Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 Қазақстандағы этносаралық қарым.қатынас мәдениетін зерттеудің әдіснамалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.1 Этносаралық қарым.қатынастарда әлеуметтік зерттеу мәдениетінің қалыптасу мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.Қазақстандағы этносаралық қатынастардың зерттеудің күйі және даму қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2 Қазақстандағы ұлтаралық қарым.қатынас қалыптастырудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.1 «Қазақстан халықтар Ассамблеясы» құрылу қарсаңындағы этносаралық қарым.қатынас мәдениетінің құрылымы және негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Ұлтаралық қарым.қатынастар саясатының жүргізудің мақсат.міндеттері және ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3 Қазақстандағы этносаралық қарым.қатынастардағы ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.1 Қазақстандағы «Бұқаралық ақпарат құралдары» және оның қоғамдық.саяси өмірімен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
3.2 Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым.қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі дамушы қоғам уақытында этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзектілікке ие. Себебі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінен бергі жылдары 130-ден астам этнос өкілдерінің бірлесіп өмір дағдысын кешуі, ортақ реттеуші институттың қарқынды жұмысы қажеттілігін тудыратыны рас.
Этносаралық қарым-қатынасқа әсер етуші экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, ақпараттық дамушы технологиялық жаңашылдықтарды қолдануының сапалы түрде болуы, қажеттілік. Аталған тақырыпқа байланысты ұлтаралық мәселелердің реттеуші институтының мақсат-міндеттерінің мәні ол «бейбітшілік орнату» болып табылатыны айғақ.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттан «этнология» ғылымының өзіндік даму қарқыны пайда болып, ерекше мәнге ие болуы, еліміздің басқа ұлттарға «толерантты» саясатын ұстану үшін қажеттілік болатыны анық. Бұл саланың (этнолгия) жаңашыл иновациялы әлем дағдысындағы Қазақстан үшін бір қалыпты динамикалық дамуы, басқа салалармен ықпалдаса жұмыс атқаруына әлкеліп соқтырды. Соның ішінде ұлтаралық қарым-қатынас мәнісіндегі «ақпараттық қауіпсіздік» мәселесі дамыған ақпараттық заманда қарым-қатынастарды реттеуші әрі ұшықтырушы инструмент ретінде қолдануға болатыны рас. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды «ақпарат» арқылы «манипуляциялауға» болатынына күмән жоқ. Себебі бір байрақтың астында жиналған 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір-біріне деген қарым-қатынасының «оң» және «теріс» болуына «ақпаратты заманда» фильтілеуші институт керектігі оқиғалармен көрсетілгені мәлім. А.Байтұрсыновтың айтарлық сөзіне байланысты “Газет – халықтың көзі, құлағы және тілі” демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын бақылау арқылы БАҚ-тың прогрестік мәнінен аңғарамыз. Сол «ақпараттық әлемнің» даму деңгейне қарай «интернационалды қоғам» арасында «ақпараттық сауаттылық» түсінігінің мазмұнын оның шешуші мағыналық басым жағы «сауаттылық» сөзіне көңіл аудармай анықтау мүмкін емес [1, 23 б.]. Сондықтан қазіргі саяси, экономикалық қауіпті ақпараттарды барлық ақпарат желілерінде(интернет, газет, БАҚ...) реттеуші рөлдегі «ақпаратты сараптаушы»(фильтірлеуші) институт құру қажетілігің уақыт талабына байланысты өзектілігі артанынына күмән жоқ.
1 Ақпараттық мәдениет негіздері. / Бекова С.М., Якупова Р.И., Тастанбекова Г.Н. - Алматы: Бастау баспасы, 2011. - 232 б.
2 Кадыржанов Р. К. Общечеловеческие и национальные ценности в изменяющемся обществе. - Алматы: Ақыл кітабы, 1997. - 220 с.
3 Нысанбаев Ә.Н. Егемендікке ие болу мен нығаюы жағдайындағы қоғамдық сананың эволюциясы және жаңа құндылықтар жүйесінің қалыптасуы // Тәуелсіз Қазақстан философиясы. - Астана: Аударма, 2006.- 544 б.
4 Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - Москва: Академия, 2005. - 352 с.
5 Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы . / ред. басқарған Петровский А. В. - Өңд. толық. 2-ші бас. аударылды. - Алматы: Мектеп, 1987. - 287 б.
6 Маркс К., Энгельс Ф. О воспитании и образовании. - М.: Педагогика. -В 2-х т. 1978. – Т.1. - 545 с.
7 Буева Л.П.Человек: деятельность и общение. - Москва.: Мысль, 1978. - 216 с.
8 Философия. / Құрастырған: Ғабитов Т. Х. ¬- Алматы: Қаржы¬ Қаражат, 2002. - 350 б. ¬
9 Андреева Г.М. Социальная психология:Учебник. - 3-е изд. - Москва: Наука,1994.- 325 с.
10 Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику: учеб. пособие для студентов. - Москва: Институт практической психологии, 1997. - 568 с.
11 Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Қойгелдиев М., Төлеубаев Ә., Қасымбаев Ж., т.б. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. - 304 б.
12 Казьмина О.Е., Пучков П.И. Основы этнодемографии: Учеб. пособие. - Москва: Наука, 1994. - 253 с.
13 Жамбылов Д. Саясаттану: оқулық / Жамбылов Д.А. - 2-бас., өнделiп, толық. - Алматы: Жетi жарғы, 2005. - 280 б.
14 Потенциальные этноконфликты в Казахстане и превентивная этнополитика. - Алматы: КИСИ при Президенте РК, 1997. - 40 с.
15 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Қазақстан, 1995. - 47 б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі

Астана 2015

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1 Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеудің әдіснамалық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.1 Этносаралық қарым-қатынастарда әлеуметтік зерттеу мәдениетінің қалыптасу мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.Қазақстандағы этносаралық қатынастардың зерттеудің күйі және даму қарқыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2 Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас қалыптастырудың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33
2.1 Қазақстан халықтар Ассамблеясы құрылу қарсаңындағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің құрылымы және негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.2 Ұлтаралық қарым-қатынастар саясатының жүргізудің мақсат-міндеттері және ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
3 Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастардағы ақпарат және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.1 Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары және оның қоғамдық-саяси өмірімен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
3.2 Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..71
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі дамушы қоғам уақытында этносаралық қарым-қатынас мәселесі өзектілікке ие. Себебі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінен бергі жылдары 130-ден астам этнос өкілдерінің бірлесіп өмір дағдысын кешуі, ортақ реттеуші институттың қарқынды жұмысы қажеттілігін тудыратыны рас.
