Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7 1 Қазақ халқының рухани мәдениетіне қатысты этнографиялық деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.1 Бөкей ордасындағы оқу ісі туралы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.2 М.Бабажановтың Бөкей ордасындағы діни мәселелер туралы жазбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 М.Бабажановтың қазақтың мақал, мәтел, жұмбақ, тақпақтары туралы жазбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2 М.Бабажановтың қазақ тұрмыс тіршілігіндегі өзгерістер туралы жазбалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1 М. Бабажановтың орыс жағрапия қоғамындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Қазақтың тұрмыс тіршілігі туралы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.3 Жылқы шаруашылығы мен аңшылыққа қатысты жазбалары ... ... ... ... ... .34
3 М.Бабажанов еңбектерінде патшалық Ресейдің отаршыл саясатының зерделенуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.1.Бөкейліктердің Оралдың орыс.казактармен қарым.қатынасы туралы ... ..43
3.2 Жер мәселесіндегі әділетсіздіктер туралы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.3 М.Бабажановтың қазақ ұлтының болашағы жөніндегі тұжырымдары ... ..52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі және келер ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мен дамыту өткеніміздің әлеуметік тәжірибесі арқылы қалыптасады. Ел тарихын, өзің өскен ортаның тарихын, тарих қойнауындағы әрбір құбылыстың, өзгерістердің қыры мен сырын терең білу арқылы тарих даналығына қанығамыз. Тұлғатану арқылы жас ұрпақтың ұлттық рухы биік болуына қызмет етеміз. Себебі, тарихымызда сан-салалы қызметімен елге адал қызмет етіп, тарих төрінде орын алған тұлғаларымыз жеткілікті.
Тарихтың бетінде, халықтың есінде аты да, хаты да сақталған, мұрасы бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің қасиетті тұлғалары аз емес. Олардың озық тобын толықтыруға лайық талай боздақтардың есімі таптық өшпенділікке суарылған кешегі кеңес заманында ұмыт қалдырып келді. Олардың атын атауға мұралары мен еңбектерін білуге тыйым салынып, тосқауыл қойылды. Ал бүгінгі бұл қымбатты есімдер, олардың мұралары халқына қаз қалпында қайтарылуда. Ежелден қазақ жері қарақан бастың қамын ғана ойлайтын құл емес, халқына ұл болып туған озық ойлы тұлғаларға кенде емес. Олар қазақ болғаннан бері барлық ғасырларда да кездеседі. Кешегі Абай, Ыбырай, Шоқандар өмір сүрген ХІХ ғасырда да аз болмаған. Солардың бірі – қазақ жерінен шыққан зерделі тарихшы, этнограф, дарынды публицист Мұхамбет-Салық Бабажанов. Мұхамбет-Салықты ел-жұрты көбіне Салық деп қысқартып атаған. Ол 1834 жылы Бөкей ордасында қазіргі Орда ауданында туған. Әкесі Жәңгір ханның қайын атасы, Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің шығуына себеп болған қанқұйлы қатыгездігімен қазақ жұртшылығына кеңінен танылған Қарауылқожа Бабажанов [1, 114 б.]. Бірақ, «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дегендей халық қатал әкеден туған қайрымды ұл Салықты көзі ашық, көңілі таза, жаны жомарт, жүрегі кең адам ретінде таниды.
М.Бабажанов есімі белгілі Жәңгір ханның мектебін бітіріп және оның қамқорлығымен 1845 жылы М.Бекмұхамедов, Ж.Ниязов, М.Жантөриндермен бірге Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқыған 8 жастың бірі. Бұлардың бәрі де кейін ел алдында абыройлы қызмет атқарған алғашқы білімді қазақ азаматтарының қатарынан орын алды. Кадет корпусын аса зейінділігімен оқып, үлгілі-тәртібімен бітіріп көзге түскен ол 1851 жылы Орынбор қаласындағы Шекара комиссиясына 19 жасында жұмысқа орналасады. Алайда, сол кездегі теңсіздік, әділетсіздік, патша әкімдерінің жергілікті халықтарға жасаған шектен тыс озбырлығы, Жайық бойын жайлаған казактардың мейрімсіздігін көріп, аталған жұмыста көп тұрақтай алмайды. Жас Салық халық жағына шығып, олардың сөзін сөйледі. Жәбірленушілердің арыз-шағымын жазып беріп, оның оң шешілуіне қолынан келгенінше жәрдем жасады. Оның бұл ісі әрине, патша әкімдеріне ұнамады. Ақыры өтірік-шыны аралас дәлелдер тауып, Салықты жұмыстан қудырды, жер аудартты, соңына аңдушы қойды.
1 Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002.- 470 б.
2 Маданов Х. Мұхамбет Салық Бабажанов туралы бірер сөз. //Жұлдыз.- 1994.- №2.- 70-75 бб.
3 Маданов Х., Мұсабаева А. Мұхамбетсалық Бабажанов (Өмірі мен шығармашылығы). - Алматы: Санат, 1995.- 84 б.
4 Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучение казахского народа в СССР. Алматы, «Наука».- 1966.- 240 с.
5 Зиманов С. «Россия и Букеевское ханство.-Алма-Ата: изд-во «Наука», 1982.- 170 б.
6 Cухамбердина У. Дала Уалаятының газеті. М.Бабажановтың 1888 – 1894, 1895 – 1898 жылдарда басылған мақалаларының жинағы.- Алматы. – 1999.-300 б.
7 Ивлев Н. П., Масанов Н.Э. Этнограф и публицист Бабажанов. Алма - Ата: Изд-во «Наука», 1988.- 82 с.
8 Отарбаев Р. М. Салық Бабажанов. – Алматы: Мұра, 1990.-140 б.
9 Бабажанов С. Этнографиялық мақалалар.Алматы: Қазақстан, 1993.-120 б.
10 Маданов Х., Мұсабаева А. Мұхамбетсалық Бабажанов (Өмірі мен шығармашылығы). – Алматы: «Санат».- 1995.-96 б.
11 Ходжа Мухаммед Салих Бабажанов «Этнография казахов Букеевской Орды» (Қазақ этнографиясының кітапханасы, 19-шы том)/ Жауапты редактор Артықбаев Ж.О.- Астана: «Алтын кітап».- 2007. -221 б
12 Кенжетаев Б. Некоторые штрихи и биографии хана Жангира /Казахстанская правда.-1995.-16 август.- С. 3.
13 Жолдасбеков М., Салғарин Қ., Сейдiмбек А. Елтұтқа. - Астана: Күлтегін, 2001.- 216 б.
14 Құлкенов М. Отарбаев Р. Жәңгір хан. Даңқ пен дақпырт. – Алматы: Жазушы, 1992. -110 б.
15 Бекмаханова Н.Е., Кобыландин К.И. Участие казахов в 1812 году Отечественной войне. // Известия АН КАЗ ССР, Сирия общественных наук.Алма-Ата.- 1988. -30 с.
16 Отарбаев Р. Мұхамед-Салық Бабажанов //Жалын.-1998.- №3. -51-57 бб.
17 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы.Қазақ шежіресі.- Алматы: Жалын, 1993.- 170 б.
18 Бес ғасыр жырлайды.- Алма-Ата: Жазушы, 2005.-312 б.
19 Азнабакиева М. Салық Бабажановтың өлкетанушылық қызметі //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы.- 2007.- №1.-81 б.
20 Cухамбердина Ү. Әдеби мұра.-Алматы, «Жазушы».- 1990.- 246 б.
21 Ходжа Мухаммед – Салих Бабажанов. Заметки киргиза о житье – бытье и участии его родичей.- соч.сб.ст.-Алматы: Наука, 1996.- 72 с.
