Балық шаруашылығы



Кіріспе:
1. Әдебиетке шолу
1.1. Тақырып бойынша зерттеулер
1.2. Тұқытектестердің биологиялық қасиеттері
1.3. Тұқы балықтарының морфологиялық ерекшеліктері
2. Абиоздық себеп.шарттарды зерттеу нәтижелері
2.1. Су температурасы зерттеу
2.2. Судаға ерітілген газдардың құрамы
3. Балықтардың қорегі
3.1. Тұқы балықтардың қоректенетін азықтары
3.2. Азықты балықтың іріктеуін зерттеу
3.3. Қоректену ырғағын зерттеу
4. Балықтардың көбеюі процесін зерттеу
4.1. Тұқы балықтардың көбею тәсілдері
4.2. Тұқытектес балықтардың өсімталдығын зерттеу әдістері
5. Тұқытектес балықтардың тіршілік циклдері
6. Қорытындылар және ұсыныстар
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Балық шаруашылығының негізгі түйінді мәселесі балық топтарының динамикасы және су алабтарының балық өнімділігі. Екінші маңызды мәселе ихтиологияның алдында тұрған, балықтардың мінез-құлқын және тарауын зерттеу. Аталған түйінді мәселелердің теориялық маңызы зор. Балық топтарының динамикасын игеру-жеке балықтын даму заңдылықтарымен олардың өсуімен, жыныс түрлерінің катынасымен, кәрілігімен, түрішілік және түраралық өзара қатынастарымен байланысты.
Балықтардың көші-қоны және топтасқан мінез–құлқы, балық үйірінің қорғануымен, ізденуімен және сезім мүшелерінің жұмысымен байланысты.
Осы екі түйінді мәселелерді шешу үшін, біздің өлкедегі суаттардың өнімділігін және сондағы балық мақұлықатының биологиялық ерекшілігін, тұрмыс қалпын, білу қажет.
Қазақстан Республикасының Батыс бөлігіндегі ірі су алабы- Жайық өзені.
Жайық өзенінде және оның атырауында 58 балық түрлері және түршелері. 16 тұқымдасқа жататын тіршілік етеді. Аталған балық түрлерінің саны қатарында жерсіндірлінген және орналастырған жасанды суаттарға 15 балық түрі кіреді.
Жасанды суаттардан жерсіндірілген балықтар Жайық өзенің бойлаған.
Жайық өзеніндегі балық түрлерінің көпшілігі тұқы тұқымдасына жататын балықтар. Балық мақұлықатының 40 % тұқытектес балықтар.
Қазіргі еліміздің балық шаруашылығының алдында тұрған мақсаттар:
1. Балық санының динамикасың анықтау.
2. Балық саның көбейтетін шаралар қолдану.
3. Мемлекет халқың мол мөлшерде және сапалы балық етімен қамтасыз ету.
Осы мақсаттарды орындау үшін елдегі су алабтарының балық өнімділігінің әлуетін аңықтауға қажет.
1. Атырау: энциклопедия. Алматы. Ата-мұры,2000. – 31 б.
2. Алеев Ю.Г. Функциональные основы внешнего строения рыбы. – М,: Изд-во АН СССР 1963 – 247 с.
3. Берг Л.С. Рыбы пресных вод СССР и сопредельных стран М,: Изд-во АН СССР т.1-3,1948-1949.
4. Биологическая продуктивность Каспийского моря. Изд-во «Наука» Москва.1974 22с.
5. Бюллетень Уральской области.1921, 86с.
6. Большая советская энциклопедия 25-е издание Москва 1955 496- с.
7. Ә.А. Бәіимбет, С.Р. Темірхан Қазақстанның балық тәрізделермен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы. Қазақ университет,1999. 347 б.
8. Бреле А. Жизнь животных. Рыбы, земноводные, пресмыкающиеся, 1939
9. Васнецов В.В. Этапы развития коститстых рыб. Сб. «Очерки по общим вопросам ихтиологии» М.:Изд-во АН СССР 1953
10. Х. Домухамедұлы, «Аламан» Алматы, «Ана тілі», 1991 123 б.
11. Дукравец Г.М. Состояние ихтиофауны и перпективы рыболовства в малых водоемах Уральской области/Биол.науки Алма-ата 1971 вып. 2 с.148-155
12. Жизнь животных в 7-ми томах Т.4: рыбы – М. Просвещение 1983 576 с.
13. Зенкевич А.А. Фауна и биологическая продуктивность моря. Т2., М. Соврем. Наука, 1963
14. Засошев А.В. Теоретические основы рыболовства. Москва,1970 7-9 б
15. Иоганзен Б.Г. К изучению плодовитости рыб. Тр. Томск. Гос.университеты т.С26, Томск, 1955
16. Ивлеев В.С. Метод оценки популяционной плодовитости рыб. Тр. Латв. Отд. ВНИРО т.1 1953

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе:
1. Әдебиетке шолу
1. Тақырып бойынша зерттеулер
2. Тұқытектестердің биологиялық қасиеттері
3. Тұқы балықтарының морфологиялық ерекшеліктері
2. Абиоздық себеп-шарттарды зерттеу нәтижелері
1. Су температурасы зерттеу
2. Судаға ерітілген газдардың құрамы
3. Балықтардың қорегі
1. Тұқы балықтардың қоректенетін азықтары
2. Азықты балықтың іріктеуін зерттеу
3. Қоректену ырғағын зерттеу
4. Балықтардың көбеюі процесін зерттеу
1. Тұқы балықтардың көбею тәсілдері
2. Тұқытектес балықтардың өсімталдығын зерттеу әдістері
5. Тұқытектес балықтардың тіршілік циклдері
6. Қорытындылар және ұсыныстар
7. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Балық шаруашылығының негізгі түйінді мәселесі балық топтарының
динамикасы және су алабтарының балық өнімділігі. Екінші маңызды мәселе
ихтиологияның алдында тұрған, балықтардың мінез-құлқын және тарауын
зерттеу. Аталған түйінді мәселелердің теориялық маңызы зор. Балық
топтарының динамикасын игеру-жеке балықтын даму заңдылықтарымен олардың
өсуімен, жыныс түрлерінің катынасымен, кәрілігімен, түрішілік және
түраралық өзара қатынастарымен байланысты.
Балықтардың көші-қоны және топтасқан мінез–құлқы, балық үйірінің
қорғануымен, ізденуімен және сезім мүшелерінің жұмысымен байланысты.
Осы екі түйінді мәселелерді шешу үшін, біздің өлкедегі суаттардың
өнімділігін және сондағы балық мақұлықатының биологиялық ерекшілігін,
тұрмыс қалпын, білу қажет.
Қазақстан Республикасының Батыс бөлігіндегі ірі су алабы- Жайық
өзені.
Жайық өзенінде және оның атырауында 58 балық түрлері және түршелері.
16 тұқымдасқа жататын тіршілік етеді. Аталған балық түрлерінің саны
қатарында жерсіндірлінген және орналастырған жасанды суаттарға 15 балық
түрі кіреді.
Жасанды суаттардан жерсіндірілген балықтар Жайық өзенің бойлаған.
Жайық өзеніндегі балық түрлерінің көпшілігі тұқы тұқымдасына жататын
балықтар. Балық мақұлықатының 40 % тұқытектес балықтар.
Қазіргі еліміздің балық шаруашылығының алдында тұрған мақсаттар:
1. Балық санының динамикасың анықтау.
2. Балық саның көбейтетін шаралар қолдану.
3. Мемлекет халқың мол мөлшерде және сапалы балық етімен қамтасыз
ету.
Осы мақсаттарды орындау үшін елдегі су алабтарының балық
өнімділігінің әлуетін аңықтауға қажет.
Осы мақсаттарға сай біздің дипломдық жұмыстын бас мақсаты Жайық
өзенінің тұқы балық түрлерінің тұрмыс қалпын және тіршілік сатыларын
және оған ықпал ететін абиоздық және биоздық себеп шарттарын анықтау.
Қойылған мақсатқа жетуге келесі зерттеулер жүргізілді.
- Жайық өзенінің ағысындағы гидрохимиялық, гидробиологиялық режимдерін
зерттеу.
- Тұқытектес балықтардың түрлерін, қоректену объектілерін, тіршілік
сатыларын анықтау.
- Зерттелетін балық түрлерінің тұрмыс қалпын, абиоздық және биоздық себеп
шарттардың ықыпалын анықтау.

