Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Тағамдық уланаулар туралы түсінік
1.1.Тағамдық өнімдерден токсиндік заттарды анықтау
1.2.Ет және ет өнімдегі токсиндік заттарды анықтау әдістері
1.3.Тағамдық өнімдерге ветеринариялық. санитариялық токсикологиялық баға беру
1.4.Токсиндік заттарды анықтайтын аппаратуралар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тағамдық өнімдерінің сапалылығы органолептикалық және химиялық көрсеткіштермен (түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, сыртқы түрі, химиялық құрамы), токсиндердің (улы заттар), ауру тудырғыш микробтардың (салмонеллалар, ботулинустар және т.б.), зиянды қоспалардың (қорғасын, сынап), улы өсімдіктердің тұқымдары мен бөгде қоспалардың (металл, шыны, т.б.) болмауымен сипатталады.
Сапалылығы бойынша тағамдық өнімдері кластарға жіктейді;
 Тағайындалуы бойынша қолдануға жарамды тауарлар (ешқандай шектеусіз өткізуге рұқсат етіледі)
 Тағайындалуы бойынша қолдануға шартты жарамды тауарлар (стандартты емес немесе жойылатын ақауы бар тауарлар)
 Тағайындалуы бойынша жарамсыз қауіпті тауарлар өткізуге рұқсат етілмейді және жою керек немесе белгілі бір ережелерді сақтай отырып басқа өнімге айналдыру керек.
Сонымен қатар тағам өнімдерінің дәмі мен иісі маңызды орын алады, сондықтан кейбір жағдайда оған жету үшін ақуыз заттарының сіңімділігін төмендетуге негізделген өңдеу әдістерін қолданады (мысалы, балықты және шұжық өнімдерін қақтау). Күңгірт түсті, дұрыс емес формалы, беті тегіс емес және өте жұмсақ немесе қатты консистенциялы, биологиялық белсенді заттары аз, тағамдық құндылығы төмен тамақ өнімдерінің сіңімділігі нашар болады.
1.Е.М.Қорабаев, Н.А.Заманбеков, Ә.М.Өтенов, Б.Д.САйтжанов, Н.К.Көбдіков, А.А.Байниязов «Токсикология» Алматы 2011 жыл
2. Н.А.Заманбеков, А.А.Байниязов «Фито-фармакология» Алматы 2009 жыл
3. Дүйсембаев С.Т «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» Алматы 2013 жыл
4. Бурсинин И.А. Токсикология ядовитых растений. Москва 4-е издание. 1962г.
5.Хмелинский Г.А., Локсионов В.Н., Повоз. Д.Д. Ветеринарная токсикология. Москва. 1987г

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Бөж

Тақырыбы: Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар

Орындаған: Даулет Н
Тексерген: Билялов Е.Е
Топ:ВС-203

2015 жыл
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Тағамдық уланаулар туралы түсінік
1.1.Тағамдық өнімдерден токсиндік заттарды анықтау
1.2.Ет және ет өнімдегі токсиндік заттарды анықтау әдістері
1.3. Тағамдық өнімдерге ветеринариялық- санитариялық токсикологиялық баға беру
1.4.Токсиндік заттарды анықтайтын аппаратуралар
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе
Тағамдық өнімдерінің сапалылығы органолептикалық және химиялық көрсеткіштермен (түсі, иісі, дәмі, консистенциясы, сыртқы түрі, химиялық құрамы), токсиндердің (улы заттар), ауру тудырғыш микробтардың (салмонеллалар, ботулинустар және т.б.), зиянды қоспалардың (қорғасын, сынап), улы өсімдіктердің тұқымдары мен бөгде қоспалардың (металл, шыны, т.б.) болмауымен сипатталады.
Сапалылығы бойынша тағамдық өнімдері кластарға жіктейді;
+ Тағайындалуы бойынша қолдануға жарамды тауарлар (ешқандай шектеусіз өткізуге рұқсат етіледі)
+ Тағайындалуы бойынша қолдануға шартты жарамды тауарлар (стандартты емес немесе жойылатын ақауы бар тауарлар)
+ Тағайындалуы бойынша жарамсыз қауіпті тауарлар өткізуге рұқсат етілмейді және жою керек немесе белгілі бір ережелерді сақтай отырып басқа өнімге айналдыру керек.
Сонымен қатар тағам өнімдерінің дәмі мен иісі маңызды орын алады, сондықтан кейбір жағдайда оған жету үшін ақуыз заттарының сіңімділігін төмендетуге негізделген өңдеу әдістерін қолданады (мысалы, балықты және шұжық өнімдерін қақтау). Күңгірт түсті, дұрыс емес формалы, беті тегіс емес және өте жұмсақ немесе қатты консистенциялы, биологиялық белсенді заттары аз, тағамдық құндылығы төмен тамақ өнімдерінің сіңімділігі нашар болады.

