Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.6 Ағылшын тілін оқыту . заман талабы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Сөйлеуді оқытудың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.13
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатындағы тиімді әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.17
1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.18

2. СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Мультимедиа.инновациялық технологиялар . тілдерге оқытудың тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19.24
2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ..24.26

3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар
кешені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31.32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шет тілді оқып, шет тілін оқуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Шет тілін мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
1. Селевко Г.К. «Технологии развивающего обучения»
2. «Шетел тілін оқыту әдістерінің даму кезеңдері» Қазақстан мектебі №7- 2004жыл
3. «Проектные работы на занятиях иностранного языка» ИЯШ №2,3-2006г.
4. «Оқыту тиімділігі –озық технологияларда» Қазақстан мектебі №11-2004
5. Кобдикова Ж.У. «Оқыту процесін технологияландыру»
6. Буранбаева Л.С. «Жаңа педагогикалық технологиялар- сапалы білім берудің негізі»
7. Полат Е.С. «Метод проектов на уроках иностранного языка» ИЯШ №2- 2004 год
8. Тен Н.Л. «проектная культура как одно из условий реализации
9. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж.

10. М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

11. Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..

12. Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007 ж..

13. Гүлмира Жұмайқызы, «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер», Білімдегі жаңалықтар №3, 53-54 беттер, 2006 ж.

14. Е. Нұрланбекова «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 17 – 18 беттер, 2005 ж..

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары

Ж О С П А Р

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6 Ағылшын тілін оқыту – заман
талабы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1  Сөйлеуді  оқытудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
-13
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
мақсатындағы тиімді
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
-17
1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-18

2. СӨЙЛЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Мультимедиа-инновациялық технологиялар - тілдерге оқытудың тиімді

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .19 -24
2.2 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ..24 -26

3.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
3.1 Сабақта қолданылған сөйлеуді дамытуға арналған жаттығулар

кешені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27 -29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...31-3 2
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..33

