Жатақхана меңгерушісінің жұмысын автоматтандыру



Кіріспе
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 ДҚБЖ дамуының жаңа тенденциялары және олардың қолдану аймақтары
1.2 Деректер қорын қолданудың жаңа аймақтары
1.5 Деректер қорының жіктелуі
1.6 Деректер қорының құрылымды элементтері
1.7 Ақпараттық объектінің түсінігі
1.8 Қатынастарды қалыптандыру
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 «Мән . байланыс» үлгісінің көмегімен деректерді ұсыну
2.2 Деректер үлгісін анықтау
2.3 Пәндік аймақтың инфологиялық үлгілеуі
3 ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСЫТЫРУ
3.1 Delphi объектілі.бағытталған ортасы
3.2 Деректер базасын қорғау және оның қауіпсіздігі
3.3 Бағдарламалық өнімді сипаттау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі заманғы өмір нәтижелі басқару болмаса санаға сыймайды. Маңызды категориясы болып кез – келген мекеме мен кәсіпорын жұмысының көптеген нәтижелілігі тәуелді болатын ақпаратты өңдеу жүйесі табылады. Мұндай жүйе қажет:
- жұмыс нәтижесінің жалпы және/немесе бөлшектенген есептеулерін алуды қамтамасыз ету үшін;
- маңызды көрсеткіштердің өзгеру тенденцияларын жеңіл рұқсат ету;
- айтарлықтай кешігусіз, уақыт бойынша критикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ету үшін;
- деректерді талдауды нақты және толық орындау үшін.
Деректер қорының басқару жүйесінің ең жарқын өкілдерінің бірі ретінде мыналарды атап өтуге болады: Lotus Approach, Microsoft Access, Borland dBase, Borland Paradox, Microsoft Visual FoxPro, Microsoft Visual Basic, және сондай – ақ «клиент – сервер» технологиясы бойынша құрылған, қосымшаларда қолданылатын Microsoft SQL Server және Oracle деректер қоры. Нақтылы айтқанда, қазіргі заманғы кез – келген ДҚБЖ – де басқа компаниямен шығарылатын, ұйқастық қолдану аймағы мен мүмкіндігі болатын аналогы бар.
Сонымен қатар, «де-факто» стандартымен «қосымшаларды тез өңдейтін» немесе әдебиетте кең дикларацияланатын «ашық қатынас жасау» негізіндегі RAD (Rapid Application Development ағылшын тілінен) болады, яғни әр түрлі қолданбалы программалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін және деректерді өңдеудің қуатты және иілгіш жүйесін жасау қолданылады. Сондықтан, ДҚБЖ – ның «классикалық» қатарының бірінде жиі – жиі Visual Basic 4.0 және Visual C++ прораммалау тілдері айтылады, олар жылдамығы бойынша сынды, ал кейде ДҚБЖ-ның «классикалық» құралдарымен жасалмайтын, қажет қосымша компоненталарды тез құруға мүмкіндік береді. Деректер қорын басқаруға қазіргі заманғы қатынас құруда сондай – ақ «клиент – сервер» технолоиясын кең қолдануды түсіндіреді.
Сол себептен, бүгінгі таңда программалаушы қай бір нақты дестенің рамкасымен байланысы жоқ, ал алға қойған мақсатқа байланысты әр түрлі қосымшалар қолдану мүмкіндігі бар. Сондықтан, ең маңызды болып, ДҚБЖ-ның жалпы бағытты дамуы және қазіргі уақыттағы қосымшаларды өңдеудің басқа құралдары ұсынылады.
Ұсынылып отырған дипломдық жобаның тақырыбы «Жатақхана» ақпараттық-анықтамалық тіркеу жүйесі Microsoft Access қаптамасы арқылы, ал тұтынушы интерфейсін Borland Company ұсынған Delphi 7 нұсқасы арқылы құрдым. Microsoft Access деректер қорын және Delphi бағдарламалау тілінің базалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ADO connection құрамдас бөлігінің көмегімен жасалған.
1. Дж. Тельман, "Основы систем баз данных", Москва, Финансы и статистика', 1983г.-480 б.
2. Когловский М.Р., "Технология баз данных на персональных ЭВМ", Москва, 'Финансы и статистика', 1992 г. – 560 б.
3. Джексон Г. Проектирование реляционных баз данных для использования с микроЭВМ. -М.: Мир, 1991. – 252 б.
4. Кириллов В.В. Структуризованный язык запросов (SQL). – СПб.: ИТМО, 1994. – 80 б.
5. Брябрин В.М., "Программное обеспечение персональных ЭВМ", Москва, 'Hаука', 1989 г- 560 б.
6. Шафрин Ю.А. «Основы компьютерной технологии»М.,1998- 102б.
7. Дмитриев Ю.А. Методические указания к разработке - М: Финансы и статистика, 1995 – 265 б.
8. Т.Ж. Темиргалиев. Дипломдық жобаның экономикалық бөлімін, есептеу әдістемесі, Алматы 2001 ж – 145 б.
9. ГОСТ 12.1.004-91. Еңбекті қорғаудың стандарттар жүйесі. Өрт қауіпсіздігі. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.
10. Санитарные правила и нормы №1.01.004.01. Требования к освещению помещений и рабочих мест.
11. Кустов В.Н., Калита Н.Л., Джумабеков Б.Д. Охрана труда в дипломных проектах. Алматы: КазНТУ, 1998ж 450 б.
12. О промышленной безопасности на опасных производственных объектах. Закон РК Алматы «Юрист» 2003г. 12 б.

Қазіргі заманғы өмір нәтижелі басқару болмаса санаға сыймайды. Маңызды категориясы болып кез - келген мекеме мен кәсіпорын жұмысының көптеген нәтижелілігі тәуелді болатын ақпаратты өңдеу жүйесі табылады. Мұндай жүйе қажет:
жұмыс нәтижесінің жалпы жәненемесе бөлшектенген есептеулерін алуды қамтамасыз ету үшін;
маңызды көрсеткіштердің өзгеру тенденцияларын жеңіл рұқсат ету;
айтарлықтай кешігусіз, уақыт бойынша критикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ету үшін;
деректерді талдауды нақты және толық орындау үшін.
Деректер қорының басқару жүйесінің ең жарқын өкілдерінің бірі ретінде мыналарды атап өтуге болады: Lotus Approach, Microsoft Access, Borland dBase, Borland Paradox, Microsoft Visual FoxPro, Microsoft Visual Basic, және сондай - ақ клиент - сервер технологиясы бойынша құрылған, қосымшаларда қолданылатын Microsoft SQL Server және Oracle деректер қоры. Нақтылы айтқанда, қазіргі заманғы кез - келген ДҚБЖ - де басқа компаниямен шығарылатын, ұйқастық қолдану аймағы мен мүмкіндігі болатын аналогы бар.
Сонымен қатар, де-факто стандартымен қосымшаларды тез өңдейтін немесе әдебиетте кең дикларацияланатын ашық қатынас жасау негізіндегі RAD (Rapid Application Development ағылшын тілінен) болады, яғни әр түрлі қолданбалы программалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін және деректерді өңдеудің қуатты және иілгіш жүйесін жасау қолданылады. Сондықтан, ДҚБЖ - ның классикалық қатарының бірінде жиі - жиі Visual Basic 4.0 және Visual C++ прораммалау тілдері айтылады, олар жылдамығы бойынша сынды, ал кейде ДҚБЖ-ның классикалық құралдарымен жасалмайтын, қажет қосымша компоненталарды тез құруға мүмкіндік береді. Деректер қорын басқаруға қазіргі заманғы қатынас құруда сондай - ақ клиент - сервер технолоиясын кең қолдануды түсіндіреді.
Сол себептен, бүгінгі таңда программалаушы қай бір нақты дестенің рамкасымен байланысы жоқ, ал алға қойған мақсатқа байланысты әр түрлі қосымшалар қолдану мүмкіндігі бар. Сондықтан, ең маңызды болып, ДҚБЖ-ның жалпы бағытты дамуы және қазіргі уақыттағы қосымшаларды өңдеудің басқа құралдары ұсынылады.
Ұсынылып отырған дипломдық жобаның тақырыбы Жатақхана ақпараттық-анықтамалық тіркеу жүйесі Microsoft Access қаптамасы арқылы, ал тұтынушы интерфейсін Borland Company ұсынған Delphi 7 нұсқасы арқылы құрдым. Microsoft Access деректер қорын және Delphi бағдарламалау тілінің базалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ADO connection құрамдас бөлігінің көмегімен жасалған.


