мұрағат құжаттарынан анықталады.
Магистірлік дисертацияда алдына Р.Мәрсековтың атқарған қызметтерің
тарихи мазмұнын ашу, саяси оқиғаларға байланысты көзқарасының қалыптасу
кезеңдерін жіктеп, Алаш қозғалысында атқарған іс-әрекеттері, тарихи
еңбектеріне талдау тәріздес міндеттер қояды.
Магистірлік дисертация кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлім 3-
таудан, әр тарау екі бөлімнен, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

Мазмұны

Кіріспе 4
1 Р.Марсековтың өмір белестері 12
1.1 Р.Марсековтың қалыптасқан ортасы 12
1.2 Р.Мәрсековтың саяси өмірге шығу қадамдары 16
2 Р.Мәрсековтың қоғамдық – саяси қызметі 26
2.1 Р.Мәрсековтың қоғамдық қызметінің бастаулары 26
2.2 Р.Мәрсековтың құқықтық танымы 34
3 Р.Марсековтың шығармашылық мұралары 45
3.1 Р.Мәрсеков - қаламын қару еткен қайраткер 45
3.2 Р.Мәсековтың мақалалары және мұрағат құжаттары 47
Қорытынды 64
Әдебиеттер тізімі 68

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып,
егеменді ел болғалы 15 жыл астам уақыт өтті, осы уақыт ішінде ол өзге
өркениетті елдерге нақты эканомикалық-саяси мақсат қойып, ол мақсатқа жету
жолына ішкі саяси тұрақтылық сақтай отырып танылды. Атқарылған нәтижелі
шаралар өте көп, соның ішінде егемендік алғаннан кейін өзін демократиялық
зайрлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп дариялвуы қоғамдық ғылымдар
соның ішінде тарихи ғылымы алғанда жаңа міндттер жүктеді.1.
Солардың бірі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның ұлттық
және саяси сана-сезімнің оянуына, өзінің дербес мемлекттілігін жариялау
жолындағы күресінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы үрдістерге
жетекшілік жасаған Алашарда қайраткерінің саяси-қоғамдық қызметкерлері мен
шығармашылық мұраларын зерттеу.
ХХ ғасырдың бас кезінде екі бірдей отарлық және феодалдық езгінің
қыспағына түсен қазақ қоғалы бір жағынан, ауыр қоғамдық дағдарысқа келіп
тірелсе, екінші жағынан, ортағасырлық ұйқыдан оянып, басқа елдермен бірге,
өзіне лайық жол іздеу әрекетіне көшті. Бұл оның озапты тарихындағы сапалы
жаңа кезең еді, өйткені енді ол бұрынғы күйде өмір, жаңа тұрмысқа көшу үшін
оған кедергі болған қоғамдық-саяси кедергілері жою мәсклесін батыл қойып
олардан арылу жолдарын ел болып іздеу қажеттігін түсіне бастады. Өзін-өзі
тану аталатын бұл азаттық үрдістің басында қазақ қоғамы үшін жаңа, дербес
әлеуметтік-саяси күш-ұлттық интеллигенцияның алғашқы буынының өкілдері
тұрды.
Басым бөлігі Ресейдің оқу орындарында білім алып, прогресшіл
демократиялық орыс қуатты ықпалында болып, сол арқылы еуропалық озық атпен
танысып, қоғамдық төңкерлістің принциптерін өз алдарына мақсат етіп қойған
қазақ зиялылары өздерінің бастапқы табиғи міндеті-оқу ағарту ісімен
қанағаттанбай, сонымен бірге үлкен саясат ісіне араласып, сол арқылы да өз
халқына қызмет жасауды алдына мақсат етіп қойды. Қазақ зиялыларының қызметі
ХХ ғасырдың бас кезінде екі жақты салада бірдей көрінді. Басқаша болуы
мүмкін емес. Қазақ қоғамының даму кезеңі, соған сай қалыптасқан қоғамдық
сұраныс қазақ зиялыларының туған елі үшін ағартушы ұзтаздықты да, қоғамды
көркейту қызметін де, болашақ үшін күресе алатын қайратукерлікті де талап
етті. Сол тұста дамыған қоғамдық-саяси құқықтық ой пікірдің озық
философиясы, рухани және жоғары идеялық тұжырымдары заман сахнасына
көтерді. Атап айтқанда сол тұжырымдар ұлттық тәуелсіздік, өзін-өзі басқару,
құқықтық мемлекет принциптеріне қазақ қоғамына жаңарту сияқты биік мұрат
мақсаттардан құралған.
Қазақ зиялыларының бұл қоғамдық-саяси қызметі 1905-1907 жылдардағы
тұңғыш орыс істерге белсенді араласуымен, орталық билік орындалуына қазақ
елінің негізгі мұқтажын білдіретін ртциилар ұйымдасытыуын, ұлттық
бастамалар шығаруға жасаған дайындаған,, сондай-ақ сол тұстағы ресейлік
шындық үшін үлкен саяси оқиға болған мемлекеттік Дума жұмысына ат салысуына
және басқа қазақ қоғамы жағдайында мүлдем тың қызметіне айқын көрінеді. Нақ
осы мезгілде өмірге келген түрлі құжаттардан, мерзімдік баспасөз
беттерінен, қазақ зиялыларының қоғамдық дамуға байланысты көзқарасы,
ұстанған бағыт-бағдарыда анық байқалады. Ол көзқарасының негізгі мазмұны
Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін кеңістік тарихнмада айтылып
келгендей, күні өткен феодалдық-патриархалық тәртіпті қорғауға немесе жаңа
бужуазиялық қатынастарды тездетулер де сыймайтын еді. Оның мазмұнын сол
тарихи кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалыс пен ортағасырлық қоғамдық қарсы күрес
мүддесі айқындалады.
ХХ ғасыр адамзат қоғамының рухани кемелденуі мен жаңа сапалы
өркениетке қадам басуының белесі болды. Әлемдік саяси-әлеуметтік, қоғамдық-
эканомикалық, құқықтық озық қатынасытарының ілгері даму үрдісі монорхиялық
үстемдік еткен шешу Ресей империясына да өз әсерін тигізді. Ресейдегі
әлеуметтік таптық теңсіздіктің даму сипаты тұрғысынан ара-жігі ажырап,
билік басындағылардың басқару жүйесіне бұқараның жаппай пиғылының өрши
түсуі патшалық мемлекеттік құрлысты төңкруге бағытталған дүмпулерге ұласты.
Қазақ қоғамына жаңа саяси күштің өмірге келіп, күреске араласа
бастағаны патша үкіметіне де кейін кеңестік билік орындарына да ұнамады.
Қазақ зиялыларының ең белсенді тобы жер аударылды, абақтыға жабылды. Сол
кезеңде ұлттық сананың оянуына түрткі болған Алаштың озық ойлы, зиялы
азаматтары өз халқын жалпы адамзаттық биік рухани қағидаларға баулып, өз
елін өркениет биігінен көргісі келді. Солардың басты өкілдері, нағыз
ұлтжанды қазақ зиялылары.
Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Сералин, Жақып
Ақбаев, Барлыбек Сыртанов, Райымжан Мәрсековтар еді. Олар-қоғамдық саяси,
құқықтық ой-пікірдің реформациялау жаңару мен бастандық идеяларының нағыз
жыршылары болып танылды.
