Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы ақпарат



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Инвестиция ұғымы және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Инвестицияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Инвестициялық саясат . дамудың алғы шарты ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.2 Қоржындық инвестиция қарекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері ... ... ... ... ..22
2.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау болып табылады.
Инвестициялық әрекетті нарықтық экономикалық жағдайда табыс алу мақсатында шаруашылық субъектілер жүргізеді. Ол екі өзара байланысты бөліктен тұрады:
инвестиция әрекетінің объектілері;
инвестиция әрекетінің субъектілері.
Инвестициялық әрекетінің объектілеріне жаңа ұйымдарды құру, істегі ұйымды кеңейту, қайта құру және қайта қаруландыру бағалы қағаздар мақсатты ақша салымдары және т.б. жатады.
Инвестициялық әрекетін субъектілеріне инвесторлар, инвестициялық объектіні пайдаланушылар, жұмысты орындаушылар, инвестицияның барлық түрін жеткізушілер.
Инвестициялық әрекет және оның сферасы сұраныспен, ұсыныспен және инвестициялық бағасымен анықталады. Инвестициялық нарықтың конъюктурасы инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы елдер үшін. Өйткені жаңа ғана тәуелсіз алған елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға жаңа тұтыну нарығы керек. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен мұнай экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында жоғарғы қарқынды дамып келеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және мемлекеттің қаржы саясатына да сонымен қатар, кәсіпорынның таңдап алған экономикалық және қаржылық стратегияның белсенділігіне де тәуелді болып келеді. Сондай - ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек.
1) Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
2) М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
3) Аналитическая информация о состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,
4) Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент” Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год.
5) Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
6) Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
7) Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
8) Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
9) Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
10) Косжанов.Т.Н. “Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
11) Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.
12) Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
13) Ковалев В.В. Финансовый анализ Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
14) Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... . 6

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Инвестиция ұғымы және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Инвестицияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...10

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
2.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.2 Қоржындық инвестиция қарекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен
әдістері ... ... ... ... ..22
2.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның инвестициялық саясатын
талдау болып табылады.
Инвестициялық әрекетті нарықтық экономикалық жағдайда табыс алу
мақсатында шаруашылық субъектілер жүргізеді. Ол екі өзара байланысты
бөліктен тұрады:
инвестиция әрекетінің объектілері;
инвестиция әрекетінің субъектілері.
Инвестициялық әрекетінің объектілеріне жаңа ұйымдарды құру, істегі
ұйымды кеңейту, қайта құру және қайта қаруландыру бағалы қағаздар мақсатты
ақша салымдары және т.б. жатады.
Инвестициялық әрекетін субъектілеріне инвесторлар, инвестициялық
объектіні пайдаланушылар, жұмысты орындаушылар, инвестицияның барлық түрін
жеткізушілер.
Инвестициялық әрекет және оның сферасы сұраныспен, ұсыныспен және
инвестициялық бағасымен анықталады. Инвестициялық нарықтың конъюктурасы
инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы елдер үшін. Өйткені жаңа
ғана тәуелсіз алған елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары
табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға жаңа тұтыну нарығы керек.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен мұнай
экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында жоғарғы қарқынды дамып
келеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және
мемлекеттің қаржы саясатына да сонымен қатар, кәсіпорынның таңдап алған
экономикалық және қаржылық стратегияның белсенділігіне де тәуелді болып
келеді. Сондай - ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары
инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың,
холдингтердің саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның
дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді
ұйымдастыру ең бірінші орында.
Курстық жұмысымның I тарауында кәсіпорынның инвестициялық саясатының
принциптерін, көздерін және инвестициялаудың жоспарлау әдістерін
қарастырдым.
II тарауда кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы мәселесі. Әрбір
кәсіпорында бұл мәселелерді шешу амалдары қарастырылып қойғанымен, нақты ол
жүзеге асырылмауда.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1.1 Инвестиция ұғымы және оның мәні

Қазіргі таңға дейін эканомикалық әдебиеттерде “инвестиция” сөзі
әртүрлі мағынада қолданылды. Көптеген авторлар капитал салымы мен (күрделі
қаржы) мен инвестицияның арасындағы айырмашылықтарды ажыратпайды; ал
басқалары барлық салымдарды, олардың бағытталған мақсатына қарамастан
инвестиция деп атайды.
