Ұзынағаш өзен аңғары топырағының ауыр металдармен ластануы



КІРІСПЕ 4
I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 6
1.1. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану себептері 6
1.2. Ауыр металдардың таралатын ошақ . көздері 7
1.3. Ауыр металдардың тигізетін зардаптары 8
II. ЗЕРТТЕУ АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 11
2.1.Зерттеу аймағының физикалық . географиялық жағдайы. 11
2.2. Зерттеу аймағының гидрологиясы мен гидрографиясы. 11
2.3. Зерттеу аймағының климаттық жағдайы 11
III. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ 12
3.1. Ауыр металдарды анықтау әдістері 12
3.2. Атомдық . абсорбциялық спектрометрия әдісі 13
3.2.1. Қондырғының құрылымдық үлгісі (схемасы) 14
3.2.2. Атомдық . абсорбциялық спектрометр әдісінің басқа әдістерге байланысты ерекшелігі. 17
3.3 .Зерттеу объектісі 17
3.3.1. Топырақ жамылғысына сипаттама 17
IV. ҮЛГІЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНАЛИЗГЕ ДАЯРЛАУ 19
4.1. Топырақ үлгілерін алу 19
4.2.Топырақ үлгілерін анализге даярлау және анализ жүргізу 19
V. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 21
5.1. Топырақ құрамындағы ауыр металдардың мөлшері 21
5.2. Алынған мәліметтерді талқылау 24
Қорытынды 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
XXI ғасыр өнеркәсіптің, технологияның, ғылымның, экономиканың және басқа да салалардың дамыған шағы. Еліміздің дамыған елдер қатарына енген кезі. Дамыған елдер қатарына енуіне бірден-бір себепші болған осы өнеркәсәп орындары мен кен байыту орындарының көптеп зат шығаруымен байланысты. Еліміздің тұрғындарын әртүрлі азық - түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстары пайдаланылуда. Осы табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланбаудың салдарынан әр түрлі көлемді өндірістердің жаппай жұмыс істеуі, қоршаған ортаға зардабын тигізуде.
Қазіргі кезде осы экологиялық зардаптардың әсерінен, өзіміз тыныс алатын ауамыз және ішетін суымыз бен басып жүреген топырағымыз да ластануда. Осы ластанудың салдарынан мыңдаған аурулар туып, адамдар генетикалық тұрғыдан жарамсыз болуы, сондай-ақ, келешексіз ұрпақтары болуы мүмкін. Егер осы проблемалардың алдын алмасақ, экологиялық жағдай мұнан әрі осы бағытта жалғаса берсе, дамыған технологиямыз бен қуатты экономиканың өзі де, болашақта ешқандай жәрдемін тигізе алмай қалуы әбден мүмкін.
Қазақстанда экологиялық апат аймақтары саналатын өндіріс қалдықтарымен жаппай ластанған аудандарда мекен ететін адамдардың организмі біртіндеп сол жердің өзгерістеріне икемделіп, сол жердің тигізетін зардабын онша сезбей жүр. Бірақ осы зиянды заттардың адам денсаулылығына біртіндеп тигізетін әсері өте зор. Бұған дәлел ретінде Арал өңірінде құбыжық сәбилердің дүниеге келуінің жиілеп бара жатқандығы.
Қалай болғанда да қоршаған ортаның ластануы тоқталмаса, құбыжық сәбилердің өмірге келуі көбеймесе, азаймайтыны анық.
Бұл экологиялық мәселелердің барлығы антропогендік факторлардың әсерінен болып жатыр. Және бұл табиғи экожүйенің бұзылуына әкеп соғады. Осы табиғи экожүйенің бірі - топырақ жамылғысы.
Топырақ жамылғысының бұзылуы топырақтың құнарлылығының төмендеуіне әкелді, эрозияға шалдығып, деградацияға ұшырауына себепші болды. Топырақтың бұзылуының тағы бір себебі - топырақты қорғау шаралары дұрыс жүргізілмегендіктен. Ауылшаруашылығында пайдаланып жүрген жерлерде ғылыми негізделген қажетті агротехникалық шаралар қолданбаған (жерді дұрыс жырту, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалану).
Топырақтың бұзылуы және деградацияға ұшырауы, бұл бұрыннан келе жатқан мәселе. Осы мәселелерді біз, жас экологтар болдырмаудың алдын алуымыз керек. Себебі біз әрқашан топырақпен тығыз байланыстамыз. Оның үстінде өмір сүріп жатқанымызды айтпағанда, адамзат үшін ең маңызды тағам өндірудің қайнар көзі болып табылады.
1. Маршалл В. Основные опасности химического производства. М., Мир.1989. 647 с.
2. Панин М.Е. Формы соединений тяжелых металлов в почвах средней полосы Восточного Казахстана. Семипалатинск. 1999. 328 с.
3. Неменко Б.А. Цветные металлы в окружающей человека среде. //Здравоохранение Казахстана. 1985. 4-19 с.
4. Худолей В. В. Мизчеров И. В. Экологический опасные факторы. 1996. 186 с.
5. Антонов Ф. Б. Антропогенное экологическое болезни. // Клиническая медицина. 1993. с. 20.
6. Сарницкая Н. А. Оценки роста влияния антропогенных химических загрязненний на здоровое население. Врачебное дело. 1995. с. 23.
7. Алексеев Ю.В. Тяжелые металлы в почвах и растениях. -Л: Агропромиздат, 1987. 157 с.
8. Арыстанова Ш.Е. Ауыр металдармен ластанған топырақтарды амарант( Amaranthus S.P) өсімдігін қолданып тазарту. Автореферат. А-2002.
9. Панин М.С., Панина Р.И. Содержание, распределение и варьирование подвижного марганца в почвах Семипалатинской области. // Научный доклад высшей школы. Биол. Науки. 1973. N 2. 183 с.
10. Ильин В.Б. Тяжелые металлы в системе почва - Новосибирск: Наука. 1991. 99 с.
11. Тяжелые металлы в окружающей среде. - М: Издательство МГУ. 1980. 259 с.
12. Кошелева Н.Е. Прогнозная модель миграции тяжелых металлов в агроландшафтах. // Тяжелые металлы в окружающей среде.- Тез. Докл. / Международной симпозиум. Пущина. 1996. 23с.
13. Химия тяжелых металлов, мышьяка и молибдена в почвах. / Редакция Зырина Н.Г. -М.: Издательство МГУ. 1985. 43с.
14. Ахупрова А.Б. Тяжелые металлы в зоны техногенных выбросов промышленного объекта г. Али-Байрамлы. // Тез. докл. 8 Всесоюзн. Съезд. Почвлведов. Кн. 2 Комис. 2-3-Новосибирск. 1989. 97с.
15. Большаков В.А., Галнер Н.Я., Клименко Г.А., Лычкина Т.И. Загрезнение почв и растительности тяжелыми металлами. - М.:Гидрометеиздат, 1978. 125 с.
16. Дмитриев М.Г., Казнина Н.М., Клименко Г.А. Загрезнение почв и растительности тяжелыми металлами. -М.: Издательство МГУ, 1989. 169 с.
17. Ходаков Ю.В. Общая неорганическая химия. - М.:Просвещение, 1969. 591 с.
18. Никитен Д.П., Новиков Ю.Д. Окружающая среда и человек. -М.:Высшая школа, 1986.415 с.
19. Петров В.Е. Судебно-медицинская экспертиза отравлений. -Ленинград, 1982. с73.
20. Экология. Издательство «Знание», 1987. 285с.
21. Диллерман А.А. Роль загрезнений окружащей среды нарушении эмбрионального развития. - М.1980,192 с.
22. Сарницкая Н.А. Оценки роста влияния антропогенных химических загрезнений на здоровье населения (обзор) // Врачебное дело.1993. 23с.
23. Ильин В.Б. Тяжелые металлы в системе почва - растение. Новосибирск. Наука. 1991. 151 с.
24. Прайтс В. Аналитическая атомно - абсорбционная спектроскопия.-М.: Мир. 1976. 355 с.
25. Славин У.И. Атомно - абсорбционная спектроскопия. Под. ред. Львова Б.В. - Л.: Химия, 1971. 351с.
26. Тазабеков Т., Тазабекова Е. Топырақтану түсіндірме сөздігі.- Алматы, 1993, 448 б.
27. Бигалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. -Алматы, 1996. 122 б.
28. Тазабеков Т.Т. Қазақстан топырағы. -Алматы -Қайнар. 1974.
29. Почвы Казахской ССР. Алма-Атинская область/ Выпуск 4. Алма-ата,1988.

