Қазақ халқындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтар: тарихи-этнографиялық зерттеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1 Қазақ халқы құрамындағы қожалар мен сунақтар тарихы ... ... ... ... ... ...13
1.1 Қожалардың этникалық тарихы мен территориялық орналасуы ... ... ..13
1.2 Қожалардың әлеуметтік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
1.3 Сунақтар және олардың этникалық тарихы мен орналасуы ... ... ... ... 34
2 Қазақ халқы құрамындағы төрелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.1 Төрелердің этникалық тарихы мен территориялық орналасуы ... ... ... 37
2.2 Төрелер мен қожалардың қазақтың әдеттік құқығы заңындағы алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41
3 Қазақ халқы құрамындағы жүзге кірмейтін кіші рулар ... ... ... ... ... ... ... 46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
Мәлімет берушілер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Тақырыптың өзектілігі. Тарихи өзгерістер салдарынан ұмыт қалған дәстүр мен мәдениетті қайта жаңғырту, жан-жақты зерттеу арқылы ұлттық құндылықтарды арттыру қазіргі кезеңде аса қажет екені даусыз. Бүгінгі күнде этнологтардың зерттеу бағыттарының бірі, жалпы этнос құрамындағы белгілі бір этникалық топтың болмысы болып табылады. Осы орайда этностың тұтас бейнесі мен ерекшелігін құрайтын – этностың шығу тегі, оның басқа халықтармен қарым-қатынасы, туыстық байланыстары т.б. мәселелерін зерттеу этнография, антропология ғылымындағы арнайы міндеттердің бірі.
Қазақстан тарихындағы қожалар, сунақтар, төрелер, төлеңгіттер сияқты субэтникалық топтардың этногенезі мен этникалық тарихын және этномәдениетіндегі ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеу қазақ этнографиясы үшін маңызды мәселелердің бірі. Сол себептен зерттеудің басты мақсаты қазақ халқындағы субэтникалық топтардың шығу тарихы, олардың территориялық орналасуы және тұрмысы мен мәдениетін, оларға қатысты аңыз-әпсаналар мен әулиелі жерлер мен киелі орындар туралы аңыздарды да тарихи дерек ретінде пайдаланып, толыққанды, жан-жақты тарихи-этнографиялық тұрғыда зерттеп саралау заман талабы.
Қазақтар арасында генеалогиялық қатынасқа түспейтін субэтникалық топтардың шығу тарихы, саяси әлеуметтік құрылымы мәселелері осы уақытқа дейін төл тарихнамамызда шынайы зерттеліп бір арнаға түсе алмай келген. Кейбір зерттеулерде бұл мәселелер үстірт қарастырылған.
Қазақ қоғамында қожалардың және төрелердің әлеуметтік категория ретінде танылуына байланысты, олардың құқықтық, қоғамдық және жеке нормалық тәртіптеріндегі әдет-ғұрып заңдары, оның дәстүрлі құқы мен ережелерінде құқықтық артықшылықтары мен міндеттері анықталды. Осылайша уақыт өте келе олардың қоғам дамуына сай дараланып, басқа руларға қарағанда тұтас келбеті ерекшеленді.
Мәселен, қожалар өзіндік болмыс-бітімімен әдет-ғұрып, салт-дәстүріндегі ішкі этномәдени ерекшеліктерімен дараланған этникалық топтың бірі. Қазақ қожалар қазақи этномәдени ортада өмір сүргендіктен, олардың өзіндік әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тұрмысында кейбір ерекшеліктің сақталғандығына қарамастан, сол халықпен сіңісуі де қоғамдық табиғи заңдылық. Мұндай этномәдени ерекшеліктерге мән беріп, олардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тұрмысына жергілікті ортаның әсерін де қарастыру зерттеу жұмысының барысында орын алады. Сондықтан да олардың әдет-ғұрып, салт-жораларындағы ерекшеліктері, айырмашылықтары мен өзгешеліктері жаңа және дәстүрлі салттық жүйелердегі нақтылы этномәдени көріністері – этнология ғылымында зерттеушілер назарын аударып отырған тақырыптардың бірі.
1 Қазақ этнографиясының кітапханасы. 50 томдық.
2 Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы: Санат, 1996. – С.656.
3 Сафи-ад-дин Орын Қойлақы. Насаб-нама. (Қолжазба түпнұсқасын транскрипциялаған Ә.Қ.Моминов және З.З.Жандарбек). – Түркістан: Асыл мұра, 1992. – 42 б.
4 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б. - 191-192-б.
5 Шамғонов А. Төлеңгіттер қауымы және Бөкей Ордасында төлеңгіт руының қалыптасуы // e-history.kz
6 Асылбеков М.Х. Төлеңгіттер – қазақ халқының субэтникалық тобы
//e-history.kz
7 Уәлиханов Ш.Ш. Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұараның) Шығыстағы алты қаласының жайы туралы //Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б. - 474 – 526 – б.
8 Валиханов Ч.Ч. Родословное древо казахских ханов и султанов //Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. В 5-ти томах. Алматы, 1985. Т. 4. С. 171-173
9 Материалы по казахскому обычному праву. Сборник І. – Алматы: Изд.АН КазССР, 1948. – 349 с. - С.42-46, 220,347.
10 Қазақ шежіресі. Дайындаған Ж.Бейсенбайұлы. Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. – 158-б. - 92 – 101-б.
11 Бартольд В.В. Сочинения в 9 т.т. Т.ҮІ. Работы по истории ислама и арабского халифата. – М.: Наука, 1966; Бартольд В.В. Т.І. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. – М.: Наука, 1963. – С.759.
12 Материалы по истории казахского ханства ХҮ-ХҮІІІ веков. – Алма-Ата: Изд.АНКазССР,1969. – С. 313-321.
13 Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ в. – Алматы:Изд.АНКазССР,1958. – 296 с. – С.221-225; Бижанов М. Социальные категории казахского общества ХҮІІІ в. в трудах русских ученых // Казахстан в ХҮ-ХҮІІІ веках (Вопросы социально – политической истории). – Алматы:Изд. АН КазССР, 1969. – 203 с. – С. 160-171.
14 Артықбаев Ж.О. Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам. ХҮІІІ ғ. - Қарағанды,1995. – 266 б. (75-79, 113-123 б); Артыкбаев Ж.О. История Казахстана в ХІХ веке. – Караганда,1992; Артыкбаев Ж.О. Этносоциальная структура казахов Севернего и Центрального Казахстана во второй половине ХІХ века: Автореферат диссертаций на соискание ученой степени к.и.н. - Алматы: 1989; Артыкбаев Ж.О. История Казахстана (двенадцать лекций). – Караганда, 1997. – 153 с. – С.82-83, 93-95; Телеуова Э.Т. Тәуке (Тәуекел Мұхаммед Батыр хан) тұсындағы қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және экономикалық ахуалы: Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. – Алматы: 1999.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтар: тарихи-этнографиялық зерттеу

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1 Қазақ халқы құрамындағы қожалар мен сунақтар тарихы ... ... ... ... ... ...13
1.1 Қожалардың этникалық тарихы мен территориялық орналасуы ... ... ..13
1.2 Қожалардың әлеуметтік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 30
1.3 Сунақтар және олардың этникалық тарихы мен орналасуы ... ... ... ... 34
2 Қазақ халқы құрамындағы төрелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.1 Төрелердің этникалық тарихы мен территориялық орналасуы ... ... ... 37
2.2 Төрелер мен қожалардың қазақтың әдеттік құқығы заңындағы алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41
3 Қазақ халқы құрамындағы жүзге кірмейтін кіші рулар ... ... ... ... ... ... ... 46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
Мәлімет берушілер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тарихи өзгерістер салдарынан ұмыт қалған дәстүр мен мәдениетті қайта жаңғырту, жан-жақты зерттеу арқылы ұлттық құндылықтарды арттыру қазіргі кезеңде аса қажет екені даусыз. Бүгінгі күнде этнологтардың зерттеу бағыттарының бірі, жалпы этнос құрамындағы белгілі бір этникалық топтың болмысы болып табылады. Осы орайда этностың тұтас бейнесі мен ерекшелігін құрайтын - этностың шығу тегі, оның басқа халықтармен қарым-қатынасы, туыстық байланыстары т.б. мәселелерін зерттеу этнография, антропология ғылымындағы арнайы міндеттердің бірі.