1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 ДҚБЖ дамуының жаңа тенденциялары және олардың қолдану аймақтары

Ақпаратты технологиялар терминологияға қатысты екі өте қызық тенденциямен сүйемделеді. Бір жағынан біздер бір заттың бірнеше атаумен өзгеретінін байқаймыз (әрине, технология дамып жатыр, бірақ олардың атауы тез қарқынмен өзгеріп жатыр). Былай қарасақ біздер ескі терминдерді мағынасы басқа бұрынғыдай болмасада түсіну үшін қолданамыз. Екінші жағдай нақ ДҚБЖ-ға қатысты.
2002 жылы шыққан есептеу техникасының түсініктеме сөздігінде, деректер қорының басқару жүйесіне мынадай анықтама келтірілген (database management system): деректер қорында ақпаратты құру, сақтау, жаңарту мен іздеуді қамтамасыз ететін қосымша және де деректердің бүтіндігі мен қауіпсіздігін басқару. Шынына келсе бұл түсінік 30 жыл бұрында расталған, бірақ қазір ДҚБЖ-ның маңызды бөлімінде бұрынғы кездегі мағынасына қарағанда басқа (сегіз жыл бұрын ұғымды анықтау үшін қолданған қосымша сөйлем анықтамада жоқ екенін айта кеткен жөн, -- пайдаланушы мен деректер қорының арасында орналасқан программалық қабықша).
Соңғы онжылдықта біз ДҚБЖ-ның аса ішкі технологиялық толықтырулардан қолданбалы программалардың айналасында пайдаланушы үшін қосымша құрылып дербес өнімге айналғанын байқап отырмыз; басқаша айтқанда ақпараттық жүйенің бір компонентін осындай жүйені құру үшін платформаға айналдыру.
Бұл жағдайда Microsoft платформасы мазмұнының өзгеруіне мән берген жөн. Дәстүрлі түрде бұл терминде Windows операциялық жүйесі туралы айтылады. Бірақ серверлік платформаға сәйкес көбінесе Windows Server + SQL Server байланысын жиі кездестіреміз. Сонымен қатар, Microsoft SQL Server-дің (жұмыстық атауы Yukon) жаңа нұсқасы шығысымен біз Microsoft өнімдерінің Windows емес, ал Yukon деген атаумен аталатын жағдайға соқтығысамыз. Дегенмен үстелдік деректер қоры бар және болады: таңғаларлық жай Microsoft-тың ұсынысы бойынша Microsoft Access - бұл да ДҚБЖ. Тарихи тұрғыдан деректер қорының басқару жүйесі бірінші кезекпен құрылымдық ақпараттың транзакциялық өңдеуімен байланысты есептерді шығаруға дағдыланды. Сөзсіз, бұл жерде ең жақсы, уақытпен тексерілген шешім ДҚБЖ-ның реляционды моделі болып табылады. Бірақ соңғы уақытта деректер қорын қолдану аймақтары өзгеріссіз кеңейді. Бір жағынан, бірлескен ақпараттарды басқарудың жалпы мәселелерін шешуден өтіп, мәліметтер форматын кең терімде басқару қажет. Басқаша айтқанда -- нақ ДҚБЖ өзіне мәліметтер интеграциясының негізгі функциялары мен бірлескен жүйе қосымшаларын алады. (Gartner Group-тың деректері бойынша, мекеменің ақпараттық бөлімдері деректер қорының жұмыс істейтін компонента интеграциясын шешу үшін өзінің қаражатының 40% жұмсайды). Нақ осы жағдай сәулеттік принципін талқылаудағы белсенді назар және постреляцондық, объектті-реляционды, XML сияқты әр түрлі моделді деректер қорын жүзеге асыру мүмкіндігімен түсіндіріледі [1].