ӘЛ -ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.

БИОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ.

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАНУ КАФЕДРАСЫ

Бітіру жұмысы

Ұзынағаш өзен аңғары топырағының ауыр металдармен ластануы

Орындаған: IV курс студенті Ноғайбаева Ә.Ә.

Ғылыми жетекшісі:
Б,ғ,к., доцент
Көшкімбаев Қ.С.

Нормабақылаушы: Костюк
Т.П.

Қорғауға жіберілді:
Экология және топырақтану
Кафедрасының меңгерушісі
б. ғ. д., профессор
Биғалиев А.Б.

Алматы, 2006 ж
Реферат

(Жұмыстың тақырыбы: Ұзынағаш өзен аңғары топырағының ауыр металдармен
ластануы.

(Зерттелген орны: Экология және топырақтану кафедрасының лабораториясында
орындалды.

(Беттік саны: Бітіру жұмысы 28беттен тұрады.

(Қаралатын негізгі бөлімдері: Кіріспе, әдебиеттерге шолу, зерттеу аймағының
экологиялық жағдайы, зерттеу әдістері мен объектілері, зерттеу нәтижелері
және оларды талқылау, қорытынды бөлімдері және әдебиеттер тізімі.

(Қосымша мәліметтер: Жұмыста 1 кесте және 1 сурет, 5 диаграммалық
көрсеткіштер бар. Жұмыс барысында пайдаланылған әдебиеттер саны 29.

(Негізгі түйін сөздер: ауыр металдар, атомдық - абсорбциялық
спектроскопия, шекті зиянсыз мөлшер (ПДК), элемент, жоғарғы концентрация.