Әдебиеттке шолу

Орал казак әскерінің балық аулау аймағы Жайық өзені мен теңізге
құятын өзендер аумағын қоса есептегенде 84 мың шаршы шақырым жерді алып
жатты (А.А. Чибилев, 1988).
Орал казак әскерлері Жайық өзенінде 16 ғасырдан балық аулады.
Теңізде балық аулау кәсіпшілігін 1816 жылдан бастады.
Казак – орыс әскерлерінің балық аулаудағы міндеттері ретінде
біріншіден әскері емес сословие өкілдерін балық аулауға, тіпті, балықшы
ретінде де жібермеу, екіншеден барлық казактардың балық аулау кезіндегі
түскен өнімдерін есепке алу, үшіншіден балық аулау ережесі мен мерзімін
белгілеу, балық аулау құрал – жабдықтарына аз шығын жұмсап, казактар үшін
аса мол пайда көздерін табу тұрды.
Ресей империясының экономикалық саясатында Жайық өзенінен балық
аулаудың маңыздылығының артқаны соншалық, 1884 жылы жергілікті шаруашылық
басқармасының құрамына балық аулау әскері кенсесі енгізілді. Бұл әскері
кенсе Ресейдегі (В.В. Фаресов, 5-6 бб) балық аулау жөніндегі мәселелермен
айналысатын жалғыз мекеме еді. Оның ең басты міндеті балық аулау
шарушылығының тиімді ұйымдастыру болды. Сонымен қатар балық аулау
мәселелерді аталған кеңсе қолына шоғырландырды. Сол кезеңде орташа жылдық
есептен 3 млн пұт балық ауланса, оның 2 млн пұты немесе 76 пайызы Орал
казак әскерлерінің үлесіне тиді (Бюллетень Уральской области, 86 б)
Қазан төңкерісіне дейін Каспий теңізі алабынан жылына орташа есептен
екі жарым миллион пұт, яғни төрт мың центнер әр түрлі балық өнімдері ішкі
Ресей рыногына жіберіліп отырды.
Жайық өзенінің бойына салынған форкосттары мен бекіністеріндегі
казак – орыстар жергілікті қазақ халқының балық аулауына ғана емес,
өзеннен малдарын суаруға өткізуге де қашаң тыйым салды. Соған
қарамастан, жергілікті тұрғындар балық аулауда тоқтатпайды. 19 ғасырдың 40-
жылдарында адай руының қазақтары Ембі, өзенінің жағалауына қоныстанып,
балық аулаумен айналысқан. 1846 жылы Сенал Орынбор (А.А. Чибилев, 1988)
генерал губернаторы қазақтарға қайық, балық аулауға қажетті құрал
саймандарды сатпауға және балық өнімдерін өндіретін кәсіпкерлерді бақылауға
алуға тапсырма береді. Осы тапсырманың нәтижесінде қазақтарды балық
кәсіпшілігіне жұмысқа алуға тыйым салынды.
1861 жылы Ембі бойып жайлаған мың түтін кедей ауылдары балық аулаумен
айналасып, аулаған балықтарын қойға айырбастап, күз айларында Гурьев
қаласындағы базарға апарып сатып, түскен ақшаға көшіп – қону үшін түйе
сатып алған (Чибилев, 1988).
Академик К.М. Бәр және оның ізбазары Н.Г. Данилевский басқарған 1851
жылы теңіздермен ішкі суларды зерттеу мақсатында ғылыми экспедиция
ұйымдастарды. Экспедициялың мақсаты балық аулау ісінің құрт төмендеуінің
себептерін ашу және оны жақсартудың жолдарын кұрыстыру болды. 1851 жылды
1870 жылғы дейін экспедиция Балтық, Ақ, Барин, қара және Азов, Каспий
теңіздеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Экспедиция бастылары өз жұмыстарының нәтижесін төмендегіше
қорытындылады: біріншіден, балықтардың өсіп-өнуіне жағдай жасау, екіншіден,
еркек балықтарды шағылысу кезенінде өзен алаптарына кедергісіз жіберу,
үшіншіден балық кәсіпшілігінің қызметін реттейтің заң актілерін жетілдіру (
К.М. Бәр 1938ж.) мен Н.Г.Данилевский балық аулау кәсіпшілігінің алғашқы
ережесінің жобасын жасап, үкімет орындарыны ішкі су бассейндеріндегі балық
аулауды реттеудің жолдарын көрсетіп берді (А.В. Засосов 1970ж.)
21 ғасырдық 50 жылдарында Ресей 24 миллионға жуық пұт балық ауласа
соның 50 пайзы Каспий теңізінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі-дүние
жүзіндегі ең ірі, мемлекет және құрлық аралық экономиялық байланыс пен
климат қалыптастыруы жағынан маңызы күшті, табиғи қоры мол тұйық теңіз.
Каспий теңізін жан-жақты зерттеген А.Бекович - Черкасский, М.Ф.
Саймонов, Г.С.Карянин, Н.А. Кликович, М.С.Паласс болды (энциклопедия
2000ж.)
Зерттеуші Н.Клинович экспедиция жұмысын қорытындылай келіп, балық
қорын қорғау мәселесіне арнайы тоқталады. Ол: “Біздің көз алдымызда үлкен
теңіз айдыны жатыр. Теңізде балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай
қалыптасқан. Балық бұл тенізде көптеген жылдар басты айуандықпен
ауланғанымен, әлі де болса балықтың мол мөлшері сақталып қалған.
Сондықтан да бұл байлықты ұқыпты пайдалану үшін балық аулау ісін
дұрыс жолға қойып, соның ішінде балықтарды қорғау қажет. Өкінішке орай, біз
айтылған екі мәсіленің екеуінен де оте алшақтапыз” деп, өз өкінішін
білдеріді. (9. 25-б)
1.” Положение о технике рыболоводства в Уральском казачьем войске”
деген негіздеме бойынша Ресейде бірінші рет әскери балық аулаудың техникі
лауазымы бекітілді. Ол, лауазымға белгілі зерттеуші-ихтиолог Н.А. Бородин
тағайындалды.
Бородин, 1884 жылдан бастап шоқыр балықты жасанды түрде
ұрықтандыруды бастады және Жайық өзенінде тұнғыш рет қарсы бекіресін
жүйеледі.
Орал қаласында Бородин ихтиология-зертханасын құрды және барлық Жайық
өзенінің балық түрлерін жинақтады.
Н.А. Бородин Жайық өзеніндегі балық аулау кәсібін жақсарту жолына әр
жақты қызмет жүргізді.
1894-1898 жылдары жайылма көлдердегі сазанның және басқа балық
түрлерінің төліп сақтап альп қалу жұмыстарын ұйымдастырды (А.А. Чибилев
1988)
Жайық өзенінің балық мақұльқоты еуропаның тұщы сулы мақұльқотына
жатады. Жайықтағы барлық балық түрлері Еділ алабында кездеседі. Өзеннің
балық мақұлық атының түрлері онша көп емес себебі. Жайық қүл бірнеше бет
Каспий теңізінің шобуыл ықпалына ұшыраған.
Соның бірі ақшағыл трансгрессиясы, Жайық бойымен жоғарғы ағысқа
дейін барған.
Жайық балық мақұльқотының құрамын талдауының байқалып тұр
балықтардың өзенге тұрақталғаның өнтүстіктік және батыс бағытарына
келгені.
Жайыққа, тараған балықтар, Каспий теңізінен толық орістемейтін
түрлерімен берілген. Олар: ақмарқы, табан, қылыш балық, сазан, көксерке.
