Саяси процесстің адам өмірінде алатын орны



1. Кіріспе
2. Саяси процесс жайлы ұғым
3. Саясипроцестіңнегізгісатылары
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
Саяси процесс бірден-бір кеңінен қолданылатын, үйреншікті түсінік болып табылады, сонымен қатар саяси ғылымдағы аса бір күрделі категория, оны терең танып білу және зерттеу аса қажетті мәселе. Егер де саясаттану қарастыратын мәселелердің жоғары деңгейлі пікір сайыстығына байқау өткізілетін болса, онда саяси процеске арналған тақырып бірден-бір маңызды, жетекші орынды, сөзсіз, иеленген болар еді.Саяси процесс саяси биліктің негізгі субъектілері мен алып жүрушілердің (иемденгендердің) рөлдері мен функциялары атқарылатын саяси тұрғыны сипаттайды. Ол шынайы өмірде қалыптасқан фактілер мен құбылыстардың, қоғамның саяси өміріне барлық қатысушылардың қызметінің мазмұнын көрсетеді.Саяси процестің нақты басталған жері мен аяқталған жерін анықтау қиын. Өйткені, ол күрестердің, шиеленістердің, ымыраға келудің, ынтымақтастықтың, интеграциялардың және т.с.с. жергілікті – локальды процестердің шексіз жиынтығы іспетті. Мұндай процесс кез-келген қоғамдық жүйедегі қарама-қарсы тұрған екі тенденцияның әрдайым өзгеріске ұмтылу және тұрақтылыққа ұмтылу әрекетін көрсетеді. Билеуші топтың қалыптасқан жағдайды тұрақтандыруға ұмтылыс жасауы, ал оппозициялық топтың саяси реформаларға қол жеткізуге талпынуы кеңінен тараған ситуация болып табылады.
1. Борбасов С.М. Тәуелсіздіктанымы, А., 1999
2. Елікбаев Н.Е. Саясаттанунегіздері: Қарағанды, 1997.
3. Жамбылов Д., Саясаттануғакіріспе, А., 1997
4. ҚазақстанҰлттықЭнциклопедиясы. А.,2003, 5-том, 256-258-бб
5. Қ.И.Оспанов. Құқықнегіздері. А.: Жетіжарғы
6. Мағзұмов М.Т. Саясаттану: оқулық. Өскемен, ШҚМУ
7. Сыдықов Ұ. Саясаттану: жоғарыоқуорындары

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Саяси процесстің адам өмірінде алатын орны
Орындаған: Нүрлен Ә
Тексерген: Джилысбаев Д
Факультет:Жалпы медицина
Топ: 104 Б
РЕФЕРАТ
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Саяси процесс жайлы ұғым
3. Саяси процестің негізгі сатылары
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Саяси процесс бірден-бір кеңінен қолданылатын, үйреншікті түсінік болып табылады, сонымен қатар саяси ғылымдағы аса бір күрделі категория, оны терең танып білу және зерттеу аса қажетті мәселе. Егер де саясаттану қарастыратын мәселелердің жоғары деңгейлі пікір сайыстығына байқау өткізілетін болса, онда саяси процеске арналған тақырып бірден-бір маңызды, жетекші орынды, сөзсіз, иеленген болар еді.Саяси процесс саяси биліктің негізгі субъектілері мен алып жүрушілердің (иемденгендердің) рөлдері мен функциялары атқарылатын саяси тұрғыны сипаттайды. Ол шынайы өмірде қалыптасқан фактілер мен құбылыстардың, қоғамның саяси өміріне барлық қатысушылардың қызметінің мазмұнын көрсетеді.Саяси процестің нақты басталған жері мен аяқталған жерін анықтау қиын. Өйткені, ол күрестердің, шиеленістердің, ымыраға келудің, ынтымақтастықтың, интеграциялардың және т.с.с. жергілікті - локальды процестердің шексіз жиынтығы іспетті. Мұндай процесс кез-келген қоғамдық жүйедегі қарама-қарсы тұрған екі тенденцияның әрдайым өзгеріске ұмтылу және тұрақтылыққа ұмтылу әрекетін көрсетеді. Билеуші топтың қалыптасқан жағдайды тұрақтандыруға ұмтылыс жасауы, ал оппозициялық топтың саяси реформаларға қол жеткізуге талпынуы кеңінен тараған ситуация болып табылады.Осымен байланысты саяси процесс саяси жүйенің, оның ішкі және сыртқы өзгерістері, бір күйден екінші күйге өтуі динамикасын көрсететінін айтуымыз жөн. Саяси процесс олардың мазмұны мен формалары жөніндегі сұрақтарға, олар қашан, қалай және неге пайда болды, олардың дамуы қалай аяқталды және олар неге соқтырады деген сауалдарға жауап береді.Қоғамның саяси белсенділік формасы саяси процестің ең кең мағынасы болып саналады. Бұл белсенділіктің, аса көп түрлілігінің, оның әрбір жеке жағдайының өзіндік себебі және мақсаты, түрлі деңгейдегі нәтижесінің болжамдығы және көптеген басқа да өзгешеліктердің бары рас. Сондықтан ол саяси процесті ғылыми тұрғыдан зерттеуді қиындатады, бір мәселенің төңірегінде алуан түрлі көзқарастарды туындатады. Сөйтіп, бұл мәселелерді дұрыс түсіну үшін, ең алдымен саяси процесс ұғымын және оның мәнін анықтау қажеттігі туындайды.
