Екшінші деңгейлі банктердің халықаралық қарым-қатынасын дамыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

I. ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТЕТРІ

1.1 Халықаралық банктер: пайда болуы және атқартын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Дамушы елдеріне көмек көрсетудегі халықаралық банктердің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Экспортты несиелеу және несиелік саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

II. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

2.1 ЕДБ.р ұғымы және халықаралық қарым.қатынастағы несиелер, олардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2 Екінші деңгейлі банктердің халықаралық несие көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.3 Шетелмен салыстырғанда Қазқстанның негізгі банктерінің көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

III. ЕКШІШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ.
ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУ

3.1 Коммерциялық банктердің халықаралық қаржылық қарым.
қатынастарын дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
3.2 Қазіргі таңдағы банктің қызмет көрсету саласын халықаралық
деңгейде дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Бүкіл әлем тарихында орын алған екі дүниежізілік жүйелерінің бір біріне қарсыласуы және ұлттық- азат ету қозағалысының даму нәтижесінде капиталды шығарудың жаңа нысаны пайда болды, яғни заемдар, несиелер, гранттар беру арқылы экономикалық көмек көрсету. Экономикасы дамыған елдерінің экономикалық көмегі ең алдымен дамушы және өтпелі кезең экономикасы елдерінде нарықтық құрылымдарды қалыптастыруға, жекеменшік секторын қолдауға, нарықтық инфрақұрылымды дамытуға, жеке капиталының және тауарлар мен қызмететрінің экспорттын ынталандыруға бағытталған.
ХХ ғасырдың 60 жж. бастап экономикасы дамыған елдер экономикалық көмек көрсетуді аса қарқынды жүргізе бастады. Дамушы елдеріне қаржылық көмек көрсету 90 жж. дейін дамыды. Ал екі дүниежізік қарсыласу тоқтаған соң оның бағыты өтпелі кезең елдеріне қарай бет бұрды. Екінші дүниежузілік соғыс біткен соң ең көп салмақты қаржылық көмек көрсететін елдер қатарына АҚШ, Англия, Франция жатар еді. ХХ ғ. 80-жж. бастап бұл аренаға Жапония шығып жетекшілік орындарға ие болды. Көмек алушы елдер үшін инвестор- банктердің кейбір шарттары қолайлы келмегенімен олар халықаралық банктер мен тығыз байланысты жасауға ұмтылады, себебі олардың қаржылары елдің экономикасын көтеруде маңызды факторы болып келеді.
Соңғы жылдары дамушы және өтпелі кезең экономикасы елдеріне қаржылық көмек көрсетуде халықаралық несиелік ұйымдарының рөлі өте маңызды. Ол халықарылық ұйымдар ішінде Дүниежүілік банк және басқа да регионалдық даму банктері (Азиялық даму банкі, Африкалық даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, т.б.).
Халықарылық банктердің басты мақсаты- қарыз алушы елдерінде жекеменшік кәсіпкерлікті қолдау. Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық регионалдық банктер өздерінің қаржы ресурстарын ең алдымен энергетика, көлік салаларының объектілерін құруға, ауылшаруашылықты және білім саласын дамытуға жұмсайды. Банктік сыйақы мөлшерлемелері сол нарықтарда орын алған пайыздық ставкалары негізінде белгіленеді. Ал экономикалық дамуы төмен елдеріне халықаралық банктер несиелерді жеңілдікпен береді.
1. «Банктің құрылымы» , Ақбергенова А.С., Мәтін, Қазақ ¥лттық Университеті: Экономика серия. 2006ж.
2. «Банковское дело» В.И.Колесникова, Л.П. Кроливецкая, Финансы 1996 ж.
3. «Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару», Бохаев, Экономикалық негіздері 2005ж.
4. «Халықаралық банктік қатынастар», Экономика, Алматы 2005ж.
5. «Банктің қаржы құрылымы», Сұпұғалиев Г.И., Қазақ ұлттық университеті 2005ж.
6. «Банктің рентабелділігін талдау әдістері» Сэулембекова А.Қ., Экономикалық серия 2005ж.
7. «Банк аясындағы инвестициялау», Әл-Фараби Қазақс ұлттық университеті, Алматы 2004 ж.
8. «Банктік қаржылық қадағалау» Жұмабек А. Астана 2006ж.
9. «Банктік менеджментің негіздері» О.И.Лаврушина, Экономика, Алматы 2002ж.
10. «Банктердегі менеджменттің қажеттілігі мен маңыздылығы», Әмірханов Р. Мэтін, Экономика негіздері, Алматы 2006ж.
11. «Банктерде маркетингтік қажеттіліктер» Туланбаев А., Экономика негіздері, Алматы 2005 ж.
12. «Банктің қызметін жетілдіру» Т.Қожасұлы, Астана 2006ж.
13. «Проблемы деятельности коммерческих банков в современном этапе развития экономики» А.Е.Егоров, Денги и кредит, Алматы 1995ж.
14. «Банковское дело и денежно-кредитная политика», Э.Д.Долан, мэскеу 1991 ж.
15. «Банковское дело», О.И.Лаврушин, Мәскеу 2000ж.
16. «Развитя банкоского дело в Казахстане», Г.А.Марченко, Мэскеу 2000ж.
17. «Новейшие банковские технологии», Мәскеу 2000 ж.
18. «Банк және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 31 тамыз 1995 ж.
19. «ҚР ¥лттық Банкінің заң және нормативтік актілерінің жинақтары», Алматы 2000ж.
20. «Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкісінің Жаршысы» 2003ж
21. «Қазақстан 2030» ҚР президентінің Жолдауы
22. «Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазасқтан» ҚР президентінің Жолдауы
23. «Қазақстан ¥лттық Банкі» жылдық есептері 2004-2006ж.
24. «Темірбанктің» жылдық есептері 2004-2006 жж.
25. «Тұран Әлем Банкінің» жылдық есебі 2006ж.
26. «ҚР ¥лттық Банкінің Статистикалық бюллетені», 1996ж., 2000-2006жж.
27. «ҚР ¥лттық Банкінің Қаржылық есебі» 2006ж.
28. «Экономика негіздері» мерзімсдік басылым, Алматы 2004-2006 жж.
29. «Экономикалық трансляция» мерзімдік басылым, Алматы 2005-2006ж
30. «Банки Казахстана», Мерзімдік басылым, Алматы 2000-2007жж.
31. «Банковсие технологии» мерзімдік басылым, Алматы 2002-2005жж.
32. «Қаржы қаражат» мерзімдік басылым, Алматы 2000-2007жж.
33. «Егеменді Қазақстан» мерзімдік басылым, № 5,14,25, 2005ж
34. Банки на развивающихся рынках. 2-т. М: Финансы и статистика., 1998

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

I. ӘЛЕМ ЭКОНОМИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТЕТРІ

1.1 Халықаралық банктер: пайда болуы және атқартын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Дамушы елдеріне көмек көрсетудегі халықаралық банктердің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Экспортты несиелеу және несиелік
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

II. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ

2.1 ЕДБ-р ұғымы және халықаралық қарым-қатынастағы несиелер, олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Екінші деңгейлі банктердің халықаралық несие көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3. Шетелмен салыстырғанда Қазқстанның негізгі банктерінің көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...50

III. ЕКШІШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУ

3.1 Коммерциялық банктердің халықаралық қаржылық қарым-
қатынастарын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..57
3.2 Қазіргі таңдағы банктің қызмет көрсету саласын халықаралық
деңгейде
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..62