Жайықтың торта балығында өрестегіш қара көзден тарады деген ұйғарым
бар (Крашенинников И.М., 1939)
Каспий теңізінің ілгері қозғалуы, толық өрістемейтін балық түрлерінің
Жайық өзенімен жоғары жылжуына себеп болды. Олар Каспий алабының ортаны
бөлігінің барлық суаттарында тұрақтанды.
Трансгрессиялардың уақытында Жайық өзеніне Каспийден шаншар
балықтармен бұзаубастар келген (Паллас П.С., 1809)
Каспийдің қорыптасы, мекіресі және шақыры-өрістегіш балықтар. Олар
үнемі, теңізден өзендерге. Уылдырықтауға қөші-қоны жасайды.
Өрістегіш балықтардың бір түрі Каспийден Жайыққа уылдырықтауға
кіретін ақ балық сылан балық туысына (Stenodus) жататын.
Каспийге ақбалық мұзды уақытты Мұзды мүхиттен келген сияқты. Сылан
балық сияқты ірі жыртқыш балық, ұзындығы 1 м салмағы 20 кг дейін барады.
Ақ балық Каспий алабының әндемигі, әлемде басқа жерде кездеспейді.
Еділ өзенінде гидроэлектростансалар салынғаннан кейін ақ балықтың табиғи
уылдырың тамалары жайылып кетті Уфа өзенінде орналасқан. Өткен ғасырдың 60-
70 ші жылдары шағын Каспий ақ балық табаны Жайықтағы уылдырықтамалармен
қамтамысыз етілді (Летичевский, 1963)
Дөнмандай төлі 1967-68 жылдары Жайық өзеніне жеберілді, Аққорған
балық комбинатынан әкелініп.
2,0 млн дана дәрнесілі үзындығы 1,5 см жеткенде ұсақ балдырлармен
және қалқыма организмдермен қоректенеді.
Ағысы жоқ суларда, гулденген уақытта жасыл – көк балдырлармен
қоректенуге толық көшеді.
Күзгі су денгейі түскенде өзен арнасына келеді де қыстайтын
тоғандарға жатады.
Уылдырықтамалары бір жерде болады 1969 және 1970 жылдары Жайық
өзені Тайпақтан және Махамбеттен кыстайтын тоғандарын ауланған ақ амур және
донмандай зерттелді. Үш талдаудап өпшен балық 1994-1996 жылдар аралығының
ұрпақ қошары болып шықты.
Жайық өзенінің 1996 жылғы тасқын суы мол болғандықтан донмандай мен
ақ амур саны көбейіуіне себеп болды. Аталған балықтардың үшеуіде еркек
болып шықты 5 және 6 жастан.
Жайық өзенің төменгі ағысында өсімдіккоректі балықтар 7-8 жаста
уылдырықтайды деп ұйғаруға болады.
Жайықтағы донмайдайтың, ақ амурдың көбейуі, өсуі, өнуі қоректенуі
жанта бүгінгі күні толық анықтық жоқ.
Оны айқындау үшін ғылыми зерттеулер жүргізу керек.
Балықтардың тұрмыс қалпын білмей, пайдалану қиын өсімдіккоректі.
Қыстайтып тоғандаудап өсімдікоректі балықтарды сүзектмен және аумен
аулау тірі табиғаттың сақтау ережелерің келтірімейтін бұзу. (Мудатов, 2002)
Жайық өзеніндегі негізгі көпшілік балық түрлері тұқы тұқымдасына
жататын балықтар.
Тұқы тәрізді отрядына жататын балықтардың басқа балықтардан
айырмашылығы Еламан сүйекшелері - шытырманды торсылдақпен байланыс
тыратын. Еламан сүйекшелері қоршаған ортаның қысымын қабылдайды.
Тұқы тәрізді балықтың балықтардың торсылдағы ішектермен
байланысқан.
Құрсақ жүзбе қанаттары құрсақ бойында кеуде жүзбеқанаттардан кейін
орналасады.
Жүзбе қанаттарында тікен саулелері болмайды, болсада біреу, кейбірде
арқа жүзбеқанатардан екеу болуы мүмкін. Иық белдеуінде мезокоракоид.
Базисфеноид жоқ. Орбитосфиноид бар. Сүйектерінде, сүйек торшылары бар.
Кұлақ тасшалары.
Lagena мен Sacculusma орналасады.
Денелері циклоидты қабыршақ пен қапталған.
Тұнғыш рет тұқы тәрізділердің қалдықтары қазба түрінде.
Жоғарғы бар қабатында кездесті Фрост (Frost1926)
Тұқы тәрізділердің шығу тегі жөнінде бірнеше ихтиолотардың қөз
қарысы бар.
Көпшілік ғалымдар тұқы тәрізділерді майшабақ тәрізділерден тарады деп
санайды.(Boulenger.1904. Regan.1911. Cochell.1925. Северцов,1939)
Кейбір зерттеушілер тұқытәрізделер Holostei сүйекті ганоид
балықтарының тарады өлсіді ( Sagemel,1885) соның ішінде Amiifornus деп
тұнбы балықтардан.
Тұқы тәрізділер тропиктердің тұщы суларында пайда болған, содан
кейін, басқа еңдіктерге тарап, теңізге шыққан.
Отрядқа жататын 5 мын түрлер көпшілігінің кәсіби маңызы зор.
Отрядқа жататын 4 отряд тормағы харащиндер, электрлі жыланбалықтар,
тұқытектестер және жайынтектестер.
Тұқытектес балықтардың ауызы жылжымалы, жақтарында тістері жоқ.
Жұтқыншақ тістері бар.
Май жүзбеқанаты болмайды. Жұтқыншақ тістері орақтәрізді.
Тұқы тұқымдас Cyprinidao ең балық түрлерімен бай тұқымдас.
Тістері төменгі жұтқыншақ сүйектерінде 1-3 қатарда орналасқан.
Уатушысы бар, тістермен бірге азық ұсақтайтын . Ауыз жаңаралық
сүйектермен жиектелген.
Тұщы және тұздылау суларды мекендеген балықтар.
Барлық тұқытектестер екі тарауға ажырайды.
Бірінші тарауға жататын тарау, торта, көкталма, табан, ақмарқа,
балпан балықтар. Бұл балықтарды бір және екі қатар жұтқыншақ тістері бар.
Мұртты және сояу – тіскендері жоқ. Тікені болса да тегіс болады. Екінші
тарауға жататындар қаяздар, тенгелер, қара – балықтаң, сазан, үстірткөз,
амур табандары.
Олар үшқатар жұтқыншақ тістерімен және арқа жүзбе қанатындағы кетігі
бар тікенмен сипатталады. Мұрталары болады. Риген деген зерттеуші пікірі
бойынша екі тарауда Opsariichthys пен тараған, ал енді В.В. Васнецовтың
пікірі бойынша екеуде Barilius тен өрген.
Тұқытектестердің биологиялары әртүрлі. Көкталмалар суық сулардаң, ал
қаяздар, мөнкелері, онғақтау қалты жылитын суларды. Кейбір тұқытектестер
шапшаң ағатын ағындарда екіншілері көндерде, тоғандарды.
Үкі шабақтар, қырлықұрсақтар, су қалындығында жүреді сондықтан
олардың түстері пелагикалық, су түбінде жүретін монкелерден, онғақтырдың
арқылары сары – боз, бүйірлері сары түсті.
Тұқытектестердің көпшілігі тұщы суда тіршілік етеді, теқ қана
қиыршығыстың тарағы және қызылқанат мұхиттын тұздылығында мекендей алады.
Жайық атыраундағы тұздылау тұздылығы 14 %. Дейін суда сазан, табан
қаяз, қаракөз, шемей кездеседі. Бірақ судың тұздылығы 8-10% ден жоғары
болса уылдырық шамалы дамиды, тұщы судағы дамумен салыстырғанда.
Шемей 10-11 % тұздылыға бор судада уылдырықтайды (Моисеев,1991)
Тыныс алғанда өттегін пайдалануыда тұқытектес балықтардың бірдей