(Өзектілігі: Ұзынағаш өзен аңғарының топырағының ауыр металдармен ластану
деңгейін анықтау арқылы оған алғашқа рет зерттеу жүргізіп, қорытынды баға
беру.

(Зерттеу әдісі: Атомдық - абсорбциялық спектрометрия әдісі

(Жұмыстың мақсаты: Атомдық - абсорбциялық әдісті меңгеру нәтижесінде
Ұзынағаш өзен аңғарының белгіленген айрықша нүктелерінен топырақ
құрамындағы әртүрлі себептермен жинақталған ауыр металдардың мөлшерін
анықтау, талдау және оларға қорытынды шығару.

(Жұмыстың нәтижесі: Ұзынағаш өзен аңғарының топырағында ауыр металдар өте
аз мөлшерде кездеседі. Алынған көрсеткіштер шекті зиянсыз мөлшерінен (ПДК)
аспайды.

Мазмұны

КІРІСПЕ 4
I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 6
1.1. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану себептері 6
1.2. Ауыр металдардың таралатын ошақ - көздері 7
1.3. Ауыр металдардың тигізетін зардаптары 8
II. ЗЕРТТЕУ АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 11
2.1.Зерттеу аймағының физикалық - географиялық жағдайы. 11
2.2. Зерттеу аймағының гидрологиясы мен гидрографиясы. 11
2.3. Зерттеу аймағының климаттық жағдайы 11
III. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ 12
3.1. Ауыр металдарды анықтау әдістері 12
3.2. Атомдық - абсорбциялық спектрометрия әдісі 13
3.2.1. Қондырғының құрылымдық үлгісі (схемасы) 14
3.2.2. Атомдық - абсорбциялық спектрометр әдісінің басқа әдістерге
байланысты ерекшелігі. 17
3.3 .Зерттеу объектісі 17
3.3.1. Топырақ жамылғысына сипаттама 17
IV. Үлгілерді алу және оларды анализге даярлау 19
4.1. Топырақ үлгілерін алу 19
4.2.Топырақ үлгілерін анализге даярлау және анализ жүргізу 19
V. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 21
5.1. Топырақ құрамындағы ауыр металдардың мөлшері 21
5.2. Алынған мәліметтерді талқылау 24
Қорытынды 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

XXI ғасыр өнеркәсіптің, технологияның, ғылымның, экономиканың және
басқа да салалардың дамыған шағы. Еліміздің дамыған елдер қатарына енген
кезі. Дамыған елдер қатарына енуіне бірден-бір себепші болған осы
өнеркәсәп орындары мен кен байыту орындарының көптеп зат шығаруымен
байланысты. Еліміздің тұрғындарын әртүрлі азық - түлікпен және қажетті
заттармен қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстары пайдаланылуда. Осы табиғат
ресурстарын ұтымды пайдаланбаудың салдарынан әр түрлі көлемді
өндірістердің жаппай жұмыс істеуі, қоршаған ортаға зардабын тигізуде.
Қазіргі кезде осы экологиялық зардаптардың әсерінен, өзіміз тыныс
алатын ауамыз және ішетін суымыз бен басып жүреген топырағымыз да
ластануда. Осы ластанудың салдарынан мыңдаған аурулар туып, адамдар
генетикалық тұрғыдан жарамсыз болуы, сондай-ақ, келешексіз ұрпақтары болуы
мүмкін. Егер осы проблемалардың алдын алмасақ, экологиялық жағдай мұнан әрі
осы бағытта жалғаса берсе, дамыған технологиямыз бен қуатты экономиканың
өзі де, болашақта ешқандай жәрдемін тигізе алмай қалуы әбден мүмкін.
Қазақстанда экологиялық апат аймақтары саналатын өндіріс қалдықтарымен
жаппай ластанған аудандарда мекен ететін адамдардың организмі біртіндеп
сол жердің өзгерістеріне икемделіп, сол жердің тигізетін зардабын онша
сезбей жүр. Бірақ осы зиянды заттардың адам денсаулылығына біртіндеп
тигізетін әсері өте зор. Бұған дәлел ретінде Арал өңірінде құбыжық
сәбилердің дүниеге келуінің жиілеп бара жатқандығы.
Қалай болғанда да қоршаған ортаның ластануы тоқталмаса, құбыжық
сәбилердің өмірге келуі көбеймесе, азаймайтыны анық.
Бұл экологиялық мәселелердің барлығы антропогендік факторлардың
әсерінен болып жатыр. Және бұл табиғи экожүйенің бұзылуына әкеп соғады. Осы
табиғи экожүйенің бірі - топырақ жамылғысы.
Топырақ жамылғысының бұзылуы топырақтың құнарлылығының төмендеуіне
әкелді, эрозияға шалдығып, деградацияға ұшырауына себепші болды. Топырақтың
бұзылуының тағы бір себебі - топырақты қорғау шаралары дұрыс
жүргізілмегендіктен. Ауылшаруашылығында пайдаланып жүрген жерлерде ғылыми
негізделген қажетті агротехникалық шаралар қолданбаған (жерді дұрыс жырту,
қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдалану).
Топырақтың бұзылуы және деградацияға ұшырауы, бұл бұрыннан келе жатқан
мәселе. Осы мәселелерді біз, жас экологтар болдырмаудың алдын алуымыз
керек. Себебі біз әрқашан топырақпен тығыз байланыстамыз. Оның үстінде өмір
сүріп жатқанымызды айтпағанда, адамзат үшін ең маңызды тағам өндірудің
қайнар көзі болып табылады.
Тағам өндірудің қайнар көзі топырақ болғандықтан, оны зерттеп білу
қызығушылығы артты. Осы қызығушылықтың салдарынан топырақ құрамындағы ауыр
металдарды зерттеу, бүгінгі бітіру жұмысының тақырыбына айналды. Зерттеу
орны ретінде Ұзынағаш өзен аңғарының топырағы алынды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Ұзынағаш өзен аңғары топырағының
құрамындағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау.
Ал осы жұмыстың жүргізілуіндегі негізгі міндеттер:
1. Топырақ үлгілерін жинау әдістерімен танысу;
2. Топырақтағы ауыр металдардың мөлшерін атомдық - абсорбциялық
спектрометрдің көмегімен анықтау әдісін игеру;
3. Нақты нәтиже шығаруды игеру;
4. Шыққан нәтижелер бойынша Ұзынағаш өзен аңғары топырағының құрамына
лайықты баға беру.

I. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану себептері

Ауа, топырақ, су - биосфераның ерекше компоненттері болып
саналады. Алуан түрлі ластаушы заттардың басым көпшілігі осы үш компонентке
барып қосылады. Ауыр металдар қоршаған ортаға тарағанда газтәрізді ретінде
және түтін ретінде, техногенді шаң ретінде де түседі. Қоршаған ортаның
ластануы: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық
(радиоактивті, радиациялық, электромагниттік), физика - химиялық
(аэрозолдар), биологиялық (микробиологиялық) деп бөлінеді. Әсер ететін
ауқымына байланысты: жергілікті, аймақтық, ғаламдық деп бөлінеді.
Қоршаған ортаны ластаушы заттар ең алдымен ауаның құрамына араласып ауаны
ластайды , ауа арқылы топырақ бетіне және су бөліктеріне тарап оларды да
ластайды. Және топырақтың құрамына енген ластаушы заттар немесе суға
қосылған заттар тізбек бойынша өсімдіктерге, одан жануарларға, содан кейін
адам денсаулығына орасан қауіп туғызары анық. Яғни, бұл дегеніміз тірі
организмдердің тіршілік әрекетіне кері әсерін тигізеді. Демек осы ластаушы
заттардың ішіндегі ең қауіптісі химиялық ауыр металдар болып саналады.
Топырақ - табиғи дене, ол ауыр металдардың жинқталатын негізгі бөлігі. Ауыр
металдар осы топырақта жинақталып, өсімдіктер арқылы жануарлар, одан
қоректік тізбектің шыңында тұрған адам организміне өтеді (1 ). Ауыр
металдар адам организміне қоректік тізбек арқылы 40 - 50 % -ға дейін өтеді,
су арқылы 20 - 40 %, ауамен тыныс алу арқылы 20 - 40 %. (2 )
Қоршаған ортаның жалпы ластануы, оның ішінде ауыр металдар-мен
ластану деңгейі кейінгі он жылдықтарда жоғарылауда.( 3)
Антропогендік салмақтың биосфераның негізгі компоненттеріне түсіп
ауырлаған сайын, бұл жағдайды зерттеу проблемасы да жоғарылай береді.
( 4,5,6)
Автокөліктерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлініп шығатын газдардың
бір бөлігі ауа арқылы топырақ бетіне түсіп, жауын - шашын арқылы топыраққа
сіңеді. Топырақ ашық көрсетілген катионды сіңіру қасиетін меңгере отырып,
өзінде бүлінген ионды металды сақтап қалады. Сол себептен күнделікті
осылай, аз да болса да металдардың түсіп отыруы, топырақта металдардың
жиналуына әкеледі.(7)
Ауыр металдардардың сонымен қатар көп кездесетін жерлері олар: тастанды
қазба орындары, ағын сулар, қалалық қоқыс тастайтын жерлер және тұрып
қалған су қоймалары. Ядролық және қарудың басқа түрдерінің полигоны тек
қана ауыр металдармен ғана емес, жоғарғы улы радионуклиойдтермен де
ластанудың көзі болып табылады. Ал осындай улы заттармен топырақтың
ластануы - ауыл шаруашылығы мен адам денсаулығы үшін зиянды салдардың бірі
болып табылады. (8)

