Көз аурулары және көзге арналған жаттығулар



1. Көз туралы түсінік
2. Көз аурулары
3. Көздің көруін әлсірететін жағдайлар:
• Темекі тарту
• Компьютер алдында отыру
• Теледидар алдында
• Тазалыққа көңіл бөлмеу
• Дәрілерді бет алды пайдалану
4. Көз гигиенасы
5. Көздің шаршағанын басуға арналған кешенді жаттығулар
6. Көз массажы
Офтальмология (грек. ophthalmos – көз және logos – ілім) – көз аурулары, оларды анықтау, емдеу әдістері және олардан сақтану шараларын зерттейтін ілім; клиникалық медицинаның бір саласы. Қазақстанда көз ауруларын зерттеу 20 ғ-дың 20-жылдарында басталды. Республикадағы офтальмология мәселелеріне арналған жүйелі зерттеулер 1933 ж. Алматы қ-нда Өлкелік практик. офтальмология ғыл.-зерт. ин-ты ашылғаннан кейін басталды. Осы ин-т негізінде құрылған Қазақ көз аурулары ғыл.-зерт. ин-ты республикада бұл салада жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарын үйлестіріп отырады. 1934 ж. Алматы мемл. медицина ин-ты, 1964 ж. Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының құрамында көз аурулары кафедрасы ашылды. “Қазақстанның офтальмологиялық очеркі” атты алғашқы ғыл. жинақ жарық көрді (1934). Республикада басыр (трахома) мәселелеріне айрықша назар аударылып, осы дерттен айығып кету жолдары іздестіріліп, соның нәтижесінде қазір елімізде бұл ауру толығымен жойылды. Зақымданған көзді, көзге шыққан ісіктерді, суқараңғыны, миопияны, қитарлықты түзету, іштен туа біткен көз бұршағының ағаруын сылып тастауды хирург. жолмен емдеу әдістері жетілдірілді. Көз ішіндегі бөгде заттың тұрған жерін рентген сәулесімен анықтап, оны көзден алып тастаудың, көз алмасын алғаннан кейін орнына қозғалмалы бөлшек жасап салудың, жасанды көз дайындаудың жаңа тәсілдері анықталды. Көздің мүйізгек қабығын Филатов әдісімен ауыстырып салу күнделікті дәрігерлік жұмыста пайдаланылатын болды. Ауыр өнеркәсіп салаларында жұмыс жасайтын жұмысшылардың көздерін офтальмоэргономик. әдістермен зерттеу, фосформен уланудың салдарынан болатын көз ауруларының клиник. және электрфизиол. ерекшеліктерін анықтау зерттеліп, оларды алдын ала болжау мәселелері жолға қойылды. Қазақстанда О. саласының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: О.А. Дудинов, И.Н. Шевелов, І.Жалмұхамедов, Г.Тілегенова, К.Көшеров, Т.Тілеуова,Е.Мәмбетов, Б.Сүлеева, т.б.
Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады. Эволюциялық даму барысында көру мүшесі жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен.
Көру талдағышының негізгі мүшесі — көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта — көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Факультет: Экономика
Кафедра: Экономика

Тақырыбы: Көз аурулары және көзге арналған жаттығулар.

Орындаған: __________________

Тексерген: __________________

Астана - 2015

Жоспар:

1. Көз туралы түсінік
2. Көз аурулары
3. Көздің көруін әлсірететін жағдайлар:
• Темекі тарту
• Компьютер алдында отыру
• Теледидар алдында
• Тазалыққа көңіл бөлмеу
• Дәрілерді бет алды пайдалану
4. Көз гигиенасы
5. Көздің шаршағанын басуға арналған кешенді жаттығулар
6. Көз массажы

