Түркістан өңірінің қазақ халқының саяси және этномәдени құрылымындағы орны мен маңызы



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Түркістан өңірінің тарихи.географиялық сипаттамасы
1.1 Тарихи географиялық ерекшеліктері
1.2 Өңірдің зерттелу тарихы
2. XIII.XIXғғ Түркістан оазисінің тарихи топографиясы және қалалар мен тұрақтардың дамуы
2.1 Түркістан оазисіндегі қалалар мен тұрақтардың тарихи топографиясы
2.2 Түркістан оазисіндегі қалалар мен тұрақтардың сипаттамасы, стратиграфиясы, хронологиясы мен локолизациялық орналасуы
3. Түркістан өңірінің саяси және этномәдени жағдайы
3.1 Түркістан қаласының саяси.әкімшілік тарихы
3.2 Этномәдени жағдайы: өткені мен бүгіні
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Тәуелсіздік Қазақстан тарихы мен этнографиясының көптеген мәселелеріне сын көзімен қайта қарау мүмкіндігін берді. Тарих және этнология ғылымдары ұлт тарихының бірнеше мыңжылдық сүрлеуіне басқаша қарай бастады. Соның ішінде ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі қазақ жеріндегі қалалар мен отырықшы қоныстар тарихы. Қазіргі таңда қалалар тарихы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерінің қатарын құрайды. Шаруашалық өзгерістері мен жаңалықтардың басталар жері мен мемлекет саясатының алғаш жүзеге асар орны қалалар екені баршаға аян. Қалалар өз дәрежесіне және тарихи-географиялық орналасуына қарай халықтың экономикалық, саяси және рухани өмірінің орталығы ретінде өркениеттік дамудың қозғаушысы болып табылады. Демек қалалар тарихы – қоғам тарихының өзекті бөлігі болып табылады. Жергілікті жердің даму тәжірибесін терең зерттеу барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістерден туындаған мәселелердің себептері мен салдарларын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қалалар тарихы әлеуметтік және саяси қызығушылықты тудырады, онда үкімет билігінің ұйымдары, түрлі саяси және қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік топтар топтасқанын көрсетеді. Мысалы далалық өңірдегі Жайық қаласы, Бозоқ, Бытығай, Найман сүме, Ертіс сүме т.б. қалалар тарихын зерттеу аталмыш аймақтың жергілікті ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Тұран жұртының қара шаңырағында Сыр бойында орналасқан қазақ халқының кең байтақ даласында қалалар аз болмаған, атап айтқанда Қаратаудың солтүстік қапталында Қараспан, Шолаққорған, Баба-ата, Созақ, Сыр бойында Отырар, Қарнақ, Сунақ, Иқан, Сығанақ, Аққорған, Үзкент, Құмкент, Сүткент, Талас аңғарында Саудакент, Тараз, Ташкент аймағында Испиджаб т.б.
1 Касымбаев Ж.К. История возникновения и развития дореволюционного Семипалатинска (1718-1917): Автореферат дисс. ... к.и.н. (07.00.02). – Алматы, 1970. –25 с.; Герасимова Э. История г.Уральска в дореволюционный период (1613-1917): Автореферат дисс. ... к.и.н. (07.00.02). – Алматы, 1965. –25 с.; Мухамбетов Х. Дореволюционный город Верный и его регион. –Алматы, 1972; Тесноков Н. Уральску 350 лет. –Алматы, 1963; Касымбаев Ж.К. Семей – көне қала // Білім және еңбек. - № 3. -Алматы, 1969.
2 Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии / Соч. П.И. Рычкова. - Оренбург, 1887. – С.15.
3 Бекчурин М. Туркестанская область. Заметки статического советника Бекчурина. - Казань, 1872. - С.52, 55-56;
4 Ахмеров Г.Н. Надписи мечети Ахмеда Ясави // Известия Общества археологи и этнографии при Казанском университете. - Казань, 1886. - Т.3. -Вып. 6. - С.132; Диваев А. Из области киргизских веровани. Баксы как лекарь и колдун // Известия общ. археологии, истории и этнографии при Казанском университете. - Казань, 1899. - Вып. 3. - Т.ХV. - С.4; Лыкошин Н.С. Очерк археологических изысканий в Туркестанском краев до учреждение Туркестанского кружка любителей археологии // Среднеазиатский вестник, 1896. - № 7, 9; Маллицкий С.Г. Историко-архитектурное значение мечети Хазрета Яссевийского в г. Туркестане // ПТКЛА, 1907 (1906-1907), 12, протокол № 1 от 27.ІІ. 1907 г. - С.6-28.
5 Бартольд В.В. Туркистан в эпоху монгольского нашествия / Соч. -М., 1963. -Т.1. - С.234; Добромыслов А.И. Города Сыр-Дарьинской области: Казалинск, Перовск, Туркестан, Аулие-Ата и Чимкент. - Ташкент, 1912.
6 Семенов А.А. Мечеть Ходжи Ахмеда Ясевийского в Туркестане. Результаты осмотра в ноябре 1922 г. // Изв. Средазкомстариса. - Ташкент, 1926. - Вып.1. - С.130; Савельева Т.В. Охрана и изучение древностей Казахстана Туркомстарисом // Прошлое Казахстана по историческим источникам. - Алма-Ата, 1976. - С.233.
7 Массон М.Е. О постройке мавзолея Ходжа Ахмета. -Ташкент, 1930. - С.4.
8 Бернштам А.Н. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана // Известия АН КазССР. - Серия археол. - 1950. - Вып.2. - С. 72-82.
9 Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // Труды ИИАЭ АН КазССР. - Алма-Ата, 1958. -Т.5. - С.3-215; Немцова Н.Б. Археологические раскопки у комплекса Ходжа Ахмеди Ясави (1958 г.) // Известия АН КазССР. - Серия истории, археологи и этнографии, 1961. - Вып. 1(15). - С.91-104.
10 Сенигова Т.Н. Керамика городища Туркестан из верхного строительного горизонта (ХVІІ-ХVІІІ вв.) // Археологические памятники Казахстана. -Алма-Ата, 1978. - С.171-187; Бурнашева Р.З. Клады медных монет из г.Туркестана // Культура древних скотоводов и земледельцев Казахстана. -Алма-Ата, 1969. - С.58-68; Ерзакович Л.Б., Нурмуханбетов Б., Ордабаев А. Подземное погребальное сооружение в Туркестане // Археологические исследования в Отыраре. - Алма-Ата, 1977. - С.59-72; Марьяшев А.Н., Мотов Ю.А. Крепостные стены позднесредневекового Туркестана // Известия АН КазССР. -Сер. общ. наук, 1982. - Вып. 1. - С.40-46.
11 Смагулов Е. А. Новые археологические данные к исторической топографии городища Туркестан // Исторические чтения памяти М.П. Грязова. Тезиси докладов. - Омск, 1987. - С.166-169; Адильгиреев Б.Х. Исследовательские работы по изучению археологических памятников материальной культуры. Инв. N 96. - С.13; Итенов А.О. Археологические исследования в охранной зоне музея-заповедника «Азрет-Султан» в г.Туркестане. Фрагменты застройки некрополя. Отчет. - Алма-Ата, 1993. Рукопис. Архив НИПИ памятников материальной культуры. Инв. N 6. (НИПИ - Научно-исследовательский проектный институт памятников материальной культуры).
12 Шашаев А.К. Исследования городища Чуйтобе. Маргулановские чтения. Тезисы. - Петропавловск, 1992. - С.110; Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (VІ - начало ХІІІ в.). - Алма-Ата: Наука, 1986. – С.256; Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан: (Ерте дүниеден ХVІ ғ. дейін). -Алматы: Ана тілі, 1995. - 176 б.
13 Смағұлов Е., Тұяқбаев М. Түркістанның ортағасырлық тарихы. -Түркістан: Мұра, 1998. - 52 б.; Смағұлов Е., Григорьев Ф., Итенов О. Очерки по истории и археологии средневекового Туркестана. – Алматы: Ғылым, 1998. - С. 232; Тұяқбаев М. Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар. - Алматы, 2000. - 96 б.; Туякбаева Б.Т. Эпиграфический декор архитектурного комплекса Ахмеда Ясави. - Алма-Ата: Өнер, 1989. - 176 с.
14 Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары (тарихи-филологиялық зерттеу). - Алматы: Рауан, 1995. - 233 б.;
15 Сафаров Г. Колониальная революция. (Опыт Туркестана). - Алматы: Жалын, 1996. – С. 272; Галузо П.Г. Туркестан - колония. - Москва: Наука и Просвещение, 1929. – С.164.; Колониальный восток // Социально - экономические очерки. Под. ред. А. Султан-Заде. - Москва: Новая Москва, 1924. - С. 354; Асфендияров С.Д. История Казахстана с древнейших времен. - Алматы: Казкрайиздат, 1935. - Т.1. - С. 262.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Түркістан өңірінің қазақ халқының саяси және этномәдени
құрылымындағы орны мен маңызы

