Мұнай-газ саласы



Кіріспе
1.1. Қазақстанның мұнай газ саласының дамуы
1.2. Қазақстанның мұнай газ саласын талдау
2.1. Шетелдік мұнай.газ компаниялары
2.2. Шетелдік инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы
2.3. Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын рөлі
3.1. Қазақстандық мұнайды тасымалдау маршруты. ҚР .ғы мұнай және газ өндіру көлемін талдау
3.2. Саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғышарттары
3.3. Қазақстан мұнай.газ саласының инвестициялық стратегиялары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның қалыптасу тетіктерін осы жұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Себебі, Қазақстан халқының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалының жақсаруы мен мемлекеттің бюджетінің толығуы осы саладағы нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да, республикамыз егемендік алған алғашқы күннен бастап мұнай-газ секторын дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен компанияларды тартуға, олардың арасында шын мәніндегі нарықтық бәсеке болуына ерекше назар аударылған болатын. Бірақ, барлығы да, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген бастап ойдағыдай шешілді десек, астамшылық болар. Өйткені, 1991-1995 жылдар аралығында ел экономикасын көтеру мақсатында жан-жақты бағдарламалар қабылданып, оң талпыныс болғанымен, оның барлығы бірдей күткендегідей нәтиже берген жоқ. Экономика құлдырап, инфляция өсе берді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібімен де тікелей байланысты. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептеудің негізі айырбас болды.
Елбасы тілге тиек еткен екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға мән беріле бастады.
Осы кезеңде бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Сондықтан да мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіліктерді бөлуге байланысты жаңа көзқарас қалыптаса бастады.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру ең басты назарда болды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталады. Бұл – мұнай-газ секторында «ҚазМұнайГаз», энергетикада – «КЕГОК», телекоммуникацияда – «Қазақтелеком», теміржолда – «Қазақстан теміржолы» еді.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында Үкіметке сегіз нақты тапсырма берген еді. Соның ішіндегі ең бастысы экономика саласына байланысты болатын. «Біздің алдымыздағы не инфляция, не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және
1. Сейдалы А.С. Современное состояние и перспективы развития нефтегазодобывающей отрасли за рубежом и в Казахстане. – Алматы: КазгосИНТИ, 2012.
2. Грей Ф. Добыча нефти. - М.: Издательство ЗАО «Олимп – Бизнес», 2012.
3. Хамитов Е.Н. // Современная инвестиционная политика и ее основные направления. – Жн. «Тауар», 2012, №3-9c.
4. Камшыбаев Р., Марчевский В. // Иностранные инвестиции и интересы Республики, Мысль, 2013, № 3.
5. Указ Президента РК «Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций», 2013.
6. Сагандыков С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов в экономике. – Алматы, Ғылым, 2012, 138с.
7. Нефтяная отрасль РК (Аналитическая служба «Нефтегазовой вертикали»). Нефтегазовая вертикаль, сентябрь, 2012, №15-82c.
8. Сулейменов М. // Законодательство о недрах и нефти: проблемы и перспективы. Petroleum, 2013, № 5-23c.
9. Томас К. О'Брайен, Джеймс Б. Вараниз. // Инвестиционный режим в нефтегазовом секторе Казахстана. Нефтегазовая вертикаль, сентябрь, 2012, №15-82c.
10. Новейшая история казахстанской нефти. Petroleum, 2013, № 5-23c.
11. Окшантаева Н. // Экспортказахстанской нефти. Деловой мир. Астана, 2010, №5-10с.
12. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп: Оқулық / Алматы: Издат Маркет,
13. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік оқулық
14. Алматы: Экономика, 2012 ж. – 310 бет
15. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Учебное пособие.
16. Издание 2-е переработанное и дополненное. – Алматы: ТОО
17. «Издательство LEM», 2013. – 548 с.
18. Мұнай өндіруші кәсіпорындарындағы өткізу каналдарының дамуы және стратегиялары. Алматы: Экономика және статистика, - 2013. - №1. – Б. 82-83.
19. «Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008 - 2013 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 101 қаулысы.
20. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған (II кезең) іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 1352 қаулысы.
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 693 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1258 қаулысы.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде
тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның
қалыптасу тетіктерін осы жұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде
қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық
экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-
ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – мұнай-газ саласындағы ұйымдық
өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-
сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Себебі, Қазақстан халқының әлеуметтік-
тұрмыстық хал-ахуалының жақсаруы мен мемлекеттің бюджетінің толығуы осы
саладағы нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да,
республикамыз егемендік алған алғашқы күннен бастап мұнай-газ секторын
дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен компанияларды тартуға, олардың
арасында шын мәніндегі нарықтық бәсеке болуына ерекше назар аударылған
болатын. Бірақ, барлығы да, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген бастап
ойдағыдай шешілді десек, астамшылық болар. Өйткені, 1991-1995 жылдар
аралығында ел экономикасын көтеру мақсатында жан-жақты бағдарламалар
қабылданып, оң талпыныс болғанымен, оның барлығы бірдей күткендегідей
нәтиже берген жоқ. Экономика құлдырап, инфляция өсе берді. Бұл Қазақстанның
мұнай-газ өнеркәсібімен де тікелей байланысты. Кәсіпорындар тоқтай бастады.
Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептеудің негізі айырбас болды.
Елбасы тілге тиек еткен екінші кезең Қазақстан Республикасында
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995
жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің
аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің
біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға мән
беріле бастады.
