«Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. М.Әуезов . суреткер
2. Абай жолындағы Құнанбай бейнесі
2.1. Құдіретті аға сұлтан
2.2. Кеңестік идеологияның жетегінде кеткен Құнанбай бейнесі
2.3. Құнанбай бейнесін жаңаша таныту
2.4. Іс.тәжірибелік бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Танымның төріне биіктеп, ұлттық әдебиетіміздің мейлінше бай тарихына қадала ой зерделетер болсақ, қашанда қоғамдық қалпымыз бен рухани болмыстың, әдеби шығармашылық бастаудың тел өрілген сыр -сыйпатын аңдар едік. Ұлыс пен халықтың басына бұлт болып үйірілген қилы қияметті кезең, тауқыметті тағдыр белестерінің әдебиет туындысы арқылы айнытпай белгі - бедер қалдыруы адамзат баласы тарихында үңіле зерттер құбылыс. Жеке алып қарағанда, адамның пәнилік ғүмыр жолы күрес -тартысқа қандайлық толы болса, сол сияқты жекелей ұлттардың, ірілі -ұсақты халықтардың ғасырларға шеру тартқан көш - керуені де сондайлық аласапыран заманға маңдай тіреп жатса, әдебиеттің нелер жауһар мұралары сол болған мен болмақты рухани жан-әлемімізде айнытпай көркем кестелеп беруімен құнды. Ал бұл өзі табиғаты бүгінде бізге ғана мағлұм болып отырған үрдіс емес. Енді жиынтықтай қорытып, алуан астармен айтылған осындай фәлсафалық тұжырымды жиырмасыншы ғасырға, оның ішінде тоталитарлық Кеңес өкіметі орнаған дәуірге қарай бағыттап, аталмыш кезеңде дүниеге келген ең атақты әдеби туындымыз мысалында бірқыдыру талдау - тексеру жасап көрелік.
Жиырмасыншы ғасыр көгінде қара сөзбен хатқа түскен төл көркем шығармалар ішінде ең шоқтығы биігі ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" болып қала бермектігі қай - қай дуалы ауыз тарапынан да ешбір талас - тартыс тудырмаса керек. Дей тұрғанмен, "Абай жолын" тарау – тарауымен талдай танып, көркемдігі мен тарихи деректілігін қосақабат өрімдей байланыстыра зерттеп - зерделеп болдық па екен? "Абай жолында" суреткер әу баста іштей тұжырымдаған барлық көркем шығарма желілері ешбір сыртқы қысым - қыспақсыз қағаз бетіне түсіріліп, әлем оқырмандарына бүкпе - бұлталақсыз жетті ме десеңізші? "Абай жолы" эпопеясында замана бұлғақтығына, зорлықшыл - қорлықшыл әкімшілдікке, идеологиялық тай-ғанақ, қитұрқы саясатқа бейімделе төменшіктетіліп, сынап - мінеліп, кейде, тіпті өрескел теріс бұрмаланып кейіптелген, яғни әлі күнге өз "ақтауын" күтудегі дара бейнелер, біртуар тұлғалар бар ма? "Ақындар ағасы" кітабы өз кезеңінде, жазылған тұсында неге шықпай қалды? Мұхтар Әуезовтің өзі жүрек түкпіріне үңіліп, ақиқат - ар алдында тұрғанда "Абай жолын" "әбден келіскен, титтей де өзгерту жасауға болмас, мейлінше кемел туынды" деп айта алар ма еді? Өзгерген, жаңғырған, сілкіне түрленген мынадай уақыттың кезі тірі куәгерлері, біздер, қолда бар айғақтарды көлденең тарта отырып, батыл байыптама жазалық, қатып - семген қағидаларды ми қатпарларынан арши отырып, адам бала-. сы таным күшінің ғаламаттай ерік-жігерін таныталық. Сөйтіп іргелі ізденістер дүниеге келуіне тартынбастан жол берелік!
1. Серік Қирабаев «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті»
Алматы «Білім» 2003
2. Төлеутай Ақшолақов «Шығарманың көркем айшықтарын таныту». Алматы «Мектеп» 2007
3. Досым Омаров «Ұлылар үндестігі». Алматы «Санат» 1999
4. Біздің Мұхтар Алматы «Жазушы» 1976
5. Егемен Қазақстан 26 қазан 2006ж
6. Белгібай Шанабаев «Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы». Алматы «Мектеп» 1983ж
7. Ғабит Мүсірепов «Заман және әдебиет».
Алматы «Жазушы» 1982
8. М.Әуезов 20 томдық шығармалар жинағы 1 том. Алматы «Жазушы» 1979 ж.
9. Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ 2 том, Алматы 1940 ж.
10. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырдарьинской области. Том 1, Ташкент, 1989. с.1723
11. Леденов И. Истории семиреченского казачьего войска, Омск 1908 ж.
12. Мекемтас Мырзахметов «Ғылым баспасы» 1982 ж. М.Әуезов және Абайтану проблемалары.
13. Кәкітай Ысқақұлы 1909 ж. Петербор «Абай өлеңдері» жинағы.
14. М.Әуезов 20 томдық шығармалар жинағы 15 том.
15. Бауыржан Бердембеков «Абайдың әдеби ортасы» монография, Семей «Үш биік» баспасы 2010 ж.
16. Белгібай Шалабаев «Қазақ романының туы мен қалыптасу тарихы» мектеп баспасы 1983 ж.
17. Дүкенбай Досжан «Абай айнасы» Алматы 1994 ж. 5-31 бет
18. Ғ.Мүсірепов «Заман және әдебиет», «Жазушы» баспасы Алматы 1982 ж. «Абай романы туралы» 36-52 бет
19. «Абай» журналы 1-2-95 «Құнанбай қажы» мақала 126-131 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім Ғылым министрлігі
Семей педагогикалық колледжі

Курс жұмысы

Тақырыбы: Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесі

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Семей, 2010 жыл

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. М.Әуезов – суреткер
2. Абай жолындағы Құнанбай бейнесі
2.1. Құдіретті аға сұлтан
2.2. Кеңестік идеологияның жетегінде кеткен Құнанбай бейнесі
2.3. Құнанбай бейнесін жаңаша таныту
2.4. Іс-тәжірибелік бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Абай жолындағы Құнанбай бейнесі.

2.Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Абай жолы эпопеясындағы Құнанбай образындағы қайшылықтарды
таныту
2. Өмірдегі Құнанбай мен Абай жолындағы Құнанбай бейнесінің
көз жеткізу
3. Құнанбай бейнесін берудегі авторлық көзқарасты айқындау

3. Зерттеу жұмысының міндеттері:
● Тақырыпқа қатысты әдеби материалдарды жинақтау, саралау.
● Абай жолы эпопеясын оқыту
●Құнанбай бейнесін жаңаша танытуға арналған мәліметтер жинастыру
●Қорытынды жасау
●Қолданылған әдебиеттер тізімін беру.