емес. Мөнке 1 литр суда 0,5 см3 өттегі мөлшерінде тіршілік етеді, ал
озеннің көк талмы балығының 1 л. Суда өттегі мөлшері 5-7 см3 кем болмауы
керек.
Тұқы тектестердің көбейу биологиясы әртүрлі. Тұқымдасқа жататын
балықтардың көпшілігі уылдырықты көп мөлшерде өсімдікке салады
(оншоқтыдан бірнеше жүз мыңға дейін).
Уылдырық өсімдікке желімденеді, оның дамуы ата-анасы өтеді.
Инкубациялық мерзімі әдетте қысқа (Крыжановский, 1948) Дернәсілдердің
бекітуге арналған мүшелері бар, олар өсімдекке бекітіліп тұрады сары уыз
қабы тарқығаншы.
Дернәсілдер сарыуыз қабындағы қан тамырлары арқылы тыныс алады.
Бұл топқа жататындар сазан, табан, мөнке, онғақ және басқа түрлер.
(Танасийчук, 1951)
Тұқытектестердің арасында уылдырықты тасқа және құмға салатындауда
кездеседі. Олардың өсімталдығы төмен.Уылдырықтары ірілеу, инкубация мерзімі
ұзақ және дернәсілдердің бекілетін мүшелері жоқ. Сарыуыз қабы тарқағанша
дернәсілдер тас арасына тығылып су түбінде тіршілік етеді.
Бұл түпке жататын балықтар тұрпа, шемей, қаяздар, қара балық
(шармай).
Уылдырықты су қалындығына салатын тұқы балықтар аз санда уылдырық
түйіршіліктері аталған балықтардың су қабатында бос түрде жүзіп жүреді.
Пелагикалық уылдырық салатын донмандай, амур, қытай балқаны,
қырлытөс, амур табандары, олардың уылдырығы ағыспен жүзіп дамиды.
Тұқытектестердің тағы бір тобы уылдырығы көлдің тұздылау суының
қалындығына салады. Өсімталдығы, ондай балықтардың мол. Инкубация мерзімі
қысқа, тыныс алу мүшелері шамалы дамыған.(Никольский, 1991)
Тұқытектестер ұрпаққа қамқорлық жасамайды. Еркектері ұрғашылардан
кіші.
Кекіре балықтардың ұрғашылары, аз мөлшердегі уылдырықтарын
қосжақтаулы ұлулардың тама қуыстарына салады, ұрғашының жұмырқы салатын
құралы арқылы, уылдырықтау тама құыстың ішінде жыртқыштардан сақталады.
Тұқы балықтардың түрлерінің көпшілігі, жойлып жатқан жерден
уылдырықтайтын жерге алысқа көшіп қонбайды. Бірақ, арасында өрістегіш
балықтарды бар, тұздылау суда жайылып, уылдырықтауға жоғары өзендермен
көтерілетін, кейбірде мың шақырымнан артық жерге баратын (Моисеев, 1991)
Олар, ойықтіс, күтім, арал қаяза, каспий шемейі.
Қоректену түріне және азықты табыс ететін ашпаратылған
морфологиясына қарағанды тұқытектесттер алуан. Жоғарыда айтылғандай олардың
жақтарында тістер жоқ, бірақ төменгі жұтқыншақ сүйектерді
тістері бар.
Оларды, құрылысынан қызметіне қарай бірнеше топқа бөледі.
1) Жармасу қармақтары бар әлде қармақтары жоқ (аққайран, ақмарқа
типтері);
2) Жармасатын, шайнайтын алаңы бар (табан типтері);
3) Үнғыланған (қаяз типтері);
4) Ұсақтайтын ( сазан және қара амур типтері).
Негізгі тістер типі, басқа типтерге тараған, аққайранның жұтқыншық
тістері болып дәлелденеді (193, Васнецов, 1937)
Тұқы балықтардың жұтқыншақ тістерің құрылысы, жеке даму процесі
кезінде аусады. Жұтқыншақ тістер екінші тіршілік жылдап бастап пайда
болады.
Тұқытектестердің ішек жолдарыны құрылысы әртүрлі. Болек асқазан
болмайды, ішектердің ұзындығы қоректену түріне қарай құбылады: жыртқышы
ақ марқанді ұзындығы денесіне тән, дөнмандайды фитопланктонмен
қоректенетін денесінен 15 есе ұзын.
Жас кезінде барлық тұқы тектестер зоопланктонмен қоректенеді содан
кейін қоректену түрлері ажырайды.
Тұқылардың көпшілігі зообентоспен азықтанады эпифаунамен су
түбінде тұрақтанған және инфаунамен топыраққа көмілетін.
Эпифаунамен қоректенетің аққайран, торта, қара амур.
Инфаунамен қоректенетің сазан, онғақ, мөнке және тағыда көпшілік
түрлер. Су түбінде азық іздеу нәтижесінде мұртшы пайда болады.
Ересек кезінде зоопланктонмен қоректенетің үкішабаң, амур
қырлықұрсағы. Тұқымдас арасында жыртқыштарда көп, ақмарқалар, үстірткөз,
қарабалық, тұрпан сияқтылар.
Өсімдікқоректілерде көп тұқымдас арасында. Кейбіреулері детрипен
және перифитонмен азықтанады. Олар храмула, балкан, қарақұрсақ, ауыздары
төменде орналасқан және ішектері өте ұзын.
Үлкен өсімдікті азыққа пайданалатын ақ амур және қызыл қанат.
Аталған балықтардың жұтқыншақ тістерінде кетіктері бар өсімдіктерді
ұсақтау үшін (Анисимович и др., 1991)
Фитопланктонмен қоректенетін дөңмаңдай.
Тұқы балықтарда албырттекстермен салыстырғанда қоректену ырғағы
мерзімді.
Олардың барлығы жылдың жылы уақытында қарқынды қоректеніп, қыста
азықтануды тоқтатады.
Тұқытектестер маңызды өндірістік объектілер. Жылдың аулау өнімі
ТМД мемлекеттерінде 100 мың тоннағы жетті 2002 жылы.
Негізгі кәсібі мәні бар балықтар: қарақөз – 26,5%, сазан – 25,4%
және табан – 22 % (Рыбное хозяйство,2003)
Атақты ихтиолог Л.С. Берг 1912 жылы тұқытектес балықтарды 10
тұқымдас тармағыны бөлді.
Зертеуші С.Г. Крыжановский эмбриологиялық және зоогеографиялық
зерттеу нәтижесінде тұқытектерді 4 тұқымдас тармағыны бөлді. 18 ғасырдың
басында ақ Каспий теңізінің сол жағалауы кемденгеп Ресей империясы байлық
көзі болып табылайтын балық шаруашылығын дамыту арқылы, сауда-
экономикалық қатынастарды жандандыру мақсатында Жайық-Ембі өзендері
бассейіндеріне көз тікті.
18 ғасырдың өзінде – ақ казак-орыстар Еділ өзенінен балық аулауды кәсіп
етті.
Мұрат Мөнкеұлы Қазтұған атты жырында: Жайық, сені қайтейін! Боз сазаны
тоқтыдай Балығының көптігі Суыны жылқы жаптырмас - дейді. (Х.
Досмұхамедұлы, 1991)
1913 жылға дейін бүкіл империяның балық өнімдері, яғни 86,3% –ы Каспий,
Азов және Арал теңіздерімен өзендерде ауланын, балық аулау мақсатында Орал-
Каспий су алабы төрт негізгі телімге бөлінді:
Бірінші – Орал –казак әскеріне тиесілігі су бөлігі;
Екінші – мемлекеттік еркін су аймағы, немесе 19- шы теңіз Каспий – Еділ
балық және итбалық шаруашылығы басқармасы;
Үшінші – Ембі өзенінің сағалары, бұл бөлікті Қырғыз (қазақ – К.М.) балық
аулау телімі деп те аталады;
Төртіншісі – Маңғыстау жағалаулары, Ресей үкметті балық аулау аймағының ең
көп бөлігін Орал казк әскерінің қарамағына берілді.