1.2. Ауыр металдардың таралатын ошақ - көздері

Қазіргі кезде Қазақстан үшін, әсіресе химиялық заттармен ластанған
территориялар үшін, қоршаған ортаны қорғау үлкен өзекті мәселелердің бірі.
Себебі мұның бәрі ядролық жарылыстар мен ракеталардың Байқоңыр
станциясынан ғарышқа ұшырылуы салдарынан. Бұлардың барлығы ауыр металдардың
ең негізгі ошақ көздері.
Ауыр металдардың негізгі таралатын көздері ол техногендік жолы және
табиғи жолы.( 9) Техногендік жолына түсті және қара металлургия, көмір және
мұнай жағатын электростанция, автокөліктер, мал шаруашылығының қалдықтары,
минералды және органикалық тыңайтқыштар, тау кен және химия өнеркәсіптері
жатады. Ал табиғи жолына тау жыныстары (шөгінді, магмалық ) желдену,
эрозияға ұшырау, тұзды сулар мен тұздықтар, космостық және метеоритті шаң,
вулкан газдары, орман өрттері және тағы басқалар да жатады. Өрттер
нәтижесінде ауыр металдар қоршаған ортаға кейбір мәліметтер бойынша жыл
сайын мың тоннадан астамнан келіп түсіп отырады. Экологиялық жүйелердің
компоненттеріне ауыр металдардың келіп түсу жолдары әртүрлі (10,11,12 ).
Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары: автотранспорт, (7,10) кен байыту
комбинаттары, металл өңдеу кәсіпорындары, (13) көмір жағатын
электростанциялар,(14,15,16) уранды ашық өндіру және пайдалы қазбаларды
шығарып алу. (10) Ең қарапайым түрі - түрлі қалдықтарды жағу кезінде ауыр
металдар қоршаған ортаға бөлініп шығады.
В. Г. Минеевтің анықтамасы бойынша жер бетіне жыл сайын:
1. Тек металлургия кәсіпорындарының жұмыс істеу негізінде 89000 т
қорғасын, 1860т кадмий, 154698 т мыс, 12090 т никель;
2. Көмір мен мұнай өнімдерін жағу негізінде 3600 т қорғасын, 7000 т
кадмий;
3. Автотранспорттан бөлінген газдармен бірге 260000 т қорғасын
бөлініп шығады екен. Металлургиялық кәсіпорындардың бөліп шығарған
шамасынан топыраққа түскен мөлшері 3 есе жоғары екендігі анықталды.
(15 )
Жалпы ауыр металдар қатарына тығыздығы 5 гмсм куб-тан асатын химиялық
топтары жатады, ал биологиялық топтама құру кезінде тығыздық шамасын
пайдаланбай олардың атомдық массасын пайдаланған жөн, яғни ауыр металдар
қатарына массасы 40 - тан асқан барлық ауыр металдарды жатқызуға болады.
(17 )

