Құқық негіздері



1. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар.
2. Мемлекеттің функциясы, басқару түрі.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы ұғымы.
4. Констиуциялық мәртебе.
5. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы.
6. Азаматтық құқықтық қатынас объектілері, субъектілері.
7. Міндеттемені құқық және мазмұны.
8. Шарттың жасалу тәртібі, шаттың түрлері.
9. Ата . аналық құқығын қалпына келтіру.
10. Балалардың құқығы.
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯСЫ
Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси-құқықтық ойда бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі саяси-құқықтың ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып калды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың баска ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен кодсы қонып жатады. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың, болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының өзгермелі кезеңдерінде адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен дәлелдерін салыстырып, талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына қорытынды жасаудың маңызы зор.
Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының сипаттамасы. Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша, құдай адамдарды жаратты, оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері, дін қызметкерлері) арқылы да, тікелей де көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау болып түсіндірілді, ал зайырлы (мемлекеттік) билік құдайдың билігінің жердегі аналогы саналды. Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы, мемлекеттік биліктің отбасы егесінің билігімен ұқсастығы мен туыстығын көре білді. Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады және өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым-қатынаста отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету принциптерін туғызады. Әсіресе әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп, барлық отбасы мүшелерінің оған сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың отбасылық-туысқандық ұйымдастырылуын дәріптеу, жалпы алғанда оның ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз экстраполяция жүргізуі, отбасы егесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның билігін асырып жіберу — міне осының бәрі патернализмнің осал жері еді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Құқық негіздері

1. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар.
2. Мемлекеттің функциясы, басқару түрі.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы ұғымы.
4. Констиуциялық мәртебе.
5. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы.
6. Азаматтық құқықтық қатынас объектілері, субъектілері.
7. Міндеттемені құқық және мазмұны.
8. Шарттың жасалу тәртібі, шаттың түрлері.
9. Ата – аналық құқығын қалпына келтіру.
10. Балалардың құқығы.

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯСЫ
Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси-құқықтық ойда
бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары
ежелден-ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының мемлекетке
орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал ететін және
олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу, осыған
байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген
теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың
кейбіреуі саяси-құқықтың ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез
ұмытылып калды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын
жаулап алды, әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер
етіп келеді. Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың
мемлекеттілік генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз,
олардың баска ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де
әр түрлі. Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт
пікірлермен кодсы қонып жатады. Алайда, ойшылдар айтқан постулаттардың,
болжамдар мен ережелердің жиынтығы баға жетпес байлық. Қоғамдық-саяси
және мемлекеттік-құқықтық шындықты оның дамуының өзгермелі кезеңдерінде
адамның ойлау логикасын түсінуге мүмкіндік бере отырып олардың
негізгілерін білудің, әр түрлі ойшылдың пайдаланған аргументтері мен
дәлелдерін салыстырып, талдау жасаудың, олардың күшті және әлсіз жақтарын
анықтап, осы теориялардың адамзаттың кәдесіне жарайтын-жарамайтындығына
қорытынды жасаудың маңызы зор.
Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының сипаттамасы.
Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең
ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар
мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың
идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді.
Олардың айтуы бойынша, құдай адамдарды жаратты, оларды қоғамға және
мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді; осы теорияны
ұстанғандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті
өкілдері (мемлекет билеушілері, дін қызметкерлері) арқылы да, тікелей де
көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау
болып түсіндірілді, ал зайырлы (мемлекеттік) билік құдайдың билігінің
жердегі аналогы саналды. Патернализмнің теологиялық теориядан
айырмашылығы, мемлекеттік биліктің отбасы егесінің билігімен ұқсастығы
мен туыстығын көре білді. Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес,
мемлекет отбасынан шығады және өзінің құрылымында, қол астындағылармен
өзара қарым-қатынаста отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету
принциптерін туғызады. Әсіресе әкенің билік ету жағдайына көңіл бөлініп,
барлық отбасы мүшелерінің оған сөзге келмей бағынуы баса көрсетілді.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың отбасылық-туысқандық ұйымдастырылуын
дәріптеу, жалпы алғанда оның ерекшелігін ескермей, қоғамға заңсыз
экстраполяция жүргізуі, отбасы егесінің нақтылы мүмкіндіктерін және оның
билігін асырып жіберу — міне осының бәрі патернализмнің осал жері еді.
Белгілі бір мөлшерде оған бір жағынан — мемлекеттік құрылым, екінші
жағынан — тірі организмнін (атап айтқанда — адамның) арасында параллель
жүргізуші органикалық теория келіп жанасты. Соған ұқсас, жеке организмнің
басы, денесі, қолы және т.б. дене мүшелері болатыны, және олардың
әрқайсысының орындайтын түрлі функциялары болатыны сияқты, әрбір
мемлекеттік құрылым да белгілі бір мақсатқа арналған және басқа
мемлекеттік құрылымдардың ролі мен функциясын қайталамауға тиіс. Олардың
бәрі өзара матасып кеткен, іштеріндегі белсенділері басқаларының қызметін
анықтап, бағыт беріп отырады. Өздерінің тұтастығымен олар өздерінше бір
бірлік құрады.