Осы кезеңде бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру
мәселелері шықты. Сондықтан да мемлекеттік меншікті басқару және онымен
айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы
өкілеттіліктерді бөлуге байланысты жаңа көзқарас қалыптаса бастады.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру ең басты назарда
болды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың
стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі
ұлттық компаниялар арқылы сақталады. Бұл – мұнай-газ секторында
ҚазМұнайГаз, энергетикада – КЕГОК, телекоммуникацияда – Қазақтелеком,
теміржолда – Қазақстан теміржолы еді.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан – 2030 стратегиялық
бағдарламасында Үкіметке сегіз нақты тапсырма берген еді. Соның ішіндегі ең
бастысы экономика саласына байланысты болатын. Біздің алдымыздағы не
инфляция, не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды
да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы
мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. Әрине,
басқа процестерге қарағанда, қаржылық тұрақтанудың көптеген әлеуметтік
топтардың жағдайын қиындатқаны белгілі. Бірақ, жүйелі және құрылымдық қайта
құру жағдайында басқаша болуы мүмкін де емес еді.
Бұл құжаттың негізгі идеясы – Отандық тауар өндірушілерге қолдау
көрсету, осы мақсатқа шетелдік инвестиция тарту. Ең бастысы мемлекеттің
экономикалық дамуын жақсартуға сеп болатын мұнай-газ саласына уақыт
үрдісіне сай өзгерістер жасаудың қажет екендігі анық еді. Бұл тұрғыда ең
назар аударатын мәселе – Қазақстан үшін табыс табудың мол көзі болып
табылатын мұнай-газ секторына монополистік көзқарасты мүлдем жойып, жаңаша
жұмыс істеуге мүмкіндігі бар, қаржысы мол компанияларды көптеп тартудың
маңызы ерекше болатын. Ол үшін осы бағыттағы құрылымдық өзгерістерді жасау
өз алдына, сонымен бірге заңдылық, нормативтік базаны қалыптастыру да қажет
еді.
Мұнай-газ саласы облыстың экономикасының басқа салаларының да қарыштап
дамуына мүмкіндік бере бастады. Мұнай мен газ өндіру және өңдеу, тасымалдау
көлемінің артуына байланысты көлік қатынасы, энергетика, телекоммуникация,
жол қатынасы дамыды. Рас, мұнай-газ секторы өзінің алғашқы қалыптасу
кезеңінде өтпелі кезеңнің және нарықтық реформалардың қиыншылықтарын бастан
өткерді. Бұл салада түбегейлі құрылымдық өзгерістер жүзеге асып, басқару
құрылымында заман талабына сай реформалар жүргізілді.
Қазақстан геологтарының бағалауы бойынша, біздің республикадағы мұнай
көлемі 700 млрд.тоннаға жуық деп бағалануда. Көмірсутегі қоры алдағы
уақытта өсуі мүмкін деп саналатын аймақтардың қатарында Ақтөбе және Батыс
Қазақстан облыстары да бар. Бұрынғы Жезқазған облысы және Қызылорда облысы
да бұл жағынан қалыса қоймайды. Сондықтан да ғылыми еңбегіміздің барысында
аталған облыстардағы мұнай-газ саласына, ондағы құрылымдық өзгерістерге
толығырақ тоқталсақ, орынды шығар деп ойлаймыз.
Тағы бір ерекше тоқталуды қажет ететін мәселе – Каспий теңізінің
Қазақстандық бөлігіндегі мұнай көздерін игеру үшін мемлекет тарапынан
жасалған қадамға орай ел мүддесін қорғайтын, Каспий теңізіне территориялық
жағынан қатысы бар мемлекеттермен бірлесе отырып, басқаруды жақсарту
жүйесін қалыптастыру. Бұл ретте ерекше ескеретін мәселе - жас
мемлекетіміздің экономикасын әртараптандыру қажеттігі туындаған болатын. Іс
жүзінде барлық мұнай экспорттайтын елдердің бәрі дерлік осындай қадамға
барды. Дүниежүзінде осы бағытта біраз тәжірибе жинақталған. Мұнай және
мұнай өнімдеріне конъюктура өзгерістерінің әсерін төмендету мақсатында аса
ірі мұнай экспорттаушы елдер соңғы 10 жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын
табысты қайта бөлу есебінен экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіру
жөніндегі шараларды іске асыруда. Осымен бір мезгілде дамыған елдер
экономикасынан кіріс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмыс
жүргізілуде. Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіне жылдан жылға көбейіп келе
жатқан инвестициялар көлемі экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы
орта болып табылады.
Осыған байланысты, Каспий теңізінің Қазақстандық секторын кешенді әрі
тиімді игеру Отанымыздың экономикасын дамытудың негізгі қозғаушы күші болып
табылады. Каспий теңізі айлағында алдын-ала жасалған болжамға қарағанда 8
миллиард тоннаға жуық көмірсутегі қоры бар. Мамандардың болжамына сүйенсек,
ондағы кен орындарынан мұнай өндіру жылына 150-200 миллион тоннаға жетіп,
25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы әбден мүмкін. Сондықтан да Каспий
теңізінің қазақстандық секторын ойдағыдай игеруге байланысты басқару мен
құрылымдық өзгерістерге осы ғылыми жұмысымызда кеңірек тоқталуды, жан-жақты
қарастыруды қажет деп таптық.