Қазақстан тарихындағы қожалар, сунақтар, төрелер, төлеңгіттер сияқты субэтникалық топтардың этногенезі мен этникалық тарихын және этномәдениетіндегі ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерделеу қазақ этнографиясы үшін маңызды мәселелердің бірі. Сол себептен зерттеудің басты мақсаты қазақ халқындағы субэтникалық топтардың шығу тарихы, олардың территориялық орналасуы және тұрмысы мен мәдениетін, оларға қатысты аңыз-әпсаналар мен әулиелі жерлер мен киелі орындар туралы аңыздарды да тарихи дерек ретінде пайдаланып, толыққанды, жан-жақты тарихи-этнографиялық тұрғыда зерттеп саралау заман талабы.
Қазақтар арасында генеалогиялық қатынасқа түспейтін субэтникалық топтардың шығу тарихы, саяси әлеуметтік құрылымы мәселелері осы уақытқа дейін төл тарихнамамызда шынайы зерттеліп бір арнаға түсе алмай келген. Кейбір зерттеулерде бұл мәселелер үстірт қарастырылған.
Қазақ қоғамында қожалардың және төрелердің әлеуметтік категория ретінде танылуына байланысты, олардың құқықтық, қоғамдық және жеке нормалық тәртіптеріндегі әдет-ғұрып заңдары, оның дәстүрлі құқы мен ережелерінде құқықтық артықшылықтары мен міндеттері анықталды. Осылайша уақыт өте келе олардың қоғам дамуына сай дараланып, басқа руларға қарағанда тұтас келбеті ерекшеленді.
Мәселен, қожалар өзіндік болмыс-бітімімен әдет-ғұрып, салт-дәстүріндегі ішкі этномәдени ерекшеліктерімен дараланған этникалық топтың бірі. Қазақ қожалар қазақи этномәдени ортада өмір сүргендіктен, олардың өзіндік әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тұрмысында кейбір ерекшеліктің сақталғандығына қарамастан, сол халықпен сіңісуі де қоғамдық табиғи заңдылық. Мұндай этномәдени ерекшеліктерге мән беріп, олардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тұрмысына жергілікті ортаның әсерін де қарастыру зерттеу жұмысының барысында орын алады. Сондықтан да олардың әдет-ғұрып, салт-жораларындағы ерекшеліктері, айырмашылықтары мен өзгешеліктері жаңа және дәстүрлі салттық жүйелердегі нақтылы этномәдени көріністері - этнология ғылымында зерттеушілер назарын аударып отырған тақырыптардың бірі.
Қазақстан тарихында қожалардың этникалық шығу тарихы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағында ислам дінінің енуі негізіндегі рухани процестермен тікелей байланысты. Еліміздің қоғамдық саяси өмірінде қожалар ұрпақтарына жала жауып, қуғын-сүргінге ұшырату кезеңі ХХ ғ. ортасына дейін белең алды. Қожалардың қазақ даласында дін уағыздап таратудағы орны мен діни қызметтердегі ролі панисламист, дін таратушы, дін таратушылар ұрпақтары деп танылып, қожалардан шыққан ақындар мен жазушылар, ғалымдар сияқты жеке тұлғаларға да теріс көзқарас қалыптасты. Олардың тарихымызда елеусіз қалуының басты себебінің бірі де осы еді.
Ал төрелердің Қазақстан тарихындағы орны Шыңғысхан жоығымен байланыстырылса, басқа кіші субэтникалық топтар әр түрлі себептермен өз қауымдарынан шығып, басқа рудың құрамына еніп кеткен топтардың да бар екендігі этнология ғылымындағы баса назар аударатын мәселелрдің бірі.
Орта Азия мен қазақ халқының тарихындағы субэтникалық топтар сол халықтардың арасындағы этникалық топтардың бірі ретінде өмір сүре отырып, олар жергілікті халық арасында шартты түрде қожалар, төрелер, сунақтар, төлеңгіттер деген атпен белгілі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі күнге дейін қазақ халқындағы жүзге кірмейтін рулар, олардың этникалық бітімі мен өзіндік этномәдени болмысы өз алдына арнайы зерттелмеген. Қазақ халқында жүзге кірмейтін рулар дегенде, ең алдымен қожалар мен төрелерге ғана баса назар аударылып, басқа субэтникалық топтар туралы айтылмайтындығы, әрине тарихи шындық.
Қожалар мен төрелердің шығу тарихы мен олардың Орта Азия мен Қазақстан аумақтарында қоныстануы ХҮІІІ ғ. мен Қазақстан тарихының төңкеріске дейінгі алғашқы жылдарындағы этнографиялық және тарихи зерттеулер болып табылатын Ресей тарихнамасында бірен-саран сипатталды. Бұл кезеңдегі зерттеулер Ресейден Қазақстанға жіберілген бірқатар ғылыми экспедициялардың жүргізілуі нәтижесінде жүзеге асқан. Осы деректер қожаларды Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтары (ізбасарлары, серіктері) Әзіреті Омар, Әзіреті Оспан, Әзіреті Әлі, Әзіреті Әбубәкір Сыдықтан таратса, тқрелер тұқымын Шыңғысханның үрпақтары деп таратады. Сондықтан да сол кезеңдегі зерттеулерде қожалар халық арасында мұсылман дінін таратушылар делінсе, ал төрелер Шыңғысхан ұрпақтары ретінде, ел басқару ісінде ерекше орын алып, қазақ қоғамының құрамындағы ақсүйек, асыл сүйек топтар екендігін сипаттаумен ғана шектелген.
Біз үшін диплом жұмысын жазу барысында көмекші, әрі ең басты құралдардың бірі ретінде 50-томдық Қазақ этнографиясының кітапханасы бойынша біраз мәліметтер алынды [1].
1768-1774 жж. Ресей Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедиция қазақтардың тұрмысы мен шаруашылығын зерттеуге бағытталды. Осы экспедиция басшысы П.С.Паллас және экспедиция мүшелерінің бірі этнограф И.Г.Георги еңбектері қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік құрылымы мен шаруашылығы, отбасылық және туыстық қатынастар мәселелеріне түсінік берді. Бұл еңбектерде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы қожалар мен сұлтандар тарихына аздап тоқталып, олардың ақсүйектер тобына жататынын атап өткен. Мәселен, П.С.Паллас қырғыздар арасындағы қожалардың бұрынғы ата-бабаларын қадірлі, құрметті адамдар деп сипаттаса, осы экспедиция мүшелерінің бірі этнограф И.Г.Георги қырғыздарда ақсүйек топ әртүрлі, олардың жоғарғы тобын сұлтандар, орта тобын - билер, ал төменгі тобын жаратылыстары шын пейілді (шынайы табиғи адамдар) адамдар - қожалар құрады деп атап көрсеткен.