4.Зерттеу пәні: Қазақ әдебиеті

5 Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр
ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік
өркениетке кіргізуі заңды құбылыс.
ХІХ ғасыр көгінде қара сөзбен хатқа түскен төл көркем шығармалар
ішінде ең шоқтығы биігі ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің Абай жолы болып
қала бермектігі қай дуалы ауыз тарапынан да ешбір талас-тартыс тудырмыса
керек. Бір таныспен тоқтамастан баурап оқытар эпопеяда тұлғасы өрескел
бұрмаланып, алты алаштың озық ойлары өз заманында берген бағасы
ескерілмей, кейінгі қитұрқы саясат талабы ыңғай- ығыменен кейіптелген
бейнелердің ең бірегейі, барынша соқталысы - Құнанбай қажы Өскенбайұлын
оқушыларға жаңаша таныту - зерттеу жұмысының өзекті мәселелері болып
табылады.

6.Зерттеу жұмысының болжамы:
Курстық жұмыспен танысқан соң, Абай жолы романын басқаша көзқараспен
оқып, Құнанбай бейнесін берудегі авторлық идеяға түсіністікпен қарайды.

7.Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттен тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты,
міндеттері, зерттеу жұмысының объектісі, пәні, болжамы құрылымы берілген.
Негізгі бөлімде Абай жолындағы Құнанбай бейнесін жаңаша танытуға
байланысты деректер берілген. Кеңестік идеологияның жетегінде кеткен
Құнанбай бейнесі, Құнанбайды қайта таныту туралы айтылған. Қорытынды
бөлімде ел билеуші, бай шонжар ретінде біржақты суреттеліп, өзінің
толыққанды бағасын ала алмай келген Құнанбай үш қайтара үңілудің
қажеттілігі туатындығы туралы, Ұлы суреткер Абай жолы эпопеясын оқу-
тәрбие үрдісіне қосарлық үлесі туралы айтылған.