22 Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. Алматы; Казахстан, 1982.- 168 с.
23 Мұсабаева А.И. Мұхамбет Салық Бабажанов қоғамдық саяси және шығармашылық қызметі / Тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация автореф.,Алматы.-1995.- 30 б.
24 Савичев Н. Жәңгір хан және оның заманы /Орал өңірі.- 1993.-17,18,19,24 ақпан
25 Ходжа Мухаммед – Салих Бабажанов. Лошади и их воспитание во внутренней Киргизской орде // Сочинения Сб. Ст. Алматы.- 1996.- 24с.
26 Ахмет Тоқтабай. Қазақ жылқысының тарихы. Алматы, Алматы кітап.- 2010.- 78б.
27 Бабажанов Салық. Ішкі қазақ ордасындағы аңшылық. «Ішкі ордасындағы аңшылық» Этнографиялық мақалалар. – Алматы; Жазушы, 1993.- 250 б.
28 Кенжетаев Б. Некоторые штрихи и биографии хана Жангира /Казахстанская правда.-1995.-16 август.- с. 4-7.
29 Ивлев Н.П. Находки краеведа. – Алматы: Казахстан, 1997. -190 с.
30 Шоқан Уәлиханов.Таңдамалы. -Алматы: Жазушы.- 1995.- 178 б.
31 Ысқақов Б. Қапыда үзілген өмір. //Білім және еңбек.- 1991.- № 10.- 74-79 бб.
32 Боранбайұлы Т. Ғасырға сыр.- Астана: Елорда, 2001.- 174 б.
33 Ерофеева И.В. «История Букеевского ханства. 1801-1852 г.г.», Сборник документов и материалов. «Дайк – Пресс», Алматы-2002, 1020 бет.
34 С.Даумов («Жас Алаш» 16.07.2002 ж,
35 Даумов С. 29.06.2002 ж),
36 Боранбай Ж. Осы жұрт Бабажановты біледі ме, екен... //Ақиқат.-2014.-28.04.- 25-31 бб.
37 Ысмағұов М., Ыдырысов Қ. Дүмбілез деректер. //Білім және еңбек.- 1975.- №5.- 21-24 бб.
38 Сейтақ Ғ. Нарынның нар ұлдары. – Алматы: Жазушы, 1998.- 206 б.
39 Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2005.-230 б.
40 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы: Атамұра, 2003.- 288 б.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясы

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 1 Қазақ халқының рухани мәдениетіне қатысты этнографиялық деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
0.1 Бөкей ордасындағы оқу ісі туралы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.2 М.Бабажановтың Бөкей ордасындағы діни мәселелер туралы жазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
1.3 М.Бабажановтың қазақтың мақал, мәтел, жұмбақ, тақпақтары туралы жазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2 М.Бабажановтың қазақ тұрмыс тіршілігіндегі өзгерістер туралы жазбалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.1 М. Бабажановтың орыс жағрапия қоғамындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Қазақтың тұрмыс тіршілігі туралы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
2.3 Жылқы шаруашылығы мен аңшылыққа қатысты жазбалары ... ... ... ... ... .34
3 М.Бабажанов еңбектерінде патшалық Ресейдің отаршыл саясатының зерделенуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.1.Бөкейліктердің Оралдың орыс-казактармен қарым-қатынасы туралы ... ..43
3.2 Жер мәселесіндегі әділетсіздіктер туралы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3.3 М.Бабажановтың қазақ ұлтының болашағы жөніндегі тұжырымдары ... ..52
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі және келер ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мен дамыту өткеніміздің әлеуметік тәжірибесі арқылы қалыптасады. Ел тарихын, өзің өскен ортаның тарихын, тарих қойнауындағы әрбір құбылыстың, өзгерістердің қыры мен сырын терең білу арқылы тарих даналығына қанығамыз. Тұлғатану арқылы жас ұрпақтың ұлттық рухы биік болуына қызмет етеміз. Себебі, тарихымызда сан-салалы қызметімен елге адал қызмет етіп, тарих төрінде орын алған тұлғаларымыз жеткілікті.
Тарихтың бетінде, халықтың есінде аты да, хаты да сақталған, мұрасы бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қазақ жерінің қасиетті тұлғалары аз емес. Олардың озық тобын толықтыруға лайық талай боздақтардың есімі таптық өшпенділікке суарылған кешегі кеңес заманында ұмыт қалдырып келді. Олардың атын атауға мұралары мен еңбектерін білуге тыйым салынып, тосқауыл қойылды. Ал бүгінгі бұл қымбатты есімдер, олардың мұралары халқына қаз қалпында қайтарылуда. Ежелден қазақ жері қарақан бастың қамын ғана ойлайтын құл емес, халқына ұл болып туған озық ойлы тұлғаларға кенде емес. Олар қазақ болғаннан бері барлық ғасырларда да кездеседі. Кешегі Абай, Ыбырай, Шоқандар өмір сүрген ХІХ ғасырда да аз болмаған. Солардың бірі - қазақ жерінен шыққан зерделі тарихшы, этнограф, дарынды публицист Мұхамбет-Салық Бабажанов. Мұхамбет-Салықты ел-жұрты көбіне Салық деп қысқартып атаған. Ол 1834 жылы Бөкей ордасында қазіргі Орда ауданында туған. Әкесі Жәңгір ханның қайын атасы, Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің шығуына себеп болған қанқұйлы қатыгездігімен қазақ жұртшылығына кеңінен танылған Қарауылқожа Бабажанов [1, 114 б.]. Бірақ, Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз дегендей халық қатал әкеден туған қайрымды ұл Салықты көзі ашық, көңілі таза, жаны жомарт, жүрегі кең адам ретінде таниды.
М.Бабажанов есімі белгілі Жәңгір ханның мектебін бітіріп және оның қамқорлығымен 1845 жылы М.Бекмұхамедов, Ж.Ниязов, М.Жантөриндермен бірге Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусында оқыған 8 жастың бірі. Бұлардың бәрі де кейін ел алдында абыройлы қызмет атқарған алғашқы білімді қазақ азаматтарының қатарынан орын алды. Кадет корпусын аса зейінділігімен оқып, үлгілі-тәртібімен бітіріп көзге түскен ол 1851 жылы Орынбор қаласындағы Шекара комиссиясына 19 жасында жұмысқа орналасады. Алайда, сол кездегі теңсіздік, әділетсіздік, патша әкімдерінің жергілікті халықтарға жасаған шектен тыс озбырлығы, Жайық бойын жайлаған казактардың мейрімсіздігін көріп, аталған жұмыста көп тұрақтай алмайды. Жас Салық халық жағына шығып, олардың сөзін сөйледі. Жәбірленушілердің арыз-шағымын жазып беріп, оның оң шешілуіне қолынан келгенінше жәрдем жасады. Оның бұл ісі әрине, патша әкімдеріне ұнамады. Ақыры өтірік-шыны аралас дәлелдер тауып, Салықты жұмыстан қудырды, жер аудартты, соңына аңдушы қойды. Дегенімен қайда жүрсе де өзінің білімімен, әділеттілігімен, азаматтық жолдан таймаған оның жақсы қасиеттерін таныған Орынбор Шекара комиссиясы оны Ішкі Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңестің кеңесшісі етіп тағайындайды [1, 115 б.].
