Семей полигонымен шекаралас елді мекендердегі ауыз су және табиғи судың сапалық көрсеткіштері



Аннотация.
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
II.Негізгі бөлім.
II.1.Табиғаттағы су ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
ІІ.2. Семей сынақ полигоны және судың ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.12
II.3.Судың органолептикалық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.13
ІІІ.Эксперимент бөлімі.
ІІІ.1.Судың органолептикалық қасиеттерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..13.15
ІІІ.2. Су құрамындағы қоспаларды (сандық,сапалық)зерттеу әдістері.
ІІІ.3. Қарауыл селосындағы ауыз су(құдық,скважина) құрамының сапалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.17
ІІІ.4.Абай ауданының Семей полигонымен шекаралас орналасқан елді мекендердегі құдық суының сапалық құрамы.
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Үкімет соңғы жыл¬да¬ры халықтың әл-ау¬қа¬тын, білімі мен ден¬саулық жағдайын жақсартуға бағыт¬тал¬ған бірқатар ма¬қ¬сатты бағ¬дар¬ла¬ма¬лар¬ды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның маңызды бірі ауыз су мәселесі болып табылады. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2011-2015 жылдар аралығы. Екінші кезең 2016-2020 жылдар аралығы. Міне, осы мерзімнің ішінде ауыл халқының 80 пайызының, ал қала халқының 100 пайызының қолын орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне жеткізуді көзделіп отыр.
Ибн Синаның “Ауру көбінесе ішкен астан пайда болады, соның ішінде әсіресе ауыз судан болады” деп ескерткеніндей, халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы зор. Ауыл шаруашылығы министр¬лігінің мәліметтері бойынша еліміздегі барлығы 7002 бірлікті құрайтын ауылдық елді мекендердің 3849-ында сумен қамту проблемалары әлі де шешімін тапқан жоқ. Яғни, 3 миллион немесе ауыл хал¬қы¬¬ның 40 пайызы сапалы ауыз су жө¬нінде мұқтаждықты сезініп отыр деуге болады.Бүгінгі күнде тұрғындар үшін ауыз судың жетіспеушілігі байқалады.Адам баласына тәулігіне шаққанда 280 л орнына 60-70 л су жұмсалады. Сонан кейін бұл бағдарлама бойынша жерасты суларын пайдалану мәселесіне үлкен көңіл бөлінбек. Өйткені, жерасты суларының сапасы жер бетіндегі суларға қарағанда әлдеқайда жақсы екендігі белгілі.Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады.Тазалығы жөнінен су мөлдір,иісі жоқ,ең бастысы,құрамында организм үшін зиянды химиялық заттар,ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс.Сонымен қатар адам үшін судағы еріген заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор.Ішетін судың құрамында хлордың,темірдің,күкірттің,марганецтің,мыстың,мырыштың т.б. химиялық заттардың қоспалары бар.
Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісі байқалуда. Қарауыл селосы ҚР Министрлер кабинетінің №431( 26 мамыр 1993 жылғы) қаулысы бойынша «Зона максимального риска»санатына жатқызылды.
1.М.С.Панин «Химическая экология» ТОО «Эверо» Алматы 2002 г.129-130 бет.
2.Бірімжанов Б.А. «Жалпы химия» Алматы 2002 103-112бет.
3.Т.А.Хоружая «Оценка экологической опасности»Москва «Приор»2002г.50-51бет.
4.Новиков Ю.В. ЛасточкинаК.О. «Методы исследования качества воды»1990г.
5.Каримов А.Н. «Аналитикалық химия курсы»Алматы 2002.103-1120бет.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Дарын республикалық ғылыми практикалық орталығы
Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Авторы:
Халелова Сандуғаш 10 – сынып
Абай
атындагы мектеп-лицей, с. Қарауыл,
Абай ауданы, ШҚО.

Тақырыбы: Семей полигонымен шекаралас елді мекендердегі ауыз су және
табиғи судың сапалық көрсеткіштері

Экологиядан ғылыми-зерттеу жобасы

Жетекшісі : Тұрсынбекова Аққайша
химия-биология пәнінің мұғалімі

Кеңесшісі - Курчатов қаласындағы Радиациялық қауіпсіздік және
экология институтыжанында құрылған Абай аудандық био-экологиялық клубтың
ғылыми жетекшісі профессор Ф.Ғ.К. Бахреддин Әділович Төлеубаев .