"...Қазақ ішінде атын
үш жүздің

қазағы тугел
білетұғын
орны бар еді.
Бірақ, бұл
күнде ертегі сөз сықылданып
ұмытылған шығар".
ШӘКЕРІМ
Танымның төріне биіктеп, ұлттық әдебиетіміздің мейлінше бай тарихына
қадала ой зерделетер болсақ, қашанда қоғамдық қалпымыз бен рухани
болмыстың, әдеби шығармашылық бастаудың тел өрілген сыр -сыйпатын аңдар
едік. Ұлыс пен халықтың басына бұлт болып үйірілген қилы қияметті кезең,
тауқыметті тағдыр белестерінің әдебиет туындысы арқылы айнытпай белгі -
бедер қалдыруы адамзат баласы тарихында үңіле зерттер құбылыс. Жеке алып
қарағанда, адамның пәнилік ғүмыр жолы күрес -тартысқа қандайлық толы болса,
сол сияқты жекелей ұлттардың, ірілі -ұсақты халықтардың ғасырларға шеру
тартқан көш - керуені де сондайлық аласапыран заманға маңдай тіреп жатса,
әдебиеттің нелер жауһар мұралары сол болған мен болмақты рухани жан-
әлемімізде айнытпай көркем кестелеп беруімен құнды. Ал бұл өзі табиғаты
бүгінде бізге ғана мағлұм болып отырған үрдіс емес. Енді жиынтықтай
қорытып, алуан астармен айтылған осындай фәлсафалық тұжырымды жиырмасыншы
ғасырға, оның ішінде тоталитарлық Кеңес өкіметі орнаған дәуірге қарай
бағыттап, аталмыш кезеңде дүниеге келген ең атақты әдеби туындымыз
мысалында бірқыдыру талдау - тексеру жасап көрелік.
Жиырмасыншы ғасыр көгінде қара сөзбен хатқа түскен төл көркем
шығармалар ішінде ең шоқтығы биігі ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің "Абай
жолы" болып қала бермектігі қай - қай дуалы ауыз тарапынан да ешбір талас -
тартыс тудырмаса керек. Дей тұрғанмен, "Абай жолын" тарау – тарауымен
талдай танып, көркемдігі мен тарихи деректілігін қосақабат өрімдей
байланыстыра зерттеп - зерделеп болдық па екен? "Абай жолында" суреткер әу
баста іштей тұжырымдаған барлық көркем шығарма желілері ешбір сыртқы қысым
- қыспақсыз қағаз бетіне түсіріліп, әлем оқырмандарына бүкпе - бұлталақсыз
жетті ме десеңізші? "Абай жолы" эпопеясында замана бұлғақтығына, зорлықшыл
- қорлықшыл әкімшілдікке, идеологиялық тай-ғанақ, қитұрқы саясатқа
бейімделе төменшіктетіліп, сынап - мінеліп, кейде, тіпті өрескел теріс
бұрмаланып кейіптелген, яғни әлі күнге өз "ақтауын" күтудегі дара бейнелер,
біртуар тұлғалар бар ма? "Ақындар ағасы" кітабы өз кезеңінде, жазылған
тұсында неге шықпай қалды? Мұхтар Әуезовтің өзі жүрек түкпіріне үңіліп,
ақиқат - ар алдында тұрғанда "Абай жолын" "әбден келіскен, титтей де
өзгерту жасауға болмас, мейлінше кемел туынды" деп айта алар ма еді?
Өзгерген, жаңғырған, сілкіне түрленген мынадай уақыттың кезі тірі
куәгерлері, біздер, қолда бар айғақтарды көлденең тарта отырып, батыл
байыптама жазалық, қатып - семген қағидаларды ми қатпарларынан арши отырып,
адам бала-. сы таным күшінің ғаламаттай ерік-жігерін таныталық. Сөйтіп
іргелі ізденістер дүниеге келуіне тартынбастан жол берелік!
"Абай жолы!" М. Әуезовтің қаламынан туған бұл ұлы эпопея әлем
халықтары ой-санасында қазақ жұртшылығын, қазақ сахарасын, Қазақстан
келбетін жарқырата танытып, көшпелі халқымыздың адамзат мәдениетіне қосқан
үлес - қарымын айқын айғақтап берген мәдени мұра.
"Абай жолы!" Бұл — ұлттық болмысымыздың табиғатын терең тексере
танытқан халықтанытушы көркем энциклопедия, XIX ғасырдағы дала заңының
жиынтық қамұсы іспетті.
"Абай жолы!" Мұны ғасырлар бойы үрдіс дамыған бабалар тілінің ең қиын
- қыстау, сын өткелге тап келіп, қырық, елу, алпысыншы жылдарда, одан
беріде де бабалар тілін жоғалтпау үшін біздерге мызғымастай, қалыптап құйып
беріп кеткен заңғар ескерткіш десек те болады.
"Абай жолы!" Бұл ұлт ұлт болудан қалып, елдіктен жұрдай бола бастаған
шақта, дінді аластап, иман - құдіретті маңдайға теуіп, "ақтабан шұбырынды"
алапатының он есе ұлғайған тажал көрінісі бейбіт халықты іргеден түре бас-
тағанда, көзден — жас, көңілден — хош, кеудеден — жан шығып жатқаңда
"езу жымитқан", демек жантәсілім, өліара сәтте санаға сіңе сілкіндіріп -
рухтандырған өмірсүйгіш, оптимистік туынды. "Уды у қайтарады" демекші,
халық төбесінен төнген қасірет - дертті Әуезов суреттеуіндегі ұлы Абай
басындағы айықпас мұң - нала, қайғы - қапа мен бітіспес күрес - тартыс қана
жеңілдеткен, әл - дәрмені жеткенше кері қайтарған.
"Абай жолы!" Әу баста Абай мұрасын қабылдамай, біршама әуре-сарсаңға
түскен халықты қаншалықты дәрежеде есеңгіреп – мәңгүрттенді деп баға беруге
болады? Міне, осы жойқын қатерді дер уағында сылып тастаған "Абай жолының"
әр кітабы, әр тарауы, әр беті, әр жолы — сөзі садаға кетірердей күш -
қуатқа ие емес пе?!
"Абай жолы!" Бұл — Мұхтар Әуезовтің әдебиет әлемінде қайталанбас
көркем суреткерлік қолтаңбасын қалдырған, адам баласы тіршілігі жалғасқанда
қайта - қайта оқыла берер (әсіресе түпнұсқада), мәңгілік сапарға бағыт
ұстаған асқан талантты шығармасы. Сонымен қатар, ұлы жазушы өз -өзінің ерік
- жігерін қалай шектеп - тұсап, сыңаржақ таптық көзқарас - қағида аясыңда
шырмалып қала берді дейтін болсақ, мұның жарқын дәлелін де "Абай жолынан"