Бабажанов қазақтың салт-дәстүрі, шаруашылығы, діни нанымы, аңшылық кәсібі жөнінде еңбектер жариялады. Халықтың көне тарихи мұраларын, аңыз-ертегілерін, өлең-жырларын, мақал-мәтелдерін жинап, зерттеді. Ресей музейлері мен ғылыми мекемелеріне қазақ тарихы мен тұрмысына қатысты археологиялық, этнографиялық жәдігерлер жіберді. 1861 жылы Орыс георграфиялық қоғамының мүшесі болып сайланды. Этнография бөлімінің жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін 1862 жылы аталмыш коғамның күміс медалімен марапатталды.
Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған М.Бабажанов есімі қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді. Ресей Географиялық қоғамына мүшелікке Шоқан мен Семенов-Тянь-Шанскийдің кепілдеме бергені оның ғалымдық дәрежесін айқындай түседі. Мұның сыртында ғылыми еңбектері үшін М.Бабажанов Ресей Географиялық қоғамының күміс медалімен Орта Азия және Қазақстан ғалымдары арасында тұңғыш алған қайраткер екенін де айтып өткен жөн. Ең алдымен айтар сөз сан қырлы саңлақ талант өз отанына, ел-жұртына деген ыстық та айнымас махаббатын ерекше қабілеті арқылы танытып та, дәлелдеп те берген ары биік, ойы терең, ақылы кемел азамат ретінде өмірден ерте өтті. М.Бабажанов - ХІХ ғасырдың орта кезінде Шоқанмен қатар шыққан белгілі ғалымдардың бірі. Тағы бір ғажабы оның өмірі де, өнері де, өресі де, тіпті білім дәрежесі де Шоқанға өте ұқсас. Екеуі де текті атадан, екеуі де зиялы ортадан, екеуі де бір мектептен. Ең ақыры тағдыры да ұқсас болды, екеуі де өмірден ерте өтті [2, 71 б.].
М.Бабажановтың атын шығарған оның ғылыми-этнографиялық және публицистикалық шығармалары еді. Сегіз қырлы, бір сырлы ғалымның бұл еңбегі айрықша тоқталуды талап етеді. Қуғындағы кезінде де, бақытты кезінде де ол қаламын қолдан түсірмей, әділдік, шындық жолындағы өткір мақалаларын жариялап, күресін тоқтатқан жоқ. 1854 жылдан бастап Санкт-Петерборда, Орынборда және іргелес Астрахань губерниясында шығып тұратын Северная пчела, Санкт-Петербургские ведомости, Деятельность, Охота, Волга, Орыс географиялық қоғамының хабарлары мен жазбалары, Этнографиялық жинақтар сияқты газет-журналдарды жаздырып алып, оқыды және оларға мақалалар жазды. М.Бабажанов заманы алғашқы қазақ зиялыларының туып, өсуі мен шетел және орыс саяхатшылары мен ғалымдарының қазақ өлкесін зерттей бастауымен тұтас келді. Орыстардың жергілікті халық өмірі мен тарихын, әдет-салтын білмей жазған, көбінесе теріс пікірде құраған мағынасы тайыз мақалаларын оқыған ғалым қолына қалам алып, көптеген мәселелерді өзі жазды. Және білгірлікпен дәйекті түрде жазды. Оның бұл мақалалары жоғарыда аталған газет-журналдар кідіріссіз жариялап тұрды. М.Бабажановтың жазған ғылыми еңбектері, табыстары айта берсек өте мол. Нарын құмынан табылған әйел мүсініндегі балбал тас үшін ол күміс медальға ие болды. Сонымен бірге ғалымның батыс қазақ жерінің кен байлығы, географиялық ерекшеліктері топономика, этнография, тарих саласындағы еңбектері де бар [3, 4б.]. Ғалымның еңбектері қазіргі уақытта қазақ этнографиясы үшін құндылығын жоймайтын құнды деректер болып табылады. Мұхамбетсалық Бабажановтың жоғарыда аталған саяси-қоғамдық, ғалымдық, шығармашылық - еңбектерін зерттеп ашып көрсету тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Салықтың өмір жолы, ғылыми мұралары аз зерттелген. М.Бабажанов еңбектерінің көпшілігі көз тірісіндеде және дүниеден өткеннен кейін жарияланған. Бір өкініштісі сол, оның баспасөзге басылмай қалған еңбектері табылмай кеткен. Артына көп мұра қалдырған М.Бабажанов туралы тек соңғы жылдары көп еңбектер жарық көре бастады.
Салық Бабажанов туралы біршама толық мағұлмат берген көрнекті этнограф-ғалым, тарих ғылымының кандидаты Едіге Алдабергенов Масанов еді. 1965 жылы зерттеу экспедициясының құрамында жүріп, қайғылы қазаға ұшыраған ғалым артына көптеген ғылыми мұраларын қалдырды. Оның 1964 жылы Россиядағы қазақ халқының этнографиялық тұрғыдан зерттеу, сондай-ақ 1966 жылы СССР-дағы қазақ халқының этнографиялық тұрғыдан зерттеу тарихының очерктері деген еңбектері жарық көрген. Осы еңбектерінде Алтынсарин Ы, Дауылбаев Б, Жантөрин С.А, тағы басқалармен бірге Салық Бабажановтың өмірі мен мұралары туралы айтылады [4]. Осы еңбектен Салық туралы біршама толық мағұлмат алуға болады.
Салық Зимановтың Россия и Букевское ханство деген еңбегінде Бабажанов туралы шағын түсініктеме мен оның мақаларынан келтірген [5]. 1889 -1990 жылдарда Ү.Сұхамбердина Дала Уалаяты газетінде 1888-1894, 1885-1828 жылдарда басылған мақалалардың жинағын шығарды [6]. Осы жинақтағы газеттің 1876 жылғы 28,33 сандарында, 1877 жылғы 10-12,31 сандарында Бабажановтың қазақ мақал, мәтелдерін бастырғаны туралы айтылады [6]. Сонымен бірге Қазақтың мемлекеттік ұлттық кітапханасының сирек кітапханасының сирек кітаптар қорында Н.П. Ивлев пен Н.Э.Масановтың Этнограф и публицист ХІХ в М.С. Бабажанов деген машинкаға басылған 18 беттік қолжазба сақталған [7]. 1990 жылы жарық көрген Мұра атты жинақта К.Отарбаевтың Мұхамбет Салық Бабажанов атты мақаласы басылған [8]. Оның бер жағында 1993 жылы профессор Х.Мадановтың алғы сөзі мен Салық Бабажанов Этнографиялық мақалалар деген еңбек жарық көрді, [9] оған оның мақаласы енген. Салық жөнінде біршама толық мағұлматты профессор Х.Маданов пен тарих ғылымдарының кандидаты А.Мұсабаева екеуі жазып жариялаған Мұхамбет Салық Бабажанов атты кітаптан алуға болады [10]. Одан басқа да Т.Боранғалиұлы (Егемен Қазақстан 24.11.1995ж.). С.Даумов (Жас Алаш, 16.07.2002ж. және 29.06.2002ж.) және басқа көп ғалымдар көп еңбек сіңірді. 2007 жылы Алтын кітап баспасынан шыққан 50 томдық Қазақ этнографиясының кітапханасы кітабының 19-шы томы Мұхамбет Салық Бабажановқа еңбектеріне арналды [11]. Осындай білімді, зиялы қауым арқасында М.Бабажанов өмірге қайта оралды
Зерттеудің деректік негізі. М.С. Бабажановтың Қымыз туралы жаңалық, Орал казак-орыстары мен Ішкі Орда қазақтарының айтысы, Ішкі қазақ Ордасының жылқылары және оны бағу, Нарын құмы жөніндегі мәліметтер, Ішкі Бөкей ордасындағы аңшылық және өзге де мақалалары мен зерттеу еңбектері өте құнды дерек көздері болып табылады. Әсіресе, мұндағы жылқы, қымыз жөніндегі жазбалары күні бүгінге дейін құны жоғалмайтын дүниелер. Заметки киргиза о киргизах (Қазақтың қазақтар туралы жазбалары) 1861 жылы Санкт-Петерборда басылған. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасының, Отырар кітапханасының қорларында сақталған, сонымен қатар БАҚ беттерінде жарияланған М.С. Бабажановтың мақалалары диплом жұмысының деректік негізін құрайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты Мұхамбет Салық Бабажанов еңбектеріндегі қазақ этнографиясын жан-жақты зерделеу болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Бөкей ордасындағы оқу ісі және діни мәселелер туралы деректерді жан-жақты талдау;
М.Бабажановтың қазақтың мақал, мәтел, жұмбақ, тақпақтары туралы жазбаларын талдау;
Мұхамбет Салық Бабажановтың орыс жағрапия қоғамындағы қызметін қарастыру;
Қазақтың тұрмыс тіршілігіндегі өзгерістер туралы деректерді талдау;
Жылқы шаруашылығы мен аңшылық туралы деректерді зерделеу;
Бөкейліктердің Оралдың орыс-казактармен қарым-қатынасы, жер мәселесіндегі әділетсіздіктер туралы деректерді тыңғылықты талдау;
Мұхамбет Салық Бабажановтың қазақ ұлтының болашағы жөніндегі тұжырымдарын зерделеу.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Тақырыпты талдауда біз соңғы жылдары заман ағымына байланысты отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңа методологиялық бағыттарды негізге алдық. Зерттеу барысында жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық секілді ғылыми таным принциптерін басшылыққа алдық. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегінде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен ой-пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып, зерттеу барысында талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.