1.2 Деректер қорын қолданудың жаңа аймақтары

Егер деректер қорын қолдану аймақтарын жіктеп тырысса, және де қазіргі уақыттағы олардың даму перспективасын бағаласа, онда деректер қорын қолданудың барлық аймақтарын қолдану және таратудағы кең таралым класстарының үлгілі тізімін аламыз. Бұл тізім келесі түрде келтіріледі:
Құжатты графикалық және құжаттылық барлық басқару мен өкімет органдар қорында қолданылады:
өнеркәсіп, құрылыс және ауылшаруашылық өнімдеріне байланысты деректер қоры;
экономика және конъюктурлы ақпаратқа байланысты деректер қоры (статикалық, несие-финансылық, сыртқы саудалық);
әлеуметтік орта және халық туралы мәліметтен құралған фактографиялық әлеуметтік деректер қоры;
көлік жүйесінің деректер қоры;
мекеме және халық үшін анықтама мәліметтер (энциклопедиялар және анықтамалар, расписания самолет және поезд кестесі, мекеме мен азаматтардың мекен-жайы және телефон нөмімірлері);
табиғи ресурс туралы фактографиялық ақпараттан тұратын факресурсты деректер қоры (жер, су, жер қойнауы, биоқорлар, гидрометеорология, екінші қайтара қор және қалдықтар, экологиялық жағдай);
ғылыми зерттеулер негізі қамтамасыз ететін ғылыми мәліметтердің фактографиялық қоры және ақпараттары;
мәдениет және өнер саласындағы фактографиялық деректер қоры;
лингвистикалық деректер қоры, яғни әр түрлі аймақтағы және түрдегі машиналы сөздіктер.
Экономикалық есептерді шешу үшін қажет ДҚБЖ программалық қамтамасы өте кең және әр түрлі. Оның негізінде әр түрлі деңгейдегі мекеменің ақпараттық жүйесі құрылады (кішкенесіне ірісіне дейін). Деректер қорын қолдану аймақтарын дәстүрлі түрде үлкен көлемдегі әр түрлі ақпараттармен соқтығысатын адам қызметінің аймақтары алып жатыр. Ең бірінші деректер қоры мынадай ғылым негіздерінде, ядролық физика, химия, космановтика және тағы басқа мәліметтермен жүйелік жұмысты талап ететін ғылымда қолданылды. Алдағы уақыттағы компьютерлік технология мен қоғамның компьютеризациялануының дамуы деректер қорының адам қызметінің барлық сферасында өңделіп және ауылшарушылықтан бастап финансты-экономикалы жүйеге дейін әр түрлі мекемелерде қолдануға болатын мүмкіндікке әкеп соқты. Деректер қорын қолданудың соңғы ( шығады, қалай қай уақытта және қандай мақсатта қолданылады. Мәліметтер мен ақпарат арасында қандай айырмашылық бар. Мәліметтер тек олардың мәні қажет болған кезде ақпаратқа айналады, шешім қабылдауға керек болғанда мәліметтер ақпарат болады.
Мәліметтер базасын құру
Мәліметтер базасын бір-бірімен байланысқан мәліметтер жиынтығы ретінде анықтайды мынадай сипаты бар. Көп қосымшаларға қолдану мүмкіндігі бар. Қажетті ақпаратты жылдам алып және өзгертуге мүмкіндік бар. Ақпараттың артық қайталануын минималды түрде сақтайтын қолданбалы программаларға тәуелсіз жалпы ақпаратты іздеу жүйесі бар. Бұлардың ішіндегі ең негізгісі ол ақпаратты басқаратын мәліметтердің оларды өңдейтін программа тәуелсіздігі.
Мәліметтер базасының жіктелуі
Мәліметтер базасын екіге бөлуге болады.
1. Жергілікті мәліметтер базасы. Жергілікті мәліметтер базасындағы деректер бір локальді құрылымында сақталады. Диск, дискілік торапта сақталады. Бірнеше қолданушылар арасында мәліметтерді алу үшін жергілікті мәліметтер базасында блакировка файл әдісі қолданылады.
2. Қашықтағы мәліметтер базасы. Қашықтықтағы мәліметтер базасы деректер алыста орналасқан компьютерде сақталады. Қашықтықтан мәліметтер базасында жұмыс істейтін программалар 2 бөлімнен тұрады:
Клиенттік;
Серверлік.
Клиенттік бөлімі қолданушы компьютерде жұмыс істейді. Программаның серверлік бөлімінде қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Қашықта орналасқан компьютермен байланыс сұраныс арқылы жүргізіледі. Программаның серверлік бөлімі қашықтағы компьютерде жұмыс істейді.
Ақпараттық жүйенің жабдықталуы
Барлық ақпарат жүйеге бірдей болады. Олардың функционалдық бөлімдеріне қарамайды. Зерттеу облысына тәуелді емес. Жабдықтау бөлімінің құрамына келесілер кіреді:
ұйымдастыру бөлімі-одан бүкіл жүйенің мақсаты және атқарылатын функциялары тәуелді. Ұйымдастыру бөлімінің 4 топ компоненттері болады.
1-топ. Ол маңызды методикалық материалдар, жүйені жасау және оның қызметін регламенттайды, оған жатады:
жалпы салалық әдістемелік материалдар ақпарат жүйесін жасауға арналған;
тіптік жобалау шешімдері;
кәсіпорынды зерттеу, оны ұйымдастыру және жүргізу әдістемелік материалдары;
жобалау құжаттарын жасау, еңгізу сұрақтарының әдістемелік материалдары.
2-топ. Компоненттеріне ақпарат жүйелерін тиімді жобалап және қызметін жүргізу құралдар жиынтығы, бұған жатады:
басқару есептерінің кешені, оны шығаратын программалық пакеттермен бірдей;
кәсіпорынды типтік басқару құрылымдары;
унификацияланған құжаттар жүйесі;
жалпы жүйелік және салалық.
3-топ. Ол техникалық құжаттар жүйені зертеу, жобалау және енген процесте жасалады, оған жатады:
Технико-экономикалық зерттеу;
Техникалық тапсырма;
Техникалық және жұмысшы жобалар және құжаттар.
Құқықтық жабдық мақсаты ол ақпарат жүйені жасау процесін және пайдалану регламентін көрсетеді. Заңды құжаттар жиынтығы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, нәтижелік ақпаратты беру қатынастарын реттейді.
Ақпараттық жүйені
Жүйе жасаушылармен және тапсырыс беруші арасындагы келісім шарт.
Жүйені жасаушылар арасындағы қатынастарды реттейтін құжаттар
Ақпарат жүйенің бөлімдерінің құқықтық мүмкіндіктері. Техникалық құралдары қолданатын адамдардың құқықтық қатынастары.
Ақпарат жүйелерінің жабдықтау бөлімдері барлық жүйелерге бірдей. Олар қандай функцияда орындауға қарамастан және қай облыста қолданатынына қарамастан жабдықтау бөлімінің құрамына мына бөлімдер кіреді.
Ұйымдастыруды жабдықтау;
Құқықтық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық және технологиялық жабдықтар.



