Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері



КІРІСПЕ

ҚАЗАҚ АЛТАЙ КӨНЕ ТҮРКІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕРЛЕУ ҒҰРЫПТЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштерінің зерттелу тарихнамасы
Қазақ Алтайымен көршілес өңірлердегі түрік дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі


ҚАЗАҚ АЛТАЙЫ ЖЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРІК КЕЗЕҢІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕР ТҮРЛЕРІ

Түркі дәуірі ғұрыптық орындарының генезисі
Қазақ Алтайы жеріндегі түркі дәуірінің ғұрыптық еске алу орындары
ҚАЗАҚ АЛТАЙ ЖЕРІНДЕГІ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ.МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Көне түркі мәдениетіндегі дәстүрлі жылқы феномені
Көне ғұрыптық орындардағы салт.жоралардың қазақтың салт.дәстүрлерімен сабақтастығы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақ Алтай өңіріндегі көне түріктердің ескерткіштері мен жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері жайлы ғылыми мәліметтерді жинақтап, топтап талдау арқылы осы өңірлердегі ежелгі тұрғындардың жерлеу ғұрпы мен соған қатысты дүниетанымдары, саяси - тарихы этнографиялық және археологиялық тұрғыда қарастырылады. Ғылыми жұмыстың негізгі бөлімдерінде көне түрік кезеңінің жерлеу ғұрыптық ескерткіштерінің тарихи сабақтастығы, Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің ескерткіштері және Қазақ Алтай жеріндегі түркі өркениетінің рухани - мәдени негіздері мен құндылықтары жаңаша зерделенді.
Диссертацияда тарихи мәліметтер, археологиялық жұмыстар және мұрағат құжаттары мен тарихи зерттеулерге қойылатын әдіснамалық талаптар негізінде Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің ескерткіштері, ғұрыптары және жерлеу ғұрыптық ескерткіштері байланыстарының зерттелуі. Тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен үрдістері, жетістіктері мен зерттелген тұстары туралы мәселелер жайлы ғылыми сараптама жасалған. Бүгінгі Қазақстан V-IX ғасырда көк түріктер құраған Түркі қағанатының батыс бөлігіне жатса, қазақ халқы олардың генетикалық жалғасы саналады. Президент Н. Назарбаев былай деген еді: «Түркі өркениетінің текті де терең тамырлы тарихы мен төлтума мәдениетін биік парасат үрдісінен терең таразылаудың, оны кейінгі ұрпақтың сана-сезіміне сіңірудің, олардың бойына ешкімнен кем түспейтін тарихының барлығына, яғни кемел келешегінің барына деген сенімді дарытудың, сол арқылы отаншылдық сезімін тәрбиелеудің біз үшін маңызды да, мәні де ерекше». Елбасы атап көрсеткендей, тамыры тереңге кеткен көне түркі өркениетеінің ең маңызды құрамдас бөлігі оның ескерткіштері, салт - дәстүрлері мен ғұрыптары. Түркі әлемінің қазірге дейін көне тарихы мен көшпенділік кезеңі толық зерттеліп болған жоқ. Қазақ Алтай өңірінде соңғы жылдары барлау жұмыстарына және мұрағат деректеріне сүйенер болсақ археологиялық ескерткіштерге өте бай өлке дей отырып, жерлеу ғұрыптық ескерткіштері-түрік мәдениетін зерттеудің маңызды тарихи кезеңі болып табылады. Ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің мәдениеті, ескерткіші туралы жаңа мәліметтерді табу қажеттігіне байланысты Қазақ Алтайындағы байырғы замандардың ескерткіштері қайталанбайтын түп деректер санатына жатады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды. Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде VII - VIII ғасырларда жазылған Орхон - Енисей жазбалары арқылы белгілі.
1 Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней
Азии в древние времена. – М.; Л.,- 1950. Т. 1. – С.130-145 .
2 Салғараұлы Қ. Түріктер. – Астана: Күлтегін, 2007. -308 б.
3 Грязнов М. Минусинские каменные бабы в связи с некоторыми новыми материалами // СА. – М.-Л., 1950. – Вып.12. – С. 128-156.
4 Кызыласов Л.Р. Древняя Тува.-М., 1979. -120 с.
5 Кубарев В.Д. Древнетюрcкие изваяния Алтая. Новосибирск, 1984. С. 23-29.
6 Кубарев В.Д. Новые сведения о древнетюрских оградках Восточного Алтая // Новое в археологий Сибири и Дального Востока.1979. С. 135.
7 Адрианов А.В. К археологий Западного Алтая // ИАК-Ит.вып 62. 1916. С. 48-51.
8 Самашев З., Фаизов К., Базарбаев Г. Археологическин памятники о палепочвы Казахского Алтая // Алматы, 2001. С. 64-65.
9 Базылхан Н. Көне түрік ғұрыптық кешендері: этноархеологиялық және тарихи-деректанулық талдау. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік кезеңдегі Қазақстан археологиясы: қорытындылары мен келешегі» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы.-2011. 220 б.
10 Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы.- 1994, 4-5 бб.
11 Самашев З.С. Қазақ Алтайының көне қазыналары. Алматы, Өнер.- 2008. - 199 б.
12 Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2009.- 168 б.
13 Кубарев Г. Алтай түріктерінің жерлеу ескерткіштері// Еуразиядағы түрік мұрасы. Астана, 2012. - 215 б.
14 Самашев З.С. Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы // Археологиялық зерттеулер, Семей, 2004.- 24-36 бб.
15 Худяков Ю.С., Табалдиев К.Ш. Древние тюрки на Тянь-Шане. –Новосибирск, 2009. С. 51-55.
16 Толегенов Е., Жунисханов А. Новые археологические материалы древнотюрского времени Казахского Алтая. Алматы, 2011.- С. 114-117.
17 Ибрагимов И. Этнографический очерк киргизского народа. Русский Туркестан. 1872. Выпуск 2. С. 150-152.
18 Руденко С.И. Культура населения Горного Алтая в скифское время. М., 1953. С. 62.
19 Кубарев В.Д. Древнетюркские изваяния Алтая. – Новосибирск: 1984. С. 232.
20 Гаврилова А.А. Могильник Кудырге как источник по истории Алтайских племен. – М., 1965. С. 145.
21 Савинов Д.Г. Народы Южной Сибири в древнетюркскую эпоху. – Ленинград: Изд-во Ленингр. ун-та, 1984. С 176.
22 Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық
Атласы. – Астана: Күлтегін, 2005 – 360 б.
23 Тишкин А.А., Горбунов В.В. Культурно-хронологические схемы изучения истории средневековых кочевников Алтая// Древнести Алтая.- Горно Алтайск, 2002. №9. С. 82-91.
24 Грязнов М.П. Курган как архитектурный памятник// Тезисы докладов на заседаниях, посвященных итогом полевых исследований в 1960 г.-М., 1961.-С.22-25.
25 Дашковский П.К., Тишкин А.А. Структурно-аналитические изучение погребальных памятников Горного-Алтая скифской эпохи//Структурно-семиотические исследования в археологиии.-Донецк, 2002.-С. 233-235.
26 Савинов Д.Г. Народы Южной Сибири в древнетюрскую эпоху.-Л, Изд-тво Ленинградский Университета, 1984. С. 176-179.
27 Овчиникова Б.Б. Семантика древнетюрских оградок Саян-Алтая // Древние культуры Центральный Азии и Санкт-Петербурга. С-П. 1998
28 Довдой Б. Еуразиядағы түрік мұрасы VI-VIII ғғ. Моңғолия аймағындағы көк түріктердің тас мүсіндері. Астана. – 2012, 84 - 85 бб.
29 Грач В.А. Средневековые впускные погребения из кургана- храма Улыг-Корым в Южной Туве // в.кн.:Археология Северной Азии.-Новосибириск: Наука, 1982.-С. 208.
30 Тишкин А.А. Алтай в эпоху поздней древности, раннего и развитого средневековья (культурно-хронологические концепции и этнокультурная история). автореф. док. ист. наук. – Барнаул, 2006. с. 35.
31 Гричан Ю.В., Плотников Ю.А. Архаичное стремя из Горного Алтая. // Евразия: культурное наследие древних цивилизаций. – Новосибирск: Горизонты Евразии, 1999. -№ Вып. 2. - С. 76-77.
32 Троицкая Т.Н., Новиков А.В. Верхнеобская культура в Новосибирском Приобье. – Новосибирск: ИАЭт СО РАН, 1998. – с.152.