Тұлғатану мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, тарих, этнология ғылымдарында тұлғаға қатысты зерттеулерде кездеседі. Жоғарыда аталған ғалымдардың бүгінгі таңда әлі де ғылыми теориялық мәнін жоймаған қағидалары, көзқарастары басшылыққа алынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
М.Бабажанов жазбаларында Бөкей ордасындағы оқу ісі мен діни мәселелер туралы жан-жақты жазылған;
М.Бабажанов қазақ халқының мақал, мәтел, жұмбақ, тақпақтары жөнінде ғылыми мақалалар жазып, құнды тұжырымдар қалдырған;
Мұхамбет Салық Бабажанов орыс жағрапия қоғамында қызметте жүрсе де қазақ халқының игілігі үшін қызмет жасады;
Қазақтың тұрмыс тіршілігі, жылқы шаруашылығы мен аңшылық туралы туралы құнды деректер қалдырған;
Ресейдің отаршыл саясаты, жер мәселесіндегі әділетсіздіктер туралы деректер қалдырған. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне енген өзгерістер талданған;
Мұхамбет- Салық Бабажанов қазақ ұлтының болашағы жөнінде құнды ғылыми тұжырымдар қалдырған. Бұл тұжырымдар бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан әр тарау үш тақырыпшадан, қорытынды мен пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Қазақ халқының рухани мәдениетіне қатысты этнографиялық деректер

1.1 Бөкей Ордасындағы оқу ісі туралы деректер

Мұхамбет-Салық Бабажанов - туған халқы және оның ар-абыройы мен теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан таймаған аяулы, білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-этнограф әрі экономист. Ақылы жоқтың - арманы жоқ дейтін қазақтың білімді, ғылымды аңсамаған, оған ұмтылмаған күні жоқ. Сондықтан да оның нақты көріністері біздің қазіргі тіршілік салтымыздың шешуші, айқындаушы күші болып табылады. Өйткені қол жеткен деңгейді онан әрі жетілдіру үшін халқымыздың мәдени дамуындағы өзекті мәселелерді шешу үшін қам жемесек ілгерілеу, алға басу болмайды. Мұны ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Ішкі орда билеушілері де жақсы түсіінген. Сөйткенде олар оқу-тәрбие жұмысы белгілі бір жүйеге, бірізге түсірілген, ғылымның әрбір саласын мағұлмат беретін мектеп ашу мәселесін ойластырған.
Осындай оқу орынының ұйымдастырылуы үшін қажырлы қам-қарекет жасаған Жәңгір хан 1826 жылы Қазан қаласына барып, ондағы университетте болды [12, 8 б.]. Оқу орнының ұстаздар ұжымы, ғылыми кабинеттеріндегі бай мұралармен танысқанда университет редакторы Фукске өзінің жастарды дәл осындай университеттерге түсіп оқу үшін дайындайтын мектеп ашқысы келіп жүргенін айтқан. Фукс риза болып Өзінің жас кезінде, хандығының бас кезінде, тіпті Ордада бірде-бір үй тұрғызылмаған кезде оның білімнің пайдасы жөнінде осы бастан ойлануы қандай ғанибет! - депті сонда.
Шынында да Жәңгір хандықты қолға алғанға дейін білім беру мәселесі Ішкі ордада қозғаусыз жатқан іс еді. 1801 жылға дейін - деп жазады Салық Бабажанов, - осындағы қазақтарға жазу деген сөз де тіпті таныс емес еді, жазудеген сөзді ертегілердегідей қиял-ғажап сияқты, мысалдар айтсақ ауадағы бу секілді елестейтін. Осы кезден бастап, яғни Орал өзенінің оң жағына көшіп келгеннен кейін біздің адамдар жазудегеннің өз ойыңды сөзбен жеткізіп беретін құрал құдіретті керемет екенін түсіне бастады...Халық арасында үлкен әңгіме мен ынта, талап тудырды. Барлығы да тіпті мәртебелі хан да жазудың қасиеттеріне бас имей тұра алмады. Осының өзі-ақ қазақтарға жазудың - сауаттылықтың құдіреттілігін мойындатты [9, 16 б.]. Осы құдіретті игерудің бірден бір жолы мектеп ашу, жастарды оқу, білімге тарту еді. Мұны Бөкей хан да, Жәңгір хан да жақсы түсінді. Жәңгір хан жоғары орындарға, патша әкімшілігіне әлденеше мәрте хат жазып, Ордада қазына есебінен мектеп ашуды сұрап өтініш жасады. Бірақ бұл мәселенің шешілуі ұзаққа созылып, тек 1841 жылы ғана оған ресми рұқсат алудың сәті түсті. Сол жылғы сәуір айында сұлтан-правитель Шоқа Нұрғалиевке жолдаған осы хатында істің орайласып келе жатқанын хабарлап, Жәңгір хан былай деп жазған. Биылғы жылы мен Ордада мектеп ашуды ойлап отырмын. Өз балаларын орташа ақымен оқуға беруге тілек білдіргісі келгендердің бәрі маған өтініш жасай алады. Өзінің қарауындағы халықты, әсіресе сұлтандарды балаларын мектепке оқуға беруге үгіттейді деп есептеймін, деді Жәңгір хан. Бұдан әрі ол мектеп ашудың қазақ халқы үшін қаншалықты пайдалы екенін мынандай өзек жарды сөздермен жалғастырған: Сіз тумаластарыңыз бен достарыңызға тиісті адамдардың бәріне қәзір ғылымның соншалық зор пайда әкеліп отырғанын, біздің немерелеріміз соншалық жақсы өмір сүре алмайтынын, алдағы уақытта сауатсыз және орыс тілін білмейтіндердің рубасы және басқа қызметке тағайындамайтынын, бізге қазақтардан дәрігерлердің болуы соншалық пайдалы және тиімді екенін, қандай да бір талабымыз бен ақшалай шығынымыздың егер ол жасөспірімдерді оқытуға жұмсала жүз есе жемісті болатынын, басқа игілікті және қайырымды істен гөрі ғылымды дамытуда Алла тағаланың заңдары мен ақиқаты жөніндегі білімді игеріп, Ресейдің ұлы патшасы мен халыққа адал қызмет ету қажеттігін түсіндіруге сіздің күш-жігеріңіз бен ақыл әсеріңізді жұмсайтыныңызға сенемін [13, 170 б.].