Қазақстанның ғана емес, шетелдік инвесторлардың да еліміздің мұнай-газ
саласын өркендетуге қаржы құюына байланысты басқару құрылымдарында бірқатар
өзгерістер болды. Бұл да өнім өндіру көлемін арттыруға, экономикалық өсуге
жол ашқаны анық. Инвесторлардың келуі арқасында экономикамыздың мұнай
секторында Тенгизшевройл (Атырау облысы), Арман, Теңге (Маңғыстау
облысы), Степной леопард (Батыс Қазақстан және Атырау облыстары) секілді
бірлескен кәсіпорындар пайда болды. Керек десеңіз, бұл да басқарудың жаңа
құрылымы.
Тіпті мұнай өндіру саласына көбірек инвестиция келуінің нәтижесінде
аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы индустриалды өлкеге айналып шыға
келді. Тек Қызылорда облысы ғана емес, Қазақстанның басқа да мұнайлы
өлкелерінің экономикалық, әлеуметтік хал-ахуалы жаңа деңгейге көтерілетін
күн алыс емес деген үлкен үміт бар. Өйткені, мұнай өндіру көлемі жылдан
жылға артып келе жатқандықтан. табыс та мол. Оның көп бөлігі жергілікті
халықтың әлеуметтік, тұрмыстық ахуалын жақсартуға жұмсала бастады.
Жалпы, Қазақстанның мұнай-газ секторындағы құрылымдық өзгерістердің
нәтижесінде экономикалық дамудың болғаны рас, оны осы ғылыми еңбегімде
талдауға, нақты цифрлармен дәлелдеуге тырыстым.
Сонымен, зерттеу еңбегіміздің негізгі желісі былай: Қазақстанның
нарықтық экономикаға көшуіне байланысты мұнай-газ саласындағы ұйымдық
өзгерістердің жүзеге асуы және осыған орай мемлекетіміздің экономикалық
өсуінің қамтамасыз етілуі мен нәтижелері.

1.1. Қазақстанның мұнай газ саласының дамуы

Мұнай − біздің елдің басты бағдары, асыраушысы, мақтанышы, сонымен
бірге түрлі дау-жанжал мен пәленің бастау көзі де. Биыл Қазақстанда
көптеген мерейтойларды атап өтуге себеп бар: Доссор кенішінің ашылғанына
100 жыл, Маңғыстау мұнайына 50 жыл және Құмкөл кенішіне 25 жыл толды. Осы
күзде жарыққа шығатын "Қазақстан мұнайы. Суреттер сыр шертеді" атты кітапта
біздің республикамыздың мұнай-газ саласының дамуы туралы баяндайтын сирек
кездесетін суреттер жинақталған.
1899 жылы қарашада Қарашұңғыл шатқалында 40 метр тереңдіктен құбыр
арқылы алғаш рет мұнай шықты, Қазақстан мұнайының тарихы осы кезден бастау
алады. 1911 жылы сәуірде ашылған Доссор кенішінен шыққан жоғары сапалы
мұнай әлемдік деңгейде назарға ілінді. Екі жылдан соң Гурьев облысында
Мақат кеніш орны ашылды. 1914 жылы Мақат пен Доссор екеуінен 200 мың
тоннада астам мұнай өндіріледі.
1922 жылы "Ембімұнай" тресті ашлып, Орал-Ембі ауданындағы мұнай
кәсіпорындарының басқармасы құрылды. 1926 жылдан бастап Ембіде мұнай барлау
ісінде айналдыра бұрғылау және геофизика әдістері қолданыла бастады. Гурьев-
Доссор темір жолы іске қосылып, онымен Доссор мұнайы тасымалдана бастады.
1930 жылдары Гурьев облысы дәуірлеп дами бастады. Зертханалар пайда
болып, мұнай техникумы ашылды, Ембімұнайжоба кеңсесі құрылды. 1932 жылдың
маусымында Гурьев ‒ Ембі ‒ Орск мұнай құбырының құрылысы басталды.
Байшонас, Қосшағыл, Шұбарқұдық және Құлсары сияқты жаңа кеніштер ашылды.
1935 жылы қазақстандық мұнайшылар арасында стахановшылар қозғалысы
өріс алды.
Соғыс жылдары, Майкоп пен Грозный аудандарында мұнай өндірісі уақытша
тоқтап қалғандықтан, оның орнын толтыру үшін Қазақстанда мұнай өндіруді
еселей ұлғайту міндеті қойылды. Орал-Ембі ауданының мұнайшылары бүкіл соғыс
жылдары демалыссыз тәулігіне 12-13 сағаттан жұмыс істеп мыңдаған тонна
мұнай өндіріп, Совет армиясын жанармаймен қамтамасыз етті. Фашизмді
талқандап жеңіске жетуде Ембі мұнайы өлшеусіз үлес қосты.
Соғыс қиыншылығы, сапалы отынға сұраныстың үнемі артуы тұтастай
алғанда мұндай өндіру және мұнайды қайта өңдеу салаларының қарқынды дамуына
түрткі болды. Қазақстандық өндірушілер КСРО-де алғаш болып мұнайды
қайталама әдіспен өндіруді меңгерді. Сағыз, Жақсымбай, Комсомольское,
Қошқар, Тентексор кеніштерін игеру басталды. Мұнайлы, Бекбике, және Қаратон
кеніштері іске қосылды. Трубиналық әдіспен бұрғылау меңгерілді. Гурьев
мұнай өңдеу зауыты салына бастады. 1965 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауыты
маңғышлақ мұнайының алғашқы эшелонын жөнелтті. Қазақстанда жыл сайын
өндірілетін мұнай көлемі 2 миллион тоннаға жетті.
Маңғышлақтың оңтүстігінде Өзен мен Жетібай сияқты ірі кеніштер ашылған
соң барланған мұнай қоры 20 есеге, ал жылдық мұнай шығару 14 есеге көбейді.