33 Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи древней Евразии. – Санкт-Петербург: Филологический факультет СПб ГУ, 2005. – с. 346.
34 Кызласов И.Л. Древнетюркская руническая письменность Евразии (Опыт палеографического анализа). – М., Институт археологии АН СССР, 1990. С. 54-57.
35 Амброз А.К. Проблемы раннесредневековой хронологии Восточной Европы. – СА. -1971. -Т.2, № 3. –С. 106-132.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 133 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері

магистрлік диссертация
(ғылыми-педагогикалық бағыт)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
IҚАЗАҚ АЛТАЙ КӨНЕ ТҮРКІ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕРЛЕУ ҒҰРЫПТЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ
ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1Көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштерінің зерттелу
тарихнамасы
1.2Қазақ Алтайымен көршілес өңірлердегі түрік дәуірі ескерткіштерінің
зерттелуі

IIҚАЗАҚ АЛТАЙЫ ЖЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРІК КЕЗЕҢІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕР
ТҮРЛЕРІ

2.1Түркі дәуірі ғұрыптық орындарының генезисі
Қазақ Алтайы жеріндегі түркі дәуірінің ғұрыптық еске алу орындары
2.2
IIIҚАЗАҚ АЛТАЙ ЖЕРІНДЕГІ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ
МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

3.1Көне түркі мәдениетіндегі дәстүрлі жылқы феномені
Көне ғұрыптық орындардағы салт-жоралардың қазақтың
3.2салт-дәстүрлерімен сабақтастығы


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақ
Алтай өңіріндегі көне түріктердің ескерткіштері мен жерлеу-ғұрыптық
ескерткіштері жайлы ғылыми мәліметтерді жинақтап, топтап талдау арқылы осы
өңірлердегі ежелгі тұрғындардың жерлеу ғұрпы мен соған қатысты
дүниетанымдары, саяси - тарихы этнографиялық және археологиялық тұрғыда
қарастырылады. Ғылыми жұмыстың негізгі бөлімдерінде көне түрік кезеңінің
жерлеу ғұрыптық ескерткіштерінің тарихи сабақтастығы, Қазақ Алтай жеріндегі
көне түріктердің ескерткіштері және Қазақ Алтай жеріндегі түркі
өркениетінің рухани - мәдени негіздері мен құндылықтары жаңаша зерделенді.

Диссертацияда тарихи мәліметтер, археологиялық жұмыстар және
мұрағат құжаттары мен тарихи зерттеулерге қойылатын әдіснамалық талаптар
негізінде Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің ескерткіштері, ғұрыптары
және жерлеу ғұрыптық ескерткіштері байланыстарының зерттелуі. Тарихнамалық
ой-пікірлердің қалыптасуы мен үрдістері, жетістіктері мен зерттелген
тұстары туралы мәселелер жайлы ғылыми сараптама жасалған. Бүгінгі Қазақстан
V-IX ғасырда көк түріктер құраған Түркі қағанатының батыс бөлігіне жатса,
қазақ халқы олардың генетикалық жалғасы саналады. Президент Н. Назарбаев
былай деген еді: Түркі өркениетінің текті де терең тамырлы тарихы мен
төлтума мәдениетін биік парасат үрдісінен терең таразылаудың, оны кейінгі
ұрпақтың сана-сезіміне сіңірудің, олардың бойына ешкімнен кем түспейтін
тарихының барлығына, яғни кемел келешегінің барына деген сенімді дарытудың,
сол арқылы отаншылдық сезімін тәрбиелеудің біз үшін маңызды да, мәні де
ерекше. Елбасы атап көрсеткендей, тамыры тереңге кеткен көне түркі
өркениетеінің ең маңызды құрамдас бөлігі оның ескерткіштері, салт -
дәстүрлері мен ғұрыптары. Түркі әлемінің қазірге дейін көне тарихы мен
көшпенділік кезеңі толық зерттеліп болған жоқ. Қазақ Алтай өңірінде соңғы
жылдары барлау жұмыстарына және мұрағат деректеріне сүйенер болсақ
археологиялық ескерткіштерге өте бай өлке дей отырып, жерлеу ғұрыптық
ескерткіштері-түрік мәдениетін зерттеудің маңызды тарихи кезеңі болып
табылады. Ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің мәдениеті, ескерткіші
туралы жаңа мәліметтерді табу қажеттігіне байланысты Қазақ Алтайындағы
байырғы замандардың ескерткіштері қайталанбайтын түп деректер санатына
жатады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ
жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде
түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген
Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды. Түрік қағанатының жері
Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып,
қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді.  Қазақстан да осы
қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік
империясының өз тілінде VII - VIII ғасырларда жазылған Орхон - Енисей
жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер мекендеген Енисей
өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі  Орхон өзені маңайынан
табылғандықтан “Орхон - Енисей” жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер – VII
- VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының
тұсында Білге қаған, Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші)
сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар. Түріктердің
тарихы мен aрхеологиялық зерттеулері бойыншa өткен ғaсырдың 60-шы
жылдарындa бастау алған ғылыми жұмыстар баршылық. Оның ішінде
aрхеологиялық және этногрaфиялық тұрғыда ортaғасырлық Алтай түріктері
туралы іргелі зерттеулер З. Сaмaшевтің, Ф.Х. Арслaнованың ғылыми
жұмыстарындa кеңінен жазылған. Алтай өңірінде қазіргі кезеңде табылып
жатқан археологиялық - этнографиялық материалдар және түрік жазба
ескерткіштері мен жазба деректер негізінде VI-VIII ғасырлар аралығында
Алтай өңірі түріктердің тарихын жаңаша зерттеу, зерделеу қажеттілігі
туындап отыр. Отандық тарихымыздың бір кемшілігі - Алтай өңіріндегі
түріктер туралы мәліметтердің аздығында. Сол себепті аталмыш өңірдегі
түріктердің саяси тарихын, олардың материалдық құндылықтарын негізге дерек
қорларымен жаңаша зерделеу археология саласындағы өзекті мәселенің бірі
болып табылады.
Аталмыш аймақтың археологиялық зерттеу нәтижелері бұдан бірнеше
ондаған жыл бұрын ғылыми айналымға енген және жыл сайын жаңа деректер, жаңа
ғылыми гипотезалар, көзқарастармен толықтырылып отырылатын көптеген
қоныстар мен қорымдар, ғұрыптық нысандар бар.
Біз қарастыратын зерттеу жұмысының өзекті мәселесі болып табылатын
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық орындары - олардың
мәні, археологиялық ескерткіштердің дүниетанымдық түсініктерін ашып
көрсету болып табылады.
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің ғұрыптық жерлеу орындары -
археологиялық ескерткіштердің негізгілері болып табылатын қоныстар мен
қорымдардың аумағында айрықша, өте маңызды және жиі кездесетін
ескерткіштердің түріне жатады. Олар жерлеу орындары немесе қоныстарды
зерттегенде зерттеу нысанына ілінбей төмен деңгейде зерттеліп қалады.
Мұның өзі көне дәуір тұрғындарының тұрмысы, діни салттық-рәсімдері,
дүниетанымдық болмысын анықтауды, зерттеуді талап ететін өзекті мәселе
болып табылады. Ал, іс жүзінде ғұрыптық орындардың берер ақпараты көп.
Қазақстан территориясын мекендеген көне заман тұрғындарының
дүниетанымы мен рухани болмысынан, тұрмыстық тіршілігінен және
идеологиялық, діни көзқарастары жағынан хабар беретін ғұрыптық жерлеу
орындарын зерттеу аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алады.
Көне түріктердің жерлеу ғұрыптық орындары өз кезегінде дер
уақытында зерттеп алу және оны тарих сахнасында кейіннен өмір сүрген
халықтардың мәдениетімен салыстыру өзекті болып табылады. Әрине, ғұрыптық
құрылыстарды қазақ халқының діни наным-сенімдерімен, идеологиялық
көзқарастарымен салыстыра қарастыру бүгінгі таңдағы зерттеуді қажет етеді.
Қазақ Алтайындағы көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштердің
тек қана археологиялық тұрғыдан бір жақты қарастыру оның нақты мән-
мағынасын ашуда кемшілік әкелері анық. Негізінен, археологиялық ескерткіш
болып табылатын салттық табыну орындарының функциясын этнографиялық жағынан
қарастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Себебі, аталған құрылыстардың
функционалдық маңызын анықтау барысында археология және этнография
ғылымындағы бірқатар кезек күттірмес мәселелердің шешімін таба аламыз.