ХІХ ғ. басындағы қазақ тарихы үшін маңызды тарихи-этнографиялық тұрғыда жазылған еңбектердің бірі А.И.Левшиннің [2] зерттеуі болды. Бұл еңбекте қазақ қоғамының саяси, әлеуметтік-экономикалық және географиялық жағдайы мен этнографиялық мәліметтері, халықтың жанұялық-некелік қатынастары, бала тәрбиесі және өлікті жерлеуге байланысты жосын-жоралғылар, ас беру салттарындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер т.б. толығырақ қамтылып жазылды. Ал, төрелер мен қожаларға қатысты, олардың шығу тарихы, қожалар қыздарын басқа қазақ руларына бермейтіндігі және Тәуке ханның Жеті жарғысы бойынша қазақ қоғамының әлеуметтік статусындағы төрелер мен қожалардың орны сипатталды.
ХІХ ғ. соңында да қазақ қоғамының шаруашылық, әлеуметтік және әдеттік құқықтарын жинау мен отбасы және неке тарихына байланысты зерттеулер Н.И.Гродеков, А.Н.Харузин, Ш. Ибрагимов, Г.Загряжский, П.Е.Маковецкий еңбектері құрайды. Бұл еңбектерде қожалар мен төрелердің этникалық тарихына шолу жасаумен бірге, олардың жанұялық-некелік қатынастарына байланысты сипаттаулар П.Е.Маковецкий, Н.И.Гродеков еңбектерінде орын алғандығын Қазақ этнографиясының кітапханасы бойынша көз жеткіздік [1].
Қожалар туралы басты шежірелік дерек Насаб-наманы ең алғаш жазып қалдырушы ХІІІ ғ. өмір сүрген Сафи ад-дин Орұң Қойлақы болды. Мұнда ҮІІІ-ХІІ ғ.ғ. Қазақстан тарихы мен осы кезеңдердегі ислам дінінің Қазақстан жеріне келу мен таралу тарихы, яғни Қазақстан өңіріне ислам дінін таратушылар мен сопылықтың пайда болуы, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан мен Сырдың төменгі ағысына дейінгі аралықтағы Қарахан билігі жөніндегі деректер баяндалған. Мұның қолжазба транскрипциясын 1992 ж. алғаш қазақ тілінде жарыққа шығарғандар Ә.Қ.Моминов пен З.З. Жандарбек болды [3]. Бұл Насаб-нама нұсқасында да Орта Азия мен Қазақстан территориясына ислам дінін таратушы Мұхаммед-Ханафия ұрпақтары: Әбдіжалил баб, Әбдірахим баб және Ысқақ бабтар екендігін атап өткен. Осы баб сөзінің мағынасын Ә.Марғұлан ата, әулие мағынасында қарастырып, ислам дінін жақтаған абыздар деп есептеген [4].
Қазақ халқындағы төрелер мен төлеңгіттердің этникалық қалыптасуы мен олардың қазақ халқы арасында таралуы туралы мәліметтер А. Шамғонов зерттеулерінде көрініс берсе [5], төлеңгіттердің қазақ халқындағы субэтникалық топ екендігін баса айтқан зерттеушілердің бірі М.Қ. Асылбеков [6] болды.
Қазақстан тарихын әлеуметтік-экономикалық, тарихи-этнографиялық тұрғыдан алғаш зерттеушілердің бірі Ш.Ш.Уәлиханов (1835-1865) болды. Ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан тарихы мәселелерін, қырғыз, ноғай, өзбек, ұйғыр халықтарының тарихын, этнографиясын, фольклорын зерттеді. Ол өз зерттеуінде Кіші Бұқараның аумақтық негізін сипаттай отырып, ортаазиялық дін басыларын тұқым қуған Мұхаммед ұрпақтары сейіттер мен қожалар, шейхтар т.б. деп атап, олардың мемлекеттік деңгейдегі қызметтеріне жоғары баға беріп, онымен қоса сейіттердің халық арасындағы беделді әрекеттерін құптамайтындығын да білдірді [7]. Ал төрелерге қатысты олардың генеалогиялық мәселесін де өз зертеуінен қалдырмады [8].
Қазақ қоғамының әдеттік құқықтық жүйесіндегі қожалардың басқа қазақ руларына қарағанда әлеуметтік құқық мәртебесінің жоғары екендігі жөнінде мағлұматтар көп кездеседі. Мысалы, 1824ж. Омбы Уақытша комитетіндегі қазақтардың әдеттік құқықтары мен ережелері жөніндегі бабында қожалар мен сұлтандардың, яғни тқрелердің құқықтық статус мәселесіндегі жеңілдіктері мен артықшылықтары аталады [9].
Жалпы жүзге кірмейтін руларға байланысты ең маңыды тағы бір шежірелік дерек көзі Сайдаққожа Жүсіпұлының 1875 ж. Бұқарада 500 дана болып шыққан Қазақ тайпаларының тарихы деп аталатын еңбегі. Мұнда жүзге кірмейтін қазақ рулары деп төрелер, қожалар, сунақтар, төлеңгіт, құрама т.б. тайпаларды атап, қожалар тобына сейіттер, Қорасан тобы, Жүсіпқожа, Түрікпен қожа рулары жататындығын айтқан. Бұл шежірені Жезқазған облысы, Жәйрем қаласының тұрғыны Айтқожа Әбдірахманұлының көмегі арқылы Ж.Бейсенбайұлы жариялаған [10].
Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы қожалардың қалыптасу тарихы ислам дінінің осы өңірлерде таралуымен тікелей байланысты. Ислам дінін алғаш қабылдау Қарахан мемлекеті тұсында болғандығын көптеген зерттеушілер еңбектерінен кездестіреміз. Мұндай еңбектер қатарына белгілі зерттеуші В.В.Бартольд еңбегін [11] жатқызуға болады. Ол еңбегінде діни қызмет саналатын ишандықтың сипаттамасын беріп, Орта Азия мен қазақ даласында ислам дінінің еніп, қалыптасуының тарихын жазады. Оның пікірі бойынша, қазақ даласының алғаш мұсылман дінін қабылдауы Қарахандық яғма тайпасынан шыққан билеуші Сатұқ Боғрахан Абд ал Керим заманында іске асты.
Орта ғасырлық жазба деректердегі жарлықтарда қазақ даласында Шыңғысхан ұрпақтары мен дін иелерінің ерекше вакуфтық жер иеліктерін иеленгендігі туралы мәліметтер ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. қазақ хандығы тарихы материалдарында орын алды [12].
ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. қазақ қоғамының саяси құрылымы мен әлеуметтік жүйесі, оның экономикалық жағдайы С.З.Зиманов, М.Бижановтардың [13]еңбектерінде жақсы зерттелгенін атап өткен жөн.
ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ көшпелі қазақ елінің этноәлеуметтік, саяси-шаруашылық құрылымына, отбасы мен қауымына терең тарихи-этнографиялық талдау жасаған Ж.О.Артықбаевтың зерттеуінде асыл сүйек аталған қожалардың қазақ қоғамындағы әлеуметтік орны ерекше жақсы талданған. Ал, Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының саяси, әлеуметтік және экономикалық хал-ахуалын зерттеуде Жеті жарғы баптары бойынша төрелер мен қожаларға берілген құқықтық статусқа мән берген Э.Т.Телеуованың [14] зерттеуі назар аударарлық.
