Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттелу мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
1.1 Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының зерттеу мәселесі ... ... ... 9

1.2 Моңғолия қазақтарының қоныстану тарихы мен географиялық орналасу мәселелерінің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

2.1 Моңғолия қазақтарының материалдық мәдениетінің ерекшеліктері ... ... 29

2.2 Әдет.ғұрып, салт .дәстүрлерінің ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45

2.3 Моңғолия қазақтарының наным. сенімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

ІІІ МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

3.1 Моңғолия қазақтарының ата кәсібі мал бағу дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

3.2 Моңғолия қазақтарының саятшылық өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 77
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін, өмірлік көзқарасын, рухани дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасы бай мұраларымыз- этнографиялық құндылықтарымыздың алатын орны ерекше. Осы бір рухани бай қазынамызды жинау, зерттеу, өзіндік орнын белгілеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Ата-бабаларымыздың ежелден-ақ еңбексүйгіш, өзіндік мәдениеті бар ел болғандығын дәлелдейтін фактілердің бірі – оның этнографиясы. Олар өздерінің қастерлеп жинаған рухани байлығын көп жағдайларда ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары арқылы ғасырдан ғасырға жалғап сақтап келді. Бүгінгі өресі биік, озық мәдениетке бір күнде жеткен жоқ, бұл жолда небір қиян белестерден өтті.
Осындай тарих қойнауында жасалған ұшан теңіз рухани қазынамыз қаншалықты зерттелді?, қаншалықты жиналды?, бүгінгі ұрпаққа қаншалықты дәрежеде жетті? деген сауалдар туындайды. Осы орайда Тәуелсіздік -ел тарихының тынысын кеңейтті, оның диаспорология тәрізді назардан тыс қалған кейбір салаларын өркендетуге кең жол ашып, шетелдегі қазақтардың тарихы жүйелі түрде зерттеле бастады.
Осынау қазақтардың бір шоғыры- Монғолияның батыс өлкесі Баян-Өлгей аймағын мекендеген қазақтар – Монғолия қазақтары деп аталады. Монғолия қазақтары – қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Сондықтан олардың әдебиеті, мәдениеті, салт дәстүрі, тілі, діні бір. Бірақ шет елдегі қазақтар ата мекенінен жырақ кеткеннен кейін, тарих қойында, олар өзіндік мәдениетін, әдебиетін, тарихын жасады. Моңғолия қазақтарынының этнографиясы- ауыз әдебиеті, ұлттық сана сезімі, дүниетанымы, рухани бай қазынасы, ұлттық мәдениет сол бойымен тұнып тұрған кен қазына.
Осы игілікті істерді зерттеп, талдау мәселесі бүгінгі этнография ғылымының міндеті, әрі мәселенің өзектілігі де осында. Қазақстанда өзіндік тәуелсіз тарих ғылымының қаншалықты деңгейде қалыптасқандығын анықтау үшін Қазақстан тарихының кезек күттірмейтін өзекті мәселелері Моңғолия қазақтарының этнографиялық тұрғыдан зерделенуі, этнологиялық талдау жасаудың қажеттілігі өмірден туындап отыр. Аталмыш қажеттілікті өтеу мақсатымен Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерін зерттеудің нысаны етуіміздің өзі тақырыптың өзектілігінен туындаған маңыздылығымен ерекшеленеді.
Осы орайда Моңғолиялық этнограф-тарихшыларының моңғол қазақтарына қатысты жазылған этнографиялық монографиялық және диссертациялық зерттеулеріне талдау жасау барысында Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының қалыптасуында өзіндік орнын белгілеуге елеулі үлес қосатындығы тақырыптың өзектілігін одан ары арттыра түспек.
1. Х.Шобай. Қазақ-уранхай халықтарының ұлттық қол өнері.- Улаанбаатар, 1980
2. М. Нығмет. Қазақ ұлттық қолөнері.-Өлгий, 1991.- 77б.
3. Халел Нүрке ұлы. Ұлттық мирас, ата мұра.- Өлгий, 1991.- 133 б
4. Закия Ақайқызы Ою-өрнек ой айтар.- Алматы: Рауан,- 1996
5. Кәмалашұлы Биқұмар. Саят сыры. -Өлгий, 1991.- 50 б
6. Кәмалашұлы Биқұмар. Моңғолия қазақтарының аңшылық дәстүрі.- Өлгий, 1992.-2х.х.
7. Кәмалашұлы Биқұмар. Жанға қуат дертке дауа аң құс. -Алматы, 1993.- 1х.х.
8. Кәмалашұлы Биқұмар. Қазақтың дәстүрлі аңшылығы.- Өлгий, 1994.- 4,6,х.х.
9. Кәмалашұлы Биқұмар. Моңғолиядағы қазақтардың салт дәстүрлері.- Өлгий, 1995. -18.5 х.х.
10. К.Биқұмар. Аңшылық ата дәстүр. - Алматы. 1994. -1.5х.х.
11. К.Биқұмар. Кіндік Азиялық көшпелілер дүние танымы.- Өлгей, 2001.
12. К.Биқұмар. С.Зиновьев, А.Жатханбаев, В.Варванец. Ғасырлар таңбасы не айтады.- Новосибирск,- 2002 / қазақ, моңғол, орыс, ағылшын тілдерінде /
13. Кәмалашұлы Биқұмар. Қазақ халқының ұлттық музыка аспаптары.-Өлгей, 2004.
14. Кәмалашұлы Биқұмар Қазақ халқының салт-дәстүрлерінен.- Өлгей, 2004.
15. Кәмалашұлы Биқұмар Қазақ халқының салт-дәстүрлері.- Улаанбаатар, 2013.- 987 б
16. З.Кинаятұлы. Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр. – Астана: Елорда, 2001. -208 б.
17. З.Кинаятұлы. Моңғолиядағы қазақтар.-Алматы, 2001-320 б.
18. З.Кинаятұлы. Моңғолиядағы қазақтар.-Алматы: Дүние жүзілік қазақтар қауымдастығы, 2007-256 б
19. Қ.Сартқожаұлы. Орхон мұралары. Астана: 2004
20. Б. Базылхан. Көне түрік этнографиясының бітіктастардағы деректанулық негіздері. // Шығыс.- №1-2004., Б. Базылхан. Основные аспекты истории письменности у степных кочевников Центральной Азии.// Урбанизация и номадизм в Центральной Азии: история и проблемы. Материалы международной конференции. -Алматы -2004.
21. А. Мініс., А. Сарай. БНМАУ. Баян-Өлгий аймгийн казах ард түмний түүхээс. Улаанбаатар, 1960
22. С.Асқанбайұлы. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтарының тарихы.- Өлгий: 1991
23. И.Қабышұлы. Керейлер керуені.- Өлгий, 1978
24. И.Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы.- Өлгий, 1989
25. И.Қабышұлы. Қазақ қауымы. Қазақ ұлысының 2200 жылдық тарихы.- Алматы: Жазушы, 1997
26. И.Қабышұлы. Тұран әлемі. /Түркі, моңғол халықтарының тарихы. -Алматы: «Санат», 2007-320 б.
27. Қ.Мұхамадияұлы. Моңғолиядағы қазақ этникалық тобының қалыптасуы және дамуы. т.ғ.д... дисс.автореферат.- Алматы, 2000
28. Ч.Ч. Валиханов. Избраные произведения. – М.,: Наука, 1987. -373с
29. М.Тынышбаев. История казахского народа. – Алматы: Санат, 1998.-224с.
30. Ә.Х. Марғұлан., И. Хасенұлы. Киіз үй.// Қазақ қолөнері: -Алматы . 2002.
31. Х.Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері.-Алматы: Өнер,1987
32. М.С. Муканов. Казахская юрта. –Алматы, 1981
33. С. Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері.-Алматы: Қазақстан, 1995
34. Ж.О. Артыкбаев. Казахское общество в ХІХ веке: традиции и инновации. –Караганда,-1993.
35. А.Бикенов.Қазақтың материалдық мәдениеті: Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2010.-192б.
36. Бабақұмар Хинаятұлы. Жауырынның сакральды қызметінің тарихи-этномәдени сематикасы.//Шұғыла.-2011.-№1(168)-9-19 б
37. Қатран Досымбек.Қазақтың дәстүрлі ас-тағам мәдениеті.- Алматы, 2002.
38. К.Д. Оссон. От Чингисхана до Тамерлана.- 1996
39. А.Нығмет. Қазақ рулары мен жер-су атауларына қатысты кейбір этимологиялық мәселелер: моңғол тарихшыларының көзімен. //ХХІ ғасырдың басындағы отандық археология және этнологияның жетістіктері: Ә.М. Оразбаевтың 90 жылдығына арналған “IV Оразбаев оқулары” республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 384-386 бб.
40. Қ.Мұхамадияұлы. Моңғолиядағы қазақтың қалыптасуы және ислам.//Шұғыла.-2013.-№2.-3-22 бб.
41. С. Рахметұлы. Моңғолияның батыс шекарасындағы саяси жағдай мен өзгерістер(1947-1949жж)// Шұғыла.-2009.-№3(162)-3-19б.
42. Халық мұрасы. //Монғолия қазақ әдебиеті, 1 том, Өлгий, 1991
43. Ақыт Қажы Үлімжіұлы. Ғахилия.-Өлгий.-1994
44. Б. Камалашұлы. Өр Алтай өрісім, Қобда қонысым. //Қазақ елі. 1996.10.11.
45. Бабақұмар Хинаятұлы. Моңғолия қазақтары тарихындағы ақтаңдақтар.//Шұғыла.-2011,-№2-16-23б.
46. Информатор М. Нығметтің қолжазбасынан, бірінші бума //Қазақтың ұлттық қолөнері
47. Б. Камалашұлы. Ұлттық ыдыс-аяқтар. “Шалқар”. 1997.12.12.
48. Б. Камалашұлы.. Киім ұлт мақтанышы. //Жаңа өмір”. 1991.11.15.
49. Шынай Рахметұлы. Салт сана. –Улаанбаатар,- 2011.
50. Байхонысқызы Ташкент қолжазбасынан //Алтын оймақ