КІРІСПЕ

Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының
білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрады. Шынында да оқушылардың
жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің
мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың
белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда
еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін
ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің
мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару, сапалы білім беру, нәтижеге жету
үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған,
үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Қазақстан бүкіл
әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар
қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Осыған орай,
ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты –
оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер
шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне –
халықаралық сипат алған ағылшын тілінің рөлі зор. Ағылшын тiлiн үйрену
арқылы оқушылар бiлiм деңгейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар
арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз
пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi. Қазақстандағы жалпы
білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық
шешімдерінің бірі оның ерте жастан шет тілді оқып, шет тілін оқуда шетелдік
оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Шет тілін мектепте
оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың мектепті бітіргенннен кейін
де шет тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс.
Осыған орай, шетел тілін мектепте оқытудың практикалық мақсатын жүзеге
асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге
назар аударылады.Шет тілін үйрету әдістемесі біздің қоғамда жетекші орын
алуда. Қазіргі уақытта шет тілін оқытуға байланысты оқыту саясатының бағыты
мемлекетте шет тілін оқушыларға барлық жақсы және ыңғайлы жағдайларды
жасап, олардың қоғамдық және жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында
жұмыстар жасап жатыр.Елімізде күннен-күнге оқу процесінде шет тілі жетекші
орын алатын лицей,гимназиялар ашылуда. Жалпы білім беретін мектептерде де
шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқытады. Тіпті, өз балаларының шет тілін
үйренуін қолдайтын ата-аналар саны да көбейін келе жатыр. Отандық
телеарналардан, газеттерден ағылшын тілінің курстары немесе шет елде білім
алуға және жұмыс істеуге шақыратын хабарламаларды да көруге болады.
Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқыту маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстанда
балаларды балабақшадан немесе 1 сыныптан бастап шет тілін оқыту басталып
жатыр. Бұл тереңдетіп оқыту болып табылады. Бастауыш мектепте шет тілі
бойынша білім беру процессінің мәні мен ерекшелігі осы бастауыш сынып
оқушыларының шет тілінде сөйлеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Сөйлеуді оқытудың инновациялық
технологиялары
 Зерттеу жұмысының мақсаты – шетел тілін оқыту барысында алдыңғы
қатарлы технологияларды және оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формаларын
нақты оқыту жағдайына сәйкес шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін
қалыптастыру және дамыту. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы
сөйлеуге үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.
Зерттеудің міндеттері:
1. Ағылшын тілі сабағында сөйлеуге үйретуде жаңа ақпараттық
технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;
2. Ақпараттық технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын
тілінде сөйлеуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін
көрсету;
3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы
сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.
Зерттеу жұмысының өзектілігі - соңғы жылдардағы тілші, әдіскер
ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне жүгінсек, мектеп оқушыларының
көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін құрауда
дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде айтып бере алмайтындығын,
ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады. Мұның басты себебі,
оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі қалыптаспағандығынан,
білімінің жеткіліксіздігі деп санаса, кейбір зерттеушілердің пікірінше,
мектептегі тіл дамыту жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмейтіндігінде деп
санайды. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру –
бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. 
Зерттеу пәні - ағылшын тілі сабағында сөйледі оқытудағы инновациялық
технологииялар.
Зерттеу жұмысының зерттеу объектісі – ақпараттық технологияларды
қолдана отырып, сөйлеуге үйретудің әдістері.
Зерттеу процессінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға
арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген
мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық
практикада қолдану.
Зерттеудің ғылыми болжамы - оқушылар тілін дамыту белгілі бір жүйемен
үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар
мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын
қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу
дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік
қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Мектеп оқушыларының
ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-
әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер
сөйлеуге дағдыланады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
 1. Ағылшын   тілінде   сөйлеуді  қ алыптастырудың маңызы
1.1 Сөйлеуді  оқытудың мазмұны
Тіл – қарым-қатынас құралы.  Тіл   сөйлеу  арқылы жүзеге
асады,  сөйлеу  арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы
айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз.
 Сөйлеудің  негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам
санасында көрініс табатын ой.  Сөйлеудің  негізгі объектісі адамның шыншыл
өмірмен байланысы. Биляев ойынша шет тілін игеру яғни басқа тәсілдермен