2 Тарау. Материал және зерттеу әдістері.
Жайық өзенінінің ағысындағы тұқы балықтардың тұрмыс қалпын Жайық
өзенінде Тайпақ аулының тұсынан өзен атырауна Зеленый аулының тұсына
дейін зерттеу жұмыстар жүргізілді. Батыс Қазақстан өлкесінің ауарайы
қауырт құрылықтылығымен, күн жарығынның молдылығымен, қар мөлшерінің
аздығымен, желдің жоғарғы шапшандылығымен және топырақтағы ылғалдың
шектелген қорымен сипатталады.
Біздің облыс көлемінен өтетін Жайық өзенінің ұзындығы 500
километр.
Жайық өзені Орал – Тау тауларында басталып. Каспий теңізіне
құйылады. Облыс көлемінде Жайыққа бірнеше тармақтары қосылады. Он жақтан
– Емболат, быковка, Рубежка, Шаған, Деркул. Сол жақтан – Илек, Утва,
Барбастау, Ащы.
Жайық өзенінің ерекшілігі төменгі ағысындағы тармақтарының
жақтығы. Бұл ерекшілік Жайық өзенің су режиміне ықпал етеді. Жайықтың
тасқын суының денгейі әр жылда әртүрлі. Су деңгейінің айырымы 7 метрге
дейін барады.
Жайық өзенінің ағымының өзгергішштігінің себебі алаптағы ауа –
райыны қауырт құрылықтылығы және өзеннің қөрегінің режимі.
Жайықтың орташа жылждық су шығыны 359 м3с. Өзеннің ең көп су
мөлшері шығын 1942 жылы болды - 18400 м3с
1922 жылы шығынданғын су мөлшері апат максимумге жетті – 11980
м3.
Жаздың ортасына Жайық толық өзенің арнасына кіреді. Тасыған кезде
өзенің арнасын өзгертеді, бұрынғы жерде қең көлдері қалдырып.
Тамыз айында Жайық қатты тайыздайды.
Зерттеу материалы ретінде Жайық өзеніндегі тұқытектес балықтар
пайдаланылды: сазан, ақмарқа, қылышбалық қаракөз, табан.
Зерттеу әдістеріне келсек аталған балық түрлерінің морфологиялық
талдауын жасадық. Соның ішінде балықтардың өлшемін алдың сапалы және
сандың белгілерін анықтап.
В.П. Митрофановтың әдістемелігі бойынша балықтардың биологиялық
талдауны жүргізді И.Ф. Правдиннің әдістемелігі бойынша.
Зерттелген балық түрлерінің жыныс бездерінің жетілу сатыларын
аңықтау өткіздік И.Ф. Правдиннің әдістемелігі бойынша.
Балықтардың өсімталдығын зерттедік Т.К. Мурзашевтің әдістемелігін
пайданалып зерттеу жүргізгенде қолданған материалдармен жабдықтар:
1. Өлшеме тақтасы
2. Штангенциркуль
3. Таразы
4. Таразы тене-тендіктері
5. Анатомиялық қайшы
6. Пинцет
7. Скальпель
8. Бекітетін инелер
9. Өлшем таспасы
10. Қол лупасы
11. Дәптер, сызғыш
12. Қарындащ
13. Сарқыуышы
14. Құрмы өну
15. Сүздік
16. Сынап және спирттермометрлері
17. Батометр
2005 жылдың мамыр айнан бастап қазан айына дейін өзенде балықтардың
екі апта бойы ауылау ауладын жүргізді.
Жайық өзенінің гидрохимиялық көрсеткіштерін жалпы қолданатын
әдістемеліктер бойынша өткіздік.
Биогендік әлементтердің шоғырлануын Т.К. Мурзашев (1973) ұсынған
гидрохимиялық көрсеткіштерді зерттетін оқу-әдістемелік сәйкес анықтадық.
Гидробиологиялық үлгілердін жинауын және өңдеуін Т.К. Мурзашевтің
әдістемелігі бойынша анықтадық.
Бентос үлгісен алғанда су түбіне қолданатын Петерсон сарқуышың
пайдаландық. Өзендегі планктонды Апштейн ауымен сараладық. Барлық жиналған
планктон үлгісінің мөлшері – 500, бентос үлгісінің мөлшері – 400.
Фитопланктон үлгілерін 1 литр сыймдылығы бар әйнек ыдысқа жинадық.
Гидробионттар түрлерін сәйкес анықтаушылар арқылы анықтадық.
Алынған деректерді математикалық өңдеуін вариациялық статистика
әдісімен есептедік.