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Гуминитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алуға дайындалған
магистрлік диссертация

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

І МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

1.1 Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының зерттеу мәселесі ... ... ... 9

1.2 Моңғолия қазақтарының қоныстану тарихы мен географиялық орналасу
мәселелерінің зерттелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.16

ІІ МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

2.1 Моңғолия қазақтарының материалдық мәдениетінің ерекшеліктері ... ... 29

2.2 Әдет-ғұрып, салт –дәстүрлерінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

2.3 Моңғолия қазақтарының наным-
сенімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52

ІІІ МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

3.1 Моңғолия қазақтарының ата кәсібі мал бағу
дәстүрі ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

3.2 Моңғолия қазақтарының саятшылық
өнері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 77

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін,
өмірлік көзқарасын, рухани дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасы бай
мұраларымыз- этнографиялық құндылықтарымыздың алатын орны ерекше. Осы бір
рухани бай қазынамызды жинау, зерттеу, өзіндік орнын белгілеу бүгінгі
күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Ата-бабаларымыздың ежелден-ақ еңбексүйгіш, өзіндік мәдениеті бар ел
болғандығын дәлелдейтін фактілердің бірі – оның этнографиясы. Олар
өздерінің қастерлеп жинаған рухани байлығын көп жағдайларда ауыз әдебиеті,
салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары арқылы ғасырдан ғасырға жалғап сақтап келді.
Бүгінгі өресі биік, озық мәдениетке бір күнде жеткен жоқ, бұл жолда небір
қиян белестерден өтті.
Осындай тарих қойнауында жасалған ұшан теңіз рухани қазынамыз
қаншалықты зерттелді?, қаншалықты жиналды?, бүгінгі ұрпаққа қаншалықты
дәрежеде жетті? деген сауалдар туындайды. Осы орайда Тәуелсіздік -ел
тарихының тынысын кеңейтті, оның диаспорология тәрізді назардан тыс қалған
кейбір салаларын өркендетуге кең жол ашып, шетелдегі қазақтардың тарихы
жүйелі түрде зерттеле бастады.
Осынау қазақтардың бір шоғыры- Монғолияның батыс өлкесі Баян-Өлгей
аймағын мекендеген қазақтар – Монғолия қазақтары деп аталады. Монғолия
қазақтары – қазақ халқының құрамдас бір бөлігі. Сондықтан олардың
әдебиеті, мәдениеті, салт дәстүрі, тілі, діні бір. Бірақ шет елдегі
қазақтар ата мекенінен жырақ кеткеннен кейін, тарих қойында, олар өзіндік
мәдениетін, әдебиетін, тарихын жасады. Моңғолия қазақтарынының
этнографиясы- ауыз әдебиеті, ұлттық сана сезімі, дүниетанымы, рухани бай
қазынасы, ұлттық мәдениет сол бойымен тұнып тұрған кен қазына.
Осы игілікті істерді зерттеп, талдау мәселесі бүгінгі этнография
ғылымының міндеті, әрі мәселенің өзектілігі де осында. Қазақстанда өзіндік
тәуелсіз тарих ғылымының қаншалықты деңгейде қалыптасқандығын анықтау үшін
Қазақстан тарихының кезек күттірмейтін өзекті мәселелері Моңғолия
қазақтарының этнографиялық тұрғыдан зерделенуі, этнологиялық талдау
жасаудың қажеттілігі өмірден туындап отыр. Аталмыш қажеттілікті өтеу
мақсатымен Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерін зерттеудің
нысаны етуіміздің өзі тақырыптың өзектілігінен туындаған маңыздылығымен
ерекшеленеді.
Осы орайда Моңғолиялық этнограф-тарихшыларының моңғол қазақтарына
қатысты жазылған этнографиялық монографиялық және диссертациялық
зерттеулеріне талдау жасау барысында Моңғолия қазақтарының этникалық
құрамының қалыптасуында өзіндік орнын белгілеуге елеулі үлес қосатындығы
тақырыптың өзектілігін одан ары арттыра түспек.
Қазақстанның тәуелсіз төл тарих ғылымын қалыптастыру жолында этнология
ілімі туралы ой-пікірлердің қалыптасу деңгейі мен проблемаларын анықтау
және жекелеген кезеңдерді диалектика аясында, жаңа көзқарас тұрғысында
жете зерттелмегендігін анықтап, осы кезеңдерге зерттеулер жүргізудің
маңыздылығы мен қажеттілігін айқындау, нақты дәйектемелер ұсыну бүгінгі
этнология ғылымы үшін өзекті. Ал, аталмыш тақырып арқылы Моңғолия
қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселелерін шешуге бағытталған ой –
пікірлердің қарастырлатындығын ескерсек, зерттеудің өзектілігі арта
түседі.
Мұнда мынаны ескеруміз керек; моңғолия қазақтарының этнографиялық
зерттеу мәселелерін шешуге жаңа көзқараспен негіздеу үшін тәуелсіздік
негізінде өмірге келген тарихи ой – пікірлерді анықтап қана қоймай,
болашақта қандай бағыттарда зерделеніп, зерттелуі керектігін де
белгілеуміз керек. Мұнсыз Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселесі
алға баспайды. Бұл тұрғыдан біздің зерттеу тақырыбымыздың аса маңыздылығын
тағы да дәлелдей түседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік
алғаннан бері өз тарихының ақтандақтарын, төрт құбыласын түгендеуде.
Тарихи сана серпіліп, қазақ тарихы үшін қайта өрлеу дәуірі басталды.
Әрине, бұл жағдай қазақ тарихымен ежелден сабақтасатын парсылық, арабтық,
қытайлық, орыс, батыстық дерек көздерімен айналасуға кең мүмкіндік
беруде.
Тәуелсіздік алған жылдардан кейін, бұл үрдістен диаспорология
мәселесі де тыс қалмады. Аталмыш тақырыпты зерттеу барысында Моңғолия
қазақтарның рухани және материалдық мәдениетін тек қана Моңғол
қазақтарына қатысты құндылықтар ретінде ғана емес, олардың қазақ мәдени
мұралары — көне қазақ тарихына да тікелей қатысы барлығын ескерсек екен
дейміз.
Моңғолиялық қазақтардың этнографиялық зерттелу мәселелесіне
байланысты ілгеріде арнайы жеке зерттеулер жоқ. Алайда, жекелеген
мәселелер бойынша; әдет – ғұрып, салт-дәстүр, саятшылық т.б., сонымен
қатар Моңғолия қазақтарының ежелгі түркі мекенінде өмір сүруіне байланысты
еңбектер баршылық.
Моңғолиялық қазақтардың тарихы ХІХ ғасырдың соңы- ХХ ғасырдың
басында орыс ғалымдары Н. Аристов, В.Грумм-Гржимайло, Г.Н. Потанин, В.В.
Сопажников, А.В. Бурдуков, Цевен Жамцранолардың арнайы зерттеу нысанына
айналды. Олар өз еңбектерінде Моңғолиядағы қазақтар тарихын ғана емес,
салт дәстүрі, әдет ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығына қатысты мол
мағлұматтар қалдыруы моңғол қазақтары туралы зерттеудің қалыптасуына үлкен
ықпал еткенін ерекше атап айтқан жөн.
Сонымен қатар, моңғол қазақтарының арасынан этнографиялық зерттеу
саласында көшбасы ретінде Х. Шобайдың 1980 жылы жазған Қазақ-уранхай
халықтарының ұлттық қол өнері атты еңбегінің алар орны ерекше[1]. 1991
жылы Баян –Өлгей баспаханасынан Моңғолия қазақтарына қатысты М. Нығметтің
Қазақ ұлттық қолөнері[2], Халел Нүрке ұлының Ұлттық мирас, ата
мұраатты еңбектері жарық көрді[3]. Сондай-ақ Закия Ақайқызының Ою-
өрнек ой айтар деп аталатын моңғолия қазақтарының қолөнеріне қатысты
еңбегі жарық көрді[4].
Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселесіне қатысты