және жолдармен санадағы ойды шығару.  Сөйлеудің  құрылымына тоқталатын
болсақ оны психологтар былай көрсетеді.  Сөйлеуді  адамдар бірдеңені айту
қажеттілігі туған кезде қолданады.  Ағылшын  тілін оқытудың алғашқы
сатыларында оқушыларда  ағылшын тілінде өз ойын жеткізу қажеттілігі туады.
Ол қарым-қатынас жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы
бірдеңені жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау сондай-ақ қаламды
әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл жағдайлардың негізгі мақсаты
күтілетін қорытынды. Бұл бөлімде  сөйлеу  мынадай қызметтерді ғана
атқарады. Атап айтсақ не үшін, неге және не айту керек.  Сөйлеуді  қалай
жүзеге асыру  сөйлеудің  2-ші бөлімін де яғни аналитика-синтетикалық
бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі
жүреді.  Ағылшын   тілінде  ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді
теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін  сөйлеу  бүтініне қосу керек (синтез).
Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек.
Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады.  Сөйлеудің осы екі
түрі көп болса оқушының  сөйлей  алу қабілеті жоғары болады.
Парадигматикалық байланыс негізінде сөздерді әртүрлі белгісіне қарап
есте сақтай алады.
• жазу кезіндегі бірдей дыбысталу two-too
• one-won, see-sea
• мағына жақындығына байланысты Мысалы: small-little
• мағынасының қарама-қарсылығына байланысты answer-ask
 Cөйлеу  кезінде синтагматикалық байланыста үлкен роль атқарады. Яғни
басқа сөздермен сәйкес келу негізінде мысалы order деген сөз келесі сөз
тіркестерінде қолданылады.
• order-something (order dinner, order breakfast, a new coat etc )
• order to do something (order to stand up, to close the door, to stay
in bed)
• give an order to do something (to stand up, to stay after classes)
Осы сөздердің таңдалынып алынуына  сөйлеушілер  арасындағы қарым-
қатынас лексикалық сөздік қорлары қатысты құралдарды таңдап алу процесінде
мынадай жағдайлар іске асады.
• күнделікті қолданылатын  ағылшын  тіліндегі бірліктер
Good afternoon, thank you my name is, I am on duty, may I come in.
Сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту. Мысалы: My name is
деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып my түрін his, her
немесе my sister’s деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде
біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып 2-ші жағдайда грамматикалық
құрылымы іске асады. Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер
кезінде оны бірінші ойлап алады ал ол ана тілінде іске
асады.  Сөйлеу  құрылымының 3-ші бөлігі ойды жүзеге асыру бөлімі:
 Сөйлеу  аудирование, оқу және жазумен тығыз байланыста. Аудирование
мен  сөйлеу  ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз
байланысты.  Сөйлеу  бұл тікелей оқумен байланысты. Яғни  сөйлеу  мен
дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық.  Сөйлеу  жазумен де
байланысты. Мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.
 Сөйлеу  монологтық және диалогтық түрде жүзеге асырылады. Ол методикалық
мақсат негізінде де жүзеге асады яғни әрбір  сөйлеу  формаларының
лингвистикалық ерекшелітерін көрсету негізінде. Монологтық ойлауға ойды
толық жеткізу және бір-бірімен байланысты болу деген мінездеме тән.
Диалогтық  сөйлеу   сөйлеу  клишеле рін және элиптикалық сөйлемдерді қолдану
негізінде жүзеге асады. Мысалы  сөйлеу  практикасында жалпы сұрақтарға иә,
жоқ деген қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа
қанағаттанбай толық жауап сұрайды. Мысалы is it tuesday today деген сұраққа
yes,it is немесе yes it is already tuesday today деп жауап беруге болады.
Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз.
Yes ,it is an English book or Russian one сұрағына it is a Russian one
немесе a Russian one деген жауап ала аламыз. Арнайы сұрақтарға мынадай
жауап ала аламыз what is red. The flower is who will go to the cinema. My
brother will. деген сияқты Монологтық  сөйлеуге  хабарлау деген
мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз. Мысалы
оқушылар қайда оқимыз немесе бүгін қай күн деген сөздерді ағылшынша жеткізе
алу жауап алуға болады.   Ағылшын   тілің  оқыту кезінде оқушылар 
сөйлеуге  ұмытылады. Тіпті оқушылардың лексикалық сөздік қорлары минималды
дәрежеде болса да олар тілдің коммуникатививтік қызметін сезіне
бастайды.  Ағылшын   тілін  оқытуды ң алғашқы жылдарында оқушыға сұрақтарды
қою, оған жауап беру т.б сияқты ұсақ  сөйлеу   бірліктерін оқытушы
сұрайды.  Сөйлеу  кезінде оқушы кем дегенде
үш  сөйле монологтық  сөйлеуге   сө йлеу  дайындықсыз іске асады,
яғни  тілдің  тіл материалының көлемі бес сөйлемнен кем болмау керек.
Оқытудың екінші жылында диалогтық  сөйлеу  кезінде әңгімені жүргізе алу
қабілеттілігі болу керек, ол сұрақ пен жауап, ұсыныс, бұйыру негізінде
жүзеге асады. Ол тікелей тілдік мәтіннің бағдарламасына қатысты болу керек
және ол 4 сөйлемнен кем болмауы қажет. Кейбір монологтық
 сөйлеу  күрделірек яғни оның көлемі 7 сөйлемнен жоғары болу керек.
Ауызша сөйлеу  шет  тілін  үйретуді ң маңызды құралы.  Сөйлеу  – сабақтың
маңызды бөлігі. Ауызша  сөйлеу - оқушылардың  мәтінді тыңдау мен оқу
кезіндегі оқылған материалды тексеру. Сөйлеудің  оқытудың мазмұны кезінде 3
компонентті бөліп ала аламыз. Олар: лингвистикалық, психологиялық және
әдістемелікқұралы. Лингвистикалық бөлімнен бастасақ бұл кезде  сөйлеу  оқу
бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады .
Бұл тілдік бірліктермен тікелей қатысты: сөз, сөз құрылысы,
грамматикалық мәтін, фонетикалық минимум т.б. Таңдалып алынған тілдік
мәтін  сөйлеудің  алғашқы сатыларында ақ жүзеге аса бастайды. Оқушылар
тілдік материалды  сөйлеу  бірліктері негізінде жүзеге асырады. Олар мына
түрде жүзеге асады. Олар here is the book немесе there is a lot of books on
the shelf немесе what is on happy birthday to you немесе диалогты түрде
келе алады.
• please give me that book.
• what for?
• to hour a look at it
• here you are
• thank you