Этносаралық қарым-қатынасқа әсер етуші экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, ақпараттық дамушы технологиялық жаңашылдықтарды қолдануының сапалы түрде болуы, қажеттілік. Аталған тақырыпқа байланысты ұлтаралық мәселелердің реттеуші институтының мақсат-міндеттерінің мәні ол бейбітшілік орнату болып табылатыны айғақ.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттан этнология ғылымының өзіндік даму қарқыны пайда болып, ерекше мәнге ие болуы, еліміздің басқа ұлттарға толерантты саясатын ұстану үшін қажеттілік болатыны анық. Бұл саланың (этнолгия) жаңашыл иновациялы әлем дағдысындағы Қазақстан үшін бір қалыпты динамикалық дамуы, басқа салалармен ықпалдаса жұмыс атқаруына әлкеліп соқтырды. Соның ішінде ұлтаралық қарым-қатынас мәнісіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесі дамыған ақпараттық заманда қарым-қатынастарды реттеуші әрі ұшықтырушы инструмент ретінде қолдануға болатыны рас. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды ақпарат арқылы манипуляциялауға болатынына күмән жоқ. Себебі бір байрақтың астында жиналған 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір-біріне деген қарым-қатынасының оң және теріс болуына ақпаратты заманда фильтілеуші институт керектігі оқиғалармен көрсетілгені мәлім. А.Байтұрсыновтың айтарлық сөзіне байланысты "Газет - халықтың көзі, құлағы және тілі" демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын бақылау арқылы БАҚ-тың прогрестік мәнінен аңғарамыз. Сол ақпараттық әлемнің даму деңгейне қарай интернационалды қоғам арасында ақпараттық сауаттылық түсінігінің мазмұнын оның шешуші мағыналық басым жағы сауаттылық сөзіне көңіл аудармай анықтау мүмкін емес [1, 23 б.]. Сондықтан қазіргі саяси, экономикалық қауіпті ақпараттарды барлық ақпарат желілерінде(интернет, газет, БАҚ...) реттеуші рөлдегі ақпаратты сараптаушы(фильтірлеуші) институт құру қажетілігің уақыт талабына байланысты өзектілігі артанынына күмән жоқ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі ұлтаралық қоғамды құраушы әлеуметтік топтар арасындағы байлансты айқындау үшін Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность [4] тұлға болып қалыптасу үшін индивид әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңдерін бастан өткізуі керектігін анықтап, өзіндік пікір жасаған: "Туылған сәтінде нәресте адамға кандидат қана, ал оқшау болған жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді" деп айтылуы ұлтаралық қарым-қатынастардың дамуы, индивидтердің бір-бірімен тығыз байлыныс барысында дамыйтынын дәлелдейді. Сол тұлғалардың бір-бірімен саналы индивидуалдық және ұжымдық саналарының ұштасуын А. В.Петровскийдің педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы [5] еңбегінде өзіндік тұжырымдамасын ұсынған. Ол индивидтің немесе әлеуметтік топтың әлемді белгілі бір тәртіппен қабылдаудың, ойлауының және әрекет етуінің ерекше қалпы мен жүйесі жиынтығын білдіреді. Тұлға менталитеті дәстүрдің, мәдениеттің және адамның әлеуметтік ортасы негізінде қалыптасады және өз кезегінде оларға да әсер етеді. Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылатынын көрсеткен. Сол қоғамдық қатынастардың Л.П. Буеваның [7] человек: деятельность и общение еңбегіндегі ұсынған пікірінше, интернационалды қатынастар мен қарым-қатынас бір бірімен мазмұн мен форма (қоғамдық қатынастар - мазмұн, ал қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың формасы) іспеттес болады. Қоғамдық қатынастардың мазмұндық жағы экономикалық, саяси, адамгершілік, ұлтаралық және басқа қатынастар болып, олар адамдардың қарым-қатынастарында жүзеге асатынын көрсетуі, ұлтаралық байланыстарды құраушы индивидтердің әрбір іс-әрекеттерінің маңыздылығын дәлелдейді. Бағзы замандағы аңыздардың бірінде өзеннің екі жағалауын мекендеген өзара жауласқан екі тайпа жөнінде әңгіме болады. Бірде сиқыршы сол тайпалардың бірінің адамын кезіктіріп оған: "Менің шартымды орындасаң, мен саған не қаласаң соны берейін, ол шартым - қарсы жағалаудағы тайпа өкілінің алатыны сенікінен екі көп болсын", - депті. Сонда әлгі кісі былай деп жауап қайтарады: "Менің бір көзімді ойып түсір". Ол жауыққан тайпа адамының екі көзінен бірдей айрылғанын қалап еді. Тайпааралық және ұлтаралық жауығу ғасырлар бойы орын алып келеді. Адамзаттың әлеуметтік тарихынан халықтар арасындағы өзара қатынас проблемасынан өткен соншалықты күрделі, қайшылықты да шиеленіскен мәселені табу қиын екендігі баршамызға А.В. Мудрик [10], О.Е. Казьмина [12], Байтенова Н [29] еңбектерінде көрсетілді. Мысалы, ең тыныш саналатын Еуропаның өзінде Францияда діни-этникалық, Солтүстік Ирландияда-діни-нәсілдік, сияқты мәселелердің бар екендігі белгілі. Діни - этностық себептер бойынша Таяу және Орта Шығыстың, Оңтүстік Азияның мемлекеттері арасындағы көп жылдарға созылған қарсы тұрушылық жалғасуы проблематиканың мәнін ашуға жол ашты. Этносаралық қақтығыстардан болған құрбандардың саны кәдімгі соғыстардан да көп. Мәселен, ХХ ғасырдың екінші жартысында 300-ге жуық қақтығыс тіркелсе, олардың салдары айтарлықтай адам өліміне алып келді. Жоғарыда көрсетілген мысалдар негізінде этносаралық қақтығыстардың қоғам үшін ауыртпалығы зор екені белгіленді. Этнология ғылымының әдіснамалық мәдениеті қарастырылып, сол саланың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы толық көрсетілді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта этносаралық қарым-қатынас мәселесінің толерантты реттеуші және оны ушықтырушы БАҚ екені анықталып, ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің көтерілуі біз үшін қажеттілік екені көрсетілді. Ақпараттық қауіпсіздік еліміздегі көпұлтты қоғам арасында тұрақты және толерантты идеологиялық өмір дағдысына бағдар беруші ретінде анықталды.