Түркістан –екі дүние есігі ғой,

Түркістан-ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой

(Мағжан)

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Түркістан өңірінің тарихи-географиялық сипаттамасы

1.1 Тарихи географиялық ерекшеліктері

1.2 Өңірдің зерттелу тарихы

2. XIII-XIXғғ Түркістан оазисінің тарихи топографиясы және қалалар мен
тұрақтардың дамуы

2.1 Түркістан оазисіндегі қалалар мен тұрақтардың тарихи топографиясы

2.2 Түркістан оазисіндегі қалалар мен тұрақтардың сипаттамасы,
стратиграфиясы, хронологиясы мен локолизациялық орналасуы

3. Түркістан өңірінің саяси және этномәдени жағдайы

3.1 Түркістан қаласының саяси-әкімшілік тарихы

3.2 Этномәдени жағдайы: өткені мен бүгіні

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Тәуелсіздік Қазақстан тарихы мен этнографиясының көптеген
мәселелеріне сын көзімен қайта қарау мүмкіндігін берді. Тарих және
этнология ғылымдары ұлт тарихының бірнеше мыңжылдық сүрлеуіне басқаша қарай
бастады. Соның ішінде ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі
қазақ жеріндегі қалалар мен отырықшы қоныстар тарихы. Қазіргі таңда қалалар
тарихы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерінің қатарын құрайды. Шаруашалық
өзгерістері мен жаңалықтардың басталар жері мен мемлекет саясатының алғаш
жүзеге асар орны қалалар екені баршаға аян. Қалалар өз дәрежесіне және
тарихи-географиялық орналасуына қарай халықтың экономикалық, саяси және
рухани өмірінің орталығы ретінде өркениеттік дамудың қозғаушысы болып
табылады. Демек қалалар тарихы – қоғам тарихының өзекті бөлігі болып
табылады. Жергілікті жердің даму тәжірибесін терең зерттеу барысында
қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістерден туындаған
мәселелердің себептері мен салдарларын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қалалар тарихы әлеуметтік және саяси қызығушылықты
тудырады, онда үкімет билігінің ұйымдары, түрлі саяси және қоғамдық
бірлестіктер, әлеуметтік топтар топтасқанын көрсетеді. Мысалы далалық
өңірдегі Жайық қаласы, Бозоқ, Бытығай, Найман сүме, Ертіс сүме т.б. қалалар
тарихын зерттеу аталмыш аймақтың жергілікті ерекшеліктерін терең түсінуге
мүмкіндік береді. Тұран жұртының қара шаңырағында Сыр бойында орналасқан
қазақ халқының кең байтақ даласында қалалар аз болмаған, атап айтқанда
Қаратаудың солтүстік қапталында Қараспан, Шолаққорған, Баба-ата, Созақ,
Сыр бойында Отырар, Қарнақ, Сунақ, Иқан, Сығанақ, Аққорған, Үзкент,
Құмкент, Сүткент, Талас аңғарында Саудакент, Тараз, Ташкент аймағында
Испиджаб т.б.

Қазақ жеріндегі қалалық өркениет өз бастауын б.э.д. ІІ мыңжылдықтан
алады. Бұл уақытта Еуразия далалық аймағында миллиондаған тонна мыс
рудасын өндірген, мал баққан, егін еккен еңбекқор түрғындарын түрлі саяси
одақтарға біріккен арий-тур тайпалары құрады. Қола дәуірінде бір кезде
жылқышылар мен аңшылар жолы Ұлы дала мен Шығыс өркениетін жалғастырушы ірі
сауда жолы металл таситын күрежолға айналды. Ұлы Далада Атасу, Суық
бұлақ, Тағыбай бұлағы сияқты мыс, қорғасын, қалайы сияқты түсті металдар
өндіріс орталықтары дамыды. Кейбір болжаулар бойынша мыс рудасы
миллиондаған тоннадан өндіріліп, ішкі сұраныстан да көрі, сыртқы сұранысты
өтеуге жүмсалып түрған. Сыртқа дайын мыс қана емес, қола және т.б. өндіру
технологиясы да шығарылған. Сондықтан басқа аймақтарда қоланың кеш пайда
болуын осымен байланыстыруға болатын болар Алдыңғы Азия, Қытай т.б..
Меридионалдық жолдың пайдасы мен артықшылығы оңтүстікте дамыған егін
шаруашылығы аймақтарына жақын болуымен байланысты. Отырықшы мәдениеттің
Мауереннахр сияқты ошағына Ұлы даламен тығыз байланысты маргиналды
Түркістан-Ташкент оазисі үштасып жатты. Неолиттік дәуірде, оңтүстікте
Намазға мен Жейтүн өркендеп түрғанда, Қазақстанның оңтүстігінде екі мәдени-
шаруашылық типтің үштасуымен алғашқы қалалар пайда болды. Түркістан-Ташкент
оазисінде Сырдария бойымен көне қалалардың пайда болуының негізгі себебі
көшпеілер мен оңтүстіктің отырықшылар арасында жүрген сауда қарым-
қатынасы. Түркістан ежелгі байланыстырдың көзі, Ұлы керуен жолында кент,
бекіністер қамалдар, мазар-кесенелер мен тұтас қалалар кешені.

Орталық далалық аймақтарда көне металлургияның және протоқалалық
бекіністер пайда қатар, оңтүстікте тасымалдау станциялары мен металл
сатумен айналысатын қалалар пайда болды. Орталық Қазақстанда өндірілген
мыс, қорғасын және т.б. металдар Сырдария бойындағы қалаларға түсіп, сол
жерлерден Алдыңғы Азияға, Солтүстік Үндістанға т.б. жіберілді. Сырдарияның
орта ағысындағы ең ірі қалалардың бірі Дизроин мыс қаласы деп аталды. М.
Қашқари Жанкент қаласының көне атауы мыс қорғаннан шыққаны туралы жазады.
Ерте ортағасыр дәуірінде тауарлар қозғалысы Ертіс және Сырдария арасында,
қимақ-оғыз қалаларының бағытында белсенді жүрді. Бұл бағытта қазақ тарихы
мен этнографиясының негізін қалаған ұлы ғалымдарымыздың бірі Әлкей Марғұлан
Сарысу бағыты деп атаған. Түркістан өңірі мен Еуразияның далалық аймағының
басын қосатын Сарысу бағытының көне кездерден белгілі болғанын осы бағыттың
кей тармақтарымен байланысты айтылатын аңыздардан да көре аламыз.
Мәселен, Орталық Қазақстанның даласында қасиетті Талмас ата туралы аңыз
кең тараған, осы атты кесененің қалдығы Жезқазғаннан 50 км қашықтықта
орналасқан. Аңызда Талмас ата құстар пен жануарлардың тілін білген екен
дейді: Оның үш әйелі болған. Бәйбешесі – Болған ана Сарысудың жоғары
ағысында, яғни Кеңгір өзені мен Сарысу өзендерінің қыйылысатын жері,
екінші әйелі, тоқалы – Белең ана Сарысудың төменгі ағысында (Телікөл-Таты
маңында), ал кіші әйелі Ақбикеш Қаратаудың теріскейінде, Қазақстанның
оңтүстігіндегі көне Созақ қаласына жақын тұрыпты (Көпейұлы М.-Ж.
Шығармалары. 1-13 тт. Павлодар, 2003-2008.).