Бүгінгі таңда зерттеудің жаңа белестеріне көтерілген археология
ғылымында кешенді зерттеулер жүргізілді. Соның арқасында жұртшылыққа
беймәлім болып келген көне тарихтың көптеген тақырыптары ашылып, жан-жақты
талқылануда. БАҚ беттерінде де біршама деңгейде кездеседі.
Кеңестік кезеңде археология жеке ғылым ретінде қалыптасып, зерттеу
жүйесі жаңарды. Қазба жұмысы жаңа әдістер арқылы жүргізілді. Жаңадан
ашылған ескерткіштер қарасы көбейіп, негізгі бағыттары айқындалды.
Тәуелсіздік жылдарындағы археологиялық зерттеу жұмыстары негізінде
біршама істер атқарылды. Ұлттық идея, мәдени мұра хақында іргелі зерттеулер
жазылып жатыр. Археологиялық нысандар ашылып, зерттеулер жалғасуда.
Археология ғылымында көне уақыт саналатын кезең қола және ерте темір дәуірі
болса, сол дәуірдің ірі ошағы Орталық Қазақстанның археологиялық
ескерткіштері зерттелуі тиіс.
Магистрлік зерттеу жұмысында көне түрік дәуірінің ғұрыптық
құрылыстарына зерттеуге және олардың функцияларына баса назар аударуға
тырыстық. Атап айтар болсақ, қазіргі кезде отандық археология ғылымында
күрделі мәселелер санатына жатқызылатын ғұрыптық құрылыстардың өз заманында
атқарған қызметі мен кейінгі дәуірлермен сабақтастығын зерттеу бойынша
зерттеулер жасалынды. Оның ішінде көне дәуірдің культтері мен бүгінгі күнге
дейін келіп жеткен, кейбірі әлі күнге өз өміршеңдігін жоғалтпаған салттық
жоралармен байланысын ашып көрсетілді. Сонымен қатар, археолог ғалымдар
арасында әлі де нақтыланбаған ортағасырларлық ғұрыптық құрылыстармен
байланыстарын, сонымен қатар қазақтың этнографиясының кейбір
ұқсастықтарымен салыстыру бойынша пайымдаулар үшінші тарауда қарастырылды.
Біртұтас қазақ жерінің тарихын жазу үшін алдымен жекеленген
ескерткіш түрлерін толықтай ашып, аталған тақырып бойынша жазылған
мәліметтерді жүйелеп, бір ізге түсіру қажет.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ Алтай жеріндегі көне түрік
дәуірінің жерлеу ғұрыптық ескерткіштерін зерттеумен айналысу Кеңестік
кезеңнен бері бір жүйеге түсті. Қазіргі таңда археологиялық экспедициялар
ұйымдастырылып, көптеген монографиялар жазылуда. Бұл кезеңде шыққан зерттеу
еңбектеріне Алтай өңірін түрік дәуірін зерттелу тарихы қарастырылған. Осы
дәуірге байланысты шыққан отандық зерттеушілер: Л.Н. Гумилев, А.
Досымбаева, Ф.Х. Арсланова, З.С. Самашев және Қ. Салғарұлы, Н. Базылхан,
Е. Төлегеновтің еңбектерінде аталмыш аймақтың археологиясына арналған
бірден - бір құнды еңбектер бар. Көрші мемлекеттердің түрік археологиясын
зерттеген: Н.Я. Бичурин, Л.Р. Кызласов, Г. Кубарев, Ю.С. Худяков, А.А.
Гаврилова, А.А. Тишкин еңбектері мол мәлімет береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Осы зерттеу жұмысында алдымызға қойған
мақсат: Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық
ескерткіштеріне қатысты деректерді талдай отырып, қазба жұмыстары
нәтижесінде шыққан материалдар және жарық көрген зерттеулер негізінде
ғылыми тұжырым жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу жұмысының міндеттерін ашуда
мынадай талаптар іске асыру басшылыққа алынады:
- Көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштерінің зерттеу тарихнамасын
зерттеу;
- Қазақ Алтайымен көршілес өңірлердегі түрік дәуірінде зерттелген
ескерткіштерді бір ізге түсіру;
- Көне түріктердің ескерткіштерін сипаттау;
- Ғұрыптық қоршаулар мен тас мүсіндерді, ғұрыптық құрылыстардан табылған
артефактілерді талдау;
- Мұртты обалар ғұрыптық ескерткіш ретінде ескерткіштермен салыстыру;
- Тәуелсіздік жылдарындағы зерттеулерді талдау;
- Көне дәуір тұрғындарының дүниетанымдық ерекшеліктеріне тоқталу;
- Көне ғұрыптық ескерткіштердің бертінгі кезеңнің ғұрыптық-еске алу
орындарымен салыстыру;
- Қазақ діни наным-сенімдерінен көне заманның ғұрыптық-еске алу
құрылыстарында атқарылған рәсімдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін
анықтау;
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснемелік негізі. Тарихи,
археологиялық және этнографиялық тұрғыдан зерттеу үшін ең бастысы деректер
қоры қажет. Қазақ Алтай археологиясы үшін негізгі деректер Шығыс
Қазақстанның археологиялық экспедициясының есептері, Алтай өңіріне жататын
ескерткіштердің ашылуы, ғұлама ғалымдарымыздың З.С. Самашевтың, Ф.Х.
Арсланованың және А. Досымбаеваның археологиялық зерттеу жұмыстары, далалық
күнделіктері, монографиялары болып табылады. Зерттеу жұмысында теориялық
және әдіснамалық негізгі қадамдары – тарихи-салыстырмалы, кезеңдеу, талдау
және жүйелеу секілді әдістер қолданылды. Бұл әдістер тарих және археология
ғылымында сыналған, әрі қазіргі ғылым жүйесінде қолдануды талап ететін
бірден-бір әдіснамалық негіздер болып табылады. Салыстырмалы әдістің
негізгі мақсаты- болған оқиғалар ізімен тарихи жазба деректер және
археологиялық, этнографиялық деректерді салыстыра зерттеу арқылы жетістікке
қол жеткізу. Алтай өңіріндегі түріктердің таралу кеңістігі, олардың
географиялық орналасуы және сол жерлерде археологиялық ескерткіштердің
таралуына сәйкес бұрыннан қолданылып келе жатқан салыстырмалы-типологиялық,
аналитикалық, картографиялық және жоспарлау, кезеңдеу әдіс-тәсілдері
пайдаланылды.
Ғылыми жұмыстың толыққанды жазылуы үшін, тақырыпқа негізделген
тапсырманы жаңаша бағалаудың да маңызы зор. Сол себепті Алтай өңірі
түріктеріне қатысты зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектерін ой елегінен
өткізіп, жаңаша көзқараста синтездеу және анализ жасау әдісі қолданылды.
Теориялық және әдіснемелік негіздердің бірі- тақырыпқа сай ғылыми
монографиялар мен жекелеген мақалаларды да назардан тыс қалдырмай,
салыстыра отырып сараптама жасау.
Тақырыптың мазмұнын ашуда негізгі деректік қорды археологиялық
материалдар құрайды деп айтуға болады. Олардың қатарында ХХ ғасырдан бастап
қазақ даласының түпкір-түкпірінде жүргізілген археологиялық қазбалардың
нәтижелері және табылған заттар жатады. Сонымен бірге қазба жұмыстарын
қорытындылайтын ғылыми есептер мен зерттеу еңбектері магистрлік жұмысты
талдау барысында үлкен маңызы бар.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыстың
қорытындылары мен тұжырымдарын, түріктану, археология, отандық тарих,
этнология және шығыстану, курстары бойынша: көне түріктердің тарихы,
түрік халықтарының тарихы, Қазақ Алтай түріктерінің этнографиясы, Түрік
халықтарының тас ескерткіштері және көне түріктердің жерлеу ғұрыптық
ескерткіштерінің дүниетанымы секілді тақырыптарда дәрістер оқу барысында
пайдалануға болады.