1.3. Ауыр металдардың тигізетін зардаптары

Жоғарыда айтылған ауыр металдардың негізгі шығып таралу көздері
автотранспорт, металл өндіру заводтары, химиялық заводтар, , көмір жағатын
электростанциялар, түрлі - түсті және қара металлургия кәсіпорындары,
қалдық заттарды жағу, пайдалы қазбаларды шығарып алу т.т. Жалпы организмдер
құрамында тұрақты болып тұратын 47 химиялық элемент бар. Мұқиат зерттелген
элементтер қатарына мыс, кобальт, мырыш, марганец, иод, молибден, селен,
фтор, стронций, бор, кадмий, ванадий т.б. жатады. Қоршаған ортада ауыр
металдар мөлшерінің жетіспеуі немесе асып кетуі зат алмасуға кері әсер
етіп, адамдарда аурулар туғызады. Мысалыға иод, мырыш, хром адам өміріне
ең қажетті микроэлементтер.
Металдар - металдық жылтыры бар қатты заттар, электр тогын және жылуды
жақсы өткізеді. Электр тогын жақсы өткізгіштер - Ag, Cu, Al, нашар
өткізгіштер - қорғасын мен сынап. Металдардың өте маңызды қасиеттерінің
бірі - олардың пластикалылығы, яғни соғудан өздерінің формасын өзгертуі.
Металдар меншікті салмағына қарай 2 топқа бөлінеді. Меншікті салмағы 5-тен
кемі жеңіл металдар (ең жеңілі литий), меншікті салмағы 5 -тен көбі - ауыр
металдар (ең ауыры осмий). Микроэлементтер - биогендік химиялық
элементтер, өсімдікткердің даму процесінде катализаторлық роль атқарады,
әсіресе азот сіңіруде және фотосинтез процесі кезінде.
Макроэлементтердің адам организмінде де орасан зор маңызы бар. Адамның
қанының құрамына 24 элемент кіреді. Әйел адамның емшек сүтіне 30 элемент
кіреді. Негізінен олар: мыс, мырыш, кобальт, кремний, мышьяк т.б. Бұл
аталған макроэлементтер организмде кері әсер туғызбайтын және олардың өсіп
- өнуіне, дамуына жақсы ықпал жасайтын тұрақты мөлшерде болады.( 18)
Бұлардың кері әсері мысалы : мырыш, кадмий, қорғасын, кобальт, сынап, мыс
секілді элементтер шамадан, яғни ШРК ( шектеулі рауалы көрсеткіш) - дан
артып кеткен шамада тие бастайды. Улы ауыр металдар көбінесе адам - жануар
организмдерінің тыныс алу органдарына зиянын тигізеді. Олар асқазан - ішек
арқылы суда жақсы еритін тотықтар мен тұздар түрінде енеді. (19 )
Кадмий, қорғасын, мырыш, кобальт, сынап, хром элементтерінің шамадан
тыс мөлшері эмбриогенездің қалыпты жағдайдан ауытқуын туғызады, яғни
ұрықтың даму бағытының өзгеруіне немесе кемтар болып қалуына себеп болады.
Автомобильдің бөліп шығарған газдарында бірнеше заттардың қоспасы бар.
яғни құрамында көмірсутектер, жанбаған немесе толық жанбаған отын
компоненттері, көміртек тотығы, көмір қышқыл газы т.т., сонымен қатар өткір
тітіркендіргіш иісі бар альдегидтер де бар. Көміртек тотығы қанның
гемоглобинімен қосылып организм ұлпаларына оттегіні таратуға кедергі
жасайды. (20 ) Сонымен қатар автомобильдің түтін құрамында өте улы ауыр
металл - қорғасын бар.
Қорғасын - ең көп тараған және улы токсиканттардың бірі. Қорғасынның
қоршаған ортаға түсу көздері: металл өндіру, цемент өндіру, тас көмір жағу
кезінде және жылу электр станциясынан қорғасынның қалдықтары бөлініп
отырады. Қорғасынның жоғары концентрациясы ферменттер, витаминдер және
гормондар синтезі мен функциясына кері әсер етеді. Қорғасынмен улану
симптоны осыдан 2000 жыл бұрын анықталып жазылған, рудадан қорғасынды
балқытып алу кезінде оның уыттылығын мынадай жағдайлардан білуге болады :
егер адам күн сайын қорғасынды өте аз мөлшерде қабылдап отырған жағдайда
біршама уақыттан соң артқы ішектің қатуы, жүректің шаншып ауруы байқалады.
Және кейінірек ұрпақ дамыту қабілеттілігі, түсік тастау, ұрықтың өлуі т.б.
пайда болады. (21,22) Зерттеулер негізінде 100 мл қанда 35 мкг қорғасынның
болуы орталық жүйке жүйесінде айтарлықтай функционалды өзгерістер
болатынын анықтаған. Қорғасынды тұрақты қабылдаған жағдайда гемоглобиннің
түзілуі бұзылады ; бұлшық еттердің әлсіздігі, тіпті сал болуы ; бауыр,
бүйрек, ми қабатының құрылымы мен функциясының бұзылуы, қан арқылы
сүйектерде жинақталуы, аз мөлшерде жинақталғанның өзінде зат алмасу
процесіне кедергі жасайды. Қорғасынның жоғарғы концентрациясы топырақтың
құнарлылығын бұзады, көптеген биологиялық активті қосылыстардың функциясын
бұзады. Сонымен қорғасын тірі зат үшін өте қауіпті улы металл. (23)
Кадмий - күміс тәріздес, жылтырақ металдар аккумулятор өндірісінде
қолданылады. Ол хром, мышьяк, никель, қорғасын, молибден сияқты өте улы
элементтер қатарына жатады. Сонымен қатар оның канцерогенді қасиеті де бар
және ол жақсы жинақталады. Кадмий - қорғасын, мыс сияқты өте қауіпті үш
элементтер қатарына кіреді. Жер беті жүйесіндегі кадмийдің сіңірілуінің
негізгі көзі - топырақ болып табылады. Осы топырақ ортасынан физика -
химиялық циклы мен биохимиялық циклдар арқылы кадмий өсімдіктерге, жан --
жануарларға тарайды. 1940 жылдары Жапонияда бұл металл организмде қатты
ауру туғызған. Оны Жапондықтар итай-итай деп атаған. Негізінен бұл
элемент сүйектің оңай сынуына, бүйректің ауруға шалдығуына ұшыратады. Жалпы
айтсақ, организм иммунитетін бұзады, нашарлатады.
Кадмийдің жоғары фитоуыттылығы химиялық қасиетінің мырышқа ұқсас
болуымен түсіндіріледі. Сондықтан да кадмий көптеген биохимиялық
процесстерде мырыштың орнын басып, тыныс алумен және де басқа да
физиологиялық процесстермен байланысқан фосфотаза және әртүрлі ферменттер
жұмысын бұзады. Сөйтіп тірі организмдерде мырыштың жетіспеушілігін тудырып,
нәтижесінде тіршілік тоқтатуға да әкеліп соғады.
Мырыш - көгілдір, күміс жылтыры бар металл. Мырыш 419,5(С балқиды.
Мырыш элементтерінің фитоуыттылығы төмен, ол топырақта көп жинақталған
жағдайда ғана байқалады. Бұл элемент табиғатта тек қосылыс түрінде
кездеседі. Ауада мырыш өте тұрақты, себебі металды әрі қарай тотығудан
сақтайтын жұқа оксид пленкасымен қапталған. Су қалыпты температура
жағдайында болса, мырышқа іс жүзінде әсер етпейді. Мырыш табиғатта жай және
күрделі заттармен әрекеттеседі. Мысалы, жай зат: галогендермен, оттегімен,
күкіртпен жоғары температурада өте активті әрекеттеседі. Ал күрделі зат
тобына жататын сумен, қышқылмен, сілтінің ерітінділерімен де әрекеттеседі.
Мырыштың табиғатта қолданылуы. Мырышқа қалыпты жағдайда ауадағы оттегі
де, су да әсер етпейді. Сондықтан болаттан жасалған бұйымды қорғайтын жабын
ретінде қолданылады. Мырыш мыспен, алюминимен және никельмен техникалық
маңызды құймалар алуда қолданылады. Негізгі бөлігі мырыш оксиді ZnO болып
табылатын мырышты ақ сыр, бояу ретінде кең қолданады.
Мыс - ақшыл - қызғылт түсті, жеткілікті дәрежеде жұмсақ, созылғыш.
Балқу температурасы - 1083(С. Ол өте жақсы тоқ өткізгіш. Қалыпты
температурада мыс өзгермейді. Температураны жоғарылатқанда мыс жай да,
күрделі де заттармен реакцияға түседі.
Мыстың табиғатта қолданылуы. Мыс элементі тіршілікте өте маңызды роль
атқарады. Таза мыс электротехникалық өндірісте электроөткізгіш сымдар,
кабель жасау үшін және жылу алмасқыш аппараттарда пайдаланылады. Әртүрлі
құйма өндіруде қолданылады. Мыс табиғатта байланысқан түрде кездеседі.
Бірақ оның жоғарғы концентрациясы улы әсерін тигізеді. Мыс тотығы дем алу
жолдарын, сілекей бездерін ауруға шалдықтырады. Ауыл шаруашылық
дақылдарының өсуі мен дамуына, өнімділігіне айтарлықтай зиян келтіреді.
Топырақта жинақталған мыс өсімдік бойына енеді. Өсімдіктер оны топырақта
мыстың мөлшері көбейген жағдайда ғана өздеріне көп сіңіреді. Ал мысты
топырақ арқылы бойына сіңірген өсімдіктің өсу процесі баяулайды, тіпті
тіршілігін тоқтатады.(17)
K. W. Smilole (1981 ж.) кадмийдің, хромның, мыстың, никельдің,
қорғасынның, мырыштың, фитоуыттылығын зерттеген. Ол фитоуыттылықтың азаю
қатарын анықтаған және оларды мына ретпен орналастырды: Cd Ni Cu Zn
Cr Pb. Осыдан басқа да металдармен байланысқан түріне қарағанда
кадмийдің улылығы төмен екенін байқаймыз.
Әдебиеттердегі мәліметтердің көрсетуі бойынша кадмийдің көп мөлшерде
кездесетін жері машина құрастыру өндірісінде кең пайдаланылатын майлы
бояулар болып табылады. Сонымен қатар біршама мөлшерде стабилизатор және
бояушы дақтар ретінде әртүрлі пластмассаларда да кездеседі. Кадмий
қосылыстары материалдардың бетін кадмийлеу үшін гальвонопластикада кең
қолданады. Бұл металл мырыштың тұрақты серігі болып табылады. Мырыштан
жасалған барлық заттардың құрамында кадмий болады. Сол сияқты
автотранспорттардан шығарылған шығындылар құрамында да кадмий кездеседі. Ал
фосфорлы тыңайтқыштар құрамында кадмийдің кездесуі дағдылы құбылыс болып
табылады. Осы айтылғандардың барлығы топырақ жамылғысында кадмийдің және
оның қосылыстарының жинақталуының негізгі себебіне жатады.