1969 жылға қарай Қазақстанда жыл сайын шығатын мұнай көлемі 10 миллион
тоннадан асты.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарын мұнайға қатысты үлкен жаңалықтар кезеңі
деп батыл түрде айтуға болады. Аз ғана мерзім ішінде Қаражамбас, Солтүстік
Бозашы, Қаламқас кеніштері ашылды. 1974 жылға қарай Маңғышлақта жылына 21
миллион тоннаға дейін мұнай өндіріле бастады. Осылайша, Қазақстан Совет
одағында мұнай өндіруден екінші орынға шықты.
Қазақстан-америкалық Теңізшевройл бірлескен кәсіпорнын құру туралы
Chevron корпорациясымен келісімге қол қойылды. 1993 жылы Алматыда алғаш
рет KIOGE халықаралық мұнай-газ көрмесі өтті, ҚР мұнай және газ
өнеркәсібі министрлігі құрылды, Мұнай туралы заң қабылданды, Agip,
British Gas, Газпром ААҚ, Қазақгаз және Қазақстан Республикасы
арасында Қарашығанақ кенішіндегі өнімді бөлісудің принциптері туралы
келісімге қол қойылды. Жылына 60 миллион тонна мұнай тасымалдайтын құбыр
желісін (КТК) салу туралы Қазақстан, Ресей, Оман және Халықаралық мұнай
консорциумы арасында келісім жасалып, қол қойылды. "Қазақойл" ұлттық мұнай
компаниясы құрылып, оған ірі мұнай-газ кеніштері жобаларына қатысуда
Қазақстанның мүддесін таныту құқықтары берілді, сондай-ақ ҚазТрансОйл
ұлттық компаниясы құрылды.
1998 жылы Қазақстан мен Ресей президенттері Каспий теңізі
акваториясының солтүстік бөлігінің шекарасы туралы тарихи келісімге қол
қойды. Ақтау портын қайта құру жұмыстары аяқталды. 1999 жылы Қазақстан
отандық мұнай саласының 100-жылдығын атап өтті, ол бастауын Қарашұңғылда
алғаш рет мұнай атқылаған 1899 жылдан алады.
2012-шы жылдары ҚазТрансГаз АҚ құрылды. Шикізат саласындағы ірі
компаниялардан түскен қаражатқа болашақ ұрпақтың қажеті үшін қаржы
активтерін жинақтау мақсатында Ұлттық қор құрылды.
Каспий қайраңында соңғы 30 жылда әлем бойынша өте ірі шикізат қоры
анықталған Қашаған кеніші ашылды. ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы құрылды.
 Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында Каспий түбіндегі үш елге
тиесілі жерлердің тоқайласар нүктелерін анықтауға қатысты үшжақты келісім
жасалып, қол қойылды.
2006 жылы Теңіз кенішінде алғашқы миллиард баррель мұнай өндірілді.
Жыл сайын өндірілетін мұнай көлемі 2013 жылы 76 миллион тоннадан асты.

1.2. Қазақстанның мұнай газ саласын талдау

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде
тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның
қалыптасу тетіктерін осы жұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде
қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық
экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-
ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – мұнай-газ саласындағы ұйымдық
өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-
сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Қазіргі уақытта Қазақстан
энергоресурстары әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына
иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және
шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы,
British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның мұнай
қоры 1,1 млрд тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, Ресейден кейінгі
екінші орында тұр.
ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның мұнай қоры
бойынша алатын орны (2013 жылдың аяғы)
 
ТМД елдері Дәлелденген ТМД елдерінің Әлемдік масштаб
қорлар, масштабындағы бойынша
млрд.тонна дәлелденген дәлелденген қорлар
қорлар үлесі, % үлесі, %
1.Ресей 6.7 73.6 4.7
2.Қазақстан 1.1 12.1 0.8
3.Әзербайжан 1.0 11 0.7
4.Түрікменстан 0.1 1.1 0.1
5.Өзбекстан 0.1 1.1 0.1
6.ТМД-ның басқа елдері 0.1 1.1 0.1
7.ТМД елдері – барлығы 9.1 100 6.4
8.Қалған елдер 133.9 - 93.6
9.Әлемдік қорлар 143.0 - 100
Ескертпе-BP statistical review of world energy мәліметтері

Қазақстан Республикасы газ саласының ерекшеліктері оның негізінен –
шикізат қорының құрылымынан басталады. Каспий маңы ойпатын қосқанда
Қазақстан газының жорамал ресурстары 6-8 трлн м³ бағаланады. Бекітілген
және қабылданаған мемлекеттік баланс А+В+С1 категориялы газ қоры 3,011 трлн
м³ болып табылады. Каспий маңы ойпаты кен орындарының арасында бұл
категорияға тек 227 млрд м³ бекітілген қоры бар Қашаған кен орны жатады.
Мемлекет территориясында және жер қойнауда газ қоры әркелкі таралған.