Ғылыми практикалық құндылығы. Шығыс Қазақстанның ғұрыптық
құрылыстарына, археологиясына, соның ішінде түрік дәуірінің ғұрыптық
құрылыстарына тарихнамалық талдау жасалынды. Зерттеуге негіз етіп алынған
Шығыс Қазақстанның археологиялық экспедициясы, Қазақ Алтай археологиялық
экспедициясының мәліметтері мен басқа аймақтарды зерттеу экспедициялардың
материалдары, этнография саласы бойынша кешенді зерттеулер, еліміздің
белгілі ғалымдарының ғылыми жұмыстары, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың
еңбектері мен деректері тақырыпты ашуға септігін тигізді. Археология
ғылымының жанданған кезеңі - Кеңес үкіметі тұсында қазба жұмыстары
фронталды түрде жүзеге аса бастады. Бастысы, археологиялық мектеп
қалыптасты. Тәуелсіздік алғанға дейін және алғаннан кейінгі жылдарда жерлеу
ғұрыптық ескерткіштерді зерттеу бойынша атқарылған жұмыстарға,
ескерткіштерді зерттеудің бағыттарына объективті баға берілді. Қазақстан
тарихында деректану және тарихнама ғылымы кешеуілдеп жатқан болса,
археология ғылымында жерлеу ғұрыптық ескерткіштердің тарихнамасына арналған
жеке еңбек жоқтың қасы. Локальді аймақ ретінде қарастырылып отырған Шығыс
Қазақстанның ғұрыптық ескерткіштерге қатысты археологиялық деректер
жүйеленбеген. Зерттеу барысында мақсат - міндеттерінде көрсетілген
критерийлерді негізге ала отырып, тақырыптың құндылығын ашуға тырыстық.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Б.з.д. V - VIII ғасыр
аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Шығыс Қазақстан аймағы, Алтай, Сібір және
Моңғолия жері, Тува жерлерін қамтиды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ Алтай жеріндегі көне
түріктердің ғұрыптық - еске алу ескерткіштерінің атқаратын қызметтері
ғалымдардың еңбектерін саралау негізінде бір ізділікке түсірілді. Көне
түрік дәуірінің ғұрыптық-еске алу құрылыстарының зерттелу тарихы бір ізге
түсіріліп, негізгі нәтижелері мен ғылыми зерттеу бағыттары анықталды;
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік жұмыстың құрылымы 3 тарау
және бірінші тарау, екінші және үшінші тарау үш тармақтан: кіріспе,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, презентациядан тұрады.

І ҚАЗАҚ АЛТАЙЫ ЖЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРІК КЕЗЕҢІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕР ТҮРЛЕРІ

1.1) Көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштерінің зерттеу
тарихнамасы. Ерте орта ғасырлардағы Алтай өңірі түріктері туралы жазба
деректерде кеткен кейбір ақтаңдақтардың орнын толтыратын бірден - бір
дереккөз - археологиялық ескерткіштер. Көне түрік дәуірінің ғұрыптық
ескерткіштері археологиялық ғылымында қағандық, қарапайым болып екі
топқа бөлінді. Қағандық ескерткіштер Минусин шұңғымасы үңгіріндегі
Знаменка ауылынан ашылса, ең жақсы зерттелген және бай өлке болып Моңғолия
саналады
1.2) Қазақ Алтайымен көршілес өңірлердегі түрік дәуірі
ескерткіштерінің зерттелуі. Қазақ алтайымен көршілес жатқан Моңғолия, Тува,
Хакасия, Алтай таулары жерлеріндегі түрік дәуіріне жататын ескерткіштер
айтылады. Алтай өңіріндегі түріктердің қорғандарын классификациялау.
Алтай өңіріндегі түрік мəдениетіне тиесілі ескерткіштер тобын алты
кезеңге бөледі. Олар: Қызыл-Таш кезеңі, Күдірге кезеңі, Катанды
кезеңі, Тұяқты кезеңі, Қурай кезеңі, Балтырған (Балтарган) кезеңі.

1. Көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштерінің зерттеу
тарихнамасы

Ақыл - ойының құдіретімен адам баласы жануарлар дүниесінен бөлініп
шыққаннан бері бір ғана кәсіпті нәсібіне айналдыруда. Ол үздіксіз ізденумен
өмірдің қай саласында болмасын жаңалықтан соң жаңалық ашу, сөйтіп алға
шығу. Бір кездері ішетін тамағын, киетін киімін, тірлігіне қажетін
табиғаттан дайын күйінде алып күн көрген жұмыр басты пенде келе - келе
отты, садақты, найзаны, үй жануарларын, басқа да иеліктерді пайдалануды
үйренді. Тілі шықты, жазу-сызуды дүниеге әкелді, ғылымды қалыптастырды,
мемлекеттерін құрды. Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын,
бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы
өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен
құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті
тән. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер
қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау
кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған
бұл мұралар қазақ халқы ата - бабаларының өткен өмірінің тілсіз
куәгерлері болып қала береді. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-
тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірімен оның тас мүсіндері
болып табылады. Ата - бабаларымыздың тарихын бұрмаламай, қаз - қалпында
бүгінгі ұрпаққа жеткізу тарихшы - археологтардың, этнографтардың алдында
тұрған жауапкершілігі зор, үлкен міндет. Дегенмен, түріктердің мұрасын
зерттеуде ұзақ жылдар бойы шындыққа қайшы келетін ғылыми пікірлер
қалыптасты. Сондай пікірлердің бірі Қазақстанның ортағасырлық тарихына
байланысты окулықтар мен энциклопедияларда, ғылыми монографияларда орын
алған. Аталған басылымдарда орта ғасыр кезеңінде, дәлірек айтсақ, 551-552
жылдары түрік этносы алғаш Алтай өңірінен келіп, Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан территориясын жаулап алған деген мәліметтер әлі күнге дейін
сақталған. Сонымен бірге түріктердің ежелгі отаны Алтай мен Монғолия деп
көрсетіледі. Бірнеше жылдар бойына жүргізілген археологиялық зерттеу
жұмыстарының нәтижесі бұл ғылыми пікірлердің шындыққа жанаспайтындығына
дәлел болып отыр. Шыңдығында көшпелі түріктердің ірі мемлекеті – Түрік
қағанаты 551 жылы құрылған. Көшпелі түріктердің алғашқы мемлекетінің
құрылымы конфедерация болды. Яғни, мемлекет екі дербес қағанаттан тұрды.
Бұлардың бірінің орталығы Алтайда орналасса, екіншісі Жетісуда еді.
Я.Бичуриннің айтуынша, түрік деп, б.з. V ғ. Жужань қағаны Чилянь
қағанның бұйыруымен, Гаочаннан Алтай тауының оңтүстік баурайларына
көшірілген түріктерді атай бастаған екен [1, с. 130]. Бұл нақтылы жəне
соңғы пікір емес. Мысалы, ғалым Қ. Салғарұлы Түрiк сөзін Турлардан
тараған бүкіл ру-тайпалардың басын біріктіретін жалпы атау деп
тұжырымдайды [2, 308 б.].
Түріктануда бүгіндер, Түрік Елі империясының салт - дәстүрлері,
ғұрыптық жосын - жоралғылары жайында бірсыпыра нақты дәлелдер, заттық
айғақтар жиналынды және жазба деректер, археологиялық табылымдар, қазіргі
түрік халықтарындағы этнографиялық реликт, сарқыншықтарды тарихи-
салыстырмалы талдау негізінде. Қасиетті Алтай өңірі – ежелгі көшпелі
өркениеттің алтын бесігі, өзінің географиялық орналасуындағы тиімділігіне
байланысты көне заманнан бері Евразиядағы көптеген көшпелі халықтардың
толассыз көші-қон процестерінің тоғысар торабы, алуан түрлі этномәдени
байланыстардың қайнаған ортасы. Ерте орта ғасырлардағы Алтай өңірі
түріктері туралы жазба деректерде кеткен кейбір ақтаңдақтардың орнын
толтыратын бірден-бір дереккөз - археологиялық ескерткіштер. Көне түрік
дәуірінің ғұрыптық ескерткіштері археологиялық ғылымында қағандық,
қарапайым болып екі топқа бөлінді. Қағандық ескерткіштер Минусин
шұңғымасы үңгіріндегі Знаменка ауылынан ашылса, ең жақсы зерттелген және
бай өлке болып Моңғолия саналады [3, С.128-156]. Онда атақты Күлтегін,
Тоныкөк, Ян-тобо, Хушо - Цайдам ескерткіштері бар. Күлтегін ескерткіші
Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Бұл құнды дүниеге түркі
тектес халықтар ғана емес сонымен қоса әлем ғалымдарының назарын аударуда.