белгілі этнограф ғалым Б. Камалашұлының еңбектері бүгінгі моңғол
қазақтары этнографиясының қалыптасуында ерекше орын алады және оның ой-
пікірлерін зерттеулерімізде басшылыққа аламыз[5-15].
Осы тақырып төңірегінде қалам тартып жүрген Моңғолиялық қазақ
этнограф-тарихшыларының елеулі еңбектері баршылық. Моңғолияны ІХ - ХІІ ғғ.
мекен еткен түркі тайпалары туралы Зардықан Қинаятұлының Моңғол
үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары моңғол жеріндегі мекен етіп
отырған қазақ рулары Керей, найман, уақ т.б. тарихынан сыр шертсе[16],
қазақ қауымдастығының тапсырумен жарық көрген Моңғолия қазақтары туралы
Моңғолиядағы қазақтар атты екі кітабы осы Моңғолия қазақтарының
тарихынан, тұрмыс тіршілігінен, салт санасынан хабар береді[17-18]. Осынау
біз зерттеп отырған елдің көне тарихының тастағы ойып жазылған жазу
сырын, тастағы жансыз бейнелерді (петроглифтерді) зерттеп қалың оқырманға,
ғылыми ортаға кеңінен насихаттап жүрген Сартқожаұлы Қаржаубайдың[19], тіл
маманы Базылхан Бұқатұлының да біршама ғылыми зерттеу еңбектері
тақырыбымыздың маңызын ашып беруге көмектесті[20].
Бұдан басқа да Моңғолияда туып өскен тарихшылардың еңбектері біздің
зерттеу обьектімізге қатысты жекелеген тақырыптар мен мәселелерге
тоқталып өтеді. Мәселен; А. Минис[21], Асқанбайұлы Сарай Революциядан
бұрынғы Моңғолия қазақтарының тарихы[22], Ислам Қабышұлының Керейлер
керуені, Моңғолия қазақтарының тарихы, Қазақ қауымы, Тұран әлемі
[23-26], Құрметхан Мұхамадиұлының Моңғолиядағы қазақ этникалық тобының
қалыптасуы және дамуы[27]- атты диссертациясын және т.б. еңбектерді
ерекше атап айтуға болады.
Өйткені жоғарыдағы тарихшылар Моңғолия қазақтарының этникалық
тарихынан, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы мен мәдениеті хақында
тарихи танымдық еңбектерін жазды.
Сондай-ақ, біздің зерттеу тақырыбымызға тікелей методикалық бағыт
беретін еңбектердің қатарына Ш.Уалиханов[28], М. Тынышбаев [29], Ә.Х.
Марғұлан[30], Х.Арғынбаев[31], М. Мұқанов[32], С. Қасиманов[33], Ж.
Артықбаев[34], А.Х. Бикенов[35], Бабақұмар Хинаятұлының [36], Хатран
Досымбектердің[37] еңбектерін жатқызуға болады. Бұл жұмыстар этнографиялық
еңбектер сипатында жазыла тұрса да, ол зерттеулерде біздің қарастырып
отырған тақырыбызға қатысты барлық еңбектерге тән мәселенің зерттелуі
мәселесі бар.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысымыздың негізгі обьектісі Моңғолия
қазақтарына қатысты этнографиялық тұрғыда жазылған зерттеу еңбектер,
сондықтанда Моңғолия қазақтарының этнографиясына ғылыми талдау - бүгінгі
күннің негізгі міндеті болып отыр. Әрине, моңғолдық авторлардың этнография
мәселесіне жазылған барлық ғылыми мақалаларын санап шығу және талдау аса
көлемді, әрі қиын шаруа. Әйтсе де, олар жоғарыдағыдай негізгі зерттеулер
қатарына жатпаса да, Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеулерінің
қалыптасуына едәуір үлес болмақ.
Бұл дегенің болашақта жазылатын іргелі зерттеулер этнографиялық
талдауларға әрқашан мұқтаж бола береді деген қортындыларға итермелейді.
Олай болса, этнология ғылымының маңыздылығы мен біздің зерттеу обьектіміз
Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерінің зерттеу маңыздылығы арта
бермек және этнология саласында жаңа зерттеулер өмірге келе бермек деп
ойлаймыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың өзектілігінен
– зерттеу жұмысының негізгі мақсаты туындайды. Ал, ол мынадай зәрулікке
келіп тіреледі: Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселесіне
қатысты ой-пікірлердің қалыптасу деңгейін анықтау және осының нәтижесінде
тақырыптық тұрғыдан зерттеулер жүргізу бағыттарын айқындау. Осы мақсаттан
барып зерттеудің мынадай міндеттері туындайды:
-Моңғол қазақтарының этнографиялық еңбектерін зерттеп, талдаулар
жасау, олардың ғылыми нәтижелері мен қорытындыларын обьективті бағалау;
-Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселелеріне байланысты
балама көзқарастарды талдау және осы мәселеге қатысты өзіндік пікір
білдіру;
Аталған міндеттерді іске асыру барысында төмендегідей бағыттар
бойынша жұмыс жасауды мақсат етеміз;
- Моңғолия қазақтарының этнографиялық еңбектерінің негізгі бағыттарын
айқындау, талдау жасау
- Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерінің басты бағыттарын
көрсету;
- Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелерінің негізгі зерттеу бағытын
ашып көрсету;
Бұл маңызды міндеттерді шеше отырып, зерттеу жұмысымызда болашақ
зерттеу мәселелерін айқындауға баса назар аудардық. Мұнда өзекті
тақырыптарды анықтау мәселесін де ескеруге баса мән бердік.
Зерттеу ғылыми жаналығы. Диссертация тұңғыш рет Моңғолия
қазақтарының этнографиялық мәселелерін зерттеу тұрғысынан жүйеленіп,
талдау жасалды.
-Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттеу мәселелеріне байланысты
балама көзқарастарға талдау жасап және осы мәселеге қатысты өзіндік пікір
білдірдік;
-Моңғолия қазақтарының этнографиялық еңбектерінің негізгі
бағыттарын айқындап, талдау жасалды;
-Моңғолия қазақтарының этнографиялық мәселелері жан-жақты жүйелі
түрде зерттелді;
-Моңғолия қазақтарының этнографиясын зерттеу барысында олардың
шаруашылығына қатысты-кәсібіне қатысты, оның ішінде Керей қойы туралы
түсінікті алғаш айналымға енгізіп отырмыз;
Диссертацияның ғылыми-тәжірибелік маңызы. Алынған нәтижелер,
олардың жаңалығы, ғылыми және тәжірибелік маңызы; диссертацияның
нәтижелері мен ұсыныстарын Қазақстан тарихы мен этнографиясына қатысты
мәселелерді зерттеу барысында кеңінен пайдалануға болады. Қазақ
этнографиясы бүгінгі жас буынның адамгершілік тұрғысында тәрбиелеуде,
заманауи ұстанымдар мен түсініктерді тереңдетуге мүмкіндік береді. Сонымен
бірге диссертация материалдары тарих, археология және этнология
мамандықтарында оқитын студенттер үшін оқу құралын дайындауда кеңінен
қолдануға болады.
Ғылыми жарияланым: Магистрлік зерттеу жұмысымызға байланысты
халықаралық конференция және ғылыми практикалық семинарларда үш мақала
жарияланды; 1.Қазақ рулары мен жер-су атауларына қатысты кейбір
этимологиялық мәселелер: моңғол тарихшыларының көзімен ХХІ ғасырдың
басындағы отандық археология және этнологияның жетістіктері: Ә.М.
Оразбаевтың 90 жылдығына арналған “IV Оразбаев оқулары” республикалық
ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ университеті,
2012. – 384-386 бб.2. 2. Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының
зерттелу мәселесі История и этнография тюркоязычного населения Западной
Сибири и сопредельных территорий: сборник материалов круглого стола.
Астана, 20 апреля 2013г. Астана: Издво МастерПО, 2013.-115 c. 68-73 с
3. Моңғолия қазақтарының этнографиялық зерттелу мәселесіЭкологиялық
мәдениет және экологиялық қауіпсіздік атты республикалық ғылыми-
практикалық семинар материалдары бас ред. С.А. Абдыманапов. – Астана,
2013. 77-81 б.
Зерттеу жұмысының құрлымы. Зерттеу жұмысымыз кіріспе, үш тараудан.
қорытынды және пайдаланған дерек көздерінен тұрады.

І МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

1.1 Моңғолия қазақтарының этникалық құрамының зерттеу мәселесі

Қазақты құраған түркі тайпалары негізінен екі бөліктен тұрады деген
пікірді ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның этно-саяси мәселелерін
жан-жақты зерттеген көптеген зерттеушілер айтып жүр. Бұл пікірдің жаны бар,
Қазақ автохтонды жергілікті Ғұндар, Аландар, Үйсіндер, Қаңлылар тәрізді
тайпалар бірлестігінен және шығыстан, Алтай-Саян, Моңғолия аймағынан
батысқа көшіп келген ежелгі түркі тайпаларының бірлестіктері бастан
өткізген күрделі этно-саяси, тарихи процестерде біртіндеп қалыптасқан
этнос. Бұл сондықтан да тарихшылар баса назар аударатын күрделі ғылыми
мәселе. Нақтырақ айтар болсақ, қазіргі зерттеушілерді Алтай-Саян және
Моңғолия аймағындағы қазақтың арғы тегі болып табылатын түркі тайпаларының
этно-саяси тағдырлары айтарлықтай қызықтыруда. Мұның басты себебі - ХХ
ғасыр басында қазақты құраған қырықтан астам тайпалардың басым
көпшілігінің ата-тегінің, тарихи тамырының ежелгі және орта ғасырлардағы
аталмыш аймақтардан бастау алуында болып отыр.
Алайда осынау тарихи концепцияны зерттеушілердің барлығы дерлік
мойындағанына қарамастан әлі күнге дейін қазақтың ежелгі және орта
ғасырлардағы тарихын жазуда қазақты құраған ру-тайпалардың тарихи
тамырларына, алғашқы этно-саяси бастауларына жете көңіл бөлінбей келе
жатыр.
Осынау мәселелердің бірі Моңғолия қазақтарының этникалық
құрамының негізгі бөлігін құрайтын Керейлердің этногенез мәселелесінің
зерттеу кезек күттірмейтін мәселе. Жекелеген мәселелер бойынша қазақ,
моңғол халықтарының тарихи тамырластығы, сабақтастығы, әдет – ғұрпының
ұқсастығына байланысты, сонымен қатар Моңғолия қазақтарының ежелгі түркі
мекенінде өмір сүруіне байланысты тың ойларға жетелейді, зерттеуді қажет
етеді. ХIХ-ХХ ғасырлардағы Моңғол қазақтарының этникалық-тайпалық
құрылымына көңіл аударған кезде біз көтеріп отырған мәселе айқындала
түседі.
Осы орайда орыс ғалымдары Н. Аристов, В.Грумм-Гржимайло, Г.Н.
Потанин, В.В. Сопажников, А.В. Бурдуков. Цевен Жамцранолардың моңғол
қазақтарының этникалық құрамына қатысты ой пікірлері, этнографиялық
мәліметтер қалдыруы моңғол қазақтары туралы зеттеудің қалыптасуына үлкен
ықпал еткенін ерекше атап айтқан жөн.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында аталмыш мәселеге байланысты
көлемді еңбектер жазылса да Моңғолия қазақтарының этникалық қалыптасуы,
шығу тегіне қатысты толық мәлімет бере алған жоқ. Сондықтан, қазақ тарихшы-
этнографтарының шешуге тиісті мәселелерінің бірі – Моңғолия қазақтарының
этногенез проблемасы деп білеміз.
ХХ ғасырдың басындағы керейлер туралы зерттеулерде жоғарыдағы
авторлар өз шығармаларында керейлердің этникалық және саяси тарихы,
географиялық орналасуы, діні, әдет - ғұрпы, мәдениеті, шаруашылығын
біршама зерттелгенімен, негізгі - этногенез мәселесін шеше алған жоқ.
Мәселен; Керей этнонимі Н. Аристов зерттеулерінде біршама зерттелген
[18]. В.Грумм-Гржимайло Моңғолия қазақтарына қатысты көлемді еңбек
жариялады. Онда керейлер тарихына арналған арнайы тарауша бар. Автор көне
түркі сөздігін пайдалана отырып, абақ керей этнонимінің мазмұнын ашуға
әрекеттенді[18]. Абақ Керей шежіресінде; Абақтың шын аты — Аппақ. Ол Керей
Қараби деген кісінің қызы екен. Бұл қызға Ұлы жүз үйсіннің Абақ деген
руынан Қарамойын деген жігіт нағашысы Керей ішіне келіп үйленеді де, сонда
тұрып калады. Абақ-Аппақ қыз ақылды, көрікті кісі болған дейді Абақ керей
шежіресі. Абақтан он екі ата тарайды. Он екі ата Абақ керей деп те атайды.

К.Д. Оссон қытай деректеріне сүйеніп, керейлер Дун – худың (қыт.
Солтүстік бұратаналар) 16 ұрпағының бірі, моңғолдармен туыстас халық, IX
ғ. басында қазіргі Халха жеріне келіп Моңғол, Керейт, Тайдчут және Татар
делінетін төрт салаға бөлінеді [38, 44-б.]. Дун - хуларға келсек, ол
бізге христиан дәуірінен бұрын белгілі, татар және моңғолдар жайлы IX
ғасырдың басынан кездеседі. ал қытай деректерінде (27) шынымен былай
айтуға негіз беріп тұрса, онда біз Орталық Азия тарихындағы этникалық бір
жұмбаққа тап болғанымыз. Керейттердің моңғолдармен туыстығы жайлы Юань-
чао-ми-ши (Моңғолдардың құпия тарихы. З.Қ.) - де жазылған. Мысалы, К.Д.
Оссон Керейттер Мінез құлқы, салт - дәстүрлі, тілі моңғолдарға өте жақын
жұрт деп жазылған[39, 47-б.].
Керейлер Керейттердің тікелей ұрпағы емес, себебі өзбек арасында да,
қазақ арасында да Кераит, Керей деген екі тайпа бар [18,15-б]. Керей
(Хиреид) атты тайпа Кундров татарлары және алтайлықтар мен урианхайлар
арасында да кездеседі [18, 15-б]. Ал Буряттардың арасында Халха жерінен
XVII ғ. басында Байқалдың арғы жағына қоныс аударған Убур - Керей деген ру
бар [18,13-б]. Қытайдың Цзинь-Ляо-Юань-Сан-Ши-Юй-Цзе (Ляо, Цзин, Юань
әулеті тарихында кездесетін жат атаулар туралы анықтамалық сөздік) – де
Керейт пен Керейлерді бір тектес халық деп есептемейді. Император Енке –
Амгулан (Цянь-Лунь) мекемесінің рұқсатымен ғылыми комитет бастырып
шығарған бұл анықтамада Керейлердің Цюй - Линь, ал Керейттерді Кэ-Лэ
(Хэрэ) деп бір-бірінен ажыратып атаған[18,15-б]. М.Мұқанов "Орта жүз
құрамындағы ру-ұлыстар" атты еңбегінде "Керейлер бір кездерде Орхон,
Тамир өзені бойында моңғол тайпалары: кара татар, ақ татарлармен көршілес
тұрады. Олар артынан моңғолдардан ығысып казақ ортасына қайта оралған
қазақтың ежелгі тайпасы. Бұл туралы Рашид-ад-Дин: "керейді нағыз түркі
тайпасы деп жазған", - деп жазады[34].
Аталмыш мәселеге байланысты біз өз көзқарасымызды арнайы Қазақ
рулары мен жер-су атауларына қатысты кейбір этимологиялық мәселелер:
моңғол тарихшыларының көзімен- атты мақаламызда білдірген
болатынбыз[39].
Алайда біздің қарастырып отырған негізгі мәселеміз Моңғолия
қазақтарының этникалық қалыптасуы болса да, керей және Абақ керей
атауына қатысты мәселесіне тоқталдық және өз көзкарасымызды білдірдік.