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..73

КІРІСПЕ

Бүкіл әлем тарихында орын алған екі дүниежізілік жүйелерінің бір
біріне қарсыласуы және ұлттық- азат ету қозағалысының даму нәтижесінде
капиталды шығарудың жаңа нысаны пайда болды, яғни заемдар, несиелер,
гранттар беру арқылы экономикалық көмек көрсету. Экономикасы дамыған
елдерінің экономикалық көмегі ең алдымен дамушы және өтпелі кезең
экономикасы елдерінде нарықтық құрылымдарды қалыптастыруға, жекеменшік
секторын қолдауға, нарықтық инфрақұрылымды дамытуға, жеке капиталының және
тауарлар мен қызмететрінің экспорттын ынталандыруға бағытталған.
ХХ ғасырдың 60 жж. бастап экономикасы дамыған елдер экономикалық көмек
көрсетуді аса қарқынды жүргізе бастады. Дамушы елдеріне қаржылық көмек
көрсету 90 жж. дейін дамыды. Ал екі дүниежізік қарсыласу тоқтаған соң оның
бағыты өтпелі кезең елдеріне қарай бет бұрды. Екінші дүниежузілік соғыс
біткен соң ең көп салмақты қаржылық көмек көрсететін елдер қатарына АҚШ,
Англия, Франция жатар еді. ХХ ғ. 80-жж. бастап бұл аренаға Жапония шығып
жетекшілік орындарға ие болды. Көмек алушы елдер үшін инвестор- банктердің
кейбір шарттары қолайлы келмегенімен олар халықаралық банктер мен тығыз
байланысты жасауға ұмтылады, себебі олардың қаржылары елдің экономикасын
көтеруде маңызды факторы болып келеді.
Соңғы жылдары дамушы және өтпелі кезең экономикасы елдеріне қаржылық
көмек көрсетуде халықаралық несиелік ұйымдарының рөлі өте маңызды. Ол
халықарылық ұйымдар ішінде Дүниежүілік банк және басқа да регионалдық даму
банктері (Азиялық даму банкі, Африкалық даму банкі, Еуропалық қайта құру
және даму банкі, т.б.).
Халықарылық банктердің басты мақсаты- қарыз алушы елдерінде жекеменшік
кәсіпкерлікті қолдау. Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық
регионалдық банктер өздерінің қаржы ресурстарын ең алдымен энергетика,
көлік салаларының объектілерін құруға, ауылшаруашылықты және білім
саласын дамытуға жұмсайды. Банктік сыйақы мөлшерлемелері сол нарықтарда
орын алған пайыздық ставкалары негізінде белгіленеді. Ал экономикалық дамуы
төмен елдеріне халықаралық банктер несиелерді жеңілдікпен береді.
Халықаралық банктерден алынатын қаржылық көмек экономикалық дамуы
төмен елдерінде сыртқы экономикалық қарыз мәселесінің пайда болуына
әкеліп соқты. Бұл проблема 80- жж. сонына қарай аса күрделенді. Әлбетте,
экономикасы дамыған елдердің де сыртқы қарыздары бар және олардың сомалары
дамушы елдерге қарағанда әлде қайда жоғары, бірақ бұл олар үшін маңызды
проблема емес, себебі олар әрі қарызгер әрі қарыз беруші ( кредиторлар)
болып келеді. Дамушы елдері үшін сыртқы борыш проблемасы аса күрделі
экономикалық проблемаға айналды. Қиын жағдайға Латин Америка елдері
(әсіресе, Мексика, Бразилия, Аргентина) ұшрады, себебі оларда сыртқы
борыш көлемі аса өсіп, олар қарыздың өзін де пайыздарын да уақытылы
төлеуге мүмкіндіктері болмады.
Экономикасы дамыған елдердің үкіметері түсіне бастады, егер қарызгер
елдер өз қарызынан бас тартса, онда олар өз қаражаттарын қайтарып
алалмайды, сондықтан кредитор халықаралық банктер осы мәселені шешу үшін
сыртқы борышты реттеуді, яғни қарыз сомасын төлеудің мерзімін ұзарттады
және жаңа заемдер арқылы көмек береді.
Экономикасы дамыған елдерінде бұл проблемаларды шешу үшін арнайы
бағдарламалар қабылданады және олар сол елдерінің қаржы министрілерінің
атымен аталады, яғни АҚШ Бейкер жоспары, Брейди жоспары, Жапонияда-
Накасоне премьер-министрдің жоспары, т.б. Бұл шаралар сыртқы қарыз
проблемаларының өткірлігін төмендетеді, бірақ сонда да шешілмеген
проблемалар қала береді.
Сонымен, халықаралық банктер әлемдік экономикада үлкен рөл атқарады.
Олардың несиелері арқылы экономикасы төмен дамыған елдер өздерінің қаржылық
базаларын нығайтады және өз елдерінде нарықтық экономиканы тиімді
қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.
Халықаралық банктердің қызметі біздің банк жүйеміздің арқынды дамуына
да өз әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасының банктер жүйесі - ұлттық экономиканың баска
да секторларымен салыстырғанда, нарық талабына сай өзгерістерді жедел
қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш
күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі
бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің
дамуының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейлі банктердің халықаралық
стандартқа өтуімен байланысты Ұлттық банк және Қаржы нарығы мен Қаржылық
ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан
коммерциялық банк қызметтерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне
қойылатын талап күшеюде. Бұған бір жағынан банкаралық бәсеке әсер етсе,
екінші жағынан шетел капиталының енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына
шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық
қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментінің
сапасын халықаралық деңгейде көтерілуін қамтамасыз етеді. Банктер жүйесінің
инфляцияны тежеуде, нақты секторды инвестициялауда, ақша айналымын
ұйымдастыруда, және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын ролі арта
түсті.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктер - клиенттерге әртүрлі қызметтер,
яғни несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын,
кассалық есеп айырысу кызметін жүргізетін, шарушылық субъектілермен
үзеңгілес әрі серіктес болатын, шет мемлекеттермен қарым-қатынаста болатын,
халықаралық валюталық жүйені реттейтін ерекше кәсіпорын.
Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық
және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық
экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы
ретінде жүретіндігі белгілі. Кредиторлар мен қарыз алушылыр ретінде
банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар,
халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Халықаралық несие сыртқы саудада барлық кезеңде үлкен роль атқарған.
Сол себепті экономикалық дамуда халықаралық саудада экспорт пен импорттың
жүзеге асуын, даму үрдісіне сай банктік несиелердің орындалуын бантер,
былайша айтқанда банктердің халықаралық қатынастағы қызметтері жүзеге
асырады.
Халықаралық несие пайызы мемлекеттің несие пайызымен бірдей болмайды,
ол шетел несиелері бойынша ең көп несие тарататын елдердің (Америка Құрама
Штаттары, Жапония және Европаның экономикасы дамыған мемлекеттері)
әлемдік экономика дамуына және сыртқы қатынастарды реттеу
мақсатында бекіткен мемлекеттердің мөлшерлемелері бойынша есептелінеді. Бұл
мөлшерлемелер Қазақстан үшін тиімді болып отыр, өйткені халықаралық несие
пайызының мөлшерлемесі біздің банктерімізге төмен пайызбен келеді.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше
болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда ақша аударымдарын тез арада әлемнің барлық нүктелеріне
аудару жүейесі дамыған. Банктердің ақша аударын жүйелерін дамытуы оның
халыхаралық қатынастарын жеңілдетеді, яғни шет мемлекеттермен жұмысы тез
әрі орнықты жүріп отырады. Сол себепті әлемде халықаралық деңгейде
орындалатын ақша аударым жүйелері қалыптасқан, олардың бірнеше түрлері
төменде атқаратын қызметі, алатын сыйақысы жайлы, аударымды орындайтын
қашықтық жайлы толық айтылып өтеді.
Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің жетілдірілуі мен дамуы -
Ұлттық банк пен Халықаралық валюталық қор және Дүниежүзілік банктің бірігіп
анықтаған сртатегиясымен жүргізіледі. Сол себепті қазіргі таңда банкаралық
есеп айырысу, банктердің шетелдік қарым-қатынастарын жүзеге асыру үшін,
бүкіләлемдік ақша аударымдарын орындау үшін барлық банктік жобалар
қолданылуда. Төлем міндеттемелерін орындау ұзақ және қысқа мерзімді болып
орындалады және телекоминикациялық ақпараттар мен төлем жүйесін жүзеге
асыру екінші деңгейлі банктердің құзырында болады.
Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері Western
Union, Аnеlіk, Лидер, Моnеуgrаm халықаралық ақша аударым жүйелеріне
қосылған. Бұл бағыт банктердің жеке тұлғаларға көрсететін қызметінің
дамығандығын білдіреді.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсаттар:
• Халықаралық банктердің пайда болуын, түрлерін, құрылымын зерттеу;
• Халықаралық банктердің негізгі қызметтерін белгілеу;
• Әлем экономикасына халықаралық банктердің әсерін анықтау;
• Халықаралық банктердің қазіргі жағдайын таладу;
• ҚР банк жүйесімен халықаралық банктердің қарым- қатынастарының негізгі
бағыттарын анықтау;
• Халықаралық банктердің тәжірибесін зерттеу және ҚР банк жүйесінде оны
қолдану жағдайларын қарастыру.
Жұмыстың объектісі. Жұмыстың объектісі болып халықаралық банктердің
қызметі болып табылады. Жұмыста ҚР статистткалық агенттігінің, интернет
сайттарының деректері пайдаланған.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен құрылған.

I. ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТЕТРІ

1.1. Халықаралық банктер: пайда болуы және атқаратын қызметтері

Ақшалай нарықтағы өзгерістер әр қашанда бүкіл экономиканың жалпы
жағдайына тез әсерін тигізеді.
1990-жж. Бреттон- Вудс жүйесі дағдарысқа ұшрады, сондықтан халықарылық
қаржы ұйымдарының қажеттілігі және экономикадағы рөлі туралы тағы да
әнгімелер пайда бола бастады. Ең алдымен Халықаралық Валюта Қоры туралы.
Бірақ көптеген әлемдік эксперттерінің ойы бойынша әлемдік экономиканы
реттеп отыру үшін міндетті түрде ірі халықарылық қаржылық институттары
қажет, яғни халықаралық банктер.
Халықаралық валюта қоры көптеген қызметері мен қатар бүкіл әлем
экономикасының даму қарқынын қадағалау қызметін атқарады және 182 мүше-
елдерінде макроэкономикалық жағдайына бақылау жасайды. Негізінен алғанда
бүкіл ілем экономикасын дамуын қадағалау үшін бірнеше халықаралық ұйымдар
құрылған (сурет 1)

Халықаралық Валюта қоры Әлемдік банк тобы (құрылымдық
(макроэкономикалық саясат) саясат)
Дүниежүзілік сауда ұйымы ( сауда Біріккен Ұлттар Ұйымы (әлеуметтік
саясаты) саясат)

Әлем банкі құрамына келесі ұйымдар кіреді:
• Халықаралық қайта құру және даму банкі;
• Халықаралық даму Ассоциациясы (159 мүше- елдер) ;
• Халықаралық қаржы корпорациясы (170 мүше- елдер);
• Инвестициялық спорларды реттеуші Халықаралық орталығы.

Олардың басты мақсаты- дамушы және өтпелі кезең экономикасы елдеріне
құрылымдық саясатты жүргізу үшін, яғни қаржылық секторында реформаларды
жасау, еңбек нарығын қолдау, қоршаған ортаны қорғау, білім саласын
жетілдіру үшін несиелерді беру.
Халықаралық қаржылық институтатрының қызметтерінің бағытын халықаралық
қоғамдастық белгілейді. Барлық халықаралық экономикалық қатынастар
халықаралық ұйымдарының тарапынан реттеліп отырады.
Негізінен алғанда халықаралық ұйымдарының түрлері өте көп
болғандықтан, оларды атқаратын қызметтеріне қарай жіктеуге болады:
• Мемлекеттердің Кеңестік топтары;
• Универсалдық халықаралық ұйымдар;
• Салалалық халықаралық ұйымдар;
• Регионалдық халықаралық ұйымдар;
• Банктік халықаралық ұйымдар.
Біз өзіміздің зерттеуімізде банктік халықаралық банктік ұйымдарына
назар аударамыз.
Бұл банктердің құрамына кіреді:
• Халықаралық есептеулер банкі;
• Скандинавилық инвестициялық банк;
• Латинамерикалық экспорттық банк (BLADEX).
Халықаралық банктер арасында жекеше топты құратындар халықаралық даму
банктері:
• Еуропалық қайта құру және даму банкі (EBRD);
• Африкалық даму банкі (ADB);
• Америкааралық даму банкі (LaDB);
• Скандинавалық даму банкі (NDB);
• Исламдық даму банкі (IDB);
• Кариб елдерінің даму банкі (CDB), т.б.

Даму банктерінің өзгешілігі- олар регионалдық сипатта болады және
барлық іс- әрекеттері мүше- елдерінде басқа да банктер мен бірлесіп жаңа
жобаларды қаржыландыру. Бірақ бұл жерде өзекті мәселеле – көптеген несиелер
( жеңілдікпен, төмен банктік сыйақылармен берілгеніне қарамастан) уақытылы
қайтарылмайды. Нәтижесінде кейбір дамушы елдерінің даму банктері
банктіроттыққа ұшрап отыр.
Бұл халықаралық банктердің атқаратын қызметтері:
• Экономиканың барлық салаларында экономикалық реформаларын тиімді
жүргізуге қаржылық көмек көрсету;
• Мүше- елдерінде болып жатқан макроэкономикалық процестерді
қадағалау;
• Бантік қызмет саласының заңдылығана бақылау жасау.

Халықаралық банктер экономикасы төмен дамыған дамушы және өтпелі кезең
экономикасы елдеріне несиелер беру нәтижесінде ол елдерінде сыртқы қарыз
проблемасы туындайды.
Сыртқы борыш проблемалары халықаралық ұйымдарының кейбіреуелірінде
мониторинг жүргізудің негізгі түіні болып келеді. Мысалы, Париж және Лондон
клубтары сыртқы борышты реттеу мәселелерімен айналысады, ал Әлемдік банк
және экономикалық қарым- қатынас жасау және даму Ұйымы қарыз берушінің де
қарыз алушының де сыртқы қарызы жөнінде барлық статистикалық мәлімететрді
жинап, талдайды.
І. Париж клубы (Paris Club)- 1956 ж. құрылған кредитор-
мемлекеттердің үкіметтерінің бейресми ұйымы. Оның қызметі: мемлекеттік
борышты қадағалау және қарызгер мемлекеттерінде мемлекеттік қарыздарды
реттеу үшін арнайы келісімдерді жасау.
Париж клубында қатан ұйымдық құрылым қарастырылмаған және мүше болғысы
келген және ол клубтың қағидаларымен келісетін барлық кредитор- елдер ол
мақсатына жете алады. Париж клубының төрағасы қызметіне әдетте- Францияның
қаржы министрілігінің жоғары лауазымды шиновнигі тағайындалады. Клубтың
шағын жатшылығы франциялық қазынашылықта орналасқан.
Париж клубының басты мақсаты- қарыз алушылармен көпжақты кездесулерді
жасап, олардың сыртқы экономикалық қарзы мәселелерін реттеу. Париж клубының
негізгі мүшелері- экономикасы дамыған еледрі. Көптеген ұйымдастырылған
кездесулер нәтижесінде борышты өтеу жөніндегі жаңа мерзімдері, шарттары
көрсетілген арнайы Келісім Хататмасы толтырылады (Agreed Minutes). Бұл
құжат амалса асады, егер екі жақтар бірлесіп бір шешімге келсе.
Кейбір уақыт өткен сайын Париж клубы дамушы елдеріне тиісті қарыздарды
қарастырудың шарттарын бақылайды:
• Торонталық шарттар. Олар 1988- 1991 жж. аралығында орын алған.
Бұл шарттар келесі жағдайларды ескертеді, яғни:
- таза қарыздың 33 % жойылады, ал қалған сомасы келесі 14 ж. қайта
көшіріледі, оның ішінде 8 жылға жеңілдік қарастырылған;
- қарыз қайтару мерзімі 25 ж. дейін ұзарттылады, оның ішінде 14
жеңілдпен қарастырылған;
- жеңілдікпен банктік сыйақы ставкасын белгілеу ( ставка 3,5
пункке төмендетіледі).
Бұл шарттар дамушы елдеріне түскен қаржылық қарыздың ауртпалығын
төмендетуге мүмкіндік береді.