Қазіргі уақытта тарих және тіл білімі саласынан зерттелуде, әлі талай
ғылыми жаңалықтар туары даусыз. Ескерткіштің 2001 жылы 18 мамырда
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас
ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл
жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі. Қағандық
ескерткіш қарапайым қоршаулардан неғұрлым жақсы зерттелген болып саналса
да, Тувада тек төрт қағандық ескерткіш белгілі, оның Сарыг-Булыны ғана
қазылды [4, с. 120 ]. Ал Таулы Алтайда он төрт ескерткіш белгілі,
қазылғаны жетеу [5, С. 23-29]. Қағандық мемориалды ескерткіштер VI
ғасырдың ортасында І Түрік қағанатының пайда болуымен қатар шықты және
өркендеді. Онда бұл ескерткіштердің негізгі ядросы Моңғолия екені
түсінікті, Ал Тува, Оңтүстік Сібір өлкелері кейінгі жаулап алынған жерлер.
Қарапайым түрдегі қоршауларды 1885 жылы Таулы Алтайдағы Онгудайда В.В.
Радловтың қазумен зерттеу басталғанды. Кейінгі зерттеулер бойынша, оның
таралу аймағы. Моңғолия, Тува, Хакасия, Таулы Алтай, Шығыс және Орталық
Қазақстан және солтүстік - шығыс Қытайға дейінгі аумақты қамтиды. Жалпы
қарапайым қоршаулар V ғасырдан Х ғасырға дейін өмір сүрді. Көне түрік
қоршаулары деп іші ұсақ жұмыртастармен аралас толтырылған, сырты қырынан
қойылған тас плиталармен қоршалған төртбұрышты құрылыс. Оның ішкі
құрылымына тас жәшік, ағаш діңгектің шірінділер орындары, ішіне қойылған
жылқының жақ сүйегі, тістері және қой сүйегі, Юстыд қоршауларына ғана тән
ыдыстар мен ошақтарды қамтиды.
Қоршаулар жөнінде ғылымда әлі пікірталас көп. Л.А. Евтюхова, С.В.
Киселев, А.Д. Грач бойынша бұл көрші обадағы жерленген адамға тұрғызылған
еске алу, құрбандық шалу орны. Гаврилова қоршаулар - жерлеу орны дейді,
бірақ адам сүйегінің табылмауына байланысты мұны Орхон типті ескерткіштерге
жатқызады. А.А. Гаврилова айтқандай сыртқы белгісімен анықталар қоршаулар
көп, алайда қоршаулардың уақытқа байланысты өзгеруін көріп, кезеңдейтін
материал аз болып қала береді және бұл қоршаулар кешенді түрде зерттеуді
қажет етеді [6, с. 135]. Шығыс Қазақстандағы ғұрыптық ескерткіштердің
зерттелуіне келсек, тек 1911 жылы А.В. Адрианов қағандық үш - төрт
кешенді қазды [7, С. 48-51]. Одан бері ғасырға жуық уақыт бойы қоршаулар
зерттелмей қалып отыр, тек 1997 - 1998 жылдары З.С. Самашев бастаған қазақ
- француз біріккен археологиялық экспедиция Шығыс Қазақстандағы
Қатонқарағай ауданы Майемер ауылынан оңтүстікте Майемер ІІ обаларына
(1997ж.), Берел ауылынан батыста сегіз киломметр жерде Берел ІІ обалар
тобына (1998 ж.) археологиялық қазба жүргізгенде, көне түрік дәуірінің
қоршауы ашылды: Таулы Алтайдағы  Майемер кезеңіндегі обаларда іргесін
белдеулей қоршаған аласа тас түйінділер бар. Жерлеу ғұрпы мен зат кешенінің
біршама тұрақтылығы Шығыс Қазақстанда б.з.б. 7 - 6 ғасырларда ерте темір
заманы мәдениетінің негізі қалыптасқанын көрсетеді. Бұқтырма өзенінің
жоғарғы ағысындағы Күрті салаларынан ертедегі ескерткіштер табылды. Олар
жер бетінен шығыңқы, үлкен қойтастардан қаланған шеңберлер түрінде
көрінеді. Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысы Катон қарағай ауданының Берел
ауылынан 7 шақырым оңтүстік батысында орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел
жєне Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал
батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң
жағасындағы алаңда орналасқан [8, С. 64-65 ]. Берел және Майемер ғұрыптық
ескерткіштері қарапайым қоршаулар түріне жатады. Қазақ Алтайындағы
бұл екі қоршау Таулы Алтайда, Тувада неғұрлым жақсы зерттелген
қоршаулармен салыстырғанда, өзінің құрылымы мен көлемі бойынша ұқсас,
бірақ кедей және қарапайым формада. Қазақ Алтайындағы көне түрік дәуірінің
ғұрыптық ескерткіштері жөнінде анық басып айту және топтамасын,
классификациясын жасау әлі ерте. Көне түрік ғұрыптық ескерткіштерінің
классификациясын алғаш 1925 жылы Б.Я. Владимирцов Орхон ескерткіштері
негізінде жасап, бес типке бөлді. 1950 жылдар аяғында Тува мен Алтай
қарапайым қоршаулардың топтамасы жасалынды. А.А. Гаврилова Алтайдағы
кейінгі көшпелілер қоршауларын берел, кудыргэ, катандинск деп типтесе,
кейін қазылған 116 қоршау негізінде В.Д. Кубарев Таулы Алтайды бес типке
бөлді.
Қоршаулардың анық бір геометриялық пішінде салынғаны және
дүниетанымдық ойды білдірері талассыз. Қоршау құрылымының бір элементі
орталығы арнайы, қасиетті ағаш пен сыртында орналасқан бағана алады. Ағаш
шірінділері Алтайдағы Юстыд типтес қоршауларда, Моңғолиядағы Хошо-Цайдам
ІІ ескерткіштерінде бар. Орыс географиялық қоғамының мүшесі Н.Ядринцев
1889 жылы Орхон өзенінің Моңғолия жеріндегі Хушо-цайдам ойпатынан ағып
өтетін жерінен кейін Хошо-цайдам ескерткіштері деп аталып кеткен
ескерткіш тастарды табады. Бұл ескерткіштердің иелері – Н.Ядринцевтің
айтуынша, Моңғолоиядан Тарбағатайға дейінгі жерлерді жайлаған, Қара-
қорымнан Ыстық көлге дейінгі елдерді түгел жаулап алып, Қытай мен Үндістан
арасындағы халықтармен қарым - қатынас жасаған түркі тайпалары болып
табылады. Қоршаулар тараған ұланғайыр далада ешқандай адамды жерлеген із
білінбейді, сондықтан да қоршауларды ғұрыптық ескерткішке жатады деп айтуға
болады. Көне түрік дәуірі ғұрыптық құрылысының ажырамас бөлігі қоршаулардан
шығысқа қарай тік тұрғызылып, қатарласа созылып жатқан тас балбалдар
құрайды. Осы ретте ерекше ескертіп айтарымыз көне түріктердің өлікке
қатысты ғұрыптық болмысы жайындағы қытайша жазбалардың өрескел, жөн-
жосқысыз әрі жалған сипаттамалары. Мысалы, ол тірі кезінде бір адам
өлтірген болса, онда оған бір тас тұрғызылды. Өлгендердің кейбіреуіне
мұндай тастан жүздеп, мыңдап тұрғызылғаны бар [1, 138 б.]. Бұдан
зерттеушілер балбалдардың қызметін өлтірген жауы, тас мүсін, мініс
аттарын байлайтын жері болды деуге итермелеп, даулы мәселеге айналдырып
жібейрді. Көне түріктер аруақтарға тағзым ету үшін, батыр тұлғаларын
Тәңірге жөнелту ісінде, ғұрыптық кешен жасауда және ас беруге қатысқандар
өздерінің ел-жерінен әкелген ұзын тастарды, сол өлікке арналған арнайы
ғұрыптық кешенінің күншығыс бағытына қарай ара-жігі шамамен біркелкі
қашықтықта тізбектеп тігінен орнатқан. Осындай тас тізбектерді көне түрік
тілінде балбал тіп-тік етіп қадап орнатқан тас белгілер деген мағынада
қолданды [9, 220 б.]. Қазірге дейін түріктердің ғұрыптық кешендерінен
адамның мәйіт өртенген орындар табылмаған. Сондықтан бұлар жерлеу орны
емес, ғұрыптық қызметтер атқаратын кешен деп танылады. Алтайдағы
қорғандардың көпшілігінде жерлеу мәдениетінің бірден-бір көрінісі
жылқымен жерлеу дәстүрі болып табылады.