Баланс қорының 64% Қарашығанақ және Теңіз кен орындарға (300 млрд м³ –тан
жоғары газ қоры бар), ал 16% (100-300 млрд м³ газ қоры бар) Қашаған, Имаш
және Жаңажол кен орындарда барланған. Бұл кен орындар және басқалары Каспий
ойраты маңайында таралған. Республиканың табиғи және ілеспе газдың
дәлелденген қордың 90% Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау
облыстарының жерінде таралған. Қазақстан Республикасының табиғи газдың қоры
1,84 млрд. тоннаны құрайды және сәйкесінше төртінші орында тұр, яғни Ресей,
Түрікменстан және Өзбекстаннан кейін:
ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның табиғи газ
қоры бойынша алатын орны (2013 жылдың аяғы)
 
ТМД елдері Дәлелденген ТМД елдерінің Әлемдік масштаб
қорлар, масштабындағы бойынша дәлелденген
млрд.тонна дәлелденген қорлар үлесі, %
қорлар үлесі, %
1 2 3 4
1.Ресей 47.57 84.7 30.7
2.Түрікменстан 2.86 5.1 1.8
3.Өзбекстан 1.87 3.3 1.2
4.Қазақстан 1.84 3.3 1.2
5.Украина 1.12 2.0 0.7
6.Әзербайжан 0.85 1.5 0.5
7.ТМД-ның басқа елдері 0.02 0.04 0.01
8.ТМД елдері – барлығы 56.14 100 36.2
9.Қалған елдер 98.94 - 63.8
10.Әлемдік қорлар 155.08 - 100
Ескертпе-BP statistical review of world energy мәліметтері

2.1. Шетелдік мұнай-газ компаниялары

Texaco International Petroleum CO команиясы Қазақстан рыногына 1970
жылы келді, 20 % акцияны сатып алып Agip Eni, Britis Gas, Lukoil
компанияларымен бірлесе отырып Қарашығанақтағы алып кен орнын игеру
бағдарламасын орындауда сенімді серік болды, ол кезде Texaco мен ҚР үкіметі
арасында өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылған болатын. Кен орынның
геологиялық қоры 1,2 млрд. газконденсат және 1,35 млрд.м³ газ, ол Оралдан
16 км жерде орналасқан. Қазіргі таңда кен орны 100 барр. конденсатпен 450
млн. стандартты фут³ газ өндіреді.
Солтүстік Бұзашыдағы геологиялық барлау бағдарламасының операторы және
серігі болды. Солтүстік Бұзачдағы кен орны Ақтау қаласынан 240 км жерде
мұнай қоры – 215-285 млн. тонна. 2012 жылы компания жобаның коммерциялық
мүмкіндіктерін анықтау үшін мұнай газ қорын біртіндеп анықтау
бағдарламасына кірісті. Қазіргі кезде күнделікті 2-2,5 мың. баррель мұнай
шығарылады. Жұмыс істейтіндердің 70 % жергілікті халық өкілдері.
Маркетинг саласында Texaco Алматы мен Астанада бензин құю станцияларын
ашып отыр, олар халықаралық стандарттарға сәйкес салынған және қоршаған
ортаны қорғау талаптарын орындайды.
Exxon Mobil Қазақстанмен байланысы басталды. Ол компания АҚШ жағынан
Каспий теңізінің Қазақстан бөліміндегі көмірсутек потенциалын игеріп жатқан
Каспий консорциумдағы бірден-бір мүшесі. Консорциумның жұмысы аяқталған соң
Қазақстан бөлімінің 12 блогы барлау жұмыстарына іріктеліп алынды. Осы
жұмыстарды атқару үшін жаңа консорциум – ОКИОК құрылды. Бұл консорциумдағы
компанияның үлесі 14,3 %. Exxon Mobil-ға теңіз мұнайын өндіріп жатқан
Теңізшевройл бірлескен кәсіпорынның 25 % акциясы қарайды. ТШО акцияларын
Қазіргі таңда сатып алған мұнай өндіру көлемі күніне 100 мың баррельден 220-
ға өсті, ал 2014 жылдың аяғына қарай күніне 360 мың бар-ға жетті. Компания
сондай-ақ Каспий құбырлар консорциумының (КТК) 7,5 % акцияларына ие. КТК
теңіз мұнайын Қара теңіз арқылы Новороссийск портына тасымалдайтын құбыр
салуда. Компанияның Алматыда май құятын екі станциясы бар және Mobil
маркалы өндірістік және машина майларын дистрибьютерлік жүйелер арқылы
таратумен айналысады.
Қазақстан мен Chevron компаниясы Теңіз кен орнының бірлесіп (50х50)
игеру мақсатында Теңізшевройл бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазіргі кезде
бұл кәсіпорында Шевронның – 50 %, Қазақойлдың – 20 %, Ексон мобилдің – 25
%, Lukarko-ның – 5 % үлестері бар. Теңіз мұнай кен орны әлемдегі ең терең
әрі ірі кен орны болып есептелінеді. 2014 жылдан бері ТШО мұнай өндіруді
күніне 90 мың баррельден – 360 мың баррельге дейін жеткізді. Жаңа заводтың
іске қосылуына байланысты бұл көрсеткіш 360 мың баррельге жеткізіледі.
Мұнай өнімін жылына 17 мың тоннаға жеткізу мақсатында ТШО келесі
жылдарда қосымша 1 млрд. доллардан аса қаржы енгізбек. ТШО стратегиясы
маркетинг пен әр түрлі шикізаттарды (мұнай, сұйық газ, табиғи газ, күкірт)
тасымалдаудың жан-жақтылығы мен сенімділігіне бағытталған. Қазіргі кезде
мұнай темір жолымен, құбыр арқылы және баржалармен тасымалданады. Ең басты
порттар – Қара теңізде – Одесса, Феодессия, Батуми, әрі қарай мұнайды Шығыс
және Батыс Европа елдеріне мұнай танкерлерімен жеткізіледі.