3 Тарау. Жайық өзенінің гидрохимиялық және гидробиологиялық тәртібі

Зерттерлген Жайық өзенінең төменгі ағысыны гидрохимиялық режим
көрсеткіштері балық тіршілігін қамтамасыз ететін талаптарына сай.
Су температурасы сәуір айынан тамыз айына дейін біртенден көтеріледі.
Шілде айында температурасы 25,4-26 0С дейін көтерілді 23,6 0С төмен түскен.
Тамыз айында тағыда көтерілді 25,8 0С дейін. Деректер 1 кестеде
келтірілген.
Судағы ерітілген өттегі мөлшері мамыр айынан қазан айында дейін.
Тайпақ аулыны тұсында 8,0-8,3 мгл деңгейіне көрсетті.
Қанымдылығы 76, 0,7 % деңгейіне 81,63% денгейіне дейін құбылды.
Ортаның белесенділік реакциясы мерзімге қарай өзгеріп тұрды 7,10-
8,64 дейін.
Гидрокарбанаттар мөлшері мамыр айында 183 мгл болды ал енді тамыз
айында 201,4 мөлшерге дейін көшірілді.
Жайық өзенінің гидрохимиялық параметрлері 2 кестеде келтірілген.
Биогендік заттектерге жататын азоттық, күкірттең, кремнийден және темірден
қосылдырады.
Биогендік заттектердің шоғырлану мөлшері 3 кестеде көрсетілген.

Судағы биогендік заттектердің мөлшері судағы гидробионттардың
тіршілігіне зиян келтірмейді қалыптасқан жоқ.

Гидробиологиялық режимді зерттеуі нәжетелері
Жайық өзенінен алған үлгілердегі фитопланктон диатома жасыл, көгілдір-
жасыл және евглен балдырларымен берілген.
Диатома балдырлардың қоғамдыстығында өкілдері табылды.
Көгілдір – жасыл балдырлардың арасында туыстарының өкілдері
кездесті.
Евглена туысының бір өкілі.
Су қалдымы организмдердің қоғамдастығында замырақтар, шашақмұрттылар
және есишаяқтылар кездесті.
Алынған үлгілерді зымырақтардың туысқа жататын өкілдері көрінді.
Кладоцерлердің өкілдері вегетация мерзімінде жиналған:
Кладоцерлер арасындағы басты түрлері
Кошподтар үлгідегі келесі түрлермен берілген:
Ескекаяқтылардың арасындағы кездескен басты түрлері
Зоопланктон түрлерінің сандың көрсеткіштері топтар бойынша келесідегі
болды:
Зымырақтар 27 ден 140 мыңкуб.м және 0,7 деп 3,8 мгкуб.м
Зымырақтардың ең көп дамыған саны сәуір-мамыр ойларында байқалды,
себебі суықжайлй формалары жаз ортасына қарай азайды шашақмұрттылар 32 деп
78 мың экзкуб.м және 0,3 деп 2,4 куб.м және 0,9 деп 2,1 куб.м.
Зоопланктон организмдердің саналық құрамының мәліметі 4 кестеде
келтірілген.
Су түбіндегі фауна ұлулармен, хиронимид дәрнесілдерімен,
сүліктермен, олихоттермен, жоғары сатыдағы шаяндармен, жәндіктер
дернәсілдері мен берілген.
Жылдың барлық мерзімдерінде басты түрде кездескен: ұлуардың жәндік
тердің, хирониметтердің, олигохеттердің дернәсілдері.
Су түбіндегі бентос организмдерінің саны және биомассасы зерттеу
жүргізген уақытта 800 ден 4700 экзкв.м және 3 ден 19 гкв.м болды.
Алынған орындарыны сәйкес зоопланктон үлгілерінде пайда болған
организмдер саны (дана)
Кесте 1
№ Үлгі алған орны Зымырақтар КладоцерлерКошподтар Наупшілілер
1 Жайық өзені 8 12 5 6
Базартөбе
2 Жайық өзені 7 10 4 4
Тайпақ
3 Жайық өзені 8 13 7 6
Махамбет