Семей қаласы-2011 жыл

Тақырыбы:

Семей полигонымен шекаралас елді мекендердегі ауыз су және табиғи судың
сапалық көрсеткіштері.

Аннотация
(Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы
Халелова Сандуғаштың Семей полигонына шекаралас елді мекендердегі ауыз су
және табиғи судың сапалық көрсеткіштері тақырыбындағы ғылыми жобасы).
Қазіргі кезде республикамызда ең өзекті экологиялық проблема болып су
ресурстарының күйі көрсетіледі.Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора
мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан
халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Семей өңірі экологиялық
апатты аймақ болып табылады.Адамның денсаулығы үшін ауыз су сапасының үлкен
экологиялық маңызы бар,ол судың органолептикалық қасиеттерімен ,химиялық
құрамымен және әр түрлі ауруларды қоздыратын бактериялардың болуымен немесе
болмауымен сипатталады.Санитарлық-гигиеналық нормаларға сай келмейтін суды
қолдану әр түрлі ауруларға шалдығуға әкеп соғады.Сондықтан, қауіпті аймаққа
жақын орналасқандықтан елді мекендердің ауыз суының сапалық көрсеткіштерін
тексеріп отыру қажет
Жұмыстың мақсаты:

Қауіпті аймаққа шекаралас орналасқан елді мекендер ауыз суының сапалық
құрамын зерттей отырып,ішіп отырған суымыздың қаншалықты таза екендігіне
көз жеткізу. Гидроэко жүйедегі биохимиялық процестердің ағын суларға
маусымдық әсерін бақылау.Оқушылардың экологиялық білімдерін
тереңдету,қызығушылығын арттыру,танымдық,ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Жоғары сапалы суды пайдалану қоғамның салауатты өмір салтының кепілі,демек
оның тұрмыс жағдайының жақсаруының кепілі.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығын сақтау үшін
мәселенің актуальдығын ескеріп,ауыз суының экологиялық сапасын ай сайын
зерттеп бақылап отыру қажет.

Зерттеудің теориялық мәнділігі:

Су қорлары мен олардың күйі тіршілік үшін маңызды.Бұл мәселе елдің
экономикалық дамуының да құрамдас бөлігі болып табылады.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:Қауіпті аймақтың шекаралас
орналасқанына қарамастан халықтың пайдаланатын ауыз суының сапалық
көрсеткіштерінде зиянды қоспалар ауыз суға арналған рауалы шектен аспайды.
Жұмыстың орындалу әдістері:
Ғылымитүпдеректермен танысу,жинақтау,қорыту,жүйелеу,салы стырмалы
талдау жасау,тұжырымдау.Зертханалық тәжірибелер жасау,приборлармен жұмыс
істеу (ФЭК ,КФК ,рН метр-340 ).

Аннотация
Научный проект на тему: Качественный показатель питьевой и природной воды
в приграничных районах Семипалатинского полигонаученицы 10-класса
общеобразовательной школы-лицея имени Абая Халеловой Сандугаш.
В настоящее время одним из актуальных экологических проблем в Республике
является -состояние водных ресурсов .Вследствие многократных ядерных
испытании в нашем регионе нарушена природная экосистема,ухудшены флора и
фауна.Разумеется, это отрицательно повлияло на качество водных ресурсов.,
.Применение воды,несоответствующей к санитарно-гигиеническим
нормам,приводят к различным заболеваниям. Поэтому необходимо часто
проводить анализ питьевой воды,
Цель работы:Проводя анализы на качество воды вблизи лежащих населенных
пунктах полигона,мы приходим к выводу насколько качественную питьевую воду
употребляем.Наблюдение влиянии биохимических процессов на сезонные явления
вод в гидроэкосистеме.
Гипотеза исследовательской работы: Употребление качественной воды-это залог
здорового образа жизни общества и улучшение бытовых условии.
Практические особенности исследования: Для здоровья,благополучия и
обеспечения необходимого качества жизни человек постоянно нуждается в
чистой воде.Для сохранения здоровья человека нужно часто контролировать и
проводить анализ питьевой воды.
Теоретические особенности исследования:Для существования наиболее важны
водные ресурсы и их состояния.Это является важнейшим фактором
экономического развития.
Новшество и индивидуальность результата исследования:Несмотря на
расположение населенного пункта вблизи полигона количество примесей в
питьевой воде не превышают нормы.
Методы выполнения работы: -ознокомление с научными источниками;
-обобщение и систематизация,сопоставление материалов;
-проведение эксперимента,работа с приборами; (ФЭК ,КФК ,рН метр-340 ).