Бұл тұста хан ордасында мектеп ашуға әзірлік қызу жүргізіліп жатқан болатын. Терезелерін оңтүстікке қаратып салдырған екі қабат мектеп үйі іске қосылып, жан-жақты жабдықталып, шәкірттерін қабылдауға әзір тұрды. Бұрын мұндай мектепті көріп білмеген ордалықтар мұнда оқудың орысша жүретінін естігенде балаларымызды шоқындырада деп оған үрке қарады. Бірақ Жәңгір хан өзінің екі баласын бірдей осы мектепке беріп, шоқыну жағынан қауіптің жоқ екенін жұрттың көзін жеткізді. Сонымен оқуға іріктеліп 25 бала алынды. Бұл оқушылардың 16-ы үйден келіп, жетеуі сол мектеп үйінің ішінен ашылған жатақанға орналасып, басынан оқыған. Оқу ақылы болған.
Осы мектепке оқушыларды тізімдеу кезінде сыңаржақ пікір қайшылығы болмай қалмаған, деп жазады Жәңгір хан кітабының авторлары. Ханның шіріген бай, анау- мынауды менсіне бермейтін кертартпа билерінің бірі Шыман Білімге жүгіну төре мен қожаның тұқымына жарасқанмен қара сирақ қазаққа жараса ма? Оқу шіркін де оқығанның бәріне бірдей емес, зерделісіне таңдап қонатын шығар, көзін тырнап ашқаннан қозының соңына түсіп, боғын қурайға шаншып өскен кем талап ертеңгі күні би астында нұқат, ти астында нұқаттан аса алмай мектептің қадірін қашырар. Одан да балам қағазға үңілсін, қалам шұқысын деп жүрген қара сирақтардың баласын алты қырдың астына айдап сал, деп ханға кеңес айтып, мектепке тек қана ығай мен сығайдың ұрпақтарын алдырмақшы болған [14, 20-21 бб.]. Хан оқу-білімге талапты жастың бәріне ортақ деп мұндай кертартпа пікірлерге құлақ аспай, мектептегі оқу сапасын, тәртіп, тәрбие жайын өзі бақылап, жөн сілтеп отырған. Жәңгірдің мұндай әділдігі мен оқу-білім жолындағы күш-жігерін жұрт жоғары бағалады. Өзінің ордасында ол мектеп ашып, онда Мұхаммед хадистерін үйрететін және орысша сауатылықпен орыс тілін оқытатын 60 адамдық орын болды, - деп жазады Салық Бабажанов. - Бұл мектеп әлі күнге дейін Жәңгір мектебі аталып, Ордада өмір сүріп жатыр. Қазір мұнда 30 балаға Орданың шаруашылық қаражатынан ақша төлеп тұрады. Жасыратын жоқ, айта кеткен жөн, Ішкі орда халқы өздерінің мәдени өмірлерінің Бөкей ханға әсіресе Жәңгір ханға алғыс айтуға міндетті [9, 73 б.].
Жәңгір мектебі аталып өмірге келген бұл оқу орнының ашылуы кезінде Ішкі ордадағы орасан зор қуанышты оқиға болды. Оны көру, хан жаңалығын құттықтап, қайырлы болсын айту үшін тарту-таралғысын алып, хан ордасына халық ағылды. Олар өз ұрпақтарының келешегін осы мектеппен байланыстырылып, оған зор үміт артты.
Мектепте негізінен оқыту орыс тілінде болды.Сонымен бірге Құран хадистерін үйретуге бағытталған дін сабағы жүрді. Оны осы өңірде Құранды жақсы білетін, діннің дәстүріне берік білімдар адам ретінде танылған Әминов Мұхаммед Хакім деген молда оқытты. Орысша, қазақша жетік, мұсылман дінінің, Мұхаммбед пайғамбардың хадистерін жақсы білетін Жәңгірдің өз мектебіне дін сабағын оқытуға бұл кісні таңдауы тегін емес еді. Оның өзі үйретуге сараңдық қылмаған, үйренуіне сол арқылы әлем кеңістігіне шығуын жете білген адам. Ғылымды меңгеру хақындағы оның сұрап жауаптарына назар аударыңызшы.
oo Қандай ниетпен, ғылым үйренуге келдің?
oo Алланың разылығы үшін, шариғат жолымен жүріп, ғибадат қылмақ, еңбек етпек үшін.
oo Ғылым үйренудің жолдары қандай?- Ол төрт түрлі: парыз, мұстахаб,
мүхаб және харам. Парыз - адам болудың қадірін білу, мүстахаб- адам болудың жолдарын білмегенге үйрету, мұхабадамдық жолмен толық зейнетке жету, харам - мақтан үшін ақымақтармен сөз таластыру үшін үйренген ғылым. Ғылымды бесіктен лақатқа дейін үйрену керек, білу екі дәрежеде асады: ол − білмек, екіншіден, білгенді ізгілікке хасыл етпек − дейді екен Мұхаммед Хакім молда.
Мектеп шәкірттері дін сабағынан басқа арифметика, жағрапия, тарих, орыс тілі тағы басқа пәндерден дәріс алған оқу орнын құруда Жәңгір ханға үлкен көмек көрсеткен, мектептің меңгерушісі болып тағайындалып, ондағы оқу- тәрбие жұмысын қолға қоюға елеулі еңбек сіңірген, Петербургтегі дәрігерлік-оташылық академияның түлегі Константин Петрович Ольдекоп орыс тілінен өзі сабақ берген.
1843 жылы сәуірде мектеп ашылғаннан кейін бірнеше ай өткен соң Орынбор шекара комиссиясының : Оны қандай мақсатпен аштыңыз ? деген сұраққа берген жауабында Жәңгір хан оның қазақ жастарын оқу орындарына түсуге әзірлеу үшін орыс, араб, парсы және татар тілдерінде оқып жаза білуін, әсіресе орысшадан қазақшаға одан керсінше тәржіламай білуін, грамматиканы, математика негіздерін, жағпарияны, Мұхаммед хадистерін игеруін жолға қою үшін құрылып жатқанын жазады [14, 4 б.].Бұл арада да ол қазақ жастары үшін орыс тілін меңгерудің зор маңызын атап көрсеткен.
Орыс тілін игеру қазақ балалары үшін оңайшылыққа түскен жоқ. Оны игерудің ортаға байланысты екенін түсінген Ольдекоп ізденіп жүріп Орданың орыс тұрғындарының жас өспірім түлектерін осы мектепте тегін оқытуға рұқсат алды. Мұның өзі жергілікті жердің басшыларының орыс тілін игеруін тездетіп табысты ете бастады.