Бұл аңыз солтүстік пен оңтүстік арасындағы меридианальдық жолдың ең ауыр
бөлігіндегі негізгі бағытты анықтауға арналған. Бүгінгі күні біз осы
топонимикалық нысаналарда қалалар мен ірі сәулет ғимараттарынын
қалдықтары бар екенін білеміз. Бұл бағыттың бойы тұтас құмды-шөлді
ландшафтты құрайды (Бетпақ дала т.б.), сәулет өнерінің қалдықтары
(күйдірілген қызыл кірпіш, оюлар мен таңбалар т.б.) олардың ерте
уақыттың мұралары екенін көрсетеді.

Ібір-Сібір мен Түркістан аймақтарын жалғастырған жолдың бағыты бойында
тығыз мәдени және саяси байланыстар жасалды, ауыс-түйістер мен сауда
жанданды, өркениет құндылықтарының дамуы мен технологиялардың дендеп енуі
байқалды деп болжай аламыз. Оның тарихтың түрлі кезеңдеріндегі
ерекшеліктерін анықтап, солтүстік пен оңтүстік арасындағы ауыс-түйіс
артериясы екені дәлелді қажет етпейді. Біз аталған меридионалдық бағыт
бойында қалалардың пайда болуының басты себебі сауда. Біріншіден, қала
сауда орны ретінде, екіншіден, қолөнер орталығы ретінде, үшіншіден,
әкімшілік орталығы ретінде өседі. Осы ретте Түркістан - өңіріндегі қалалық
мәдениеттің ірге тасы ең алдымен меридионадық сауданың негізінде өте ерте
заманда қаланғанын ескерген жөн.

Еуразияның солтүстік өңірінен басталып Мәуреннахр алқабынан Египетке,
Иранға, Қытайға, Үндістанға т.б. аумақтарға дейінгі ауқымды территорияны
қамтыған меридианалды жолдың негізгі трассалары мен тармақтарын анықтау
ғылымның келешектегі ісі болмақ. Жылқыны қолға үйрету процесінде бұл бағыт
далалық көшпелілер өрекениетінің қалыптасуында негізгі қызмет атқарды.
Солтүстік пен оңтүстік арасындағы меридианалды жол кейінгі көшпелердің
шаруашылық жүргізуінің ең тиімді жолы болды. Алтын Орда кезінде және одан
кейін бүл жүйе солтүстіктен оңтүстікке және керісінше көшіп жүретін
миллиондаған адамдарды қамтыды.

Тарихи тағдырдың жазмышымен ерте заманда және ортағасырларда өмір сүрген
қалаларының көпшілігі біздің заманға дейін жеткен жоқ. Олардың арасында
кейбір қалалар кезеңіне қарай басқыншылар тарапынан талқандалып, енді
біреулері сауда жолдарының алшақтығы мен ауа райының өзгеріп тұруына
байланысты бос қалып отырды. Көптеген қалалардың тіршілігі тоқтап, олардың
атаулары тарихи аренадан өшіп қалды. Дегенмен көптеген жазба деректерінде
бірқатар қалалардың атаулары сақталған. Солардың ішіндегі ең танымалы Сыр
бойындағы қалалардың ішіндегі ең көнесі және Қазақ хандығы қызметін
атқарған Түркістан қаласы. Бұл қала бірнеше ғасырлдар бойы Еуразияның
рухани орталығы болды. Осыған байланысты оларды көне деректермен
салыстыру, мекендерін анықтау тарихшы мамандардың міндеті болып табылады.
Ғасырлар бойында ғұмыр кешкен арғы ата-бабалар, тұтас халықтар, кейінгі
ұрпақтарына бүкіл адамзат игілігіне айналар төлтума мәдениетін мұра етіп
қалдырған.

Бұл қала тарих тауқыметін бастан кешіріп, гүлдену және құлдырау
кезеңдерінен өтіп, бүгінге дейін аман жеткен. Ол Тұран аймағы деп аңыз
болып қалған, тарихи түркілер елі деп те аталып, Қазақ хандығының тұңғыш
астанасы болған. Орта ғасырлық сәулет өнерінің де алып асылы – Қожа Ахмед
Иассауидің кесенесінде, қазақтың билеушілері мен бір топ саяси және діни,
рухани тұлғалар жерленген. Сондықтан, мәселені тақырыптық жағынан кеңірек
зерттеу үшін Түркістан қаласының тарихына тереңдеп үңілу қажет. Бүгінгі
таңда тарихи принцип негізінде Қазақстандағы Алаш қозғалысы мен Түркістан
өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалысты тарихпен сабақтастырып, зерттеу абзал.
Себебі Түркістан өлкесіндегі болып өткен ұлт-азаттық қозғалыстар саяси ала-
құлалығымен және әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленеді. Түркістан
қозғалысын өлкедегі азаттық, тәуелсіздік жолындағы күреске ұлттық,
мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде топтасқан саяси күштердің
ұйымдасқан белсенді әрекеті деп бағалаған жөн.
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан кейін, яғни Жоңғар хандығы құлаған
соң өңірдегі геосаяси ахуалда өзгеріске ұшырады. Ендігі жерде Түркістан
қаласы үшін ортаазиялық хандықтар арасында күрес жүрді. Осының нәтижесінде
Түркістан қаласы алдымен Ташкентке, сонан соң Қоқан хандығына қарған. ХІХ
ғасырдың 60-шы жылдары Түркістан қаласын патшалық Ресей жаулап алды. Осыған
байланысты Түркістан Ресей империясының құрамында дамыды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері
негізінде, араб-парсы және европалық саяхатшы-тарихшы, географтардың
мәліметтерін сараптау және өзіміздің этнографиялық зерттеулеріуміз арқылы
әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау еңбегіміздің басты мақсаты болып
табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер
қойылады:
– Түркістан қаласының ХVІІІ ғасырға дейінгі тарихына шолу жасай отырып,
оның қазақ халқының қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі орнына ғылыми
баға беру;
– Түркістан қаласының Ташкент иелігі және Қоқан хандығы құрамындағы
жағдайын саралау;
– ХІХ ғасырдың 60-жылдары патшалық Ресейдің өңірді жаулау барысында
Түркістан қаласын қорғаушылардың күресін шынайы тұрғыда ашып көрсету;
– патшалық Ресейдің империялық саясаты кезіндегі Түркістан қаласы мен оның
инфрақұрылымындағы өзгерістерді тың деректер мәліметтері арқылы анықтау;
–Түркістан өңірінің тарихын терең зерттеумен қатар қазіргі заманда болып
жатқан өзгерістердің мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының нысаны
Түркістан қаласының қазақ тарихындағы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр
басындағы рухани орталық ретіндегі орнын айқындау зерттеу жұмысының негізгі
нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басын қамтиды. Түркістанның қала болып қалыптасуы саяси-әкімшілік
ретіндегі ХV–ХVІІ ғғ. аралығындағы рөліне тарихи шолу жасалады. Негізгі
мәселе бойынша ХVІІІ ғ. аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қоқан, Бұхара,
Хиуа хандықтары мен Ресейдің патшалық отарлығына қарсы ұлт-азаттық
көтерілісі, Түркістанның рухани орталық ретіндегі рөлін қамтиды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен әдістері