• you are welcome немесе бір-бірімен қатысты  сөйлеу  түрінде
кездеседі Мыс:
• Mr.John White lives at sixteen, forest road, green town, England.
• his house is not very large but it is not small either
• it has a ground flower and the first flower.
 Сөйлеудің  лингвистикалық бөлшегін айту кезінде сөздің
экстралингвистикалық бөлімшесін ұмытпаумыз қажет дәлірек айтсақ ым, қол
сілтеу, бас шайқау т.б. құралдар. Мысалы  ағылшын  тілінде кейде бұндай ым
шараларды оқушылар көп қолданбайды. Бұл қате құбылыстар мысалы 1,2,3 деп
санау кезінде қазақтар саусақтарын бүксе  ағылшындар  саусақтарын
жаяды.  Сөйлеуді  оқытудың мазмұнының 2-ші компоненті пихологиялық
компонент яғни экспрессивті  сөйлей  алу қабілеттілігімен дағдылану. Ол
мысалы белгілі бір мәтінді оқытушыдан есту кезіндегі репродукция операциясы
арқылы іске асады. Психологияда неғұрлым оқушы кішкене болса соғұрлым бұл
операция жеңіл өтеді. Мыс: 2-ші сынып оқушылары жеке сөздер, сөз тіркестері
тұрмақ белгілі бір
мәтінді қағып алу қабілеттіліктері жоғары. Репродукция толық және бола
алады. Мыс: толық репродукция
• we speak, read and write in the lesson.
Бөлшектік репродукция оқушы өз ойын жеткізу негізінде жүзеге асады.
Мыс: this is a blue pencil. Оқытушы (көк қарындашты көрсетіп тұрып
айтылатын сөз тіркесі).
 Сөйлеудің  келесі бір маңызды құбылысы бұл сөздердің грамматикалық
құрылымын өзгерту. Мыс:
• I live in Astana.
• Arman lives in Astana деген сөзде I-to be етістегі Arman-ға өзгерді.
Ол
тікелей етістіктің өзгеруіне әкеліп соғады: live-lives
• Nick is reading a book
Nick leads a lot. Бұл сөйлемде Present Progressive - Present Simple-ға
айналады. Грамматикалық құрылымды өзгерту кезінде сөйлеу  жеткізу, және
лексикалық дағдылар да қалыптасады. Сөзді жеткізе алу құбылысы сөздердің
мағыналарын кеңейтумен де байланысты.
I have got a book.
I have got an English book.
I have got an interesting English
book.
I have got an interesting English
book at home.
Бұл құбылыс грамматикалық құрылымды өзгертумен де байланысты. Ол сондай-
ақ жадыдағы лексикалық сөздік қорға сөзді айту дағдысына ритмға, мелодикаға
қатысты. Психологиялық бағдарламада экспрессивті  сөйлеуге  мынадай
мінездеме бере аламыз.
1.  Сөйлеу  әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген бұл
мінездеме  ағылшын   тіліндегі  экс пресcивті  сөйлеуді  жүзеге
асыру, сөйлеудің  алғашқы сатыларына тән.  Сөйлеуге  оқыту оқушының
 сөйлегісі  келу арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей
қатысты мысалы бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының
қайырымды қарым-қатынасы т.б. Мысалы оқушы my pet деген тақырыпқа
қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының
суретін, ойыншығын алып келіп сыныпта әңгіме жүргізе алады.
2.  Сөйлеу  аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде
бола алады. Яғни біз  сөйлеу  кезінде сөзімізді белгілі бір адамға
бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы оқушы белгілі бір
нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатына жасап отырған
адамға қатыстыруы қажет.
3.  Сөйлеу  әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады.
Яғни  сөйлеуші  айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіре
алады.  Сөйлеудің  бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты.
Мыс: my pet деген тақырыпта I like my dog very much деген сөйлемде
like деген сөзді белгілі бір екпінмен айта алады.
4.  Сөйлеу  арқашан алдын ала келісу негізінде жүзеге асады. Мыс: оқытушы
оқушылардын белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл
тақырыпқа қатысы бар ма лексикалық қорлары жете ме оқушы санасына сай
ма деген сұрақтарға жауап беріп алу қажет.  Сөйлеудің  психологиялық
бағдарламасында да лингвистикалық мінездеме секілді 2 жүзеге асыру
бар.
• монологтық
• диалогтық
Монологтық  сөйлеу  логикалық құрылған сөйлемдері, бір-бірімен қатысты
белгілі бір мақсатқа бағытталған бір адамның сөзі
монологты  сөйлеуді  жүзеге асыру үшін оның мынаай жүзеге асыру сатылары
бар.
1. не жайлы айту. Алғашқы сатысында заттың атын айту, оның түсін көрсету,
мөлшерін, орналасуын, қатысын, өзінің сол затқа қатысын көрсету т.б.
2. жаңағы  сөйлеу  бірліктерін жинақтап қатысын айту керегін таңдау.
3. Жадыдағы тілдік бірліктерді құрастырып оларға эмоционалды анық бояу
беру.
Диалог - бұл екі не одан да көп адамдардың  сөйлеу  кезіндегі қарым
қатынасы. Біреуі тыңдаушы, біреуі-сөйлеуші бола алады.
Диалогтық  сөйлеуге  бағдарлама жасау мүмкін емес.
Монологтық  сөйлеуден  айырмашылығы диалогтық  сөйлеуде  ым-шараларды қоса
қолданамыз.
Мыс: - you going home?
• Does Pete live far from school?
• Yes
• Were are you going?
• I’m going home.
• You will stay after closes won’t you?
• I can’t.
• Can you play football or hockey?
• Let’s play
не 
k:- Hello, Mike?
m:- Hello ,Kate it’s nice to see you!
k:- Are you glad to be back to
school again?
m:-I’ am but it was nice to have holidays. I was out-of-doors all day
long. I had a lot of fun and what about
you?
k:-I had a very good time too. I often went to the stadium and played
with my friends.
 Сөйлеудің  3-ші компоненті әдістемелік компонентіне келер
болсақ  сөйлеу  бұл қиын процесс.  Ағылшын   тілінде  сөйлеу ді  оқытуда
әртүрлі құбылыстарға қатыстыра аламыз. Ол көру және есту, верболды немесе
верболды емес құбылыстар оқытушы осы құбылыстарды жақсы қабылдауды іске
асыру қажет. Қарапайым сөзбен айтқанда оқушы тапсырманың негізгі мағынасын
түсінуі қажет. Мыс; agree or disagree she жаттығуды көрсете аламыз. Оқытушы
белгілі бір сөйлемдерді айтып отырады. Оқушы оған келісіп немесе келіспеуі
керек.
Teacher: You usually have got a cup of tea for breakfast.
Егер оқушы келіссе yes деген карточканы алады да артқы  сөйлемін  өзі
жалғастырады.
Pupil: Yes, I usually have got a cup of tea for breakfast.
Тағы бір мысал келтірсек  сөйлеудің  алғашқы сатыларында суреттерді
қолдану кең жүзеге асады. Суретті көре тұрып оқушы  ағылшын  тілінде бұл
жайлы не айту керектігін ойланып алу қажет. Есіне түсіре алмай қалған
жағдайда көмекке мұғалім келеді.

Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әр
түрлі жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір-бірімен тығыз
байланысты сөйлесім әрекеттерінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым,
жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың
тиімді жолдары анықталды.
Шет тілін оқытуда, оқытылып жатқан тілде сөйлеу проблемалары көтеріліп,
сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммукативтік жаттығулар
орындау, коммукативтік компетенцияларды дамыту енгізілді.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында
тиімді әдістер ұсыну

Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш
тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін
айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге
шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық
ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды.
Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын
тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді
қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым
министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар
аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік
әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға
ұялататын әрине мұғалім.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту
сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық
тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім - білік
дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін
арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға
болады:
1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй
тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда
пайдаланылады.
2. Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын
көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде
қолданылады.
3. Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және
тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген
материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін
оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады.
5. Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту
үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту
және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше
дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу
үшін қолданылады.
7. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып,
белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу - білік
дағдыларын қалыптастырады.
8. Коммуникативтік әдіс. Оның басты мақсаты – әңгімелесушілердің сөздері
түсінікті болуы үшін адам баласын бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Коммункативтік әдіс қазіргі таңда да жұмыс барысында жиі қолданыс тапқан.
Осы замандық коммункативтік әдіс - білім берудің әр алуан әдістемесінің
даму жолынан өткен, ағылшын тілін үйретудегі бірқатар үлгілі тәсілдердің
үйлесімді көрінісі.
Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен
жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып
табылады
Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу
қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет
тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан
гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар
мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі
бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мынадай жаттығулар беріледі. 
Тапсырмалары
1. Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып оқу;
2. Мазмұнын түсіну;
3. Тірек – сызба сөздері арқылы баяндау;
4. Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу;
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – оқушылар
сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде
қарапайым іс - әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден
жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя
алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен
келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу
қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік
жаттығуларының біріне Warming up жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік
жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу
барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып
тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы
қарым – қатнас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. 
Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу
қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде
қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық
жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай
баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін
сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.
Тақырыптар түрі сан алуан: Бүгінгі күннің ең қызықты сәті.
Қазір мен не ойлап отырмын?
Мен білетін адам.
Менің хоббиім.
Мен ұнататын нәрсе.
Мен ұнататын аң. 