таба аламыз.
Бір тыныспен тоқтамастан баурап оқытар эпопеяда тұлғасы өрескел
бұрмаланып, алты алаштың озық ойлылары өз заманында берген бағасы
ескерілмей, кейінгі қитұрқы саясат талабы ыңғай - ығыменен кейіптелген
бейнелердің ең бірегейі, барынша соқталысы — Құнанбай қажы Өскенбайұлы
екені де даусыз.
Сарғайған баспасөз беттеріне, сыншы - әдебиеттанушылар еңбектеріне,
абайтанушы, мұхтартанушылар зерттеулеріне мұқият үңіліп қараңыз. Шынайысы
мен шалағайлары болсын Құнанбай бейнесін баласы Абайға қарсы қойып, ескі
мен жаңаның аражігін тапқандай байлам білдіріп, бұрмаланған идеологиялық,
таптық көзқарастың ауылында әбден батпақтап - малтығып жатады. Әріге тіпті
де бармалық, беріден ондап - жүздеп мысал да іздеп әуре - сарсаңға
түспелік, салиқалы басылым, Мұхтар Әуезовтің жиырма томдық шығармалар
жинағының бірінші томына арнайы жазған беташар мақаласында
әдебиеттануымыздың ортамызда көзі тірі отырған батагөй ақсақалы, академик
Мұхаметжан Қаратаев Құнанбай тұлғасына қатысты қандай пікір - пайымдама
түйгенін қайыра бір жадымызға оралтып өтелікші.
"...Ол (Дәркембай — Б. С.) қылышынан қан тамып тұрған Құнанбайдан да
қаймықпайды, қайта әлденеше рет оны сөзден ұстап, зұлымдықтарын бетіне
басады, ашықтан - ашық бел байлап Құнанбайлармен соғысуға да әзір. Бұған
Дәркембайдың Мекеге жүргелі тұрған Құнанбайға Қиясбайды ертіп барып айтқан
сөзі дәлел" ( М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. А.,
"Жазушы", 1979, 35-6.).
"М. Әуезов ескі дүниенің сақшыларын да орасан күшті характерлермен
берген. Оның ішіңде ең күрделі, кесек образ — Құнанбай образы. Құнанбай
образының типтілігі, тұтастығы, толықтығы туралы не айтса да сияды. Мұнан
бұрын "Қамар сұлудағы" Жорға Нұрым, "Қалың малдағы" Тұрлығұл, "Ботакөздегі"
Итбай, "Түндегі сарындағы" Майқан, "Еңлік - Кебектегі" Кеңгірбай мен
Еспембет образдары өз кезінде, өз көлемінде қазақтан шыққан қанаушы
озбырлардың кейпін жақсы бейнелеген образдар десек, Құнанбай образы соның
бәрінен сомдалып жасалған тәрізді - теңдесі жоқ, көркемдік салмағы соның
бәрінен асып түскен, жартастай жақпар образ. Қыртысы да, қатпар, бүкпесі де
көп. Қартайған феодалдық қоғамның қара күш, қатал мінез - қулықтары мен
қулық - сұмдықтарының бәрін дерлік бойына жинаған Құнанбай характері
Шекспир жасаған характерлердің галереясынан орын аларлықтай. Бұл образды
жасауда Шекспирше қарыштау, Шекспирше характердің түңғиығына бойлау бар.
Шыныңда Құнанбай бірыңғай жарсоғар озбыр да емес, жылмақай қу да емес,
пасық сұм да емес. Өйткен күнде мұның бәрі саязға біткен жалаң, ұсақ
сипаттар болар еді ғой. Шынжыр балақ, шұбар төс Құнанбайдың күз секілді
шыңырау жаратылысына біткен сипаттары көп. Олар оңай көріне қоймайды, жайын
балықша тереңге жасырынады, ал егер көріне қалғанда ол жарсоғарлық емес,
тылсым ақылмен, бақай қулық емес, түпсіз зымияңдықпен, уақ пасықтық емес,
кісінің жаны түршігерлік қара жүрек қатыгездікпен көзге түседі. Айбат
шексе, айдаһар бейнесінде, дұшпанын қырына алса, жалғыз көзді тажал
бейнесінде көрінеді. Керекті жерінде шешен, керекті жерінде тілсіз қара
тас, тұнжыраған қара бұлт. Күні санаулы ескі дүниені қорғау үшін,
шеңгеліндегі билік пен байлықты ұстап қалу үшін аузымен де, тырнағымен де
аянбай іс - әрекет істейтін көкжал Құнанбай үстем таптың ең мықты тірегі.
Оның арқырап, азынап тұрғанда Қодарды өлтірткен жан түршігерлік қылмысын
былай қойып, қартайғандағы, қажылықпен "тәубеге келгендегі" кезінің өзінде
істеген қаталдығы Құнанбай характерінің тұңғиық түнегін аңғартады. От
басында тұралап жатып та Қаратайдың шағымы бойынша, немересі Әмірді Үміттей
қыздың тойында салдық құрып, ән салып, сүйіспендік сезімін байқатқаны үшін
рақымсыз тұншықтырған тұсы қақпанға түскен кәрі қасқырдың қылығын көзге
елестетеді. "Түн бойы шымылдықты бүріп отырған салалы сіңірлі саусақтар жас
жігіттің алқымынан, жалаңаш мойнынан сығымдап қысып қалды. Қарт қолы әлі де
кәрі жыртқыш тегеурініндей күшті екен. Темір құрсаудай сығымдап ап кеп,
буындырып, өзіне қарай сілке қысып, қинағанда босатар емес".
Абай, міне, алдымен осы Көкжалға қарсы шығады. Құнанбайдың құдіретті
аға сұлтан, Абайдың әлі буыны бекімеген балғын жас екенін былай қойғанда,
Құнанбай — Абайдың әкесі. Бұл жайт Абайға қосымша қиындық. Сол себепті де
Абайдың тегеурінді әкесіне қарсылығы іштей, кейін сырттай келіспеу түріне
айналады. Осы ұзақ бақасуда Абай әкесінің тәсілдерін қолданбайды, қайта
оларды жазғырады, әшкерелейді. Әділеттіктің туын көте-реді. Ескішіл
Құнанбай қаншама күшті болғанмен, жаңашыл жас, өзі жалғыз әрі әлсіз Абай
жұрт кезінде бірте – бірте бел ала береді. Ақыры оның мерейі үстем болып,
азуы алты қарыс әкесін мысы жеңе бастайды. Осы бақастық ақыры, Әмірді
Құнанбай тырнағынан Абай келіп босатқанда, араздық шегіне жетіп, Абай мен
Әмір Құнанбайдың теріс батасын алумен "тынады". (Бұл да сонда. 36—37 б.).