Қайта өңдеу
Шығыс қорлары
Кіріс қорлары

Мәліметтер базасы
Программалық жабдықтау
Ақпараттық басқару

С ы р т қ ы о р т а І ш к і о р т а

М ә л і м е т т е р

Мәліметтерді электронды өңдеу жүйесі

1.1-сурет. Мәліметтерді электронды өңдеу жүйесінің құрылымы

Ұйымдастыру жабдықтау мынандай топтан тұрады:
Жүйені құруды және оның формасын регламенттайтын методикалық материалдарға ақпараттық жүйені тиімді жобалау құралдары жатады.
Ақпараттық жүйелермен мамандардың екі түрі жұмыс істейді: басқарушы ақырғы пайдаланушылар, деректерді өңдеу бойынша мамандар.
Ақырғы пайдаланушы - бұл өзі шығаратын ақпараттық жүйені немесе ақпаратты қолданатын адам. Бұған жүйені кәсіби талдап, жобалап құратын мәліметтерді автоматтандырылған өңдеу мамандары (инженер-системоаналитиктер, инженер жобалаушылар, программистер) кірмейді.
АЖ жабдықтарын қолдану тәсілдері бойынша ақырғы пайдаланушылардың екі түрін атап өтуге болады: тікелей ақырғы пайдаланушы, ол АЖ жабдығымен қолмен жұмыс істеу арқылы бірлесе атқарады, тура емес ақырғы пайдаланушы, ол АЖ ақпаратты тек қана қолданады, оның жабдығымен жұмыс істемейді. Жүйенің құрылымын, технологияларды, алгоритмдерді т.с.с бейнелеу стандарттарын қолданбай үлкен, динамикалық және эффективті АЖ жасау мүмкін емес. Жүйелерді жобалаудағы көпжылдық тәжірибе жобаның осы эелементтерін көрнекі түрде бейнелеуде графикалық құралдарды қолданудың ыңғайлы екендігін көрсетті. Жүйенің жобасын кәдімгі мәтін түрінде жазуға да болады, бірақ онда блок-схемалар болмаса оны түсіну қиынға түседі. Жобалаудың арнайы құралдары қолдану ресурстары, процестерді және коммуникацияны құжаттандырылған түрде бейнелей отырып, концептуалды айқындылықты алуға мүкіндік береді. Бұл кезде кестелік формалар, диаграммалар, белгілер қосылған блок-схемалар және т.б кеңінен қолданылады.
Ақпараттық жүйелердің ресурстары
Ақпарарттық жүйені матрицалық көрсету екі түрлі элементтің жинағын бейнелейді: процесстер (енгізу, өңдеу, шығару, сақтау, бақылау) және ресурстар (қондырғылар, программалар, мәліметтер, адамдар, өнімдер). Нақты жағдайда Менеджменттің ақпараттық жүйесімен (МАЖ) адамдар жұмыс істейді. Олар қондырғыларға мәліметтерді енгізеді және ақпаратты (жүйе өнімін) қолданады.
МАЖ - бұл адамдық-машиналық жүйе (1.1-сурет). МАЖ жұмыс адамдардың екі түрлі ресурсынсыз - ақырғы пайдаланушы (менеджер) және консультант (жүйелік аналитик, программист, инженер) жұмыс істеуі мүмкін емес. Адамдар жүйенің басқа барлық ресурстарын біріктіреді, толықтырып, өзара әсерін ұйымдастырады. Консультанттардың қажеттілігі ақырғы пайдаланушылар саны көбейіп, ақпарарттың біріктірілуі күшті болатын ірі ұйымдарда туындап, ұлғаяды.
Ақпарарттық технологиялар рыногында сатылып, сатып алынатын басқа ресурстар төрт топқа бөлінеді: техникалық ресурстар (жабдықтар), программалық ресурстар, мәліметтер базасы, телекоммуникациялар.
Телекоммуникацияларда да ақпараттық жүйелер байланысы процестерін қамтамасыз ететін, арнайы ресурстар топтарына ерекшеленген жабдықтар мен программалар пайдаланылатындықтан, халықаралық сауда жүйесінде біршама басқаша номенклатура қолданылады.
Анағұрлым тармақталған топ - жабдықтар ресурсы. Программалық ресурстар номенклатуралары да кең. Мәліметтер ресурсы - бұл әртүрлі деңгейдегі (корпоративті, фирмалар, жұмыс топтары, жеке) мәліметтер базасы жиыны.
Ақпараттық жүйені құру кезінде жобалаушылар жұмыс істеп тұрған жүйенің ресурстары мен процестерін талдайды, одан кейін оларды жаңа ақпараттық технологиялар негізінде неғұрлым эффектвті өзара әсерлесетіндей етіп жобалайды.
АЖ жобаларын ендіру сатысында ресурстар бөлігі рынокта алынады, ал біраз бөлігі (мәліметтер базасы және кілт арқылы программалар) ұйымның өз күшімен тікелей объектіде жасалады. Ресурстарды сатып алу мәселелері менеджерлер мен директорлардың қатысуы арқылы шешіледі, сондықтан болашақ менеджерлер ақпараттық жүйелердің ресурстарының қызметі мен түрлерін білуі қажет.
АЖ негізгі ресурстарын анықтау жүйесі
Қазіргі кезде мамандар күнделікті жұмыстарында компьютермен программаларды көмекші ретінде қолданып қана қоймай, ақпараттық технологияларды өз бизнестерінің негізгі объектісі жасай алады. Сондықтан осы құралдарды әлемдік стандарттарда анықталатын номенклатурада талдай білуі керек.
Сауда статистикасы аймағында ЕС стандарттары талаптарын қанағаттандыратын Халықаралық жұмыс топтары EITO TASK FORCE мен IDC корпорациясының келісімдеріне сәйкес келетін негізгі анықтамалар жүйесі бар. Осы материалдарды шолу мен меңгеруді жеделдету үшін класстар мен подкласстардың құрылымын графикалық түрде көрсетеміз.
Ақпараттық технологиялар (АТ) және Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың (АКТ) жалпы анықтамалары Ақпараттық технология (АТ) түсінігі көрсетілген келісімдегі мәтінде өндіріске қатысты айтылады:
техникалық жабдықтау компоненттері (есептеуіш жүйелер мен желілер, офистік жүйелер, мәліметтерді өңдеу және тарату құралдары және т.б.) немесе аппараттық құралдар (компьютерлік жабдықтар);
программалық жабдықтар компоненттері (жүйелік, қолданбалы, көмекші) немесе программалық өнім (программалық құралдар);
әртүрлі қызметтер түрлері (кәсіби, есептеуіш, желілік, ақпараттық, техникалық).
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың неғұрлым кең түсінігі телекоммуникациялық құрылғылар және коммуникациялық қызметтермен бірге қарастырылған ақпараттық технологияларға қатысты.
Аппараттық құрылғылардың сауда номенклатурасында жалпы қолданылатын құралдардың алты тобы ерекшеленген: мәліметтерді өңдеу жүйелері, көппайдаланушылар жүйесі, жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, ДК арналған принтерлер, офистік жабдықтар. Офистік желілік құрылғылар құрамында мәліметтерді тарату аппаратураларының топтары бар.
Мәліметтерді өңдеу жүйелері (есептеуіш жүйелер) орталық процессорлар және негізгі периферииялық құрылғыларды қамтиды. Перифериялық құрылғыларға мәліметтерді жинақтау және сақтау құрылғылары, терминалдар және т.б., сонымен бірге негізгі конфигурацияны кеңейту кезінде қосылатын компоненттер жатады.
Үш түрлі (үлкен, орташа, кіші) жүйені қамтитын Көппайдаланушылар жүйесі түсінігі бірпайдаланушыға арналған жұмыс станциялары мен дербес компьютерлерге қатысты емес. Әдетте көппайдаланушы жүйелердің ортақ белгісі, олар екі одан да көп пайдаланушылардың көпмәселелі режимінде жұмысын қолдау болып табылады.
Үлкен жүйелерге жалпы қолдануға арналған қуатты әмбебап ЭЕМ, суперкомпьютерлер, ғылыми зерттеулерге арналған мамандандырылған жоғары жылдамдықты ЭЕМ жатады. Есептеуіш жүйелердің үлкен топтарға жатқызылуының кретрииі бірінші кезекте оның бағасы болып табылады.
Көппайдаланушы орта жүйелерге кіші әмбебап ЭЕМ деп аталатын, осыған ұқсас кретерийлер бойынша дәстүрлі супермини ЭЕМ жатады.
Көпмәселелі режимде екі және одан да көп пайдаланушылар жұмысын қолдамайтын бірпайдаланушыға арналған компьютерлік жабдықтардың көппайдаланушылар жүйесінен ерекшелігі, олар 2.3 топқа жұмыс станцияларына жатқызылды.
Дербес компьютерлер (ДК немесе ДЭЕМ) 2.4 тобын екі түрлі компьютерлер құрайды: портальды және үстел үстіндегі (настольные).
Жабдықтарды таңдау кезінде дербес компьютерлердің сапасын бағалау, әдетте көрсеткіштердің көп бөлігін келесі топтарға біріктіру арқылы жүзеге асырылады: (1) сенімділік (надежность), (2) жалпы сапа, (3) қолданбалы программалардың болуы, (4) бар программалық жабдықтармен сәйкестілігі, (5) қолданыстағы компьютерлермен аппараттық сәйкестігі, (6) қолдану қарапайымдылығы.
ДК арналған принтерлер 2.5 топқа жатады.
Офистік жабдықтар түсінігі (2.6 топ) әртүрлі жазу машинкаларын (электрондық, электрлік және механикалық), калькуляторлар (қол, қалта, настольный, кәсіби), көшіру техникаларын (дербес, сандық және түрлі-түсті), сонымен бірге басқа офистік және функциональды жабдықтарды (мысалы, электрондық кассалық аппараттар, электрондық сауда жабдықтары, банкомат есептеуіштері т.с.с.) қамтиды. Офистік жабдықтарға бірнеше бөлімдерден тұратын желілік жабдықтар да жатады (2.6.5 позиция)
Желелік жабдық анықтауына көппайдаланушы жүйелерді, ДК немесе жұмыс станцияларын жергілікті желіге қосу құрылғылары, сонымен бірге техникалық және программалық жабдықтың басқа категорияларында саналатын серверлер жатады.
Желілік жабдықтың негізгі категориялары жергілікті есептеуіш желі интерфейстері, терминалды серверлер, желіаралық жабдық және мәліметтерді таратудағы басқа аппаратуралар болып саналады. Басқа категорияларына модемдер, дестелерді коммутациялау құралдары, сандық ауыстырып-қосқыштар, коммутациялық процессорлар, топтық контролерлер т.б. жатады.
Аталған жалпы қолдануға арналған аппараттық құралдар экономиканың әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Бұдан басқа арнайы құралдар (специальные средства) да бар. Мысалы, банктік ақпараттық жүйелерде банктік автомат-кассирлер, кредиттік карточканы авторизаторлары, пластикалық карточкаларды оқуға арналған құрылғылар кеңінен қолданылады. Сонымен бірге әскери, полициялық және т.б. арналған ерекше құралдар бар.
Телекоммуникациялық жабдықтар пайдаланушы категориясына қатынасқа негізделіп топтастырылған. Сәйкесінше жабдықтардың екі тобы бар. Біріншісі пайдаланушының жұмыс істейтін орнына байланысты топтастырылған. Телекоммуникациялық жабдықтардың екінші тобы коммуникациялық қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді. Мұнда программалық өнім құрамында оның 4 тобы ерекшеленген: жүйелік программалық жабдық, көмекші программалық-утилиттер, қолданбалы программалық құралдар, қолданбалы программалық шешімдер.
Ақырғы пайдаланушының ақпараттық жүйесі (АПАЖ) концепциясы.
АПАЖ ресурстары: ақырғы пайдаланушының компьютерлік қосымшалары, қондырғылар, программалар, адамдар, көпшілік мәліметтер базасы.