Көптеген жылдар бойына Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология
институтының кешенді археологиялық экспедициясы Мерке өңірі мен Жайсан
даласына археолог Айман Досымбаеваның басшылығымен зерттеу жұмыстарын
жүргізіп келеді. Осы киелі өңірдің ескерткіштерін арнайы зерттеудің өзіндік
үлкен себебі бар. Ортағасырлық жазба мәліметтерге сүйенсек, дәл осы аймақ
Батыс Түрік қағанатының орталығы болған. Бұл жерлерде жазба деректерге
сүйенсек, Батыс Түрік қағанатының орталықтары: Суяб, Баласағұн, Мерке
қалалары орналасқан.
Түркілер мәдениетінің ерекше бір түріне руникалық жазба
ескерткіштер жатады. Түркілердің құпия жазбаларының ашылуы орта ғасырдағы
көшпенді түріктердің дүниетанымын тануға мүмкіндік береді. Көне түріктік
ойма жазулар соңғы жылдары Казақстан мен Орта Азия территориясынан көптеп
табылып отыр. Қазақстан жерінен табылған руникалық жазба ескерткіштерді
Мерке ғибадатханасынан табылған қойтастардағы ойма жазулар толықтырады. Бұл
руникалық жазулар түркі мемлекеттерінің өмір сүру дәуірімен тікелей
байланысты.
"Мәдени мұра" тізіміне ұсынылған келесі бір тамаша ескерткіш -
Мерке ғибадатханасының солтүстік жағындағы Жайсан ғибадатханасы. Бұл
ортағасырлық түріктерден қалған мәдени - ғұрыптық кешен. Ғибадатханадағы
ескерткіштерді зерттеу және сақтау жұмыстары 2001 жылдан бастап қолға
алынды. Мұнда ескерткіштердің негізгі бөлігі орналасуына карай бір
заңдылыққа негізделген. Яғни, жерлеу құрылыстары кешеннің батыс бөлігінде
орналасса, ғұрыптық құрылымдар кешеннің шығыс бөлігіне шоғырланған. Тек
сирек жағдайда ғана қоршаулар қорғандардың ортасында немесе культтік
кешендердің батыс бөлігінде орналасқан. Жайсан ғибадатханасының құрамдас
бөлігі болып табылатын түріктердің өнер туындылары мемориалдың оңтүстік
батысына жақын аралыққа шоғырланған. Мұндай өнер туындыларына тас
мүсіндерде және стелаларда, сондай-ақ жартастарда кездесетін рулық
таңбалар, петроглифтер т.б. жатады [10, 4-5 бб.].
Түркі әлемінің қазірге дейін көне тарихы мен көшпенділік кезеңі
толық зерттеліп болған жоқ. Қазақ Алтай өңірінде соңғы жылдары барлау
жұмыстарына және мұрағат деректеріне сүйенер болсақ археологиялық
ескерткіштерге өте бай өлке деуге болады.
ХІХ ғасырдың соңына қарай, Орхон жазба ескерткіштерінің құпиясы
ашылғаннан кейін Орта Азия мен түрік халықтарын зерттеуге деген қызығушылық
ерекше арта түсті. Алтай өңірі, қала берді Орталық Азиядағы ерте
ортағасырлық түріктер туралы зерттеулер толассыз, әрі үздіксіз жүргізіліп
келе жатыр. Жүйелі зерттеулердің нәтижесінде түріктердің археологиясы,
тарихы мен этнографиясы туралы көптеген монографиялар мен жекелеген
баяндамалар, мақалалар жарық көрді. Біз түріктердің, соның ішінде Алтай
өңіріндегі түріктердің зерттелу тарихын ғалымдардың зерттеу аспектілері
бойынша археологиялық, тарихи - этнографиялық тұрғыда топтастырып, жүйелі
қарастырдық. Алтай өңірінің археологиялық мұраларын зерттеуге ХІХ
ғасырдың екінші жартысында іргелі зерттеу жүргізген В.В. Радловтың
еңбегі көп сіңді.
Жерлеу ғұрыптық ескерткіштері - түрік мәдениетін зерттеудің маңызды
тарихи кезеңі болып табылады. Ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің
мәдениеті, ескерткіші туралы жаңа мәліметтерді табу қажеттігіне байланысты
Қазақ Алтайындағы байырғы замандардың ескерткіштеріне деген қызығушылық
артты. Алтай жерін ғасырлар тоғысынан біздің дәіуіріміздің көне түркі
тайпалары мекендеді. Бүгінгі күні солтүстік тайпаларының жерлеу
ескерткіштерінің археологиялық материалдарын қайта талдау барысында олардың
этногенезі мен алғашқы кезеңдегі мәдениеттің дамуы барысын және
ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Батыс Түрік қағанатының
этникалық ядросын құрған түрік тайпаларының мәдениетінің генезисі біздің
эрамыздың бірінші мың жылдығының бірінші ғасырымен кезеңделетіні анықталды.
Түріктік мәдени кешенінің қалыптасуы мен дамуы жерлеу кешендерінен, жерлеу
дәстүрінен, жерлеу орындарынан шыққан заттай материалдарынан, осы
территориядағы Қазақстан аумағындағы ескерткіштерден көрініс табады. Түрік
тайпаларының ғасырлар тоғысында және ерте ортағасырлық кезеңдегі дәстүрлі
дүниетанымының ерекшелігін куәлендіретін көптеген мәліметтер жазба
деректерде келтірілді.
Түріктік мемориалды ескерткіштерге жүргізілген негізгі
археологиялық зерттеулер барысындағы кешендердің хронологиялық және мәдени
жай-күйін ашу үшін негіз болған барлық типтегі ескерткіштердің
топтастырылған және жүйелі анализі, қазба барысында шыққан артефактілері
түрік тайпаларының мәдениетінің дамуының айырықша ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік береді [11, 199 б.].
Ежелгі түрік тайпаларының шығу тегіне байланысты аңыз Алтаймен
тығыз байланысты және тукю этнонимінің өзі аңыздарға қарағанда пішіні Алтай
тауларына ұқсас дулыға деген сөзді білдіргендіктен, Алтай жеріндегі
ертедегі түріктердің жерлеу орындарын зерттеу маңызды орынға ие. Ресейлік
Алтайдың территориясындағы түрік тайпаларының жерлеу ескерткіштері Орталық
Азиялық аймақтағы ескерткіштерге қарағанда біршама жақсы зерттелген. В.В.
Радлов, С.И. Руденко, М.П. Грязнов, Н.В. Полосьмак, В.И. Молодин, В.Д.
Кубарев, З.С. Самашев секілді мамандардың кеңінен танымал қазба
жұмыстарының нәтижесінде ескерткіштердің бұл түрі Шығыс Алтайдың Пазырық
обаларынан нақты байқалады. Бұл кезеңнің жарқын ескерткіштерінің бірі Берел
обасы болып табылады. Берел қорымы Қазақ Алтайының аумағында Қазақстан,
Моңғолия мен Ресей Федерациясы шекараларының тоғысқан жерінде орналасқан.
Онда тізбектеле орналасқан отыздан астам обалар бар. Жер бетіне тұрғызылған
ірі конструкциялар ежелгі көшпенділердің мұнда өз көсемдерін жерлегендігін,
солар үшін күрделі жерлеу-ғұрыптық құрылыстарын тұрғызғандығын айғақтайды.
Аңғардың биік орналасу жайы мен табиғаттың тартымды көркі бұл кеңістікті
қасиетті деп тануға алып келген еді [12, 168 б.]. Бәлкім, ежелгі
көшпенділер жергілікті табиғи - климаттық жағдайдың ерекшелігін ескеріп,
қолдан тоң жасауға болатын осындай арнайы жерлеу конструкциясын салған да
шығар. Қалай болғанда да, ол арқылы Алтайдың ежелгі көшпенділері өмірін
сипаттайтын бірегей деректер киім, сонымен қатар ең маңыздысы адамдар мен
жануарлардың мумияланған қалдықтары сақталған.
Алтайдағы ежелгі түрік тайпаларының жерлеу обаларын зерттеуді ХІХ
ғасырдың ортасында К.Ф. Ледебур және В.В. Радловтар бастап қолға алған.
Сол кезеңнен бастап осы уақытқа дейінгі аралықта ертедегі түрік
тайпаларының 200-ден астам обалары қазылып зерттелінген. Зерттелген жерлеу
обаларының басым бөлігі Орталық және Оңтүстік Шығыс Алтай территориясында
орналасқан. Ежелгі түрік ескерткіштерінің негізінен осы екі аймақта
шоғырлануы кездейсоқтық емес. Бұл жерлер таулы орманды Солтүстік Алтай
аймағымен салыстырғанда дала көшпелілерінің ежелден мекендеген ортасы болып
табылады [13, 215 б. ].