Түркістан қаласының көпғасырлық тарихын зерттеуде тарихи үрдістердің
диалектика-лық даму заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, тарихи
құбылыстарды обьективтік, тарихилық ұстанымдар тұрғысынан қарастырдық.
Ғылыми зерт-теу жұмыстарының жүйелілік, салыстырмалылық, талдау, жинақтау
әдістерін қолдандық.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында отандық тарих ғылымындағы
танымал тарихшылардың –К. Ақышев, У. Шәлекенов, С. Жолдасбаев, Ж.
Артықбаев, К.А. Пищулина, З.Жандарбек, М.Қожа және т.б. еңбектеріндегі ел
мен жер тарихын шындыққа сай қайта жазуға бағытталған, жаңа пікірлер мен
көзқарас ұстанымдарын басшылыққа алдық, басты назарда ұстадық. Жұмыстың
методологиялық негізін анықтауда жоғарыда аталған еңбектердегі теориялық ой-
тұжырымдарға сүйендік.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы – ежелгі кезден бастап, орта ғасырлардың өн
бойымен Ресей отаршылығы кезеңіндегі Түркістан қаласы мен оған байланысты
тарихи-мемориалдық кешендер мен қорымдар, этнографиялық деректер көзі
алынып, оларға талдау жасалынды. Кейбір мәліметтер алғаш рет ғылыми
айналымға енгізілді. Зерттеу жұмысының нақтылы ғылыми жаңалықтары
төмендегідей:
– Ерте ортағасырлық Түркістан қаласының шығу тарихы ежелгі кезеңнен бастау
алып, қалалық деңгейге көтерілгендігін анықтау үшін, араб-парсы саяхатшы-
географтарының еңбектеріне жан-жақты жасауға талпындық.
– Түркістанның күллі Шығыстағы тарихи рөліне, Орта Азия бойынша рухани-
мәдени орталық ретінде ерекше орын алатынына баса назар аударылды;
– Түркістанға тек діни көзқараста емес, оған рухани орталық ретіндегі
түбегейлі тұжырымды қалыптастыру жөнінде құнды деректер келтірілді;
– жазба деректер археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде алынған
мәліметтерімен салыстырыла отырып, мәселенің тарихи шындығына көз жеткізу
жұмысы;
– қазақ хандығының қалыптасуы кезеңіндегі Түркістан қаласының саяси және
рухани астанаға айналу үрдісі, үздіксіз даму динамикасы негізінде терең
зерттелді;
– қазақ жерінің отарлық кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы нақты деректер негізінде Түркістан қаласының кейінгі жағдайымен
тығыз байланысты баяндалып, халық санасынан Түркістанның саяси және рухани
орталық ретіндегі орнын өшіру бағыты үстем болғандығы анықталды;

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар
ХVIII ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Түркістан қаласының саяси -
әлеуметтік тарихы жөнінде мынадай тұжырымдар жасалды.
- Түркістан қаласының тарихына қатысты ғылыми еңбектер тарихнамалық
тұрғыдан зерделеніп, оларға талдау көрсетілді;
– Түркістанның күллі Шығыстағы тарихи рөліне, Орта Азия бойынша рухани-
мәдени орталық ретінде ерекше орын алатындығы айқындалды;
– қазақ хандығының қалыптасуы кезеңіндегі Түркістан қаласының саяси және
рухани астанаға айналу үрдісі, үздіксіз даму динамикасы негізінде
нақтыланды;
– Ресей империясының отарлау кезеңіндегі Түркістан қаласының саяси орны мен
рөлі анықталды;
– Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ерекшеліктері мен бағыттары
сараланды;
– Түркістанның тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орнын өткенімен байланыстыра
қарау қажеттілігі дәлелденді.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы.
Түркістан қаласының тарихы бойынша кеңінен пайдаланылған мұрағаттық және
құжаттық деректер, статистикалық көрсеткіштер мен тарихи шығармалар
мәліметтері негізінде жасалған кейбір теориялық тұжырымдар мен нәтижелер
өлке тарихының аталған кезеңін оқып үйрену барысында жоғары оқу орындары
студенттері үшін дәрістік және арнаулы семинар сағаттары кездерінде
пайдалануға болады. Өлке тану мәселелерін қарастырғанда, қала тарихымен,
кесене, қорымдар мен эпиграфиялық мәліметтерді ізденуші, аспирант немесе
ғылыми қызметкерлердің пайдалануына, қолдануына мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының дерек көзі
Зерттеу жұмысының дерек көзі ретінде мұрағаттық құжаттар, әр түрлі деректік
жинақтар мен баспасөз материалдарының жарияланған нұсқалары, ғылыми
еңбектердің мәліметтері кеңінен қамтылды. Осындай дерек көздеріне ерте
ортағасырдағы Шауғар қаласына қатысты араб географ-саяхатшылары мен
тарихшыларының шығармаларына сүйендік. Мысалы, Ал-Истахридің Китаб-
массолик ал-мамолик (Книга путей государств), Ал-Макдисидің Асхан ат-
такасим фи-марифат ал-акалим (Лучшее разделение для познания климатов),
Ибн Хордадбектің Китаб ал-масалик ва-л-мамалик (Книга путей и
государств), Ал-Якубидің Китаб ал-булдан (Книга стран) мәліметтері ерте
ортағасырлық Шауғар қаласының орны жайындағы дерек ретінде пайдаландық.
Фазаллах ибн Рузбихан Исфихани еңбегі де, аса қажетті мәліметтер береді
(Рузбехан (Фазлаллах). Михман-наме-йи Бухара (записки Бухарского гостя).
Перев., предисл. и прим. Р.П.Джалиловой. Под ред. А.К. Арендс. М.,1976), .

Захир ад-дин Мухамед Бабырдың, Махмұд Қашқаридің (Қашқари М. Түрік тілінің
сөздігі (Диуани лұғат ат-түрік). 3 томдық шығармалар жинағы. Қазақ тіліне
аударған, алғы сөзін жазған А.Қ.Егеубай. Алматы,1998)., Құрбанғали Халидтің
(Халид Құрбанғали. Тауарих хамса шархи. Казан, 1910). шығармаларынан
біршама мәліметтер алынды. Жеке еңбектермен қатар, жинақтар мәліметі де
кеңінен қолданысқа түсті. Олар отандық және шет елдік шығыстанушылар В.Г.
Тизенгаузен, А. Ромаскевич, С. Волин, В.В. Беляев, Х.А. Гибб және тағы
басқалардың орыс тіліне аударылған жинақтарындағы деректерге сүйендік.
Кейінгі Түркістан қаласының Ресей отары кезіндегі тарихына қатысты
мәліметтер Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің хаттамаларында
молынан кездеседі.
Сонымен қатар көптеген мәліметтерді В.И. Межовтың топтамасы және
Туркестанский сборник мерзімді басылым беттерінен кездестіреміз. Военный
сборник, Вестник Европы, Русский Туркестан, Туркестанские ведомости
сияқты баспасөз басылымдарында Түркістан қаласы мен өлкесі жайлы аса
маңызды деректер келтірілген. Сырдария облысының әскери губернаторының жыл
сайынғы есебіне қосымша берілген шолу жинақтарындағы деректер
диссертацияның ғылыми құндылығын аша түсуге септігін тигізді.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы және сыннан өтуі.
Зерттеу жұмысының нәтижелері қалалар тарихын өткен кезде тарих
факультетінің студенттері, аспиранттары мен қалалар тарихына қалам тартқан
өлкетанушыларға пайдалануға болады. Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Археология және этнология кафедрасының мәжілісінде талқыланып, жұмыстың
негізгі тұжырымдары мен қорытындылары сараланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен мазмұны 2 ғылыми мақалалары жарық
көрді.
Диссертацияның құрылымы кіріспеден және үш тарау, қорытынды, пайдаланылған
деректер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

1.Түркістан өңірінің тарихи-географиялық сипаттамасы

Түркістан өңірінің тарихи-географиялық сипаттамасы

Бір қарағанда Әзіреті сұлтаннан басқа көзге көрінер тарихи ғимараты,
құрылысы жоқ Түркістанда қазақ тағдырын шешкен оқиғалардың болғанына
сену де қиын. Бірақ тарихи деректер ХҮІІ ғасырдың соңы мен ХҮІІІ
ғасырдың басында Түркістан өңірінің қазақ экономикасының және саясатының
орталығы болғанын сөзсіз дәлелдейді.