ТШО-ның Қазақстанға тікелей төлеген ақшасы 2014 жылы 470 млн. доллар
болды (бұған қазақстандық мамандардың жалақысы, Қазақстан
жабдықтаушыларының тауарларының бағасы мен көрсеткен қызметтерінің ақысы,
Қазақстан темір жолы, ҚазТрансойл компанияларына төленген қаржылар,
үкіметке төлеген салықтар мен роялти, Қазақойл ҰМК-на қайтарылған
қарыздары кіреді). 2012 жылдың алғашқы алты айындағы төлемдер 400 млн.
долларға жетті, ал жылдың аяғында 900 млн. доллардан асты. Қазіргі кезде
ТШО штатында 68 % Қазақстан мамандары (басында 50), яғни 2200 қазақстандық
азаматтар бар. Бұдан басқа ТШО-ның мердігерлік компанияларында 50 000 астам
қазақстандықтар жұмыс істейді. Қазіргі таңда Шеврон Алматыда, ал Астана мен
Атырауда май құю станцияларын жұмыс істейді.
Шеврон КТК-дағы ең ірі жекеменшік инвестор болып есептелінеді (15 %).
КТК құрылысы аяқталу кезінде инвестициясы – 750 млн.долларды құрайды. Қазір
теңіз терминалы салынып жатыр.
Offshore Kazakhstan International Operating Compani компаниясы
Нидерланд корольдігінде Солтүстік Каспий акваториясында алты жылдық барлау
жұмыстарын жүргізу үшін тіркелген. Консорциумның акционерлері болып 9
әлемге әйгілі компаниялар кіреді: Agip (14,29 %), BP Amoco Kazakhstan ltd.
(9,5 %), British Gas International (14,29 %), Inpex North Caspian Sea Ltd.
(7,14 %), ExxonMobil Kazakhstan (14,29%), Philips Petroleum Kazakhstan Ltd.
(7,14 %), Shell Kazakhstan Exploration B.V. (14,29 %), Statoil (4,8 %),
Totalfina Elf (14,29 %).
Өнімді бөлу туралы келісімнің шарттары бойынша ОКИОК атқарушы комитет
бекіткен бағдарламаның орындалуына жауапты халықаралық компаниялардың
консорциумының операторы болып табылады. ОКИОК-тың өз міндеттерін орындап
отыруын акционерлер қадағалайды. Көмірсутектер табылғаннан бергі жобаға
енгізілген қаржының шамасы 3 млрд. жоба бойынша барлығы 28 млрд. доллар.
Республика бөлінетін кірістің 80 % алады, оған 400 мың доллар салық кіреді.
Болжамдық қордың барлығы расталатын болса, 40 жылға арналған мұнай өндіру
бағдарламасы жасалмақ.
Қазақстан ‒ Каспийшельф компаниясы ҚР үкіметінің қаулысы бойынша
Каспий теңізінің Қазақстан бөлімінде және басқа да территориялық суларда
мұнай мен газ барлау, өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды.
Осыларды атқару мақсатында Каспий теңізі бойынша консорциум жөніндегі
келісімге қол қойылып, оған жеті ірі компаниялар кірді: Agip, British Gas
International, British Petroleum, Statoil, Mobil, Shell, Total. Халықаралық
консорциумның операторы болып Қазақстан-Каспийшельф бекітілді.
Қазақстан-Каспийшельф теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсетудің
инфрақұрылымдарын құру бағдарламасын жасады және басты жобалар анықталып,
оларды орындау басталды. Қазіргі кезде ККШ Каспий және Арал теңіздері
аймақтары бойынша бүкіл қажетті геологиялық-геофизикалық ақпараттарға ие.
Жұмы аяқталғаннан кейін ҚҚШ АҚ, ҚҚШ ААҚ геологиялық-геофизикалық
сервистік компаниясы болып қайта құрылды.
CNPC International Aktobe Petroleum JSC – 2012 жылдың 2 қыркүйегіне
қарай 2,6 трлн.тонна мұнай өндірді. Өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 17 %-ке артық. Бірінші жарты жылдықта 194,3 млн. м³ газ
пайдаға жаратылса, оның 127,8 млн. м³ газ сыртқы пайдаланушыларға
жөнелтілген. Өндірістік мәселелерді орындау көптеген ұйымдастыру-техникалық
шараларды шешуді қамтамасыз етеді. Ұлы Қорған Қазақстан-Қытай бұрғылау
компаниясы бірінші кезеңнің 8 ұңғысының – 7-сін, екінші кезеңнің 3 ұңғысын
бұрғылады.
Өткен осы жылмен салыстырғанда күрделі қаржының мөлшері 17 есе өсті.
2014 жылдың бірінші жартысында төленген салық мөлшері өткен жылмен
салыстырғанда 3 есе көп.
Қуат холдинг ҚР үкіметі қаулысымен Қызылорда облысындағы Қоныс және
Бектас мұнай-газ кен орындары жұмыс істейді. Аталған кен орындарын игеру
үшін компания Amlon Ltd Британ фирмасымен бірлесе отырып, Қуатамлонмұнай
кәсіпорнын құрды, оның жарғылық қоры 10 млн.доллар.
Бұл өңірде 18 млн.т мұнай, 6,2 млрд. м³ газ бар екені анықталды. БКО
бірлескен өндіру кәсіпорны 40 мың тоннадан аса мұнай, ал 2012 жылы 200 мың
тоннаға жеткізу көзделген. 2012 жылдың қаңтарында Қызылордада күніне 2000
м³ мұнай құю терминалын салу басталды. БКО Павлодарда, Ертіс жағалауында
мұнай, газды барлау және өндіруге лицензия алған, онда 150 млн. тонна мұнай
қоры бар. Осы жұмыстарды орындау үшін “Gulf Star Investment” Кувейт
компаниясымен бірлесіп Боран және Нұрбай кәсіпорындарын құрды.