Берел обасының үйінділерінің бірін аршыған В.В. Радлов тонаушылар
байқамаған заттар тапты. Ол өз күнделігінде былай деп жазды: Обаның
ортасындағы мола төбешігінің астында ірі тастармен және топырақпен
толтырылған ұзындығы 2 сажын және ені 2,5 сажын қабір шұңқыры болды. Біз
тереңдігі 1 аршынға баратын бұл моланы ішіндегілерінен тез арада-ақ тазалап
шықтық, бұдан кейін біздің жұмысымыз кенеттен тоқтап қалды. Мұндағы жер
қатып - сініп қалған, және де молаға жан-жақтан су өткен.
Моладан ағаш қабықтары астынан төрт - төрттен (4 қатар) қойылған 16
жылқы қалдықтары шыққан. Бал қарағай ағашынан ойылып жасалған, бұрыштары
самұрықтың қола мүсіндерімен әшекейленген қима - табыттан қазба барысында
адам сүйектері, қыш ыдыс, пышақ, қанжар, қылыш табылған. 1998-1999 жылдары
негізгі зерттеу нысаны болған обаның диаметрі 30 метрден, бастапқы кездегі
биіктігі 2 метрден астам болған. Зерттеулерді З.С. Самашев басқарған
археологиялық экспедиция жүргізді.
Қиманың ішіндегі, әбден суланған тас плиталарынан тұратын моланың
түбіне астау - саркофаг қойылған. Оны бүтін бал қарағайдан дайындаған,
үстін мұқият сүрлеген және өңдеген, оған ағашты шіруден сақтайтын арнайы
қоспалардың қосылуы да ықтимал. Астаудың сыртқы жағынадағы бүйірден арнайы
шабылып қалдырылған кертпеге төрт тесік жасалған, олардың көмегімен астау-
саркофаг жерлеу камерасына түсірілген. Астаудың беті бұрыштары алтынмен
қапталған төрт қола самұрық мүсіндері орнатылған қақпақпен жабылған.
Астауда жас мөлшері 35-40 шамасындағы ер адам жерленген, оның
жанына кейіннен әйел адам қойылған. Антропологтардың алдын-ала қорытындысы
бойынша ол ер адамнан егде тартады. Өлген адамдардың басына ағаш жастық
қойылған. Көсемнің шашы екі өрімнен тұрады. Оның қайтыс болмай тұрып сақал
мен мұрт қойып жүргендігі анықталған. Ер адамның бас сүйегінің төбесінен
тесік анықталған, ол шамамен күрзімен ойылған. Сірә, көсем-жауынгерге
медициналық көмек көрсетілсе керек, емші оның жарақатынан сүйек
жарықшақтары мен ұйыған қанды алып тастауға тырысқан, мұны аяқталмай қалған
трепанация іздері нақты айғақтайды. Оның әскери өмір салтынан түрлі кездері
бітіп кеткен қабырға мен омыртқа сүйектерінің сынған жерлері де хабар
береді.
Ежелгі берелдіктердің жерлеу ғұрпында күрделі салт орын алды,
қайтыс болған адам денесі жерге көмгенге дейін сақталды. Оны жүзеге асыру
үшін арнайы шөптер арқылы мүрде бальзамдалды. Жерленген адамдарға қола
моншақтар, жұқа алтын қаңылтыршалар тағылған киімдері кигізілді. Киімде
көрініс тапқан байлық пен сән-салтанат жерленгендердің жоғарғы әлеуметтік
статусын да көрсететін еді [14, 24-36 бб.].
Қазақстандағы ең ерте кезге жататын ер де осында сақталған. Әсіресе
жыртқыш аң терісі жабылған ер ерекше көз тартады. Ерді жауып тұрған киіз
аппликациясында тұяқты жануарды жұлқылап тұрған жыртқыш аңның бейнесі
түсірілген. Аттардың бірінің үстінен алынған ерге ағаш бұталарынан
қиыстырылған қалқан жапсырылған. Ат әбзелдері барельф пен мүсін жасау
техникаларын үйлестірген түрлі тәсілдерді қамтыған көптеген ағаш бұйымдар
әшекейлерінен тұрады. Бұл бұйымдар: тоға, сулық, алқа, беткі жағы алтын
қаңылтыршамен және қалайымен қапталған, ал ішкі жағы тесік арқылы жүген
бөліктеріне жапсырылған белбеу ажыратқыш тағы басқалары кездескен.
Алтайдағы ежелгі түріктік жерлеу орындарынан табылған тұрақтары
әртүрлі тарихи кезеңдердегі көптеген басқа да археологиялық мәдениет
тәрізді оба ежелгі түріктерде тұрғын үйдің моделі іспеттес болды.
Жерленген адамның жанынан осы өмірде пайдаланылған заты бірге табылып
отырды. Жарты шар тәрізді үйінді пішіні киіз үйдің пішініне ұқсас болды.
Қайтыс болған адамның қасына бұл дүниеде мінген атын өлтіріп, оны толықтай
әбзелдерімен иесінің қасына жерлеген. Беделді және ауқатты түріктердің
жерлеу орындарынан сом алтыннан және алтын жалатылған белдіктер, күмістер,
сауыт-сайманның бөлшектері, қытай импортының заттары кездескен. Бүгінгі
күнде түріктердің жерлеу орындарынан табылған қытай жібегінің саны және
ондағы ою өрнектердің түрлері Қазақстандағы Бобровск қорымынан табылған
жібектермен салыстыруға тура келеді [8, 64-68 бб.].
Алтайдағы ежелгі түріктердің жерлеу ескерткіштері көптеп
зерттелгеніне қарамастан, ежелгі түріктер тарихы мен археологиясының
шешімін таппаған жекелеген мәселелері әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
Жылқымен жерлеу орындарының барлығын ежелгі түріктерге жатқызуға нақты
негіз жоқ. Ежелгі түріктердің зерттелген орындарының негізгі бөлігі VII -
XI ғасырларға жатады. Бірінші Түрік қағанатының кезеңіне жататын
қорғандар сирек кездеседі. Сондай ақ көрші аймақтарда да VІ ғасырға
жататын жерлеу ескерткіштері аз кездеседі.
Көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері жайлы Қазақ Алтай
жерінде қазіргі таңда аз зерттелуде. Қазақ Алтайын зерттеген археологтармен
салыстыра отарып, Алтай жерінің барлау жұмыстарын айта кету керек. Түркі
халықтарының әр ұрпағы мекендеген Алтай аймағының өткені мен бүгіні
жөнінде сөз ету кім - кімге болсын жауапкершілік жүктейді. Осы орайда
Алтайдың өткені мен бүгінің көз жүгіртіп зерделеуге тырысқан орыс
зерттеушілері В.Д. Кубарев, С.Г. Кляшторный еңбектерінде айтылады.
Қазақ Алтайындағы қазба жұмыстарының ерекше табысты жылдарының
бірі болды. Зерттеу жұмысы қазылған қорғандардан Қазақ Алтайындағы
байырғы замандардың ескерткіштеріне деген қызығушылық артқаны белгілі. 2002
жылы - Қазақ Алтайындағы археологиялық қазба жұмыстарының ерекше табысты
жылдарының бірі. Зерттеу жұмыстары үш жыл бойы қазылған отыз екінші
қорғанда, 2001 жылы қазуы басталған отыз бірінші қорғанда және соңғы
маусымның тамыз айында басталған отыз алтыншы қорғанда қарқынды жүргізілді.