Н. Назарбаев [16] еліміздің сол қоғамдық байланыстарды зерттеп зерделеу маңыздылығы уақыт талабына сай жоғарылағаны айтқан. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта еліміздің көпұлтты қоғам ретінде қалыптасуы, оған әсер етуші факторларды және реттеуші институттардың жоғарғы жұмысын қажет еткендігі мәлім. Елбасы, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттары өз қызметінде Қазақстан қоғамының көп ұлтты құрамын жан-жақты ескеріп отырады. Біздің жетістіктеріміз, елімізде болып жатқан ұлттық процестерде ешқандай проблемалар жоқ деген ұғым туғызбауға тиіс. Қайшылықтар даму атаулының қайсысына болса да тән, олар бұл салада да болмай қоймайтыны толық көрсетілді . Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік - құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады. Сол қайшылықтар туғызатын жаңа заман құралы бұқаралық ақпарат құралдары екендігі анық. Жаңа ғасыр уақытындағы өз екпінімен этносаралық қарым-қатынастардың реттеуші және шиеленістіруші бұқаралық ақпарат құралдары екені рас. Бұқаралық ақпарат құралдарының тарихи саяси түрде дамуы және қоғамда белең алуын 1840 ж француз жазушысы О. де Бальзак баспа сөзді төртінші билік деп негізге алуы бекер емес. Билік институтында бұл саланың БАҚ-дың тура мағынасындағы орны болмағанымен, жаңашыл дәуірде оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін еместігі мәлім. Қазіргі кезде ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік баға беретін құрал ретінде танылуы қарқынды дамуының белгісі. Қазақ еліміздің тарихи қалыптасқан XX-ғасырдың бас шеніндегі зиялы өкілдеріміздің бірі А.Байтұрсыновтың айтарлық сөзіне байланысты "Газет - халықтың көзі, құлағы және тілі" демекші, көп жетістіктердің болмысы мен сипатын бақылау арқылы БАҚ-тың прогрестік мәнінен аңғарамыз. Сол ақпараттық әлемнің даму деңгейне қарай қоғам арасында ақпараттық сауаттылық түсінігінің мазмұнын оның шешуші мағыналық басым жағы сауаттылық сөзіне көңіл аудармай анықтау мүмкін еместігін С.М. Бекова, Р.И. Якупова, Г.Н. Тастанбекова [1], еңбектерінде, Р.Ә.Нұртазина Қазақстан Республикасы: БАҚ және саясат еңбегінде [35] толыққанды көрсетеді.
Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысының деректік негізін ғалымдардың этносаралық байланыстарға әсер етуші және оларды құраушы факторларға негізделген еңбектері құрайды. Атап айтатын болсақ, Р. К. Кадыржановтың өзгермелі ұлттық және жалпы қоғамдық құндылықтар жөніндегі пікірі, Леонтьев А.Н., Буева Л.П., Андреева Г.М., этносаралық қарым-қатынастарды әлеуметтік тұрғыдағы тұжырымдамалары, сондай-ақ этносаралық байланыстарға әсер етуші фактор ретінде заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі таңдағы рөліне байланысты Бекова С.М., Якупова Р.И., Тастанбекова Г.Н., Р.Ә. Нұртазинаның зерттеулері, сонымен қатар 1999 жылғы санақтың облыстар бойынша ұлттық құрамы және Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі қалыптасқан жағдайы жөніндегі мәліметтер диплом жұмысының деректік негізін құрайды. Аталған тақырыптың өзектілігін көрсету үшін жастар арасындағы сауалнамадан алынған статистикалық мәліметтер де диплом жұмысының деректік негізін құрайды.
Диплом жұмысының мақсаты: Әлемдік мемлекеттер тәжирибесін мысалға ала отырып, қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастардың даму қарқынын зерттеп және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бойынша этникалық қақтығыстардың алдын алу мен реттеуші институттардың табиғатына, мазмұнына және қолдану ерекшеліктеріне сараптама жүргізу және олардың тиімділігін арттыру бойынша негізгі бағыттарды анықтау.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеудің әдіснамалық мәселелерін көрсету;
Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуші институттардың жұмысының қарқынын көрсету;
Тәуелсіздік алғаннан бергі этнология бойынша ресейлік ғалымдардың негізінде ғылыми зерттеулердің мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Тақырыпты талдауда біз соңғы жылдары заман ағымына байланысты отандық этнология ғылымында болып жатқан жаңа методологиялық бағыттарды негізге алдық. Зерттеу барысында жүйелілік, этнографиялық-салыстырмалылық секілді ғылыми таным принциптерін басшылыққа алдық. Тақырып ауқымына кіретін этнографиялық деректерді, ғылыми еңбектер мен ғаламтор желісінен жиналған мәліметтерді теориялық әдісті қолдана отырып, типологиялық жүйесін құрастыруға тырыстық. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегінде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен ой-пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып, зерттеу барысында талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.
Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастарды жүйелеу, және Тәуелсіздік уақытынан бастап даму қарқынын салыстырып көрсетуге тырыстық.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастардың әдіснамалық зерттеуі жаңашыл қоғам үшін толерантты өмір дағдыны орнықтыру үшін бағдаршы;
- Ұлтаралық байланыстардағы ҚХА тұрақтылық сақтау үшін ерекше мәнге ие;
- Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясында "Ежелгі қазақ жерінде халықтардың, өркениеттердің, мәдениеттер мен алуан діни сенімдердің бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүруінің бай да бірегей тәжірибесі жинақтауы ерекше екендігі заманауи қажеттілік;
- ҚР этносаралық қарым-қатынастардағы Бұқаралық ақпарат құралдары мәселесінің жаңашыл қоғамда қолдануы реттеуші әрі ақпараттандырушы құрал ретінде қолдануы мәніне ие;
- Ұлтаралық байланыстардағы Ақпараттық қауіпсіздік мәселесінің көтерілуі біз үшін қажеттілік;
- Ақпараттық қауіпсіздік еліміздегі көпұлтты қоғам арасында тұрақты және толерантты идеологиялық өмір дағдысына бағдар беруші;
Диплом жұмысының құрылымы. Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі тақырыбындағы дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан әр тарау екі тақырыпшадан, қорытынды мен пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеудің әдіснамалық мәселелері

1.1 Этносаралық қарым-қатынастарда әлеуметтік зерттеу мәдениетінің қалыптасу мазмұны

Қазақстан - Еуропалық және Азиялық қасиеттері тоғысқан, әлемдегі әртүрлі мәдени және саяси үлгілерді бір жерде қордалаған ерекше сипаты бар, Орталық Азиядағы бірегей мемлекет. Онда қазіргі кезеңде әртүрлі халық өкілдері бірге өмір сүруде, сондықтан елдегі ұлт саясаты көп түрліліктің бірлігі тұжырымдамасын ұстанады. Әрине, түрлі мәдениеттер мен дәстүр-лердің үндесуі кездейсоқ болған жоқ, оның астарында көптеген тарихи себептер бар. Дегенмен біздерге қазіргі заманауи кезеңде еуразиялық және азиаттық мәдениеттің үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндіктер ашылып отыр. Осылайша, Қазақстан өзінің этносаяси кеңістігінде ұлтаралық бірлік ұлттық идеясын өзара қарым-қатынастардың үндестігі деңгейінде тәжірибе жүзінде қалыптастыруға кіріскенін байқаймыз. Ол елдегі Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуынан, оның пәрменді іс-әрекетінен байқалады.