Кеңес Одағының дәуіріенде қазақ зиялыларыың қызметтері бұрмаушылыққа
ұшырап, сан-салалы таихи үрдістері зерттеуде біржапқтылықты, бір ғана
идеямен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті. Әрине бұл тапта, кеңестік
тарихшыларды айптап, шеттету артық болар еді. Өйтені, баолық баспа өнімдері
өкіметтің қатаң бақылауында болғаны ешкімге де жасырын емес.
Қазақстан тақыр жерде пайда болған жақ, өзіндік өткен жолы, бастан
кешкен тарихы, тағылымы мол тәжірибесі бар халық.
Ресейге бодан болған 150 жылдан астам уақытта қаншама езгіге түссе де,
патшалықтың немесе Кеңестік билеушілер тарапынан қысымға ұшырап отырса да,
табиғатынан бойына біткен қайсарлықтың арқасында еркіндік жолындағы ұлт-
азатты күресін тоқтатқан жоқ.
Жоғарыда келтіріліп кеткендей, ХХ ғасырдың басында ел тарихы қилы
саяси оқиғаларға толы болды. Осы тарихи оқиғалардың бел ортасында өздерінің
өнімдерін, қабілеті мен іс-қимылын халық мүдделеріне орнауға бел байлаған
ұлтжанды азаматтар, қазақ зиялылары жүрді. Соның бірі, жоғарыда аталған
қоғамдық-саяси қызметтердің бел ортасында жүріп, халқы үшін аянбай қызмет
еткен, заң қызметкері, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белді мүшесі -
Райымжан Мәрсеков.
Магистірілк диссертацияның тарихнамасы. Қазақ зиялыларының оның ішінде
жекеленген тұлғаларының қызметі мен өмір жолдарын зерттегенде ескере
кететін жайт, қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің тарихын
зерттеуді олардың өздері бастап берген болатын.
Бұл ретте Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Р.Мәрсековтың және
басқалардың өз замандастарының өмірі мен қызметіне байланысты түрлі
басылымдарда жарияланған еңбектерін айтқан жөн. Қазақ зиялылары кім туралы
жазбасын, уақыт рухына сай қайраткерлердің ұстанған көзқарасы мен атқарған
еңбегін бірінші кезекке қойды.
Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми
саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Мұндай саясаттың
астары түсінікті болатын, қазақ бұқарасының санасын өзіне қарайтып алуды
көздеген кеңестік билеушілер өзінің негізгі қарқылысы ұлттық тәуелсіздік
тұрғынамасында тұрған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясын күрес
арнасынан біржола ығыстыруды алдарына мақсат етіп қойды да, олар туралы кез-
келген мәліметтерді жарыққа шығармады немесе мүлде жойып жіберіп отырды.
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси шығармашылық қызметін зерттеу, 1937-
1938 жылдардағы интелегенция қарсы жүргізілген жаппай жазалау саясаты және
тоталитарлық идеялогияның салтанат құруы бұл тақырыптың ғылыми зерттеу
нысанасы санатынан ұзақ мерзімге шығып қалуына алып келді. ХХ ғасырдың 80
жылдарының аяғына дейін өткен ғасырдың басындағы қазақ интеллегенциясының
қоғамдық- саяси қызметіне арналған бірлі-жарым мақалалар болмаса, бұл
тақырыпты арнайы зерттеу нысанасы есебінде, алған жарық көрмеуі соның
айғағы.
Қазақ ұлттық демократиялық зиялыларының ХХ ғасырдың бас кезіндегі
қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 90 жылдардың
басына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер
Одағын Қамтыған қайта құру үрдісі, соған байланысты тоталиттарлық жүйенің
құрбаны болған мәдениетті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің
шығармашылық мұрасын қарау үшін Қазақстан Комунистік партиясын Орталық
Комитеті жанынан құрылған комессияның шешімдері болды. Соның нәтижесінде
сталиндік жаппай жазылу құрбандары болған қаз зиялыларының шығармашылық
мұралары мен жекеленген тұлғаларға арналған зерттеу еңбектері жарыққа шыға
бастады. Қазақстанның қоғамдық –саяси өміріендегі- Райымжан Мәрсековтың
рөлі атты магистрлік диссертацияның негізіне тарихилық, обьективтілік
басты бағыт етіп алынған.
Магистрлік диссертацияның мақсаты. Кез келген ғылыми еңбек ғылым
дариясына қосылған кішкентай бұлақ тәріздес. Сондықтан зерттеушінің басты
мақсаты – сол ғылымның арналы ағысына өз жолы, өз арнасымен қосылуына
мүмкіндік жасау. Осы тұрғыдан келгенде зерттеуші енді ғана қалыптаса
бастаған Әлихантану, Ахметтану, Міржақыптану ғылымы сияқты ұлттық саяси
және тарихи ілімінің бір саласы – райымжантану ғылыми курсын қалыптастыру.
Әрине, қазіргі уақытта бұл салада Қазақстандық тарихшы – зерттеушілер
тарапынан біршама жұмыстар жасалып жатқаны ешкімге де жасырын емес.
Дегенімен әр зерттеушінің тарих ғылымына қосар үлесі қайталануы мүмкін
еместігі де айқын.
Осы тұжырымдарды ескере отырып зерттеу жұмысында алға қойылған
маққсат, отандық тарихнамадағы үздік жазылған қайраткерлер бейнелерінен
үлгі ала отырып Райымжан Мәрсековтың біртуар тұлғасын жүйелі әрі объективті
түрде зерттеу арқылы оның тұтас ғылыми өмірбаянының жазылуына әсер ету.
осыған орай үй қоғам қайраткері, заңгер және демократ Райымжан Мәрсековтың
қазақ еліне әкелген жаңалығы, қазақ үшін кім екендігі туралы негізгі
бағыттарын зерттеу мақсаты қойылған. Әрі тарихи еңбектеріне тарихи тұрғыдан
және бүгінгі күннің көзқарасымен талдау жұмыстарын жүргізу.
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, магистірлік диссертацияның
барысында төмендегідей міндеттер қойылады.:
1) Р.Мәрсековтың өмірбаянын, қоғамда болып жатқан өзгерістерге
байланысты көзқарасының қалыптасу кезеңдерін қарастыру.
2) Р.Мәрсековтың заңгерлік, қоғамдық-саяси қызметінің мәнін ашып
көрсету.
3) Р.Мәрсековтың саяси және қоғам қайратукері ретінде атқарған
қызметтеріне тоқталып, шынайы деректер келтіріп халқына атқұарған
қызметінің талдап көрсету.
4) Р.Мәрсековтың қазақ елі мен жері ханындағы ой-талғамдарына тарихи
тұрғыда талдап, олардың ұлттық және тарихи маңызын көрсету.
Магистірлік диссертацияның деректік көзі. Магистрлік диссертацияда
өзек болып отырған Райымжан Мәрсековтың өмірі жолына арналған еңбектер ХХІ
ғасырға аяқ басқан уақыттың өзінде жоқтың қасы. Дегенмен Р. Мәрсековтың
ғұмыр-баяндық деректер мен мақалалары жинастырылып баспа беттерінде жорыққа
шығуда. Солардың қатарына қоғамдық-саяси қызметі, тарихтың саясаттандырылуы
сынды тақырыптар аясындағы қызметтер туралы мәліметтер табуға болады.
Сондай-ақ бұл жаңа кезеңде ұлттық зиялылардың қызметтерін зерттеу
тарихнамасында белгілі бір жүйе келе бастаған көруге болады.