Инвестицияға өз заманында Дж.М.Кейнс көңіл бөлді. Ол бойынша,
инвестиция дегеніміз белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық мүліктердің
өндіріс қызметі кезінде құндылығының ағымдық өсуі, немесе белгілі бір
уақыт ішіндегі табыстың жұмсалмаған бөлігі. Бірақ инвестицияға берілген бұл
анықтама өте кең мағынада берілген, ол тек инвестиция мен жинақтар арасында
параллель жүргізіп қоймайды, сонымен қатар ол инвестицияның масштабын
түзейтін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) факторларды ескермейді.
Қазіргі жағдайларға сай ең дәл анықтаманы Пол Хейнеберген берген. Ол былай
жазады: “Кейнстің жүйесіндегі табыс пен өндіріс жиынтығының тербелісісің
алғашқы себебі, қалаулы инвестициялық шығындардың көлемінің өзгеріп
отыруы”. Енді біз инвестиция дегеніміз не екенін анықтаймыз!?
Инвестициялау дегеніміз біз болашақта күтетін табыстарды алу үшін
белгілі бір игіліктерді сатып алу. Мысаы: фирма сатып алған станоктар
алсақ, ол инвестицияға егер біз акция сатып алсақта инвестицияға жатады.
Бірақ, қазіргі экономистер берілген анықтаманы бұрмалап, сатып
алынған игіліктің астарында әртүрлі түсініктерді қалыптастырады. Көбінесе,
инвестиция ретінде негізгі капиталдық салымдар, және шикізат,
материал,энергия сатып алуға жұмсалған ағымдағы шығындар қабылданады.
Мысалы, Журавлева Г.П және И.Ю.Малышева былай дейді: “Инвестиция дегеніміз
өндірісті кеңейтуге және жаңартуға жұмсалған шығындар, яғни жаңа
техналогияларды енгізуге,материал және т.б құрал - жабдықтар, еңбек
құралдарын жаңартуға жұмсалған шығындар. Бұл жерде негізгі және айналым
қорлары ажыратылмайды, және де Ғылыми-техникалық прогресске салынған
инвестициялар,адам және т.б. есептелмейді. Осындай ұстанымды қазақтардың
кейбір экономистері ұстанып отыр. Олар инвестициялық қызметтің негізгі
объектісі ретінде айналым құралдарын алып отыр. Сөйтіп, экономистер
бойынша, инвестиция мен капитал салымдары (күрделі қаржылар) арасындағы
басты айырмашылық, инвестицияның негізгі капиталды кеңейтуге, айналым
құралдарын толықтыру мүмкін.
Менің ойымша, инвестицияның нақты анықтамасы, толық болмасада мыналар
болып табылады: “Инвестицияның мағынасы ағымдағы өндірістің бір бөлігі
негізгі капиталды кеңейтуге жұмсалғанда болады; ”Инвестиция дегеніміз
капиталдың ұдайы өсуіне (оны қолдау,кеңейту) жұмсалған ақша шығындары; Кең
мағынада “инвестициялау” дегеніміз болашақта үлкен көлемде табыс соммасын
алу үшін, бүкіл бар ақшадан айырылу. Негізінді бұл процеспен 2 фактор
байланысты – олар уақыт және тәуекел. Қазіргі белгілі бір мөлшерде ақша
беру керек.Сонда белгілі бір уақыт өткеннен кейін, кеш болсада да оған
табыс түседі; бірақ түсетін табыс мөлшерде белгісіз болады. Кейбір
жағдайларды басты фактор болып уақыт есептеледі. Мысалы, Мемлекеттік
облигациялар. Ал басқа жағдайларда тәуекел болып есептеледі (көбінесе жай
ақшалар ға жай акциялар сатып алу үшін окционға салу). Тіпті, кейде осы 2
факторда тең рөл атқарады (мысалы, жай акциялар).
Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициялары жөніндегі” заңдарында
“инвестицияға” жаңа кеңейтілген анықтама беруге тырысқан; осы анықтама
арқылы инвестиция және капитал салымдары екеуін бөлуге, ажыратуға тырысқан.
Онда былай дейді: “Инвестиция - бұл мүліктік және интеллектуалдық
құндылықтар, және оларға деген құқық, сонымен қатар интеллектуалды
жекеменшік, яғни инвесторлардың (кәсіпкерлердің) табыс алу үшін кәсіпкерлік
қызметтің объектілеріне салу”. Бірақ берілген анықтама анық емес және
бірдей мағынада талқыланбауы мүмкін. Сонымен қатар бұл анықтама тек
салымдарды ғана қамтиды; олар кәсіпкерлік қызметтің объектісіне және тек
коммерциялық табыс әкелуге бағытталған. Бірақ, шетел теориялары мен
практикасында инвестицияның тиімділігі тек оның қаржылық (коммерциялық)
тиімділікпен емес, экономикалық тиімділікпен де ажыратылады. Экономикалық
тиімділік - бүкіл қоғамның мақсатын, материалдық емес мінездегі және оларға
жұмсалған шығындарды есептейді. Оған қарап, мен: “Қазақстан Республикасының
шетел инвестициялары туралы” заңы инвестицияның барлық түрлерін
бейнеленбейді”, - деп айта аламын.
Сонымен “инвестиция” немістің “inversition“ деген сөзі және бұл
кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін
көрсетеді: Инвестиция кейбір қаржылық нәтиже алу үшін “акция немесе
облигация сатып алуды” білдіреді. Мысалы; тауар өндіру немесе сату үшін
қажет машиналар. Ең кең мағынада инвестиция еліміздің экономикасының дамуы
мен өсуін қаржыландыруға қажетті механизмді қанағаттандыру болып табылады.
Инвестиция бұл кәсіпкерлік және т.б қызмет түрлерінің объектілеріне
салынатын құндылықтардың нәтижесінде пайда болатын табыс немесе әлеуметтік
тиімділік.
Инвестицияға жататын объектілерге:
-Ақша құралдары,бағытталған банк салымдары,акция ж.т.б;
-жылжымайтын және жылжитын мүліктер
авторлық құқық, жер пайдалану құқығы
мүлктік құқықтар, тәжірибе және т.б. интеллектуалдық құндылықтар және
т.б.
Қаржылық анықтама бойынша инвестиция дегеніміздің өзі активтер, олар
шаруашылыққа және өндіріске белгілі бір табыс алу мақсатында салынады.
Экономикалық анықтама бойынша инвестиция, ол айналым капиталын және негізгі
қорларды жаңарту, қайта жөндеу үшін жұмсалған шығындар.

Инвестиция - бұл капитал салудың түрлері, ол салынған капиталдың
сақталуын немесе өсуін қамтамасыз етуі керек және табыстың өсуіне әкелуі
керек.

1.2 Инвестицияның түрлері

Қарапайым сөзбен айтқанда, инвестиция бұл ақша салатын кезкелген
құрал. Бұл құрал салынған ақшаның сақталуына және көбейюіне немесе табыстың
өсуіне қамтамасыз етеді. Еркін ақша құралдары – инвестиция емес, себебі
ақша инфляцияның әсерінен құнын жоғалтады және оның болғанынан ешқандай
табыс түспейді. Егерде осы ақша соммасын банктегі жинақтау шотына салсақ,
онда банк оның сақталуына жауап береді де, салынған соманы инвестиция деп
атаса болады; себебі шотқа белгілі бір пайыз көлемінде табыс түсіп отырады.
Капитал салудың бірнеше жолдары бар, оларды факторларға байланысты айыруға
болады: құнды қағазда және жылжымайтын мүлік; қарыздық міндеттемелер;
акциялар мен опциондар; аз және көп тәуекелді; ұзақ және қысқа мерзімде;
тікелей және жанама. Бірақ инвестицияны екі үлкен топқа бөлуге болады,
бұл:
шынайы инвестициялар;
қоржындық инвестициялар.