31 қорғанда жерлеу құрылысы бұзылмаған, мола шұңқыры тоналмаған күйінде
жетіп отыр. Тас үйіндісі алғашқыда кішірек, диаметрі небәрі 12 метр
көлемінде көрінген. Келбеті дөңгелекке жақын, шығыс бөлігінің қаламасы
біршама мүйістеле біткен. Ірге тас және табан тістері ірі. Қорған
ортасындағы мола шұңқырының орны анықталған соң, оның ішін тазалау
жұмыстары жүргізілді. Бір метрге дейін бойлағанда бірнеше қатар қып салған
ірілеу тастар шығып отырды. Шұңқыр бетінен 1,4 м тереңдікте шұңқырға
қойылған аттың сүйегі, одан кейінгі екінші аттың сүйектері, ал 1,8 м
тереңдікте жерлеген адам сүйегі көріне бастады. Жерлеген адам мен аттың
бастары солтүстік-шығысқа қаратылып, адам ұзындығы екі метрге, ені бір
метрге жуықтайтын, ағаш қима таған ішіне оң жамбастана, аяғы біршама бүгулі
күйінде жерленген. Оның ұстаған құралдарына қарап, табылған
ескерткіштерінен ер адам екені байқалады [14, 36 б.]. Қазақ Алтайындағы
ерте түрік кезеңінің жерлеу ескерткіштерінен мол дерек беретін қорғанның
бірі 2012 жылы Шығыс Қазақстан жеріндегі Қатон-Қарағай ауданының Берел
қорымы. Бұл ескерткіш өзінің бұзылмаған, дәл сақталған саяси бірліктеріне
қараған Қазақ Алтайының ежелгі көшпелілер мәдениетінің жарқын бір көрінісі.
Түркі дәуірінің жерлеу-еске түсіру құбылыстары жер бетінде әйгіленіп
жатады: ер, әйел бейнесіндегі бейнелер бір немесе бірнеше тас мүсін,
қырынан қойылған ұзынша тас тақталардан тұрғызылған төртбұрышты шағын
қоршау немесе кішірек дөңгелек қорғандар кездеседі. Ежелгі түрік кезеңінің
төрт жерлеу-ғұрыптық ескерткіштері табылған. 20 қорған Үлкен Берелден
шығысында 33 м жерде орналасқан. Қорғанның келбеті дөңгелек, таспен
қоршалған. Тазалау жұмыстарынан кейін жер бетінде конструкциялық сызықтар
солтүстік-оңтүстік 6,4 м шығыс-батыс -5,5 м пайда болды. Жерлеу тереңдігі
2 метрге жуық үлкен қабірде (2,10 х 1,90 м) атқарылған [15, 51-55 бб.].
Археологиялық зерттеу жұмыстары Шығыс Алтай зерттеу жұмыстарына
енетін Үлкен Берел қорғандары түрік дәуірнің қоршауларына жақын жерде
орналасқан. Адам сүйегі қабірдің солтүстік бөлігінде, жылқынікі оңтүстік
бөлігінде орналасқан. Мәйіт шалқасынан жатқызылып, басы шығысқа
қаратылған. Оның жақ сүйегінің жанында садақ оғының жебесі, кеудесінде
қабық қорамсаның қалдығы табылған. Қорамсаны ілуге арналған темір шығыршық
қара - жасыл жібектен жасалған белбеуге бекітілген. Осы жібек белдіктің
іліп қоятын тас бұйымы мен белбеудің қоладан жасалған тоғасы сияқты
қалдықтары табылған. Марқұмның сол қол саусақтары тұсында темір пышақ
болды. Марқұммен о дүниеге бірге барады деп саналатын құрбандыққа
шалынған аты ноқта - жүген кигізіліп, ерттеліп жатқызылған қалпында
жерленген. Жылқы денесімен батысқа қаратылғанымен мойны солтүстікке қарай
бұрылып қойылған. Адам мен жылқы сүйегінің арасында о дүниелік азық - қой
санының сүйектері жатыр. Көне түрік дәуірінін археологиялык ескерткіштеріне
ғұрыптық коршаулар да жатады. Көне түріктік қоршаулар марқұмға (ер адам)
арнап ас беру ғұрпын өткізуге байланысты жасалды. Қоршау - тігінен
орнатылған тас тақталардан кұралатын төрт бұрышты құрылыс. Оның іші
тастармен толтырылады. Қоршаудың жанында марқұмның скульптуралық бейнесі -
тас мүсін немесе қарапайым тас баған қойылуы мүмкін. Тас мүсіннің беті
шығысқа қаратылады. Кейде одан әрі шығысқа қарай аласалау тас бағаналар
қатары тізіле қойылуы мүмкін. Бұл бағаналар ғылыми әдебиеттерде балбал деп
аталады. Кезінде балбалдар қазылып орнатылса, қазірде олар құлап қалған.
Бірқатар ғалымдар балбалдар өлтірілген дұшпандарын білдіреді деді. Келесі
пікір бойынша, балбалдар ғұрыптық асқа келген тайпа, ру өкілдерінің
ездерінің қатынасқандығын білдіргені ретінде әрқайсысының орнатқан белгісі
делінеді [16, С. 114-117].
Археология ғылымында зерттеушілердің ашылған ескерткіштерді көбіне
сипаттау мен шектелуі жерлеу ғұрыптық ескерткіштердің өзекті мәселелерін
шешуге кедергі келтіруде. Тарихшылардың әр өлкені өздігінше бір жақты,
көрші өлкелермен сабақтастыра байланыстырмай, ортақ заңдылыққа сүйенбей
зерттеуі тарихи шыңдықты бұрмалауға әкелуде. Негізінен осы тарихи
кезеңдерде өмір сүрген тайпалар немесе тайпалық одақтар арақатынасы өзара
мәдени әсерлері және дүниетанымы мәселелері сырт қалуда. Б.з.д. VI-V
ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның әркелкі екі аумағының Зайсан
қазаншұңқыры, Сауыр, Қалба және ертістің оң жағалауы мен Қазақстан Алтайы
өзара байланысын ашу өзекті мәселелердің бірі. Шығыс Қазақстан жерлеу
ескерткіштерінің көбінде қима-таған мен шұңқыр арасы таспен толтырылған,
қабір шұңқыры үстін бір қатар бөренемен жаба айналасына үш қатар тас қоршау
салған. Қазақ Алтайы ерте көшпелілерінің жерлеу ғұрпында өлген адамды о
дүниеге жылқы апарады деген сенім болған. Жылқының басына арқардың мүйізі
тағылып күштілікке ие қылады деп түсіндірілген. Ал Жетісудағы қарапайым
обаларда адамның бетін солтүстікке қаратқан жерлеудің үстіне ағаш, саз
топырақ, қамыспен жаба отырып басын солтүстікке қаратқан.
Қазіргі таңда қазақ археология ғылымында жерлеу-ғұрыптық
ескерткіштерді зерттеуде, көне түрік кезеңіндегі халықтардың жерлеу ғұрпын,
дүниетанымын қайта қалпына келтіруде қазақ этнографиялық деректерін
салыстыра зерттеу мәселелері кенже қалып отыр. Адамды жерлеу барысындағы
және кейіннен атқарылған ғұрыптарын археологиялық зерттеулер арқылы қайта
қалпына келтіре алсақ, жерлеуге дейінгі рәсімдерді елде қалған сарқыншақтар
арқылы болжамдап білуге болар. Көне түріктер кезеңіндегі жерлеу ғұрпындағы
салт - дәстүрлердің қазақ халқының әдет - ғұрпында сақталуы болып
табылады.
Көне түріктер алсақ та ерте көшпелілерде ертеден сақталған әдет
бойынша, адамды жерлеуде орын іздеуде кіндік қаны тамған жер, рулық қорым
маңы таңдалды. Бізге дейін сақталған бұл салтқа И.Ибрагимовтың қырғыз
өлсе оны ата баба бейіті маңына және жерге қоюға тырысады. Қабір үсті
ескерткішіне көнеде қырғыз киіз үйінің қалпын, кескінін берген деуі де
дәлел [17, С. 150-152].
Көшпелілерді адамды жерлеуге қоярда кебін кигізеді. Әр заманда
көне түрік кезі болсың, қазіргі кездеде адамды жалаң түрде жерлемеген.
Киімімен, не киізге немесе кілемге орап көмген. Адамды қабірге салудан
бұрын қабір шұңқыры жұмыртастармен, орташа қауым өкілдеріне киіз және неше
түрлі әшекейлер тігіліп төселген. Әдемі кілемдер Пазырақ пен Ноинуулада бар
кездеседі. Адамды жерлеудегі жаппай кездесе бермейтін салтқа – өлген адам
басына тастан, ағаштан жастық қойды. Бұл дүниеден өтсе де адам басын
көтеріп, жерге тигізбеді. Адам басына тас, не ағаштан жасалған, сырты аң
терісімен қапталған тысы бар жастық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы
Түркі дәуірінің тас мүсіндері
Көне түріктердің діні
Шыңғыстау өңірінің қола дәуірі ескерткіштері
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Түркі дәуірі ескерткіштері
Орталық Қазақстан темір дәуірінде
Түрік қағанаты немесе Түрік қағандығы
Жетісу археологиялық ескерткіштері
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Пәндер