Р.Мәрсеков туралы бұл зерттеу жұмысының жазылу кезінде пайдаланған
негізгі және маңызды деректер қатарына жоғарыда келтірілген тақырыптарға
байланысты тарихи еңбектер мен мерзімдік баспасөз беттерінде соңғы уақытқа
дейін жарық көрген мақалаларды жатқызуға болады. Бұл деректердің барлығы
дерлік нақты тарихи мәліметтер мен сенімді мұрағаттық материалдарға сүйене
отырып жазылған. Олай деуге негіз, Кеңестік кезеңде құпия болған, Қазақстан
тәуелсіздігін алған шақта пайдалануға мүмкін болған мұрағаттық құжаттар
көптеген даулы мәселелерге нақты жауап табуға мүмкіндік берген болатын.
Мәселенің зерттеу дәрежесіне келгенде, жоғарыда айтылған бүгінгі
күннің өзекті мәселелерге байланысты тарихи еңбектерді жетерліктей табуға
болатынын ескере, отырып тек Р.Мәрсековтың қызметі мен шығармашылығына
тікелей қатысты бар әдебиеттер мен мақалаларға тоқтатылуды жөн көрді.
Р. Мәрсековтың Айқап, Қазақ, Сарыарқа, Дала уалаятының газеті
атты мерзімдік басылымдарда жарық көрген Қазақ қайтсе жерге ие болады,
Патшалық, Керектің керегі- ғылым, Әйел деген статьялар турасында
қазақ халқының сол замандағы мұң-мұқтажы жазылған. Бұл мерзімдік басылымдар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік кітапханасында жұмыс атқару
арқасында көшірмелері алынды.Сонымен қатар Р. Мәрсековтың өмірі мен
қызметіне қатысты әр кезеңдердегі құжаттар және материялдар Қазақстан
Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатындағы 220, 3260, 331, 886, 99
істерді қарау арқасында бұл зерттеуге деректі көз ретінде пайдаланылды.
Кеңес Нүрпейісовтың Алаш һәм алашорда атты еңбегінде Алаш
қайраткерінің бірі ретінде Р. Мәрсековтың Алашорда үкіметін құру жолындағы
атқарған шаралары мен іс-әрекеттері аталып кетеді. Бұл еңбекте Алаш
қозғалысының бастау көздеріннен бастап,Алаш үкіметінің құрылуы, таралуы,
қабылданған бағдарламасымн қатар Алаш қайраткерлерінің тізімдері
көтерілді.2.
Мұхтар Құл-мұхаммедтің Алаш қайраткерлері-саяси-құқықтық
көзқарастарының эвалюциясы монографиясында Алашорда үкіметінің мүшесі
Жақып Ақбаевтың өмірі мен саяси күресі арқылы оның серіктері:
Бөкейхановтың, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Р.Мәрсеков т.б. азаттық
жолындағы қоғамдық-саяси қызметтері сараланып, Алаш бағдарламасының
құқықтық негізі талданады.3.
М.Қойгелдиевтің Алаш қозғалысы еңбегінде Р.Мәрсеков Алаш
қайраткерлерімен бірлесіп қызмет атқарған, әрі Уақытша үкіметтің мүшесі
бола жүріп, ашықпен күресу жолындағы ерен еңбек сіңірген тарихи тұлға
ретінде жан-жақты қарастырылып, терең тарихи баға беріледі де Алаш
партиясының қазақ елінің мемлекеттігінің тарихы үшін терең маңыздылығын жан-
жақты ашылып көрсетіледі.4.
Мұхтар Құл-мұхаммедтің Алаш бағдарламасы: қиянатпен ақиқат
еңбегінде. Алаш партиясының қалыптасу кезеңдері, қазақ ұлт-азаттық
қозғалысының Ә.Бөкйханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Р.Мәрсенов, Х.Ғаббасов
т.б. жетекшілері жасаған бағалы қағидалары мемлекеттік өкімет билігінің
бөліну принципі жалпыға бірдей, демократиялық сайлау жүйесі сияқты
мәселелер егжей-тегжей талданған. 5.
С.Өзбекұлының Барлыбек Сыртанов атты еңбегінде Р.Мәрсековтың өмірі
жайлы мәлімет беріп, оның қазақ халқы үшін жасаған еңбектері қоғам үшін
атқарған жұмыстарына терең баға беріледі. Бұл еңбекте Р.Мәрсековтың
қоғамдық-саяси және құқық мұраларына шолу жасап, қазақ халқының саяси-
құқықтық тарихын зерттеуге байланысты құндылығының деңгейін анықтауға
болады. 6.
С.Сейфуллиннің Бес томдық шығармалар жинағы еңбегінде Р. Мәрмековтың
қазақ қоғамында болып жатқап заң саласындағы өзгерістерге заңгерлік
шеберліктің көмегімен дұрыс аяғына түсіру, яғни тең құқылық, адал шешім
т.б. құқықтық талаптардың орындалуына түрткі болған азаматтардың бірі деп
баяндалғаг.7.
Бұдан басқа да Р.Мәрсековтың өмірі мен қызметіне қатысты әр
кезеңдердегі құжаттар мен материалдар бұл магистірлік диссертацияға
енгізіліп отыр. Сонымен қатар Р.Мәрсековтың сол замандағы атап айтқанда,
Қазан төңкерісіне дейінгі мерзімде жарық көрген Қазақ, Айқап, Дала
газеті, Сарыарқа, гезеті сияқты басылымдарды Алматы қаласындағы
қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік Мұрағатынан көшірмелерін алып
пайдалануға тура келді. Негізінде Р.Мәрсековтың өмірі мен қызметіне
байланысты шығарылған әдебиеттер жоқтың қасы деуге болады. Зерттеу жұмысына
қосымша соңғы уақыттарда басылымдарда Р. Мәрсековтың өмірі мен қызметі
қарастырылған туралы айта кететін болсақ...
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инистиутының ғылыми қызметкері
Бейсенбай Байғалиевтың Тұманды жылғы тұлғалар Райымжан Мәрсеков атты
мақаласында Р.Мәрсековтың саяси қызметі қарастырылып,, тарихи
шывғармашылығы соның аясында көміскеленіп қалатыны есерліп, Мәрсековтың
саяси-әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі заң ғылымы тұрғысан тұжырым жасп
жазған мақалалары жөнінде біршама мәліметтер келтіріледі.8.
Заң ғылымдарының доктары, профессор Сәкен Өзбекұлының Жұмбақ жан
атты мақаласында қазақ зиялылары, әсіресе Алашорда қайреткерлері Әлихан
Бөкейханов, Райымжан Мәрсенов және тағы басқа ағаларымыздың қазақ халқының
өзін-өзі басқару құқығына ие болу идеясын айта кеткен.9.
Ш.Уәлиханов ойындағы тарих және этнология иниституның ғылыми
қызметкері Светлана Смағұловтың Алаш азаматы Райымжан Сәрсенов
мақаласында Р.Мәрсеновтың заң саласында шеберлігін, адвокат ретіндегі
бейнесін саралап, айқындап көрсеткен. 10.
Р.Мәрсековтың тарихи еңбектерімен танысам дейшілер үшін оның әр
жылдарда қайтадан жарық көрген еңбектері тапсырмас құндылықтар болып
табылады.