Орыстың тілін, білімін игеруге шақырған Шоқан, Абай, Ыбырай сияқты ұлы ағартушылардың өнегесін өрістетуші болған Жәңгір ханның орыс жұртының зиялы ұлдарын өз еліне үйір қылып, қазақтарды осы ұлы халықтың тілін білуге шақырғанда сол арқылы далалықтардың тұрмыс тіршілігін жақсартуды, оның әлеуметтік- мәдени деңгейін көтеруді ойлады. Дүниеде томаға-тұйықтықтан жаман нәрсе жоқ. Егер адам өзі өскен ортадан басқаны білмесе, қауызында қалаған дән сияқты көктемес еді, көгермес еді. Кіші орда халқы да егер төңірегіндегі жақсы-жаманның бәрін таразыға тартып, Батыс беттегі ұлы халықтың ілім, білімін игермесе өсе алмас еді. Мұны Жәңгір жақсы білді. Сондықтан да ол халқының осы ұлы көршісімен тату болып оның тілін біліп ,одан үйреніп, өркениетке жанасқанын қалады. Ол мұның өзі ұлы халықтың белгілі бір тобының шектен тыс менмендігін, одан да зор сорақы астамшылдығын туғызыр-ау деп, тіпті де ойлаған жоқ. Жәңгір білген, Жәңгір бауырына тартқан Жәңгірмен араласып, ағайындысып кеткен орыс жұртының өкілдері мұндай пікір байлам жасауға негіз боларлық ешбір қылық көрсеткен де емес. Олар Ішкі орда халқына ақ, адал көңілмен қызмет етіп, көмек жасады. А.И.Левшин, В.В. Григорьев, Я.В.Ханьков, П.И. Небольсин, В.П.Шахматов, В.П. Карелин т.б қазақты қадірлеп, оның тарихына үңіліп, жан дүниесін білуге, ұғуға ұмтылды. Осы өңірдегі көшпелі қазақтардың отыршылық тағдырын игеруге қалтқы болған да осы көрші елдердің адамдары еді. Қазақтар олардың тұрмыс-тіршілігін машығын үйреніп олармен тығыз байланыс ұстап, Ресей қалаларының базарларына жылқы, ірі қара, қой малдарын, мал өнімдерін апарып сатып, онан тұтыну заттарын, тауарлар алып оралып жүрді. Осындай қарым-қатынас жасап, бірінің жоғын екіншісі бүтіндеп, ептесіп-септесіп отырған екі елдің бірі Ресей жеріне 1812 жылы француздар баса-көктеп кірген кезде қазақтар бұл қырғынды өз басына төнген қауіптей көріп, орыс әскерлеріне ет пен майды, басқа да азық түлікті аямай беріп, өз ортасынан жасақтар құрды. Аттың құлағында ойнайтын, садақ тартқанда көздегенін мүлт жібермейтін бөкейлік сарбаздар орыс солдаттарымен бірге сұрапыл соғысты бастан кешіріп, Франциядағы Сена өзеніне дейін жеткен жеңісті жорықтың нақ ортасында болды [15, 26 б.].
Осындай қарым-қатынастағы елдің әскери өнерін үйрену қажетігіне Жәңгір хан, әрине көңіл бөлді. Сөйтіп Ордадағы өзі ұйымдастырған мектепті бітіргендердің бір қатарын Петербургтегі, Орынбордағы әскери білім беретін оқу орындарына жіберіп отырған. Орынборда Неплюев кадет корпусы ашылғанда, -деп жазады Салық Бабажанов, − Жәңгір хан оған білім алу үшін үш баланы әдеттегідей сұлтандардан Көшеғали Шығаевты, Шамсиден Досқазиевті және Қожа Көпболсын Қарауыловты жіберді. Ата-аналарының білімге ынталануы болмаса да олар ханның еркімен аттандырылды. Досқалиев оқу курсын аяқтаған жоқ, Ордаға кейін қайтты ... Шығаев қазір есауыл шенінде қызмет етеді, бұрын Ордада да өте жоғары қызмет атқарды. Қарауылов менің ағам, училищенің толық курсын бітірген соң хан сарайында қызмет атқарды, кейін хан кеңесінің бастығы болған 1844 жылы қазаға ұшырады... Бұл үш сұлтаннан кейін хан тағы да Орда адамдарының балаларын сол училищеге жібере бастады, басқаларға үлгі көрсетіп, хан өз ұлы Зұлқарнайды да аттандырды. Бірақ ол оқуын аяқтай алмай көз жұмды. Қалған екеуі оқуын бітіріп келіп, Ордада қызмет атқарып жүр: біреуі - уақытша үкіметтің кеңесшісі, екіншісі − теңіз жағалауындағы 1 - қазақ өлкесінің бастығы. (Мақаш Бекмұхамбетов туралы айтылып отыр) Айтпасақта түсінікті, өз басынан өткізген, білімнің дәмін тартқан бұл екі жігіт қазақтарға оқығандықтың пайдасын айтудан еш жалыққан емес және сәтті тұстарында иландыра біледі [9, 18 б.]. Бұлардан кейін де Орынбор кадет корпусына Жәңгір мектебін бітірген бірнеше жігіт жіберілген. Олардың арасында біз сөз етіп отырған Мұхамбет-Салық Бабажанов басқа Шалабаев Сұлтан, Саңғырықов Мырзағали, Ниязов Жүсіп, Жантөрин Сұлтанмахмұт, Бөкейханов Арыстангерей т.б бар еді. Бұлардың бәрі де аса қажетті қызметтерде істеп, халқының үмітін ақтай білген адамдар болды. Жәңгірдің өтініші бойынша 1844 жылы Неплюев кадет корпусының екінші эскадронынан қазақ балаларына жыл сайын алып оқыту үшін он орын бөлінді. Бұған дейін оларға бір-бірлеп қана рұқсатпен беріліп келген еді. Соның өзінде осы кезге дейін 20 жылдың ішінде мұнда қазақтың 30 жігіті оқып, олардың тең жартысы оқудың толық курсын тамамдады.Бұлардан басқа Жайықтың Бұқар беті мен Орта жүзден тағы бес жігіт оқып бітірді.
Қазақ жастары әскери оқуды не үшін қалады? Патша өкіметінің осы өлкені билеуге жіберген адамдарының көпшілігі осы мамандық иелері болды. Оның үстіне іс-қимылы тап-тұйнақтай, жинақы, кейбірі қылыш асынып, оқалы киім киіп жүретін әскери адамдар жастарды, әрқашан қызықтырды емес пе? Бала күнде таяқты ат етіп мініп, талдан қару ұстап жауынгер, жасақ болуды, өсе келе әскер басы, сардар болуды аңсайтын 15 пен 20-ның арасындағы жастар әлі де сол армандарынан ажырап болған жоқ еді. Оның үстіне осы мамандықты оқуға балаларын аттандырған Жәңгірдің өзі де мықтап ықпал жасады. Баласы Зұлқарнайды Петербургтегі үлкен оқу орындарының біріне кіргізуге мүмкіндігі бола тұра хан бізді кадет корпусына барудан айнып қала ма деп бірге аттандырды дейді Салық Бабажанов [9, 20 б.].
Сайып келгенде, әскери мамандықты игеруге, өздерінің офицер дәрежесінде көруге ұмтылу Жәңгір мектебінің көптеген түлектеріне тән болды. Олардың арасынан әскер оқуының әр түрлі сатыларын табысты аяқтап, әскердегі қызметін мінсіз атқарып, Жәңгірдің сүйікті ұлы Ғұбайдолла сияқты генерал дәрежесіне жеткендері кейінгі Кеңес заманындағы қазақтың тұңғыш генерал Шәкір Жексенбаев, дивизия комисары Рамазан Құрманғалиевтер де осы мектепті түлектері еді. Оны бітіргендерің тізімін жалғастыра беруге болар еді. Оны бітіргендердің көпшілігі халқының үмітін ақтап, халқына қалтықсыз қызмет еткен өрендер болды.