Қожалардың мұсылман дінін таратуда насихатшылық роль атқарғандығы, сопылық және ишандық дәстүрлі діни қызметтердің ірі өкілдері ретінде танылғандығын Р.М.Мустафина[15], Н.Д.Нуртазина [16], А.К.Султангалиева [17] еңбектерінде сипатталды. Бұл еңбектерде қазақ даласындағы мұсылмандықтың қалыптасуы мен таралуына тарихи талдау жасалынып, дін беделділері саналған қожалар мен сейіттердің сопылық және ишандық қызметтердегі орны ерекше болғандығы көрсетілді.
Орта азиялық көлемдегі ислам дініне, оның негізгі бағыттары мен ағымдарына қатысты және ислам дінін таратудағы тарихи тұлғаларға тоқталып өткен, соның ішінде ишан, пір, қожа терминдеріне қатысты мәліметтерді Ресей империясы территориясындағы ислам деп аталатын энциклопедиялық сөздік құрады [18].
Қожалардың әулеттік шежірелері жөніндегі мәліметтер өте құнды. Олар Қорасан қожалар шежіресі, Айқожа ишаннан бүгінгі күнге дейінгі тараған ұрпақтар шежіресі, Сәйітнама, Сайд Сабұлт қожалар шежіресі, Қылауыз қожалар шежіресі, Шәмші қожалар, Сунақтар және сунақ қаласы шежірелері және Қытайдағы қазақтар арасындағы қожалар туралы деректер [19]. Бірақ, бұл шежірелердің кейбірі сыни көзқарасты қажет етеді.
Қожалар шежіресін зерттеуде З.З.Жандарбектің еңбегі [20] қомақты үлес болып табылады. Ол өз жұмысын Насаб-наманың нұсқалары негізінде, оларды өзара салыстырып талдауға арнаған. Бұл зерттеу жұмысында Насаб-наманың 7 нұсқасы мен 31 қолжазбасын негізгі зерттеу нысаны етіп алады. Қолжазбалар негізінен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларында тұратын қожа әулеттерінен алынған.
Cондай-ақ соңғы жылдары жүзге кірмейтін рулардың тарихи қалыптасуы мен теорриториялық орналасуы бойынша да бірқатар еңбектер жарық көрген. Мәселен, Ж.О. Артықбаевтың ақкөл жайылма өңірінің қожалары деп аталатын еңбекте Орталық Қазақстан өңіріндегі қожаларға қатысты мәсіметтер айтылса [21], М.А. Алпысбестің Қазақ шежіресі - тарихнамалық деректанулық зерттеу [22] деп аталатын еңбегінде жүзге кірмейтін руларды шежірелік деректер негізінде сөйлетсе, Н.Сабитовтың Геналогия Торе [23] деп аталатын еңбектерінде төрелердің геналогиялық қалыптасуы мен этникалық тарихына сипаттама берілсе, Қазақ халқының құрамындағы қожалардеп аталатын З.Ибадуллаеваның қолжазба [24] материалы да диплом жазу барысында пайдаланылды.
Ең бастысы архив материалдарының негізінде жазылған И.В. Ерофееваның Родословные казахских ханов и кожа [25] деп аталатын еңбек біздің зерттеуіміздің ең басты дерек көзі бола білді.
Тарихнамалық шолу көрсеткеніндей, қазақ халқындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтар туралы мәліметтер әртүрлі дерек көздері мен зерттеулерде кездеседі.
Диплом жұмысының деректік негізі Кеңес дәуіріне дейінгі зерттеулерді құраған Қазақ этнографиясының кітапханасы, Ш.Ш. Уәлиханов, М. Тынышбаев зерттеулері мен М.Ж. Көпеевтің Қазақ шежіресі, С. Жүсіпұлының 1875 ж. Бұқарада шыққан Қазақ тайпаларының тарихысияқты шежірелік деректер болды.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты қазақ қоғамындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтардың - қожалардың, тқрелердің, тқлеңгіттердің, кірмелер мен шала қазақтардың өзіндік этникалық тарихы мен этникалық территориялық орналасуын көрсету болып табылады. Бұл мақсат мынадай міндеттерді тудырды:
тарихи деректер мен ел арасынан жинақталған этнографиялық материалдарға сүйене отырып, қазақ халқы құрамындағы қожалар мен төрелердің этникалық шығу тегі, қалыптасуы, территориялық орналасуын сипаттап жазу;
қожалар мен төрелер субэтникалық тобының тарихи қалыптасқан әлеуметтік ерекшеліктерін белгілеу;
қожалар мен төрелердің далалық құқықтық заңындағы артықшылықтары мен жеңілдіктерін сипаттау;
қазақ халқындағы басқа да жүзге кірмейтін кірмелер, төлеңгіттер, құрама сияқты рулардың этникалық шығу тарихы мен қалыптасуын тарихи-этнографиялық деректер негізніде айқындау.
Сондықтан да диплом жұмысында бұл міндеттерді де орындауға тырыстық.
Диплом жұмысының методологиясы мен әдістері.Тақырыпты талдауда біз соңғы жылдары заман ағымына байланысты отандық тарих ғылымында болып жатқан жаңа методологиялық бағыттарды негізге алдық. Зерттеу барысында жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық секілді ғылыми таным принциптері басшылыққа алынды.
Осы мәселені сараптағанда біз этникалық, этноәлеуметтік процесстер, субэтникалық топтар жөніндегі Л.Н. Гумилевтің[26] теориялық еңбектері басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, алғашқы тарау үш тармақшадан, екінші тарау екі тармақша, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

1 Қазақ халқы құрамындағы қожалар мен сунақтар тарихы

1.1 Қожалардың этникалық тарихы ментерриториялық орналасуы

Қазақ жүздерінің құрамына кірген көптеген тайпалар мен рулардың саны да, олардың кірген уақыты мен шыққан жері де (тегі де) бірдей болмағаны күмәнсіз. Алайда, бір этностың ірі құрылымдық элементтері ретінде олар қазіргі қазақтардың ортақ этникалық бейнесінің қалыптасуында маңызды орын алған, сондықтан бұл процестегі олардың тарихи маңызы өте зор. Ендеше, қазақ халқының этникалық тарихын зерттеуде, этнос ішіндегі құрылым ретінде жүздер зерттеушілердің назарынан тыс қалмауы тиіс [27, 23 б.]. Сондықтан да қазақ халқының құрамындағы қожалардың да шыққан тегі мәселе ауқымына байланысты келелі мәселелердің бірі. Қожалар қазақтар арасында ғана емес, Орта Азия халықтарында да, мәселен, өзбек, түрікмен, тәжік, татарлар арасында да өмір сүреді. Осы орайда, олар шартты түрде сол өмір сүрген ортасына қарай қазақ қожа аталуына қарай өзбек қожа, түрікмен қожа және татар қожа аталады.
Субэтнос - өз мүшелерінен құралатын өзара комплиментарлық негізінде өзінің мінез-құлық стереотипі және қарама-қарсы қою кезіндегі этникалық жүйе. Субэтнос - этнос дәрежесінен төмен этникалық таксон. Әр түрлі субэтнос болуы этнос тұрақтылығының мәнді белгісі, өйткені субэтнос симбиоз қатынасында бола отырып, өзара міндеттерін бөліседі. Антогониялық емес қарсыластық жолымен субэтнос этностың бірлігін бұзбастан, ішкі құрылымын иілгіш етеді.