4 Тарау. Жайық өзенінің ағасындағы тұқы балықтар түрлерінің құрамы
Жайық өзенінің ағысының балықтары ағысты тіршілік етуге бейімделген
балықтар. Зерттеуді апта сайын жүргіздіқ құрма ауды құрып. Ауға түскен
балықтын түрін аңықтадық. Сонымен қатар балықтын морфологиялық өлшемдерің
жүргіздіқ. Аулау өңімінің құрамында кездесіп тұр. Svetovidov– европа
сазаны.
Cyprinus тұқымдас таршығына, сазан әлол тұқы туысына Cyprinuske
жатады. Құрсағында қырлытөс болмайды. Ауызы жартылай төмен орналасқан. Ауыз
алдында екі жұпты мұртша бар. Денесі өте биік емес, ірі циклоидті
қабыршақпен қаптылған. Жұтқыншақ тістері үш қатар Ауланған німдердегі сазан
ұзындығы 32 ден 58 см дейін болды. Салмағы 1000 гр ден 3000 гр. дейін
болды.
Бақылауға ауланған сазан дайдық ұзындығы, салмағы және өсімі келесі
(кестелерде берілді)

Зерттеуге ауланған сазандардың ұзындығы

Кесте 2

Ұзындығы 32-3637-3939-4142-4445-4748-5 051-5354-5657-5960-62Барлығы
(см)
Саны (дана)2 1 2 3 2 1 2 2 1 1 40

Орташа ұзындығы – 47,2 см

Зерттеуге ауланған сазандардың тірі салмағы

Кесте 3
Салмағы, 1000-11200-11400-11500-11800- 2000-2200-2400-22600-22800-Бар лығ
гр 200 400 500 800 2000 2200 2400 600 800 3000 ы
Саны дана 2 1 2 3 2 1 2 2 1 1 40

Орташа салмағы - 1912 гр.

Зерттелген сазан балықтарының көлемі және жасына қазай салмағы Кесте
4
Жасы (жыл) 2+ 3+ 4+ 5+ 6+
Ұзындығы см 21,0 24,0 28,50 32,0 44,0
Салмағы,г 209 339,7 601,0 810 1620

Зерттелген аулау өнімінің құрамынада 37 % табан балық түрі кездесті
Тұқы тұқымдасының табан туысына Abramus жататын. Денесі биік
құрсанда құрсақ жүзбеқанаты ұзын. Жұтқыншақ тістері бір қатарлы. Ауызы
жартылай төмен. Қүйрық астындағы жүзбеқанатты 24 ден 30 дейін жұмсақ
сәулелері бар.
Максималдық ұзындығы 50 см дейін салмағы 5 кг дейін барады. Екі
формасы бар жартылай өрістегіш және тұрақты өзенде тіршілік өтетін.
Зерттелген табанның дене ұзындықтары, салмағы және көлеміне, жасына
қарай салмағы келесі кестелерді беріледі

Табанның дене ұзындығы

Кесте 5

Ұзындығы 24-2626-2828-3030-32-34-36-3 838-40-42-4444-4646-48
(см) 32 34 36 40 42
Саны (дана)11 2 4 5 6 7 4 4 3 2 11 40

Табанның денесінің салмағы
Кесте 6
Салмағы,200-400 400-600 600-800 800-10001000-1201200-140Барлығы
гр 0 0
Балық 2 3 9 6 3 2 25
саны
(дана)

Табанның көлеміне және жасына сәйкес салмағы
Кесте 7
Жасы (жыл) 3+ 4+ 5+ 6+ 7+
Ұзындығы 24,6 26,1 30,3 32,7 38
(см)
Салмағы 480 450 624 780 1200
(гр)

Орташа ұзындығы табанның 34-45 см орташа салмағы – 778 гр.

Жайық өзеніндегі тұқытектес балықтын бірі ақ марқа. Кәдімгі ақ марқа
Aspius тұқымдасына жатады. Біздің өткізген зерттеулердегі ақ марқы саны 20
дана. Ақ марқаның ауызы үлкен, жоғарғы, төменгі жағында шашады бар жоғарғы
жақтың ойығына кіретін Арқа жүзбеқанаты құрсақ жүзбе қанатының үстінде,
құрсағында шамалы шығып тұратын қабыршақталған қырлы төс орналасқан.
Жұтқыншақ тістері екі қатарлы. Желбезен өскіндері сирек, қысқа.
Зерттелген 20 ақ марқанын орташа ұзындығы 35,7 см орташа салмағы 927 гр.
Келесі түқытектесі балықты түрі қылыш балық. Біздің эксперименттілері
қылыш балық үнемі түсіп түрді ауға мамыр айынан қазан айына дейін. Оның
себебі Жайық өзенінді тұрақты және жартылай өрістегіне формалары да бар
сияқты қылыш балықты.
Жартылай өрістегіш формалары сәуір-мамыр айында уылдырырықтауға келіп
кері теңізге қайтады, тамыз айында қайтадан Жайыққа жайылуға келеді. Сонғы
көші-қоның саны айынғыданды мол болады.
Қылыш балық - Pelecus cultratus (Linne)
Денесі ұзынша келген, бүйірлері қысынды Арқасы түзеу, шамалы. Дөнесі
бар.
Арқа жүзбеқнаты артқа ығысқан және кұйрық жүзбеқанаттың үстінде
орналасқан Д-3. 7-8, All-3, 25-31. Кеуде жүзбе қанаттары ұзын, шеттері
құрсақ жүзбеқанаты жардың түбіне жетіп тұрады.
Құрсағында үшты адыр бар қабыршақ талмаған. Ауызы жоғарғы. Қабыршағы
ұсақ, женіл түсетін. Бүйір сызығы шіліп кректелген, ондағы қабыршақ саны
90 нан 115 дейін.
Жұтқыншақ тістері екі қошарлы 2,5-5,2. Арқасы жазылдау түсті
бүйірлері ақшыл, қабыршақтары шаққан күміс жылтыр түсті.
Өзен суының жағарғы қабатында тірішілік етеді.
Зерттелен балық түрінің бірі қаракөз – Rutilus rutilus
caspius(Jahowleno) торта балық түрінің түршесі. Каспий теңізінің аумағында
шектеліп бірнеше табын құрады: азербайджан, түркімен және солтүстік.
Солтүстік қаракөзінің ареалы. Солтүстік Каспий қамтады. Уылдырықтауға Еділ
және Жайық өзендеріне кіреді. Қаракөз Жайық өзенің төменгі ағысына сәуір
айында келеді, мамыр айында кері теңізге кетеді.
Қаракөздің ауызы жартылай төменгі. Денесі биік емес. Арқа
жүзбеқанатында 8-9 тарамдалған сәулелер болады. Ұзындығы 25-30 см. Басына
биіктігі денесінің ұзындығының 18,9проц нен артық. Салмағы 400-500 гр.