Шынайы инвестициялар негізінде ұзақ мерзімді капиталды белгілі бір
жобаға (проектке) салу, ол негізінен шынайы активтер алумен байланысты.
Салымдар ретінде қарызға алынған капиталда жүруі мүмкін, сонымен қатар
банктен алынған несиеде болуы мүмкін; мұнда банктер субъектіге айналады,
яғни шынайы инвестициялауды жүзеге асырады. Осыған байланысты, шынайы
инвестициялар – бұл салымның формасы, және де міндетті түрде өндіріс
процесіне қатысады. (Ғимарат салуға қаржы бөлу үшін, құрал – жабдықтар алу
үшін тауарлы - материалды қорларға және т. б.); сондықтан оларды кейде
тікелей инвестициялар деп атайды.
Тікелей инвестициялар – бұл салымның формасы; ол бойынша инвестицияға
құнды қағаз немесе мүлікті жеке меншікте ұстауға құқық беріледі. Мысалы:
инвестор акция, облигация, құнды монета немесе жер участкесін алады, сонда
ол ақшаның құнын сақтап қалады, сөйтіп тікелей инвестициялау жүргізіледі.
Тікелей инвнстиция бұл меншік немесе қор құндылықтары түріндегі активке
салынатын, инвесторлар міндеттемелер қоятын капитал салымы. Кейде шынайы
және тікелей инвестициялар атауы тең мағынада қолданылады.
Жанама инвестициялар – бұл қоржынға капитал салу, басқаша айтқанда
құнда қағаздар және мүліктік құндылықтар жиынтығы. Мысалы: инвестор фондтың
акциясын сатып алады, олар диверсификацияланған серияланған (әртараптанған)
құды қағаздар болып табылады және оларды әртүрлі фирмалар шығарған. Бұл
сатып алуды іске асырған соң, инвестор жеке компанияны активтеріне
міндетемеге ие бола емес. Енді оның қоржынында (портфельде) пайда болады.
Сонымен қатар мүліктік құндылыққа жанама салымдар салуға болады. Мысалы:
шектелген жауапкершілікпен компанияның пайлық бөлігін сатып алу. Көбінесе
инвесторлар тікелей салымдар салғанды ұнатады, бірақ жанама инвестицияның
өз ұнамды белгілері бар қоржындық инвестициялар салымы кезінде инвестор
тиімді инвестициондық (портфельді) қоржынды қалыптастыруға және басқаруға
ұмтылуы тиіс. Оны қор рыногында құнды қағаздарды сату және сатып алу
операциялары арқылы құрады. Ал қоржын әртүрлі инвестициялық құндылықтарың
бір жерге жиналған жиыны болып келеді. Қаржылық мүлікетер қалыптасуына
бағытталған салымдар – қаржылық инвестициялар деп аталады. Сонымен қатар
интелектуалды (метериалдық емес) инвестициялар бар, олар патент және
лицензия сатып алуға, ноу-хауға, персоналды даярлауға ғылыми зерттеу және
тәжірибелі – конструкторлы құрастыруларға, жанама және т.б. Жұмсалады.