*Лондонддық шарттар. Олар 1991-1994 жж. аралығында орын алған.
Бұл шарттар келесі жағдайларды ескертеді, яғни:
- таза қарыздың 50 % жойыа тастау, ал қалған соманы 23 ж.
жеңілдікпен қалдырылады;
- қарыздың шығындылығын қысқарту;
- коммерциялық нұсқа 25 ж. оның ішінде 16 жеңілдікпен банктік
сыйақы ставкасы қарастырылған.
ІІ. Лондон клубы- аса ірі кредитор- банктерінің кеңестік комитеті. Бұл
жерде қарыз болған мемлекеттердің үкіметтерімен кездесулер жасайды. Барлық
кредиторлар атынан бір мүше банк шығады. Лондон клубы да қатан ұйымдық
құрымда құрылмаған. Оның мүшесі кез келген кредитор банк болуы мүмкін. Мүше
болуы үшін қойылған шарт- ХВҚ экономикалық реформаларын жүргізуде қойылған
шарттарын қабылдау. Қарыздарды өтеу үшін тек таза қарыз сомалары
қарастырылады, ал пайыздық сомаларын келесім- шарт жасау кезіне толығымен
төленуі тиіс. ХХ ғ. 90 жж. Лондондық клубының мүшелері Аргентина, Боливия,
Бразилия, Болгария, Мексика, Нигерия, Филиппин; Польша , т.б. елдерінің
мемлекеттік борыштарын қарастырған.
Әлемдік экономикада әсіресе банктік секторды реттеу сферасында маңызды
орынды Халықаралық есептесулер банкі алады.
Халықаралық еспетесулер банкі (БМР)– (Bank for International
Settlements - BIS) 1930 ж. құрылған және 41 мүше- елдері бар ( Ресейді қоса
алғанда)
Негізігі қызметтері:
-орталық банктеріне валюталық резервтерін тиімді басқаруын қамтамасыз ету
үшін көптеген банктік операцияларын жасау;
- халықаралық валюталық қарым- қатынастарын жетілдіру үшін арнайы
форумдарды жасайды;
-халықаралық қаржылық келісімшарттарында қаржылық агент қызметін атқарады;
-Орталық банктері үшін ақша – несие саясатына қажетті зерттеулерін
жүргізеді.
Құрылымы:
-Генералдық жиналыс – бір жылда бір рет маусымның екінші дүйсенбісінде
өткізіледі, банктің басты саясатын анықтайды;
-Директорлар кеңесі (Бельгия, Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, АҚШ
т.б. орталық банктерінің төрағалары кіреді) – ағымды саясатпен айналысады.
БМР балансы әлі ге дейін швейцар франкінде есептелінеді. Банктің
жарғылық капиталы 1,5 млрд. алтын франк құрайды және 600 мың акцияға
бөлінген. 1 алтын франк = 0,29 г таза алтын = 1,94 АҚШ дол.
БМР бүгінгі күнде банктік секторының нормативтік актілерін қатан
қадағалайды. Ол үшін БМР құрамында келесі үш комитететер құрылған:
- банктік бақылау жүргізу үшін Базельдік комитет;
- банктік төлемдерді және есептеулерді жүргізу үшін Базельдік
комитет;
- евровалюта жөнінде Үнемі қызмет ететін комитет.