Еліміздегі қазіргі замандағы әртүрлі этнос қауымдастықтарының мәдени құндылықтарының арласып синтезделуі, ықпалдасуы, кірігуінің заманауи БАҚ-пен байланысының болашағы қандай жағдайда мүмкін? деген сауал туындауы заңды (Қосымша А). Бұрынғы Кеңестік кезең социалистік принципті бекіте түскен әлеуметтік ортаға Қазақстанның этномәдени кеңістігін жатқызамыз. Сондықтан еліміз халықтар достығының лабораториясы деген атаққа ілініп, кез келген Ондай азамат үшін барлығы жергілікті халықтың тілін, ділін, дәстүрін, салтын, дінін білу қажеттілігі болмады, оған тек орыс тіліндегі мағлұматтар мен ақпарлар жеткілікті еді. Ал, бұндай жағдай қазақ халқының мәдениетінің құндылықтық деңгейін біршама төмендетті, тек қазақтардың өздеріне керек дүние ретінде бағаланды. Озық, өркениетті мәдениеттің қайнарынан сусындаймын деген қазақтар өзінің ұлттық мәдениетіне кейбір үстірттілікпен қарай бастайды. Сөйтіп, тарихи үдерісте ұлттық құндылықтардың жатсынуы ерекше құбылыс ретінде этноорганизмнің бойына дендей бастайды.
Қазіргі Қазақстан жағдайында этносаралық қатынастарды үйлесімді мағынада өрбіту қажеттілігі бар екені даусыз. Тек оны басқа этникалық мәдениет үлгілерінен Қазақстанның негізгі ұлты - қазақтардың құндылықтар әлемін оқшаулау арқылы емес, сондай-ақ қайта басқа этнос қауымдас-тықтарының мәдени кеңістігіне жақындату арқылы жүргізу керек екені байқалады. Қазақ халқының мәдени құндылықтары жалпы адамзаттық құндылықтар сипатына барынша сәйкес келген жағдайда ғана жалпы еліміздің мәдени кеңістігінде этносаралық мәдени синтезге, сиысушылыққа, өзара ықпалдасуға негіз болатынын кейбір зерттеулерде атап өтіледі [2, 37 б.].
Жалпы Қазақстан халқының дініне, діліне, тіліне қарамай іштей біртұтас қоғамдық құрылым болуға топтасуы (консолидация) үрдісінің табысты болуы, оның болашағы - дүниетанымдағы құндылықтар векторының және оның бағдарының ұтымды таңдалуына, өрбуіне байланысты екені айтылады.
Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы жолын этноәлеуметтік кезеңдеудің бірнеше нұсқасын гуманитарлық салада кездесуге болады. Солардың ішінде қазақстандық зерттеуші Ә.Н.Нысанбаевтың авторлық позициясына тоқтала кетелік. Ол өзінің кейбір үзінділері Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасына енген Қазақстанның тәуелсіздігіне 15 жыл: жаңа қоғамдық сананың қалыптасуы. Алматы: Философия және саясаттану институты деген еңбегінде төмендегідей жәйттер жөнінде ойлар қозғалады. Автор Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік жолдары кездесетін еуразиялық держава ретіндегі Қазақстанның ерекшелігін өркениеттік кеңістікте қалай сақтауға болады? деген проблемалық мәселені алға тарта отырып, осындай күрделі сұрақтарға жауаптар этникалық мәселелерді шешу тәсілдерімен анықталып, астасып жататындығына тоқталады. Қоғамдық ғылымдарда мәселенің шешімін табудың бірнеше вариантары мен сценариялары болғаны және олардың барлығы қоғамдық сана деңгейінде ұсынылғаны тұжырымдалады. Бірінші жауап қазақтың ұлттық санасының жоғары биіктеуімен байланыстырылды. Халықтың тарихын жадын құртуға немесе жоюға болмайтындығын растайтығын туған елдің тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық күшейе түсті. Бірақ бұл тарихи жағынан алғанда заңды және ақтауға тұрарлық көңіл-күй бірақтан этнократиялық бағыттағы үрдістерді өрбітті. 1993 жылдың Конституциясы өзінің алғашқы позицияларында этнократизм идеологиясын бекіткен еді. Оған жауап ретінде орыс тілді тұрғындардың жаппай миграциясы басталды. Этникалық орыстар - Ресейге, этникалық немістер - Германияға көше бастады. Қазақстаннан кеткен адамдар негізінен жоғары білімдері бар мамандар болатын. Осының нәтижесінде республика тұрғындары 1 миллионға қысқарып, экономика еңбекке жарамды кадрлардан айрылды деген ойды ғалым пайымдайды [3, 66 б.].
Дамушы жаңа ғасыр ғылымның қазіргі жетістіктері адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтік факторлар да маңызды рөл атқарып, эволюциялық даму өнімі екеніне тұжырымдауға мүмкіндік береді. Өзінің мәні жағынан адам әлеуметті жан. Сонымен қатар ол табиғаттың жемісі және оның ауқымынан тыс өмір сүре алмайды, өзінің биологиялық қажеттіліктерін өтейді. Қоғам арасында Әлеуметтік және биологиялық мәселелерді қарастырғанда екі көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтік факторларды абсолюттендіру мен биологиялық факторды абсолюттендіру. Біріншісінде адам әлеуметтік ортаның абсолюттік нәтижесі болып көрінеді. Екінші концепцияға әр түрлі биологияландырушы ілімдер жатады. Оның ішінде, мысалы, табиғи тұрғыда бір нәсілді екіншісінен жоғары қоятын нәсілшіл теорияларды жатқызуға болады. Нәсілшілдіктің баянсыздығын адам генотипі ерекшелігінің нәсілдік емес, жекелік деңгейде көрінетіндігі арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нәсілдік, ұлттық немесе әлеуметтік генотиптер өмір сүрмейді. Ч. Дарвиннің табиғи сұрыптау ілімін негізге ала отырып, қоғамдық өмірді түсіндіруге тырысқан социалдарвинизмнің өкілдері де осы биологияландырушы позицияны ұстады. Адамның өмір сүруі өзінің алуан түрлі формалар, түрлері мен қасиеттері көріністерінің бүтін тұтастығы ретіндегі индивид болмысы болып табылады. Бұл бүтіндік, ең алдымен, адамдағы үш негізгі бастаудың - биологиялық, әлеуметтік және психикалық бастаулардың тұтастығымен танылады, адамның биопсихоәлеуметтік феномен екендігінен көрінеді. Сондықтан да, адамның қабілеттерінің дамуы және оның бүтін тұлға ретінде қалыптасуы әрқашан да осы негізгі факторлармен байланысты: табиғи жаратылыспен, әлеуметтік орта мен және ішкі менімен (ерік, ұмтылыс, мүдде т.б.). Тұлға болып қалыптасу үшін индивид әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңдерін бастан өткізуі керек. Осыған орай төмендегі пікірмен де келісуге болады: "Туылған сәтінде нәресте адамға кандидат қана, ал оқшау болған жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді" [4, 226 б.]