Кейбір деректерге қарағанда Әз Тәуке кезінде Қазақ ордасы біраз уақыт
Ташкентте болғанға ұқсайды. Атақты Бұхар тарихшысы Мұхаммед-Әмін Мәуреннахр
билеушісі Сұбханқұлдың өмір тарихын, саяси қимылдарын суреттей отырып
оның 1688 жылы Тәшкентке Әз Тәуке ханмен келіссөзге Қошеке- би деген
елшіні жібергенін жазады. Бұл хижраның есебімен 1099 жыл. Сұбханқұл ханның
жіберген елшісі қарапайым адам емес, ханның жанындағы белгілі аталық
еді делінген деректе (Материалы по истории казахских ханств XY-XYIII вв.
(извлечения из персидских и тюркских сочинений). Алматы, 1969., с. 379-
380). Әз Тәуке ханның билігі Түркістанмен шектелмей, оның маңайындағы
ұлан-байтақ арқапты, ірі қалаларды қамтыды. ХҮІІ-ші ғасырдың соңына қарай
Түркістанға келген орыс елшілерінің жазбалары:

роспись Казачьи Орды городкам, которые городки с приезду от Тобольска до
Туркистану: первой город Савранской дороге с правую сторону Савран; позади
того города Саврана вниз по Сыр-Дарье реке в Каракалпацкую сторону городок
Сырнак, а промеж Савроном и Сырнаком ходу день; от Сарвану с правую же
сторону под за Сыр-Дарьею рекою городок Ок-Корган, и от Саврана до того
городка ходу больши полудия; с левую сторону от Саврану городок Сусак, ходу
до него от Саврана 2 дни, стоит в каменю; в полуденной стороне от Саврану
город Тургистан, в котором владелец Тевки хан, а промеж Саврану и
Тургистану ходу день; от Саврану города идучи к Туркистану на полдороге
стоит город пуст (Шорнақ болуы керек-М.Ә.), а по ведомости разорил де
Кучюк-Салтанхан; да по той же дороге слевую сторону под каменеем город
Карнак, а от Тургустану с русскую сторону под каменеем город
Уралхай(Оранғай-М.Ә.) , до него от Тургистану верст с 10; да от
Тургистану же промеж востоком и полуднем в 5 верстах город Ташлиак; да от
Тургистану же в полдень город Гихан (Иқан-М.Ә.), а ходу до него от
Тургистану верст с 20, и иные многие городки близ Тургистану, а имян их не
ведаем; да в полуденную же сторону от Туркистану город Отров, а ходу до
него день; да от Тургистану же промеж полуднем и западом город Сайран, а
ходу до него от Тургистану 2 дни; а всех городков в Казачье Орде 32.

А город де Казачьей Орды от Туркестана все близости, город от города в
виду, а дальние де города под каменеем; ходу до них дни по 3, и по степи
де, а от Сырта реки в дальном разстоянии, а при реках де в близости не
живут, а деланы де городах их многие колодцы, а городов де их всех считают
20. А крепости де в Туркестане и в городах валены, валы земляные и по
валу кладены стены кирпича необожженного, а вышиною и с валом стена сажени
в полтретьи, а шириною местами в сажень, а в иных местах больше и меньше,
а к верху аршина по полутора и по 2; а больше де у них в городах валенье
один земляные валы без кирпичу, а земля плотно и не сыпуча, а рвов де
копаных нет. И во всех тех городах живут бухарцы, а казаков мало, а казаки
де все живут для пашенных земель по кочевьям, а пахоти де их скудны, коней
и овец много, а коров мало; кормятся мясом и молоком. А к бою де
удачливы, вольшевству де учены от донских беглецов, а по смете де всех из
казаков будет тысячь с 20 и больше. А бой де уних лушной и копейный, а
пушек де нет и мелкого, длинного, огненного ружья мало, а кузнецов де у
них не сказывают, а огненное де ружье и порох и свинец и луки привозят из
Большой Бухарии; а сказывают де, что берут селитру по кислым озерам и
варят в котлах, а сера де топится из камени близко Еркенских городов, а
свинец де плавят из руды в городе Карнаке и порох де чинят приезжие
бухарцы полоненники; а руду де красной меди плавят на тобольской дороге .
(Дополнения к актам историческим СПб., 1867.,т.УІ, с 264-265.

Ортағысырлық Түркістан кішкене қала болғанымен үлкен аймақтын
орталығы. Қаратау бауырындағы, Сырдың орта беліндегі, Алатау бөктеріндегі
жердің бәрі Түркістанның атағымен белгілі. Өзінің маңында Иқан, Қарашық,
Иыңқы, Сунақ, Қарнақ, Сөре қалалары, көнеден келе жатқан атақты Шүйтөбе
бар. Әзіреті Сұлтан күмбезіне таяу қаланың ескі орны Күлтөбе жатыр. Бұл
жер Әз Тәуке хан заманында ел басшыларының бас қосып мемлекет ісін талқыға
салатын қасиетті қара орын.

Қазақ шежіресі Түркістанның көне заманның қаласы екендігіне бірнеше түрлі
дәлел айтады. Мәшһүр Жүсіп Түркістан һәм қадимнен келе жатқан зор шаһар
еді: бір шеті Алатауда, бір шеті Қаратауда. Осы күнде Сайрам суының
күнбатысында Ат бұлағы аталатын жер ат базары еді, Түркістанның
күнбатысында Теке суы деген жер қой базары еді деп бастайды Түркістан
баянын.

Шежіренің айтуына қарағанда Түркістанды Қырық қақпалы Қарашық деп те
атаса керек, қазіргі уақытта Қарашық Түркістаннан Қарнаққа қарай орналасқан
орташа сарт қалашықтарының бірі. Түркістанның аумағының шектеліп, айбатының
азайуына себеп болған Һулаку –қырушы деген билеуші деп те баянлдайды
шежіре. Әңгімені мазмұнына қарағанда бұл Шыңғыс немересі Хулагу емес, одан
ертерек қарақытай –қидан тайпасы ОрталықАзияны билеген заманда өмір сүрген
ел билеушілерінің бірі: Сол Түркістанды харап қылып, быт-шыт қылып
жіберген –Һулаку. Мұның зардабынан Қондыкер-Құбан деген ел дін исламның
шегесі, мұсылманның паналайтын жері деп Халифа жұртын қарай ауып кетті
(Көпейұлы ,8 т, 92 б.). Егер Қондыкер-Құбан жұртын біз оғыз-қыпшақ елімен
байланыстырсақ, онда әңгіме шамасы ортағасырлардың жуан ортасындағы селжук
пен қарақытай арасындағы соғыстар айтылады. Егер біз жалпы Түркістанның
даму кезеңдерін еске алсақ, онда әфсаналық Қырық қақпалы Қарашықтың пайда
болуы тіпті ертерек замандарға бастайды.

Қалай дегенмен Кіші Азия жерінде түрік-оғыз билігінің негізін салған
Осман әулетіне осы Түркістанның тікелей қатысы бар: Ол заманда халифа
Ғаббасияның сарқыншағы, серке жияры сықылды сұлтан Ғалауаддин халифа заманы
еді. Ер Тоғрыл бастаған ел барып, қолбасы болып, жауын жаулап, жұрт алып
беріпті. Ер Тоғрылдан соң, мұның баласы Ғұшманғазы (Осман қазы) қолбасы
болып, ақырында сұлтан Ғалауаддин өлген соң Ғұшманғазы халифа болыпты.
Сонан осы күнге дейін халифалық Ғұшманғазы әулетінде қалды. Бұл кісінің
асыл заты түрік екендігіне Ғұшманиясы түркісі деген сөз қарина мұқлия
(Көпейұлы ,11- том, -111-112 бб.).