1.2. Дамушы елдеріне көмек көрсетудегі халықаралық банктердің рөлі

Екінші дүниежізілік соғыстан соң кейбір мемлекеттердің
капиталының экпорттының ұлғаюына байланысты халықаралық ссудалық
капиталдың сыртқа шығуы өрістеді. Капиталды сыртқа шығарудың басты мақсаты-
дамушы елдеріне экономикалық көмек көрсету. Бұл іс- әрекеттерде халықаралық
несиелік ұйымдары арасында басты рөлді Дүниежүзілік банк және оның құрамына
кіретін бірнеше ұйымдар және регионалдық банктер, интеграциялық топтасу
негізінде құрылған банктер атқарды.
Дүниежүзілік банк- екі ұйымдан құрылған халықаралық несиелік құрылым
болып табылады. Оның құрылымына бірыңғай басқаруға негізделген банктер
кіреді:
• Халықаралық Қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ);
• Халықралық Даму Ассоциациясы (ХДА).
Бұл құрылымдар қарыз алушы – мемлекеттер үкіметіне несиелік
қаражаттарын ұсынады. Бірақ ең алдымен эуономикалық- әлеуметтік сипаттағы
жобаларды қаржыландыруға, яғни сол мемлекеттердің тұрғын халқының
эконмикалық- әлеуметтік хал- ахуалын көтеруге дамушы елдерідің үкіметтеріне
береді. Бұл ұйымдарының құрамына Халықаралық Қаржылық Корпорациясы,
Инвестицияларды гарантайтын Халықаралық Агенттігі және инвестициялық
қақтығусыларды реттейтін Халықаралық орталық кіреді.
Халықаралық Қайта құру және Даму банкі 1944 ж. Бреттон-Вудс (АҚШ)
өткізілген БҰҰ конференциясының шешімі бойынша құрылған Халықаралық валюта
Қорымен бір мезгілде құрылған болатын. Қазіргі кезде ХҚҚДБ құрамына 183
елдер мүше болып табылады. ХҚҚДБ мүше болу үшін елдер міндетті түрде ХВҚ
мұшесі болуы тиіс. Ресей ХҚҚДБ мүшелері қатарына 1992 ж. қабылданды.
ХҚҚДБ құрудың негізгі мақсаты- ұзақ мерзімді заемдарды, несиелерді
және жекеше инвестицияларға кепілдеме беру арқылы сол мемлекеттердің
экономикалық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
ХҚҚДБ несиелерді тек несиелік қабілеттілігі жоғары елдерге мемлекеттік
кепілдемесімен қамтамасыз етілген, жоғары рентабелді маңызды жобаларға
несиелерді береді, яғни үкіметке, мемлекеттік ведомствоваларына және жекеше
кәсіпорындарға. Алғашқы кезде соғыстан соң өздерінің экономикаларын өз
қалпысына келтіру үшін ХҚҚДБ несиелерді аса ірі көлемде Шығыс Еуропа
мемлекеттеріне берді. Кейінгі жылдары барысында ХҚҚДБ несиелерді дамушы
елдердің экономикалық жағдайын дұрыстауға бағыттады.
ХҚҚДБ жарғылық капиталы мүше- елдердің оның акцияларын сатып алудан
құрылады. ХҚҚДБ құрылтайшылық пайларының 44 % жоғарысы экономикасы дамыған
жетекші мемлекеттерге тиесілі, яғни АҚШ, Жапония, ГФР, Ұлыбритания,
Франция, Канада, Италияға. ХҚҚДБ ең жоғары басқару органы басқарушылардың
Басқарамасы болып табылады, ал атқарушы орган- Директорларының Кеңесі болып
табылады. Тағайындалған 24 директорының ішінде 5 директоры экономикасы
дамыған мүше елдерінің үкіметтерімен, яғни ірі акционерлерімен (АҚШ.
Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания) тағайындалады. Қалған 19
директорлар басқа елдерінің шешімімен тағайындалады. Банкті Президент
басқарады. Кеңестік отырыстары 1 жылда бір рет өткізіледі. Ол жерде
мемлекеттердің Қаржы министрлері және Орталық банктердің төрағалары
қатысады. Әр бір мүше- елдің даус беру құқығы ХҚҚДБ акцияларындағы үлесіне
тәуелді. Сонымен бірге ХҚҚДБ құрамына экономикалық дамуды қамтамасыз ету
үшін және дамушы елдеріне қаржыларды бөлу жөнінде проблемаларды шешу үшін
ХҚҚБД және ЖВҚ арнайы министрлік комитеті құрылған.
Алғашқы кезде ХҚҚДБ капиталы 10 мрлд. доллардан аспаған, кейінгі кезде
ол 78 млрд. долларға, одан соң 2002 ж. қарай 191 млрд. долларға жетті.
ХҚҚДБ қаржыландырылуының негізгі көзі- ссудалық капитал нарығында бос
қаражаттарды тарту. Көптеген жекеменшік коммерциялық банктер және басқа да
несиелік ұйымдары ешқандай экономикалық тәуекелдіктерге бармай жоғары
проценттік табысты алу мақсатында ( өсім 6 % бір жылда) банктің
облигациаларына қаражаттарын орналастырып отырады. ХҚҚДБ әр қашанда
несиелік қабілетілігі жоғары клиенттеріне (үкіметке, мемлекеттік
ұйымдарына, мемлекеттік кепілдемесі бар жекеменшік кәсіпорындар) несие беру
арқылы аса ірі көлемді таза табысқа жетіп отырады. Мысалы, 2005 ж. ЖҚҚДБ
таза табысы 2,5 млрд. долларынан асып тұр, ал жаңа заемдар 12,1 млрд.
долларға берілді.
Әдетте, банк несиелік объектісінің құнының 30 % дейін несие береді, ал
қалған соммалар басқа ішқі және сыртқы көздері есебінен қаржыландырылуы
тиіс. Бұл несиелер жоғары банктік сыйақы ставкаларымен 20 ж. дейін
беріледі. Банктік сыйақы ставкалары сол кездегі ссудалық капитал нарығында
қалыптасқан сұраныс және ұсыныс негізінде беріледі. (сурет 2)
Соңғы жылдары экономикасы дамыған мемлекеттерде бакнітік сыақы
ставкалары күрт өзгеріс ұшрағаны жоқ. Бұл жағдай сол елдердегі инфляцияның
бірқалыпты болуының кепілі.

Сурет 2. Экономикасы дамыған мемлекеттерінде банктік сыйақы
ставкасының 1991-2005 жж.серпіні ( орташа жылдық пайыз).[1]
Соңғы он жылдар ішінде ХҚҚБД несиелерінің көбі мемлекеттік басқаруды,
заңдық- құқықтық жүйелерді, қаржы жүйесінің дамуын қаржыландыруға ұсынылып
отыр. Қалған несиелер энергетика, көлік, байланыс, инфрақұрылымның басқа
салаларына және жергілікті мен шетелдік капиталдары үшін қолайлы
инвестициялық климаты жасауға бағытталып отыр.
Мысалы, 2006 ж. ХҚҚДБ қаражаттырының:
• 31 % - мемлекеттік басқаруды және құқықытық органдарды
қаржыландыруға жұмсалды;
• 18 %- қаржы жүйелерін қаржыландыруға;
• 13 %- көлік саласына;
• 12 %- деңсаулық сақтау, т.с.с.;
• 7 %- білім беру;
• 6 %- энергетика және тау кен;
• 5 %- сауда;
• 5 %- аш;
• 2 %- сумен қамтамасыз ету;
• 1 %- ақпарат және байланыс саласына берілген.

Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтеріне қарайтын болсақ, онды
байқауға болады ХҚҚДБ несиелерінің ең көр үлесі Қытайға ( 18,1
млрд.доллар), Мексикаға (13,9 млрд.доллар), Индонезияға (12,6
млрд.дол.), Бразилияға (12,0 млрд.дол.), Индияға (11,2 млрд.дол.),
Аргентинаға (10,4 млрд.дол.), Турцияға (8,9 млрд.дол.), Ресейге (8,3
млрд.дол.), Корея Республикасына ( 7,8 млрд.дол.), Филипин аралдарына
(4,2 млрд.дол.). Осы аталған мемлекеттерге берілген несиелердің 60 %
тиесілі. (сурет 3)

Сурет 3. ХҚҚДБ 2006 ж. несиелерінің мемлекеттік құрылымы, (млрд.доллары)

ХҚҚДБ негізгі мақсатының бірі – бұл берілген қаражаттарды тиімді,
табысты пайдалуын қадағалау. Дамушы елдерге берілген несиелер кез келген
мүше елдерінің тауарлары мен қызметтерін сатып алуға жұмсалуы мүмкін.
ХҚҚДБ несиелерді беруден басқа дамушы елдеріне техникалық көмек те
көрсетеді.
ХХ ғасырдың 50-60 жж. тағы үш халықаралық банктер пайда болды. Олар:

