Анар өсімдігін жылыжай жағдайында көбейту



Аннотация Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 1.Негізгі бөлім 1.1.Анар өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ...7 1.2 Анар өсімдігінің денсаулыққа пайдасы ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Анар өсімдігін күтіп.баптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.Зерттеу бөлімі.
2.1. Зерттеу жұмысына қажетті ... ... ... ... ... ... ... ... .12 2.2. Анар өсімдігін жылыжай жағдайында көбейту: а) өз кесіндісінен көбейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13 ә) жапырақ кесіндісінен көбейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13 б) тұқым арқылы көбейту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.3.«Флора» сериясы тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру ... ... ... .14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.20
Ғылыми.зерттеу күнделігі
Ерте көктемде мектеп жылыжайына телінген субтропикалық өсімдіктер әкелінді. Анар өсімдігі биіктігі 10 см-дей, жапырақтары кішкентай нәзік өсімдік екен.Осы бір құмырадағы өсімдікке қатты қызықтым, оны көбейтіп, өнім алсақ деген ой келді.Тақырыпты таңдауға осы өсімдік себепші болды, содан жоба жазу қолға алынды, алдымызға мақсат қойылды . Зерттеудің жүзеге асырылған жері: мектеп жанындағы жылыжай. Зеттеудің мақсаты : 1.Жылыжай жағдайында анар өсімдігін экологиялық таза субстратта тұқымынан және вегетативті тәсілмен көбейте отырып, экологиялық таза, мол өнім алу жолдарын үйрену. 2.Өсімдік өскіндерін «Флора» сериясы тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру арқылы өнімділігін арттыруды үйрену.
Осы мақсаттың негізінде , ғылыми зерттеу жұмысын орындауда мынандай міндеттер қойылды:
1.Анар өсімдігінің биологиялық ерекшелігімен, көбейту тәсілдерімен танысу үшін теориялық материал жинақтау.
2.Анар өсімдігін жылыжайда күтіп-баптаудың ерекшелігін білу. 3. Жылыжайда анар өсімдігі құнарлы топыраққа қайта отырғызылды 4.Анар өсімдігін тұқымынан және вегетативті жолмен: ұластыру, қалемше арқылы көбейту жұмыстарын жүргізу үшін субстрат (кокос субстраты + вермикулит) дайындау,отырғызу. 5.Өскіндерді «Флора» сериясы тыңайтқыштарымен (3 түрлі) бірнеше рет үстеп қоректендіру жұмыстарын жүргізу. 6. Анар өсімдігінің өсу, көбею үрдісіне үнемі бақылау жасалынды, фенологиялық бақылау жүргізу. 7. Ғылыми жұмыс нәтижесінде анар өсімдігінен көбейту арқылы мол өнім алынды.
1.Самохваленко Е.А.Субтропические культуры. Киев.1983г. 2.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы: Т. 1/Бас ред. Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1998. – 720 бет. 3.Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том; 4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред.,1990 5.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011ж. 6.Энциклопедия для детей.Биология.Цитрусовые.Гранат. стр.383

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Анар өсімдігін жылыжай жағдайында көбейту

Мазмұны
Аннотация Кіріспе____________________________ ______________________________5 1.Негізгі бөлім 1.1.Анар өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері _______________________7 1.2 Анар өсімдігінің денсаулыққа пайдасы ____________________________8
1.3. Анар өсімдігін күтіп-баптау_______________________ _______________10
2.Зерттеу бөлімі.
2.1. Зерттеу жұмысына қажетті _________________________________12 2.2. Анар өсімдігін жылыжай жағдайында көбейту: а) өз кесіндісінен көбейту____________________________ ________________13 ә) жапырақ кесіндісінен көбейту____________________________ ___________13 б) тұқым арқылы көбейту____________________________ _______________13
2.3.Флора сериясы тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру_____________14
Қорытынды__________________________ _____________________________16
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар_________________________ ____________________________16-20
Ғылыми-зерттеу күнделігі