Моңғол қазақтарының этникалық құрамын құрайтын керей руларына
қатысты, этимология мәселесіне байланысты осындай көзқарастар Зардыхан
Қинаятұлының Моңғолия қазақтары еңбегінде біршама толық зерттеліп,
моңғол жеріндегі қазақ руларың көші-қон мәселесінің түп тамырын
қарастырады[17].
Абақ керейлердің рулық құрамы Керейттердің ішкі құрамымен бірдей
емес, мысалы, Рашид-ад-диннің Моңғол тарихының алғы сөзінде керейт
құрамында: Керейт, Джирган (31), Сахыят, Тонгкоит, Добоут және Албат
бөлімдерінде аталады[17]. Н.Аристовтың пікірі бойынша, мұнда аталғандар
қазіргі керейлер XII ғ. керейттердің тікелей ұрпағы емес деп қарауға
сенімді қисын бола алмайды. Өйткені Рашид-ад-диннің бұл атаудың жазылуы
мен айтылуында кейбір қателіктер болуы да мүмкін дейді[18,15-б]. Ол
мысалы, Добоуттарды - Дубо, Туба, Сахыяттарды-(Саха) Сағайлар (32), сол
сияқты Албат (олият, елят) дегеніміз Урат, Тонгкоитымыз (33)-Таңғыт,
Добоутты-Томоут, тіптен Тумет деп оқуға болады деп жазыпты. Сонда қазіргі
Моңғол руларының ішінен тек Кереит руы Джырған ғана қалып отыр. Өйтетін
болсақ қазіргі керейлердің рулық құрамынан жоғарыдағылардың бірін де көре
алмайтындығымыз. Бұлай деп айтып отырған себебі абақ керей шежіресінде
жоғарыдағы тайпалардын біреуі де кездеспейді. Керейлердің бір бұтағы Абақ
керей -он екі атаға бөлінеді. Олар: Жәдік, Жәнтекей, Шеруші, Қаракас,
Молқы, Көнсадак, Ителі, Жастабан, Шимойын, Сарбас, Меркіт, Шұбарайғыр.
Алайда, көріп тұрғанымыздай жоғарыдағы авторлар бір мәселені
ескермеген олардың қарастырып отырғаны Керей хандығының этникалық құрамы
да, ал хандықтың негізгі ұйытқысы-керейт тайпасының негізгі құрамы туралы
нақты мәліметтер бере алмаған.
Міне, қазірге дейін казақтың ең ежелгі тайпасы болып саналатын
керейлер тарихта осындай ғана шеңберде қамтылады. Негізіңде моңғол, казақ
тарихында керейлер туралы дерек тек "Құпия шежіре" мен Рашид-ад-Дин
жазбалары бойынша ғана белгілі болып отыр. Бұдан арыға ешкім де бара
алмаған. Моңғолиядағы қазақтардың түп тамырының ата жұрттағы қазақтармен
бір текті екеніне қатысты, антрополог О.Смағұлұлы Баян-Өлгий қазақтары
арасында жүргізген антропологиялық зерттеу үш түрлі бағытта соматология,
одонтология, дерматалогия бойынша Моңғолия қазақтарының антропологиялық
ерекшелік сипаттарына алғаш ғылыми негіздеме жасап; Моңғол Алтай
аймағында өмір сүріп жатқан қандастарымыз өздерінің жалпы марфологиялық
фенобейнесі жағынан атамекендегі қазақтармен антропологиялық тұтастығын
сақтап қалғаны сондай, бұларды тек аралас тураоид расаның Қазақстандық
нұсқаның біртұтас өкілі деп санай аламыз.-деген қорытынды жасады[40].
Осынау аталмыш мәселеге байланысты қазақ рулар тарихына жеке-жеке
диссертациялық зерттеу жұмыстарының сұранып тұрғанын байқағандаймыз.
Жалпы Моңғолиядағы қазақтардың ру тайпалық құрылымын зерттеп жүрген
Моңғолиялық ғалым Құрметхан Мұхамадиұлы Алтай тауының теріскей бетіндегі
кеңістікте табан тіреген қазақтар этнобио, этномәдени, қоғамдық дамуда
кеңістік пен уақыт белгілерінің табиғи бірлігінде-қазақ этникалық тобы
келбетінде тарих сахнасына шығуы ХІХ ғасырдың бел ортасы деп көруге
болады.-деп, қазақтардың Моңғолия жерінде этникалық топ ретінде
қалыптасуына байланысты өз көзқарасын білдірген[40].
Құрметхан Мұхамадиұлы Моңғолиядағы қазақтардың этникалық құрамын
төмендегідей салаларға бөліп қарайды;
1.1 Жантекей-бұл өлкеде Шүйіншәлі,Сүйінбай, Сүйіндіктен тараған аталар
ұрпағы мекендеп өсіп өрбіген ең кең тараған ру өз ішінен 17 буынға бөліне
аталган ағайындарға ұласты.
1.2 Шеруші-құрман, шаппас, ожық, арзығұл, есен, доржы, төл,тұғыл, бақат,
арыққұл, көбеген, оңбай, абылсабақ, жайықбай, байгелді, сүйіндік, төлек,
ұзынмылтық қатарлы 18 буын қалыптасқаны байқалады.
1.3 Молқы-машан, құл, қайып, қошақ деген төрт ата ұрпағы бар.
1.4 Ителі- ақбақты, ақмерген, күйік, бесшал, тінібек, дәулет деген
бөліктерге жіктеле қалыптасқан.
1.5 Шұбарайғыр- шотпан, мұрат, тоғызақ, қабыл , балта буындарына.
1.6 Жәдік-итемген, мұңал, жанат, мәлік делініп үлкен ру атымен де кенен,
байғара, құланбай, баян т.б. аталар атымен де аталады.
1.7 Қарақас-байым, қосым, назардан тараған ұрпақтары
1.8 Сарыбас-өз ішінен атаға бөлінгенмен жалпылай аталады
1.9 Меркіт-құлсарыдан әулеттер аз санды тараған
1.10Жастабан-қожакелді атасының ұрпақтары аз санды бар
1.11 Шимойын руынан аз ауыл бар.
1.12 Көнсадақ Моңғолияда жоқ.
1.13 Құлтайболаттар өз атымен аталады.Саны аз тараған.
2 Уақ-Моңғолияда тараған қазақ руының бірі. Уақтың шоға,өтен, шақай,
самай, сарысынан тарған ұрпақтары
3 Арғыннан Моңғолияда аз ауыл бар.
4 Найманның Қаракерей, сарымырза, жүркменбай, жарболды, төтруіл
аталарының ұрпақтары
5 Төре негізінен Сәмен ұрпақтары. Бұл өлкеде Қожамжар Әжеке бастаған
төрелер келіп, олардың ұрпағынан өсіп өнген.