Этногенtз процесі кезінде субэтнос бір-бірімен алмасып, пайда болып әрі жұтылып отырады. Мәселен, Ресей этногенезі барысында субэтнос казактар, поморлар, сібірліктер, (челдондар), ескі дәстүрді ұстанушылар және т.б. бөлініп шықты. Этноста жетекші роль атқаратын субэтнос ерекшеленеді. Мысалы, XX ғасырдың басына дейін дворяндар жетекші болды, кейбір субэтнос бұрын дербес болған этностың реликт формасы болып табылады. Мәселен бірегей провансалдық роман этносы субэнос этногенез барысында француз этносына айналды [28, 160 б.].
Көріп отырғанымыздай субэнос белгілі бір аумақты мекендейтін этнографиялық топ, сословие, конфессионалды қауым және т.б. формаларда бола алады, алайда олардың қандай да бір этностың субэтникалық тобын сақтауы кезінде мінез-құлық және қоршаған ортаға қарама-қарсылығы бірдей болады.
Қазақ халқының құрамында генеалогиялық қатынасқа түспейтін топтар төрелер мен қожалар, сондай-ақ кіші субэтникалық топтар да орын алады.
Қожалар үш жүзге кірмейтін тайпалар ішіндегі өздерінің болмыс-мінезімен, әдет-ғұрпымен дараланған субэтникалық топтың бірі. Қожалар тобы тарихи-табиғи күрделі процесс нәтижесінде қалыптасқан этнос құрылымының элементі болып табылатын этникалық жүйе ретінде қазақ ұлтының бір бөлігіне айналғанына да көптеген ғасыр өтті. Этностың құрылымындағы мұндай даралану Л.Н.Гумилев бойынша, субэтнос болып табылады [26, С.108]. Субэтникалық ұғым белгілі бір этностан әлеуметтік, мәдени, әдет-ғұрыптық, тілдік, территориялық ерекшелігі бар топ. Осы орайда, қожалардың әлеуметтік ерекшеліктері мен этномәдениетінде кейбір ерекшелікті белгілерi сақталғандықтан, ол қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтың бірі саналады.
Қожалар елдің рухани өмірінде мұсылмандық мәдениеттің ең жоғарғы қызметшісі, сондықтан да Орта Азия мен қазақ халқы арасында мұсылман дінін таратып уағыздаушы, әрі Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы болып есептеледі.
Қожалар - Мұхаммедтің алғашқы серіктері, исхабтан тарағандар және олар өздерін Мұхаммедтің ұрпағымыз десе, оларды қырғыздар екіге бөлді, олардың біріншісі қожалардың қасиетті тобы аталған Мұхаммедтің қызы Фатимаға үйленген Әзіреті Әліден тарағандар, ал екінші тобы жәй ғана қожалар, олар Әзіреті Әбубәкір, Әзіреті Оспан, Әзіреті Омар, Әзіреті Өзбектен тарағандар. Бұл аталған мәліметті Н.И.Гродеков: қожалар мен сейіттер ақ сүйек тобына кіреді, мұндағы қожалар - Мұхаммедтің серіктерінің ұрпақтары, ал сейіттер қырғыздар арасында көп емес, Хусейннің баласы имам Зейнульабудиннен өрбіген ұрпақ, олар қожаларға қарағанда беделді деп анықтай түседі. А.И.Левшин қожаларды жалпы атпен Мұхаммедтен тараған ұрпақтар десе, Г.Клапрот қожа - Мұхаммедтің ұрпағы емес, ол оқымысты, мырза деген мағынаны білдіреді деп көрсеткен [24, 27 б.]. Қожа ұғымы парсы тілінде хваджа - ие, еге, мырза деген мағынаны білдірiп, ислам дiнi тараған елдерде діни адамдарға берілетін құрметті атақ болды, ал араб тілінен аударғанда ағартушы деген мағынаны білдірді. Өздерін пайғамбар әулетіне санайтын қожалар мен ислам дінінен хабары барлардың барлығы дерлік қожа қатарына қосылып, ислам дінін уағыздауға қызмет атқарды. Солардың бірталайы қазақ даласында да тарайды [29, 23-24 б.]. Сонымен, қожалар Орта Азия халықтары арасында Мұхаммед пайғамбардың 4 шадиярынан (серігінен) тараған әулеттер.
Орта Азия халықтарының ішінде тәжіктер мен өзбектер және түрікмендер арасында дараланған топты қожалар мен сейіттер құрады. Олар жергілікті жерде жалпы атпен қожалар деп аталып, тарих шеңберінде тәжік қожа, түрікмен қожа және өзбек қожа деген атаумен аталды.
Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы қожалардың Орта Азия мен Қазақстан аумағында этникалық қалыптасуы араб жаулап алуы немесе дін үшін соғыс кезеңімен байланысты.
Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық үрдістердің барысында араб халқы қалыптасты және YII ғ. жаңа діни жүйе исламның негізінде мемлекет құрылды. Арабтың теократиялық ерте феодалдық үлгідегі мемлекеті халифаттың басында Алла елшісінің бұрынғы ізбасарлары, оның мұрагерлері немесе халифтар отырды. Олардың арасында ислам дінін таратушылар, ерекше құрмет тұтатын алғашқы төрт халиф - Әбубәкір Сыдық (632-634), Оспан (644-656), Омар (634-644) және Әлі (656-661) бар .
YII ғ. 30 жылдарында Мәдинадағы халифат Аравиядан тыс жерлерге дін үшін соғыс деп аталатын ұрыс қимылдарын жасады. Нәтижесінде Палестинаны, Египетті, Византия империясын, Иранды, Солтүстік Африка, Закавказье және Орта Азия мен Қазақстан аумағына дейін келді.
Арабтардың Орта Азияға келуі YIII ғ. алғашқы ширегінде. Алайда, арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңда Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс Түрік қағанатының билігінде болған. Олардың Орта Азияға келуі Кутейба ибн Муслим есімімен тығыз байланысты. Ол туралы деректердің бірінде; 628 ж. Кутейба ибн Муслим, яғни Умайя тұқымының алтыншы халифасы Уәлид ибн Абдул Малик заманында Кашмирге жақын Кануч шаһарын алып, содан Балхтан ( Жайхун - қазіргі Амудария) өтіп, Қашғарға келген, енді бір мәліметте олардың Мауреннахр өңіріне келуі 705 ж. деп келтіріледі. Кутейба ибн Муслим Балхты басып алып, 706 ж. Пайкендке (Бұқараға таяу) қарай беттейді. 714 ж. Кутейба Шашты басып алып, Испиджабқа жорық жасады. Алайда, бұл өңірдің ислам дініне енуі Қарахан мемлекеті тұсында еді. Х ғ. басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатуқ ислам дінін қабылдаған болса, оның ұлы Боғрахан Харуб бин Мұса 960 ж. ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Бұл туралы Мударрис Аалам ахун айтады деп келтіреді Құрбанғали Халиди; Түркістан жаппай Сыдық Бұғрахан алдында исламға енді, себебі түріктен әуелі исламға енген Сыдық деп осы Боғраханды айтқан. Түркілердің мұсылман болуы Бұғраханнан бұрын болса да Бұғрахан заманында ислам дамып гүлденген. Бұл туралы В.В.Бартольд: Қарахандық билеушілердің яғма тайпасынан шыққан әулеттің өкілі Сатұқ Боғрахан Абд ал Керимнің алғаш рет исламды қабылдағанын айтса, Г.Кляшторный алғаш қарахандық билеушілер дәуірінде болған ірі оқиғалардың бірі түріктердің исламды қабылдауы деп толықтыра түсіп, алайда қарахан мемлекетіне 955 ж. мұсылманды қабылдатқан Сатұқ Боғрахан Абд ал Керимнің өзі емес, оның ұлы Мұса деп айтады. Айта кетелік, бұл саяси діни идеологиялық процестерден бұрын Орта Азияда ислам дінін таратушы арабтарға қарсы 776-780 ж.ж. Муканна қозғалысы болған [30, 184 б.]. Қазақстан территоияына дін тартаушы ретінде үш баб айтылады. Олар Әбдіжалил баб, Ысқақ баб, Әбдірейім баб.