. Мәселен, әлеуметтік жағдайлардан тыс, тек биологиялық қана адамды тұлға ретінде қалыптастыра алмайды. Адамды тәрбиелеу барысында қазіргі кездері кеңінен таралып жүрген менталитет, ментальдық сияқты ұғымдарға көңіл аудару қажет. Ментальдық ұғымның құрамын бейсаналылықты (бессознательное) да енгізетін индивидуалдық және ұжымдық сананың терең деңгейімен байланыста келеді. Ол индивидтің немесе әлеуметтік топтың әлемді белгілі бір тәртіппен қабылдаудың, ойлауының және әрекет етуінің ерекше қалпы мен жүйесі жиынтығын білдіреді. Тұлға менталитеті дәстүрдің, мәдениеттің және адамның әлеуметтік ортасы негізінде қалыптасады және өз кезегінде оларға да әсер етеді. Адамның сапалық сипаттамасын беру мақсатында индивид, тұлға индивидуалдық сияқты ұғымдар қолданылады [5, 223 б.]. Адамзат тегінің жекелеген өкілі ретінде индивид түрінде қарастырылады. Бүкіл адамзат тегіне тән жалпы белгілермен қатар, оның өзгелерден ерекшеленетін өз қасиеттері бар. Бұл табиғилыққа жататын - бойы, көзінің түсі, дене құрылысы және әлеуметтік дамуының интеллектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мәдениетінің әр түрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынастағы индивидуалдық ұғым индивид түсінігімен тығыз байланысты, оған қарағанда күрделірек және жан-жақты болады. Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи және психикалық қасиеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен, мінез-құлқынан, эмоционалдығынан көрінеді. Индивидуалдық белгілер адамның саналы әрекеттерінен де, оның пікірінен, қылығынан, мәдени қажеттілігінен де байқалады. Адамның (индивидтің) әлеуметтік қасиетінің келесі бір жоғары деңгейдегі сипаттамасы оның тұлғаға айналуы болып табылады. Адам нақты тарихи уақытта және әлеуметтік кеңістікте, тәрбие мен практикалық әрекет барысында қалыптасады. Сондықтан да тұлға әлеуметтік индивидуалдылық ретінде - бұл әрқашан да нақты нәтиже, әр алуан факторлардың өзара әрекет мен синтезі. Адам неғұрлым жоғары деңгейде әлеуметтік - мәдени тәжірибені бойына жинақтаса, тұлға соғұрлым маңыздырақ болмақ және бұл қор, өз кезегінде, оның дамуына өзінің индивидуалды үлесін қосады. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететен факторлар өте көп, бірақ оның қалыптасуындағы негізгі рөл әлеуметтік жағдайларға - тәрбиеге, білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, ата-анаға тиеселі екендігін атап өту маңызды. Философиядағы тұлға ретінде адамның мәні - оның әлем мен тарихтағы орны мәселелеріне тіреледі. Тұлға бұл жерде адамдар әрекеті мен қарым - қатынастарының, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық мұраттардың, құндылықтардың жекелік көрінісі және субъектісі ретінде қарастырылады. Әсіресе, әрекеттің тұлғаға әсері ерекше екендігін атап өткен жөн. Адам әрекет негізінде және оның арқасында тұлғаның дамуы мен оның қоғамда әр түрлі рөлдерді атқаруы жүзеге асады. Бекерден - бекер емес Конфуций адамдардың сөздерін тыңдап қана қоймай, олардың істерін де көре білген, сол сияқты Аристотель де былай деп жазған: "Жеңіс сыйлықтарын тек жарысқа қатынасқандар ғана алады". Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік мәні ең алдымен тұлғаның әлеуметтену негізіне жатады. Әлеуметтену - бұл индивидтің қоғамда өз өмір қамын дұрыс тәсілмен іске асыруына мүмкіндік беретін білімдердің, нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін игеру үрдісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс пен еңбек әрекетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтің жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығын өз бойында жинақтауына, игеруіне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да К.Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түсінгені үшін Л.Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: "Адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болатыны анық [6, 165 б.]. Бұл жерде қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде оның материалдығы мен идеалдығы да, бүгіні мен өткені де айтылады. Адам бір мезгілде өндіруші де, ақылды да, мәдени де, иманды да, саяси да және т.б. жан болып табылады. Ол өз бойында белгілі дәрежеде қоғамдық қатынастардың барлық түрлерін қорыта отырып және осылайша, өзінің әлеуметтік болмысын іске асырады. Қоғамдық қатынастардың ішінде ұлттық та объективті шынайы жағдайды көрсетумен өзгешеленеді, сөйтіп ең алдымен және басты кейіпте әр түрлі ұлттық адамдарының арасындағы қатынастардың қалыптасуын анықтайды. Осы қатынастар адамдарда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Бірақта ұлтаралық байланыстар әр түрлі ұлттық адамдарына қатынасын қалыптасуына деген әсері әлеуметтік этникалық ортасының тікелей әсерінің көрінісі болмайды, ал тәрбие өмірлік тәжірибені адамның ішкі дүниесіне, әлеуметтік нормалардың өнімі. Дамушы қоғамның (мектеп, отбасы, қоғамдық бірлестіктердің) ұйымдастыратын мақсатты бағытталған тәрбиесі адамға әсер ететін оның өмірінің, объективті жағдайын, әлеуметтік ортасының әсерін толығырақ есепке алса нәтижелірек болады. Дегенмен, осы орайда қоғамда болып жатқан өзгерістердің салдарынан оның этикалық және идеялық бастаулары көбіне құнсызданып, ал орта белгілі бір дәрежеде әлеуметтікке жат бағытталғандығын есепке алу керек. Осындай жағдайда мектеп оқушыға деген ортаның теріс құбылыстарының әсерін тежеп, оларды жалпы адамзаттық, ұлттық және патриоттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу қажеттігі туындайды. Индивид қоғамдық қатынастардың әсерінің тек қана объектісі емес, сонымен бірге әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, қоршаған шындыққа таңдаулы түрде қатынас жасайтын субъект. Ол қылықтың түрін таңдағанда салыстырмалы еркіндікке ие. Ұлттық қатынастардың адамға деген әсерінің мәнділігі өзінен-өзі болмай, тұлғаның жекелік позициясына да байланысты болады.