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ
Мемлекет функциясының ұғымы. Өзінің бағытына сәйкес мемлекет,
әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғадық өмірдің маңызды
салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай
тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт
мемлекет функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет
қызметінін негізгі бағытгарын түсіну қабылданған, онда не қажетті қарым-
қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған максатқа қол жеткізу ниетін
түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы
тұтастық пен окшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен
сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде
болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады.
Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық
қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы
айту керек.
Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси
табиғаты, оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген.
Мемлекет функциясының сипаттамасы. Мемлекет функцияларын түрлі
негіздер бойынша топтастыруға болады. Функцияларды қоғамдық өмірдің
салаларына байланысты топтастыру неғұрлым кең тараған. Егер мұндай саланы
ең ірі түрінде (қоғам мен мемлекеттің ішкі және сыртқы саладағы өмір
тіршілігі) алатын болсақ, онда мұндай жағдайда мемлекеттің барлық
функцияларын ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі
салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын
жатқызуға болады.
Кеңес кезеңінде мемлекет экономиканың көп саласын өз карауына
алғысы келді. Соның әсерінен экономиканың көпшілік бөлігі мемлекет
қарауына өтіп кетті, қасаң бюрократиялық шеңберге салынып, тиімділігін
жоғалтты. Соңғы кездері экономикалық функция күрделі өзгерістерді басынан
өткерді: меншікті жекешелендіру және мүлікті мемлекет меншігінен тартып
алу шаралары жүргізілді, мемлекеттік реттеудің, экономиканың дамуына
ықпал ету мен бақылау жасаудың нысандары мен әдістері өзгерді. Қолында
ықпал етудің маңызды тетігін сақтап қалған мемлекет көптеген шаруашылық
істерін жекелердің жүргізуіне өткізді. Істі бұлайша жүргізу неғұрлым
тиімді де ұтымды болып табылады.
Адамдардың, әсіресе қысымға ұшыраған адамдардың материалдық және
рухани кажеттіліктерін канағаттандыруға, халықты әлеуметтік жағынан
қорғауды қамтамасыз етуге, олар үшін тіршілік етудің қалыпты жағдайын
жасауға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік функциясының маңызы артып
келеді. Азаматтарға медициналық, тұрмыстық-коммуналдық, көлік қызметін
көрсету, оларға мәдени-тұрмыстық, білім беру және басқа да қызмет керсету
түрлерінің бір бөлігін мемлекет өз мойнына алып отыр. Мемлекет
коммерциялық және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың халықтың тұрмысы
төмен тобына әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін салықтық жеңілдіктер
белгілеп, олардың қайырымдылық қызметін ынталандырып отырады.
Экономиканы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларын қамтыған
дағдарысқа байланысты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет
көрсету жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі күрт азайды. Сондықтан денсаулық
сақтауға, ғылымға, мәдениетке, білім беруге және әлеуметтік саланың басқа
да тармақтарына қаржы бөлу ұдайы қысқаруда, ал зейнетақы, жәрдемақы,
стипендия, бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеу кезде
кешігіп жатады. Азаматтар үшін мемле-кет есебінен тұрғын үй құрылысын
жүргізудің, медициналық, мәдени-ағарту, ғылыми, мектеп, спорттық
объектілерді салу бағдарламалары қысқартылды. Дағдарыстан шығу жағдайды
түзетіп, мемлекеттің әлеуметтік саладағы қызметін қалпына келтіруге
мүмкіндік береді.