2. 1. "...Құнанбайлардың өмірден әлдеқашан аласталғаны белгілі.
Алайда, көркем сөз шебері жасаған әдебиеттегі Құнанбай мен құнанбайшылардың
типтері Макбеттін, Тар-тюфтің, Фамусовтың, Иудушканың типтері сияқты ұзақ
жылдар өмір сүрмек, өйткені бұлар шын көркем өнер образдары, сондықтан олар
оқушыға эстетикалык әсер беруін қоймайды, өткен өмірдің терең сырын
танытады және сонымен қатар бұл типтердің бүгінгі өміріміз үшін де
актуалдық мәні бар. Бұлар осы күнгі адам мінезіндегі ескілік қалдықтарының
түп тамырын қопарады. Сонымен, ұнамды образдардың шоқтықтысы — Абай,
ұнамсыз образдардың шоқтықтысы Құнанбай — екеуі екі дүниенің саңлақ белгісі
іспетті. Бірі ұясынан шығуга ұмтылған — күн, бірі шығар күнге бөгет
жасағысы келіп түнерген түнек секілді. Біз "Абай жолы" эопопеясын
жарты ғасырлық қазақ өмірінің панорамасы десек, әлгі екі белгіні сол
панорамаға бірі жарық, бірі карангы түсіріп тұрған образдар жүйесі деп
аламыз. Өйткені, жарық пен көлеңкесіз картина болмайтыны белгілі ғой.
М. Әуезов эпосының негізгі идеялық желісі осы Абай тобы мен Құнанбай
тобының, яғни жаңа дүние мен ескі дүниенің тынымсыз тартысына және еңбекші
халық пен қанаушы таптың арасындағы бітімсіз қайшылықтың қабындап,
шиеленісе түскен тарихи жағдайды суреттеуге құрылғаны жоғарыда айтылған..."