Саяси процесс жайлы ұғым
Саяси процесс ұғымы барлық қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл ұғымның мәнін анықтау үшін, жалпы процесс терминінің мәнін айқындаудан бастау керек. Процесс термині латынның жалғасы, қозғау сөзінен шыққан, ол: біріншіден, өзінің бағыты бар белгілі бір қозғалысты, қозғалыстың қайсыбір барысын, ретін, дамуын; екіншіден, жәй-күйдің, сатының, эволюцияның табандылықпен ауысуын; үшіншіден, белгілі бір нәтижеге жету үшін табанды қимыл-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Демек, процесс терминінің әмбебаптық сипаты бар, өйткені ол табиғат пен қоғамның шынайы және тұрақты қалпын көрсетеді.Саяси процесс бүкіл саясат субъектілердің қызметтерінің жиынтығы іспетті, соның негізінде белгілі бір уақыт және кеңістік шеңберінде қоғамның саяси жүйесінің қалыптасуы, дамуы және өмір сүруі іске асады. Сонымен бірге саяси процесс ұғымы саяси өмірдің барлық құбылыстарын: мемлекет қызметін және оның жекелеген саяси субъектілерінің қызметін, саяси мәдениеттегі өзгерістерді, саяси санадағы, психологиядағы, адамдардың жүріс-тұрысындағы және т.б. өзгерістерді мейлінше қамтиды.
Осымен байланысты, ғылыми әдебиеттерде саяси процесс ұғымына анықтама беруде әр түрлі көзқарастың барлығын айтқан жөн. Бірінші көзқарастағылар, саяси процесс деп саясатта болып жатқанның бәрін түсіндіреді. Екінші біреулері, бұл ұғымды саясат категориясымен ұқсастықта қолданады. Үшінші концепцияны ұстаушылар, саяси процесс ұғымы қоғамның саяси жүйесі қалпының ауысуын түсіндіруші ретінде пайымдайды.
Саяси процесс ұғымы ең алдымен, өзіндік ерекше мақсаттары мен функцияларын іске асыруда индивидтер, топтар, билік институттары бір-бірімен және мемлекетпен қалайша өзара әрекет ететінін ашады. Бұл мәселеде саяси процестің әлеуметтанулық түсіндірмесінеде назар аударылады, саяси процесті тек саяси күрес тұрғысынан қараумен қатар, әлеуметтік және саяси құрылымдар мен қатынастардың өзара әрекетін сараптау деңгейінде пайымдалады.Саяси процестің әлеуметтанулық түсіндірмесі американдық саясаттануда кеңінен тараған. Онда саяси процесс әлеуметтік процестер мен саяси рөлдер мен функцияларды жүзеге асыру негізінде саяси билікті алып жүрушілердің арасындағы өзара әрекет тұрғысынан суреттеледі.Көбіне-көп саяси процесті саяси жүйенің қалыптасуымен, өзгеріске түсуімен, қайта құруымен және өмір сүруімен байланысқан барлық субъектілер қызметінің жиынтығы ретінде түсіндірілетінін атап өткен жөн.