II.Негізгі бөлім
1.Тағамдық уланаулар туралы түсінік.
Тағаммен улану дегеніміз - микробтардың белгілі бір түрімен ластанған, олардың шығындыларымен - токсиндерімен ластанған немесе адам организміне улы әсер ететін микробты емес заттармен ластанған тағамды жегеннен жедел пайда болатын, (созылмалы түрі сирек кездесетін) аурулар.
Тағаммен уланудың - жаппай улану немесе отбасылы, топтасқан түрі болуы мүмкін және жеке спорадиялық түрі де болуы мүмкін. Тамақпен улануды 3 топқа бөледі:
микробты
микробты емес
этиологиясы белгісіз түрі
Тамақпен уланудың микробты түрін патогенетикалық белгісіне байланысты былай бөледі:
+ Токсикоинфекциялар
+ Токсикоздар
+ Микстер (этиологиясы аралас түрі)
Тағамдық токсикоинфекциялар- тамақ жегеннен кейін, жедел туатын ауру, егер ол тамақ әлсіз патогенді тірі ауру қоздырғыштарымен және оның токсиндерімен өте көп мөлшерде ластанған болса.
Токсиндер дегеніміз - микробтар өзінің өмір сүру кезінде, көбейгенде, өлгенде шығаратын шығындылары.Тағамдық токсикоинфекцияларды мына бактериялар тудырады: E.Coli (энтеропатогенді серотипі), протейлер, энтерококктар, споратасымалдаушы аэробтар (Bac. Cereues), споратасымалдаушы анаэробтар (Cl. perfringens), патогенді галофильдер (V.parahaemaliticus) және протеолиттік қасиеті бар аз зерттелген микроорганизмдер түрі.
Тағамдық токсикоинфекцияның ішек ауруынан айырмашылығы - ол өте көп мөлшерде қоздырғышпен ластанған тамақ жегеннен кейін пайда болады, ал ішек аурулары - іш сүзегі, холера, дизентерия - ағзаға микробтың аз мөлшері ғана түседі да, одан ауру туады, өйткені бұл аурудың қоздырғыштарының жоғары патогенді қасиеті бар.
Тағамдық токсикоинфекция - тамақ ішкеннен кейін, аяқ астынан көп адам ауырады, ол тамақты дайындағанда, тасымалдағанда, сақтағанда немесе сатқанда белгілі бір санитарлық ереже бұзылғандықтан болған, ол тамақты сатуды немесе қолдануды тоқтатқаннан кейін адамдардың ауырғаны да тоқтайды. Жасырын кезең орташа есеппен 6 - 24 сағ. арасында. Егер ластанған тағам сауда орындарында немесе қоғамдық тамақтану орындары арқылы көп мөлшерде таратылған болса, онда жаппай улану орын алады.
1.1.Тағамдық өнімдерден токсиндік заттарды анықтау
Тағамдық өнімдердің тағамдық сапасы оның құрамындағы улы заттардың саны және оның организмге әсер ету деңгейіне байланысты болады.Еттегі және басқа да өнімдердегі улы заттарды физикалық, химиялық, биологиялық және т.б. әдістермен анықтайды.
Биологиялық әдіс.Патологиялық зерзат және азық құрамындағы улардың шыбындарға, шіркейлерге әсеріне негізделген.Зертханалық жануарлардың( ақ тышқан,қоян, теңіз шошқасы) терісі астына және құрсақ қуысына ақ заттан алынған уытты заттың судағы немесе сприттегі экстрактысын егу арқылы, удың әсерін, клиникалық белгілерін және өлімге ұшырататын мөлшерін анықтайды.
Химиялық әдіс.Колориметрлік, титрометрлік және шөгінді шөгу реакциясы принциптеріне негізделген.Колориметерия -улы заттардың әр түрлі реактивтермен әрекеттесіп, түрлі-түсті кешендер түзілуіне негізделген.Боялу дәрежесіне қарай, ексерілген азық құрамынан уытты заттар концентрациясын анықтайды.Құстар мен шошқаларға(бұл малдар ас тұзына өте сезімтал) арналған құрама жемнен Na CL анықтауда титрометрия таптырмайтын әдіс болып табылады.
Физикалық-химиялық әдіс.Бұл әдісті іс-тәжірибеде қолдану өте тиімді, жұқа қабатты және газдық хроматография әдістерінен тұрады.Жұқа қабатты әдіс - хроматография пластинкада жылжымалы ерітінділердің бір нүктеден(старт) екінші нүктеге(финиш) дейінгі жылжу ара қатынасына негізделген.Сапалық анықтауды сынама әсерінен түзілген дақ мөлшерін үлгілік ерітіндімен салыстыру барысында жүргізіледі.Газдық хроматография әдіс- хлорорганикалық және фосфорорганикалық қосылыстарды анықтауды кеңінен қолданылатын токсикологиялық талдаудың қазіргі замандық физикалық-химиялық әдісі.
Мышьякты анықтау.Мышьякты анықтау мышьяктың сутекті мышьякқа дейінгі қосылысын түзеуге негізделген.Ал бұл қосынды азотты қышқыл күміспен не 5 % мүсәтірдің спирттегі ерітіндісімен қаныққан қағазбен боялады.Белок қондырғысының пробиркасына 5 г өнім салып, оның үстіне 2 г түйіршіктелген мырыш салып және 1:4 арақатынасындағы 5-10 мл күкірт қышқылымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар жайлы
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар туралы ақпарат
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтау кезінде қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар
Тағамдық өнімдердегі токсиндік затты анықтауда қолданылатын заманауи әдістермен техникалық аппаратуралар туралы
Сүт және сүт қышқылды өнімдер
Шикізаттың және дайын өнімді бағалауда физико-химиялық анықтау амалдарды қолдану
: Тағамдық өнімдерді санитарлы – микробиологиялық бақылау әдістері
Сүт қышқылды сырлар
Тағамдық өнімдерді ветеринариялық-санитариялық-токсикологиялық сараптау
Хроматографиялық әдістердің жіктелуі
Пәндер