Қазақстан тарихының ақтандық беттерін бір орнаға тоғыстырып қараған
белгілі тарихшы-ғылым, академик М.Қозыбаев Алаштың ұлт азаттық
қозғалысының идеялогиясының өзегі отаршылыққа назарлық... Алаш париясына
таптасқан зиялаларының көзқарыс қызмет, өмірінің әр сәті жеке диалектикалық
тұрғыдан әділдік таразысына салынғанны дұрыс...-деген пікірі зертеушілерді
жаңа ізденістерге жетелейді. 11.
Тақырыптың зерттелу деңгейі жоғарыда аталған еңбектер мен мақалалар
көлемімен шектелмейді. Зерттеу жұмысының барысында Р.Мәсековтың
еңбектерінен де мәліметтер алынып тарихи зерттеу жұмыстарына өзінің
айтарлықтай үлесін тигізді.
Қазақ елінің біртуар ұлдарының бірі Мәрсековтың өмірімен ғана емес,
сонымен бірге оның шығармашылығымен терең танысым деушілерге Мәрсековтың
еңбектерінің тигізер көмегі мол. Өйткені оның тарихи еңбектері қазақ елінің
заңтану тарихын зерттеуде елеулі жетістіктерге жеткен болатын.
Магистірлік диссертацияда қолданылған әдіс-тәсілдер. Зерттеу барысында
әдістер мен тәсілдерді белгілеу жұмысының алдына қойған мақсаты мен
міндеттеріне байланысты айқындалады. Яғни обьективті, аналитикалық, тарихи
салыстырма, талдау, сараптау, жүйелеу әдістері қолданылады.
Магистірлік диссертацияның хронологялық шеңбері. Магистірлік
диссертацияның 1879 жылдан, яғни дүниеге келген кезеңінен бастап,
Р.Мәрсековтың өмір жолының барлық кезеңін, 1922 жылға дейінгі аралықта
дүниелер мазмұны мен сипаты әрі хронологиялық жағынан Кеңестік және
Тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасы болып айқын екі кезеңге бөлінеді.
Магистрлік диссертацияның өзектілігі. Қазақстан тарихындағы ақтандық
беттердің біріне айналған, қазақ зиялыларының өмірін зерттеу тек
Тәуелсіздік алынғаннан кейін толық мүмкіндік болды. Олай деуге негіз болар
жайт, Кеңестік тарих ғылымы ХХ ғасырдың басында қазақ даласында
демократиячлық ұлт-азаттық идеялогиясы қалыптасуының обьективті фактісін
мойындалуына тырысты. Ол бұл қозғалыстың аса көрнекті өкілдерінің
идеяларын, дүниетанымы мен саяси қызметін маркстық көзқарас тұрғысынан
сынға алып, оларға буржуазиялық, феодалдық-патриархалдық көзқарастардың
қорғаушысы, қоғамға жат элементтер немесе кеңес үкіметінің жаулары
деген айдар тақты. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдық, саяси
және идеялогиялық көрніс Алашорда мен оның құрылымында ерен еңбек
танытқан қазақ зиялыларының қай-қайсысына болмасын кешірім жасалмайтынына,
олардың еңбектіріне оңды баға берілмейтініне сол кезеңде шыққан еңбектер
мен энциклопедиялар деректері дәлел борлды. Қазақ елі сан ғасырдан бері
аңсаған еркіндігін алғаннан кейін, ең алдымен кертартпа идеялогия
салаларынан тарих бетіне шығаруға тифым салынған тарих ғылымының ақтаңдақ
беттеріне айналған көптеген мәселелері жарыққа шығаруға мүмкіндік туды.
Өткен тарихи үрдістердің бел ортасында жүріп, арттарына өшпес мұра
қалдырған қазақ халқының ұлы перзенттерінің есімдер тарих ғылымының
беттерінен өздерінің тиісті орындарын ала бастады. Соның ішінде зерттеу
жұмысының қарастырып отырған мәселесі, осы күнге дейін жарыққа шыққан
әдебиеттерде Р. Мәрсековтың қоғамдық-саяси және заңгелік қызметі толығымен
бүтіндей қарастырылмаған.
Магистірлік диссертациян.ың ғылыми жаңалығы. ХХ ғасырдың басында қазақ
халқы саяси арнаға, азаматтық пен тәуелсіздіктің күрес жолына ағартушылық
шығарған ірі қоғам қайраткерлерін шығарады. Ел араынан өздерінің табиғи
дарынымен, асқан білімдік деңгеймен, рухани парасатымен суырылып шыққан
Алашорда қайраткерлерінің өмі мен саяси көзқарастары арқылы саяси күрес пен
оны зерттеу нәтижесінде қалыптасқан саяси қызметі және заң саласындағы
атқарған жұмыстарының даму жолын зерттеу. Сондықтан Р. Мәрсековтың
қызметіндегі счаяси күрестің алуан формалары: үгіт насихат жұмысы, оның
заңгер ретіндегі қоғамдық қызметі, Алашорда жұмыстарына қатысуы жан-жақты
талданады.
Магистірлік диссертация Р.Мәрсековтың тұлғасы жан-жақты ашып көрететін
иол санды деректер кешені енгізіліп, оған патшалық дәуірде тоғылған
әділетсіз айыпталудан арылу-осы жұмыстың басты нәтижесі болып табылады:
Сонымен қатар Р.Мәрсековтың мемлекеттік, қоғамдық-саяси қызметінің
жаңа қырлары ашылып, ұлт мәселесі бойынша көзқарасы арнайы зерттеліп,
заңгер ретіндегі басты қызмет елді басқару мекемелерін жергіліктендірудегі
іс-әрекеті сипатталды. Зерттеуде Мәрсековтың қызметінің бүгінгі таңдағы
ұлттық-тарихи маңыздылығын ашып көрсетіледі.
Магистірлік диссертацияның практикалық маңызы. Жазылған магистірлік
диссертацияны оқу ороындарында жоғарыда келтірілген тақырыптарды оқыту
курстары кезінде оқулықтарға арнайы көмекші қосымша оқу құралы ретінде
қолдануға болады.
Сонымен қатар бұл магистірлік диссертация негізінде магистірлік
конференцияларға, яғни 2006-2007 жылдары аралығында баяндамалар негізінде
доклаттар оқылды, Шығыстың аймақтық хабаршысы атты ғылыми басылылымда
мақалалар жарыққа шықты.

1 Р.Марсеков өмір белестері

1.1 Р.Марсеков қалыптасқан ортасы

ХХ ғасырдың басында Қазақстан қоғамдық – саяси және құқықтық ой –
пікірдің дамуына мол үлес қосқан. Қайраткерлердің сапынан Райымжан
Мәрсековтың есімі ерекше орын алады. Оның жеке болмысы мен өмір белестері,
белсенді қоғамдық қызметі мен өмір белестері, белсенді қоғамдық қызметі мен
саяси құқықтық көзқарастары еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін біршама
алға жылжып зерттелуде, танылуда. Өз ізденістеріміздің нәтижесінде Райымжан
Мәрсековтың азаматтық тұрғысынан баға берер болсақ, лд бізге қазақ
тарихында Ресей студенттерінің қозғалысына белсене қатысып, самозержавиялық
билікке қарсы үн көтерген, азаттық реформалық қозғалыстың алғы шегінен
көрінген қайраткер, ірі заңгер, публицист, Алаш қозғалысының белсенді
мүшесі ретінде танылады.