Офтальмология (грек. ophthalmos – к өз және logos – ілім) – көз
аурулары, оларды анықтау, емдеу әдістері және олардан сақтану шараларын
зерттейтін ілім; клиникалық медицинаның бір саласы. Қазақстанда көз
ауруларын зерттеу 20 ғ-дың 20-жылдарында басталды. Республикадағы
офтальмология мәселелеріне арналған жүйелі зерттеулер 1933 ж. Алматы қ-нда
Өлкелік практик. офтальмология ғыл.-зерт. ин-ты ашылғаннан кейін басталды.
Осы ин-т негізінде құрылған Қазақ көз аурулары ғыл.-зерт. ин-ты
республикада бұл салада жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарын үйлестіріп
отырады. 1934 ж. Алматы мемл. медицина ин-ты, 1964 ж. Алматы дәрігерлер
білімін жетілдіру ин-тының құрамында көз аурулары кафедрасы ашылды.
“Қазақстанның офтальмологиялық очеркі” атты алғашқы ғыл. жинақ жарық көрді
(1934). Республикада басыр (трахома) мәселелеріне айрықша назар аударылып,
осы дерттен айығып кету жолдары іздестіріліп, соның нәтижесінде қазір
елімізде бұл ауру толығымен жойылды. Зақымданған көзді, көзге шыққан
ісіктерді, суқараңғыны, миопияны, қитарлықты түзету, іштен туа біткен көз
бұршағының ағаруын сылып тастауды хирург. жолмен емдеу әдістері
жетілдірілді. Көз ішіндегі бөгде заттың тұрған жерін рентген сәулесімен
анықтап, оны көзден алып тастаудың, көз алмасын алғаннан кейін орнына
қозғалмалы бөлшек жасап салудың, жасанды көз дайындаудың жаңа тәсілдері
анықталды. Көздің мүйізгек қабығын Филатов әдісімен ауыстырып салу
күнделікті дәрігерлік жұмыста пайдаланылатын болды. Ауыр өнеркәсіп
салаларында жұмыс жасайтын жұмысшылардың көздерін офтальмоэргономик.
әдістермен зерттеу, фосформен уланудың салдарынан болатын көз ауруларының
клиник. және электрфизиол. ерекшеліктерін анықтау зерттеліп, оларды алдын
ала болжау мәселелері жолға қойылды. Қазақстанда О. саласының дамуына үлкен
үлес қосқан ғалымдар: О.А. Дудинов, И.Н.
Шевелов, І.Жалмұхамедов, Г.Тілегено ва, К.Көшеров, Т.Тілеуова,Е.Мәмбето в, Б.С
үлеева, т.б.
Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм
қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін
және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады. Эволюциялық даму барысында
көру мүшесі жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі
жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен.
Көру талдағышының негізгі мүшесі — көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы
жағындағы екі ойықта — көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық,
фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады.

Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) —
пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген
көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты
(фиброзды) қабықтан, ортаңғы — тамырлы қабықтан және ішкі — торлы
қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа
бөлінеді.

Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және
өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабықпигментті эпителиймен
қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке
ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы
(таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі)
нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды
нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен
аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру
жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір
сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы
көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды.[2]

Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін
көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын — артқы полюсі деп атайды. Сырт
жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық — ақ
қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі — торлы қабық.

Сыртқы қабықтың алдынғы болігін қасаң кІабықіі деп атайды. Ол түссіз,
мелдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы
көздің ішіне жарық сэулесі сыңцырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың
артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан
шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, нерв қабын түзеді.

Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді
қоректендіретін кан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты
астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нурлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы
нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы
қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық
сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кабықта сақиналы
және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер
жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда — ол кеңейеді.
Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры
кебейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді — көз
адаптациясы жүреді.

Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бұршағы
орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жүқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне
циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы — кірпекше
еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бүршағының
пішіні өзғеріп, ол не қабысыл, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен коз
қарашығының арасындағы қуысты коздің алдыңгы камерасы, ал қарашық пен көз
бүршағы арасындағы қуысты — көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар
мөлдір сүйықпен — шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында
жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың
сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар — қасаң қабық, шылауық, көз
бұршағы және шыны тәрізді дене — көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі
деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі
қашықтықтан айқын көруге бейімделуін — аккомодация үрдісін қамтамасыз
етеді.

Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар — таяқшалар мен сауытшалар
орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп
атайды.

Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы
қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар
қүрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент
болады. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық
жасушалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті
жарықтан калқалайды.

Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті жасушалар мен
фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшықтан құралған
жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы
нәтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Осыдан
фоторецепторларға тікелей түскен сәуле ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер
етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір
жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап тұрады. Бұл
көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше шағылдырғыш жарғақтың
(тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген
талшықтардан құралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.

Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан құралады.
Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана
тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар әлсіз, қарауытқан
сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн.,
сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады.
Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар
көбірек шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан — ішкі жөне сыртқы, —
тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал
көру пигменті болады, ал ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз
ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-
бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден
— фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады.
Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті
(биполярлы) жасушаларға беріледі.