• 1959 ж. - Америкааралық даму банкі (Межамериканский банк развития);
• 1963 ж. – Азиялық даму банкі (Азиатский банк развития);
• 1964 ж. – Африкалық даму банкі (Африканский банк развития)
Бұл банктердің негізгі қызметері мен мақсаттары:
• банктердің регионалдық мүше- елдеріне өз елдерінде экономикалық
және әлеуметтік прогрессті дамыту үшін заемдар мен несиелерді
беру;
• даму жобараларын және бағдарламаларын іске асыру үшін нақты
техникалық көмек көрсету;
• мемлекеттік және жеке инвестицияларды елдердің экономикасын
дамытуға жұмсалуына ынталандыру.
Бұл үш банктердің мүше- елдері қатарына региондық мемлекеттерден
басқа донор қызметін атқаратын региондық емес мемлекеттер де кіреді, яғни
АҚШ, Канада, Жапония, Батыс Еуропаның көптеген елдері. Бұл елдердің қатысуы
өз кезегінде банктердің қаржылық базасын ұлғайтады.
Америкааралық даму банкі тобы құрамына автономдық филиалы ретінде
Көпжақты инвестициялық қор (Многосторониий инвестиционный фонд) қызмет
етеді. Оның қызметіне Латин Америка мемлекеттерінде жаңа прогрессивті жеке
кәсіпорындарды құруды қолдау, басқа жеке кәсіпорындарды модернизациялау
немесе қайта құруды ынталандыру жатады.
Африкандық даму банкі тобы құрамына африкандық даму қоры және Нигерия
үкіметінің қаражаты есебінен құрылған Нигерияның Сенімді қоры кіреді.
1971 ж. араб елдері үшін өте маңызды экономикалық жобаларды
(проектілерді ) және бірлескен арабтық жобаларды қаржыландыру үшін
жеңілдіктер қарастырылған шарттары негізінде субсидиялары мен заемдарды
ұсынады.
1973ж. Африканың экономикалық дамуының Араб банкі құру жөнінде шешім
қабылданды. Ол өз қызметін 1976 ж. бастап атақара бастады. Оның мақсаты-
арабтық емес африкандық мемлекеттеріне қаржылық көмек көрсету.
Басқа да көптеген дамушы елдерінде Даму банктері құрылды. Мысалы:
• Экономикалық интеграцияның Орталықамерикандық банкі;
• Карибалық даму банкі;
• Шығысафрикалық даму банкі;
• Батысафрикалық даму банкі;
• Ортаафрикалық елдерінің даму банкі;
• т.б.
1991 ж. экономикасы өтпелі кезең елдерінің ( Орта және Шығыс Еуропа,
ТМД) ашық нарықтық экономикаға өтуін , жеке меншікті және кәсіпкерлікті
қолдауды қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық қаржылық ұйм құрылды-
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ).
ЕҚҚДБ осы региондың 27 мемлекеттіне құрылымдық, салалық экономикалық
реформаларын жүргізуге қаржылық көмек көрсетеді. Сонымен бірге әр түрлі
экономикалық даму сатысында тұрған тәуелсіз елдеріне нарықтық бәсекені
дамытуға, жекешелендіру процестерін тиімді жүргізуге және тұрғын халықтың
тауарлар мен қызметтеріне қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін
қаржылық көмек көрсетеді.
Банкі өзінің инвестицияларын жекеменшік секторының дамуына, қаржылық
ұйымдарының және құқықтық жүйелерін қалыптастыруға, жекеше сектордың
инфрақұрылымын дамытуға жұмсайды. ЕҚҚДБ басқа да қаржылық ұйымдарынан
тікелей шетелдік инвестицияларын келуіне жағдай жасайды.
ЕҚҚДБ мүше- елдері қатарына еуропалық және еуропалық емес 60
мемлекет кіреді. Еуропалық емес елдер: АҚШ, Жапония, Австралия, Жаңа
Зеландия, Израиль, Корея Республикасы, Мексика, Египет, т.б. ЕҚҚДБ құрамына
Еропалық Одақ және Еуропалық инвестициялық банкі де кіреді. ЕҚҚДБ
капиталының жалпы көлемі 2002 ж. 19,9 млрд.евро, 2006- 22,3 млрд.евро асты,
оның ішінде төленген капитал сомасы – 5,2 млрд.евро және 5,8 млрд.евро.
ЕҚҚДБ қаржы көздері басқа банктердің көздері сияқты, яғни жарғылық капитал,
сырттан тартылған қаражататтар, алдын берілген несиелері немесе
кепілдемелері бойынша сыйақылар, инвестициялық қызметтен табыстар, т.с.с.
Банк өз қызметін коммерциялық есеп негізінде атқарады, яғни несиелерді
нарықтық пайыздар негізінде (тәуекелдік деңгейін есепке алып) ұсынады.
Басқа да қаржылық құрылымдарды жобаларды қаржыландыруға тарту банктің
ресурстық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Өзінің қызмет ету мерзімінен
бастап (1991 ж.) ЕҚҚДБ өзіне алған міндеттемелерінің сомасы 2002 ж. сонына
қарай 21,6 млрд.евро, 2006ж.- 22,1 млрд.евро құрады. Сол жылдары РФ келетін
міндеттемелер- 1,5 млн. евро құрды. Ресейде және Қазақстанда 1998 және 1999
жж. орын алған қаржылық дағдарыс нәтижесінде ЕҚҚДБ ассигнацияларының үлесі
1997 ж. 32 % құраса бір жылда 23% дейін төмендеді . Ал бірақ 2002 ж. бастап
олардың үлес салмағы 33 % аса түсті. ЕҚҚДБ қызмет ету барысында Ресейде 152
жоба қаржыландырылған.
Қорыта айтқанда, экономикасы дамыған елдерінен қаржылық қаражаттарды
дамушы елдеріне қарай, ал соңғы он жылдарында өтпелі кезең экономикасы
елдеріне қарай бағыттауда халықаралық банктердің рөлі өте маңызды болып
келеді.
Экономикасы дамыған мемлекеттерден несиелер алу ( экономикалық көмек)
алу нәтижесінде көптеген елдерде сыртқы борыш деген түсінік пайда болды
және мұндай даму бағытының нәтижесінде ХХ ғ. 80 жж. Халықаралық несиелік
қатынастары дағдарысқа ұшрады. Ең алдымен қиын жағдайға дамушы елдерінің
экономикасы ұшрады. 1985 ж. дамушы елдерінің сыртқы қарызы 1 трл. дол. асып
кетті. Олардың ішінде Латин Американың елдері -380 млрд.дол. халықаралық
банктеріне қарыз болды:
• Бразилия- 103,5 млрд.дол;
• Мексика- 97,7 млрд.дол.
• Аргентина- 50,8 млрд.дол.
Аталған елдер халықаралық банктеріне тек банктік сыйақыны 122 мдрд.
Дол. төлеуіне тиіс болды. Ол дегеніміз сол елдерінің экспорттының 40 %.
Бұл ситуация негізінен 1974- 1975 жж. басталған еді. осы кезде сол
елдерінің экономикасы дағдарысқа ұшрағаны нәтижесінде халықаралық несие
алуға мәжбүр болды.
Халықаралық банктерден несие алудың негізін АҚШ банктерінде
оранластырылған мұнайдолларлары құрады. Аса ірі көлемде проценттер алу
мақсатында ірі көлемде ақшалай капитал бір елден бір елге көшіріліп отырды.
Ал сыртқы экономикалық жағдай тқрақсыз болып тұрды. Нәтижеде көптеген
коммерциялық банктер банктроттық ұшрай бастады.
1980ж. ОПЕК мүшелері төлем балансының оң нәтижесі болса (110
млрд.дол.), 1982 ж. төлем балансы тапшылыққа ұшырады (15 млрд.дол.). Дамушы
елдерінің кәсіпкерлері дамыған елдерінің банктерінен өздерінің капиталын
қайтып ала бастады. 1999 ж. бастап мұнайдың бағасы өсуінің нәтижеінде бұл
елдерінің экономикалық жағдайы дұрысталды. Төлем баланстары оң нәтижелермен
аяқталды. 2005 ж. ОПЕК мүшелерінің балансы 135 млрд. дол. артығымен
қорытындыланды.