II. ЗЕРТТЕУ АЙМАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2.1.Зерттеу аймағының физикалық - географиялық жағдайы.

Зерттелетін топырақтың орналасқан аймағы - Алматы облысы, Жамбыл
ауданы, Ұзынағаш ауылы. Осы Ұзынағаш ауылынан ағып өтетін Ұзынағаш өзені
аңғарының топырағы. Ұзынағаш ауылы Жамбыл ауданының аудан орталығы болып
табылады. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазақстанның оңтүстік шығысында
орналасқан. Облыс бірнеші елді мекендермен шектесіп жатыр. Мысалы,
шығысында Қытай Халық Республикасымен, солтүстік шығысында Семей облысымен,
солтүстік батысында Қарағандымен, батысында Жамбыл облысымен, оңтүстігінде
Қырғыз Республикасымен шектесіп орналасқан. Ұзынағаш ауылы Алматы қаласынан
50 км қашықтықта орналасқан.

2.2. Зерттеу аймағының гидрологиясы мен гидрографиясы.

Ұзынағаш өзені Іле Алатауының теріскей беткейінен 2300 - 2600 м
биіктіктен Үлкенсаз және Ботасаздан бастау алады. Батыстан басталып
төмендей келе солтүстік бағытта ағып Күрті өзеніне құяды. Ал Күрті өзені
Іле өзені бассейнінің бір саласы болып келеді. Ұзынағаш өзенінің жалпы
ұзындығы 175 км. Су жинау ауданы - 278 км. кв. Ұзынағаш өзенінің деңгейі
көктем мен күз мезгілдерінде көтеріліп тұрады. Яғни, жауын - шашынның
түсуіне байланысты.
Ұзынағаш өзені бірнеше елді мекендерден ағып өтеді, мысалы: музей
Жамбыл,Ұзынағаш, Таран, Ақсеңгір т.б.