Райымжан Мәсекеов туралы маұғлматтар өте жұтаң. Қазіргі кезге дейін ол
туралы жазылған мақалалардың саны саусақпен санарлықтай. Кезінде Райымжан
Мәсековтың есімі Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Барлыбек Сыртанов,
Жанша Сейдалин, Мұхаметжан Сералин сияқты ірі қайраткерлердің аттарымен
бірге аналғаны, оның Дала уәлаятының газеті, Қазақ, Айқап, Сары
Арқа сияқты басылымдарды қазақ халқының шекесіне батқан саяси құқықтық
және сан алуан әлеуметтік мәселелерге қалам тартқаны яғни өз елінің тағдыры
мен болашағын ойлаған халық қайраткерінің болғаны тарихи ақиқат. Ендігі
таңда елі мен жерінің тәуелсіздігін арман етіп, сол мақсатқа бар қабілет,
қызметін арнаған осы азамат туралы турасын айтып тұлғасын бағалауға
мүмкіндік баршылық.
Райымжан Марсеков 1879 жылы бұрынғы Семей облысы Өскемен
уезінің Айыртау болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан
ауданында) дәулетті адамдар отбасында дүниеге келген. Руы: Найманың
ішінде Терістаңбалы. Арғы атасы - Сасықбай Семей, Өскемен
өңіріне танымал шешен, ұшқыр ойлы және даналығымен белгілі болған
адам екен. Сасықбайдың Тағай, Шонай, Боғай, Көжекбай, Тұтқыш,
Мәрсек деген алты ұлы болған. Сүт кенжесі Мәрсек кезінде
Өскемен өңіріне атағы шыққан Айыртау болысының управителі болған
ықпалды, беделді, ән-күй десе ішкен асын жерге қойған адам
болған көрінеді. Мәрсектің Дәніке, Бейілхан деген әйелдері
болған. Бейілхан белгілі Мұрын руының еліндегі Жанай-Тана
мырзаның Омар деген баласынан туған. Ол Мәрсекпен бір тойға барған
кезде танысып, оған көңілі ауса керек. Бұл Мәрсектің Дәнікеге
үйленген кезі еді. Бейілхан өзіне құда түскен жерден бас
тартып, Мәрсекке тоқалдыққа келісім бесе де, қатал әке әмірінен
қорқып, әуелі анасына өзінің Мәрсекті ұнатып қалғандығын
білдіреді. Алғашында бұл сезімді қош көрмеген ана Мәрсекті
көргеннен кейін ғана, қызының ұйғарымын құп алады. Сөйтіп, Мәрсек
Бейілханды өзіне екінші жар етіп алады. Осы екі әйелінен Әйіп,
Райымжан, Босжігіт, Қалауа, Шерияздан атты бес ұл мен Дляпрос,
Сағатбану, Мафруза есімді үш қыз бала көреді. 12.
Мәрсек жас кезінде өздігінен орысша үйренген екен,
қоныстанған орыс шаруаларына барып жұмыс істеп, олармен тығыз
араласады.
1890 жылдары Ресей патшалығының қазақ даласында отаршылдықты
күрт күшейтіп, елдің шаруашылық жағдайы барынша күйзеліп тұрған
кез еді. Ресей әкімшілігінің шенеуніктері қазақ жерін билеп-
төстеп, орыс шаруалары мұнда үздіксіз ағылып келе бастаған шақ.
Алайда, олар қазақ тілін түсінбеді. Сондықтан, басқару аппаратына
көп жағдайларда орысша білетін, түсінетін жергілікті қазақтарды
тілмаштыққа алады. Өскемен уезіндегі басшылар да Мәрсекті қазақ
ауылдарын аралаған кезде өздерімен бірге алып жүрген. Сөйтіп,
қазақ-орыс арасындағы дау-жанжал әлеуметтік, ұлттық, жерге қатысты
мәселелерді шешуге олар аудармашы ретінде Мәрсекке жүгінген.
Көпшілік жағдайларда Мәрсек даулы істердің қазақ пайдасына
қарай шешілуіне, қазаққа қатысты істің ақ-қарасын ашуда әділдік
болуына себепші болды. Сондықтанда оның ел арасында беделі
жоғары, абыройы биік болса керек. Елдің тыныштығын сақтау үшін ол
патша әкімшілігімен қызметтес болуға мәжбүр еді. Ал, патша
шенеуніктері болса, ел ішінен шыққан осындай беделді адамдарды
өздеріне тартуға ынталы болғаны мәлім. Олар сондықтан қоныстандыру
басқармасына тигізген көмегі үшін деп, келер жылы Мәрсекті ақ
патшаның қабылдауына Петербургке шақыртады. Үкімет шақыруын бақаша
басқаша түсінген Мәрсек кетерінде ел-жұртына қайта оралмастай
болып қоштасып кетіпті. Ал, патша оны жақсы қабылдап, үкіметке
тигізген еңбегін бағалап, үстіне шапан жауып, сый-сияпат
көрсетеді. Ол қабылдауда батылдық көрсетіп, қазақ даласының
келешегі - балаларға білім беру екендігі жөнінде көкейдегі ойын
білдіреді. Бұл оның өз балаларын да келешекте оқытсам деген ойы
еді. Тілегіне оң жауап алған Мәрсек қуанышпен ауылына қайтады.
Заман ағымын аңдай білген Мәрсек баланы оқыту оның келешеі
екендігін жақсы түсініп, ұлдары Райымжан мен Шериязданды
жастайынан уездік орыс-қазақ мектебіне оқытып, сауаттарын аштырады.
Бұдан соң жасынан алғыр Райымжан Омбы қаласының классикалық
гимназиясына оқуға түсіп, оны 1897 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
Бұл жөнінде Дала генерал губернаторының іс-қағаз басқармасының
маусым айында берген анықтамасында былай көрсетілді: Омбы
классикалық гимназиясын екі стипендиат Тұрлыбаев (Ақмола облысы)
және Мәрсеков (Семей облысы) бітіріп шықты. Сондықтан аталған
гимназияның 1897-1898 оқу жылында екі стипендияның орны бос. 13.
Райымжанмен бірге гимназия бітірген болашақ заңгер, Алаштың
әйгілі қайраткері Айдархан Тұрлыбаев болатын.
Озық ойлы, оқымысты ұстаздардан дәріс алған Райымжан гимназияны
бітірісімен 1897 жылы Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургтегі
император университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Ол кездерде
үлкен қалалардағы жоғары оқу орындарына түсу оңай еместі.

Райымжан Мәрсековтың жүріп өткен өмір жолы өте күрделі және
жұмбақ жақтары өте көп. Ол өз замандастары сияқты қоғамдық талас-
тартыстардың сындарлы жолынан өтті. Ұлтшыл, буржуазияшыл деген
айыптар тағылған Райымжан Мәрсеков 1920 жылдардың бас кезінде бас
сауғалап Қытай еліне қашуға мәжбүр болады.
Райымжан Мәрсековтың 1922 жылдан кейінгі өмір жолы туралы
деректер Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты
мен Шығыс Қазақстан облысының жаңа тарихи құжаттар орталығынан
ұшыраспады. Алайда, оның өмірінің соңғы жылдары, өлімі жайында
тікелей ұрпақтарының айтуынша мәліметтер беруге болады. Бірақ,
Райымжан Мәрсековтың Қытайда өткен өмір кезеңдерін әлі тереңірек
зерттеу керек. Өйткені, ол туралы айтылған мәліметтер әр саққа
бөлінеді.