Шәкәрім түрік-османлының тарихын осы жоғарыда аталған қаңлы қауымымен
байланыстырады. Оның пікірінше бұлардың батысқа аууына негізгі себеп болған
моңғол шапқыншылығы: Онан соң Шыңғыс ханның әскері Орта Азиядағы елді
шауып быт-шыт қылғанда, әр ел толқынып, ауғанда жоғарғы айтылған қаңлының
Қайхан дегенінің халқы 50 мың үйдей қаңлы ауып Ұрым (Византия-М.Ә.) жеріне
барды. Біраздан соң соғыс басылған кезде, Қайының баласы Сүлеймен елін алып
қайта келе жатқанда, Фрат (Эфрат –М.Ә.) дариясына суға кетіп өлген соң,
Сүлейменнің баласы Тоғұрыл 400 үйдей еліменен Арыз рұм маңында қалыпты. Өзі
батыр болып маңындағы елдерді алып жүргенде Қоние патшасы Ғалаиалдин деген
Шыңғыстың баласы Шағатайдың әскерімен соғысып жатқанын көріп, Ғалаиалдинге
болысып, көп қайрат көрасеткен соң, Ғалаиаддин разы болып Аскуд-Қараша тау,
Томаншы деген жерлерді беріп, Ер Тоғұрылды әскербасы қылыпты
(Құдайбердіұғлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Факимиле,
аударма, түсініктемелер мен көрсеткіштерді жазған Ж.О.Артықбаев.
Астана,2008., 101-102 бб.).

Бұл оқиғалар Шәкәрімнің Қазақтың түп атасы өлеңінде: Қаңлының ханы
болған Қия деген, Жер алып, ерлікпенен ел билеген, Ол өліп, жалғыз ұлы ер
Сүлеймен, Сол жерден қайта көшіп, жөнеп берген деп баяндалған. Біз оғыз
қауымының батысқа қарай қоныс аударғанын ертерек заманның ескерткіштерінен
іздегенді дұрыс көреміз. Шәкәрімнің Уыз (Оғыз) хан туралы: Жазады талай
елдің жазушысы, Адамның өзгеше деп қылған ісі. 3400 жыл бұрын пайғамбардан,
Атағы жер жүзіне шыққан кісі дегені көңілге қонымдырақ.

-Міне осы Шәкәрімнің шежіресіндегі Әбілғазыны негізге алып жазып отырған
пайғамбардан 3400 жыл бұрын Түркістан байтағының көне тарихына сәйкес
келсе таңдануға болмайды. Қырық қақпалы Қарашық туралы әңгіме де өте көне
заманды нұсқайтыны қақпаның санынан-ақ анық білінеді.

ХУІІІ ғаырдың ортасына қарай Ресейдің қазақ сахарасындағы саясатына жауап
берген адамдардың бірі П.И.Рычков Түркістанға қатысты шығыстың ескі
мәліметтерін көп жинап қаланың көне дүниенің ескерткіші екенін баса жазады:
Сие владение и город Туркестан, в рассуждении других мест в тамошней
стороне имеющихся, ныне хотя и незнатны, но по древности надлежит ему пред
всеми дать преимущество, потому что город Туркестан в татарских историях
многим старее Бухары почитается, и якобы в древние времена повелительство
сперво в нем началось, и во всю Азию распространилось. Находящийся в
Оренбурге ахун обьявил, будто бы сей город построен внучатами Турка-хана,
сына Яфетова, от которого он название себе получил, и все тамошние города,
даже до Индии и Китая, яко то: Кашкар, Табат, Еркень, Ходжант, Ташкент,
Мартикан, Фантак, Янгы, Хасар, Хитяк, Утрар, Сабран, Барзягин и прочие во
власти Туркестана состояли. Ту ж область назвали они в древние времена и
другим названием Яссии, кое аки бы еще и туркестанского старее. Сие
выписано из арабских и татарских книг помянутым ахуном (Рычков П.И.
Топография Оренбургской губерней. Уфа, 1999, с.23)

ХУІІІ ғасырда қазақ арасына жиі келіп, көптеген жауапты мәмлегерлік
шаруаларды атқарған тілмаш Уразлин парсы тарихында Түркістанды Жәмшид патша
салды деген мәлімет қалдырған екен: сей город построен был от Жамшида-шаха
иранского (то есть персидского), который от начала персидской монархии был
четвертый государь. Оный Жамшид-хан, по сказанию в той истории, с прочими
народжами овладел мунгалами, татарами и китайцами и, быв с войском своим в
Великой Татарии, за потребное признал для пристанища войску своему
построить три города. Первый из сих был Тюркюстан (то есть Туркестан),
другой Утрар, третьи Сауран (которые доныне есть, и суть малые местечки
около Туркестана), где он оставил наместником одного из своих
свойственников. Но где Туркестан, тут, сказывают, еще и прежде была
крепостца, или пристанище воинских людей, кои от тамошних жителей
именовались Яссии ( Рычков,с.24)

Тілмаш Уразлиннің жазғаны Дадестан –и меног-и храд (Парасат Рухының
пайымы) және Бундахишн (Негіздің жаратылысы) аталатын парсының арасында
көбірек сақталған Зәрдүш мәтіндерінен алынған деректер. Шамасы Түркістан
маңында ХУІІІ ғасырдың алғашқы жартысында Парсының пехлеви жазбаларын
сақтап, оқып, тіпті жұртқа таныстырып жүретін оқымыстылар болса керек.
Қазақ арасында Жәмшид патша туралы бірсыпыра әңгімелер бар, бірақ дәл сол
патша Түркістанды салды деп айтылмайды. Дегенмен бұл әфсаналық мәтін
Түркістан шаһарының ішіндегі Яссы қорғанына қатысты болуы әбден мүмкін.

Жәмшид адамзат баласы әлі бір-бірінен ажырамай тұрған ескі заманда өмір
сүрсе керек және оның мекені қазақтың кең сахарасы болғанға ұқсайды.
Авестада Жима (Жәмшид) патшалығы деген арнайы бөлім бар, ол бақташы
тайпалардың патшасы, оның билік құүрған дәуірі алтын ғасыр деп аталады.
Ахура Мазда (Ормазд) зәрдүш дініндегі бас құдай, жақсылықтың иесі Арианам
Вайджа сияқты шетсіз-шексіз даланы, шүйгін қонысты мекен еткен Жәмшидке:

Солай дедім мен, о Зәрдүш, мен, Ахура Мазда: О, Жима қызыл шашпаулы,
Вивхванта ұлы, дінді сақтайтын және қорғайтын бол мен үшін !. Бірақ, о
Зәрдүш, былай деп жауап қатты Қызыл шашпаулы Жима ! Мен Дінді қамқор
сақтауға және алып жүруге үйренгенім жоқ, ол үшін жаратылғаным жоқ.

Сол кезде, о Зәрдүш, мен айттым саған, Ахура Мазда: Егер сен мен үшін,
сәнді Жима, дінді сқтап, алып жүре алмасаң, онда мен үшін мына әлемді
көркейт, көбейт ! Бұл әлемнің қорғаушысы, сақтаушысы, ұстазы бол !.

Осыған былай деп жауап берді, бұл Жима қызыл шашапаулы, о Зәрдүш: Мен
саған әлемді көбейтемін, мен саған әлемді өсіремін, мен әлемнің қорғаушысы,
сақтаушысы, ұстазы боламын ! Менің патшалығымда не суық жел, не шөл, не
ауру, не өлім болмайды.

Сонда оған екі қару бердім мен, Ахура Мазда, алтын мүйіз және алтынмен
әдіптелген қамшы (Авеста, 39 б.).

Бұл бақташылық тұрмыстың қазақ сахараында жаңа пайда болған кезеңі, жер-
жайылым тарылып барады сонымен Жәмшид патшалығы үш жүзінші қысты бастан
өткерді. Осы жер ірілі-ұсақты малға, адам мен итке толып ктті, ит пен
құсқа, жанған отқа толып кетті, Ірілі-ұсақты мал, адам өзіне орын таба
алмады...Сонда Жәмшид патша қырға шығып, Күннің бағытына қарады. Алтын
мүйізді үрлеп күй тартты және қамшысын көтеріп былай деді, жалынып :
Айналайын Спэнте-Армайти, жазыла түс, қанатыңды жай, менің ірілі-ұсақты
малым мен адамым сыйсын. Осылай бақташы тайпалардың көктемдегі судың
жайылмасындай Еуразия даласына кең жайылған тарихы басталады. Әлем алғашқы
қауымдық оқшау тіршіліктен шықты, шөптің тамырын іздеп, даланың аңын қуып
жүрген адамзат баласы өнімді шаруашылыққа көшті, бақташылардың қарапайым
қауымдарды бағындыруы кезінде мемлекеттер дүниеге келді.