6 Қожа қазаққа дін таратуға келген араб Сарықожадан тараған.
7 Ноғай татар, озбектен керейге дін таратуға келген ұрпағы.
8 Өзбек дін таратуға келген адамдар ұрпақтарынан.
9 Ұйғыр ХХ ғасырда кәсіпкерлікпен келгендердің ұрпағы.
10 Дүнген Сарысүмбеден келген екі от басынан өрбіген.
Моңғолиядағы қазақтар арасына келіп сіңіп тоғысып кеткен ұйғыр,
өзбек, қожа, ноғай, татар текті ағайындар ұрпағы өздерін қазақ деп
санайды. Әрі белгілі бір руға інілес болып солардың атында да атала
береді. Моңғолияда бүгінгі күнге дейін шамамен 380 мыңдай қазақ тірлік
кешкен, оның 280 мыңдайы Моңғол топырағында дүниеге келген.
Керейлер Алтай тауының теріскей беті- Қобда өңіріне 1751 жылдардан
қоныстанып 1860 жылдарда үлкен күшке ие бола бастады. Оған басты әсер
еткен факторларга этникалық бірлігін аса ірі құндылық ретінде сақтай білу
басты күш еді. И.С. Бруннерт және В.В. Гагальстромдерің көрсетуінше 1910
жылы Қобда өлкесінің құрылымы төмендегідей болған. Қобда өлкесі. Онда
Қобда әкімшілігі немесе Қобда хэбэй амбісінің басқаруында жеке қазақ жері
кіргені толық айтылғаны осы күнгі Баян-Өлгий, Қобда аймағының қазақтары
мекен етіп отырған өңірлер еді. Бұл өлкенің қазақтары 1905-1911 жылдары
Қобда хэбэй амбісінің басқаруында, ал 1911 жылы Сыртқы Моңғолия
тәуелсіздігін жариялағанда қазақтар да жаңа мемлекеттің шаңырағын бірге
көтерісіп, оның құрамдас бөлігіне айналды.
Бір сөзбен айтқанда, Алтай тауы, оның ішінде теріскей бетіне
қазақтардың қайта табан тигізуі 1751 жылдар, қайта қоныстануы шамамен Цинь-
Лу патша заманына немесе 1767-1795 жыл аралығында өткені екені белгілі
болып отыр. Олай болса, Цинь империясының орда күнделігіне нақты
көрсетілген деректерге қарағанда, осы өңірге қазақтар қайта ірге тепкеннен
бері 242-214 жыл өткен деуге негіз бар. Ал 1810-1835 жылдар аралығына
келсек, Орта жүздің кейбір руларының ауылдары шектеулі көшіп қонып жүрген,
әрі көзге қомақты түсе бастаған кез деуге келеді. 1860-1890 жылдар
аралығы болса, көркемдігі толысып , көзге толық түскен кез деуге болады.
Басқаша айтқанда уақыт пен кеңістік белгілерінің нақтылы бір бітімінің
табиғи бірлікте көрінеді. Мұндай уақыт қоюланады, соғысады, сөйтіп
көркемдігімен көзге түседі, ал, кеңістік болса шоғырланады, тарихтың
сюжеттік, уақыттық қозғалысы бағындырылады. Уақыттың белгілері кеңістікте
ашылса, кеңістік уақытпен өлшеніп, уақыт арқылы ұғылады. Олай болса, бұл
өңірде қазақтар белгілі кеңістікке ие болып, уақыт өткен сайын нақтылы
бітім мен келбетке келіп, шоғырланып, көркемдігімен көзге түсуі 1860
жылдар деуге болады. 1860 жылдарға шейін ғасырға таяу уақытта қоғамдық
тарихты бастан кешіп, этнобио, этномәдени бірлігі айқындалып, өткен
заманның тарихи белгілері өз мекендерінде бейнеленіп, тарихты
деректендіріп, көзге түсу үрдісі уақытта көрініс тауып, уақыт арқылы
ұғылуы деуге келеді.
1751-1921 ж.ж. Қазақтардың бір бөлігі 18 ғасырдың бас кезінен бастап
Алтай тауының теріскей бетін коныстанды. Қазақтар ішінде рулық-әкімшілік
жүйе сақталып, жантекей, шеруші, қарақас ру бөлімдері өз рубасылары
үкірдай, амбылар билік етіп, қазақтардың біртұтас әкімшілік жүйесін
құрады. 1905-ші ж Алтай аймағы құрылған соң Алтай тауының күнгей, теріскей
бетіндегі қазақтарды оған бағынатын болған. Сөйтіп, бұл өлке қазақтарына
өз билігін толық жүргізуді ойлаған Цин өкіметі қазақтарды бір өлкеге
жинауды әрекет етіп, Алтай тауының теріскей бетіндегі қазақтарды күнгей
бетіне көшіруге әрекет жасағанымен іске аспады. Бұған карсы болған қарт
батыр Көбеш бидің ұлы Асылбектің басын 1887ж алады. Цин өкіметінің зорлық
зомбылығына батыл қарсы тұрып, мекендерінен ірге аудармай қалуы Қобда
қазақтары тарихындағы ірі тарихи оқиғалардың басы болды. Қобда қазақтары
арасындағы ең үлкен шайқас Жәдік пен Шеруші арасында болды.
А.Н.Казнаковтың жазуы бойынша бұл тартыс 1889-шы жылы, көне қөз
қариялардың айтуынша 1880 шы жылы болған. Бұл оқиға қазақтардың өз ішінде
болғанымен қазақтар жауынгерлік рух, әскери білімнен айырылмағанын, егер
қажет болса әскер жинақтап, соғысқа шыға алатынын, әскер қолбасшылары да
бар екенін байқатады.
Қобда бетіндегі қазақтар сол жылдардан бастап біршама уақыт берекелі өмір
сүрді. Сол дәуірді Ү.Ақыт қажы алшаңдап азғантай жыл кеңдік көрген, бір
–бір үй бір-бір ауыл болып, толықсып бақ дәулетке толады-деп сипаттап,
онан халықтың бейбіт өмірі бұзылғанын айтады. Дәл сол кезде, бұрынғы Чин
империясының батыстағы тірегі Қобда өңірі кімнің иелігінде болуы өте
күрделі мәселеге айналды. Чин империясы күйреуі Ресей үшін аса ұтымды
болды. Сыртқы Моңғолия тәуелсіздік жариялауына жәрдемдесті. 1911-ші жылы
тамыздың 20-сында Қобда бекінісінде қалған манжінің 1400 әскерін Богд хан
әскері жойып, азат етті.
Алтай, Қобда өңіріндегі халықаралық шиеленісті жағдай біршама саябырлаған