1.5 Деректер қорының жіктелуі

Деректерді өңдеу технологиясы бойынша деректер қоры орталықтандырылған және үйлестірілген болып бөлінеді.
Орталықтандырылған деректер қоры бір есептеу жүйесінің жадысында сақталады. Егер бұл есептеу жүйесі ЭЕМ желісінің компонентасы болса, бұндай базаға үйлестірілген қол жеткізу мүмкін болады. Деректер қорының мұндай қолдану әдісі ДК-ның жергілікті желісінде жиі қолданылады.
Үйлестірілген деректер қоры әр түрлі ЭЕМ есептеу желісінде сақталған бірнеше қиылысатын немесе бір-бірін қостайтын бөлігінен тұрады. Мұндай қормен жұмыс үйлестірілген деректер қорын басқару жүйесі көмегімен орындалады (ҮДҚБЖ).
Деректер қорының деректеріне қол жеткізу әдісі бойынша жергілікті қол жеткізу арқылы деректер қоры және алыстатылған (желілік) қол жеткізу арқылы деректер қоры болып бөлінеді.
Желілік қол жеткізу арқылы орталықтандырылған деректер қорының жүйесі әр түрлі ұқсас жүйелер архитектурасын ұсынады:
файл-сервер;
клиент-сервер.
Файл-сервер. Желілік қол жеткізу арқылы ДҚ жүйесінің архиектурасы желі машинасының біреуінің орталық (сервер, файл) ретінде бөлініп шығуын болжайды. Осындай машинада бірге қолданылатын орталықтандырылған ДҚ сақталған. Басқа барлық орталықтандырылған деректер қорының қол жетерлік пайдаланушы жүйесінің көмегін қолдайтын желі машиналары жұмыс бекетінің функцияларын орындайды. Деректер қорының файлдары сәйкесінше пайдаланушылардың сұранысы бойынша сол жерде негізінен өңдеу жүргізілетін жұмыс бекеттеріне беріледі. Сол бір деректерге қол жеткізудің үлкен қарқындылығы кезінде ақпараттық жүйенің өнімділігі төмендейді. Сонымен бірге пайдаланушылар олармен монополиялы қолданылатын жергілікті ДҚ-ын жұмыс бекеттерінде құра алады.
Клиент-сервер. Бұл концепцияда орталықтандырылған деректер қорын сақтағаннан басқа орталық машина (деректер қорының сервері) деректерді өңдеудің орындалатын негізгі көлемін қамтамасыз ету қажет. Клиентпен (жұмыс бекетімен) жіберілетін деректерге деген сұраныс сервердегі деректерді шығару мен іздеуді тудырады. Шығарып алынған деректер (бірақ файлдар емес) серверден клиентке дейінгі желіде тасымалданады. Клиент-сервер архитектурасының ерекшелігі болып SOL сұраныс тілін қолдану табылады [2].

1.6 Деректер қорының құрылымды элементтері

Деректер қоры түсінігі өріс, жазба, файл (кесте) деген құрылымды элементтер түсінігімен тығыз байланысты.
Өріс -- деректердің логикалық ұйымдастыруының элементарлы бірлігі, яғни ол ақпараттың бөлінбейтін бірлігі -- реквизитқа сәйкес келеді. Өрісті бейнелеу үшін келесі сипаттамалар қолданылады:
аты-жөні (Тегі, Есімі, Әкесінің аты, Туған күні);
түрі (символдық, сандық, күнтізбелік);
ұзындығы (мысалы, 15 байт, және де ең үлкен мүмкін боладын символмен анықталатын болады);
сандық деректер үшін дәлдік, мысалы санның бөлшек бөлігін көрсету үшін екі ондық белгі.
Жазба -- логикалық түрде байланысқан өрістердің жиынтығы. Жазба данасы -- өрістері нақтылы мәндерден тұратын жазбаның бөлек орындалуы.
Файл (кесте) -- бір құрылымның жазба данасының жиынтығы.
Файл жазбасының құрылымында, олардың мәндері жазба данасын теңдестіретін біріншілік кілттер (БК) көрсетеді, ал екілік кілттер (ЕК) болып іздестіру немесе топтық белгілердің рөлін атқаратын өрістер көрсетеді (екілік кілттің мәні бойынша бірнеше жазбаларды табуға болады).

1.7 Ақпараттық объектінің түсінігі

Ақпараттық объекті -- бұл логикалық байланысқан реквизиттер жиынтығы түріндегі бірнеше мазмұндардың (нақтылы объектінің, құбылыстың, процестің, оқиғаның) суреттелуі. Мұндай мазмұндармен ақпараттық объект үшін қызмет етеді: цех, қойма, материал, жоо, студент, емтизан тапсыру және т.б.
Ақпараттық объектінің белгілі реквизиттік құрамы мен құрылымына мысалы, Студент, Сессия, Стипендия сияқты бірегей есім берілетін сынып (түр) құрастырады.
Ақпараттық объекті көптеген іске асырулардан тұрады -- әр біреуі реквизиттің нақтылы мәндері жиынтығынан құралған даналарды ұсынады және кілттің мәнін теңдестіреді (қарапайымы -- бір реквизит немесе құрамасы -- бірнеше реквизиттер). Ақпараттық объектінің қалған реквизиттері сипаттамалық болып келеді. Бұған қарамастан сол бір реквизиттер бір ақпараттық объектіде бастапқы, ал басқаларында сипаттамалық бола алады. Ақпараттық объект бірнеше кілтен тұруы мүмкін.