Райымжан Мәрсековтың інісі Шериязданның қызы Тұрдыханның
айтуынша: Кеңес өкіметінен қысым көрген Райымжан қызы
Гүлғасылды алып, 1922 жылы Қытайдың Алтай өлкесіне өткен. Сол
өңірдің қазақ бай-билері Райымжан Мәрсековтың бұл өмірге тұрақтап
қалуы үшін туған қызын бір байға әйелдікке беруін өтінеді.
Бірақ ол бұған келіспей бір түнде қайтадан қазақ жеріне кері
өтеді. Алайда, аңдушылардың көрсетуімен қолға түсіп, Сібірге
айдалып бара жатқан жерінен қашып шығып, қайта Қытай топырағын
басады. Бақты арқылы Шәуешектің Толы ауданына өтіп, Қызыр Төре
ауылын барып паналайды. Қызыр Төре Райымжанды Нұржамал деген
жас қызға үйлендіреді. Содан соңынан қудалау басталғанша 1932 жылға
дейін ол Қызыр Төре ауылында тұрады. Қызыр Төре Райымжаннан
орысша дәріс алады. Шығыс Түркістанның қытай губернаторы
орыстармен жүргізген келісімі бойынша Алаш мүшелерін жапай
тұтқындай бастаған кезде артынан аңдушылардың түскенін сезген
Райымжан Құлжа маңына барып, сол жерде тұрақтап татар достарын
паналайды. Біршама уақыттан кейін отбасын алдырады. Ол осы жерде
татар достарының көмегімен орысша-қазақша мектеп ашып, ұстаздықпен
айналысды. Тұрдыхан Шерязданқызының айтуынша тыңшылардың
көмегімен Қытай үкіметі 1937 жылы Райымжанды тұтқынға алып,
Үрімжінің Саяпіл деген жерінде 1938 жылы көптеген алаш
азаматтарымен бірге өлтірді десе, Шәкәрім Әкрәми Райымжанды 1938
жылы емес, 1940 жылы Зият Шәкәрімұлы, Ғазез Қалбанов қатарлы 108
адаммен бірге Саяпіл даласына апарып тірідей көмген дегендей
мәліметтер келтіріледі. Әрине, Райымжанға байланысты осындай
қауесеттер кейін аңызға айналып кеткендіктен, оның қайсысы шын,
қайсысы аңыз екенін қазір ажырату қиын. Мұндай мәліметтер ғылыми
зерттеуді қажет етеді.
Райымжан Мәрсековтың отбасы хақына келсек, студент кезінде
үйленген бірінші әйелінен Гүлғасыл, Гүлжазира есімді қыздары
дүниеге келген. Бірақ, оқу бітірген соң ол әйелінен ажырасып
Семей қаласында Рахима есімді оқыған қазақ қызына үйленеді.
Гүлғасыл Райымжан Мәрсековтың анасының тәрбиесінде қалады. Ал
Гүлжазира туған шешесімен бірге кетеді. Рахима ханым Ахмет
Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың жұбайлары Бадрисафа,
Ғайнижамалдармен аралас-құралас болса керек. Рахима ханым 1917 жылы
20-ақпанда Семей қаласында ауырып қайтыс болады. Рахиманың қайтыс
болуына қайғырып, Райымжанға Ахмет, Бадрисафа, Ғайнижамал,
Міржақыптар: “ Райымжан мырзаға, һәм сүйікті анасынан жастай
айырылған балаларына көңіл айтып, марқұмға алла-тағалла
жәннаттан нәсіп етсін деп тілейміз. Рахима ханым Райымжан мырзаға
лайықты жар, жолдас еді. Біз, тілектес дос-жарандарыңыз қайғыға
ортақпыз,”- деп телеграмма жіберген. 14.
Рахима ханымнан Жаһаншах (Жаһиншах) есімді ұл бала қалған.
Өз қолымен 1922 жылы толтырған және қызмет ісіне Райымжан Мәрсеков
Гүлназ әйелінің бар екенін жазған. Гүлназдың шын аты Гүлнази
бұлбұл, әкесі - Ғабдулғазы Бекметов Омбы кадет корпусын бітірген,
полковник шеніндегі әскери адам. Ол Семей мен Ақмола
облыстарындағы қазақтар арасында зор беделге ие болған азамат еді.
Гүлназдан Гүлрауза есімді қыз баласы болады. Райымжан Мәрсеков
1922 жылдары Қытайға қашқан кезінде оның отбасы Семей қаласында
қалып қояды. Оларды жат жерге алып өтудің еш мүмкүншілігі
болмай қалады. Өйткені, Райымжан Мәрсековтың соңындағы үнгемі аңду
отбасына үлкен кесірін тигізері сөзсіз еді.
Райымжан Қытай жерінде Нұржамалға (Нұржәміш) үйленген
кезінде жасы 40-тар шамасында болған. Нұржамалмен бірге 1937 жылы
Қытай үкіметі тұтқынға алғанға дейін 14 жыл тату-тәтті өмір
сүріп, Гүлихан, Гүлсипа, Сәлихан есімді үш қыз және Жаһанхан
(Жәкіш) есімді ұл көрген.
Райымжан Мәрсеков ұсталып кеткеннен кейін отбасы зұлмат
кезеңде көп қиыншылықтар көрді. Туған інісі Шерияздан да
Гаминдан өкіметінен көп қиыншылық көріп, бірнеше жыл Қытай
түрмесінде отырды. Жалғыз ұлының амандығын сақтауды көздеген
жұбайы Нұржамалдың Молдахан деген жігітпен көңіл қосуына
тура келді.
Ал аналарынан жастай қалған балалары Мәшен (Мағшекер), Шадай,
Сағынғанды (Сақан) өсіріп-тәрбиелеу Шериязданға оңай соқпады. Ол
Айыртау болысының Қарашаш қыстауындағы Түсіп қажының қызы
Оғазияға (Оқа) үйленеді. 1932 жылы үлкен қызы Мәшенді ұзатады.
Қытай жеріне өткенде балалары Шадай мен Сағынғанды Оқадан туған
Арқалық деген ұлын ала кетеді. Алғашқы кезде Райымжан
Мәрсековтың соңынан Толыға барып паналайды. Алайда, бұл жерде
тұрмыстары нашарлап, жай-күйлері кеткен соң, ортаншы қызы Шадайды
Толының бір қазақ байының ұлына ұзатуға мәжбүр болады. Қытай
өткен қазақ зиялыларын жаппай тұтқындау басталған кезде
Шериязданда Толыдан кетіп, Буратала облысының Жың ауданындағы
Оқаның ағасын паналауға тура келді. Осы ауданда ол қазақ
балалары үшін мектеп салып, 1934-1938 жылдары оқытушы болады.
1934 жылы ұлы Тоқай (Мұхамедтоқтар) осы жерде дүниеге келеді.
Қытай өкіметі Райымжанды ұстаған соң олар 1938 жылы
Шериязданды да “өкімет ісіне қарсы” , “бұлікшіл” деп түрмеге
қамайды. 1939 жылы сәті түсіп түрмеден қашып шығып Манас
ауданына келеді. Алайда, бәз біреулердің көрсетуімен ұсталып,
1945 жылға дейін Үрімжінің абақтысында жатады. 1945 жылы
Абақтыдан шыққаннан кейін өмірінің соңына дейін, яғни 1949
жылға дейін Үрімжіде тұрақтап қалады. Қызы Тұрдыхан осы жерде 1947
жылы дүниеге келеді.