Annotation

Scientific project on a theme: the "Quality index of drinkable and natural
water in the border-line districts of the Семипалатинского ground" of
student of 10-class general school-lyceum of the name of Abaya Halelovoy
Sandugash.
Presently one of ecological issues of the day in Republic is - state of
water resources .Because of frequent nuclear test a natural ecosystem is
broken in our region, a flora and fauna are worsened. Certainly, it
negatively influenced on quality of water resources., .Application of water
incongruous to the sanitary - hygenic norms, result in different diseases.
It is therefore necessary often to conduct the analysis of drinking-water,
Aim work: Carrying analyses on quality of water near-by lying settlements
of ground, we come to the conclusion as far as a quality drinking-water we
use. Supervision influence of biochemical processes on the seasonal
phenomena of waters in Hydro to the ecosystem.
Hypothesis of research work : the Use quality воды- it mortgage healthy
way of life of society and improvement of domestic condition.
the Practical features of research : For a health, prosperity and providing
of necessary quality of life a man constantly needs clean water. For
maintenance of health of man it is needed often to control and conduct the
analysis of drinking-water.
the Theoretical features of study: For existence are most essential water
resources and their states. It is the major factor of economic development.

Innovation and individuality of result of study: Despite on the location of
settlement near-by a ground the amount of admixtures in a drinking-water
does not exceed a norm.
Methods of implementation of work : - familiarization with scientific
sources;
- generalization and systematization, comparison of materials;
- holding experiment, work with devices; (ФЭК, КФК, рН meter-340

Мазмұны:
Аннотация.
I.Кіріспе.------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------------7
II.Негізгі бөлім.
II.1.Табиғаттағы су.-------------------------------- ------------------------
----------------------8
ІІ.2. Семей сынақ полигоны және судың ластануы--------------------------- ---
------9-12
II.3.Судың органолептикалық қасиеттері ----------------------------------- --
---------12-13

ІІІ.Эксперимент бөлімі.
ІІІ.1.Судың органолептикалық қасиеттерін зерттеу.---------------------------
------13-15
ІІІ.2. Су құрамындағы қоспаларды (сандық,сапалық)зерттеу әдістері.
ІІІ.3. Қарауыл селосындағы ауыз су(құдық,скважина) құрамының сапалық
көрсеткіштері.----------------------------------- ---------------------------
-----------------15-17
ІІІ.4.Абай ауданының Семей полигонымен шекаралас орналасқан елді
мекендердегі құдық суының сапалық құрамы.
ІV. Қорытынды.----------------------------------- ------------------------
-----------------18
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын
жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге
асырып келеді. Соның маңызды бірі ауыз су мәселесі болып табылады.
Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2011-2015 жылдар аралығы.
Екінші кезең 2016-2020 жылдар аралығы. Міне, осы мерзімнің ішінде ауыл
халқының 80 пайызының, ал қала халқының 100 пайызының қолын
орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне жеткізуді көзделіп отыр.
Ибн Синаның “Ауру көбінесе ішкен астан пайда болады, соның ішінде әсіресе
ауыз судан болады” деп ескерткеніндей, халық үшін сапалы ауыз суға
қолжетімділіктің маңызы зор. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері
бойынша еліміздегі барлығы 7002 бірлікті құрайтын ауылдық елді мекендердің
3849-ында сумен қамту проблемалары әлі де шешімін тапқан жоқ. Яғни, 3
миллион немесе ауыл халқының 40 пайызы сапалы ауыз су жөнінде мұқтаждықты
сезініп отыр деуге болады.Бүгінгі күнде тұрғындар үшін ауыз судың
жетіспеушілігі байқалады.Адам баласына тәулігіне шаққанда 280 л орнына 60-
70 л су жұмсалады. Сонан кейін бұл бағдарлама бойынша жерасты суларын
пайдалану мәселесіне үлкен көңіл бөлінбек. Өйткені, жерасты суларының
сапасы жер бетіндегі суларға қарағанда әлдеқайда жақсы екендігі
белгілі.Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған
жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады.Тазалығы жөнінен
су мөлдір,иісі жоқ,ең бастысы,құрамында организм үшін зиянды химиялық
заттар,ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс.Сонымен қатар адам үшін судағы
еріген заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор.Ішетін судың құрамында
хлордың,темірдің,күкірттің,марганец тің,мыстың,мырыштың т.б. химиялық
заттардың қоспалары бар.

Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы
бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан
айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және
ерте қартаю көрінісі байқалуда. Қарауыл селосы ҚР Министрлер кабинетінің
№431( 26 мамыр 1993 жылғы) қаулысы бойынша Зона максимального
рискасанатына жатқызылды.

Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат
аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық
жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу, оның сапалы ауыз сумен
қамтамасыз етілуіне баға беру, экологиялық талаптарды әзірлеу және
аумақтарды экологиялық бағалау мен ядролық сынақтар және өзге де
факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарларын
ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет.Қарауыл
селосы және осы ауданға қарасты басқа да селолар ҚР Министрлер кабинетінің
№431( 26 мамыр 1993 жылғы) қаулысы бойынша Зона максимального
рискасанатына ,Саржал селосы Зона чрезвычайного рискасанатына
жатқызылған.
Абай ауданы тұрғындары денсаулығының медициналық бақылау көрсеткіші.
(аудандық емдеу мекемесінің статистика бөлімінен). 2009-2010 жылдар.

Көрсеткіш 2009 жыл 2010 жыл
Тұрғындар саны 16101 15991
Балалар 4620 4223
Жасөспірімдер 950 939
Үлкендер 10531 10703
Әйелдер(15-49 жас) 3909 3910
Туу (абсолютті сан) 302 290
Өлу (абсолютті сан) 103 100
Туу көрсеткіші 18,7 18,1
Өлу көрсеткіші 5,5 6,0
Табиғи өсім +13,2 +12,1
Барлық ауру саны 3921 4043
Анемия 1029 1212
Жүйке аурулары 192 187
Қант диабеті 111 106
Жүрек –қан тамыры аурулары 1439 1585
Онкологиялық аурулар 97 93
Туберкулез 97 28

Негізгі бөлім.

Су дегеніміз не?

Су-химия тілімен Н2О, оттек пен сутек қосылысы.Бірақ бұл формула дүниедегі
барлық су біткенге сай келе бермейді.Оның сыры табиғатта кездесетін оттек
пен сутектің әр түрлі изотоптарының болуында.Сутектің үш изотобы бар,
жеңілі қарапайым Н1-протий (қарапайым деген сөз),ауыр Н2 дейтерий,Д әрпімен
белгіленеді.Аса ауыр сутек Н3-тритий Т,радиоактивті жартылай ыдырау мерзімі
12жыл шамасы.Табиғатта ең көп тарағаны жеңіл сутек –протий,ал дейтерий одан
6700 еседей аз.Аса ауыр сутек тритийдің жер бетіндегі
мөлшері 1килограмнан аз.Соған қарамастан оны әр тамшы судан табуға болады.

Оттек 3 изотоптан тұрады. О16, О17 , О18.Тыныс алатын оттектің әрбір 600
атомының біреуі О17,бесеуіО18 ,қалғаны О16 изотобы болып келеді. Міне
,осындай изотоптардың бәрі де бірімен бірі әрекеттесіп су түзе алады.Осыған
қрай химия ғылымы 9 тұрақты су түрі бар деп есептейді.