шақта Қобда қазақтары Жалама айдаған деген ауыр оқиғаға душар болады.
Бұл оқиғаның басталуына қазақтың өз арасындағы алауыздық, ынтымақсыздық,
бақталастық тартыс үлкен кесірін тигізді. 1912-ші жылдың басында
Дамбийжанцан Үшсеңгір, Сарыкөлде қазақ ру басшыларын жинайды. Қылаң деген
адам осы өлкедегі барлық қазақты билейтін болғанын жариялап, тілек-
талаптар қояды. Оған Оразбек, Күлкетайлар қарсы болды. Жау айдауына
базарқұл, шүйіншәлі, бақаттар болып, әлденеше рет көтеріліс жасағанымен
тойтарысқа ұшырайды. Түңкіл көлінде қазақтар көтерілісін басқаннан кейін
қалғандарын Қобда өзеніне қарай көшіруді бұйырды дейді А.В.Бурдуков.
Дөрбет жері Өрікті көл мен Бұрғыстай бұлағына жеткенде көтерілісті
бастауға Арсалаң батыр ақыл-кеңес беріп, Көрінбай батыр бастап, шүйіншәлі
руының жігіттері жаумен сайысқа түседі. Қазақтар бір түннің ішінде
Бұрғыстай жағасында жаудың 33 әскерін осы оқиғаға қатысқан С.Мүсели 41
әскер деп мәлімдейді жайыратып, 300 ауыл үй, мал-мүлкін алып, Бөхмөрөн
өзенін өрлеп көшіп, Ресей жері Қосағашқа барды. Өрікті көл көтерілісі бұл
-өлкедегі қазақтың ерлігін паш еткен ұлы тарихи оқиға болды. Егер қазақ
ұйымдасса қандай жауды болса да жеңе алатынының айқын үлгісін көрсетті.
Сөйтіп, 1913-15-ші жылдар аралығында Қобда бетінің ежелгі тұрғын
қазақтарының басым көпшілігі мекеніне қайта оралды. 1913-ші жылы шілдеде
Қобда қазақтарының өкілдері Жавзандамба Боғда ханға хат жолдап, Сыртқы
Моңғолия Ресей ықпалында болуы әсер етті. Сонымен қатар, 1914 жылы
қыркүйектің 8-нен 1915-ші жылы маусымның 7-сіне дейінгі Ресей, Қытай
мемлекеті, Сыртқы Моңғолия арасындағы келіссөзде, моңғолдар тарапынан
кіргізген жобада ...қазақ...қатарлы жерлер Моңғолия шекарасына сиысады
дегенді белгілеп кіргізеді. Хиагт келісім бойынша Сыртқы Монголия деген
ұғымға 1,5 млн. шаршы км жер. 600-700 мың адам есептелінетінін, көшпенді
мал шаруашылығын кәсіп етті[41]. Сөйтіп, 1911-1921-ші жылдар аралығында
Қобда бетіндегі қазақтар бейтарап қалып, іс жүзінде өзін-өзі биледі. Аса
аумалы төкпелі осы дәуірде қазақ атқа мінерлері әрбір оқиғаға көз тігіп
өзінше қорытынды жасап, ұлттық, рулық биліктен айырылмауға тырысты.
2.1921-1940 жылдары. Қазақтар Қобда бетіне өтіп қоныстанғаннан кейінгі
100-ге тарта жыл өтіп,бұл өлкеге бекем табан тіреген мезгілде қызыл
төңкеріс аласапыраны келіп жетті. 1921-шы жылы Монғолияның батысына
Бэкич, Соколинцкий, Казанцев, Кайгародов бастаған ақтар әскері келсе,
соңынан қызылдар қуа келіп қақтығыстар басталды, “Алтай 7 уриаңқай
ауданының Бадрах деген әкімі, қазақтың 12 Абақ –керейін билеген Дөрбөтхан
деген әкімдері Хасбатарға Монғол өкіметінен батыс өлкеге жіберілген өкілі
келіп, қазақ халқының жайын баяндап, өз ықтиярлығымен Сыртқы Монғолия
құрамына кіріп, бір өкімет болуға келісім жасап, мәлімет қалдырды да өз
руларына жүріп кетті” деп жазады оқиғаның куәгері Ц.Дамбадорж[41].
Моңғолия қазақтары бүгінде де керейлердің ежелгі мекенінде -бүгінгі
Моңғолияның Архангай, Өвөрхангай, Сэлэнгэ, Төв (Орталық), Хэнтэй (Кенді
тау) аймақтары мен шөл далалық үш аймақ жерінде де мекендеуде. Өйткені осы
жерлердегі жер-су аттары, даласындағы бейіттері, тауларындағы обаларының
дені казақ атауымен аталады. Мәселен, кенге бай өлкені - Кендітау, суға
бай алқапты-Көпсулы деген XIII ғасырдан бұрынғы топанимдер аталған
мәселенің біраз сырын ашып береді[17]. Алайда Моңғолия қазақтарының
этникалық моңғол жеріне қоныстану мәселесін келесі бөлімде арнайы
қарастыратын боламыз.
Сонымен, Моңғолия қазақтарының этникалық құрамы мәселесіне арналған
зерттеулерін былайша қорытуға болады:
-керейлердің (соның ішінде абақ керейдің) шығу тегі мәселесі әліде өз
шешімін тапқан жоқ деп есептейміз
-Моңғолия қазақтарының этникалық құрамы болып табылатын Керей, Найман,
Уақтар қазіргі күнде де моңғолдар арасында кездесетіндігімен және моңғол
үстіртінде өзіндік із қалдыруына байланысты бұл тайпалар тарихын зерттеу
күн тәртібінде қала береді
-Аталмыш тайпалардың атауына байланысты этимология мәселесін бір тұжырымға
келтіріп жүйелеуді қажет етеді деген пікірде қаламыз.
Сонымен сөзімізді қорытындылайтын болсақ, Алтай тауының теріскей
бетіндегі кеңістікте табан тіреген қазақтар этнобио, этномәдени, қоғамдық
дамуда кеңістік пен уақыт белгілерінің табиғи бірлігінде-қазақ этникалық
тобы ретінде ХІХ ғасырдың ортасында тарих сахнасына пайда болып,
Моңғолияның батыс өлкесінде- Моңғолия қазақтары деген ұғымды
қалыптастырды. Моңғолиядағы қазақтардың ру тайпалық құрылымы негізінен
Абақ Керейлер құрайды. Алайда, ХІХ ғ. аяғы- ХХ ғ. алғашқы жартысында әр
кезеңде әр қилы тағдырмен Моңғолияға қоныс аударған найман, уақ, арғын
тайпаларының өкілдерімен толықты.
Ал, Моңғолиядағы қазақтардың қоныстануы тарихы мен географиялық
орналасуы мәселесі келетін болсақ келесі бөлімде қарастырамыз.