Жоғарыда аталғандардан басқа нетто инвестициялар, брутто инвестициялар және
(валдық) жалпы инвестициялар болып бөлінеді. Нетто инвестициялар - бұл
инвестициялық жоба (проект) немесе фирма сатып алуға негізделіп жүзеге
асырылатын алғашқы инвестициялар. Ал реинвестициялар мен нетто
инвестициялар бірігіп брутто инвестицияларды құрайды. Реинвестициялар бұл
қайта босаған инвестициялық шикізаттар (ресурстар) олар жаңа өндіріс
мүліктерін дайындау мен сатып алуға бағытталған және т. б. мқсатқа
арналған. Реинвестициялар негізгі қорларды жаңартуға, технологиялық құрал –
жабдықтарды немесе процестерді модернизациялауға және (рационализациялауға)
оңтайландыруға шығаратын өнім көлемін өзгертуге номенклатулалар өзгеруімен
байланысты диверсификациялауға, жаңа өнім түрлерін шығарып жаңа шығару
рыногтарын ұйымдатыруға және т.б. жұмсалады. Валдық немесе жалпы
инвестициялар негізгі капитал көлемін өсіруге жене оның модернизайиясыына
(мүліктерді өтеу, негізгі капиталдың тежеулерін қалпына келтіруге)
бағытталған жаңа инвестициялар соммасы. Кейде инвестициялар тәуекел
дәрежесіне байланысты бөлінеді. Қаржы облысында тәуекел сөзі астарында
инвестициядан күткен табыстың кем болу мүмкіндігі деген тұжыырым жатыр
басқаша айтқанда тәуекел термині “қаламаған қорытынды алу”. Салымдардың,
яғни қаржы немесе мүліктердің абсолютті немесе қатыстық мағыналардың
кеңеюіне байланысты қауіп көп болады және керісінше. Жеке инвестор қауіп
дәрежесі жоғары тауарлармен аяқталады. Әрбір капиталдың орналасу типі
бойынша өзгеруіне байланысты өздеріне тән базалық қаупі бар, бірақ әрбір
нақты жағдайда (ситуация) тәуекел (қауіп) құралдың (инструмент) нақты
ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы: акциялар салымы облигациялар салымымен
салыстырғанда қауіп дәрежесі жоғары деп саналады, бірақ қауіп-қатері
жоғары облигацияларды да табуға болады, олардың қауіптілігі “ИБМ” және
“Макдональдс” секілді тәуір компаниялардың акцияларының салымынан жоғары.
Әрине, инвесторға байланысты эмитенттінің әділдігіне, делдалдың және
сатушының нақты қаржы құралдарына байланысты қауіп дәрежесі өседі немесе
кемиді. Қауіп дәрежесі төмен инвестициялар белгілі бір табыстың алынуының
ең қауіпсізі деп аталады. Қауіп дәрежесі жоғары инвестициялар керісінше
алыпсатарлық болып саналады. Инвестициялау және алыпсатарлық терминдері
мен инвестициялауға деген 2 жақты көзқарас белгіленеді. Инвестициялау
сөзінің астарында құнды қағаз және т.б. активтердің сатып алу процесі
жатыр, бұл жайында толық сенімділікпен былай деуге болады. Олардың бағасы
тұрақты болып қалады және бұдан тиімді табыспен қатар анықталмаған табыс
алуға болады. Алыпсату (спекуляция) алдағы активтердің операциялары арқылы
жүргізіледі, бірақ мұнда күткен табыстың бағасы мен деңгейі тұрақты емес.
Әрине алыпсатудың (спекуляцияның) қауіп дәрежесі жоғары болса, олардан
күткен табыста жоғарлайды.
Инвестицияның қызмет ету ұзақтығы бойынша ұзақ және қысқа мерзімді деп
бөлінеді. Қысқа мерзімді инвестицияның қызмет ету уақыты бір жыл ғана; ал
ұзақ мерзімді инвестицияның қыфзмет ету уақыты бір жылдан көп, кейде жай
акциялардағы секілді уақыты шектелмеген. Мысалы: депозитті сертификат,
уақыты алты ай – бұл қысқа мерзімді салым құралы, ал өтеу ұзақтығы жиырма
жылдық облигациялар – бұл ұзақ мерзімді салым құралдары болып табылады.
Бірақ, ұзақ мерзімді құнды қағаздарды сатып алып, қысқа мерзім өткеннен
соң, мысалы, алты айдан соң оны сатса, ондай инвестор ұзақ мерзімді
құралдарды қысқа мерзімді мақсаттарға қолданады. Жалпы инвесторлар
өздерінің салымдарына ыңғайлы ұзақтықтағы құралды қолданады. Егер
инвесторда алты ай ішінде қолданылмайтын сомасы болса, алты айға депозиттік
сертификат сатып алады; егер инвестор қырықта болса, ол зейнетке шығарда
ақша сақтау үшін жиырма жылға компанияның облигациясын сатып алынуы мүмкін.
Мерзіміне байланысты инвестицияларды шектеу пайдасыз және бұл көзқарас
салық салымы жаығнан да пайдасыз, яғни тиімсіз. Қазіргі салық заңдары қысқа
және ұзақ мерзімді инвестициялардың шығындары мен пайдалары арасында
ешқандай шекара жүргізілмейді. Көбінесе, инвестициялар қарыз берушінің
қалауымен байланысты, немесе жеке меншік иесінің капиталға қатысу ретінде
байланысты болады.