Кәдімгі су Н2О ең жеңілі,табиғаттағы ең молы.Бірақ осы формулаға сай
келетін таза су ешуақытта кездескен емес.Қарпайым судың изотоптық құрамы
үнемі өзгеріп тұрады,басқа суда дейтерий көлдегіден әлдеқайда аз.Буланған
суда протий молайып ,тазара түседі.Қыста өзен ,көлдер суы қатқанда мұздың
изотоптық құрамы өзгеріп сала береді.Онда ауыр сутек азайып ,керісінше
,ауыр оттек көбейеді.Сөйтіп,қатқан мұз бен еріген судың бір еместігі
анықталады.Қолдан жасалған ,кәдімгі су Н2О16 дүниеде бірнеше ірі
зертханаларда бар.Сондықтан,оның құны алтыннан да қымбат.Ауыр су таза
күйінде кездеспейді.Оның таза болуы қажет те емес.Ауыр су деп құрамында
дейтерий мол суларды атай береді,оны ғылым мен ядролық техникада
қолданады.[2]

Семей сынақ полигонының сулы ортасы.
1949-1989 жылдары арасында (Қазақстандық ресми деректер
бойынша)470 ядролық жарылыс: 30-жер үстінде , 86-ауада, 354-жер астында
жүргізілген.Қырық жыл бойы жүргізілген сынақ күші Хиросима бомбасы күшінен
800 есе артық .[1]

1 Ауқымды сарқынсыз қазаншұңқырлардың сужүктемелерінің жолы 2 Ертіс
өзенінің алқабына қарай су жүктемелерінің жолы 3 Ертіс өзенінің
алқапасты террасасының жолы

Дегелең таулы массиві Штольнялардан аққан сулар мен қайнарлардың
орналасу сұлбасы Цифрлермен судағы тритийдің құрамы берілген (кБкл)
Семей сынақ полигоны аумағы Ертіс өзенінің сол жақ жағалауының аймақтық
гидрологиялық жүйесінің құрамына кіреді. Жерасты суларының негізгі бағыты
солтүстік-солтүстік-шығыс бағыттар. Жерасты суларының жүктеме ауқымы Ертіс
өзені болып табылады.
ССП қазіргі уақыттағы сулы ортасының радиоактивті ластануы жайлы,
полигонның негізгі алаңдарындағы жерүсті және жерасты суларындағы
техногенді радионуклидтердің максималды мәнде шоғырлануы кестеде
көрсетілген.
Дегелең алаңдары. Массив шегінде жерасты суларының негізгі екі типі
ерекшеленеді, олар өзара – сызаттық сулар мен қуыстық сулар. Қуыстық сулар,
Дегелең тауларынан бастау алып, жазықтыққа кеңінен таралады. Ластанған
сулар жерасты суларының бассейндерін толтырады немесе штольняның порталы
ауданында жер бетіне шығады.
Дегелең таулы массивінің радиоактивті ластануының айрықша ерекшеліктері:
1. Штольнялық ағын сулар. Барлық штольнялық ағын сулар техногенді
радионуклидтермен ластанған. Көптеген ағын судағы радионуклидтердің
шоғырлануы, РҚН-99 бекіткен, аталған радионуклидтердің тұрғындарға арналған
(АД тұрғ.) тағамдармен және сумен түсу барысындағы араласу деңгейінен
асады. Штольнялық сулардың негізгі радиоактивті ластаушысы 90Sr болып
табылады.
2. Жерасты сулары. Жерасты суларында 137Cs, 90Sr және 239+240Pu шоғырлану
мәні АД тұрғ. деңгейінен аспайды. Жерасты суларының негізгі ластаушысы
тритий болып табылады. Жерасты суларындағы тритийдің шоғырлануы таулы
массивтің шегінде және оның шекарасынан тыс жерлерде АД тұрғ. қомақты түрде
жоғары. Дегелең тауларынан тыс жерлерде ағын сулардағы тритийдің таралу
сипаты аз зерттелген. металлдардың шоғырлануы ауыз суға арналған рауалы
шектен әртүрлі дәрежеде жоғары.
Шаған өзені ССП шегіндегі жалғыз жерүсті ағын суы болып табылады. Ол ССП
шығыс шекарасы бойымен ағады және Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы
саласы болып табылады. Өзен арнасының ұзындығы 275км, орташа еңістігі
шамамен 0,003 құрайды, ал әртүрлі телімдерде ол қомақты өзгереді. Балапан
алаңының шегінде өзен арнасы – шамамен 50км, ал көлбеулік бұрышы орташа