Саяси процестің мұндай түсіндірмесі осы процесті оған қатысушылардың бүкіл саяси маңызды әрекеттерінің шексіз жиынтығын қалыптастырады деген идеяға негізделген. Демек, бұл саяси құбылыстың қозғалысын, динамикасын, эволюциясын, олардың уақыт пен кеңістіктегі жай-күйінің нақты өзгерістерін ашады.
Уақытша параметрлер саяси процестің белгілі бір циклдары іспетті, оның әрқайсысы элементтер мен байланыс бөліктерін ұдайы өндіріп отырады. Саяси жүйе өзін-өзі өндіруші циклін аяқтағаннан кейін ғана толық айқындалатын болады. Мысалы, қайсыбір демократиялық саяси жүйені бір сайлаудан келесі сайлауға жеткенде ғана оны аяқталған жүйе деп қарастыруға болады.
Кеңістіктегі параметрлер географиялық факторлармен және саяси процесс пен оның элементтері, элементтер аралық байланыстар сипаты орнаған орта ретінде саяси жүйемен қамтамасыз етіледі. Саяси процесс қоғамның саяси жүйесі шеңберінде, сол елдің шеңберінде, сонымен қатар аймақтық және жаһандық көлемде өрістейді. Ол мемлекеттік деңгейде, әкімшілік-аумақтық аудандарда, қала мен деревняда, ауылда, әр түрлі ұлттардың, топтардың, әлеуметтік-демографиялық топтардың, еңбек ұжымдарының, қайсыбір саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың ішінде өтеді.
Осымен байланысты саяси процесті қоғамның саяси өмірінде орын алған бірін-бірі табанды ауыстыратын өзара байланысқан құбылыстар мен оқиғалардың бүкіл жиынтығы деп айтқан жөн. Саяси процесте алуан түрлі факторлар өзара әрекетке түседі, соның нәтижесінде саяси салада өзгеріс болумен қатар қайта құрулар да жүреді. Ол құқық нормаларымен (ең алдымен конституциялық) және алуан түрлі құқықтық емес жазба және жазылмаған нормалармен (партиялардың, қайсыбір қоғамдық бірлестіктердің жарғылары және басқа да құжаттары, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, этикалық-моральдық нормалар және т.б.) реттеледі, ал кей уақытта, тіпті, жалпы алғанда ештеңемен реттелмейді, кездейсоқ жүреді.
Саяси процестің өзіндік құрылымы бар. Саяси процестің құрылымы: саясат субъектілерінен, билік ресурстарынан, құралдардан, оларды қолданудың формалары мен әдістерінен, аралық әрі түпкі мақсаттар мен міндеттерден құрылады. Сонымен қатар, саяси процесс макрожүйедегі, микрожүйедегі өзгерістерді қамтитын уақыт пен қарқыны бойынша көп үйлеспейтін нақты жергілікті-локальды бағыттардан да тұрады.
Саясаттың кез-келген субъектісі (партия, қозғалыс, әлеуметтік топ және басқалар) өздерінің саяси процеске қатысуын белгілі бір принциптер негізінде ұйымдастырады. Олар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ құқықтық мемлекетте оларды заңдылық критерийлері-өлшемі мен құқық нормаларына сәйкестік біріктіреді.
Саяси процестің ресурстары болып оның идеялық және материалдық негіздері: ғылым, білім, техникалық және қаржы құрамдары, бұқараның, процеске қатысушылардың көңіл күйі, олардың идеологиясы, қоғамдық ортаның қалпы және басқа да факторлар қызмет атқара алады.
Саяси процестің өзіндік мазмұнды, ерекшелікті белгілерді және даму заңдылықтарды иеленуі оның алуан түрлілігін көруге мүмкіндік береді. Сонымен саяси процестің алуан түрлі болуы қоғамның саяси саласының өмір сүру формасы қызметін атқарады[92]. Солай болған соң қоғамның саяси өмірі әр түрлі саяси процестерде өзін білдіреді.