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты

Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін
оның тактикасы болу керек. Біз оны стратегиялық инвестициялық саясат
дейміз.
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін
іске асыру және сол іске асырудың механизмі.
Пайда алу мақсатында көлемді құрылымды белгілейтін шаруашылық
шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында
(кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәсіпорынның инвестициялық
саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы:
өндірістің құрылымын жетілдіру, даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше
орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін
жоғарлату.
Басқарудың экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік
жағдайды кешіру және нарықтық қатынастарға өтуде перспективаға
инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамасыз ету керек, жаңа
шаруашылық механизммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін
байланыстыру және салымдардың рационалды пайдасын қамтамасыз ету, елдің
әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның
нәтижелігін жоғарлату болып табылады.
Кәсіпорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынадай шараларды
қолдану керек:
экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің
жолдарын табу;
пайданы көздеу;
жалпы шығындарды азайту;
мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны,
гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
инвестициялық тәуекелділік;
инвестицияның өтімділігі.
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттың ерекшелігі техникалық
қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу,
инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына
жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде мыналарды ескеру
керек:
өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
өндірістің техникалық дәрежесі;
бітпеген құрылыс;
лизинг арқылы құрал-жабдықтарды алу мүмкіншілігі;
меншікті қаржының жеткіліктілігі;
капитал нарығының конъюктурасы;
мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
сақтандыру қызметі;
салық;
маркетингтік зерттеу;
өнімнің сату бағасы;
өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
жалпы өнімнің мөлшері;
инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының
динамикасы;
нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншілігі.
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар
(сызулар, түсіндірмелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және
жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі
болып инвстициялық жобаның құнның анықтайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар (сызба, есептер, жаңа құрылған
ғимараттардың макеті, құрылыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала
тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім
уақыт бойы жүзеге асады - идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарықтық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау
үшін жұмыстын басталуы мен аяқталуын нақты білу керек. Зерттеуші, ғалым
үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін - алғашқы
ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны
өткізуден алатын пайда қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер
үшін – жұмыстың аяқталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аяқталуы –
қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық
қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде
негізделу керек.
Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы
инвестициялық цикл деп аталады.
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әрқайсысының өз
мақсаттары мен міндеттері бар:
инвестицияға дейінгі - бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны
қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
инвестиция кезеңі - келісім шарт жасау кезеңі
өндірістік кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету
кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар
инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші
пәндер (өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, анализ т.б
) облысына кіреді.
Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады.
Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан
объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық
бағалауын, өтімділік бағасын зерттеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе
мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.
Дамыған елдерде инвестицияға дейінгі кезеңді орындау шығындары жобаның
сомасынан 1,5-5,5 % құрайды, соның ішінде: инвестициялық мүмкіншіліктің
құрылуы 0, 0,2-1%, инвестиция негізінде 0,25-1,5% шағын жобалар үшін
техника-экономикалық зерттеулер үшін 1,0-3,0 %, ірі жобаларға 0,2-1,2%.
Жобаның алғашқы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін
ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес -
жоспарын құру. Бірақ, уақытында токтау деген принципке сүйене жүру керек,
яғни жұмыстын басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:
жобалық кәсіпорынды таңдау;
жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
жобалық және құрылыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;
деталдық жоспарлау және спецификация;
құрылыстық орындардың сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер
мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қысқа мерзімді займдар анықталады.
Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны,
оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде
қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрылымын құрылыстық өндірістік
жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану
шығындарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қр-да инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы
Кәсіпорындағы дивидендтік саясатты басқару
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУ САЯСАТЫ
Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру
Қаржылық менеджмент оқу құралы
«Транс Техно Сервис» ЖШС- нің ағымдағы және корреспонденциялық шоттардағы ақшалардың есебі
Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің түрлері, ерекшеліктері
Пәндер