Кіріспе

Ерте көктемде мектеп жылыжайына телінген субтропикалық өсімдіктер әкелінді. Анар өсімдігі биіктігі 10 см-дей, жапырақтары кішкентай нәзік өсімдік екен.Осы бір құмырадағы өсімдікке қатты қызықтым, оны көбейтіп, өнім алсақ деген ой келді.Тақырыпты таңдауға осы өсімдік себепші болды, содан жоба жазу қолға алынды, алдымызға мақсат қойылды . Зерттеудің жүзеге асырылған жері: мектеп жанындағы жылыжай. Зеттеудің мақсаты : 1.Жылыжай жағдайында анар өсімдігін экологиялық таза субстратта тұқымынан және вегетативті тәсілмен көбейте отырып, экологиялық таза, мол өнім алу жолдарын үйрену. 2.Өсімдік өскіндерін Флора сериясы тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіру арқылы өнімділігін арттыруды үйрену.
Осы мақсаттың негізінде , ғылыми зерттеу жұмысын орындауда мынандай міндеттер қойылды:
1.Анар өсімдігінің биологиялық ерекшелігімен, көбейту тәсілдерімен танысу үшін теориялық материал жинақтау.
2.Анар өсімдігін жылыжайда күтіп-баптаудың ерекшелігін білу. 3. Жылыжайда анар өсімдігі құнарлы топыраққа қайта отырғызылды 4.Анар өсімдігін тұқымынан және вегетативті жолмен: ұластыру, қалемше арқылы көбейту жұмыстарын жүргізу үшін субстрат (кокос субстраты + вермикулит) дайындау,отырғызу. 5.Өскіндерді Флора сериясы тыңайтқыштарымен (3 түрлі) бірнеше рет үстеп қоректендіру жұмыстарын жүргізу. 6. Анар өсімдігінің өсу, көбею үрдісіне үнемі бақылау жасалынды, фенологиялық бақылау жүргізу. 7. Ғылыми жұмыс нәтижесінде анар өсімдігінен көбейту арқылы мол өнім алынды.
Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы: 1.Анар өсімдігін жылыжай жағдайында өсіру ерекшелігіне, көбейту тәсілдеріне ғылыми сараптама жасалды
2. Субтропикалық өсімдіктерді өсіру, көбейту жолдарын өмірге енгізіп, пайдаланса келешекте қолжетімді, экологиялық таза өнім алуға болады.
3.Өсімдік жөнінде жинақталған материалдарды мектепте өсімдіктану сабағында қолдануға болады және факультативтік курс мазмұнына жүйелі теориялық материал болып табылады.
4.Келешекте оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,биология мамандығын таңдауға себепкер болады.

1.Теориялық бөлім
1.1.Анар өсімдігінің биологиялық ерекшелігі.
Анар- анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта тәрізді субтропикалық өсімдік. Кейбір деректер бойынша отаны - Парсы елі болып саналады. Жабайы анар Кавказда, Орта және Кіші Азияда, Ауғанстан мен Үндістанда кездеседі. Қазіргі кезде мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған. Иран, Ауғанстан, Крым, Югославия, Италия, Испания, Португалия, Франция, Армения, Азербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия мемлекеттерінде анар өсіру өндіріске қойылған. Сондай-ақ, анар Қазақстанның жылы аймақтарында да кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоща, Бала-мюрсаль, Қызыл анар т.б. сұрыптары өсіріледі. Кәдімгі анар Орта Азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. Биіктігі 1-5метр бұтақтары тікенекті, жемісі ашық қызыл түсті келеді. Жапырағы қалың, қарама-қарсы орналасқан, қандауыр тәрізді етженді, жылтыр. Гүлі ірі, түтікшелі келген сары-қызыл түсті. Жемісі жидек тәрізді ірі, көп тұқымды.Жемісінің пішіні домалақ, қабығы қатты, түсі сары түстен қызғылтқа дейін құбылмалы. Салмағы 200-ден 1000 г-ға дейін, шырынды, көп тұқымды. Тұқым өзара жемістің ішінде жеке қоршаулар арқылы 6-12 бөлімшеге ажыратылып тұрады. Әр тұқымның сыртында нәрлі, мөлдір, қышқылтым-тәтті шырын болады. Анар жаз кезінде күн көзінің тік түсуін өте жақсы көреді. Кейде тіпті күн сәулесі жетіспей қалса, гүлдемей қояды. Анар жарық сүйгіш өсімдік, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. Жемісінің салмағы 200г-нан 1кг - ға дейін (диаметрі 8-10 см ) шырынды, сыртында қатты қабығы бар. Жеміс шырынында 80-90% -дейін су , 8-12% қант, 0,5-5% түрлі қышқылдар, 3-4% көмірсулар, С, В дәрумендер, илік заттар, бояғыш заттар болады. Анар жемісі қантқа, таннинге, өзектерге, органикалық қышқылдарға, азотқа, фитонцидке, минералды заттарға және кальций, магний, натрий микроэлементтеріне бай. Оңтүстік Қазақстанда анардың қызғылт Гюлоша, Бала-мюрсаль, Қызыл анар т.б. сорттары өсіріледі.[1] Анар көпшілік ойлағандай жеміс емес, ол - жидек. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті Жеміс-жидектердің патшасы деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар

1.2.Анар өсімдігінің денсаулыққа пайдасы
Анар өсімдігінен сироп, шырын жасалады. Анар шырыны -- бағалы және диеталық тағам. Жемістің құрамындағы заттар адам ағзасына өте пайдалы. Қанның құрамында темір аз болса және адам сүйектері сынғанда тез бітіп кету үшін анарды жеу керек. Асқазан қабынуына және терінің күйгеніне анар жемісінің қабығы жақсы көмектеседі (қайнатылған түрде). Анардың қабығы қайнатылған кезде бөлінетін заттар имунитетті нығайтады. Тұрмыста тамырынан бояулық зат алынады. Анардан шырын, шарап, салқын сусындар дайындалады. Анарды күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.
Шырынын (құрамында танин болуына байланысты) және жемісінің қабығын медицина асқазанның жұмысы бұзылғанда, ал кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек таспа құртын түсіретін дәрілік препарат ретінде қолданады. Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен ауыратындар, сондай-ақ энтероколитцен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдалануғаболмайды. Шарапқа және тағамға дәмдеуіш ретінде қосылады.Анардың қабығынан, тамырынан бояу зат жасалады. Сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларын емдеу үшін қолданылады. Бірдей мөлшерде пен анар қосып қайнатылған шырыннан (гренадин) кисель, мусс дайындауға болады. Әбден қайнатып қойылтылған анар шырыны түрлі тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдаланылады, бұл көбінесе кавказ кухнясына тән; тағамға жағымды қышқылтым дәм береді.
Жалпы анардың адам денсаулығына тигізер жақсы әсері көп. Сондықтан анармен дос болған дұрыс. Енді осы жайында кеңінен айтар болсақ, келесідей кеңестерге құлақ асқаныңыз абзал:
*Бала емізіп жүрген ананың омырауы жарылып, тілінетін болса, анар жемісінің қабығын ұнтақтап жараға себу қажет.
*Дизентерия не жұтқыншақ тамақ ауруына шалдыққандарға 5 г жеміс қабығын ұнтақтап, 100 г суға 10 минут ақырын қайнату керек. Содан соң дайын болған сумен ауызды шайқап, ішкен дұрыс.
*Асқазан ауырғанда анардың шырынымен тоқтатуға болады. Ол үшін жарты стақан анар шырынын ішіп тұрыңыз.
*Өтте, оның жолдарында құм тас пайда болса. Бүйрек пен қуықта байланған тастарға да анар шырыны әсер етіп, қуып шығуға көмектеседі. Ол үшін 20 минут тамақтан бұрын анар шырынын ішу қажет. Емделу мерзімі 2 апта.
*Күйік шалған жағдайда 1:10 мөлшеріндегі анар шырынын күйікке жағып, үстіне қабық ұнтағын себеді.
*Ішектердің қабынуында, іш сұйылып өткен кезде анар тұқымын қуырып, ұнтақтап, мүк гүлінің тұқымымен қосады. Содан дайын болған қоспаны қайнаған сумен ішіп тұрсаңыз, аурудан тез сауығасыз.
*Тіс ауырғанда анар тұқымын балмен қосып шайнап жесе ауру басылады.
*Қуырылған анар тұқымын ұнтаққа айналдырып, күніне 3 рет пышақтың ұшымен астан бұрын жеу керек. Ол кеуденің ауырғанын қойдырып, жүрек қағысын қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ, сары аурудың алдын алып, асқа деген тәбетті ашады.
*Тіс түбінің қанауына анар қабығының ұнтағына тең мөлшерде қыша шөбі мен қырмызы гүлін қосу керек. Содан оларды қайнатып, дайын болған қоспамен күніне 1 рет ауызды шайып отырған дұрыс. Емделу уақыты 10 күн.
*Жасушаларды біріктіруші ретінде анар гүлінің 1 шай қасығын 150 г қайнап тұрған суға саласыз. Сосын оны 1 сағат бұқтырып қоясыз. Осыдан әр жолы 50-60 г тағамның алдында 40 минут бұрын күніне 2 рет қабылдап отырасыз.
Анар шырыны қатты қышқыл болмауы керек. Қышқыл шырын тіс эмалінің құрылымына кері әсерін тигізеді.
1.3.Анар өсімдігін күтіп-баптау
Анар өсімдігі жылу сүйгіш, Қазақстанның жылы аймақтарында да кездеседі. Бақта қатар аралығы 4x2 м немесе 4x3 м етіп отырғызылады. Топырақ құнарлылығына, күтіп-баптауға байланысты отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жеміс бере бастайды.Қыста ауа температурасы 6 ºС -12 ºС аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса, өсімдік сарғайып, жапырағы түсіп қалады. Анар тұқымынан немесе өсімді (вегетативті) тәсілмен, ал қолдан өсірілетін сорттары көбінесе сүректелген қалемше немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзімді өсіру технологиясы
Қорғаулы топырақтарда дақыл айналымдарды құрасттыру
Картоп өндірісі
Қорғаулы жерде дақылдарды өсіру
Жасанды жарықтың астында өсімдіктерді өсірудің қысқаша тарихы
Картоп өнімі және оны сақтау технологиясы
Картоптың негізгі вирус аурулары
Үй өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері
Алқа тұқымдастары қызанақ, бұрыш және картоп дақылдарының тарихы
Бөлме өсімдіктерінің топырағы
Пәндер