1.8 Қатынастарды қалыптандыру

Бірдей деректер кестесі (қатынас) әр түрлі жолмен топтастырыла алады, яғни өзара байланысқан ақпараттық объектінің әр түрлі қатынастар терімі ұйымдастырылуы мүмкін. Қатынастардағы атрибуттарды топтастыру орынды болу қажет, яғни минимизацияланған деректерді қосарландыру және оларды өңдеуін оңайлататын процедура мен жаңарту.
Егер ол қатынастарды қалыптандыру талабына жауап беретін болса, басқа мүмкін болатын қатынастар теріміне қарағанда, анықталған қатынастар терімі қосылу, модификация, деректерді жою кезіндегі сияқты жақсы қасиеттерге ие болады [3].
Қатынастарды қалыптандыру -- қосарландыруды жоюға рұқсат ететін, деректер қорында сақталғандарды қайшылықсыз қамтамасыз ететін, деректер қорын кірістіруге (кіріс, түзетілім) еңбек шығындарын азайтатын қатынастарды (кестелерді) қалыптастыруын шектейтін формальды құрал.
Қатынастардың үш қалыпты формасы көрсетілген және кез-келген қатынасты үшінші қалыпты формаға (ең жетілген) келтіретін механизм ұсынылды.
Бірінші қалыпты форма
Егер оның барлық атрибуттары қарапайым (содан кейін бөлінбейтін) болса, онда қатынас қалыптанған немесе бірінші қалыпты формаға келтірілген деп аталады. Қатынасты бірінші қалыпты формаға өзгерту реквизиттердің (өрістердің) санының өсуіне және кілттің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
Мысалы, Студент мәні = (Нөмір, Тегі, Есімі, Әкесінің тегі, Туған күні, Тобы) қатынасы бірінші қалыпты формаға келеді.
Екінші қалыпты форма
Қатынасты екінші қалыпты формаға келтіру сұрағын қарастыратын болсақ, онда функционалдық тәуелділік және толық функционалдық тәуелділік деген анықтамаларға түсінік беру қажет.
Соларға ортақ кілтпен логикалық байланысқан ақпараттық объектінің суреттелген реквизиттері, бұл байланыс реквизиттердің функционалды тәуелділік сипатын көрсетеді.
Реквизиттердің функционалдық тәуелділігі -- бұл ақпараттық объектінің данасы кезінде кілттік реквизиттің анықталған мәніне тек қана суреттелген реквизиттің бір мәні сәйкес келетін тәуелділік.
Функционалдық тәуелділіктің мұндай анықтамасы пәндік облыстың барлық өзара байланыс реквизиттерінің талдау кезінде дербес ақпараттық объектіні ерекшелейді.
Құрама кілт жағдайында функционалды толық тәуелділік анықтамасы енеді.
Кілттік емес атрибуттардың функционалды толық тәуелділігі әр кілттік емес атрибут функционалды түрде кілттен тәуелділігімен сәйкес болады. Бірақ құрама кілттің ешбір бөлігінен функциналдық тәуелділік табылмайды.
Егер ол бірінші қалыпты формада болса және әр кілттік емес атрибут функционалды толығымен құрама кілтке тәуелді болса, қатынас екінші қалыпты формада болады.
Үшінші қалыпты форма
Үшінші қалыпты форманың түсінігі транзиттік емес тәуелділік түсінігіне негізделеді.
Транзитивтік тәуелділік егер екі суреттелген реквизиттердің біреуі кілттен тәуелді болса, ал басқа суреттелген реквизит бірінші суреттелген реквизиттен тәуелді болса байқалады.
Егер ол екінші қалыпты формада болса және әрбір кілттік емес атрибут бастапқы кілттен транзитивтік емес тәуелді болса, қатынас үшінші қалыпты формада болады.
Суреттелген реквизиттердің транзитивтік тәуелділігін жою үшін бастапқы ақпараттық объектінің ыдырауын жүргізу қажет. Ыдырау нәтижесінде реквизиттер бөлігі бастапқы ақпараттық объектісінен жойылады және басқа (мүмкін, жаңа құрылған) ақпараттық объектінің құрамына енеді.
Байланыстар түрі
Пәндік облыстың барлық ақпараттық объектілері бір бірімен байланысты. Келесі белгілеулер көрсетілген байланыстың бірнеше түрлері ажыратылады:
бірге бір (1:1);
бірге көп (1 : К);
көпке көп (К : К).
Бірге бір байланысы (1:1) кезінде әр уақыт кезеңіне А ақпараттық объектісінің бір данасына кем дегенде бір В ақпараттық объектінің данасы және керісінше сәйкес келеді.
Бірге көп байланысы (1:К) кезінде А ақпараттық объектісінің бір данасына 0, 1 немесе одан да көп В объектісінің даналары сәйкес келеді, бірақ В объектісінің әр данасы кемдегенде А объектісінің 1 данасымен байланысты.
Көпке көп байланысы (М:М) кезінде әр уақыт кезеңінде А ақпараттық объектісінің бір данасына 0, 1 немесе одан да көп В объектісінің даналары және керісінше сәйкес келеді.

2 АРНАЙЫ БӨЛІМ

Пәндік аймақ - ұйымды басқару үшін және соңғы кезекте автоматизацияны зерттеуге жататын нақты әлемнің бөлігі. Пәндік аймақ көптеген фрагменттермен мысалы, мекеме - цехтармен, дирекциямен, бухгалтерия және т.б ұсынылады. Пәндік аймақтың әрбір фрагменті объектілерді қолданатын көптеген объектілер мен процестермен және де пәндік облысқа әр түрлі көзқараспен қарайтын көптеген пайдаланушылармен сипатталады.
ақпараттық жүйені жобалау теориясында пәндік облысты (немесе, егер қажет десе барлық нақты әлемді түгелімен) үш ұсынылу ретінде қарастыруға болады;
пәндік аймақты нақты көрсетілген түрінде ұсыну;
адам оны қалай қабылдайды (деректер қорын жобалаушы туралы айтылады);
символдар көмегімен қалай суреттелуі мүмкін.
Яғни біздер осы ұсынылуды бейнелейтін деректер мен нақтылықты суреттеумен (ұсынылумен) жұмыс істеп отырык.
Пәндік аймақты суреттеуге қолданылатын деректер, олар үшдеңгейлі сурет түрінде ұсынылады (сурет 2.1).

2.1-сурет. ANSISPARC деп аталатын үлгі

Деректердің сыртқы ұсынылуы (сыртқы сурет) пайдаланушымен орындалатын кейбір нақты функция жағынан деректерге талаптардың жиынтығы болып табылады. Концептуалды сурет болып нақты әлем туралы пайдаланушылардың ұсынылуынан алынған, деректерге барлық талаптардың толық жиынтығы табылады. Ішкі сурет - бұл деректер қорының өзі.
Ақпараттық жүйенің деректер қорын жобалау барысында бөлінетін негізгі кезеңдер осыдан шығады:
Концептуалды жобалау - деректерге жинау, талдау және редакциялау талаптары. Бұл үшін келесі шаралар орындалады:
пәндік аймақты тексеру, оның ақпараттық құрылымын зерттеу;
әрбіреуі пайдаланушы ұсынылуымен, ақпараттық объекті және солардың арасындағы байланыспен, ақпараттық объектінің үрдістерімен сипатталатын барлық фрагиенттердің әшкереленуі;
барлық ұсынылудың үлгіленуі және интеграциясы.
Берілген кезеңнің аяқталуымен деректер қорының құрылымына инвариантты болатын, концептуалды үлгіні аламыз. Жиі олар мән-байланыс үлгісі түрінде ұсынылады.
Логикалық жобалау - деректер құрылымындағы деректерге талаптардың түрленуі. Шығысында деректер қорының ДҚБЖ-бағытталған құрылымын және қолданбалы программалар артықшылығын аламыз. Осы кезеңінде әр түрлі ДҚБЖ-не сәйкес деректер қоры жиі үлгіленеді және салыстырмалы үлгіні талдау өткізіледі.
Физикалық жобалау - деректерді, рұқсат ету әдістерін және т.б сақтау артықшылықтарын анықтау [4].