Райымжан Мәрсеков Қытай жерінде зұлмат тырнағына ілінсе,
оның мұнда қалған туыстары да қиын жағдайы бастарынан кешті.
Райымжанмен сыбайлас, Алаштың белді бір мүшесі, өкімет ісіне қарсы
шығушылардың бірі деген айыптармен Сейітбаттал Мұстафин де,
Райымжанның ағасы Әйіптің қызы Үмірахияның (Үміш) күйеуі
ұсталып, 1937 жылы 16-қыркүйекте атылады.
Қазірде Райымжан Мәрсековтың ұрпақтары өніп-өскен. Үлкен
қызы Гүлсағын ұзақ жылдар Семей қаласында тұрып қайтыс болды.
Одан тараған София (Семейде), Руіл (Алматыда), Марат (Аягөз қаласында
ұзақ жылдар ет комбинатының директоры болып, қайтыс болған), Сара,
Болат, Кәміл жиендерінің өздері де бүгінде бала-шағалы. Нағашы
тәрбиесінде өскен Гүлжазира кейін әке туыстарын іздеп тапқан. Ал
Гүлназдан туған Гүлраузадан Раиса, Саида есімді жиендері бар,
екуі де Алматыда тұрады. Нұржамалдан туған Жікен (Жаһанхан) ұзақ
жылдар Семей облысының Ақсуат ауданының Қызылкесек ауылында шопан
болып еңбек етіп, бертінде қайтыс болды. Зайыбы Зейнелхан
Бейшалқызымен 7 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірді. Қазір балалары Шығыс
Қазақстан облысының Бородулиха ауданында тұрады.

1.2 Р. Мәрсековтың саяси өмірге шығу қадамдары

ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының ұлт-азаттық
қозғалысы жаңа бір сапалы сатыға көтерілді. Отарлық езгіге
қарсы күрес бұл кезеңде әр түрлі саяси жолдарды да қамтып,
халық наразылығын еуропалық үлгіде жан-жақты білім алған зиялы
қауым өкілдері бастайтын дәрежеге жетті. Ұлт мүддесін қорғауға олар
өркениет жолымен өз күресінде парламент әдістерін, саяси баспасөз
беттерін пайдаланып, ұлттық саяси партия құруға талпынды.
Райымжан Марсековтың ғұмыры мен атқарған қызметі
ХІХ ғасыр аяғында басталып, ХХ ғасыр басымен тұспа-тұс келеді. ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан қазақ қоғамында көптеген қарама-
қайшылыққа толы саяси-қоғамдық үрдістер пайда болды. Өйткені,
патша үкіметі қазақ даласында отаршылдықты нығайтуға бағытталған
1867-1868, 1886, 1891 жылдардағы әкімшілік реформаларын іске асыра
отырып, Қазақстанның экономикасын да, саяси билігін де өз
қолына біржола алып, пәрменді түрде билеп-төстеуді жүзеге
асырды.
Қазақ жерінің мемлекет меншігіне айналуы, билік
істерінің орыс шенеуініктерінің қолына көшуі, көшпелі қазаққа
мөлшерсіз түрде салықтың салынуы қазақ халқының тұрмыс жағдайын
ауырлатып, әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратты.
Қазақ елінің экономикалық өмірінде болған бұл
өзгерістер халықтың ұлттық сана сезімін оятып, қоғамда жаңа ой-
пікірлер мен көзқарастар, идеялардың қалыптасуына жол ашып берді.
Райымжан білім алған жылдары және одан кейінгі жылдары Петербургте
қазақ халқының зиялы қауымының қаймағы болған жастарынан
Әлихан Бөкейханов, Бақытжан Қаратаев, Жақып Ақбаев, Бақтыгерей
Құлманов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Барлыбек Сыртанов,
Мұхамеджан Тынышбаев оқиды. Олардың барлығы университет
қабырғасынан терең білім алып, қазақтың ғылым, заң, оқу-ағарту,
денсаулық саласында өшпес із қалдырады. Көпшілігі ұлт-азаттық
қозғалысының белсенді қайраткері болды. Университет тәртібі
бойынша студенттерге саясатпен айналысуға, жасырын ұйымдарға, үкімет
ісіне қарсы істерге қатысуға тыйым салынды. Барлық студенттер осы
тәртіпті берік ұстап, студенттеге арналған ережелерді қатаң
сақтауға қолхат беретін болған. Осылайша патша үкіметі жас буынды
саясаттан аулақтатып, өзінің айтқанына көнетін, айдауына жүретін
қызметкер жасауға әрекеттенген еді. Дегенмен де елде үлкен
деократиялық идеялар тарап, революция ұшқыны лаулай бастаған кезде,
бұл әрекеттерді тоқтатуға мүмкіншілік болмай қалды.
Университетте оқып жүріп Райымжан қоғамдық жұмыстарға
белсене кірісіп, өзі сияқты білім іздеп келген қазақ жастарымен
қоян-қолтық араласады. Жақып Ақбаевпен бірге студенттік жерлестер
ұйымын құрып, елде болып жатқан саяси-әлеуметтік жағдайларды
қадағалап, мәжілістерде талқылып отырады. Ұйым мүшелері жағдайлары
нашар қазақ студенттеріне қаражатпен көмектесу мәселесін де қолға
алады. Негізінде жоғары оқу орындарында құрылған жерлестер ұйымы
өткен ғасырдың сексенінші жылдары қалыптасқан болатын. Ұйымның
мақсаты - өз ұлтынан шыққан студенттердің өзара араласуына жағдай
жасап, тұрмысы қиын жастарға материалдық көмек көрсету еді.
Райымжан атақты ғалымдардан дәріс алды және өзін білімге құштар
шәкірт ретінде көсете білді. Ол оқыған жылдар империядағы саяси
жағдайдың ушығып, қарсылық қозғалыстарына оқушы –студент қауымының
да белсене араласа бастаған кезі болатын. Бұл әлеуметтік
қозғалыстан Ресей империясының өз ұлт өкілдерінен шыққан оқушы
жастар да тыс қалған жоқ. Мысалы, 1899 жылы ақпан-наурыз
айларында болған студенттік қозғалысқа Райымжанда қатысады.
Осындай оқиғаларда саяси шынығып қайратты да саналы күрескер
ретінде қалыптасады. Мұның себебі - отаршылдық қыспағында азап шеккен
қазақ қауымының тағдыры, оны осы жолға алып келген еді.
Ол қазақ жерінің талан-таражға түсіп таралуын өз көзімен
көрді. Міне, осы өзгерістер оның саяси қозғалысқа араласуына
түрткі болды. Райымжан патша үкіметінің қазақ жеріне жүргізіп
отырған қанаушылық, озбырлық әрекеттеріне қарсылығын қоғамдық
қозғалысқа қатысу арқылы білдірді. Патша жандармериясы 1899 жылы
студенттер толқуын күштеп жаныштағаннан кейін ең белсенді әрекет
жасаған студенттерді университеттен, астанадан қуды. Райымжанда
қара тізімге ілігіп, оқудан шығарылды. Сол кездерде Райымжанмен
бірге оқыған қазақ студенттерінің көпшілігі осы талқылауға
қатысқандары үшін университеттен қуылып, шет аймақтарға айдауға
жіберіліп жатты. Жандармерия департаменті Өскемен уезі бастығына
жіберілген б №90 құжатта оқудан шығарылған Райымжанның Омбы қаласы
арқылы сәуір айында Өскемен уезінің Айыртау болысына жүріп
кеткені сөз болады.