-Міне, Түркістанның көне тарихы сол ертегідей елес заманға барып саябыр
табады.

Жәмшид патша адамзатқа төрт жақсылық жасаған екен дейді. Оның біріншісі ол
патшалық құрған заманында адам баласы ауырмай, сырқамай, қартаймай 300 жыл
өмір сүрген екен-мыс; адам баласы топан судың астында қалатын болғанда қора
салған екен, аспаннан нөсер шелектеп құйып, теңіз көтеріліп алай- түлей су
келіп опат басталғанда Ахура Мазданың жаратқан тіршілік иелері-адам, мал,
өзге тіршілік иелері сол қораға тығылған екен; тіршілікке қарсы күрескен
Ахриман жаратылыстың мөлшері мен қисынын жұтып қойғанда, Жәмшид оны
Ахриманның құрсағынан алып шықты; диюлар(дзвы) адамзатты алдап қойдың
орнына айырбасқа піл беріп жатқанда осы айырбасты болғызбай тастады
(Зороастрийские тексты . Издание подготовлено О.М.Чунаковой. М.,1997.,
с.101).

Адам баласы Жәмшидтен кейін, билікке Феридун патша келген уақытта бөлінді
дейді әскі әфсаналар. Оның үш баласы Сәлім, Тұр және Ирандж Еуразиядағы үш
түрлі үлкен ұлыстың көш басшысы болса керек. Біріншісінен арабтар,
екіншісінен түрік елдері, үшіншісінен ирандықтар мен үндістер. Шахнамені
жырлаған Фердоуси Сәлім мен Тұр бірігіп Иранджды өлтіріп, содан осы
елдердің ара жігі ашылды, Иран мен Тұран арасындағы мыңдаған жылдарға
созылған жаугершілік басталды. Біздің жыл санаумызға дейінгі екінші мыңдық
жылдықтың ортасына қарай иран (арий) тайпалары Ұлы даладан оңтүстікке
қарай сырғып, иелік Тұранның ұлдарына біржолата көшті.

П.И.Рычков и так Туркестан можно почесть за древнее отечество турков, что
и с европейскими историями согласует деп осы мәселені айтады.

Ерте уақытта Түркістан қаласының ортасында ағып жатқан өзеннің аты Қарашық
аталады, бертіңгі деректерде Қарасу деп те атай береді, үй саны мыңнан
астам, егіншілігі, саудасы дамыған жер және бір тамашасы сауда қаланың
сыртында жүреді, іште базар жоқ. Ескі қаланың қисық-қисық көшелерінің өзі
сондай тар көрінеді, кей жері тіпті бір сажын да болмас. Қаланы айналдыра
саз балшықтан соққан қабырға көрінеді, бірақ үлкен бекініс деп айтуға ауыз
бармайды. Бір жақсысы айналдыра ор қазылып, онымен су жіберілген. Балшық
қорғанның жағдайы онша емес екен, биіктігі бар болғаны 3 сажын болар,
жалпақтығы 2, шеңберінің көлемі 500-дей. Қабырғаның кей жерінде зеңбірек
ататын тесіктер бар және қорғанның бұрыштарында мұнаралар көрінеді. Нияз
аталықтың қала басшысы және аталық ретінде міндеті осы қабырғалар мен
мұнараларды жыл сайын елді ұйымдастырып, жөндеп отыру. Түркістанның қырға
қарайтын басты қақпасы- Дарбаза қақпа аталатын қақпа, одан басқа Ысты ата,
Мұсалы, Есек қақпа аталатын бөліктері бар. Әр қақпа бір махалланың
тіршілігіне қызмет жасайды. Қаланың тура солтүстік-батыс жағында Йассауи
мешіті орналасқан. Орта Азия жеріндегі ең биік күмбезді айнала бес бұрыш
қорған салынған, көлемі шамамен -13x80x90x130x120 адым мөлшерінде. Қаланы
басқаратын қазақ хандарының қала шаруашылығына қатысты істері шешетін, Хан
кеңесін өткізетін сарайы да осы ішкі қамалдың ішінде.

Түркістан қаласының тағы бір сәулетті құрылысы - Керуен сарай. Жалпы
шығыстың дәстүрінде сауда айналымы бар қаланың бәріне тән ғимарат осы.
Қаланың бірнеше қиқы-жиқы көшесі бар. Түркістанның бір жағы Кәріз атанады,
бұл көне суару жүйесінен қалған қалдық. Ерте заманда бұл күрделі суландыру
жүйесін Индиядан әкелінген құлдар салған деп әңгімелейді қариялар. Кәріз
жан-жағын бау-бақша мен егістік алқаптары қоршаған тамаша елді мекен. Одан
төмен қарай қала ішінде хан сарайы аталатын жеке құрылыс тұр, жан-жағынан
биік дуал қоршаған бұл зәулім үйде Түркістанды билеген қазақ хандарының
бірнеше ұрпағы қыс мезгілін өткізеді. Кәріз іргесіндегі Бақ жаһан жаздың
ыстығында Түркістан ақ сүйектерінің келіп демалатын сүйікті орыны.

Түркістанның жан-жағының бәрі жиырма-отыз шақырым жерге орнадасқан кішкене
қалашықтарды көбінесе қазақпен әбден араласып кеткен сарттар мекендейді.
Қай қалашықты алсаң да шаруашылығы дамыған, бау-бақшасы мол, егіндік
алқаптары Қаратаудан қаланың етегіне дейін созылған құнарлы қоныстар.

Маңайдағы елдің қызығатын қонысының бірі Иқан қалашығы. Ерте заманнан бері
Иқанға қазақ сұлтандары үйір, мүмкін Түркістанға жақындағы болар, арасы 20
шақырым. Нияз аталықтың білетіні бертініректе бұл қонысқа қазаққа аты
танымал Қырық сан Барақ сұлтан тұқымының қысқы сарайлары орналасқан.
Халқының саны 300 үйден сәл ғана асады, оның өзі Иқан төбе аталатын қорған
ортасындағы биікте қиқы-жиқы орналасқан махаллаларда жинақталған.
Жаугершілік көп болған себепті Түркістан өңірінің қалашықтарының бәрінің
сыртында қорғаны бар, бейсауат адам қорғанан сыртқа шыға бермейді. Иқанда
ертеден бері бірнеше әулиеге зиярат етеді, оның бірі Ғашық Жүсіп атанған
Ахмет Йассауиге шәкірт болған Жүсіп ата күмбезі, Ақ әулие атанған Ахмет
шайқы Иқоний бейіті т.б. бар. Созақтың халқы көбі қазақ текті болса,
Иқанда ондаған сарт әулеттері мекен етеді. Олардың ішінде Суфақил, Қырық
таз, Қалмақ, Қожа сияқты Иқан Иқан болғалы осы жерде мекендеп келе жатқан
әулеттер де, сонымен бірге әр жылдары әр түрлі жағдаймен келген
отрарлықтар,бұхарлықтар, қашғарлықтар, қарақалпақтар да бар. Түпкілікті ел
басым болғандықтан өздерінің ерекше дәстүр салттарын да, тілдерін де сақтап
қалған. Ұзатылған қыздың бірінші баласын туғанша өз үйінде болып, күйеу
жігіттің ұрын жүретіні осы Иқанда әлі күнге дейін сақталған. Иқандықтар
өздерін аталарымыз Хорезм аймағынан келді-мыс дейді. Дегенмен Түркістан
аймағында Иқанға дәстүрлі мәдениетімен жақындайтын Қарабұлақ сияқты
қышлақтар бар.