Келесі жаттығу түрі Find the words деп аталады. Нұсқау бойынша
балалар сөзді табу тиіс.
Bread
E – is exactly in the middle.
D – is at the end.
B – is one of the letters before e.
R – is between b and e.
A – is between e and b.
Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі –
Brainstroming әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы
біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады.
Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып жаттығулар орындатудың
маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу
дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой
ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты.
1.3 Ағылшын тілінде еркін сөйлеу жолдары
Ел Президентінің жолдауында көрсеткендей қазіргі шәкірттеріміз
ертеңгі күн әлем көшіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық
деңгейге кетерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру бағытында
республикамыздың мектептерінде "2 сыныптан ағылшын тіліне үйрету"
эксперимент-сынақтар өткізуде. Сондықтан да XXI ғасыр ағылшын тілі
мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.
Оқушының зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан болып өcyiнe,оның
шығармашылық қабілеттерінің дамуына көмектесу;
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, оларды өмip бойы дербес
оқуға, өз бетімен ізденіп білім алуға дайындап, білімнен өзіне қажеттерін
ала беруге дағдыландыру;
Оқушының өзі тіл үйреніп жатқан ел мен оның мәдениетіне, біліміне,
өнеріне деген өз көзқарастарын қалыптастыру, сол тілге деген
қызығушылықтарын арттыру;
Өздерінің қабілеттерінше, мүдделеріне орай тіл үйреніп жүрген ел
өкілдерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу әрекетінің орталығы
ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы
«Шетел тілін деңгейлеп оқытудың мәселелері»
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілі сабақтарында ауызекі және ауызекі сөйлеуді дамыту
Жаңаша оқыту технологиялары
Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасында қолданылатын педагогикалық технологиялар
Пәндер