2.3. Зерттеу аймағының климаттық жағдайы

Алматы облысы, Ұзынағаш ауданының климаты тез континенталдығымен және
құрғақтылығымен сипатталады. Себебі Алматы облысы Евразия материгінің
тұңғиығында, яғни етегінде орналасқан. Климаттың бұлай болуы территорияны
оңтүстік батысында тау мен солтүстігінде жазықтың орналасуына байланысты.
(28)
Осы облыстың ең суық мезгілі қаңтар айы болып табылады, ал ең ыстығы -
шілде айы. Қаңтар айының орташа температурасы -12,3( тан -14,1( -қа
дейінгі аралықты қамтиды. Ал шілде айының орташа температурасы +20( тан
+25,1( қа дейін көтеріледі. Көктемі қысқа, күзі жылы, қысы суық, жазы ыстық
болып келеді. Жауын - шашынның жылдық орташы мөлшері 350-400 мм. (29 ) Жыл
мезгілдерінің ішінде жаңбырдың көп түсетін мезгілі көктем мен күз. Ал
желдің орташа жылдамдығы жылына 24мсек. Желдің соғуы көбіне солтүстік
бағытта жүреді.

III. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ

3.1. Ауыр металдарды анықтау әдістері

Әр түрлі элементтердің түрін анықтаудың, соның ішінде топырақтағы,
өсімдіктердегі, судағы т.б. орталарды ауыр металдар мөлшерін анықтаудың
бірқатар әдіс-амалдары бар(24). Соның бірі:
ЭМИССИЯЛЫҚ ӘДІС. Материалдарды анықтаудың жалындық-фотометриялық әдісі,
ол тотықтырғыш және жанғыш газбен (ацетилен, пропан) араласқан талдауға
алынған ерітіндінің өте ұсақ тамшыларынан құралатын аэрозольдің газ
жалынындағы атомдар эммерсиясына негізделген.
Жоғары температураның әсерінен металдардың оңай иондалатын атомдары
белгілі толқын ұзындығы бар сәулелерді шығара бастайды.
Сәулелену екпіндігіне байланысты ерітіндідегі элемент мөлшерін
анықтауға мүмкіншілік бар. Жалындық фотометрия әдісі сілтілік немесе
сілтілі-топырақ элементтерін анықтауға қолданылады. Осы әдіс арқылы ауыр
металдардың ішінен рубидий, цезий, стронцийді анықтауға мүмкіндік бар.
Әдістің кемшіліктері: аспаптың көрсетуінің жалын температураға айтарлықтай
тәуелділігі, көрші спектр сызықтарының таңылуы (байлануы) бұл 2,5% -ті
құрайды, осы жерде белгілі элементтердің кедергі келтіруі, әсіресе олардың
концентрациясы анықталатын элементтің концентрациясы анықталған элементтің
концентрациясынан анағұрлым жоғары болған кезде.
ПОЛЯРОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІС. Элементтерді және олардың концентрациясын
полярографиялық әдіспен анықтау поляризациялық қисықтарды зерттеуге
байланысты. Олар ерітінділерді электролиздеу кезінде алынады, бойында
электрді қалпына келтіретін және электрлі тотықтырғыш заттар бар. Бұл
жағдай арнаулы электродтарды қолдану және белгілі бір жағдайларды сақтау
арқылы іске асады. Полярографияға іс жүзінде металдардың барлық иондары бой
ұрады. Бұл әдістің мынадай артықшылықтары бар: біріншіден, ерітінді
құрамындағы, алдын ала бөлінбеген қатарынан бірнеше металдарды аналитикалық
жолмен анықтауға мүмкіндік береді; екіншіден, бір үлгіні іс жүзінде қайта-
қайта пайдалану арқылы, қайталанған анықтауларды жүргізіп ала беруге
болады. Себебі, талдау процесінде ол жоғалмайды, өзгермейді.
РАДИОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІС. Бірқатар ауыр ядролардың ыдырау негізінде пайда
болған ауыр металдар және радиодозиметрдің радиоактивтілігі бар. Бұлардың
қатарына уранды,торийді және олардың бөліну, ыдырау өнімдерін жатқызуға
болады, сонымен қатар кейбір лантанидтер мен рубидийлерді де жатқызуға
болады. Бұл элементтердің радиоактивтілігі олардың атомдарының ұсақ
бөлшектермен кванттарға ыдырау сәтіне энергия бөлу арқылы анықталады.
Радиоактивті ауыр металдарға барлық сәуле шығарудың барлық түрі тән: альфа,
бета, гамма және нейтрондық.
Табиғи-радиоактивті элементтердің үлкен жартылай ыдырау кезеңі бар,
олар еш уақытта табиғи минералдарда жоғары концентрация құрмайды, оларға
жыныстарда , топырақта, табиғи суларда және атмосферада өте жоғары шашырап
тараушылық тән, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ экологиясы туралы
Алматы облысы, Жамбыл ауданының табиғи климат жағдайы, өсімдігі мен топырағы
«Қараарна мұнай кен орындарының топырағының ауыр металдармен ластануы»
Ауыр металдардың топырақ қасиеттеріне әсері
Өскемен қаласы топырақ жамылғысының экологиялық жағдайы
Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарының құнарлылығы
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Суармалы топырақтың құнарлылығының төмендеуі
Топырақтар жүйесінің қалпына антропогенді факторлардың ықпалын зерттеу
Топырақ экологиясы
Пәндер