2.1 Мән - байланыс үлгісінің көмегімен деректерді ұсыну

Автоматтандырылған ақпаратты өңдеу жүйесін құрмас бұрын, программалаушы ең алдымен берілген жүйе операция жасайтын оқиғалар, дәлелдер және заттар туралы түсінікті қалыптастыру қажет. Бұл түсініктерді сондай немесе басқа деректер үлгісіне келтіру үшін, оларды ақпараттық ұсынылулармен ауыстыру қажет. Біріңғай деректер ұсынылудың, оның программалық қамтамасының тәуелсіз іске асыруының ең ыңғайлы құралдарының бірі болып мән-байланыс (entity-relationship model, ER-model) үлгісі табылады.
Мән-байланыс үлгісі нақты әлем туралы бір маңызды семантикалық ақпаратқа негізделеді және деректерді логикалық түрде ұсынылу үшін арналған. Ол контексттегі деректердің мәндерін ондағы басқа деректермен өзара байланысын анықтайды. Маңыздысы дәлел болып мән-байланыс үлгісінен барлық бар деректер үлгісі (иерархиялық, желілік, реляциондық, объектілік) пайда болу мүмкіндігі табылады, сондықтан ол ортақ болып келеді.
Мән-байланыс үлгісі қатаң мәнде деректер үлгісі болмайтынын айта кеткен жөн, себебі деректер үстінен операцияларды анықтамайды және тек қана олардың логикалық құрылымын суреттеумен шектеледі.
1976 ж. мән-байланыс үлгісі Питер Пин-Шэн Ченмен ұсынылды.
Үлгінің элементтері
Пәндік аймақтың кез-келген фрагменті арасында кейбір көптеген байланыстар бар көптеген мәндер түрінде ұсынылуы мүмкін. Анықтама беріп өтейік:
Мән (entity) - бұл оны басқа объектілерден ажырататын, белгілі бір әдіспен теңдестіруге болатын объект. Мысалдар: нақты адам, мекеме, оқиға және т.б.
Мәндер жиыны (entity set) - бір түрдегі көптеген мәндер (бірдей қасиетке ие). Мысалдар: барлық адамдар, мекемелер, мерекелер және т.б. Мәндер жиынының қиылысатын болуы әбден қажет емес. Мысалы, ЕРКЕК қатарына жататын мән, сондай-ақ адамдар жиынына да жатады.
Жалпы мәннің өзі берілген мәндер жиынының барлық мүшелерінің қасиеттерін сипаттайтын көптеген атрибуттарды ұсынады.
Алдағы уақытта мәнді және оның атрибуттарын анықтау үшін түрінің белгіленуін келесідей қолданамыз
ҚЫЗМЕТКЕР (ТАБЕЛДІК_НӨМІРІ, АТЫ, ЖАСЫ).
Мысалы, қызметкерлер жұмыс істейтін, мекемеге бөлінетін бөлімдерді жай БӨЛІМ деп жазуға болады (БӨЛІМ_НӨМІРІ, АТАУЫ).
Атрибуттың көптеген мағынасы (анықтау аймағы) домен деп аталады. Мысалы, ЖАСЫ атрибуты үшін нөлден үлкен бүтін сандар интервалымен домендер (оны САН_ЖАСЫ деп атайық) жазылады, себебі теріс жасты адамдар болмайды.
П. Ченнің аталған мақаласында атрибут мәндер жиынын немесе мағыналар жиынын бейнелейтін функция ретінде анықталады. Осылайша ЖАСЫ атрибуты САН_ЖАСЫ мағыналар жиынына (домен) көрсету жасайды. АТЫ атрибуты АТЫ, ТЕГІ және ӘКЕСІНІҢ ТЕГІ мағыналар жиынына көрсету жасайды.
Осыдан мәннің кілті анықталады - мән жиынының бейнесі сәйкес келетін мағына жиынының тобы өзара бір мағыналы бейне болатын атрибуттар тобы. Басқа сөзбен айтқанда: мәннің кілті - бұл берілген мәнді анықтайтын бірегей бір немесе одан да көп атрибуттар. Біздің мысалда ҚЫЗМЕТКЕР кілтінің мәні болып ТАБЕЛДІК_НӨМІРІ (әрине, егер мекемедегі барлық табелдік нөмірлер бірегей болған жағдайда) атрибуты табылады.
Байланыс (relationship) - бұл бірнеше мәндер арасында орнатылған ассоциация. Мысалы:
әрбір қызметкер қандай да болмасын бөлімде жұмыс істейді, ҚЫЗМЕТКЕР және БӨЛІМ мәндерінің арасында мында жұмыс істейді немесе БӨЛІМ-ҚЫЗМЕТКЕР байланысы бар;
бөлімнің бір қызметкері соның басқарушысы болғандықтан, онда ҚЫЗМЕТКЕР және БӨЛІМ мәндері арасында басқарады немесе БӨЛІМ-БАСҚАРУШЫ байланысы бар;
бір түрдегі мәндер арасында да байланыс болады, мысалы АТА-АНА - ҰРПАҚ екі мәнінің арасындағы байланыс АДАМ.
Деректерді жобалау әдісінде жақсы екпіннің өзіне тән ережелері мәндері зат есімнің көмегімен, ал байланыс - етістіктік түде белгіленетін атап айтқан жөн. Бірақ белгіленен ереже міндетті емес.
Өкінішке орай, байланыс қайсы, мән қайсы екенін анықтаудың ортақ ережелері жоқ. Жоғары да көрсетіліп өткен мысалда, бідер басқарады - бұл байланыс деп атап өттік. Бірақ, басқарушы мәнін басқарады-ны бөлім мәнімен байланыстырып қарастырамыз, және ол қызметкер мәні болып табылады.
Сондай-ақ байланыстың атрибуттары болуы мүмкін. Мысалы, БӨЛІМ-ҚЫЗМЕТКЕР байланысы үшін БӨЛІМДЕГІ_ЖҰМЫС_СТАЖЫ атрибутын береміз.
Берілген байланыста мәнді орындайтын, байланыстағы мәннің рөлі - функция. Мысалы, АТА-АНА - ҰРПАҚ байланысында АДАМ мәні ата-ана және ұрпақ рөлінде болуы мүмкін. Мән-байланыс үлгісінде рөлдерді көрсету аса қажет емес және байланыс семантикасын анықтау үшін қызмет етеді.
Мәндер жиыны (relationship set) - бұл әрбіреуі кейбір мәндер жиынына жататын n-шы (және де n 2-ден кіші болмауы керек) мәндер арасындағы қатынас.
Бірақ, шын мәніне келсек, байланыс және байланыс жиыны әр түрлі (біріншісі екіншінің элементі болып табылады), оларды көбінесе жиі-жиі араластырады. Сондықтан, алдағы уақытта байланыс терминін байланыс жиынымен ескеріп, және мәнді мәндер жиынын ескеріп қолданатын боламыз.
n=2 жағдайында, яғни байланыс екі мәнді біріктіргенде ол бинарлы деп аталады. N-шы байланыс жиыны (n2) әрқашан көптеген бинарлымен алмастырыла алатыны дәлелденген, бірақ біріншісі пәндік аймақтың семантикасын жақсы бейнелейді.
Басқа мәндермен байланыс жиындары арқылы қауымдастырылған сол мәндер саны байланыс дәрежесі деп аталады. Дәрежелерді қарастыру әсіресе бинарлы байланыс үшін пайдалы. Бинарлы байланыстардың келесі дәрежесі бар.
Бірге бір (1 : 1 белгіленеді ). Бұл осындай мәннің байланысында бір рөлдегіге әрқашан кем дегенде басқа рөлдегі бір мән сәйкес келетінін білдіреді. Біз қарастырған мысалда бұл байланыс басқарады болады, себебі әрбір бөлімде тек қана бір бастық, ал қызметкер тек қана бір бөлімді басқара алады. Берілген дәлел 1 суретте келтірілген, төртбұрыштар мәнді, ал ромб - байланысты білдіреді. Әрбір мәннің байланыс дәрежесі 1-ге тең болғандықтан, онда олар бір сызықпен байланыстырылады (сурет 2.2 ).