3. КОНСТИТУЦИЯ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ATA ЗАҢЫ
Конституцияның ұғымы мен мәні. Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ
Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған
болатын, Ол кезде конституция деген сөз саяси құрылыс ұғымын
білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сез рентаны, рента шартын
бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз
құқықпен белгіленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы франция төңкерісі
қарсаңында конституция сөзі мемлекеттің жай-күйі ұғымын танытты.
Конституция сөзі (латынның constitutio — бекіту, орнату деген сөзі) Рим
империясы заңдарында императорлардың құкық көздеріне айналған түрлі
нұскаулары мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдык еркіндік
туралы құжаттар осылай атала бастады.
Конституция ұғымының казіргі түсінігі XVIII ғасырдан бастап
орнықты. Алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та, сонан соң 1789 жылы
Францидда қабылданды. Кез келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің
негізгі ұстынымдарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды
өзгерістер көрініс табады. Конституцияның ерекше белгілерін айқындай
отырып, құкықтанушылар, оны ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда
қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар, бір жағынан адам мен
қоғамның, екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындағы қатынастар
негізін, коғамдық және конституциялық құрылыстың негіздерін, адам мен
азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ
жергілікті өзін-өзі басқару буындарын ұйымдастыру және олардың қызметі
қағидаттарын бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізде қолданылып
жүрген барлық заңдардын ірге тасын қалайды, оның заңдардың заңы болуы
шындық, ақиқат. Құқық қалыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық
қалып болып табылып, құқық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы
заңдар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш
ретінде есептелінеді.
Бұл оқулықта Ата Зан (конституция) оның мейлінше көп тараған
мағынасы — заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Қазақстан
Республикасының қазіргі Конституциясы төртінші Ата Заң (1937, 1978, 1993,
1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол — бұлар
тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының
толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995 ж.)
құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті
экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен
шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар
бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары,
экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай
бейнеленеді.
Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен көріп
отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы
мәндес болулары тиіс. Ал Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан
Республикасында, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе Құрылтай
жиналысында (Үндістанда, Италияда сияқты), немесе басқаша да қабылдануы
мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты — мемлекет басшысының актісі
арқылы болуы да мүмкін. Сайып келгенде, Конституцияға құқықтық акт
ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік
бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз дұрыс. Өзінің мәні жағынан
конституция ол қабылданған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші
қоғамның әртүрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық
шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай
құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.

5. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚҰҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС
Азаматтық құқық туралы ұғым. Қазақстан Республикасының бір тұтас
құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың
бірі болып табылатын — азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде
елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі
десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық
катынастарынын шеңбері кең.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін
құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни
айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі
категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана
емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабының 1-ші тармағында көрсетілгендей,
азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне
негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға
байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар,
мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да
азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше
көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін
қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны — мүліктік қатынастар.
Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес,
қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық, құқық
субъектілерінің кез келгенінің қатысуымен және әр түрлі көріністерде
(мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Мүліктік қатынастарға негізінен, коғамдағы өндіріс құрал-
жабдықтарына, мүліктік игіліктерге және басқа да материалдық
құндылықтарға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.
Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз
байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға
байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік
емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын
белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби
шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің
авторлығын анықтау туралы мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып,
бұл мәселе бойьшшақоғамдыкдербес қатынасқа түседі. Бұл қаты-нас мүліктік
болып табылмаса да, мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабыс иесінің
өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда
болады.
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың, есімі, жеке келбет құқығы,
жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе
заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты
туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 9-бабында азаматтың ар-намысы мен қадір-
касиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе,
бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке
тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары,
азаматтығы жоқ адамдар),
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, “Жеті жарғы”, 1995 ж.
Жеке тұлға ұғымы алғашқы рет 1994 жылғы Азаматтық Кодексінде
көрсетілген.
1964 жылғы Азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші
желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет
азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең
негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
6. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ
Субъектілер мен объектілердің жалпы ұғымы.
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен
міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады.
Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін
қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ
әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын
азаматтардың басым көшпілігі — Қазақстан Республикасының азаматтары.
Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға
сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай
және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау
Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік
қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса
алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге
арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын
орындау (Азаматтық кодекстің 279-бабы), бірлескен міндеттемені орындау
(Азаматтықкодекстің 287-бабы), қосылу шарты (Азаматтық кодекстің 389-
бабы) және басқалар келтірілген.
Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының
азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады.
Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазакстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы
туралы 1995 жылғы 18 маусымдағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген.
Қазақстанда Қазакстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және
өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Құқықтың қайнар көздері
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні
Мамандықтың пәндер каталогы
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Құқық негіздері оқу курсының жүйесі
Пәндер