Сонымен, С.Бабажанов Жәңгір мектебі аталып өмірге келген оқу орнының Ішкі ордадағы орасан зор қуанышты оқиға болғандығын, оны көру, хан жаңалығын құттықтап, қайырлы болсын айту үшін тарту-таралғысын алып, хан ордасына халық ағылғандығын, халықтың өз ұрпақтарының келешегін осы мектеппен байланыстырылып, оған зор үміт артқандығын зерделеді. Сонымен қатар мектепте негізінен оқыту орыс тілінде болып, Құран хадистерін үйретуге бағытталған дін сабағы жүргендігі де ғалым назарынан тыс қалмады. Сөйтіп Жәңгір ханның білім саласындағы сепкен ұрығы мол өнім беріп, ол ұйымдастырған бір ған Орда мектебінің өзінен мыңдаған сауатты адамдар, дайындығы мол мамандар, қарымды қайраткерлер шықты.

1.2 М.Бабажановтың Бөкей ордасындағы діни ахуал туралы жазбалары

Мұсылман діні қазақ жеріне кіріп, халықтың наным-сенімі ретінде қалыптаса бастағанына бірнеше жүз жыл болғанымен оны таратушы, уағыздаушы, жұрттың санасына сіңіруші молдалар ХІХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ жерінде, әсіресе Кіші ордада тіпті аз болды. Әдетте молдаларды қаза болған қазақтың жаназасын шығару, Мұхамбеттің діни қағидаларын орындау үшін өлген адамдардың туыстары 50,100,150 шақырым жерден шақырып әкеліп жүрді [9, 30б.] деп жазады Салық өз жарияламаларында олардың дүмшелігі туралы жазып, мұсылман дінінің Кіші ордаға қалай таралғаны жөнінде көптеген мағұлмат берген. Орысша білім алып, орыс зиялы қауыммен көп араласқан Салықтың өзінің мұсылмандық білімі қандай болды, мұсылмандық парызын қаншалықты адал орындады дейтін мәселе П.Небольсин: Еділдің арғы бетінде, Астархан губерниясында өмір сүрсе де, европалық әдет-ғұрыптары бойына сіңірсе де, жалпы өмірге ағартушылық ізгіден қараса да, Бабажанов ататек ғұрпынан қол үзбеген, тіпіт ол жан жүйесімен мұсылманшылыққа күшті берілген адам, дейді [16, 55б.]. Шынында Салық мұсылманша үлкен сауатты болған кісі. Оның тұлғаланып, білімді қайраткер болып қалыптасуы кезінде қазақ жерінде мұсылман дінінің мектептері ашылып, қазақтардың Меккеге баруы етек ала бастаған еді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің Қазақ шежіресі деген еңбегінде қажыға Орта жүзден бірінші болып кімдердің барғанын айта келіп, 1958 жылы қазақтардың үлкен тобының сонда болғанын жазады. Орта жүзден жиырма кісі болыпты. Кіші жүзден табанданған жүз кісі болыпты. Ішінде Нұрпейіс хазірет, Досжан халпе бар дейді, − деп бастайды да ол шежіредегі әнгімесін. Қазақ мұнан бұрын бүйтіп бас қосып қажыға бармаған екен. Жүз жиырма кісі болып, арасын айырмай тізе қосып, қол ұстасып жүрген соң және өздері де көзге түсерлік әр таптың қасқа жайсаңы болғандықтан көргендер таңқаларлық болыпты. Қазақ байғұстың салпиған тымағының құлағын, сүйретілген тонының етегін, аңқиған аузын көрген соң, көргендер қызығып сұқтана бастайды ғой деп сол тұстағы қазақтардың тобымен жүрген портретін жасайды [17,10 б.].
Меккеге қазақтар да көп барған.Олар ол қалаға бару арқылы ислам дінінің беделін көтеріп, оның қазақ арасына кеңінен тарауын ықпал еткен. Меккеде болып қайтқан қажылардың қолдауымен жергілікті жерлерде діни мектептер ашылып қожа-молдалар көбейген.
Дегенмен қазақтар нәсілінде діндар, діншіл болмаған. Оған Шортанбай ақын мен Орынбай ақынның айтысынан мынандай бір үзінді келтіруге болады.
Шортанбай:
Менің түбім сарт еді,
Сенің түбің - қызылбас.
Екеумізді пір тұтқан.
Халық қалай бұзылмас,
дегенде, Орынбай:
Нәсілдің төрт жар дейді дегдар қожам,
Байқай сөйле, алдында мен бар қожам.
Еліңе дәріс айтып үйретпей,
Қазақтың өлеңінде нең бар қожам,-
деген екен [18, 345б.]. Шортанбай діннің тегеурініен, діндарлардың көптігінен қаймығып сөзден тосылыпты. Бұл арадағы сарт деп отырғаны - саудагер өзбек, қызылбас дегені - парсы екен.
Ислам діні қазақ жеріне оңтүстіктен және солтүстік батыстан енді. Оларды уағыздаушы, таратушы Иран мен Орта Азия қалаларында оқыған қожа молдалар болды. Кама өзенінің бойындағы Бұлғар хандығы, одан соң Алтын орданың оңтүстік бөлігі ислам дінін Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарын мекендеген тайпалардан бұрын қабылдады. Осыған байланысты дінді уағыздаушылар бұлғарлардан кейінірек башқұрттар мен татарлардан шықты. Татарлар орыс пен қазақ арасында тілмаштық қызмет атқара жүріп, мұсылманшылдықты насихаттауға елеулі үлес қосты. Бірақ бұл арада қазақ үшін қауіпті бір жағдайдың етек алғанын айтуымыз керек, олар қазақтарды татарландырып жібере жаздады. Салық жазғандай Олардың діни нанымдарын қабылдау, тілдерін татарша дыбысталып естілуіне бейімдеу монотизм өріс алып, татар мәнеріне қазақтардың мақамын бейімдеп жіберді. Осы соңғы соңғы еліктеушілік мәнерінде саудагерлер, молдалар сонымен қатар сұлтандар алдыңғы қатарда жүрді... Татарлардың мәнеріне салып сөйлеудің басты себебі жазуша кездесетін, тек татарлар ғана оқи алатын арабша, парсы сөздерін айта алмай қысылғандықтан қазақтар бәрін жазуда да, оқуда да татаршылап жіберуге мәжбүр болды...Осындай мақамдап сөйлеу халық арасында тарала бастаған кезде сауаттылықтың белгісі ретінде және ол ерекше білімдарлық боп танылып, әлгіндей татарша сөйлейтін сауаттыларға қара танымайтын сауаттсыз адамдар еліктеп сөйлейтін болды. [2, 33б.].
Дегенмен қазақ арасында татар молдалардың өзі де аз болды. Сөйтіп, қазақтар үшін мұсылманның міндеті болып саналатын бес уақыт намаз оқытуға үйрететін молда, мұғалімдер табылмады. Ұлыңды не молданың қолына бер,не халқының қолына бер деген мәтел ел ішінде үнемі қайталанады, - дейді Салық [9, 17б.]. Мұнда бірінші болып молданың оқуы айтылса, екінші қатарда оқыған, сауатты адамдардан үлгі алуды өнеге етіп отыр. Бірақ осындай ұлағатты өсиет сөздерге қарамастан, біздер көп уақытқа дейін қасірет тартық. Керек десең мұсылманның міндеті болып саналатын бес уақыт намаз оқытуға үйрететін молда-мұғалім таппай келді. Ал табыла қалса олардың жөнді білімі, сауаты болған жоқ. Оларға оқуға берген балалар бес тіпті одан да көп жылдар бойы таяқша санауды ғана үйреніп, кітапты жүргізіп оқи алмайтын халде болды...