Омск-Павлодар мұнай құбырымен Павлодар МӨЗ-нің арасы жақын
болғандықтан бұл аймақтың маңызы зор. Осы Кувейт компаниясымен
Қуатамлонмұнай БКО-да Зайсан БКО-сын құрып, Шығыс Қазақстан мұнай және
газ қорын барлауға лицензия алды.
Offshore Kazakhstan International Operating Compani компаниясы
Нидерланд корольдігінде Солтүстік Каспий акваториясында алты жылдық барлау
жұмыстарын жүргізу үшін тіркелген.

2.2. Шетелдік инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және
құрылымы

Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi
модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және
тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай
бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке
қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен
қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке
қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және
мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды
алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың
тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәуекелдiгiне ғана емес,
ұзақ мерзiмдi салымдардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнiң тәуекелдiгiне душар
болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар, банктер
немесе инвесторлар қысқа мерзiмдi және ликвидтi қаржылық салымды қалайды,
ал мемлекеттiк несие мен мемлекеттiк қаржыға қазiргi кезде сенiм арту қиын.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына
тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі
процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін
анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты
жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың
құрылуына тәуелді.
Инвестицияға нақты және қайталанбайтын анықтама беру үшін ол өте
ауқымды ұғым. Әртүрлі тәжірибелік салалар мен әртүрлі экономикалық
салаларда ол өз ерекшеліктерін көрсетеді.
Макроэкономикалық инвестициялар жаңа үйлерге және ең жаңа құрылыс
құралдарына кететін өзара байланысты шығын.
“Инвестиция” – бұл өндірістік теорияда және бүкіл макроэкономикада,
инвестиция жаңа капитал құру процесі болып табылады. Ал, енді соңғысы,
қаржылық теорияда “инвестиция” қазіргі кезеңдегі “шығын”, болашақта табыс
әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді сатып алу. Нақтырақ
айтқанда, инвестициялар – бұл бүгінгі күндегі анықталған құнның болашақта
мүмкін болатын құнмен айырбасы.
Сонымен, бiз инвестиция деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық
салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес
құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық
ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық
ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған
орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған
инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың
қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы
болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.
Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан
қарағанда, инвестициялардың атқарар рольдерi мына төмендегiдей қалыппен
сараланып бөлiнедi:
1) жалпы және бүтiндей инвестициялар;
2) негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция;
3) iстен шыққанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция.
Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн
факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзiнiң пайдалану аясы
бойынша келесiдей жiктелiнедi:
1) өндіріс тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi
құрал-жабдыктарды, құрылғыларды және т.б. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс
шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;
2) өндiрiстi кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты мiндетi
тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;
3) таза өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа
тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге
бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды;
4) жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар
өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған
кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды.
Экономикалық түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа
кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың
экономикалық мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде
бiзге танымалы мыналар:
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар – инвестицияның ссудалық
қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.
Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар – кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей
және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.
Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей
инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк
инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға
тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын
бiлдiрсе, ал портфелдiк инвестициялар – бұл инвестициялық процеске
қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе
мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын
сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар
жиынтығын бiлдiредi.

2.3. Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы
атқаратын рөлі

Қазақстан Республикасы ашық рыноктың экономикасы жүзеге асыруға
бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке беталыспен келеді. Бұл
Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың
құйылуы ынталандырудағы іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан
көрінуде.
Инвестициялық саясат ел экономикасында маңызды рөл атқарады және оның
мақсаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. ҚР үкіметі соңғы
жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік ин-весторлар
мүддесінің белгілі шеңбері туралы мәліметтер алды.
Жалпы алғанда соңғы жылдарда Қазакстан экономикасына шетелдік
инвестицияның (соның ішінде тура, портфельді, қарыз қаржылары, сыртқы
несиелер) жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары тартылған. Соның ішінде тікелей
инвестиция – 9,4 млрд.АҚШ доллары, оның 46,7 % мұнай-газ кешеніне, 29,7 %
металлургияға.
Болжап есептеуге қарағанда, жыл сайынғы Қазақстанның шетелдік
инвестицияны жалпы қажетсінуі 4-6 млрд. АҚШ доллары көлемінде. 2013
жылы шетелдік капиталды тарату 4,3 млрд.доллар деп болжанған, оның ішінде
тікелей инвестиция 7,1% және 24% несиелік.
Біріккен кәсіпорын өз қызметтерін ішкі рынокқа да атқарып келеді.
Ішкі рынокта біріккен кәсіпорын өнімдерін өткізу, бөлшек сауда тауар
айналысының 16%-ын құрады. Шетелдік инвесторлар инвестицияны Қазақстан
экономикасының шикізаттық салаларына бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібі
және отын-энергетика кешеніне көп көңіл аударуда.
Tау-кен өнеркәсіптік кешеніндегі тура шетелдік инвестиция арқылы
Біріккен кәсіпорынның ең ірі және өте белгілісі Семей облысы, Бақыршақ кен
орнында ашылған алтын мышьякты руданы өндіру мен өңдейтін фирма Минпрон-
Чилевич және НАК Алтын Алмас. Инвестицияның болжамдағы көлемі 212 млн.
АҚШ доллары. Ол 30 жылға аралықтағы қызметінде 930 млн. АҚШ доллары
көлемінде таза табыс алынады деп күтілуде, оның 230 млн. доллары
мемлекетке беріледі, ал НАК Алтын Алмас үлесі сыбағасы 490 млн. АҚШ
доллары.