2.2-сурет. Бірге бір байланысы

Оның дәрежесінен басқа ең маңызды сипаттамасы болып сонда кіретін мәндердің шығысына жататын класс немесе байланыс бағыты табылады. Әрбір бөлімде міндетті түрде басқарушы болатындынқтан, онда әрбір БӨЛІМ мәніне ҚЫЗМЕТКЕР мәні міндетті түрде сәйкес келеді. Бірақ, әрбір қызметкер бөлім басқарушысы емес, сәйкесінше әрбір ҚЫЗМЕТКЕР мәніне БӨЛІМ мәні біріктірілген.
Сондықтан, ҚЫЗМЕТКЕР мәнінде тиістілігі міндетті класы бар (бұл дәлел мүмкін болатын мәннің байланысқа кіруі сан интервалын көрсетумен белгіленеді, берілген жағдайда бұл 1,1), ал БӨЛІМ мәнінде тиістілігі міндетті емес класы бар (0,1) деп айтылады. Енді берілген байланысты біз 0,1:1,1 деп белгілей аламыз. Алдағы уақытта 1 бинарлық байланыс дәрежесінің бағытын (сурет 2.3) келесі түрдегідей белгілейміз.

2.3-сурет. Бірінші дәрежелік бинарлық байланыстар

Бірге көп ( 1 : n ). Берілген жағдайда бір рөлдегі мән кез-келген басқа рөлдегі мәндер санына сәйкес келуі мүмкін. БӨЛІМ-ҚЫЗМЕТКЕР байланысы осындай. Әрбір бөлімде еркінше қызметкерлер саны жұмыс істеу мүмкін, бірақ қызметкер тек қана бір бөлімде жұмыс істейді. Оның суреті төменде көрсетілген (2.4-сурет).

2.4-сурет. БӨЛІМ-ҚЫЗМЕТЕР байланысын бейнелеу

Берілген сурет екі мән арасында бірнеше байланыс жиыны бар деген дәлелді көркемдейді [5].
Бұл жерде тағы мәннің тиістілігі класын ескерген жөн. Әрбір қызметкер белгәлә бір бөлімде жұмыс істеу керек, бірақ әрбір бөлім (мысалы, жаңа қалыптасқан) кем дегенде бір қызметкерді кіргізбеуі тиіс. Сондықтан, БӨЛІМ мәні міндетті түрдегі, ал ҚЫЗМЕТКЕР мәні міндетті емес тиістілігі класын құрайды. n бинарлы байланыс дәрежесінің бағыты келесі түрдеідей белгіленеді (сурет 2.5).

2.5-сурет. n-шы дәрежелі бинарлы байланыс

Көпке бір (n : 1 ). Бұл байланыс 1 : n бейнелеуіне ұқсас. Біз қарастырып отырған мекеме тапсырушылармен келісім-шартқа отыру негізінде өзінің қызметін құрады деп болжайық. Бұл дәлел КЕЛІСІМ-ШАРТ (НӨМІРІ, ОРЫНДАЛУ_МЕРЗІМІ, СОМАСЫ) және ТАПСЫРУШЫ (АТАУЫ, МЕКЕН-ЖАЙЫ) мәндерін біріктіретін КЕЛІСІМ-ШАРТ - ТАПСЫРУШЫ байланысы көмегімен мән-байланыс үлгісінде бейнеленеді. Бір тапсырушымен бірден көп келісім-шартқа отыратындықтан, онда КЕЛІСІМ-ШАРТ - ТАПСЫРУШЫ байланысы арасында n : 1 дәрежесі болады (сурет 2.6).

2.6-сурет. КЕЛІСІМ-ШАРТ - ТАПСЫРУШЫ байланысын бейнелеу

Бұл жағдайда белгілі бір түсініктерге байланысты (әрбір келісім-шарт белгілі бір тапсырушымен жасалған, ал әрбір тапсырушыда кем дегенде бір контракт бар), әрбір мәнде тиістілігі міндетті класс бар.
Көпке көп (n : n). Бұл жағдайда әрбір біріктірілген мәндер кез-келген дана санында ұсынылуы мүмкін. Біз қарастырып отырған мекемеде әр бөлімнің қызметкерлері кіретін, әрбір келісім-шартты орындау үшін жұмыс тобы құрылады делік. Әрбір қызметкер бірнеше жұмыс тобына кіретіндіктен (соның ішінде біреуіне декірмеуі мүмкін), ал әрбір топ құрамына кем дегенде бір қызметкерді кіргізуі тиіс, сол кезде ҚЫЗМЕТКЕР және ЖҰМЫС_ТОБЫ мәндері арасындағы байланыста n : n дәрежесі бар (сурет 2.7).

2.7-сурет. ҚЫЗМЕТКЕР - ЖҰМЫС_ТОБЫ байланысын бейнелеу

2.2 Деректер үлгісін анықтау

Деректер үлгісін анықтау көптеген мүмкін болатын ақпараттық конструкциялар, деректер үстінен мүмкін болатын көптеген операциялар және деректер мәнін сақтау үшін көптеген шектеулер нұсқауы қарастырылады.
Бір жағынан, деректер үлгісі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін суреттеу үшін өзіндік формалды құрал ұсынады, ал басқа жағынан - көптеген ДҚБЖ белгілі бір деректер үлгісіне бағытталады. Сондықтан, егер ақпараттық қажеттіліктерді бір деректер үлгісінің қасиетімен түсіндіретін болса, онда сәйкес келетін ДҚБЖ ИЖ-нің сәйкесінше жұмыс қабілетті фрагментін тез құруға мүмкіндік береді.
Деректер үлгісінің ақпараттық конструкциялары, операциялары және шектеулерді кішкене көптеген нұсқалардың жеткіліктісі, ірі ақпараттық объектілерді және операцияларды сипаттайтынын таңдайды. Сонымен қатар, программалау тілін сипаттайтын жекеше деректер символдары, атрибуттарды қосу операциясы, деректердің түрінің сәйкестігіне шектеулерді және т.б қарастыру жіберілмейді.
Ақпараттық объектілер объектіге әрекет және көптеген ақпараттық объектілерді бекітетін, жүйенің объектті-бағытталған жобалауы үшін негіз болып қызмет етеді. Әрекеттің типтік тізімі өзінің құрамына объектіні құружою, бір объектіні екінші объектінің бөлігі ретінде бекіту, объектілерді байланыстыру, объектілерге әрекет синхронизациясы кіреді.
Сөйте тұра осы аталған объектілерді жиі қарапайым және әмбебап объекті деп санауға болатын қатынас құрамына кірістіріледі.
Деректер үлгісін ажырататын саны көптеген ақпараттық конструкциялар әр түрлілігі анықталады.
Қордағы сақталған деректер анықталған логикалық құрылымды болады, яғни ДҚБЖ-мен қолдайтын кейбір үлгілермен ұсынылған. Маңыздылар қатарына келесі деректер үлгісі жатады: инфологиялық; иерархиялық; желілік; реляционды; объектті-бағытталған.

2.3 Пәндік аймақтың инфологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі
Дәріхананың ақпараттық жүйесін жобалау. Дәрілік заттарды есепке алу ішкі жүйесі
Спорт арбитірінің жұмысын автоматттандыру
Мәліметтер қорының модельдері
Деканат жұмысын автоматтандыру
Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау
Студентердің контингентін автоматтандыру
Сайттың логикалық құрылымы
Конвертор
Пәндер