0,002 тең. Сынақ ұңғымалары орналасқан, сол жақтағы су жинаушы бөлігіндегі
алаң, шамамен 900 км2 құрайды.
2006 жылы ССП су ортасына радиоэкологиялық зерттеулер өткізу барысында
Шаған өзенінің ядролық жарылыстардың радиоактивті өнімдерімен ластанғаны
анықталды. Тритий негізгі радиоактивті ластаушы болып табылады. Тритийдің
максималды мәні Атом көлінен 4,7км аралықтағы суда 40*104 Бкл болып
белгіленген, бұл деңгей ауыз суға арналған рауалы деңгейден 50 еседей
жоғары. Атом көлінен алыстаған сайын Шаған өзенінің суларындағы тритийдің
шоғырлануы біртіндеп төмендейді де, Ертіс өзенімен тоғысқан телімде
тритийдің құрамы 10 Бкл тең және жабдықтарға қолданатын АДҚ деңгейінде
қалған. Гидрогеологиялық, гидрологиялық және геофизикалық зерттеулерді қоса
алғанда кешенді әдістермен, Шаған өзенінің тритиймен ластануы Балапан
алаңындағы жерасты суларының жүктемелеріне байланысты екені анықталды.
2007 жылы өзенге қосымша зерттеу жүргізу барысында, тритийден басқа өзеннің
беткі суларында 90Sr анықталды, ал түптік шөгінділерде 60Co, 152Eu, 154Eu
және 137Cs табылды. Судағы 90Sr шоғырлануы, РҚН-99 бекітілген, аталған
радионуклидтің тағаммен және сумен түсуі барысында тұрғындар үшін араласу
деңгейімен салыстырмалы түрдегі деңгейіне жеткенін айта кету қажет. Өзен
суында тритий мен 90Sr бөлінісінің сипаты бойынша, аталған радионуклидтер
түсу көздері мүлде әртүрлі. Осылайша, өзендегі тритийдің орын алуы
түсінікті болғанымен, өзен суларына 90Sr түсу мәселесі әлі түсініксіз. Өзен
суындағы 90Sr шоғырлану деңгейінің жоғарылау себебін және жолдарын анықтау
үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет. 90Sr түсуі мүмкін деген
механизмдері: жерасты суларымен түсуі, беткі жуылу, атмосфералық жауын-
шашындардың әсерінен Атом көлінің техногенді ластанған топырағынан 90Sr
шайылуы болып табылады.
Жағдайдың ушығуына, Шаған өзенінің жағалаулы аймағы шегінде қазіргі уақытта
жайылымда мал өсіру жұмысы және азықтық жем-шөптерді дайындау жұмыстары
жүргізілуіне байланысты туындап отыр. Өзеннің жағалауындағы өсімдіктерінде
де тритийдің жоғары дәрежеде - 24000 Бкл-ге дейін шоғырлану дерегі
анықталған. Шаған өз. жағалауында орналасқан, шаруа қожалықтарынан алынған
малөсіру шаруашылығының өнімдерінде тритий құрамы анықталды. Сүттегі
тритийдің құрамы 5,0*103 Бкл-ге дейін жетеді, бұл көрсеткіш рауалы мәннен
аспайды, бірақ бұл мәселені мұқият зерттеуді талап етпейді, себебі Шаған
өз. суларында тритийдің шоғырлануы кең мәнді диапазонда өзгеруі мүмкін.

ССП суларындағы радионуклидтердің құрамының кестесі
 
Нысан Су типтері Радионуклидтердің тиесілі белсенділігі, Бкл
137Cs 90Sr 3H 239+240Pu
Қайнарлардың сулар 7,0 3,0 190000 0,15
Жерасты сулары 1,0 3,0 260000 0,12
Телкем Телкем 2 өзенінің 0,1 190 300 0,6
алаңы жерүсті сулары (жарылыс
шұңқыры)
Жерасты сулары 1,0 3,3 500 Деректер
(Телкем өзенінен 2850м) жоқ
Атом (№ 1004 әскери ұңғыма)1,0 15 4000 0,01
көлі
Сары-ӨзЖерасты сулары 0,03 0,1 480000 Деректер
ен (125 әскери ұңғымадан жоқ
алаңы. 320м) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары
Алакөл ойысына физикалық-географиялық сипаттама және экологиялық мәселелері
Жерге және жан - жануарларға сынақтардың әсері
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан туралы жалпы мәлімет
Радиацияның тірі ағзаларға әсері және радиациялық қауіп
Пәндер