Саяси процестердің өзіндік ерекшеліктерін біртұтас жүйе ретінде зерттеу мүмкін еместігімен де бұл үрдіс айрықшаланады. Саяси процестер жиынтығында жалпы және жеке саналатын екі топ көзге түседі. Бұл топтардың саяси процестері қоғамдық өмірді қамту мөлшерімен қатар мазмұнымен, жүру формаларымен және нәтижелерімен өзгешеленеді. Сондықтан оны қарастыру жалпы және жеке саяси процестерді бөліп зерттеуді ұйымдастыруды қажетсінеді. Алайда, процестердің осы екі тобы бір-бірімен тығыз байланысқан. Сонымен бірге, жеке саяси процестер жалпы саяси процестің мазмұнына, формаларына және жүру жылдамдығына маңызды ықпал ете алады.
Сонымен жалпы саяси процесс жекелеген процестердің қарапайым ғана жиынтығы емес. Ол жеке процестерден өзінің көлемі, мазмұны жағынан ерекшеленумен қатар формаларымен де өзгешеленеді. Жалпы саяси процесс эволюция, революция, дағдарыс сияқты белгiлі үш формада жүреді.
Жалпы саяси процестің бүкіл қоғамды қамтитынын және оның саяси жүйесін мәнді өзгеріске түсіретінін немесе қалыпты күйін тіптен ауыстырып жіберетінін атаған жөн. Ал, жеке саяси процестердің жалпы саяси процестен айырмашылығына келсек, оның саяси өмірдің жекелеген жақтарын қамтуында жатқандығында деп түсінуіміз керек. Сонымен бірге жеке саяси процестер жалпы саяси процестен өзінің құрылымымен, сипаттамасымен, даму кезеңдерімен де ерекшеленеді.
Жеке саяси процестер - бұл әр түрлі, қоғамның саяси жүйесінің жай-күйіне жалпы тиіспей, белгілі бір саяси мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған қоғамның саяси белсенділігінің көптеген ерекше формалары. Соған сәйкес жеке саяси процестер билік өкілдерінің өздерінің міндеттерін тікелей атқару барысында (әсіресе қоғамды басқаруда) көрінеді. Бұл процестер сонымен қатар әр түрлі саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың және жекелеген азаматтардың өздерінің саяси мүдделерін (мысалы, сайлауға, референдумдарға, митингтерге, көше шерулеріне қатысуы) түрлі жолдармен іске асуын бейнелейді. Жеке саяси процестерге басқару шешімдерін қабылдау мен жүзегеасырудың түрлі формалары жатады. Жеке саяси процестердің көптігіне және әр түрлігіне қарамастан, оларды жүзеге асыру қоғамның саяси жүйесін мәнді өзгерістерге түсіре алмайды. Мысалы, тоталитаризмді демократиялық саяси режиммен алмастыруға немесе монархияны республикамен және басқаларын
ауыстыруға әкеп соқпайды.
Саяси процесс әрқашанда салыстырмалы тұрғыда өз бетіншілігімен ерекшеленеді, бірақ, түптеп келгенде, ол экономикалық құрылыммен, мемлекеттік кұрылыспен, қоғамдағы әлеуметтік-саясиқатынастардың сипатымен детерминдірілген.
Қазіргі саяси процеске кейбір ортақ міндеттер тән олар әр түрлі тарихи жағдайларда және елдерде түрліше шешіледі, сонымен қатар оның субъектілерінің қайсыбір қызметтерінің жүзеге асу сатыларында өз шешімін табады.
Қазақстандағы саяси процесс тарихи дамудың, мәдениеттің, салт-дәстүрдің, діни ортаның, оны мекендеген этностардың психологиялық құрылым ерекшеліктері негізінде әрекет ететін әлеуметтік субъектілердің, билікті алып жүрушілер мен институттардың өзара әрекеті болып көрінеді. Қазақстандық саяси процесте ескімен қатар жаңа құбылыстар, объективті және субъективті факторлар көрініс тапқан. Олар бір-бірімен қабысып, қалыптасу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың қызметіндегі коммуникация процесін басқару
Тергеуші функцияларының ара қатынасы
Әлеуметтік философияның функциялары
Саясаттану ғылымы туралы жалпы түсінік
Оқушыларды қоғамның белсенді және білімді азаматты етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Әлемдік экономика жайлы
Математикалық статистиканың бірінші есебі
Орта Азия аймағындағы діни фундаментализм мен экстремизмнің саяси сипаты
Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі
Пәндер