1.3.Экспортты несиелеу және несиелік саясат

Нарықтық экономика жағдайында сыртқы экономикалық қатынастарды (СЭҚ)
ынталандыруда қолданатын несиелік әдістері ( қаржыландыру, кепілдеме
берулер және сыртқы экономикалық қатынастарды сақтандыру) мемлекеттік
механизмінің бірнеше ерекше сипаттарын көрсетеді:
• Ынталандыру жүйесі ең алдымен мемлекеттік экспорты дамытуға
арналған шаралар тығыз байланысты;
• әдетте, мемлекеттің қызметінің бұл түрін бақылау және басқару
үшін бірыңғай ұйымдастырушылық механизмі қолданылады;
• сыртқы экономикалық қатынастарды реттеуде көптеген халықаралық
ұйымдарының іс - әрекеттері есепке алынады және ол іс- әрекеттер
осы уақытта қалыптасқан жағдайларды ескеруі тиіс.
Сыртқы экономикалық қатынастарды қаржыландыру процестеріне әдетте
көптеген коммерциялық банктер қатысады, сондықтан кейбір мемлекеттерде
экспортты мемлекеттік несиелеу жүйелері құрылымына жеке меншік коммерциялық
банктердің несиелерін кепілдемемен қамтамасыз ету және банкті шетелдік
сатып алушының немесе оның банкі тарапынан міндеттерді орындаудан бас
тартудан сақтандыру механизмі қолданады.
Батыс елдерінің сыртқы экономикалық қатынастарды мемлекеттік қолдау
үшін қолданатын несиелік саясаттың негізін сол мемлекеттердің өзінің бизнес
қызығушылығын сақтауға арналған саяси және экономикалық мақсаттары
құрайды. Ол мақсаттар ішқі, жалықаралық қарым- қатынастарының өзгеруіне,
мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатының міндеттерінің өзгеруіне
тәуелді.
Көптеген мемлекеттерде осы іс - әрекеттермен айналысатын арнайы
несиелік ұйымдары қызмет етеді.
Мысалы, АҚШ –та Эксорттық- импорттық банк (ЭИБ) шетелдік
сатыпалушыларға немесе сауда делдалдарына американдық инвестициялық ұзақ
мерзімді (5-10 жж.) сонымен бірге аса құнды ( сомасы 5 млн.доллардан кем
болмауы тиіс) тауарларды немесе қызметтерді сатып алуға ұзақ мерзімді
несиелерді ұсынады. Бұл несиелер бойынша банктік сыйақы ставкасы ссуданың
мерзіміне және импортер- елдің экономикалық даму деңгейіне байланысты
анықталады.
Орта мерзімді несиелер ( 5 млн. долларға дейінгі сомма) 6 айдан 5
жылға дейін банк- экспортерге беріледі, еген ол тауар АҚШ- та өндірілген
болса және экспортер осы тауарларды өндіруде мемлекеттік қолдау
көрсетілетін шетелдік бәсекелестер бар туралы нақты мәліметтерді ұсынса.
Аграрлық өнімдерді (әдетте) АҚШ- тың Ауылшаруашылық министрілігі
құрамындағы Сауда- несиелік корпорациясы несиелейді.
Жапонияның Экпорт- Импорттық банкі несиелерді коммерциялық банктермен
бірлесіп ұсынады. Жапонияда құрал- жабдықтаушаларға берілетін несиелер
жалпы нессилер портфелінде 70 % ал сатыр алушыларға берілетін несиелер 60 %
құрайды. Бұл несиелер бойынша банктік сыақы ставкалары нарықтық
ставкаларынан төмен болып келеді және олар 7-11 % мөлшерінде бекітіледі.
Несиелеу мерзімі 6 айдан 15 жылға дейін мерзімді құрайды.
Францияның банкі сыртқы сауданы несиелеуде экспорттық келісімдері (
контракттың 100 % құны) мен экспортық өнімдердің өндірісін құнының 90 %
дейін несиелейді.
Италияда ортамерзімді экспортық несиелер бюджеттік қаражаттар есебінен
орта мерзімді Орталық институтының (арнайы құрылған) арнайы қоры арқылы
беріледі.
Ұлыбританияда экспортты несиелеуді экспорттық несиелерге кепілдеме
беретін арнайы Департамент жасайды.
Мемлекеттің экспорттының көлемінің ұлғаюуына байланыстырылған
заемдер мен несиелер саясаты жауапты болып келеді. Бұл саясат тікелей
зайымдарды және несиелерді шетелдік қарыз алушыларына сол елдердің
(кредиторлардың) тауарларын сатып алу үшін беруді көздейді.
Мемлекеттік ұйымдары берілген қаражаттарын қайтарылуын қамтамасыз
етуге тырысады. Сондықтан, олар бөлінген қаражаттардың мақсатты қолдануын
талап етеді және сатып алынатын тауарларды қадағалайды.
Мысалы, АҚШ та белгілі бір объектті қаржыландыруда АҚШ тың Экспорт-
импорттық банкі сол жобаның құру үшін қажеттілігін, техникалық жасалынуға
мүмкіндік бар екенін растайтын құжаттаманы талап етеді. Онымен бірге банк
қарыз алушының несиелік қабілеттілігін толығымен және оның мемлекет үшін
қолайсыз жағдайларды тудырмайтынын тексереді.
Бұл бағытта атқарылатын жұмыстарда компетенттік мемлекеттік басқару
ұйымдарының (АҚШ тың Сауда Министрлігі, Жапонияның сыртқы сауда және
өнеркәсіп Министрлігі, т.с.с.) көмегімен тапшылықта тұрған тауарларды
несиелеуге шектеу қою, ал артықшылығы бар тауарлар бойынша сауданы кеңейту
саясаты қолданылады.
Қазіргі кезде Батыс елдерінде сыртқы экономикалық саясат, әсіресе
несиелік саясат келесі прогрессивтік салаларының тауарларын экспортталуын
кеңейтуге бағытталған. Ол салалар:
• авиациондық техника;
• атом электростанкицялары;
• оларға жанармай өндіретін;
• құрылыс.
Сонымен бірге бұл елдерде алдын ала жобаларды құрудың
бағдарламаларының технико- экономикалық зерттеулері қаржыландырылады.
Қазіргі несиелік саясатының күрделі бағыты- кредитор- елді қажетті
шикізаттық ресурстарымен қамтамасыз етуді қолдау. Сол үшін шикізатты өндеу
(әсіресе стратегиялық материалдарды) салалары көп несиеленеді.
Батыс елдерінің қазіргі несиелік саясатына ол елдердің үкіметінің
саяси мақсаттары әсер етеді. АҚШ-тың Экспорттық- импорттық банкі
құрылуынан бастап өзінің қызметінің негізгі мақсаты- ҚСРО мемлекетіне
басымдылық көрсету деп көздеді.1934 ж. ҚСРО- ға несие берудің
алғышарттарының бірі болып – бұрынғы ( патшалық Ресей және Уақытша үкімет
кезіндегі) қарыздарын өтеу болып табылатын. (Ол қарыздарды Кеңес Үкіметі
1918 ж. жойып тастаған болатын). 1939- 1940 жж. АҚШтың Экспортық- импорттық
банкі Финляндия мемлекеттіне ҚСРО мемлекетіне қарсы саясатты қолдауды
қаржыландыру мақсатында үлкен көлемде несиелер ұсынған.
Сыртқы мемлекеттік несиелеудің саяси бағыты АҚШтың басқа Батыс
еуропалық елдері арасындағы қарым- қатынастарының ағымында да көрінеді. АҚШ-
тың Экспорттық- импорттық банкісінің несиелері есебінен Екінші
дүниежүзілік Соғыстың соңына қарай ленд- лиз бойынша келтірілмеген
тауарлардың сомасы қаржыландырылған ( Францияға, Бельгияға, Голландияға
несиелер). Соғыс біткен соң қайта құруға арналған (реконструктивтік)
несиелер Францияға, Голландияға, Италияға, Норвегияға, Бельнияға,
Финляндияға, Польшаға, Грецияға, т.б. берілген. Шығыс Еуропа алдерінің
соғыстан кейінгі экономикасын тиімді қалпына келтіруде АҚШтың көздеген
мақсаттары ( Маршал жоспары негізінде) саяси және экономикалық сипатта
болатын.
Кейбір мемлекеттерге төлем баланстары қолайсыз жағдайына ұшраған
кездерінде берілген несиелері де саяси мақсаттарды көздейді.
Батыс мемлекеттердің несиелік ресурстары есебінен дамушы елдердің
банктері батыс тауарларының және қызметтерін қаржыландыруға майда және орта
импорттерлеріне өз мемлекеттерінде несиелерді ұсынады. Егер бұл несиелер
(соманың 45 пайызы) банктік меншік капиталы есебінен болса, онда ол
несиелер батыс елдерінің банктерінің кепілдемесімен қамтамасыз етіледі.
Нақты тәжіребеде батыс елдерінің тауарларының тек 10 % ғана қолма- қол
ақшаға сатып алынады.
Батыс елдері үшін экспортты мемлекеттік несиелеу – бұл лд елдерінің
экономикалық саясатының негізгі бағыты болып табылады.
Мемлекеттік банктер өзінің несиелік саясатын жүргізу барысында басты
ұстамдылыққа алынған принцип:
• ешқашан мемлекеттік банктердің іс- әрекеттері жеке меншік
коммерциялық банктердің іс- әрекетіне кедергі жасамауы тиіс, ал
керісінше олар жеке меншік капиталды коммерциялық банктері
арқылы экспорттық операцияларға оларды көбірек тартуды қолдауы
тиіс.
Мемлекеттердің банктері экспорттық операцияларына қатысады, егер:
• ол келісім- шарттар аса ірі көлемді соммаларын қамтамасыз етсе
және егер жеке меншік коммерциялық банктер ол сомаларды игеруге
мүмкіндігі болмаса;
• ол банктер өздерінің жауапкершілігіне саяси, коммерциялық
тәуекелдіктерді алалмаса;
• коммерциялық банктер несиелерді ұзақ мерзімге және
жеңілдіктермен берер алмаса.
Мемлекеттік несиелік саясатты реттеу үшін батыс елдерінде арнайы заң
актілері (олардың ішінде экспорттық-импорттық банктері , сауда және
бәсекелестік жағдайлары туралы заңдар) қарастырылған. Берілген несиелер
және займдар кредитор- елдердің валютасында қайтарылады. Оларды беруде
бірнеше жеңілдіктер қарастырылады.
Германияның сыртқы сауданы несиелеудегі жүйесі тікелей несие беруге
бағытталған. Ол несиелер бірнеше нысандарда беріледі:
• ақша түрінде ( қарыз алушының ликвидтілігін көтереді);
• ломбардттық несие немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген несиелер
(қарыз алушының ликвидььілігін асырмайды, сыртқысаудалық келіс-
шартқа тұрақты кепілдемелік негізді құрамайды)
Несиелер мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (12 айға дейін);
• ортамерзімді (4 жылға дейін);
• ұзақмерзімді (4 ж. жоғары).
Германияда сыртқы сауданы несиелеу үшін арнайы несиелік институт
құрылған- Аусфуркредит АГ. Ол мемлекеттік және жекеменшік капиталы
негізінде құрылған. Кейін ол институт тәуелсіз акционерлік қоғамына қайта
ұйымдастырылды, оның қызметі Неміс үкіметтің несиелік саясатымен тығыз
байланысты.
Аусфуркредит АГ құрамына бірнеше А және В атты арнайы қорлар
(лимиттер) кіреді, олардың есебінен экспорттық операциялары
қаржыландырылады.
А атты қор құрылтайшы –банктердің қаражаттары есебінен
қалыптастырылады. Ро қаражаттар есебінен банктер еркін векселді есепке алып
отырады. А қор қаражаттары есебінен несиелер 12 айдан 48 айға дейін
беріледі. В қоры мемлекеттік бюджеттік қаражаттары есебінен құрылған. Бұл
несиелер 2-4 жжылдарға беріледі.
Біраз уақыт өткен соң және С атты қоры да қалыптастырылды. Ол қор
қаражаттары 12 жылға дейін беріледі. Егер А және В қорлары есебінен
несиелер неміс экспортерлеріне ұсынылса, С қаражаттары есебінен шетелдік
сатып алаушыларына беріледі.
ГФР экспортты несилеуде Кредитанштальт фюр видерауфбау атты
инвестициялық банкте қатысады. Бұлбанктің қызметіне дамушы елдерге несие
беру және шетелдік мемлекеттерге материалдық көмек көрсету болып табылады.
Ерекше орынды сыртқы экономикалық қатынастарды реттеуде Жапонияның
банктері орын алады. Жапонияның Экспорттық-импорттық банкі (ЭИБ)
коммерциялық банктерімен бірлесіп ұлттық экономикаға маңызды тауарлардың
импорттын несиелейді. Ол келесі салаларының тауарлары:
• металлургия - кен шикізат өндеуші;
• мұнай;
• табиғи газ;
• көмір;
• минералдық шикізат; фосфаттар;
• темір рудасы;
• тұз; мақта; жүн; ағаш; цнллюлоза;
• авиатехника;
• машиналар және бөлшектер, т.с.с.
олардың елге импортталуы ұлттық экономиканың белсенділігін арттырады.
Импорттық заем, әдетте, жапондық импортер- фирмаға беріледі, ал ол өз
кезігінде ол несиені шетелдік жабдықтаушыға аударуы мүмкін. Енді шетелдік
құрал- жабдықтаушы міндетті түрде ол қаражатты жапон компаниясына қажетті
бағытта пайдалануы тиіс, яғни ол компаияға қажетті тауарлар мен қызметтерді
өндіруі тиіс.
Осындай келісдерді жасауда Жапон ЭИБ үлесі 70 % құрайды. Банктік сыақы
мөлшері қолайлы болып бекітіледі. Несие беру мерзімі 10 ж. жоғары болуы
мүмкін. 90 жж. басына ЭИБ берген импорттық несиелер несиелік портфельде 13
% құрады.
Сонымен жапондық ЭИБ ерекшелігіне инвестициялық жобаларға несие беру
болып табылады. ЭИБ жапон фирмаларының немесе жапон капиталының қосылуымен
құрылған компанияларының инвестицияларын несиелейді. Бұл жерде заем тікелей
жапон корпорациясына берілуі мүмкін немесе оның шетелдік серігіне (әдетте,
бұл үкімет немесе мемлекеттік ұйым) берілуі мүмкін.

II. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН
ТАЛДАУ

2.1. ЕДБ-р ұғымы және халықаралық қарым-қатынастағы
несиелер, олардың түрлері.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық коммерциялық операцияларын, оның
ішінді шет мемлекеттермен шаруашылық қарым-қатынастағы операцияларды екінші
деңгейлі банктер атқарады.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың даму тарихы
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың
жинақтарын және шаруашылық қызметінің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылсу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді,соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдың өнімнің
айналысына тікелей ықпал етеді
Екінші деңгейлі банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар
болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын,
жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиентердің салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы
қарызды алушыға жаңа талап қояды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты
қаржылық институттар қысметінің қозғалысы орын ауыстыру, қаржылық
ресурстардың қүйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша
қаражаттарының тобын құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға
айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра
алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен
шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе
ертегідей күшке ие бола отырып нақты өндіріске ең қауыпті түрде араласу
мүмкін. К.Маркс келесіде Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен
өнеркәсіпке билік етуіне назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің
орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей әйтсе де банктер басқарудың
кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді
қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Банктер басқарудың
экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі
буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелер мен
немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз
қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық
өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін
бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз
уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін
ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының
мүддесін қорғайды
Қазақстан Республикасының Екінші деңгейлі банктерінің қазіргі таңдағы
ресурстарының құраламы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің
ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді:
1) банктің меншікті капиталы;
2) банктің зайымдық және тартылған қаражаты.
Халықаралық несие сыртқы саудада барлық кезеңде үлкен роль атқарған.
Сол себепті экономикалық дамуда халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Банк жүйесі
ҚР банк қызметін ұйымдастыру және реттеу
Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі
ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталдарының қалыптасуы мен қолданылуын талдау
Ақша-несие саясаты
ҚР банктік несиелеу жүйесі
Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері
Пәндер