Соңынан құпия бақылау қою ісі қозғалды және бөлімшеге
үнемі хабар түсіріп тұрыңдар деп талап етілді. 15.
Өзінің басқан ізі аңдуда екенін сезген Райымжан туған
жеріне көп аялдамай, үйінен қаражат алып, сол жылы тамыз айының
соңғы күндерінде Петербургкке қайтып оралады. Мұнда келгеннен
кейін ол ізденіп жүріп, үлкен қиындықтармен қайтадан университет
қабырғасына қабылданады. Университет қабырғасына қайтадан
қабылданғанмен Райымжанның соңынан басқан ізін аңдытып қатаң
бақылау қойылады. Әсіресе, жазғы демалыста туған жеріне дем
алуға келген кезінде полиция тыңшылары оның жүріс-тұрысын аңдып,
полиция орындарына хабарлап отырған
Университетте оқыған кезең Райымжанның қоғамдық-саяси
қызметінің басы болды. Ал, оның азамат болып қалыптасуына
Петербург қаласы айрықша ықпал етті. Ол осы жерде қазақ
халқының болашағы үшін, бостандық пен еркіндік жолында күресу
қажет екендігін түсінді. Аумалы-төкпелі аласапыранды өлара шақ,
ел ішіндегі тұрақсыздық оның өміріне әсер етпей қоймады. Райымжан
университетті 1902 жылытәмәмдап шығды.
Ал бқл кезде, яғни 1902 жылы 13-көкекте Семей облысының
әскери губернатаоры А.Ф.Карповтың қолпаштауымен орыс География
Қоғамы Батыс Сібір бөлімінің Семей қаласындағы бөлімшесі
ашылады. Бөлімшенің ашылуына жергілікті оқымысты ғалымдармен қатар
Семейге саяси іспен жер аударылып келген Е.П.Мих, С.С.Просс,
А.А.Блэк, А.А.Леонтьевтер белсене атсалысып, өлке тарихына
қатысты зерттеулер жүргізіп, өте құнды материалдар жинап, ғылыми
еңбектер мен мақалалар жазды. 1902 жылдың аяғына қарай бұл
бөлімшенің 97 мүшесі болды. Оның 69 мүшесі Семей қаласының тұрғындары
болса, 28 облыс аймақтарында тұрды. Бөлімшенің төрағалығын
Н.Ф.Ницкевич атқарса, істі басқару Н.Я.Коншинге жүктелді.
Бөлімшеге қазақ зиялыларынан Нұрғали Құлжанов (1908 жылы мүше
болып кірді), Жақып Ақбаев (1907), Семей қаласының мұсылман
мектебінің мұғалімі Рахметолла Ешкібаев (1907), Зайсан уезінің
тілмашы Жәмбек Иманқұлов (1902), тілмаш Омарбек Оспанов, Күре
болысының басшысы Сағындық Сандыбаев (1902), Семей өлкелік
сотының тілмашы Иманбек Тарабаев (1907), Семей уезінің Бұғылы
болысының қазағы, ақын Шәкәрім Құдайбердиев (1903), Павлодар
көпесі Ахметоллла Айткин (1902), көпес Мұхамет Хамитов (1902) және
Арғынғазы Аблайхановтар мүше болды. 16.
Университет бітірген Райымжан да 1902 жылдың 22-
желтоқсанында бөлімшеге мүше болуға арыз береді. Бөлімше оның
арызын қарап, мүше-қызметкер ретінде қабылдайды.
1901 жылы Райымжанның “Санкт-Петербургское Ведомоство”
газетінің 68 санында жарияланған “Қазақтар және қоныстанушылар”
деген мақаласын өте маңызды, әрі құнды еңбек деп танып бөлімше
кітапханасының каталогына енгізеді. 17.
Райымжан бөлімше жұмысына белсене араласты. Әртүрлі
тақырыптарда өтіп жатқан пікірталастарға қатысып, 1903 жылы 30-
наурызда қоғам бөлімшесінің мәжілісінде қазақ өлкесіндегі
басқару ісіне, облыстық соттар мен старшындарды сайлауға қатысты
“Об выборном начале у киргизов” деген тақырыпта баяндама жасайды.
Ол сайлау барысында қазақтардың бірнеше партияларға бөлініп, ел
басқару ісінде билеушілірдің жанжал, заңсыз айла-шарғымен
сайланатының баса айтып, қазақ өлкесіндегі басқару ісіне қатысты
облыстық соттар мен старшындарды сайлауда оларды ақсақалдар
сайлауы емес, тікелей қара халықтың сайлауын, яғни төте сайлау
енгізу жөнінде ұсыныс жасайды. Бұл пікір кейін жұртшылық арасына
кеңінен тарап кетеді. Ол 1902 жылдан 1911 жылға дейін орыс
географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің мүше-қызметкері
болды.
Университетті Семей облысының Земство стипендиясын пайдаланып
бітірген Райымжан әуелі Семейдің округтік сотында “Помощник
присяжного поверенного” лауазымында қызметке тағайындалып, кейін
1908 жылы Омбы сот палатасының шақыртуымен Омбыға келіп, 1912
жылға дейін адвокатура саласында қызмет істейді. Бұл тұста патша
үкіметі саясатына қарсы шыққан қазақтың бас көтерер азаматтары
мен зиялылары (Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынлв, Ә.Бөкейханов) жаппай
қуғындалып, түрмеге жабылып, жер аударылып жатқан еді.
Райымжан 1912 жылы Омбыдан Семейге қоныс аударады. Оның
Семейге көшіп келуін жергілікті халық зор оқиғаға балап,
қуанышпен қарсы алады. Райымжан Семейге келісімен қызметке қызу
араласып, өзін тез арада білгір заңгер-адвокат ретінде таныта
білді. Сот ісіне түскен арыздардың көпшілігі жер дауы, мал,
жесір дауы еді. Арагідік кісі өлімі, патша шенеуніктеріне, жер
өлшеушілерге қарсылық, орыс пен қазақ арасындағы кикілжіндерге
қатыстыда істер қаралып тұрды. Ол қызметте қазақ жұртына
қастысты істерді өз қолымен мұқият қарап, сот қазыларының әділ
үкім шығаруына атсалысты. Жазықсыз істі болғандарға ара түсіп,
заң жолын білмей дал болған қазақтарға жөн сілтеп, жәрдемші
болады. Қолы жетпей жүрген көптеген қандастары оның тікелей
араласуымен заң жүзінде жалған жаладан құтылып, бостандық алып
отырды. Сондықтан көбіне жазықсыз істі болғандар Райымжаннан сот
ісіне қатысып, өздеріне жәрдем беруін сұраған. Негізінде Райымжан
жұмыс бабымен ел арасында көп болады. Педагог қаламгер Мұстақым
Малдыбаев ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ» газетінің шығу тарихы
Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы. Ж.Аймауытовтың драмалық шығармалары жайлы
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі
Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
Алаш көсемдерінің құнды публицистикалық мұралары
Қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы және отарлау саясатына қарсы күресі
Пәндер