5 Тарау. Жайық өзенінің түқы балықтар тірішілігіне ықпал ететін
абиоздық себептартау.
Балық тіршілігіне су температурасына ықпалы өте зор. Оның өзгеруі,
балықтың табиғи қоздырғышы болып келеді. Судың физикалық және химиялық
қасиеттері тұздымғы өттегімен қаныңтануына тұтқырлығынан сияқты балық
тіршілігіне маңызы зор.
Су температурасы балықтардың алмасу процестеріне, тыныс алу
үнемділігіне ауыз қорыту мамандығына қамты ықпал етеді. Басқада
пойкилотермдың жануарлар сияқты балықтар қоршаған ортаның температурасына
тәуелді, гомотермдың жануарлармен салыстырғанда. Суыққанда жануарларда
жылу түзу процесі жай өтеді, жылы қанды жануарларға қарағанда. Сазан 105
гр. салмағы бар, тәуілекке 1 кг салмаққа 10,2 кқал жылу бөледі, ал
қараторғай салмағы 75 гр. – 270 кқал жылу түзеді.(Никольский, 1974)
Өзен балықтарының көпшілігінің дене температурасының қоршаған су
ортағысына айырмашылығы 0,5-10С(Жаров,1955)
Қоршаған су температурасымен балықтардың зат алмасу өнімділігі. Су
температурасына балықтын даму қарқындығына байланысты.
Балықтардың белгелі температураларға бейімделуімен қатар, олардың
тарауыны және тіршілігіне температуралардың кұбылыс амплитудасының да
маңызы зор. Бір балық түрлері температура құбылысының 10-20 төзеді. Басқа
түрлері температура құбылысының теқ қана 5-70С көтереді.
Әдетке субтропикалық және тропикалық балықтар артықтау стенотермды
болады қолайлы ендік балықтармен салыстырғанда.
Теңіз балық формалары тұқы су балықтарына қарағанда артықтау
стеноформді.
Біздің экспериментте өзеннің су температурасы, мамыр айынан бастап
шілде айының аяғына дейін көтерілді 100С тан 260С дейін. Соны нәтижесінде
балықтар өздерінің тиісті мерзімінде уылдырықтан өтті. Өзен балықтарының
түрлері температура құбылысына бейімділіген. Сазан судың температурасы 00С
дан 200С дейін жақсы көтереді, бірақ температура 8-100С төмен болса
азықтануын тоқтатады.
Г.В. Никольский ден мәліметі бойынша қаракөздің асқорыту шапшандағы
15-200С үш есе жылдам өтеді. егер су температурасы 1-50С болғандығы
қарағанда. Ас қорыту шапшандығы өскенде, азықтану қарқыны көтеріледі.
Қаракөздің ас қорыту жұғымдылығы су температурасына тәуелді. Карзинкиннің
(1952) зерттеуі бойынша су температурасы 160С болса қаракөз азықтың құрғақ
заттегі 73,9 пайызға, қорытыды ал температура 220С болса – 81,8пайызға
барады.
Су температурасы балықтын газ алмасуына ықпал етеді. Осыған
байланысты балықтын тіршілік ететін минилагдың өтпегі мөлшерінде жиі
өзгеріп тұрады. Су температурасы 10С сазан тіршілігіне қажет минималдық
оттегі мөлшері 0,8 мг 1 литр суға, ал су температурасы 300С болса – 1,3 мг
1 литр суға қажет.
Балық тіршілігіне судағы ерітінді түрде кездесетін металлдар тұздары
маңызды ықпал етеді. А.Л. Минкинаның (1949) тәжирибе нәтижелері анық
көрсетеді, егер суда Fe- дін шоғырлану мөлшері 0,2 мг 1 литр суды болса,
балықтың газ алмасуы төмендейді және өсуі кідіреді. Fe шоғырлану мөлшері
0,1 мг болса 1 литр суға керісінше жағдай байқалады балық шапшан өседі.
Суда темірдің белгілі мөлшері балық уылдырығы қалыпты өсу үшін қажет.
Ауыр металлдардың қосындылауы белгілі мөлшерде балықтарды апат
әкеледі.
Біздің, зерттелген жұмыста Жайық өзенінің бірнеше жылдың қатар
ластайтын заттардың талдауы бойынша ауыр металлдардың қосылдылардың мөлшері
қалыптасқан. Оны келесі кестеден байқакуға болады ( кесте)
Зерттеу нәтижесі анық көрінбей тұр ауыр металлдардың шоғырлану
мөлшері балық тіршілігіне қауыпты екенін.

6 Тарау. Балықтардың қорегі.
Балықтардың әрбір түрі белгілі азық организмдерімен қоректенеді.
Азық құрамы қоректену спектрімен сипаттамады – қоректену объектінің
салмағының азықтану кесегінің салмағына қошнысы.
Қоректену - организмнің маңызды қызметінің бірі. Организмге азық
ретінде түсетін энергетикалық заттар арқылы оның негізгі функциялары
атқарылады: даму, өсу, көбейуі.
Балықтардың тіршілік циклнің бірінші кезеңдері аналық организм
арқылы азық қорымен қамтамасыз етіледі (сарыуыз қабы уылдырықтың).
Бірақ, сарыуызбен қоректену аз уақыт аралығын алады, содан кейін
балық аралас азықпен қоректеннен кейін, толық сыртқы азықпен қоректенуге
ауысады. Балықтар қоректенетін азық түріне қарағанда қатты отырмасады.
Қоректенетін азық тіршілігіне қарасақ балықтар бірінші орында тұрады. Момын
балықтарда бентофагтарға, планкто фагтарға және өсімдік қоректілерге
бөледі. Әрбір балық түрі белгілі азық түрімен қоректенуге беіймделген, оның
сезім мүшелері сол азықты табуға, , ауыз тесігі – жармасуға, ішектері –
қорытуға бейімделген.
Бірақ белгілі азық түрімен қоректену тіршілік бойы тұрақты болып
қалмайды, балықтың өсу сатына қарап өзгереді. Даму сатында оның құрылысының
өзгеруіне байланысты азық түріне аусады. Біздің зерттеуіміздегі қарақөз
онтогенездің бірінші кезеңдерінде ұсақ шамалы қозғалатын өсімдік қылқыма
организмдерімен және зымырақ тармен қоректенеді содан кейін қалқыма
шаянтәріздерімен қоректенуге көшеді. Немесі даму кезеңдерінде оның азығы
бентостағы жәндік дернтәсілдері Соның ішіналгі бастысы мыса дернтәсілі.
Ересеи қаранкоздердің азығы ұлулар. Онтогенезде азық турі өзгеруіне
байланысты балықтық сезім мүшелерінде азық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Аңшылық шаруашылығындағы табиғат қорғау ісі
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
Қазақстанның балық шаруашылығы
Балық қорын құқықтық қорғау
Өндірістік балық түрлерінің популяциялық жағдайы
Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы
Аң алау ұғымы және түрлері.
Қазақстанда балық өсірудің қазіргі жағдайы
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары жануарлар дүниесiн қорғау
Пәндер