Қазіргі эволюциялы қоғамдық этносаралық қатынастар өзінің әлеуметтік - психологиялық жағына ие және адамдардың қарым - қатынасында көрініс табады. ұлттық қатынастар әр түрлі ұлттың адамдарының қарым - қатынасы арқылы жекелік формада көрініс тауып, жекелік - психологиялықта нақтыланады. Адамның қалыптасуындағы үлкен рөл атқаратыны еңбек, адамдар арасындағы өзара қатынастар, олардың әлеуметтік және саяси институттары сияқты әлеуметтік факторларға тиеселі. Бұлардың әрқайсысы жеке өз алдына адамның жануарлар дүниесінен бөлініп қалыптасуына әкелуі мүмкін емес. Бұл тек олардың өзара әсері мен диалектикалық тұтастығы арқасында ғана мүмкін болады. Әлеуметтік өзара әрекет белгілі бір қауымдастықтардың, тап, әлеуметтік топ, ұлыс, отбасы, ұжым шеңберінде жүзеге асады. Қоғамдық этносаралық қатынастар бұл қоғамдық - тарихи қауымдастықтардың арасындағы өзара қатынастар, осы қауымдастардың арасындағы өзара қатынастар, осы қауымдастардың өкілдерінің арасындағы, әр түрлі әлеуметтік типтердің арасындағы байланысы және өзара әрекеті. Индивидтер қарым-қатынасқа түскенде-ақ адамдардың қатынасының жекелендірілген формасын жүзеге асырушы, кейіптеуші болады, себебі тек қана индивидуумдардың қарым - қатынасы арқылы адамдар арасындағы қатынас шынайы болады. Осыдан келіп, қарым-қатынас үрдісінде ғана әлеуметтік - психологиялық құбылыстар дүниеге келіп, қызмет ете бастайды. Дегенмен, осындай тәуелділіктерді қарастырғанда пайда болатын нақты әлеуметтік-этникалық жағдайлардың ерекшелігін есепке алу керек. Ондағы жағымдыны мектеп пайдаланып, тәрбие жүйесіне енгізу қажет. Сонымен бірге онда жас ұрпақты қорғауға қажет жағымсыз дүниелер баршылық, оларға жастардың қарсы тұруына көмектескен абзал. Л.П. Буеваның пікірінше, қоғамдық қатынастар мен қарым-қатынас бір бірімен мазмұн мен форма (қоғамдық қатынастар - мазмұн, ал қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың формасы) іспеттес болады [7, 117 б.]. Қоғамдық қатынастардың мазмұндық жағы экономикалық, саяси, адамгершілік, ұлттық және басқа қатынастар болып, олар адамдардың қарым-қатынастарында жүзеге асады.
Қазіргі әлемдік прогресс заманындағы ұлтаралық қарым-қатынас ұлтаралық қатынастың жекелік деңгейін, олардың жекелік - психологиялық нақтылауын жүзеге асыру формасында көрініс табады. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық, мемлекеттік, республикалық, аймақтық ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын дүние жүзінің, мемлекеттердің, республикалық, аймақтың халықтарының қатынасы әр түрлі ұлтты адамдардың өзара жекелік қатынасы арқылы нақтыланады. Ұлттық қатынастар - бұл халықтардың, мемлекеттердің, нәсілдердің арасындағы экономикалық, саяси, мәдени, тілдік, психологиялық, адамгершілік байланыстардың және өзара қатынастардың жиынтығы. Халықтардың қатынасы олардың экономикалық, саяси, әлеуметтік мәселелерімен тығыз айқасып, байланыста болады. Олар қандай да бір елде, өңірде пайда болып, халықтардың өзара байланысының тарихи құрылған ерекшелігін, олардың қазіргі қызығушылықтары мен сұранысының әсерін сезіп отырады. Халық (қоғам) - бұл ұлттық қатынастардың субъектісі. Кезінде көп ұлтты халықтар да болды: "чехословакия халқы","югославия халқы","совет халқы", бірақ оларды құрайтын халықтар мемлекет егемендігін жариялағаннан кейін ыдырап кетті. Бірақ ыдырау процестерімен бірге халықтардың барған сайын жақындасып мемлекеттер мен өңірлер шеңберінде көп ұлтты қауымдастықтардың қалыптасу процестері де күшейе түсуде. Швейцарияның, Индияның, АҚШ, Ресей, Қазақстанның азаматтары (әр түрлі ұлттық адамдары) өздерін швейцариялықтар, индиялықтар, американдықтар, ресейліктер, қазақстандықтар деп атау үрдісі бар. "Америка халқы","индия халқы", "Қазақстан халқы", деген сияқты ұғымдар да қалыптасты. Халықтардың интеграциясы деңгейде де (европалық интеграция, европа үйі), жалпыадамзаттық деңгейде (жалпыадамзаттық интеграция, дүниежүзілік қауымдастықтың интеграциясы) жүзеге асуда.
Уақыт талабына сай қалыптасқан ұлттық қатынастардың дамуы этникалық үрдістер, тұрғындардың миграциясы және демографиялық процестер сияқты факторлармен байланысты. Этникалық процестер әр түрлі және көп бағытты. Этнография олардың белгілі бір типологиясын жасады: этноэволюциялық процесс (этностың немесе оның топтарының жекелеген компоненттерінің өзгеруі, бірақта этникалық өзіндік сана өзгермейді); этнотрансформациялық процесс (адамның этникалық өзіндік санасы басқаша болады); этникалық фузия (бірнеше бұрындағыны дербес, туыс халықтардың қосылып жаңа, ірі этнос құруы); этникалық консолидация (этностың шағын топтарының іштей топтасуы); этникалық ассимиляция (бұрында дербес болған этностың өзінен ірі халықтың арасына сіңіп кетуі); этносаралық интеграция (мемлекет немесе өңір шеңберінде бірнеше этностардың өзара әрекеті және оларда бірқатар ортақ белгілердің пайда болуы); этникалық сепарация (халықтың бір бөлігінен ажырап, оның дербес этносқа айналуы) [8, 273 б.].
Қоғамдағы дамушы ғылымдардың көптеген зерттеулері бойынша дүние жүзі халықтарын танып білуге, олардың даму процестеріне арналған. БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың ұлттар және ұлтаралық қатынастар туралы жинаған тәжірибелік - эксперименталдық және теориялық жадығаттары жалпылануда. Көп ұлтты мемлекет үшін оның территориясында тұратын ұлт пен ұлыстардың өзара қатынасын реттеу, бүкіл азаматтарын ұлттық мәдениеттерге, тілдерге, дәстүрлерге сыйлаушылық рухында тәрбиелеу маңызды мәнге ие. Ұлтаралық келісімді орнату және тұрғындарды интернац-ионалдық тәрбие жұмысын ғылыми негізінде жүргізу, ішкі тұрақтылыққа және демократиялық құқықтық мемлекет ретінде дүниежүзілік беделге ие болуға септігін тигізеді. Дүние жүзі халықтарының арасындағы қатынас әр түрлі дәуірде нақты тарихи мазмұнға ие және әрбір көп ұлтты мемлекетте ерекше көрініс табады. Елде немесе өңірде бірқатар халықтардың бірге тұруы олардың экономикалық, саяси, мәдени және басқа да қатынастардың қалыптасуын шарттандырады, кейде олар шиеленісіп, этносаралық әскери тартыстарға айналып кетуі мүмкін. Ұлтаралық шиеленісудің себептері саяси құрылымдардың халықтардың қызығушылығын ескермеуінде, ал олар халықтық тұтастығын сақтауға, тілдерді, мәдениетті, өздігінен дамытуға негіз болады. Мысалы, Индияда, Англияда, Югославияда, Ресейде және басқа да бұрынғы Кеңес республикаларында ұлтаралық қатынастар өте күрделі күйде болуда. Дүниежүзі халықтарының қатынасына, халықаралық ахуалға фашизмнің талқандалуы, отарлық жүйенің ыдырауы және "үшінші дүние жүзінің" қалыптасуы, БҰҰ бүкіл адамдар мен халықтардың теңдігін жариялауы және бұл ұстаным - мемлекетаралық қатынастардың негізі ретінде бекітілуі, Шығыс Европаның және ТМД елдерінің нарықтық экономикаға көшуі мықтап әсер етті. Үш саяси дүниенің ("Батыс", "Шығыс", "Үшінші дүние") суреті ғаламшардағы істің шынайы жағдайын көрсете алмай тұр. Варшава блогы және КСРО жоққа шығып, ТМД және Балтия асссоциациясы, ЕурАзЭҚ т.