Осы үш баб (баб - қақпа, дін қақпасын ашушылар) дінді насихаттауда үлкен күш жұмсаған. Уақыт өте келе, олардан тараған ұрпақтар діни дәріс беретін мешіт, медреселер ашып, жергілікті халықпен жақын араласты. Жергілікті халық оларды дер кезінде ислам дінінің елге сіңірген, арабша сауат ашып, мешіт-медресе егелері болғандықтан қожа деп білген. Қожа деген сөз - еге, ие, мұсылман дінінің егесі, яғни сол дінді уағыздаушы деген мағынаны білдірді. Сондай-ақ Өтеміс қажының тарихи шығармасында Қазақстан территориясында мұсылмандықтың таралуы туралы айтқанда, Дешті қыпшақтың халқы ислам дініне Берке хан билеп тұрған кезде (1255-1266) кірген. Ол, Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде, дінсіздердің көп бөлігін ислам дініне кіргізді, - деп жазды. Берке хан мешіттер мен медреселер салуға себепші болды. Ол өз төңірегіне теологтарды, діншіл ғалымдарды жинап алды.
Аңыздарға негізделген әңгімелерде ислам дінінің ежелгі көшпелілердің діндеріне қарсы күресі бейнеленген. Мәселен, Өзбек ханның исламды қабылдауы туралы әңгімеде оның қасында мұсылманның болуының бір өзі ғана оның маңайындағы пұтқа табынатын сиқыршылардың біреуі мен Баба Түкті әулиеге жанып тұрған пешке кіруді айтады. Дінсіз сиқыршы әп-сәтте жалын оранып жанып кетеді де, Баба Түкті пештен аман сау шығады. Хан бастаған жұрт осының бәрін көрген бойда тез арада шейхтарға жармасып, бәрі мұсылман болады, - деп келтіріледі [31, С.106-108]. Ел арасында Баба Түкті Шашты Әзіз атанған Баба Туклас Орта Азия мен Қазақстан территориясына ислам аша келген бабтардың әскерлерінің қатарында болғандардың ұрпағының бірі деп саналады.
Шежірелік деректер негізіне сүйене отырып Орта Азия мен Қазақстан территориясында мұсылмандықтың таралуын ҮІІІ ғ. 60 жылдарымен байланыстыруға болады, себебі Әбдірахим баб, Ысқақ баб және Әбдіжалил бабтардың ислам ашу туралы кеңесі 767 ж. болғанын ескерсек және осыдан кейінгі уақытта олардың жорыққа шығуымен түсіндіруге болады. Ал бұл туралы пікірді, зерттеуші З.Жандарбек ислам дінінің Түркістан жеріне келуін ҮІІІ ғасырдың ортасы, анығын айтқанда 766 ж. деп көрсетеді [20, 11 б. ].
Қожалар Мұхаммед пайғамбардың ең жақын 4 серігінен таралған болса, соның ішінде Әбубәкір, Омар және Әзіреті Әліден тараған (Әзіреті Оспаннан тараған ұрпақтар Қазақстанда жоқ) ұрпақтары Қазақстан территориясында мекен етіп, қазақ руларының бірі болып өсіп-өніп келеді дейді жергілікті көнекөз қариялар. Сондай-ақ Орта Азия халықтарында да қожалар мен сейіттер этникалық топ ретінде орын алады. Осы орайда Орта Азия халықтарының арасында қожалардың этникалық құрылымы қандай болғандығына тоқталып өтейік.
Сондай-ақ қожалар туралы қожаларды-араб жаулап алушыларының ұрпақтары, олар өздерінің қыздарын жергілікті халыққа әйелдікке бермеді, бірақ өздері барлық жергілікті мұсылмандардан қыз алуда ерікті болды. Сондай-ақ оларға көптеген дервиштік ордендер мен олардың ишандары жатқызылды деп сипаттап, Сейіттер - Мұхаммед ұрпақтары, олар пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейннен тарайды. Сондықтан да олар өздерінің аттарына Хусейни және Хасани сөздерін қосып сиедат-панох - сейіттік ар-намыс (абырой) баспанасы лауазымын иеленді десе, ал қожалар алғашқы араб жаулап алушыларының ұрпақтары, ал мирлар - пайғамбардың сенімді үш серігі - Әбубәкір, Омар және Оспанның ұрпақтары. Мирлар және қожалар - исолат-панох мәртебелі тек баспанасы лауазымын иеленгендігін атап көрсетеді 88. Мұндағы Хасанның ұрпақтары шариф - ақсүйек, зиялы деп, ал Хұсайынның (Хусейннің) ұрпақтары саййд - көсем, мырза, әкім деп аталса, қожалар Мұхаммед ибн ал-Ханафияның ұрпақтары саналған [32,C.149]
Ақсүйек қожа (ақ сиақ қожа) - бұлар өздерін Әзіреті Әліден тараған Мұхаммед Халивиядан таратады, Ходженттен шыққандар.
Қазақ ақ сүйек қожа - Әулиеатада мазары бар қасиетті тұлғадан тарағандар. Алайда, аталған қожалардың осы 2 тобын: ақ сиақ қожа мен қазақ ақ сүйек қожаны өзбектерден шыққан деп келтіреді.
Бақсайыс қожалар - өздерін Хорасан атадан тарататын ұрпақтар. Олар шешек егушілер деген атпен белгілі.
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауиден тараған қожалар.
Хайырчин бектігі, Бұқар хандығынан шыққан шейх, сұлтандар. Ал Қоқан хандығында тұратын қожаларды Ш.Ш.Уәлиханов сейіттер мен шейх әулеттері деп атап көрсетіп, олардың бірқатарын атайды. Олар:
Мияндар. Сейіттердің ішіндегі ең беделдісі Фарухтар мен Сахып-зада деп аталған, арғы тегі Омар халифадан тараған мияндар әулеті. Бұларға Әзіреті деген атақ берген. Орта Азия, Ферғана сейіттерін мияндар деп атаған.
Қоқан мен Марғұланда тұратын Қашқар қожалары және сейіттер тұқымына жататын Түркістан қожалары. Сондай-ақ сан жағынан өте көп әулеттің бірі Кассан мен Наманганда тұратын Кассан қожалары. Ал Әндіжанда тұратын Майдан қожалары Алатау қырғыздарын аралап, шешекке қарсы дәрі егу ісімен шұғылданады, сондықтан олар чекме қожа (шешекке қарсы дәрі егуші қожалар) деген атпен белгілі [7, 472-477 ].