Қазіргі кезеңде 18 біріккен кәсіпорын көмірсутегін зерттеп табу мен
өндіруде қызмет атқарып жатыр. Оның қатарында белгілі Тенгиз және Королев
мұнай орындарын игеріп жатқан Шеврон Оверсиз (АҚІІІ) компаниясының
ТенгизШевройл біріккен кәсіпорны және Қазақстанның батыс облыстарында
мұнай орындарын зерттейтін және өндіретін Түрік ұлттық компаниясымен
біріккен кәсіпорын Қазақтүрікмұнай. Одан басқа өз қызметтерін табыспен
жүргізіп жатқан біріккен кәсіпорындарға: Орикс (АҚШ) компаниясымен
Маңғыстау облысындағы Арман мұнай кен орнын игеріп жатқан біріккен
кәсіпорын Арман, Канада фирмаларымен Канадиен Оксидентал және Харикейн-
Хайдрокарбон ашылған. Тұран Петромум Қызылорда облысындағы Қызыл-Қия,
Майбұлақ және Арыскұм кен орындарында, Вега Ойл ГМБХ германия
компаниясымен ашылған Казгермұнайы Ақшабұлақ, Нуралы және Ақсай кен
орындарын игеріп жатыр.
Сонымен қатар қазіргі мұнайды зерттеп табатын және өндіретін
Қазақстандық біріккен кәсіпорындар қазіргі экономикалық жағдайлар мен
инвестициялық мүмкіндіктерімен жер ресурстарының иесі ретіндегі мемлекеттің
өте тиімді пайда табуға мүмкіндік болса да, бұл біріккен келісімдер
мақсатқа сәйкес емес. Мемлекет үшін тиімді келісім-шарт өнімді бөлу болды.
Қазақстан мұнай-газ ресурстарына, өте мол мұнай-газ кен орны
Қарашығанақ туралы өнімді бөлу келісім шартына кол қойылып бекітілгеннен
кейін күрделі қаржыны салу мен игеру әжептеуір ұлғаяды деп үміттенуге
болады. Қарашығанақ орнында Бритиш Газ (Ұлыбритания) және Аджип
(Италия) альянсы және Каспий теңізі шельфінде барлау мен өндірумен
келісімге ниет білдіруші консорциум мүшелері (Шел, Бритиш Ретоулем,
Статойл, Бритиш Газ, Мобил, Аджип және Тоталь).
Шетел инвесторын тарту саясатының негізгі мақсаты – ұлттық экономиканы
жетілдіру мен құрылымдық тұрғыдан өзгертуде шетел капиталын пайдалану
негізінде экономикалық артта қалушылықты жою, ел өмірінің жоғарғы деңгейін
қамтамасыз ету болып табылады. Республика шетел капиталының ағылуын жалпы
оң сипаттай отыра негізгі кредитор елдердің белгіленбегенін атап өткен жөн.
Келісімшарттарды жасау шарты нашар әзірленеді және олар жүзеге аспайды.
Берілген несиелік ресурстар республиканың болашақтағы мүдделерін
ескермейді, облыстар мен аймақтарға ретсіз бөлінеді.
Қазақстан кешенінің минералдық шикізатының, отын-энергетика
ресурстарының, сирек кездесетін асыл металдардың, орасан зор қорына пайдалы
қазбаларды өндірудің және бастапқы ұқсатудың қуатты индустриясына ие бола
отыра көп салалы, осы заманғы машина жасау базасына, жоғары сапалы тауар
өнімдерін шығару жөніндегі өндіріссіз қалып отыр. Іс-жүзінде ғылыми мәнді
техникалық күрделі өнімдерді шығаратын сала жоқ, халық тұтынатын тауарлар
өндірісі мыналар дамыған: химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының өнімдерін
ұқсату нашар пайдаланылады, өнеркәсіптің жетекші саласы қара және түсті
металлургияда, химия кешенінде энергия көп кететін экологиясы лас
технологияны әбден тозған қондырғыны пайдаланудың үлес салмағы жоғары,
осыған байланысты өнеркәсіп кешендерін дамытудың артықшылықты инвестициялық
жобаларын, ұзақ мерзімді багдарламасы жасалды.
Артықшылық ретінде мыналарға бағытталған жобалар танылады:
1) өнімдердің дәстүрлі экспорттың түрлерін шығаратын өнеркәсіптің
базалық салалары өндірісінің көлемін күрт ұлғайту (түсті металл, болат
прокаты, ақ қаңылтыр, хром кені, темір кені, сары фосфор, тыңайтқыш және
т.б.);
2) металдан жасалынған өнімдердің тауарлық әзірлігін көтеретін мұнай
құбырлары өндірісін құру;
3) өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін ұйымдастыру (ауыл шаруашылық
машиналары, тау-кен көлігі техникасы, электр қозғалтқыштар, аккумуляторлар,
көмір қышқылы негізіндегі композициялық материалдар, полиэтилен және
полипропилен, бастапқы алюминий және т.б.);
4) күрделі ғылыми мәнді өнімдерді және халық тұтынатын тауарларды
шығаратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Республикада мұнай және газды өндірудің қазіргі және болжамдық көлемі
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж. )
Қазақстанның мұнай саласының дамуы
Қазақстанда мұнай қорлары
Қызылорда облысындағы мұнай өндірісінің даму тарихы (1991-2008 ж.ж.)
Өнеркәсіп кешендері
Мұнай мен газды өндіру
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Мұнай, газ және суды дайындаудың технологиялық үрдісі
Пәндер