б. пайда болды. Югославия және Чехославакия ыдырады. Сонымен бірге қазіргі жағдайда дүниежүзінің бірталай елдерінің артта қалуын еңсеру күрделі және ғаламдық мәселе болып отыр. Дамудағы диспропорция бұрынғы метрополия мен отарда болған елдердің арасындағы теңсіздіктердің салдарынан ғаламдық масштабта әлеуметтік және этносаралық тартыстарды туғызады. Кейбір жағдайларда тұрғындардың бір бөлігінің санасы мен мінез құлығында империялық ойлаудың элементтері сақталып, мемлекеттің көп ұлтты тұрғындарын ұлтсыз тобырға айналдыруға, жергілікті ұлтта тоталитарлық шовинизм, асқақтаушылық және ерекшелік идеясын қалыптастыруға ұмтылысы жағдайды күрделендіреді) [8, 292 б.]. Кейбір идеологтар өз халықтарына қайдағы бір рухани миссианствоны, құпия ақиқатты меңгеру артықшылығында, ерекше бір рухани құндылықтарға ие дегенді дәріптеп, осыған сәйкесті дүние жүзінде ерекше бір орынға ие дегенге келтіреді. Осыған орай, БҰҰ халықтар арасындағы теңсіздікті және қанаудың тыйым салу талабын түсіндіру, бұрынғы отар және жартылай отар елдердің артта қалуының шынайы себебін ашып, оларға көмек көрсету қажеттігін негіздеу міндет болады. Расизм, апартеид, ұлттық және діни ерекшеліктенудің сарқыншықтарын жою маңызды міндет болып отыр. Халықаралық қатынастардың жаңа типі теңдікті, егемендікті, демократизмді, ұлттық ерекшелікті есепке алуды талап етеді. Тұлғаның, ұлттың немесе мемлекеттің құқықтарын қарама-қарсы қоюға жол беруге болмайды. Адам құқығының және халықтар құқығының өзара байланысты болуы үлкен мәнге ие. Адамның абыройын сыйлаушылықты ұлттардың құқы мен еркіндігінің теңдігін сыйлаушылықтан ажыратып қарастыруға болмайды. Халықаралық қатынас-тарды құқықтық реттегенде мына екі объективті үдерісті ескеру қажет:
-ұлттың қалыптасуы және дамуы, еркіндік және дербестік, егеменді мемлекеттік өмір сүруге қозғалыс;
-ұлттардың өзара жақындасуы, олардың өмірінің интернационалдануы, ұлттық шекаралардың бұзылуы және интеграциялық процестердің күшеюі. Бұл үдерістер бүгінде халықтардың бүкіл дүние жүзіндегі аренасындағы және көп ұлтты қоғамның ішіндегі қатынастардың діңгегі болып отыр. Олардың әрекетін елемеу ұлтаралық қатынастардың шиеленісуіне, халықтар одағының ыдырауына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл құжаттардың негізгі қағидаларын ұғындыру және меңгерту өте маңызды, себебі олардың негізінде дүниежүзілік қауымдастық халықтардың қатынасын реттеп, пайда болған этносаралық тартыстарды шешуге пәрменді шаралар қолдана алады. Осы айтылғандардан әр түрлі ұлттың адамдарының қатынасы ұлтаралық қатынастың сипатымен шартталатынын түсінуге болады. Ал олай болатын себебі адамдар мұндай қатынастарға объективті түрде тартылған, енгізілген. Бұл қатынастар балалардың және жастардың әлеуметтенуіне мәнді әсер етеді. Осы үдерісте олар ұлтаралық қарым-қатынастың тәжірибесіне ие болады. Оларда өз еліне және басқа елдерге, туған өлкесіне, ортақ отанына, дүниежүзілік қауымдастыққа деген қатынас қалыптасады. Осы орайда әлеуметтену, этносаралық әлеуметтену, этникалық әлеуметтену деген сияқты ұғымдардың мәнін аша кеткеніміз жөн. Әлеуметтену - бұл адамның сол қоғамға, әлеуметтік қауымдастыққа, топқа тән құндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін меңгеруі және оның әлеуметтік байланыстарды және әлеуметтік тәжірибені жаңадан өндіру, бұл тәжірибені өзіндік игілігіне айналдыруы. Әлеуметтену стихиялық әсер жағдайында да, әлеуметтік бақыланатын әсердің де, тәрбиелеу процесінде арнайы құрылған жағдайда да жүзеге асырылып жатады.
Қазіргі әлеуметтік психологтардың пікірінше, әлеуметтену - бұл индивидтің қоғамда өз өмір қамын дұрыс тәсілмен іске асыруына мүмкіндік беретін білімдерінің, нормалар мен құндылықтардың белгілі бір жүйесін игеру үрдісі болып табылады. Л.П. Буева: "Әлеуметтену - бұл қоғамдық болмыстың негізін құрайтын мәдени және әлеуметтік құндылықтарға, қатынастарға баулуы арқылы адамның тұлғаға айналу процесі", деп жазды [9, 241 б.]. Әлеуметтену адамның өз өмірінің жағдайын өзгертуіне, барған сайын үлкен дербестікті иеленуін, индивидуалдық процесіне өзін енгізуіне әсер етіп қана қоймай, оның белсенді іс-әрекетін де талап етеді. Бір-бірімен сарындас емес бір қатар анықтамаларға ие. Бұл ұғымның мазмұнын "индивидтің әлеуметтік ортаға енуі", "оның әлеуметтік байланыстар жүйесіне енуі", "оның қоғамдық қатынастар жүйесінің әсерін меңгертуі" және т.б. процестерді жатқызады. Ғалымдар әлеуметтенудің мәнін екі жақты процесс ретінде қарастырады. Бір жағынан, әлеуметтік байланыс жүйесіне, әлеуметтік ортаға ену жолы арқылы индивидтің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, екінші жағынан, белсенді іс-әрекет, әлеуметтік ортаға белсенді ену арқылы индивидтің әлеуметтік байланыс жүйесін белсенді қайта өндірудің процесі болады. Әлеуметтену - бұл әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды қайта өндіру және меңгерту процесінде қоршаған ортамен өзара әрекет барысында адамның, бүкіл өмір бойы дамуы, сонымен бірге қай қоғамның мүшесі болса, сол қоғамда өздігенен дамуы және өзін жүзеге асыруы [10, 23 б.]. А.В.Мудрик әлеуметтенудің жағдайларын (немесе факторларын) үш топқа біріктіреді. Біріншісі - макрофакторлар, яғни ғарыш, ғаламшар, дүние жүзі, ел, қоғам, мемлекет, бұлар ғаламшардың бүкіл тұрғындарын немесе белгілі бір елде тұратын адамдардың өте үлкен тобының әлеметтенуіне әсер етеді. Екіншісі мезофакторлар (мезо - орта, аралық), ұлттық белгісіне қарай бөлінген (этнос әлеуметтенудің факторы ретінде) адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуінің жағдайлары; адамдардың тұратын орны мен орналасу типіне қарай (өңір, қала, поселок, село); бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясына жататындығына қарай (радио, телевидение, кино т.б.). Мезофакторлар әлеуметтенуге тікелей немесе жанама әсер етеді. Үшіншісі микрофакторлар, яғни нақты адамдарға әсер ететін отбасы, құрдастар тобы, әлеуметтік тәрбие жүргізетін ұйымдар (оқу, кәсіптік, қоғамдық, діни ұйымдар). Қазіргі қазақстандық қоғамда тұлғаның әлеуметтенуі өте күрделі жағдайда өтуде. Жабайы рыноктың жағдайында кейбір жастарда қоғамға жат белгілер (қатігездік, көргенсіздік, ұлттық асқақтаушылық, шовинизм т.б.) қалыптасуда. Мұның өзі елде өркениетті қоғамдық қатынастарды, заңдылықты және құқықты тәртіпті орнатудың көп ұлтты мемлекетті азаматтарының арасындағы қатынасқа моральдық этикалық нормаларды және ережелерді енгізудің мәнін жоғары қойып отыр.