Түркістанға таяу орналасқан тарихи қышлақтардың бірі Қарнақ. Қаратаудың
қойнауына ене, тау баурайына сұғына орналасқан қалашықта П.И.Рычков бар
жоғы 300 үй болды дейді. Соған қарамастан Қарнақ тарихи қала, бұл қала
туралы ХІ ғасырда қалам тербеген М.Қашқари жазады. ХУІІІ ғасырда Ескі
Қарнақ төбесінде төрт дарбазалы, биік қорғаны бар қышлақ биік төбе. Елдің
бәрі де жаз күні қалашық маңайында қызмет жасайды да, жау келді десе болды
қорғанның ішіне тығылады. Қарнақ осы өңірдегі ілім-білімнің орталығы,
қазақ балалары да Қарнақ медреселерінде көп оқиды. Патша заманында Қарнақ
қаласында 20-дан астам мұсылманша сауат ашатын мектеп болды дейді
жергілікті қариялар. Қалашықта әлі күнге сақталған көне құрылыстардың бірі
Шәмет ата мешіт-медресесі. Қарнақ қазаққа белгілі Зар заманның ақыны
Шортанбай Қанайұлының туған жері, Хамит қожа, Сәмен молда, Шолақ молда,
Темешәлі молда сияқты білімдар адамдардың оқыған жері.

Білімге байланысты болғандықтан шығар Қарнақта қожа әулеттері аз емес.
П.И.Рычков потом в Туркестан перешло из агарян несколько ходжей, которые и
поныне тут живут и, будучи признаваемы за отродие магометово, отменно и ъа
святых почитаются. Из таких ходжей доныне в туркестанской большой мечети
есть гроб одного, по их закону за святого почитаемого, который именуется
Ходжа Ахмет, и есть один из семи святых, коих магометане за знатнейших
почитают, и великую честь их гробам воздают деп бұл өңірде қожалардың
көптігі мен беделін ескертеді (Рычков П.И. Топография Оренбургской
губерней. Уфа, 1999,с.24). Қарнақта қылышты қожа, жүйнектік қожа,
қарашықтық қожа, момын қожа, шілікті қожа т.б. бар. Қожалармен қатар
жергілікті, ертеден келе жатқан бірнеше сарт әулеттерін де атауға болады-
толча, қараханлар, қозықилы, сартораш, тәбризи т.б.). Сонымен бірге тегі
қазақ бірнеше ата баласы да осы қалашықты мекен етіп жергілікті сарттардың
тұрмыс тәртібін қабылдап сарт болып кеткен. Олардың ішінде қарағұрлық
тінейлерден шыққан Тұрба әулеті, Молла Хамза әулеті, Жетімдерден Нұр
әулеті, Шоқморлы, Тау тұмалық арғындар, Өгіз таулық арғындар т.б. Олардан
басқа қазақтың төре, төлеңгіттерінен сарт болып кеткендер де аз емес.
Қарнақ қалашығында ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда өзге елдерден келген елшілерді
орналастыратын қонақ үй болған. Олардың арасында айлап-жылдап жүргендері де
бар.

Сауран мен Түркістан арасында ескі оғыз заманынан бері белгілі қала
Қарашық бар. Ал, солтүстік-шығысқа қарай Қаратау баурайынан асатын көш
жолында қарауытып Сор төбе мен Жылан Қарауыл көрінеді. Қаратау баурайында,
Қарнақ маңында орныққан аруақты жерлердің бәрі де оғыз-қыпшақ заманына
барып өз тамырын тауып жатады. Одан әрі арабтың осы Түркістан өлкесіне
келіп оғыз тайпаларымен соғыстары да ескерткіш күйінде сақталып тұр. Ерте
уақытта кәпірлермен соғысып шахит болды дейтін Имам Бабыр, Ақкөсе
сахабалардың қасиетті зираттары сол Қарнақта. Ақкөсенің шын атын шалдар
Домбы ата дейді. Кәпірлер басын кескенде кесілген басы домалап отырып Меккә-
Мәдинаға тартқан. Домалап бара жатқанда бір тесікке түсіп кетіпті.
Шалдардың айтуынша сол тесіктен су дария тасып шығып, кәпірдің бәрін сел
болып шайып кетіпті. Көргендердің айтуынша асты үңгір қып-қызыл қия тас,
батысқа қарай аққан су көрінеді екен.

Бұрынғы заманда бір диуана сол құдыққа таяғын түсіріп алыпты, содан бір
уақыттарда оны Меккеге барған уақытында кездестіріпті. Қайдан алдыңдар мына
таяқты, - деп жаңа иелерінен сұраса, олар Зәмзәм-Шәріптен алдық - дейді
екен.

Қызықты әңгіменің бірі Ысқақ бап пен Сауыр тонды Өтеміс батыр арасындағы
ұзақ жылдардағы күресті баяндайды. Ол заманда ислам дінін қабылдамағандарды
мық, тарса деп атаған екен, солар Сауыр тонды Өтеміс батыр бастап шет
елден келген басқыншыларға көп қарсылық көрсетеді. Әңгіме оғыз-қыпшақ
дәуіріне қатысты болғанымен қазақтың шешіресінде бұл оқиға жақсы
сипаталады.

Түркістан маңындағы қалашықтардың ішіндегі үлкені Сауран деп есептеледі.
Оның жан-жағындағы қамал-қорғанының өзі де еңселі. Қаланың орталығында
әдемі құрылыс тұр, бұл әлемнің жеті жұмбағына жататын теңселмелі екі
мұнарасы бар Сауран мешіті. Шығыстық қала салу, құрылыс орнату өнері
теңдесі жоқ өнер. Ол заманнан қалған құрылыстар сирек, Сауран қаласының
сыртын ерте заманда қоршаған күйдірген кірпіштен салынған ескі қамалдың
орыны әр жерден көрінеді. Нияз аталық заманында Сауранды қайта жаңғырту
мәселесі хан кеңесінде бірнеше рет көтеріліп еді, бірақ Түркістан
атырабында сауда әлсірегелі, Шығыстан Батысқа ағылып жатқан сауда
керуендері тиылғалы өндіріс пен қала ғимараттарын салатындай халықтың
дәрмені де жоқ, құрылыс өнері де бәсең.

Осы ғаламат қала үш жақтап Бұқарлық Абдолла, ташкенттік Бабасұлтан,
қазақтан Хақназар хандар соғыс ашқанда енді қайтып жөнделместей бүзылды.
Бұқарадан әдейілеп тас атқыш қаруларды алып келіп, қаланы қиратып, кәріздің
бәрін құдығымен қосып ағызып жіберді. Иә, ендігі қалпына қарап сонау Қасым
мен Хақназар уақытында Саураннан қозы көш жерде тұрған Мәртөбеде қазақ
баласы жиналып, төбе басындағы алаңда қазақтың игі жақсылары бас қосып
отырды деп кім ойлайды. Нияз аталықтың П.И.Рычковқа айтуына қарағанда
Сауранда бар-жоғы 100 үй қалған. Сол сияқты Отрарда да шамалы -50 шақты үй,
Өгізтауда да осы шамалас. Олардан көрі Сөре мен Ташанақтың халқы молдау,
әрқайсында 100 -ге жуық сарттың отбасы қоныс қылып отыр.

Түркістан қалаларында үлкен өндіріс жоқ. Қажетті металды маңайдағы кен
орындарынан керегінше алады, мыс, қорғасын, қалайыны Сарыарқа даласындағы
кен орындарынан қазақтар алып келіп сатады. Ресей сяхатшылары ол туралы
медь добывают на тобольской дороге дейді. Дегенмен Қаратау өңірінде,
әсіресе Суындық маңында әр түрлі кен көздері аз емес: В Ташкентском и
туркестанском владениях довольна железа копают в горах, а наипаче по реке
Шыршык, медь привозят из Самаркандской стороны, и продается дешевою ценою,
свинца, вблизи Туркестана в горе, называемой Сууындык, великое множество,
где всяк кому надобно берут и льют пули, а золото добывают песчаное в
верховьях Шыршык реки и в верховье же Сырдарьи, и отвозят на продажу в
Бухарию... (Памятники Сибирской истории XYIII в. кн.1-2. СПб., 1885,с.30)

Түрік ұлыстарының әлемге қанат қаққан жері, түркі тілі мен мәдениетінің
қайнар көзі Түркістан өңірінің қалаларының ХУІІІ ғасырдың 40-шы
жылдарындағы жағдайы осындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтар: тарихи-этнографиялық зерттеу
Археологиялық Тарихи Сәулет өнері
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Көшпенділер сән үлгілеріндегі ерекшеліктері
Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
Пәндер