Келтірілген салақұлаш үзіндіні оқи отырып, әр сөйлем, әр абзац сайын
айтылған сыни ой - пікірлерге қайран қалуға болады. Біріншіден, сыншы
Құнанбай мен Абай бейнесін таза таптық қағидалардан туындатып кеп,
әрқайсысын өз орны – орнына қояды. Осы ретте шонжар, көкжал, дала
жыртқышы аға сұлтан Құнанбай қанаушы тап өкілі кейпінде тәптіштеле
термеленеді де, ал оның ез кіндігінен туған баласы Абайдың нақты қай тапқа
жататыны, арнайы сөз болып қозғалмайды. Әлде қанаушы тап өкілінің де айтқан
сөзі мен атқарған іс - әрекетіне қарай — еңбекшілерге болысушы жақсы
қанаушы тап өкілі мен еңбекшілерге болыспаушы қатыгез қанаушы тап өкілі
дейтін екі тобы бар болғаны ма?
Екіншіден, сыншы сыңаржақ бағалаудың арнасына түсіп ап қуалап, әлемдік
әдебиеттегі неқилы жексұрын, жауыз, адамдық сиқы жиіркенішті бейнелерді
Құнанбай тұлғасына әкеп жапсырьга, ол аздық етеді дегендей, қазақ кеңес
әдебиетінде сомдалған ескі қанаушы тап өкілдерінің азғындық жиынтық
кейіптерін бір ғана Құнанбай басынан табады. Сонда Абай жолын оқи отырып,
әмсе эпопеяға енбеген тарихи айғақтарды қосымша парақтап қарап шығып,
Абайдай ұлы перзентті, Құдайберді, Шәкерім, Халиолла, Ысқақ, Кәкітай,
Оспан, Әбдірахман сықылды өшпес жарқын тұлғаларды жарық дүниеге әкелген Әке
- Ата бойынан бірқанша ізгіліктік, имавдылық қадір - қасиетті көріп, тауып
- танытуға мүмкін болмағаны ма? Иә, болмаса, түптеп - таразылап келгенде,
біржолата мұсылмандық жолына бас ұрған кесек мінез - бітімге жауыздық
жасау, қанішер - қатыгездіктерге бой ұру дейтіндер калай ғана сиымды
келмекші?
Үшіншіден, Құнанбай бейнесінің қазақ жәмиғатына кейінгі ұрпақ болжап -
білмегендей қадірлілігі, кесек, біртума бітімділігі осы зерттеу -зерделеу
барысында әлі - ақ сәт - сәттеп жұмбақ сырларын жарияға шашар. Дей
тұрсақта, белгілі сыншы, академик М. Қаратаев ағамыздың Мұхтар Әуезов қиын
- қыстау кезеңде бірнеше саусағын бүгіп отырып таусыла жазған Абай жолы
эпопеясын біржақты идеологиялық сарындағы сыни ой -пікірмен таразылауы,
оның үстіне Құнанбай бейнесін қадала шеней отырып, немересі Әмірді
қақпанға түскен кәрі қасқырдай рақымсыз тұншықтырған (?) тұсын айтып
өткенде (өмірде олай болмаған —Б. С), Құнанбайды құдіретті аға сұлтан (одан
отыз жыл бұрын түсіп қалған — Б. С.) еді деп жіберуі, сол сияқты келесі бір
сөйлем басыңда эпопеяны — эпос деп жаңсақ жазуы осыншалықты ұлы туындыға
пәтуалы баға беруде барынша келіспейді - ақ!
Иә, осылайша бір кітаптан бір кітапқа көшіріп, айнымай асыра жамандап,
кейде тіпті теңеу табуда, қаралап баға беруде социализм сынының
социалистік жарысына түскендей ершелене ерекпіп, Құнанбай тұлғасын
талантымыз жеткенше терістеп баққанбыз. Мыңдаған мектептерде, жоғары оқу
орындарында әдебиет пәні бойынша Құнанбай образын ұнамсыз образдардың
шоқтығына балап, сабақ айтып, сұрақтарға жауап беріп, шығарма жазып,
емтихан тапсырып әр кезеңде баға да алғанбыз. Алды қырық - елулерге келген
бірнеше ұрпақ буыны бас болып сөйткенбіз. Ол аз болғандайын, әлі күнге тап
сол күйінде білім алған, таптық сана - сезімде тәрбиеленген, төл тарихынан
жартыкеш түсінік - түйгені бар кейінгі ұрпақтар буыны үлкен өмірге
тоқтаусыз жолдама алуда.
Құнанбай бейнесі барынша ұнамсыз сипатталған қалпында қазақ оқырманына ғана
танылып - таралған болса, жартылай олжа деп қабылдап, тәубеге келер едік.
Ол Абай жолының миллиоңдаған данасы арқылы, бірнеше ондаған тілде,
әлемнің түкпір - түкпіріне маржандай шашырап -тарап кеткенін ойша болжап
- бағамдағаңда, Құнанбай тұлғасы туралы әділетті сөз сол адамзат баласы
құлағына енді қашан, қайтіп, қандай мазмұнда жетпек деп толғанамыз.
Әдебиетші — ғалым, сыншылар арасынан дара абайтанушы сұңғыла
білімпаздығымен суырыла шығып, ең болмаса Қазақстан, ТМД оқушы жұртшылығына
Абай төңірегіндегі ақтаңдақтарды жайып салып, айдай әлемге танытар күн де
қашықта емес шығар деп сенгіміз келеді. Ал қазақтың көзі ашық қауымы
Құнанбайды әзірше тоқырау жылдарынан мирас болып қалған қайнар кездердегі
тот басқан тұлғасы арқылы ғана танып - біледі. Соның бір мысалы деп,
тұжырымды деген айдар тағылған анықтамалық басылым, Қазақ Кеңес
Энциклопедиясының 1975-жылы жарық көрген 7 - томындағы "Құнанбай Өскенбаев"
атты мақалаға (38-бетте) жүгініс жасалық.
"Құнанбай Өскенбаев (1804, Шыңғыстау болысы, қазіргі Семей обл. Абай
ауд.,—1885, Ақшоқы қыстауы, сонда)— феод. қоғамының өкілі. Орта Жүз Тобықты
руының биі, аға сұлтан Қ. жасынан әкесінің қасына еріп, ру басыларының
қайнаған талас - тартыс айтыстарының ортасыңда өсті. Ескіше хат таныды.
Сайыстарға, жорықтарға қатысып, найзагер атанды. Феод. заманның Алыссаң
атаңды жық, аясаң тұрғызып жібер, Өзің болғанша болған ердің қосын жек,
өзің болған соң аудара тастап кет! деген ұранын ұстанғаңдардың бірі.
Қайсар мінезімен, ойға жүйрік, сөзге шешен айлакер би ретінде жасынан кезге
ілікті. Әкесінің көзі тірісінде - ақ Тобықтының билігін қолына алып, Жаңа
Мизам (1822 жылғы Сібір қазақтарына арналған жарғы) бойынша, Арқа
қазақтары дуан, болысқа белінгенде, Шыңғысқа болыс, Қарқаралыда аға сұлтан
болды. М. Әуезовтің сөзімен айтқанда: Құнанбай өз тұсындағы ел
билеушілердің кебінен қатал, салмақты болған, ақыл - ой да, қажыр - қайрат
та, өмірді білу батылдығы да және халыққа батқан қатты кесек іс - қимылдары
да оның атын көпке мәлім еткен. Ел басқару ісінде Қ. өзіне қарсы келген
үзеңгілестерін топтап жер аударту, өлім жазасына кесу, тіпті кей руларды
ата - қонысынан көшіріп, жерін тартып алу секілді ел дәстүріне жат, оғаш
зорлық, қиянаттар жасады, елді ислам дінімен қаймықтырып, Шыңғыста мектеп
ашты. Қарқаралыда мешіт салдырды.
1879-ж. Меккеге барды, Тақия атты қонақ үй сатып алып қалдырды. Әкімшілік
істерінде патшалы Рооссияның ұлықтарына арқа сүйеді.
Үңіле қарап, мұқият оқыған адам таптаурын, сірескен рухта баға беру сарынын
адаспай табады. Құнанбай Өскенбайүлы ғұмырбаянын көрсетуде де оғаш
қателіктер жіберілгенін төмендегі Алтын сақа, Найзагер, Ел агасы,
Аға сұлтан, Қажы бөлімдерінен оқып, салыстыра байқап, нұсқай анықтауға
болады. Енді осы мақала ішінде М. Әуезов жазбаларына сілтеме жасаған тұста
- ақ Құнанбай бойындағы оңды қасиеттерді ашуда оң бояу табын
аңғарғандығымызды айтып өту парыз. Жалпы Мұхтар Әуезов Абай жолында
Құнанбай өмірінің барлық кезеңдерін тәптіштеп суреттеуді мақсат етпейді.
Ұрымтал тұсында, Тобықты елінің ахуал - тіршілігін білдірерде, Абайдың
өскен ортасы, әлеуметтік ұясын танытарда, әсіресе, Абайдың ой - санасы,