Қожалар түрікмендер арасында да барынша сыйлы болды. Айталық, Закаспий облысындағы түрікмендер арасында түрікменденіп кеткен барлығы 1200 болатын әулад деген атпен шейх, сейіт, махтум, қожа, ата аталғандар өмір сүрді. Олар діни беделге ие болған Мұхаммед ұрпақтары [33, C.11] . Солай бола тұрса да олардың тілі, киімі мен тұрмыстық өмірі түрікмен тайпаларынан ерекшеленбеді. Мұндағы әулад (овляд) ұғымы қасиетті дәрежеге көтерілген алғашқы 4 халифтың; Әбубәкір, Омар, Оспан және Әлінің ұрпақтары. Овляд топтарының шығу тегі; пакыр-шихи - Әбубәкірден, ата - Оспаннан, қожа, мағтым, мюджевюрлар - Әліден тарайды. Аталған бұл овляд топтары; қожа, ших, сейіт, ата, махтум немесе мағзұмдар, меджеурлар - түрікмен этнографиясында өте қызық мәселе болып есептелген. Осы орайда түрікмендер арасындағы қожалардың С.М. Демидов зерттеуінде бірнеше қрпақтары кездеседі. Олар:Зенни қожа, дағлы, ысраватлы, депбамганлы, хорасанлы тармақтарына бөлінтін Балқанлы қожа және т.б.
Ал Қазақстан аумағындағы қожалар қазақ халқы этносының құрамындағы ұлттық шеңберде орын алған. Олар Мұхаммед пайғамбардың ең жақын серіктері (шадиярлары) болып табылатын Әзіреті Әбубәкір Сыдық, Әзіреті Омар және Әзіреті Әліден тараған ұрпақтар. Оның ішінде Әбубәкір Сыдықтан тарағандар - Қылауыз қожалар (Жақып Ата), Сунақтар (Һысамиддин Ата) т.б., Әзіреті Омардан - Қырықсадақ қожалар, ал Әзіреті Әліден тарағандар - Сейіттер, Қорасан қожалар, Диуана қожалар, Сәдір Ата, Қарахандық, Қылышты Ата, Қожа Ахмет Яссауи, Қойлақы Ата, Аққорғандық қожалар, Бақсайыс қожалар, Гүр қожа, Саяқ қожалар т.б.[34]. Енді осы аталған бірқатар қожа топтарына тоқталып өтейік;
Жүсіпқожа руы. Бұл туралы 1875 ж. Сайдаққожа Жүсіпұлының Қазақ тайпаларының тарихы деп аталатын еңбегінде Отырардан шыққан тегі түрік Жүсіп ибн Ысқақ дамуланың атымен байланыстырылады. Жергілікті халық, оны Жүсіпқожа деп атап кеткен. Ал, Жүсіптің өзі түрік текті оғыз тайпасынан шыққан, солай бола тұрса да Жүсіп ұрпақтары XYII ғ. қожалар тобына енген дей келіп, Жүсіпқожа руына Ұланқожа, Қосымқожа, Құлтайқожа, Қараханқожа, Көдейқожа топтары кіреді деп айтқан. Алайда, өздерін Жүсіпқожа руымыз деп айтпағанымен, Сырдың төменгі ағысы мен Арал теңізі бойындағы Қосым қожа ұрпақтары өздерінің шыққан тектерін біз Сейіттерміз, Сейіт қожалармыз деп Әзіреті Әліден тарайтындығын айтады. Олардың айтуынша, Қосым қожа - Кіші жүздің Жетіру әулетінен шыққан Мүсірәлі Суфазының баласы, ол Кіші жүзге пір болған. Қосым қожа шамамен ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген. Ол өз заманында медресе ашып бала оқытқан. Бүгінде ол медресе жанында, оның зираты бар.
Бақсайыс қожалар - Әзіреті Әлінің он үшінші ұрпағы Әзіреті Камалиддин шайхтан тарағандар. Камалиддин шайхтың әкесі Жамаладдин шайх, одан жоғары Алеуддин шайх, Мұхитдин шайх, Мұхаммед шайх, Әзіреті Сәдір шайх (Сәдір шайх Қожа Ахмет Яссауимен туыстас). Ал, Аққорғандық қожалар аталғандар Сәдір шайхтан тарағандар. Сәдір шайхтың баласы Данышманд қожа, одан Қойлақы Ата атанған Мәулана Сафи ад-дин Орын Қойлақы ұрпақтары өрбиді.
Бақсайыс қожалар туралы Сайдаққожа Жүсіпұлының айтуынша, олар қожа тайпасына кірген Шыңғыс ұрпақтарынан құралған. Олардың бақсайыс аталуы жөнінде, Бұқар жырау "Төрелердің бақсайыс аталуы, олардың Шайбани ұрпақтарымен бақталастығынан туған. Олардың қожа тайпасына енуі XYII ғ. Тәуке хан тұсында қалыптасты. Шыңғыс ұрпақтары мен Шайбани ұрпақтары билікке таласып бақталастығын қоймаған соң, екі ұлысты татуластыру мақсатында жаңадан қожа тайпасын құрды. Тәукенің бұл шешімі дұрыс болды. Екі ұлыстың көпшілік бөлігі жаңадан құрылған қожа тайпасының құрамына кірді. Кейін келе бұл тайпаның құрамын жергілікті тайпалар арасында қожа аталып жүрген топтар кіріп толыға түсті, - десе, жергілікті қариялардың бірі Камалиддин шайх сайысқа өте құмар, діни сайыста дес бермейтін болған. Сондықтан да оған бағын сайысқандығы үшін бақсайыс деген ат берген. Ол этимологиялық өзгеріске ұшырап бақшайыш деп те аталған. Ал, Өзбекстанның Зеравшан округіндегі қожалардың арасында Бақсайыс қожалар болған. Олар өздерінің ата-бабаларының шешек егушілер деген атпен өмір сүргендігін және Әзіреті Әлінің баласы Мұхаммед Ханифаның (Ханафия) ұрпағы Қорасан атадан тарағанбыз деген [7, 473 б.].
Аққорғандық қожалар. Ысқақ бабтың он бірінші ұрпағы Ибрахим (Ыбырайым) шайхтың баласы Садыр шайхтан тараған ұрпақтарды 5 Ата Аққорғандық қожалар деп атайды. Олар: 1.Үсен шайх, 2. Қара шайх, 3. Оқшы Ата (Көгентүп), 4.Ыбырайым шайх (Қауғани), 5.Бұрхан шайх. Олардың Аққорғандық қожалар деп аталуы орта ғасырлық Аққорған қаласының атына байланысты. Себебі, олардың ең алғашқы тұрақ мекені Аққорған қаласынан екендігін білдіреді. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. өмір сүрген Аққорған қаласы Жаңақорғаннан 70 км, Сайрамнан 110 км жерде орналасқан . Сондай-ақ ХІІІ ғ. өмір сүрген Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы Насаб-намасын зерттеуші З.Жандарбек Сафи ад-дин Орұң Қойлақы есімін Аққорған қаласы атауымен байланыстырып, Орұң Қойлақы сөзінің мағынасы көне түркі тіліндегі Орұң-ақ, Қойлақ-қорған деген мағынаны береді дейді [3, 7 б.].