Этносаралық әлеуметтену-бұл индивидтің дүние жүзі халықтарының, өз елінің, өңірдің қатынастар жүйесіне енуі, ұлтаралық және конфессияаралық әр түрлі деңгейдегі қатынастардың әсерін меңгеруі; бұл тұлғаның ұжымның (мектептің, жоғары оқу орнының, өндірістік т.б.) өміріне және іс - әрекетіне тартылғандығы қатынасын бекітуге бағытталған. Адам этникалық әлеуметтену процесінде өзінің және басқа халықтардың, діни конфессиялардың мәдени құндылықтарын және мінез-құлық үлгілерін меңгереді. Онда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің тәжірибесі қалыптасады. Әр түрлі ұлттың адамдарының шынайы қатынасының тәжірибесінде мінез-құлықтың этноәлеуметтік нормалары қайта жасаланып, тұлғамен меңгеріледі. Дүниежүзінің, ТМД және Қазақстан халықтарының арасында құрылған қатынастар балалар және жастардың объективті түрде тартылған әлеуметтік - этникалық жағдайларын құрайды. Солардың әсері арқылы оларда Отанына, өзінің және басқа халықтарға, басқа ұлттың, нәсілдің, конфессияның адамдарына қатынастары қалыптасады. Ұлттық қатынастар жүйесіне қатысуы арқылы оқушылар қоғамдық тәжірибені меңгереді, сөйтіп бұл тәжірибені өзінің игілігіне айналдырады. Қазақстандағы ұлттық қатынастар аясындағы қазіргі жағдай оның азаматтарының этносаралық әлеуметтенуінің, оларда көп ұлтты Отанына, әр түрлі ұлттың және конфессияның адамдарына қатынастың қалыптасуының шынайы шарты болып отыр. Этносаралық әлеуметтенуге Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болуы да мәнді жағдай болады. Онда әрбіреуінің қайталанбас материалдық және рухани мәдениеті бар жүзден аса ұлт өмір сүруде. Этносаралық әлеметтену жалпы әлеуметтенудің маңызды бөлігі болып және онымен бөліктік және тұтастық ара қатынаста болады. Этникалық әлеуметтену - бұл этностың менталитетінің адамға деген әсері, оны өз халқының тарихына, мәдениетіне, ана тіліне, дәстүрлеріне баулу, сөйтіп осы процесте ол өзінің қай ұлтқа жататынын ұғынады. Этникалық әлеуметтену индивидтің ұлттық өзіндік санасын қалыптастырады. Этнологиялық зерттеулер бойынша, этникалық қауымдастықтың "біз" және "олар" бағыттар бойынша сыртқы айырмашылық негізінде құрылады. Бір этникалық қауымдастық бірыңғай тұтастығын ("олар") айрықшыланады. "Біз" және "олар" екі қауымдастықтың өзара қатынасының жетекші өнімі. Этникалық әлеуметтену процесінде адам өз халқының этикалық орнатуларын, таптаурындарын, құндылықтарын меңгереді, сөйтіп ол этникалық ортаға бейімделеді. Белгілі психолог Г.М.Андреева: "Этникалық ерекшелік белгілі бір дәрежеде әрбір халықтың тарихи тәжірибесінде шоғырланады, осы тәжірибені меңгеру индивидтің әлеуметтену процесінің маңызды мазмұны болады" дей келе, жақын қоршағандары арқылы, ең алдымен отбасы және мектеп арқылы, тұлға даму барысында ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрлердің ерекшелігіне баулынады. Этникалық қатыстығы, ең алдымен ұлтты ұғынудың тәсілі сол этникалық топтың өмір сүруінің нақты әлеуметтік - тарихи жағдайына тәуелді". А.В.Мудрик этносты әр түрлі деңгейдегі әлеуметтенудің факторы ретінде қарастырады, және оның пікірінше олар әрдайым өзара байланыста болды деп есептеген болатын [10, 67 б.].
Әлеуметтік факторға жататын этносты көп ұлттық мемлекеттерде, яғни тұрғындардың көпшілігі бір этносқа жататындарда ол - макрофактор. Қазақстанда ол - мезофактор, яғни барлық этностар оның әсерін өзінде сезінуде. Мәдени сәйкестікті Е.В.Бондаревская былай түсінеді: "өзінің және өз халқы арасында рухани өзара байланысты орнату, ұлттық мәдениетке жататындық сезіміне әсерленушілік, оның құндылықтарын қабылдау, өзінің өмірін құрғанда оны есепке алу".
Этносаралық және этникалық әлеуметтенудің мәселелерін әлеуметтік - психологиялық зерттеуде И.С.Конның еңбектері үлкен қызығушылық туғызады. Ол мынадай бір мәнді жағдайға назар аударады, яғни "бүкіл отандық этнопедагогикалық" еңбектер суреттемелі және тек қандай да бір халықтың өміріне арналған, ал салыстырмалы зерттеулер жоқ болғандықтан, әр түрлі халықтардың дәстүрі өте ұқсас сияқты, тіпті бірдей деуге болады". Оның пікірінше, этнопсихологиядан және этнопедагогикадан салыстырмалы зерттеулерді ұйымдастыру этносаралық және этникалық әлеуметтенудің әлеуметтік- психологиялық механизмдерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан келіп шығатын қорытынды, қоғам этникалық және этносаралық әлеуметтенудің мәнін білуге тиісті. Сол мәнді білу арқылы қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Саяси құндылықтар жүйесі
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
САЯСИ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудың факторы ретіндегі ролі
Пәндер