қайраткерлік мінез - машығы қалыптасу, қатаю, өсу - өріс табу жолында әкесі
Құнанбай іс - әрекеті, қайталанбас қарымды қолтаңбасы дереу көрініс
береді. Тарихи дәуірімен зерделесек, эпопеядағы Құнанбай өмірі мен іс -
әрекеті, негізінен алғанда, 1822 - жылғы далалық реформа мен 1868 - жылғы
Жаңа Низамға дейінгі мерзімді қамтиды. Яғни, мұнан шығар қорытынды ой, М.
Әуезов Құнанбайдың ғұмыр жолын Қазақ сахарасы отарлануының дуан - дуанға
бөлінген, билік-басқару жүйесінің іргесі түбегейлі шайқалған, елдік
қасиеттер жоғалып, өзгеге бұтарлана жем бола бастаған бір дәуіріне теліп,
Құнанбайды сол аса ауыртпалықты дәуірдегі кесек тұлғаның трагедиясы
қалыбында суреттеп, ал Абайды Ресей отарлауының жаңа, кезекті, ең ауыр да
ақырғы дәуірі құрбаны тұрғысында аңғарта астарлап кейіптеуі мүмкін. Бұл
күңде, жеке басқа табынудың қанды жылдарында жүрек түкпіріндегі сырын
ақтармай, аса сақтықпен еңбектенген ұлы Мұқаңның Абай жолы арқылы айтпақ
астарлы ой - байламын, алға қойған бірнеше қатпарлы қиын -қыстау міндет -
мұратын дәл шешіп, тап баса жіліктеп беремін деу қолдан келмес құр
әурешілік болар еді. Дегенмен де, қазақ даласына бағытталған отаршылдық
саясаттың дәуір - дәуірге бөлінген кестесін Абай жолының шартты түрде
алынған мазмұндық сыпаттамасы кезеңдеріне туралай отырып, әлгіндей санада
жарқ еткен болжал пікірлерге зейін салмау шындықтың ауылынан тіпті де
алшақтата түспегі хақ. Осы таратылган ой бағдарындағы орнықты пікір -
байламды белгілі абайтанушы, филология ғылымыньщ докторы Мекемтас
Мырзахметовтың Ғылым баспасынан 1982 - жылы жарық көрген Мұхтар Әуезов
және абайтану проблемалары деп аталатын күрделі зерттеу еңбегінен
кезіктірдік.
Биограф (Мұхтар Әуезов — Б.С.) Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын
жазғанда, оның арғы ата - бабалары Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай жайлы ел
әңгімелері мен деректерді молырақ қамтыса, соңыра олар жөніндегі деректерді
барынша ықшамдап, Құнанбай мен оның заманына көбірек аялдайды. Өйткені,
Құнанбайды білмейінше, оның дәуірі мен өмірін тереңірек танымайынша, Абайды
білу қиын болмақ деп қарайды. Абай өмірбаянының екінші нұсқасында ( 1940 ж.
) ақын ата – бабалары жайлы деректі қатты қысқартып бергенде де, Құнанбай
жайлы деректің аса қажеттілігін ескере отырып, оны қосымша ретінде Абайдың
ата - тегі туралы ( Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ. 2 - том, Алматы,
1940 ) деген атпен оқшаулап беруінде де мән бар. Мұнда да Құнанбайдың аға
сұлтандық билігі мен соңғы жылдардағы билікті сақтау жолындағы әрекетін
Орта жүздің Россия қол астына кіруіне байланысты туған қазақ елінің саяси
-әлеуметтік өміріндегі іргелі өзгерістермен ұштастыра отырып қарастырған.
Биограф мақсатының бір ұшы — Құнанбай билік жүргізген қазақ руларымен,
кейбір, ру басшыларымен билікке, жерге таласудан туған, соңыра атадан
балаға ауысқан жаулықтың Құнанбай дәуірінен Абай заманына қарай ойысуының
түпкі себебін тереңірек көрсетуге ұмтылуында жатыр. Абай өмірбаяныңда
қысқаша тұжырылған осы оқиғалар соңыра эпопеяға өзекті желіс ретінде
тартылып, ұзақ суреттеледі. Өйткені бұл кезеңде қазақтар үшін 1868 - жылғы
патша отаршылдары еңдірген Жаңа низам ережесі ел билеу жұмысына сіңісіп те
үлгерген еді. Жаңа низам заңына байланысты ендірілген нағыз отар-шылдық
саяси арам пиғылдан туған территориялық принциптің рушылдық идеологияға май
құйып, ру мен руды билікке таластыру құралы ретінде пайдаланып, ел ішіне
ылаң салып жатқан шақта ( Гродеков Н. И. Киргизы и каракиргизы
Сырдарьинской области. Т. 1. Ташкент, 1889, с. 17, 23), ұлы ақынның тарих
сахнасына шығу кезеңі сәйкес келді. Міне, Абайдың бүкіл саналы өмірі,
творчестволық әрекеті осындай ерекшелігі бар тарихи - қоғамдық өмірдің
ортасында өтіп жатты (20—21-б.).
Патша үкіметі әуел бастан - ақ қазақ жеріне 141 әскери бекіністер
салып (Леденев И. Истории семиреченского казачьего войска. Омск 1908, с.
50), айнала қоршай бастағаны әйгілі Горькая линия жүйесінен де белгілі
еді. Соңыра 1822 – жылғы заң бойынша хандық жүйені жойып, онын, орнына
уақытша шегініс жасап, әуелі аға сұлтандық жүйені ендіруді мақүл деп тапты.
Өйткені қазақ елінің бойын біртіндеп үйрету саясаты осы әдісті қолдануды
қажет етті. Осы ерекшелікке сай жаңа билік атауларының пайда болуы,
әсіресе, Құнанбай дәуіріне сәйкес келді. Патшалықтың ел билеу заңдары мен
билік жүйелерін Құнанбайдың жақсы біліп, тіпті, заң, билік статьяларын
жатқа айтып отыратыны Янушкеевичтің естелігінде молынан суреттелген. Бірақ
бұл дерекпен М. Әуезов танысып үлгермеген. Ал Абай ер жетіп, атқа мінген
дәуірде патша үкіметі 1868-жылы Жаңа низам деп аталатын Сібір қазақтарын
билеудің жаңа реформасын күшіне ендірді. Отаршылдық мүддені көздегендіктен,
бұл реформа қазақ елін саяси жағынан ала тайдай бүлдіретін территориялық
принципке негізделе жүргізілді. Жаңа реформаның жүзеге асуымен бірге билік
атаулыларының жаңа түрі пайда болды. Абайдың бүкіл өмірі осы билік
жүйесінің шеңберінде өткендіктен, биограф үшін жаңа биліктің мәні мен
мағынасын, саяси астары мен биліктің жаңа атауларын барынша жетік білуі
шарт еді. Абайдың өзі де ел билеудің қазақ арасында қол жетер тізгіні
болыстықтың немесе болысты билеуші отаршыл аппараттың күнделікті іс -
әрекеттеріне өзі болыс боп та, не ел арасындағы билік таласына еріксіз
араласу арқылы да әбден қаныққан еді. Осындай саяси - әлеуметтік ортада
өмірі өткен Абай өмірбаянын жазу үшін осы ерекшеліктердің көзге ұрар айқын
белгілерінің бірі - билік атауларын, оның пайда болу, өмірге ену жолдарын
жете біліп, меңгерудің қажеттілігі соңыра Абай жолын жазу үстінде тағы да
алға қойылды. Осы себепті қазақ арасына Құнанбай, Абай заманында енген
биліктің жүйелері мен атауларын М. Әуезов жас шағында - ақ танып, біліп
өссе, соңыра олардың әлеуметтік -саяси тамырларын саралап білу жолында ел
аузындағы әңгіме - естеліктерге сүйену, мерзімді баспасез бен тарихи
еңбектерді, архив деректерін қарастырумен қатар қоғамның бүкіл қан
тамырларын ашып салатын марксизм классиктерінің еңбегіне мықтап қол
артады. (36—37-6.)
Енді ұлы Мұхаңның – Мұхтар Әуезовтың құнанбай бейнесі (өмірдегі мен
көкем шыңармадағы) туралы әр кезеңде құлақпен естіп, көкейге түйіп, хатқа
түсіріп қалдырған жазбаларын көктей шола қарап, қайшылықты көзқарас, даму –
іздену барысындағы пікір – тоқтамдарын көз алдымызға келтіріп өтелік.