1.2 Моңғолия қазақтарының қоныстану тарихы мен географиялық орналасу
мәселелерінің зерттелуі

Батыс Моңғолияда қазақтар қашаннан қоныс тепкені жайлы әлі де толық
зерттелмеген деуге болады. Қазақ ұлтының үлкен бір шоғыры- Моңғолиядағы
ата жұртында тұрады. Олар өздері Моңғолия Республикасының азаматтары,
қоныс тепкен өңіріде Моңғолия мемлекетінің территориясы. Солай болса да,
олардың ұлты қазақ, заты-қазақ. Осы тұрғыда алып қарағанда, қазақ ұлтының
үлкен бір тобы осы аталған мекендеріне қашан, қалай ірге тепкен, жер-суы
Моңғолия мемлекетінің құрамына қашан өткені жайында ғылыми тұрғыдан анық
жауап беру замана талабы болып табылады.
Абақ керейлерінің көшіп барып қоныстанған Алтай, Іле, Тарбағатай
өлкесі ежелден шығыс Түркістан өлкесі деп аталады. Бұл өлке екі жүз жылдан
бері кытай атауымен Синь-Цзян ("Жаңа өлке") — Шыңжаң деп аталып кетті.
Шыңжаң ежелден көшпелілердің ата-мекені болған. Шығыс Түркістанның Іле
аймағында үйсін руы ерте дәуірден бастап мекен еткен. Ал Алтай, Тарбағатай-
ежелден керейлер мен наймандар мекені. Қытайдың Орта Азияны басып Еуропаға
баратын "Жібек жолы" деп аталатьш әйгілі сауда жолы- осы наймандар мекенін
басьш өтетін. Қытай елі "Жібек жолының" кауіпсіздігін қорғау үшін өз
әскерлерін жіберіп, жол төңірегін қадағалап отырғаны тарихи құжаттарда бар
дерек. Шығыс Түркістан өлкесін негізінен Ү-ІХ ғасырлар аралығында
түріктер, онан соң ұйғырлар мен Енесей қырғыздары, сонсоң наймандар
мекендесе XIII ғасырда моңғолдар, ХҮІІ ғасырда жоңғарлар, ХҮІІІ ғасырдың
орта шенінде Маньчжур қытай династиясы бір жолата басып алды. Демек Шығыс
Түркістанның, яғни Тянь-Шанның солтүстік жағы ежелден бері қазақ халқынын
құраған ру тайпалар мекендеген. Бұл жер соңғы екі жүз жылда аумақтық
әкімшілік жағынан Іле, Алтай, Тарбағатай деп аталатын үш аймақка бөлінді.
Сонымен қатар Тянь-Шанның солтүстік шығыс етегіндегі Баркөл, Нори
ауданындағы халықтардың басым көпшілігі де казақтар. Осы өлкені, әсіресе
Іле өңірін мекендейтін қазақтардың ертедегі тарихы, олардың мекен жайы,
күн көрісі, этнографиясы, мекен жайы мен калалары, ертеден бері көршілес
болған елдері туралы саяхатшылар мен ғалымдардың жазып-сызғандары, сондай-
ақ казақ халқының аңыз шежірелері мен хисаларына қарағанда бір сыпыра
құнды деректердің бетін ашып отыр. Бұларға сүйенсек, Тянь-Шанның
солтүстігі қазақтың ежелгі қонысы болған. Шығыс Түркістанның Алтай,
Тарбағатай аймағын мекен ететін халықтардың басым көпшілігі наймандар мен
керейлер. Олардың дені ХҮІІІ ғасырдың бастапқы жартысында осы күнгі
Казақстан аумағын мекендеген Сыр бойынан ауып келді. ХҮІІІ ғасырдың 40
жылдарынан бастап керей руының басым көпшілігі, яғни Абақ керейлер және
найман руының бір бөлігі казіргі Казақстан аумағынан біртіндеп шығысқа
карай қоныс аударып, Шығыс Түркістан өлкесінің солтүсгігін, Жоңғариядағы
Қара Ертіс пен Қыран өзеніне дейінгі кең алқапты жерлерге барып мекендей
бастайды. Орта жүз Абақ керейлердің Алтай өңіріне коныс аудару ұзақ
жылдарға созылды. Көш басшысы Абақ керей болғанмен Ащамайлы керей мен Уақ
керей де Алтай асып, қайсыбірі кейінірек кара шаңыраққа қайта оралады.
Жоғарыда айтқанымыздай он екі Абақ керей елінің басым көпшілігі
Шығыс Түркістан өлкесі мен Моңғолия батысына қоныстанды. "Ақтабан
шұбырынды" кезінде Абақ керей елі Сыр бойы мен Арқадан бір-бірлеп шығыска
қарай жылжып, Нұраға дейін мекендеп тұрады, одан әрі Алтайдың Қосағаш
жеріне дейін жетіп, коныстана бастайды. Бұл кезде Абақ керей елінің
басшысы Абылай батырларының бірі атақты Бердәулет ұлы Жәнібек батыр мен
Қондыбай ұлы Қотырақ екен. Абақ елі Қарабұжыр Қалбадан ығысьш, қазіргі
Шығыс Қазақстандағы Зайсан, Көндірлік, Марқакөлді біраз жыл қоныстанып,
одан 1740 жылдардың ішінде сол Қотырақ батырдың бастауымен қазіргі Шығыс
Түркістанның Қалба, Жеменей, Бүрқайын аудандарына барып, Сауыр тауының
өңірін мекендейді. Одан Қарақас, Молқы, Шеруші, Жәнтекей, Жәдік т.б.
бастап, Ертіс бойын өрлеп, Қара Ертіс пен Қыран өзені, Бұлғын, Шіңгіл
басына дейін қазіргі Моңғолия Қобда өлкесі мен Баян-Өлгей аймағының
шекарасына дейін барып қоныстанады[40].
Халықта "Көш басшысы керей" деп аталатын мәтел де осыдан шықса
керек. Осы кезде Абылай заманының атақты керей батыры Жәнібек Қалба деген
жерде қаза болады. Оның зираты Қызыл су-Шар өзенінің бойында тұр. Бүгінгі
таңда Абақ керейлердің дені Түркия, Моңғолия, Қазақстанда тұрады. Ал,
біразы Қытайдың Гансу, Цинхай өлкелеріңде (екі автономиялы аудан), сонымен
бірге Шығыс Түркістан өлкесінің Үрімжі уалаятына қарасты Баркөл, Норый
аудаңдарын да (екі автономиялы қазақ ауданы), бір аудан ел Тарбағатай
аймағына карасты Майлы, Жайыр, Түркістан аймағында, Ластай, Тапқы, Бесағаш
деп аталатын жерлер мен Сайрам көлі атырабыңда тұрады. Бұнымен бірге Абақ
керей елінің бір бөлімі торғауыттармен канаттас Еренқабырға, Боғда,
Қаратаумаңында да бар. Кейінгі кездерде Шығыс Түркістаңдағы әртүрлі
өзгерістер кезіңде Алтайдан коныс аударып кеткен 600 отбасы (3 мыңнан
астам жан) ауа көшіп, Түркияға, Батыс Германияға дейін барған еді.
Бұлардан басқа Үндістан, Пәкістан, Ауғанстанда тұратын казақтар да бар.
Жалпы Абақ керей елінің жан саны 1 миллион үш жүз мыңнан асады. Демек Абақ
керейлердің Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай өңіріне барьш кайта мекендей
бастауына шамамен үш ғасырдай уақыт өтті. Әртүрлі себептермен қоныс
аударушылар да толастамай келеді. Бірақ көп емес. Егер осы кездегі тарихи
құжаттарды жан-жақты зерделесек, ата-мекеннен Абақ керейлер ауғалы (1731-
2006 жылға дейін) 270 жылдан астам. Ал қазақтардың ресим түрде бөлінуі
Бэйжин (Пекин)-Санкт-Петербург келісімінің құжатына жүгінсек, небәрі жүз
жылдан асты. Шығыс Түркістанда тұратын қазақтар өз басынан сан қилы
оқиғалар мен үш үлкен төңкерісті өткізді.
Тарихта Шығыс Түркістан, Кіші Бұхара немесе Қашқария-Жоңғар деп
аталатъш бұл өлке казір Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы деп аталады. Бұл
айтылған саяси географиялық атаулардьщ да өзіне тән тарихи себептері бар.
Шығыс Түркістан өлкесі басынан төмеңдегідей тарихи кезеңдерді басынан
өткізді. Шығыс Түркістанды Ү-ҮІІІ ғасырда Көк түріктер, ҮІІІ-IX ғасырлар
ішівде Енесай бойындағы қырғыздар мен қцдавдар, Х-ХІІ ғасырда наймандар,
XIII ғасырда моңғоддар, ХІҮ гасырда Ақсақ Темір. ХҮ-ХҮІІ ғасырда жоңғарлар
жаулап алды. Ең соңывда бүл өлкені ХҮІІІ ғасырдың орта шеніңде (1758 жылы)
Маньчжур Қытай империясы біржолата иемденіп қалды. Бұдан былайғы уақытта
Шығыс Түркістан өлкесі Синь-Цзян (Жаңа өлке) деп аталады да, Маньчжур-
Қытай империясының түбегейлі ресми автономиялы аймағына айналады. 1888
жылы Маньчжур Қьггай импершсы Шығыс Түркістан калаларына бекініс қамалдар,
жамбалар салуга ұйғарды. 1890 жылы Алтай-Ресей шекарасы Жеменейге карауыл
әскер қойғызған. Маньчжур-Қытай үкіметі Алтай халқының жауынгерлік күрес
рухынан қатты корқып, 1904 жылы Пекиндегі қытай басшысының төтенше өкілі
Шыңсайды Алтайға жіберіп, оны Пекинге төте қарайтын дербес аймақ етіп
белгіледі. Содан 1911-1912 жылдарға келгенде Сунъ Ят Сэн басшылығыдағы
Цинхай төңкерісінің нәтижесіңде Қытайда 258 жыл, Шығыс Түркістанда 153
жыл, Моңғолияға 200 жыл үстемдік жүргізген Маньчжур империясы құлады.
Алайда, оның орнына қытайдағы жаңа үкімет орнықты. Мәселен, Шығыс
Түркістан өлкесі 1913-1929 жылдары Ян-Зичинь, 1928-1933 жылдары Чжин-
Чжори, 1933-1940 жылдары Шэн-Ши-Цай сияқты милитаристік, 1940-1949 жылдары
Шанхайчилік (гоминдандык) қара түнек дәуірлерін бастан кешірді. 1949
жылдан Шығыс Түркістан Қытай Халық Республикасының ұлттық аймағы болып
кала берді. Алтайда 1940 жылдардың соңында Гоминданға қарсы ұлг-азаттық
қозғалыс кең өріс алды. Бұған Моңғолия қазақтары "Дін әскер" атты бөлек
жасақ құрып, Ислам ұлы Оспан батырға, Дәлелхан Сүкірбайұлы сияқты
революционерлерге көмек көрсетудің нәтижесінде 1944-1949 жылдары Шығыс
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Монғолия жерінде қазақ диаспорасының қалыптасуы, тарихы мен ерекшелігі
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың даму тарихы
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
С.Орайханұлының шығармашылығы
Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны
МОҢҒОЛИЯДА ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Пәндер