Қос өрісті жасушалар туйінді (ганглиозды) жасушалармен жалғасады. Соңғы
жасушалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті жасушалар
көптеген таяқшалармен байланысады. Әр бір сауытша тек бір ғана қос өрісті
жасушамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан
таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар
сигналдары жеке-жеке беріледі.

Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы
импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі
төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен
импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру
талдағышының орталығына беріледі.

Жарық сезгіш жасушаларда қозу үрдісі фотохимиялық реакция нәтижесінде пайда
болады. Таяқшаларда жарыққа сезімтал родопсин, ал сауытшаларда — йодопсин
деген заттар болады. Родопсин мен йодопсин белок тектес жоғары молекулалы
қосылыстар. Жарық әсерімен родопсин ретинен (А дәрумендерінің альдегиді)
және опсин белогына ыдырайды да, өзінің қызыл түсін жоғалтып, алдымен сары
түске айналады, артынан түссізденіп кетеді. Қараңғыда ретинолдың (А
дәрумендері) қатысуымен родопсинді қайта синтездеу үрдісі жүреді. Ретинол
жетіспеген жағдайда бұл реакция тежеліп, қараңқыға бейімделу үрдісі
бұзылады, ақшам соқырлық байқалады.

Көру рецепторлары аталған пигменттерінің фотохимиялық реакциялары
салдарынан қозады. Көру пигменттері ыдыраған кезде бөлінген иондар торлы
қабық рецепторларын тітіркендіріп, көру жүйесінде импульстер пайда болады.

Құрылымы жағынан йодопсин родопсинге жақын, ол ретинен мен фотопсин
белогының қосындысынан түрады. Фотопсин үш турлі болады, сондықтан
сауытшалар әр түрлі ұзындықтағы сәулелер толқынына (күлгін, жасыл, қызыл)
реакция беретін жасушалар болып жіктеледі. Осы үш түрлі сауьггшалардың әр
түрлі комбинацияда қозуы нәтижесінде түрлі рең түйсігі пайда болады.

Егер көзге ұзын толқынды сәулелер әсер етсе, онда тек осы толқынды
қабылдайтын сауытшалар қозып, қызыл түс түйсігі пайда болады. Жарық
әсерінен сауытшалардың екінші түрі қозса — жасыл түс түйсігі, ал үшінші
сауытшалар қозса — күлгін түс түйсігі туындайды. Аралық түстер осы үш түрлі
сауытшалардың әр түрлі деңгейде қозуының нәтижесінде пайда болады. Мысалы
қызыл сары түс түйсігі қызыл сауытшалар күшті, жасыл сауытшалар жеткілікті
деңгейде, ал күлгін сауьггшалар әлсіз деңгейде тітіркенгенде пайда болады.
Ал осы үш түрлі сауытша бірдей деңгейде қозса — ақ түс қабылданады.

оларды әр түрлі қашықтықтан қарағанда анық кескінін беретін қасиет
аккомодация деп аталады. Көз - оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы
нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру
арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас,
бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар
тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан
қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ
қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды.
Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған
бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан
тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің
алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және
т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық
деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді.
Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы
қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген
тірі диофрагмалар.
Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол
көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық
арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі
жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және
көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін
склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-
10 мм кішкентай көздөңіс линза.
Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз

алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.