Салық молдалардың оқушылармен қарым-қатынасының өрескел қатаң, тым қасаң болғанын айтады. Молдалар балалардың көзіне әзірейілдей елестейтін. Балалар жылағанда немесе тентек болғанда оларды қорқыту үшін молда келе жатыр немесе молдаға айтамын деп әкесі мен шешесі зәресін алатын. Молданың қатыгездігін әлі арқасымен сезбеген балалар да осы сөзден қорқатын еді. - деп жазды ол қазақтың қазақ туралы жазбалары туралы очеркінде [9, 18 б.].Осындағы молданың балалармен бір күнгі сабағын қалай өткізгенін оқып отырғанда оның шын мәнінде педагогикадан қашық екенін айтпағанның өзінде соншалықты жеміссіз болғанын байқаймыз. Бірақ қазақтардың көпшілігі Мейлі еті сенікі болсын, маған сүйегін қайтарсаң жетедідеп, балаларының білім алу үшін оларды сабап, соққанына да көнетін болған.
ХІХ ғасырдың орта шенінде әрбір ауыл да, ру, тайпалардың жинақы орналасқан жерлерінде мешіт салдыру, олардың жанынан дін оқуын оқыту жолға қойыла бастады. Мұндай жаңалықтың бастамашысы Ішкі орда ханы Жәңгір болды. Ол қазақ хандығының жүздеген жылды қамтитын тарихында ағарту ісін жоспарлы дамытуға алдымен ат салысқан оны жүйелі жолға қоюға тырысқан алғашқы хандардың бірі еді. Оның бұл талабын патша әкімшілігі де қолдады. Өз үйлерін молда ұстап, ауылды мұсылмандық парыздың дұрыс атқарлуы үшін үлестерін қосқан ауқатты қазақтардың да болғаны туралы да деректер бар. П.Небольсин өзінің Жиһанкез қазақтар деген мақаласында осы өңірдегі Ғұбайдолла Есембаев деген бай қазақтың өзі үйінде молда және орыс тілінің мұғалімін ұстап ауыл балаларын оқытуды қолға алғанын жазады [9, 58 б.].
Әрине үйде молда ұстауға ауқатты байлардың ғана мүмкіндік болды. Ал орташа және кедей адамдар өз балаларын сол молдаларға апарып, келісіммен оқытып жүрді. ...Христан діндарлары сияқты молдалар да құрметке ие болды, олардың барлық жерде де қонақ етіп сый-сияпат көрсетіп, айтқандарын мүлтіксіз бас шұлғыды. Олардың өздері де қазақтар арасында құранның сөздерінің басқа наным-сенімдерін артықшылығын айтып сендіре бастады, ал қазақтар болса, жазу-сызуды білетін молдаларға қарап, оқымыстылық пен сауаттылықтың адамға құрмет әперетінін түсініп, тіпті қысылтаяң кездерде бастықтардан соңғы ырыс иесі сияқты, жақсы ас-дәмдерімен тойғызытындарымен байқап, оқығандықтың пайдалы жақтарын ұқты - дейді Салық [9, 19 б.]. Сонымен бірге ол Жәңгір ханның оқу-білімді тарату, жұртқа мұсылман хадистерін үйретуді жолға қою мақсатымен молдаларды қалай көтермелегендігін жазады. Оның тұсында, - дейді ол, - молдалар лауазымға және танылған молда деген атақтарға ие болып отырды, олар балаларды оқытты, қаза болғандарға жаназа шығаруға міндетті болды, үйленгендердің некесін қиды, сонымен қатар жаңадан туған қазақ балаларына дұрыс мағыналы есім беруді қадағалады.(Мұны да айта кеткен жөн, қазақтардың аттарын тәржімелегенде кейбірінің мағына, мәні нағыз бір оңбаған маңызға ие болып шығады). Молдалар бұдан да басқа артықтықшылықтарды пайдаланды, мал басынан салық төлемейтін болды және дүре соғу жазасынан босатылды [9, 20 б.].
Салық Бабажанов өзінің мақалаларында хан ордасындағы діни оқу мен діндарлық жайын сөз ете отырып, оның соншалық қарабайырлығын атап көрсетеді. Сонымен бірге қазақтардың оқуға, білімге, ғылымға құштарлығын мақтанышпен айтады. Орда хандығында онымен тұтас Айжарық деген ноғай қазақтың Орынбор губерниясына қатысты Стерлимак уезінде иманнан дәріс алып, одан оқудың ыдысын тазалап, сусынан сарқып ішкен соң ауылына келсе де оқуын әрі қарай жалғастыра түсуге құлшынған өте зерек, ұғымтал жігіттің Бұхара барып, жоғары діни білім алғанын жазады. Бірақ ол жігіт еліне қайтып оралған соң алған білімін қолдануға өріс таппаған. Қараңғы түнектен шығып, жарыққа ұмтылған қазақ халқының білімге бет алған сүрлеу соқпағанда кездескен жағдайды, оның тұрмыс-тіршілігіне білім арқылы өніп жатқан жаңалықтарды, Салық өз жариямаларында сонша бір білгірлікпен, халқына деген жанашырлықпен баяндайды.
Сонымен, М.Бабажанов мұсылман діні қазақ жеріне кіріп, халықтың наным-сенімі ретінде қалыптаса бастағанына бірнеше жүз жыл болғанымен оны таратушы, уағыздаушы, жұрттың санасына сіңіруші молдалар ХІХ ғасырдың 30-жылдарында қазақ жерінде, әсіресе Кіші ордада тіпті аз болғанын жазған. Салық өз жарияламаларында мұсылман дінінің Кіші ордаға қалай таралғаны жөнінде көптеген мағұлмат берген.

1.3 М.Бабажанов жинаған қазақтың мақал-мәтел, жұмбақ, тақпақтары туралы жазбалары

Бабажанов Мұхамбет Салық қазақ халқының, Ішкі орда қазақтарының тұрмыс-тіршілігіне, жан-жәндігіне, жер бедері мен байлығына, мәдени-қоғамдық өміріне сипаттама берумен бірге қазақтың қанатты сөздерін, мақал- мәтелдерін, жұмбақтары мен ауыз екі тақпақтарын аңыз - әңгімелерін, көп жинаған.Олардың бір қатары дүниеде өткенсін, ал кейбірі көз тірісінде жарық көрген. Оның Қазақтың көне мақалы. Оның мағынасы мен маңызы деген орыс Жағарпия қоғамының архивінде сақталған бір жазбасы мынандай бір көнеден қалған сөзбен басталады: Бізде бұл тастан алғанда өкінер, алмаған да өкінер деген мақал бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бабажанов еңбектеріндегі Бөкей Ордасы қазақтарының жәйі
Мұхамбет Салықтың Қазақтың көне мақалы
Мұхамбет-Салық Бабажанов
Бабажанов Мұхамед-Салықтың ағартушылық қызметі
XIX-XX ғғ. Қазақстан мәдениеті
Жабаев Жамбыл/ Мұхамбет-Салық Бабажанов/Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Қазақтың тұңғыш білімді ханы-Жәңгір
«Қазақ мәдениетінің тарихы» курсы пәнінен дәрістер
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер
Пәндер