Диуана қожалар. Әзіреті Әліден тараған ұрпақтың бірі Ысқақ бабтың інісі Әбдіжалил баб әулетінен тараған Диуана қожа атанған Мәдіқожа. Ол халық арасына шығып дінге насихаттағаны үшін диуана, дуана атанған. Мәдіқожадан Қылыш, Қожжан, Пірзада, Бақмұхаммед атты 4 ұл болған. Ал олардан тараған ұрпақтар Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс аудандары аймағында және Ташкент обылысының Орта және Төменгі Шыршық өңірлерінде .
Халық арасында диуана қожаның ірі өкілдерінің бірі ХҮІІІ ғ. аяғы-ХІХ ғ. ортасында өмір сүрген Айғожа ишанның және оның ұрпақтарының мекен еткен өңірі Ақтас қыстағы болған. Ақтас қыстағы ХҮІІ-ХІХ ғ.ғ мекен - жай. Бұл Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының оңтүстік батысында 6 км жерде [34].
Қорасан қожалар. Қожалардың бұл тобы туралы Қазақ тайпаларының тарихы деп аталатын еңбекте, олар Мұхаммед пайғамбар әулеті саналады дей келіп Қорасан қожа шежіресін былай таратады; Әзіреті Әлі Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимаға үйленеді, олардан үш ұл; Әбубәкір, Омар және Шәмші Ахмед және бір қыз Зүбайда туылады. Шәмші Ахмед бүкіл парсы жерінің әміршісі болған. Осы Шәмші Ахмедтен Әзиз Әріп және Әзиз Шайбан (Шайбаншах) атты 2 ұл туылады. Әзиз Әріп Парсы жеріндегі ислам дінін уағыздаушы муфти болады, ал Әзиз Шайбан Парсы жерінің әміршісі болады. Бетіндегі қалың меңіне орай оны парсылар мен курдтар Қорасан Шайбани деп атап кетеді. Ол ҮІІІ ғ. бас кезінде өзінің аталас туысы Харон ар-Рашидтің (Әзіреті Әлі мен Фатиманың үлкен ұлынан тарайды деп көрсеткен) немересі Мансұр халифпен түс шайысып қалады. Содан кейін ол Парсы жерін Араб халифатынан бөліп алмақ болып әрекеттенеді. Ақырында жергілікті тайпалардың қолдауымен ҮІІІ ғ. ортасында жеңіске жетеді. Сонымен Қорасан Шайбан қағанаты дүниеге келеді. Осы қағанаттың алғашқы шахы Қорасан Шайбани Парсыстан (Иран) жерінен Шайбани атты жаңа астана салдырады. Шайбан қазіргі Ирандағы Қорасан қаласы [10, 97 б.]. Ал, жергілікті қариялардың айтуынша, Қорасанның шын аты Әбдіжалил баб. Ол Әзіреті Әлінің ІХ ғ. өмір сүрген ұрпағы. Қолда сақталған шежірелік деректер бойынша, Әзіреті Әлінің баласы Әли Мұртаза имам Мұхаммед Ханафия, одан Абдулфаттах және Абдулманнан, Абдулфаттахтан Абдал Жаппар, Абдулманнаптан Батталғазы, ал Абдал Жаппардан Абд ал Каһһар, одан Абд ар-Рахман және Абд ар-Рахим. Абд ар-Рахманнан Абд ал Жалил (әрі қарай Әбдіжалил деп беріледі) баб және Ысқақ баб тарайды. Осы Әбдіжалил бабтың лақаб аты Қорасан Ата аталған. Сафи ад дин Орұң Қойлақы Насаб-намасы бойынша Иемен шаһарында патшалық құрған кезеңде Иран еліне аттанып Қорасанға келеді. Сөйтіп, жергілікті халықты ислам дініне ендіргендіктен Әбдіжалил Қорасани аталған деген, ал Ж.Сайдаққожа жазбасына қайта шегінсек Шайбан шах қағанатын ұлғайту мақсатымен Сырдария түріктерінің (соғды, оғыз) жерлерін жаулап алады. Сейхун (Келес), Отырар (Фараб), Шавғар (қазіргі Түркістан маңында болған), Өзгент қалаларын салдырады. Ол қалаларда ислам дінімен қатар мәдениет, ғылым қоса өркендейді. Қорасан Шайбани Кап (Кавказ) жерінен кезекті жорықтан келе жатып Сыр бойында өзі салдырған Өзгент қаласында дүние салады. Персияға жеткізе алмайтын болғандықтан, оны сонда жерлейді. Қорасан Шайбанидың мешіт сағанасы әлі күнге дейін Өзгентте сақтаулы. Ал, осы келтірілген деректі Насаб-нама бойынша толықтырсақ [3, 11б.], Әбдіжалил баб ... Хорасаннан Термізге, Термізден Бұқара, Бұқарадан Самарқанға, Самарқаннан Өзгент, Ферғана елдеріне ислам аша барды. Онан әрі Әбдіжалил баб Баршынкент, Жаркент, Жалтарсаққа келді. Онда Қылыш хан патша болды, оның 2 ұлының бірі Сарықтонды Өтеміс хан болды. Әбдіжалил баб осы Сарықтонды Өтеміс қолында шахид болды. Ел аузында сақталған шежіре бойынша, Әбдіжалил бабтың бойында Алланың берген оқ өпейтін қасиеті болған. Соның арқасында жеңілмейтін жихангер аталған. Алайда, оны жеңе алмайтынын білген Сарықтонды Өтеміс Әбдіжалил баб қамалына кемпір (мыстан) тауып, көп дүние беріп, оның жаны неде екендігін білуді өтінеді. Сөйтіп, Әбдіжалил бабтың бибісінің сеніміне кіріп, бибіден бабаның оқ өтпейтін қандай қасиеті бар екендігін сұрайды. Бірақ, Әбдіжалил баб бибісіне (әйеліне) ешқандай сыр ашпайтын болған. Ақыры, күндердің бір күнінде оның сыры ашылады. Ол сыр Алла тағаланың бойына берген қасиеті бойынша, таңғы бамдат намазының екі бас парызын оқып тұрғанда қорғасындай балқиды (жан-тәнімен беріліп оқиды) екен. Сөйтіп, бұл сыр Сарықтонды Өтеміске де жетеді. Ол әскер жинап, таңғы бамдатта қамалға шабуыл жасап кіреді. Әрине, бұл кезде Әбдіжалил бабтың өзі де, ел-жұрты, әскерлері де бамдат намазын оқып отырған. Осы кезді пайдаланған Сарықтонды Өтеміс бамдат намазының үстінде Әбдіжалил бабтың басын қылышпен шауып, ел-жұртын қырып, басып алады. Сонымен, Әбдіжалил бабтың зираты Көне Өзгент шаһары, қазіргі Жаңақорған ауданының Қыркеңсе елді мекенінен 12 шақырымдай жерде.
Ал Ысқақ баб інісі Әбдіжалил бабтың Сарықтонды Өтемістің қолынан шахид болғанын есітіп, одан кек алмақ болып Баба Түкті Шашты Әзиз жерінде, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорғанда қуып жетіп өлтіреді. Информаторлардың бірінің айтуынша, Сарықтонды Өтемісті тірідей қазыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ МЕН ӘДЕТ - ҒҰРЫПТАРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ
Қазiргi дүние жүзiнiң этникалық мiнездемесi
Еуразия көшпенділерінің потестарлық билік жүйесінің ерекшеліктері
Қазақ рулары және рулық таңбалары
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Қазақ ономастикасының зерттелуі
Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ»
Этногенез халықтар тарихының бастамасы
Пәндер