Аталған төрт орта – қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны
тәрізді дене – оптикалық күші D = 58,5 дптр ( F=17,2 мм) болатын линзаға
ұқсас оптикалық жүйе құрайды. Ол күрделі объективтің ролін атқарады.
Көз  объективі  - фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кіші-
рейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен
тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады,
соның нәтижесінде адам нірселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі ,
сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе
кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады.
Торламадағы кескіннің өлшемі – нәрсенің өлшеміне және одан торламаға
дейінгі қашықтыққа , яғни нәрсеге қарау бұрышына байланысты . Бұл бұрышты-
көру бұрышы деп атайды. Нәрсе неғұрлым алыстаған сайын оның көз торындағы
кескіннің өлшемі кішірейе береді және көрі бұрышы кемиді.
Көздің оптикалық жүйесінде нәрсе қалай орналасса да, көз торламасында
кескін алуды қамтамасыз ететін тамаша, өмірлік маңызды қасиет бар. Көз
бұршығының өзінің қисықтығын өзгертіп, көз торламасында нәрсенің,
Нәрсе көзден 12 см қашықтықта болғанда, аккомодация шегіне
жетеді. Кірпік бұлшық етінің босаңсуы көзінде көздің көретін нүктесі алыс
нүкте деп аталады. Көзге көп күш салу арқылы көрінетін нүкте жақын нүкте
деп аталады. Сау көз үшін алыс нүкте - шексіз алыста, жақын нүкте – көзден
15-20 см шамасындағы қашықтықта жатады.
Сау көз бен оның алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік тәрізді
кемшіліктері – қасаң қабық пен торламаның арақашықтығына байланысты. Егер
көзге күш түсурмей параллель шоқтарды торламада жататын нүктеде жинаса ,
онда ол сау көз деп аталады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы
көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жакыннан
көргіштікте көз алмасы үзарып, көз бүршағы аккомодацияға бейімділігін
жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нөрсені нашар кереді.
Жакыннан көргіш адамдарда нөрсенің анык кескіні торламаның алдында болады,
ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету
үшін—ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің
анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалык күшінің
алдына минус (теріс) таң-басы койылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б.
Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая
келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірак кейде туа
біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы
бұлшык еттердің босаңсуынан. Алыстан кергіш — адамда алыстағы нәрсенің де,
жақындағы нөрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында,
тордың артында болады Сондыктан торламаның өзіндегі кескін анык болмайды.
Алыстан көргіштікті жасанды тузету ушін дөңес жинагыш менискілік линзалы
көзілдірік киеді
Мұндай линзалар торламада нәрсенің аны кескінін алуға көмектеседі. Алыстан
көргіш адамдарға арналған көзілдіріктің оптикалык күші +0,5 дптр, +2 дптр
және т.б.
Бір көзбен немесе екі көзбен көрудің айырмашылығы бар ма? Бір көзбен көру,
бізге кай нәрсенің жакын, кай нәрсенің алыс тұрғанын толык айыруға
мүмкіндік бермейді. Сондыктан нөрселер, бізге бір жазықтыкта жаткандай
корінеді. Басты бұрмай, бір көзіңді жүмып түрып, жіпті инеден откізіп
көріңдер. Екі көзбен кору — кору аймағын кеңейтеді, біз үлкен кеңістікті
көреміз. Екі көздің бүлшык еттерінің келіскен әрекеті салдарынан, жақындағы
және алыстағы нәрселердің арақашықтығы туралы айтуға, дененің кедір-бүдырын
көруге болады. Екі көзбен көретіндіктен, біз нөрсені жазық емес, көлемді
күйінде көреміз.
Сен білесін Алхазен (Хайсам) тәжірибелер жасап және оларға өзі құрал-
жабдықтар құрастыра отырып, өзінен бүрынғылардың қалдырған ғылыми мүрасын
дамытты. Ол көру теориясын жасап, көздің анатомиялық қүрылысын суреттеп
және кескінді қабылдайтын көз бүршагы екеніне болжам жасады. Алхазеннің
көзқарасы кескін торламада болатыны белгілі болғанга дейін, яғни XVII
ғасырға дейін үстем болды. Алхазен обскур-камераның жұмыс істеуін біліп,
оны астрономиялық құрал ретінде Күн мен Айдыңкескінін алуға пайдаланған
алғашқы ғалым болған. Алхазен жазық, сфералық, цилиндрлік, дөңес айналардың
әрекетін зерттеді. Ол берілген жарық көзі және көз арқылы целиндрлік
айнадан шағылған нүктенің орнын анықтауға тырысты.

Көз аурулары

Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің
ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан
көрмеушілік, астигматтық, дальтониз м) пайда болатын және іштен туа біткен
аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен
көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр
түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары
мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және
физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.)
факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері басыр
бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ
түсу, лейкома(leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл,
көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады.
Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ
пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің
көруіне нұқсан келеді. Көздің көруі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көру қабілетінің бұзылуының негізгі түрлері
Мектепте дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен ағзаны сауықтыру және гармонизациялау
Торлы қабықтың ішкі беті жарыққа сезімтал мозаика
Көру қабілеті бұзылған балалар
Қан айналымы аурулары
Көз алмасының қабықтары
Компьютер қауіпі
Көру қабілеті бұзылған балаларға инклюзивті білім берудегі ерекшеліктері
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі дидактиканың негіздері
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларға білім беру
Пәндер