2. 2. Жалпы М. Әуезов Абайдың ғылыми өмірбаянын төрт рет қайтара
жазып, олардың әрқайсысын жаңаша түзей - күзей қарап, жетілдіре дамытып
отырғаны абайтанушыларға бүгінде кеңінен мәлім жай. Соның ішінде ұлы ақын
ғұмырбаянының ең алғашкы нұсқасы 1924—1927- жылдар ішінде қағазға түсіріле
тәмамдалып, Абайдың дүние салғанына отыз жыл толуы қарсаңында, яғни, 1933 -
жылы тұңғыш жарияланым көрген. Бағамдап назар тігер болсақ, аталған ғылыми
- зерттеу нұсқаларының қай - қайсысында да М. Әуезов өзінің Қ. Өскенбайұлы
тұлғасына берген баға - өлшемін тыңнан парықтап - пішіп, соныдан әр - бояу
қосып отырады. Бұл бір орайда феодал -бай, ірі үстем тап өкілі ұрпағы деп
біржақты терістелуге шақ қалған Абай бейнесінің отыз - қырқыншы жылдардағы
қоғамдык ой - санада қаншалықты орныға, халқына оралатүскенін айқындап
көрсетсе, екінші қырдан Мұхтар Әуезовтей сұңғыла суреткердің өзі жете танып
- білген, алайда тоталитарлық қоғам қысымынан бүкпелеп - бүркемелей,
шарасыздан бұрмалай кейіптеуге көнбісті болған Құнанбайдай заңғар тұлғаға
қайтіп, қандай тайғақты тарғыл жолмен мысқалдап жақындай бергенін айдай
әлемге паш етеді. Ой арнасы тоғысқанда тоқтап өтерліктей бір ұрымтал
мәселе,
М. Әуезов поляк революционері Адольф Янушкевичтің қазақ сахарасымен тағдыр
жазып жүріп өткенде жазып қалдырған күнделіктері мен хаттарын оқып, оңда
Құнанбай Өскенбайұлына қаншалықты биік баға беріп, мейлінше марапаттағанын
көкейіне тоқыған болса, Абай жолындағы Құнанбай бейнесін мүлдем басқаша
тұрғыда сомдар еді деп әсте қысқа - қайырым тұжырым түюге болмайды. А.
Янушкевич бір жылдай, тіпті бірер ай уақыт көлемінде ғана бодан болған
көшпелілер қоғамы ірі өкілін еуропалық ойлау жүйесі тезіңде қалай зерттеп -
таныса, батыс пен шығысты тел еміп, барынаша жүйрік таныған, Тобықты елі
мен исі қазақ тарихындағы Құнанбай қажы орнын жете парықтаған Мұхтар Әуезов
абайтану тақырыбы аясындағы ең езекті желіні дер кезінде білмей, танымай,
көрмей, зерделемей жаза басып қалды деу — өзіміздің ар - білігімізге таңба.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми
кітапханасы қорындағы № 1913 - істе, Абай өмірбаянын жазған қолжазбасының
ертеректегі бір нұсқасыңда, Мұхтар Әуезов Құнанбай түлғасына қатысты мына
төмендегідей дерек - ойларды келтіруді қажет деп табады.
"...Абайдың өз әкесі Құнанбай, оның әкесі Өскенбай, үшінші атасы
Ырғызбай болсын — барлығы да ру ішіне үлкен үстемдік жүргізген адамдар. Өз
заманының жуан сіңір феодалы, ру басы биі, ел ішінде ата - тегімен әмір
иесі боп келген нағыз үстем тап екілдері болады. Осылардың нәсілінен шыққан
Абайдың қоғамдық орны, тіршілігі, өмірлік әрекеттері де сол ата салтымен,
ескі сарынмен қалыптасады. Сондықтан болашақ ақын Абайдың өмір жайын анық
түсіну үшін, әуелі, мәлім болған дәрежеде бүның алдындағы буындардың да жай
- күйін айта кету шарт...
Осы жолы біз Абайды көзі көрген, кәрі құлақты адамдардың ішінен,
естіген – білгендерін ірікпей, бүкпей, айтарлық көлденең адамның біразымен
әңгімелестік. Бұлардың ішінде Құнанбай мен Абайдың өмір бойы жауласып өткен
руы — Жігітектің бірі, Мәдияр Түсіпұлы деген кісі болды. Құнанбай заманында
Ырғызбай тұқымынан көп зорлық көріп келіп, Абай өмірінің соңғы кезінде ғана
бұлармен жақыңдасқан Торғай деген елдің адамы Тумабай Наданбайұлы болды.
Және Абай аулында бұрын қозышы, қойшы боп қызмет еткен, бертін келе Абай
аулының жігіті боп жүрген Қатпа Қорамжанұлы да болды. Әрине, бұлардың да
айтатыны документ емес, ерте кездегіден бері көп ауыздан өткен, әртүрлі боп
өзгерген ұзын сүре сөз сияқты мағлұматтар. Бірақ солай болса да, біз
бұрынғы Абайдың ет бауырынан шыққан, шәшпау көтергіш жақыңдарының сөздеріне
мыналар екінші тұрғыдан қарап жаңалық қосады.
Абайдың дүние салғанына отыз жыл толуына орай, 1934 - жылы жазған бір
шағын мақаласында (орыс тілінде) I М. Әуезов ұлы ақын әкесі келбетін
былайша сыпаттайды: Отец Абая — самовластный, суровый, степной правитель
Кунанбай, был долго несменяемым старшиной тобыктинского рода... Он участник
межродовой тяжбы коренной казахской знатк с ханскими потомками, один из
первых казахских феодалов одержал победу над султанским родом Букея и был
назначен ага - султаном (старшим султаном) каркаралинского окружного
приказа.
Бесперерывная борьба за расширение своей власти, сохранение
безусловного господства над своими и дальними казахскими родами нажила
Кунанбаю много врагов из среды соперничающей с ним степной
аристократии. Он вынужден был... готовить к участиго в длитёльной борьбе
своих детей и близких.
Құнанбай бірде тобықтының старшинасы (ол күнгі болыс есепті), бірде
жаңағыдай аға сұлтан болып жүргенкезде басынан талай үлкенді – кішілі
уақиғалар өткерген. Ақын Абайдың алдыңғы аталарындай емес, Құнанбай жайында
ел жадында қалған аңыз - әңгіме аса көп. Себебі, Құнанбай өз тұсындағы ел
билеушілердің кғөбінен қатал, салмақты болған . Ақыл – ойы, қажыр – қайраты
да, әмір, билік, батылдығы да және халыққа батқан қатты, кесек іс –
қимылдары да бұның атын көпке мәлім еткен.
Ол жайындағы әңгімелерді ақын Абай атына байланыстырмай – ақ, неше
алуан ғып ел аңызы көп сақтаған, көпке жайған. Шынында, Құнанбайдың ұзақ
өмірі (ол 80 жасқа жетіп өлген) қилы – қилы уақиғаға аса бай еді.
Өскембайдың өзі барда ел ішін ерте қолға алған Құнанбай ру тартысының зор
қақтығысын жасырақ кезінен көріп өсті. Ондағы тартыс – Тобықтының өз
ішіндегі тартысы емес, сырт рулармен тартысты. Мысалы, құнанбайдың 30
жасында Өскембай ауылын найман шабады. Найман қолының мықты басшысы
серікбай көп қол жиып кеп, бекініс алып жатып, бірнеше түн ауыл шауып,
жылқыға тиеді. Қатты қимыл – соғыста Құнанбай тап ортады өзі жүреді. Найман
көп кісі тұтқын қалдырады. Тобықты жылқыны алғызбайды. Бірақ осы соғыста
Құнанбай жапғынан көп кісі найзаға шаншылып, қатты жарадар болады да,
Өскембайдың бір азамат баласы қаза табады. Ол Болсамбек деген асырап алған
баласы болатын. Мұны зере Құнанбаймен бірге баурына салып өсірген еді.
Құнанбай аға сұлтан болған уақытында тобықтыға старшиналыққа өзінің
оқал шешесінен туған майбасар деген кісіні сайлаған. Ел мұны адамшылық,
ақыл, мінез жағының қайсысынан болса да елге залалды әкім деп
бағалады.Майбасардың содырлы, зорықшыл қылығының салдарынан Жігітек деген
ру, бастығы бөжей болып, Құнанбайға қарсы болады. Бірақ аға сұлтан болып
жүрген Құнанбай әрі сырт елдерге атақты, үкіметке салмақты болып ап,
Жігітекті де, басқаларды да бойымен басып жыға берген. Сонымен алғашқы
араздық, жаулық кейін ұзаққа замандарға созылып кетсе де, Құнанбай
тұсындағы алыстың бір буыны Жігітектің жеңілуімен бітеді. Құнанбай
Жігітектің он жеті адамын сібірге айдатады. Ол кез патша ұлығына қазақ
сахарасының жаңа – жаңа бойұсынып келе жатқан кезі болады. Сотталу,
абақтыға жабылу, айдалу дегендер ел көрмеген үлкен сұмдық саналатын.
Құдая, елді сақта сотталғаннан,
Теңселіп екі қолын бос салғаннан, -
дейтін кез.
Құнанбайдың бұл айдатуы өз әмірін зорлықпен танытпақ болған
қаталдығынан еді. Ол кезде Тобықты ішінде талай руды жерінен көшіріп,
немесе өзіне жақын ру басыларға шұрайлы жер әперіп жүрген. Бөкенші,
Борсақты жерінен көшіру, Жунатаяқты, Қара батырды көшіріп жерін алу,
Көкшені көшірмек болу – бәрі де сол үлкен көнеу зорлықтың айғақтары еді.
Жігітекпен үлкен араздық та осы жөннен туып, кейін ұлғайған өштікке
айналған. Сонымен, Құнанбай елді қарсыластырмай, қорқытып, жасытып
жіберем деп, көп жанды жер аударған соң, кейінгі заманға, көп буынға шейін
ұмытылмастық кек, жаулық қалады. Бері келе өсіп іске араласатын жас абайдың
алдында әкесі тастап кеткен осындай зор пәле – зұлымдық, зорлық тұрған –
ды. Абайдың одан жиреніп, қарсы боп өкпесіне шара жоқ еді.
Бір Құнанбай емес, осы кезде ел ішінде жауласқан күшті жуанның бәрі де
бір – бірін ұлық арқылы аударып, жазалатып жүреді.
Құнанбай Өскенбайұлының қазақ даласына даңқын жайып атқарған бір зор
қызметі болды. Ол – Қарқаралы округіне аға сұлтандыққа сайлануы.
Аға сұлтандыққа сайланған кезеңде Құнанбай Өскенбайұлы өміршең еткен
екі іс бар. Оның бірінші – Қарқаралыда мешіт салдыруы болса, екінші –
көкшетауда Өскенбайға ас беруі. Бұл екі іс - әрекетті де қазақ халқы
тарихындағы өшпес – сембес, алтын әріппен жазылған парақтар деп бағаласақ
еш қателеспейміз.
Бір айқын нәрсе бар, Құнанбай мырза қарқаралыды мешітті еріккеннің
ермегінен, діни соқыр сенімге бой ұрудан, оңайлықпен салдырта салмаған.
Өмірден мол білген – түйгені, мұсылманшылдық ерекше қадір – қасиеті,
отаршылдық үдей түскен заманда халықтық болмысты жлғалтып алмауға берік
тосқауыл қою салдары, мұның барлығы да ортақ арнаға тоғыса келіп, тың
шешімге мойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Әуезовтың Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесі
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты
Абай жолындағы Құнанбай бейнесі
Абай жолы эпопеясындағы көркем уақыт пен тарихи шындық
Тарихи шындық бейнеленуінің көркемдік уақыт аясындағы қамтылуы
Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Абай жолы роман - эпопеясындағы Құнанбай бейнесі
«Қазақ прозасындағы ислам әуендері»
«Абай жолы» романындағы тарихи шындық эволюциясы
Пәндер